Меншікті негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуының есебі


мазмұны
кіріспе . . . 3
1 нарықтық экономика жағдайындағы меншікті Негізгі құралдарды есепке алудың негіздері
1. 1 Меншікті негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктелуі . . . 4
1. 2 Меншікті негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау . . . 6
1. 3 Меншікті негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуының есебі . . . 8
2 кәсіпорындағы меншікті негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру («Ақмаржан» АҚ мысалында)
2. 1 «Ақмаржан » АҚ қызметінің қысқаша сипаттамасы . . . 11
2. 2 «Ақмаржан» АҚ негізгі құралдарды есепке алуының ерекшеліктері . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
кіріспе
Кез-келген кәсіпорын өзінің қызметі барысында негізгі құралдарды есепке алу мәселесімен кездесіп отырады. Кез келген өнім өндірісі негізгі қардылардың көмегімен жүзеге асырылады. Негізгі құралдар жинақталған амортизацияны алып тастағандағы құны бойынша есептеледі. Құрылысы аяқталмаған объектілердің және пайдалануға берілмеген объектілердің тозуы пайдалануға берген күннен бастап есептеледі. Тозу негізгі құралдардың пайдаға асқан мерзіміне қарай желілік әдіс бойынша есептеледі.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс салаларында, сонымен қатар өндірістік емес салаларда бір жылдан астам уақыт бойы қызмет ететін және де жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар. Оларға жататындар: ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар жабдықтар, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық мүлкі, құрал - саймандар жатады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланбаған негізгі қорлар, негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады. Егерде осы негізгі қорлардың бағасы нарықтық экономикада сатып алу құнымен көрсетілсе, оладың бағалануы инфляция коэфиценттеріне байланысты болады. Қазақстан Республикасында қазіргі жағдайда халықаралық тәжірбиедегі негізгі құралдардың есепке алынуының жетік әдістері енгізілуі қолға алынған.
Тақырыпты таңдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындағы негізгі актив көзі болып табылатын негізгі құралдар есебінің жүргізілундегі ерекшеліктер мен өзгерістердің кәсіпорынның жұмыс істеуіне тигізетін әсерінің қандай екендігін ашып көрсету. Келесі жағдай сонымен қатар негізгі құралдардың жылжуы, есептен шығуы, кіріске алынуы, және тағы басқа көрсеткіштерінің кәсіпорын жұмысында алатын орны мен атқаратын қызметін ашып көрсету.
Тақырыптың немесе жұмыстың міндеті «Ақмаржан» Акционерлік қоғамының бухгалтаерлік есепті жүргізуіндегі басты атқарылатын жұмыстардың Бухгалтерлік есеп стандарттарының ережелеріне сай жүргізілуін бақылап олардың кәсіпорын өміріндегі дәрежесін анықтау. «Ақмаржан» Акционерлік қоғамындағы жүргізіліп жатқан бухгалтерлік есепте негізгі
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселерді қарастыру көзделген:
- өндірісті басқаруды ұйымдастыру, басқару құрылымын және кәсіпорынның негізгі қаржы - экономикалық кәсіпкерліктерін зерттеу;
- негізгі құралдардың есебін жүргізуді қарастыру;
- талдау жүргізу әдістемесінің мәнін және ролін анықтау.
Тақырыпты таңдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындағы негізгі актив көзі болып табылатын негізгі құралдар есебінің жүргізілундегі ерекшеліктер мен өзгерістердің кәсіпорынның жұмыс істеуіне тигізетін әсерінің қандай екендігін ашып көрсету. Келесі жағдай сонымен қатар негізгі құралдардың жылжуы, есептен шығуы, кіріске алынуы, және тағы басқа көрсеткіштерінің кәсіпорын жұмысында алатын орны мен атқаратын қызметін ашып көрсету.
1 нарықтық экономика жағдайындағы меншікті Негізгі құралдарды есепке алудың негіздері
1. 1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктелуі
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады. Пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнім аударылады. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды жүйелеп түгендейді.
Пайдалану мақсатына қарай өндірістік және өндірістік емес болып 2 топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар тікелей және жанама түрге өндіріс процестеріне қатысады немесе өндірістік процестің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндіктерін жасайды. Мысалы: машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, ғимараттар, құрылыстар жатады. Өндірістік емес негізгі құралдар шаруашылық мәдени тұрмыстық және әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандырады. Мысалы: тұрғын үйлер, денсаулық сақтау мүлкі жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар шаруашылық мәдени тұрмыстық және әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандырады. [1. 24 б]
Иеленуге қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар, ал жалға алынған құралдар - олар белгіленген мерзімде шарт бойынша басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.
Пайдалану сипатына қарай жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал - жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрған бұл тоқтатылып қойылуына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланлмайтын негізгі құрал - жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал - жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандары жоспарлы түрде ауыстыру үшін құралған қордағы объектілер жатады [2. 15б] .
Заттық құрылымына қарай мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүлікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мысалы: үйлер ғимараттар, машиналар жатады. Мүліктік емеске пайдаланылған жерлер және басқа күрделі қаржы. Сонымен, яғни заттық нысаны жоқ қаражаттар жатады. Мысалы: жер учаскелері, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау тағы басқалар жатады.
Пайдалану мақсатына және және атқарылған қызметіне қарай негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді: жер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен құрал - жабдық күш беретін машиналар және жабдықтар: өлшеу және реттеу аспаптары, және қондырғылары мен лабораториялық жабдықтар және басқа да негізгі қорлар. Сонымен қатар есептеу техникасы, көлік құралдары, құрал - саймандары, өндірістік мүлкі жұмысшы, өнім беретін мол және көп жылдық еккен ағаштары, жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын және басқа да негізгі құралдар. [3. 30 б]
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамыына енетіндер: жер - субъект меншік құқығымен сатыа алынған жердің көлемі мен құны кіреді.
Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған сәулетқұрлыс объектілері.
Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметкерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыс объектілері.
Өткізгіш тетіктер - электр, жылу және механикалық энергияны өткізу қондырғылары. Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары, қондырғылар, лабоаториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа да машиналар мен жабдықтар; негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады.
Күш беретін машиналар мен жабдықтар жылу мен электр энергиясын өндіретін, генаратор машиналары т. б.
Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылулық, химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттары жатады.
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар.
Есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар:
- басқадай машиналар мен жабдықтар, аспаптар аппараттар және басқа құрал - жабдықтар, мысалы: телефон станцияларының, радио топтарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар, жатады;
- көлік құралдары адамдар мен жуктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралы. Мысалы: автокөлік, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құралы;
- құрал - сайман қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немес металдарды, ағашты және тағы да басқаларды өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар.
Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Мысалы: орындықтар, шкафтар тағы басқалары. Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе, сиыр және басқа жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін малдар мүліктік объект болып табылады. Көп жылыдық өсімдіктер қолдан егілген жас мөлшеріне тәуелсіз көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер дамуы толысқан өсімдіктерден бөлек есепке алынады.
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар ауыл шаруашылық мақсатына пайдалану бүшін жерді үстірт жақсартту шараларына жұмсалатын мүліктік емес сипаттағы шығындар.
1. 2 Меншікті негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау
Негізгі қүралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған бір түтас принцип болып табылады. Негізгі құралдарды ақшаға шағын бағалау болардың көлемін, құрылымын тозуын айқындап қайта өңдейді, жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал - жабдықтардың бастапқы құны, ағымды, баланстық құн, сатып өткізу құны жойылу құны, тозу және қалдық құны болады.
Бастапқы немесе тарихи құн - негізгі құралдарды сатып алуға, сатуға және жасап шығаруға кеткен нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық салаларынан сондай - ақ пайдалануға беру тағы сол сияқты негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына қарай жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.
Ағымды құн - бүл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құн.
Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілген жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны.
Сатылу немесе өткізу құны бір - бірін жақсы білетін мәмілеге келуге дайын тәуелсіз шарттардың негізгі құралдарды өзара айырбасталуы мүмкіндік беретін құны болып табылады.
Жабылу құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің болжамды құны.
Тозу құны - негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының арасындағы айырмашылық былайша айтқанда негізгі құралардан амортизацяиялық жолмен есептеліп өндіріске немесе айналымға жататын шығындар.
Негізгі құралдардың қалдық құны - бұл өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметіне әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.
Негізгі құралдарды қайта бағалау барысында негізгі құрал - жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай - ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды болып табылады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды құруға мүмкіндік береді. Негізгі құрал - жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайлар жасап негізгі құрал - жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді [4. 137 б]
Негізгі құрал - жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгендеудегідей комиссия құралады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізудің алдына мүліктік түгендеу жүреді. Негізгі құраладарды бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жүмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал - жабдықтарға жүргізіледі. Сондай - ақ әлі орнатылмаған, қоймадағы құрал - жабдық, бітпеген күрделі құрылыс қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэфиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттертерді статистика агентігі тағайындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен кәсіпорындарға негізгі құрал - жабдықтардың белгілі бір түрлеріне, олардың нарықтық құны сараптау қорытындылары және құжаттармен дәлелденген жағдайда негізгі құралдарды индекстеуді олардың бастапқы құнын қайта бағалау жүргізілген күнгі бағаларға тікелей аудару арқылы жүргізу құқығы берілген.
Негізгі құралдарды түгендеу: негізгі құрал - жабдықтардың нақты бар -жоғын аны қтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында, субъектілер басшылыққа алынатын нормативтік, заңды және басқа да актілерге сәйкес оқтын - оқтын негізгі құрал - жабдықтарға мүліктік түгендеу жүргізіп отырады.
Негізгі құрал - жабдықтарды түгендеу жылдық қаржылық есептер мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Мүліктік түгендеу міндетіне негізгі құрал - жабдықтардың нақты барлығы, техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алу мен қатар бухгалтерлік есепке алу, мәліметтерімен салыстыру да жатады. Негізгі құрал - жабдықтардың нақты бар - жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал - жабдықтардды мүліктік түгендеу» тізіміне жазылып, мүліктік түгендеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізіледі [5. 57 б]
Есепке алынбаған объектілерді мүліктік тізімдеу кезінде бағалау қазіргі бағалар мен ұдайы өндіріс жағдайларына есепке алып жүргізіледі. Мүліктік түгендеу кезінде анықталған, есепке алынбаған объектілердің қашан алынғанын немесе алынғанның, жұмсалған шығындардың қаржыланданру көздерін мүліктік түгендеу ко миссиясы тауып, оны хаттамада көрсетуі керек.
Негізгі құралдардың құны көтерілген болса - бухгалтерия бұл өзгерістерді тегін алынған сияқты, ал негізгі құралдардың құны төмендегі анықталса есептен шығарылуы сияқты көрсетуі тиіс.
Мүліктік түгендеу комиссиясы кейбір объектілердің күрделі өзгерістерінің есепке алынбауына кінәлілерді анықтап, себептерін табуға тиісті. Мүлікті түгендеу нәтижелері міндетті мүліктік түгендеу аяқталған айдың есебіне жазылуы тиіс.
1. 3 Меншікті негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуының есебі
Амортизациялық аударымдар өнімнің жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады. Амортизация латынның өтеу деген сөзінен шыққан. Амортизация - тозына қарай негізгі қүралдардың құнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс, арнайы ақша қаржыларын негізгі қүралдарды қарапайым кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналым шығындарына енетін, амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және құн жасауға қатысу ерекшеліктері объективті негіз болады.
Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жұмсалады. Амортизация нормасы амортизациялық аударымдардың жылдық сомасынның негізгі құралдарын орташа жылдық құнына процентпен көрсетілген қатынас.
Амортизациялық аударым нормалары әдетте негізгі қүралдардың бастапқы және қалпына келтіру құнына процентпен белгіленеді. Есептелген амортизация сомасы ай - сайын өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өзіндік құнына аударады. Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, шығын кеткен негізгі құралдар бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Жалпы алғанда негізгі құралдар бойынша амортизация есептеудің жалға беру шартыньщ немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Бұл шоттарға мынадай аралық шоттар алуға болады:
1. Меншікті негізгі қүралдардың тозуы.
2. Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы.
Бұл шоттар пассивті шоттар. Бұл шоттардың кредиті бойынша есептелген амортизация есептеуі белгіленеді, ал дебетінде амортизация сомасын есептеп шығарады.
Бухгалтерлік есептің ХҚЕС 16 (IAS 16) «Негізгі құралдар» деп аталатын ұлттық стандартында амортизацияны есептеудің мына әдістері ұсынылған:
1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияның бір қалапты есептеу әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады. Бұл бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданып жүрген әдіс.
2. Амортизацияны - есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдістері өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген турлері пайдаланудың алғашқы жылдарына тиімдірек жұмыс істейтін немесе жоғары өнімділік қабылетін көрсетеді деген паймдауға негізделген.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісі мынадай 2 әдіске бөлінеді:
1. Кумулятивтік әдіс - латын тілінен аударылғанда - озу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу бойынша тозудың есептелу тәсілі, есептеу коэффициентінің бөлігі болып табылады, объектінің қызмет ету мерзімдегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.
2. Азайып отыратын қалдық әдісі - бұл әдісте кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отыратын қалдық әдісі деп аталады.
Кәсіпорында ХҚЕС 16 (IAS 16) «Негізгі құралдар» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизацияның есептердің төмендегі әдісі ұсынылған.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны тік сызықты бірыңғай есептеу әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады. Бұл әдіс құралдардың тозуы оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірбиесінде қолданылып жүрген әдіс. Әрбір мерзім (жыл) үшін амортизациялық жарна соммасы амортизацияланушы құнды (объектінің бастапқы құнының оның жойылу құнын алып тастағанддағы) объектіні пайдалану мерзіміне байланысты болу арқылы есептелінеді. Амортизациялау нормасы тұрақты болады. Мысалы: кәсіпорында шілде айында «ГАЗ» - 52 - 01, жүк автокөлігінің бастапқы құны 5 теңге. Яғни осы жүк автокөлігінің 1 жыл мерзім өткеннен кейінгі жойылу құны 5 000 теңге. Осы жүк автокөлігінің амортизациясын тік сызықты бірыңғай әдісімен есептеу төменде келтіріледі. [17. 197 б]
Бастапқы құн -
жойылу құны 50 000 - 5000 45 000
Жылдық тозу сомасы = = = = 4 500
Пайдалану мерзімі 10 10
Жылдық тозу сомасы 4 500
Айлық тозу құны = = = 375
12 ай 12 ай
Кәсіпорын бухгалтериясында негізгі құралдардың амортизациясы және тозуы бойынша келесі шаруашылық операциялар есепке алынған.
Кесте 2 - Кәсіпорындағы негізгі құралдардың тозуының есебі.
Көмекші өндірістің негізгі құралдарына
амортизация есептелінді:
Негізгі құралдар өндіріс процестерінде қатыса отырып, біртіндеп тозады. Тозудың 2 түрі болады: табиғи және сапалық тозу.
Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесінде қатысу нәтижесінде және негізгі құралдарды пайдалануға тікелей нәтижесінде және негізгі құралдарды пайдалануға тікелей қатысты емес, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен ылғалдан, материалдардың тот басуынан, ескеруінен пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге жұмыс істейтін негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай пайдаланудағы негізгі құралдар өзінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлердің, ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін малдардың жаңа және жаңартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі құралдарды бүдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
2 кәсіпорындағы меншікті негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру («Ақмаржан» АҚ мысалында)
2. 1 «Ақмаржан » АҚ қызметінің қысқаша сипаттамасы
«Ақмаржан» АҚ тарихи үй ішкі жүйелерінің өңдеу аумағының базасында 1971 жылы шағын жылу топтарының кішкентай қалалық кәсіпорнынан басталады. Бұл кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру кәсіпорнның өз уақытында ай сайын шаруашылық қызметінің жиынтығын шығару мақсаты бухгалтермен байланысты. Әр айдың 10 - шы жұлдызында дебиторлық және кредиторлық берешектерді және жалақы бойынша берешектердің сомасын анықтау қажет.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі бойынша негізгі құралдардың қозғалысы № 13 журнал - ордерде жүргізілді. Мұнда бастапқы құжат мәліметтері бойынша шаруашылық операцияларда көрсетілді. Материалды жауапты тұлғалар және негізгі құралдардың түрлері бойынша талдамалы нәтижелер негізгі құралдадың есеп бағдарламасының қорытынды құжатында көрсетеді. [4. 17б]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz