Кәсіпорынның капиталының көздерінің құрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорынның айналымнан тыс қорлары мен мен негізгі капиталына инвестициялар

ЖОСПАР:

Кіріспе бөлім . . . 3

Негізгі бөлім:

I. Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері мен негізгі капиталы туралы түсінік . . . 5

II. Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері мен негізгі капиталына инвестициялар . . . 10

III. Капиталды салымдарды қаржыландыру көздері . . . 18

Қорытынды бөлім . . . 24

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе:

Нарықтық экономикаға көшу еліміздің қаржы жүйесіне елеулі өзгерістерді әкелгені анық. Елде меншіктің түрлі нысанында қызмет атқаратын шаруашылық субъектілері пайда бола бастады. Жылдар өткен сайын олардың қызметіне деген қызығушылық тек олардың басшылары мен инвесторларда ғана емес, жалпы мемлекетте де туындады. Себебі мемлекеттің қаржы жүйесінің елеулі элементі болып кәсіпорын қаржысы табылады. Кәсіпорын деңгейіндегі қаржыларды тиімді басқаруға кез келген субъект тырысады.

Кәсіпорынның өзінің қызметін ұдайы, әрі тиімді жүзеге асуына белгілі бір орта қажет. Ал оған кәсіпорынның айналымнан тыс капиталымен қамтамасыз етілуін жатқызуға болады. Себебі капитал кез келген шаруашылық субъектінің қаржылық қызметін басқарудың маңызды объектісі болып табылады.

Айналымнан тыс немесе қаржылық емес активтерге көңіл көп бөлінеді. Себебі олардың есебінен кәсіпорын қызметінің ұдайы жүруә қамтамасыз етіледі.

Кәсіпорынның айналымнан тыс активтеріне негізгі қорлар мен материалды емес активтер жатады. Осы курстық жұмыс мынадай сұрақтар бойынша жауап табуға бағытталады:

-кәсіпорынның айналымнан тыс капиталы мен негізгі капиталының экономикалық мазмұны;

-капиталды салымдардың мәні;

-негізгі капиталды инвестициялаудағы мақсаттар;

-негізгі қорды қайта өндіруді қаржыландыру көздері, т. б.

Кәсіпорынның негізгі қорларына жұмсалған ақша қаражаттары салымдары капиталды болып саналады да, олар бойынша шығындар инвестицилық деп аталады.

Мінеки, осындай капиталды салымдардың, яғни инвестициялардың кәсіпорын үшін маңызын негізгі бөлімнің бірінші тарауынан көруге болады.

Олар тек қана кәсіпорындар деңгейінде ғана маңызды емес, жалпы мемлекет үшін де маңызды мәселе. Өйткені кәсіпорындардың қажетті қорлармен қамтамасыз етілуі жалпы мелекет деңгейінде маңызы жоғары.

Кәсіпорындар қажетті негізгі капиталдарымен қамтамасыз етілуі үшін негізгі капиталға инвестициялар жұмсайды.

Ал оларды жүзеге асыру үшін қажетті қаражат көздерін қайдан алу келесі мәселе.

Кәсіпорындар негізгі капиталды инвестициялаудағы негізгі көз болып олардың меншікті капиталы саналады.

Қажет жағдайда кәсіпорындар қаражаттарды сырттан тарта алады. Осындай қаражаттар негізгі капиталды инвестициялаудың келесі көзі болып табылады.

Одан басқа кәсіпорындардың амортизациялық қорларын да негізгі қорларды жаңартудың көзіне жатқызуға болады.

Негізгі бөлім:

І-тарау. Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері мен негізгі капиталы туралы түсінік.

Кез келген шаруашылық субъектінің қаржылық қызметін басқарудың маңызды объектісі болып капитал табылады.

Кәсіпорынның капиталы оның қызметіне авансталатын ресурстардың жалпы көлемін білдіреді. Мұндай ресурстар субъектінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталады. Әдетте, капитал кәсіпорын мүлкін қаржыландыру көздеріне сәйкес келеді және ресурстарды үнемді пайдалану нәтижесінде белгілі бір экономикалық әсер алуды қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынды құру кезеңінде бастап капиталдың негізгі көзі болып алғашқы меншікті капитал табылады. Ал ол өз кезегінше кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастырады, яғни құрылтайшылардың кәсіпорын мүлкіне құрылтайшы құжаттарымен анықталатын мөлшердегі салымдарының жиынтық құныдық көрінісін қалыптастырады.

Акционерлік қоғамдарда жарғылық капитал болып бүкіл шығарылған акциялардың номиналдық құны табылады, ал мемлекеттік кәсіпорындарда -кәсіпорын иелігіндегі мемлекеттік мүлітің құны, ал меншіктің басқа нысандарында -меншік иелерінің үлусінің (пайларының) сомасы. Осыдан басқа, мақсатты қаржыландыру (мемлекеттік бюджет, демеушілердің қаражаттары, т. б. ) және тартылған капитал қолданылуы мүмкін.

Әдетте, қызмет ету (функциялау) процесінде кәсіпорынның капиталы өседі, ал оның кеңеюінің көздері болып меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар (жинақталған капитал да қосылады), тартылған және қарызға алынған қаражаттар шығады (1-сурет) .

1-сурет. Кәсіпорынның капиталының көздерінің құрылымы.

Кәсіпорынның капиталын классификациялаудың (жіктеудің) критерийлері түрлі болуы мүмкін. Осындай критерийлерің бірі болып капиталды негізгі және айнымалыға бөлу табылады. Бұл курстық жұмыста оның бір ғана элементі қарастырылады -негізгі капитал (оны іске қосуға инвестицияларды қоса) .

Кәсіпорынның негізгі капиталы ұзақ мерзімді активтерге пайда табу мақсатында оларды ұзақ мерзім бойы қолдану мақсатымен жұмсалған ақша қаражаттарын білдіреді. Негізгі капиталдың экономикалық мазмұны оның келесі қасиеттері арқылы айқындалады:

  • Салымдар ұзақ мерзімді сипатқа ие, яғни негізгі капиталды пайдалану уақыты бір жылдан кем емес;
  • Қаражаттар активтердің үнемі мобильсіз, төменгі ликвидті бөлігіне салынады да, шаруашылық айналымнан алынып тасталынады;
  • Қаражаттар пайда алу мақсатында салынады, өйткені тек осы жағдайда аұщалар капитал болып қайтарылады.

Негізгі капиталға негізгі қорлар, материалды емес активтер және басқа да айналымнан тыс активтер жатады.

Негізгі қорлар кәсіпорын активінің элементі болып өзінің экономикалық мазмұны бойынша шаруашылық қызметте көп рет қолданылатын, өздерінің бастапқы натуралды-заттық нысанын жоғалтпайтын, ұзақ мерзім бойы қызмет ететін және өздерінің құнын дайын өнімге амотизациялық аударымдар түрінде бөліктеп ауыстыратын еңбек қаражаттары ретінде көрініс табады.

Мақсаттық мағынасы, өндірістік процестегі ролі мен атқаратын қызметтеріне байланысты негізгі қорлар белгілі бір топтар бойынша жіктеледі (таблица-1) .

Таблица-1.

Негізгі қорлардың бөлек қасиеттері бойынша жіктелуі.

Жіктелу қасиеттері
Негізгі қорлардың топтары
Жіктелу қасиеттері: 1
Негізгі қорлардың топтары: 2
Жіктелу қасиеттері:
  1. меншік құқығы бойынша
Негізгі қорлардың топтары:
  1. Меншікті:

Меншік құқығы негізіндегі иеліктегі (жалға берілгендерін қоса)

Оперативті басқару немесе шаруашылық жүргізуде қолданыстағы

1. 2. Жалға алынғандар

Жіктелу қасиеттері:
  1. қолдануға байланысты
Негізгі қорлардың топтары:

2. 1. Орнатылған

2. 2. Орнатылмаған

Жіктелу қасиеттері:
  1. қолдану дәрежесіне байланысты
Негізгі қорлардың топтары:

3. 1. қолданыстағы

3. 2. қолданылмайтындар

Жіктелу қасиеттері:
  1. мақсаты бойынша
Негізгі қорлардың топтары:

4. 1. Өндірістік

4. 2. Өндірістік емес

Жіктелу қасиеттері:
  1. Өндіріс процесіндегі роліне қарай
Негізгі қорлардың топтары:

5. 1. Активті

5. 2. Пассивті

Негізгі қорлардың заттық мазмұны сипатында ғимараттар, өткізгіш құралдар, машиналар мен жабдықтар (есептеуіш техника, өлшеуіш және бақылаушы аспаптар мен құрылғылар, зертханалық құрал-жабдықтар), транспорттық қорлар, аспап, өндірістік және шаруашылық инвентарь, сонымен қатар жұмыс және өнім беретін малдар және басқалары шығады.

Негізгі қорларға сонымен бірге жерлерді жақсартуға капиталды салымдар және негізгі қорлардың жалға алынған объектілері де жатады.

Негізгі қорлар құрамында кәсіпорынның меншігіндегі жер учаскелері, табиғатты қолдану объектілері (су, жер қойнаулары және басқа да табиғи ресурстар) есептеледі.

Негізгі қорлар құрамындағы материалды емес активтерге қаржылық есеп берудің халық аралық стандарттарына сәйкес физикалық нысаны жоқ тауарларды және қызметтерді өндіру немесе жеткізуге (көрсетуге) қолдануға арналған, әкімшілік мақсаттарға немесе жалға беруге арналған ақшалай емес активтері жатқызылады.

Оларға мыналар жатады: патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және тауарлық белгілер, өндірістік ақпараттарды қолдану бойынша басқа да құқықтар, жер және табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ге арналған программалық өнімдер, интеллектуалдық меншікке құқықтар (ноу-хау) және басқалар.

ІІ. Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері мен негізгі капиталына инвестициялар

Негізгі қорлар -бұл еңбек қаражаттарына жататын материалдық-заттық құндылықтар жиынтығына салынған қаражаттар.

Бизнес жүйе ретінде бұрын салынған капиталдар, соның ішінде негізгі қаражаттарға, нәтижесінде қызмет етеді және дамиды.

Капитал салымдарының пропорциялары жөнінде дұрыс шешімдерді қабылдау нәтижесінде пайда табуға мүмкіндік туады.

Кәсіпорынның салымдарының тиімділігін бағалауда, оларды іске қосу мен жаңартуды талдауда келесідей мәселелерді қарастыру керек:

  • Негізгі қорлардың қызметтік пайдалылығы бірнеше жылдар бойы сақталады, сондықтан оларды иемдену мен іске қосу бойынша шығындар уақыт аралығына бөлінген;
  • Негізгі қорларды физикалық алмастыру (жаңарту) кезі олардың құндық орнын толтырумен сәйкес келмейді, нәтижесінде кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін төмендететін зияндар мен шығындар туындауы мүмкін;
  • Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін бағалау, олардың түрлері, өндірістік процесте қатысу сипаты мен мақсатына қарай түрліше болады. Сол себепті оларды пайдалану тиімділігі тек қана экономикалық факторлармен емес, әлеуметтік, экономикалық және басқа да факторлармен анықталады.

Кәсіпорынның негізгі капиталына салымдар капиталды салымдар деп аталады, ал шығындар - инвестициялық .

Капиталды салымдар деп жалпы ішкі өнімнің бөлігі және де негізгі қорларды жаңарту мен жасауға, айналым қаражаттарын өсіруге бағытталатын шетел инвестициялары қарастырылады.

Негізгі қорларға капиталды салымдары қызмет етуші өндірістік және өндірістік емес қорларды реконструкциялау, техникалық қайта жарақтау және жаңаларын қалыптастырумен байланысты шығындарды білдіреді. Капиталды салымдарға сонымен қатар жобалық-ізденушілік жұмыстарға, экологиялық жағдайды жақсарту, т. б. бойынша шығындар да жатады.

Капиталды салым салу жөнінде сұрақ әдетте, кез келген кәсіпорын үшін қиын болып келеді. Себебі айналымнан ақша қаражаттарының үлкен бөлігі алынады, ал инвестициялық шығындар пайданы тек болашақта әкеледі.

Сондықтан негізгі капиталға инвестициялардың мақсаттылығы жөнінде сұрақтарды шешкенде капиталды салымдарды пайдаланудың әр бір нақты бағыттарының экономикалық тиімділігін бағалау керек.

Ол салынған капиталға шығындар мен мүмкін табыстарды салыстыруда көрініс табады.

Соңғы жылдары республикада техникалық қайта жарақтану мен өндірісті жөндеуге көңіл бөлінеді. Әдеттегідей бұл шаралардың тиімділігі жаңа құрылыстар салу мен кеңейтуден гөрі тиімдірек келеді. Бұл капиталды салымдардың бір бөлігін үнемдеп қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа құрылысты жүргізуді кәсіпорын өндіріс күштерінің жаңартылған және толығымен қолданып жатса, бірақ өндіріс көлемін қосымша ұлғайту қажет болса бастау керек.

Негізгі капиталды қаржыландыру -бұл кәсіпорынның капиталын жаңартудың қаржылық (ақшалай) процесі. Негізгі капиталды қаржыландыру шаруашылық субъектілердің инвестициялық қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады да, негізгі капиталды ұлғайтуға және негізгі қорлардың жаңа объектілерін құруға бағытталатын қаржылық, еңбектік және материалдық ресурстардың жиынтығын қолдану процесін білдіреді.

Негізгі қаражаттар және негізгі қаражаттарға ұзақ мерзімді инвестициялар кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайына әркелкі және көп түрлі әсерін тигізеді. Осындай әсердің сипатын 2-таблицадан көруге болады.

2-таблица. Негізгі қаражаттармен шаруашылық опетациялардың кәсіпорын қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайларына әсері.

Операциялар мазмұны
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері
Операциялар мазмұны: 1
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері: 2
Операциялар мазмұны: Заңды және жеке тұлғалардан қайтарымсыз түрде алынған кезде
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері:

Негізгі қаражаттардың келуі

Кәсіпорынның меншік капиталының көлемі артады. Бір жағынан бұл қаржылық жағдайдың тұрақтылығының өсуіне әкеледі де, екінші жағынан -өнімнің өзіндік құнындағы амортизациялық аударымдардың үлес салмағының артуына әкеледі.

Кәсіпорынның өткізуден тыс табыстары бастапқы және қалдық құны көлеміне артады. Сонымен қатар өткізуден тыс шығыстар да тозу сомасына артады

Операциялар мазмұны: Негізгі қорларды төлем негізінде алу
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері: Кәсіпорынның айналамнан тыс активтері артады. Жалпы бүкіл капиталдың айналымы ақырындайды, ликвидті активтер көлемі азаяды, төлем қабілеттілігі төмендейді.
Операциялар мазмұны: Негізгі қорларды ұзақ мерзімді жалға алу
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері: Кәсіпорынның айналамнан тыс активтері артады. Кезеңді түрде қолма-қол ақша жал төлемі көлеміне азаяды. Пайыз сомасына таза пайда мен жинақтау қоры төмендейді.
Операциялар мазмұны: Негізгі қорларды қысқа мерзімді жалға алу
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері: Кәсіпорынның айналамнан тыс активтері артадыжәне жал берушілер алдында қарыз сомасы өседі. Кезеңді түрде қолма-қол ақша жал төлемі көлеміне азаяды. Пайыз сомасына таза пайда мен жинақтау қоры төмендейді.
Операциялар мазмұны: Негізгі қорларды ағымдағы жалға алу
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері: Жалгердің шығындары жал төлемі сомасына өседі және күрделі жөндеу шығындары сомасына өседі.
Операциялар мазмұны: Негізгі қорларды ақысыз жалға беру
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері:

Негізгі қаражаттардың шығуы.

Өткен жылдар таза пайдасы, не болмаса жинақтау қоры немесе бөлінбеген пайдасы берілгенн қорлардың қалдық құны көлеміне төмендейді және шығу бойынша шығындар мен ҚҚС қосылады. Негізгі қорлар сомасы төмендейді

Операциялар мазмұны: Еншілес кәсіпорындардың жарғылық капиталына салым
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері: Қалдық құнынан жоғары бағамен салым Кәсіпорынның өткізуден тыс табыстарының өсіміне әкеледі. Олай болмаса, шығындарды таза пайда мен жинақтау қорын азайтуға жатқызылады
Операциялар мазмұны: Негізгі қорларды сату
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері:

Кәсіпорынның баланстық пайдасын өсіретін қаржылық нәтиже шығарылады. Негізгі қаражаттар көлемі төмендейді, баланс

ликвидтілігі жоғарылайды, бүкіл капиталдың айналымы тездетіледі

Операциялар мазмұны: Негізгі қорларды жою
Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсері: Әр жойылатын объект бойынша қаржылық нәтиже анықталады. Кәсіпорынның меншік көздері ҚҚС бюджетіне салынбай қалған сома және жойылып жатқан объектінің амортизацияланбай қалу сомасына төмендейді

Мемлекет деңгейіндегі капиталды салымдарды қаржыландырудың материалдық негізі болып жалпы ішкі өнім табылады. Нақтырақ айтсақ, ұлттық табыстың ағымдық тұтынуы көзделмеген бөлігі болып табылады. Жинақтауға қолданылатын ұлттық табыс негізгі капиталды кеңейтілген жаңартуды қаржыландырудың басты көзін білдіреді.

Оны қалпына келтіруде (реновацияда) маңызды рольды амортизациялық аударымдар атқарады. Олар біріншіден, негізгі қорларды жаңартудың міндеттерімен шартталған мақсатты ресурс болып табылады;

Екіншіден, капиталды салымдардың тұрақты көзі болып табылады, себебі олардың мөлшері кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінен байланысты емес.

Осыдан басқа кеңейтілген жаңартудың көзі болып шетел қарыздары мен инвестициялар да шыға алады.

Аталған ішкі көздер алғашқы болып келеді. Қаржылық -несиелік жүйе арқылы ақшалай қаражаттар бөлінеді, қайта бөлінеді және қаржылық ресурстардың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлары түрінде көрініс табады.

Ұлттық табыстың бөлігі қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Оның қалған бөлігі материалдық өндіріс саласына қаржы ресурстарының орталықтандырылмаған қорларын құруға бағытталады. Олар шаруашылық субъектілердің қарауында болады, яғни микродеңгейде қалыптасады.

Кез келген кәсіпорын инвестициялық жобаны іске асыру процесінде белгілі бір қаржылық ресурстар (капитал) көлеміне иелік ету керек. Бұл ресурстар тікелей кәсіпорында қалыптасуы мүмкін немесе сыртқы көздерден қалыптасуы мүмкін.

Кәсіпорынның негізгі капиталын қаржыландырудың көздерін түрлі критерийлер негізінде жіктеуге болады (3-таблица) .

3-таблица. Микродеңгейдегі капиталды салымдарды қаржыландырудың көздері және олардың түрлі факторларға байланысты ара-қатынастары

Капиталды салымдардың көздері
Тарту нысандары
Көздер мөлшеріне әсер ететін факторлар
Капиталды салымдардың көздері: 1
Тарту нысандары: 2
Көздер мөлшеріне әсер ететін факторлар: 3
Капиталды салымдардың көздері: Меншікті көздер
Тарту нысандары:

Пайда

Амортизация

Акционерлік капитал

Көздер мөлшеріне әсер ететін факторлар:

Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері;

Негізгі қорлардың тозуының дәрежесі мен жылдамдығы;

Кәсіпорынның амортизациялық саясаты;

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық нысаны;

Бағалы қағаздар нарығының дамығандығы.

Капиталды салымдардың көздері: Мемлекеттік қаражаттар
Тарту нысандары:

Бюджеттік ассигнациялар

Мақсатты бюджеттік қорлар

Басқа да қайтарымсыз негіздегі қаражаттар

Көздер мөлшеріне әсер ететін факторлар: Көзделген мелекеттік бағдарламалар, бюджеттік қаражаттардың болуы, жобалардың масштабы мен арналымы, кәсіпорынның стратегиялық ұстанымы, өнімнің түрлері (экспорттық, жаңа түрлер және т. б. )
Капиталды салымдардың көздері: Қарыз қаражаттары
Тарту нысандары:

Банктік несиелер

Бағалы қағаздар эмиссиясы

Коммерциялық несиелер

Шетел несиелері

Басқа да қайтарымды түрдегі қаражаттар

Көздер мөлшеріне әсер ететін факторлар:

Қаржыландыру көздерінің құны, қорлардың қайтарымдылығына кепілдіктер,

Құнды қағаздар нарығының дамығандығы,

Салықтық жеңілдіктер,

Реципиент-мемлекеттің инвестициялық тартымдылығы,

Үкімет аралық келісімдер

Капиталды салымдардың көздері: Альтернативалық көздер
Тарту нысандары:

Лизинг

Факторинг

Форфейтинг

Репо операциялары

Венчурлық капитал

Көздер мөлшеріне әсер ететін факторлар:

Қаржылық сектордың дамығандығы,

Банктік қызметтер аясы,

Қаржыландыру көздерінің құны,

Жобалардың тартымдылығы,

Салықтық жеңілдіктер.

ІІІ. Капиталды салымдарды қаржыландыру көздері

Қазіргі уақытта біздің еліміздің экономикасының негізгі мәселесі болып негізгі капиталдың ескіруі табылады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жалпы өнеркәсіп бойынша негізгі өндірістік қорлардың тозуы 60-70%, ал бөлек кәсіпорындарда 80%. Негізгі капиталдың активті бөлігінің физикалық тозуы 75 %-дан асатыны жиі кездеседі.

Инвестициялық қызметтің әлсіздігі және негізгі қорлардың тозуыының жоғары деңгейде кәсіпорынның физикалық, моральдық, технологиялық және экономикалық ескіруіне әкеліп, шикізаттық және энергетикалық ресурстардың өндірістік щығындарын арттыруға әкелді.

Бұл өнімді өндіру мен сапасының тиімділігінің төмен деңгейін, ал бұл сәйкесінше бәсекеге қабілетсіздікті білдіреді.

Осыған байланысты кәсіпорынның негізгі капиталын технологиялық жаңартудың мәселесін туындатты. Осының бәрі негізгі капиталды жай және кеңейтілген қайта жаңартудың сенімді қаржылық көздерін іздеуді талап етеді.

Негізгі қорларды инвестициялаудың көздері меншікті және қарыз деп бөлінеді.

Іске қосу екі нысанда болады:

Қарапайым жаңарту (инвестициялау) кезінде негізгі қорлардың тозуының орнын толтыру шығындары есептелген амортизация көлеміне сәйкес келеді;

Ұлғайтылған жаңарту (инвестициялау) кезінде негізгі қорлардың тозуының орнын толтыру шығындары есептелген амортизация сомасынан асып кетеді.

Негізгі қорларды инвестициялауға арналған капитал шығындары ұзақ мерзімді сипатқа ие болады да, жаңа құрылысқа, өндірісті кеңейту мен жөндеуге, қызмет етіп тұрған кәсіпорынның күшін ұстап тұру мен техникалық қайта жарақтануға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция түрінде жүзеге асады.

Негізгі қорларды жаңартуды қаржыландыруға арналған кәсіпорынның меншік қаражаттар көздеріне жатады:

Амортизация;

Материалды емес активтердің тозуы;

Кәсіпорын иелігінде қалатын пайда.

Амортизация негізгі құралдардың өндірістік қызмет атқару процесіндегі олардың тозуының ақшалай нысанын білдіреді.

Амортизация тозған негізгі қорлардың құнының олардың көмегімен өндірілген өнімдердің құнына өткізу процесін білдіреді.

Негізгі өндірістік қорлардың құндарының өндіріліп жатқан өнімге ауысуы осы құнының бір бөлігі негізгі қорлардың тұтынушылық нысанында жүре беруіне әкеледі де, келесі бөлігі жаңадан өндірілген өнім құнының бөлігі ретінде айналыс жасай береді. Ол өз кезегінше өнімді өткізу нәтижесіне қарай тауарлық нысаннан ақшалай түрге ауысады да, айналым процесінде амортизациялық аударым түрінде аккумуляцияланады. Себебі өнімді өткізуден түскен түсімнен белгілі мөлшерде амортизациялық аударымдар жасалынып тұрады.

Амортизациялық аударым - бұл негізгі қаражаттар объектілірінің өндіріс процесінде физикалық және моральдық тозуға ұшырап, өзінің құнын дайын өнімге өткізетін бөлігінің ақшалай түрі.

Нәтижесінде негізгі қаражаттар объектілірінің нақты баланстық құны төмендейді.

Экономикалық әдебиеттерде амортизациялық қорға «негізгі қорлар және материалды емес активтерді қарапайым және күрделі жаңартуға арналған ақша ресурстары» деген анықтама беріледі.

Амортизациялық аударымдар жинақталып, амортизациялық қорды қалыптастырады. Ол кәсіпорындарда моральдық және физикалық тозу себебінен шығарылған негізгі қор объектілірінің құнын қайтаруға құралады.

Кәсіпорынның негізгі қаражаттары бойынша амортизациялық аударымдар олардың пайдалы қызмет ету мерзімі бойы есептелінеді.

Пайдалы қызмет ету мерзімі деп негізгі қор объектілерін қолдану кәсіпорынға пайда әкеледі немесе оның қызметінің мақсаттарын орындау күтілетін кезеңді айтады.

Амортизациялық аударымдар қайта жөндеу және техникалық қайта жарақтанудағы негізгі қорлар бойынша есептелінбейді.

Негізгі қор объектілерінің амортизациясы амортизациялық аударымдарды есептеудің келесі әдістерінің бірі арқылы есептеледі:

  • Тік сызықты;
  • Азаюшы қалдықтар;
  • Пайдалы қызмет ету мерзімінің жылдары қосындысы бойынша құнды есептеу әдісі;
  • өнім көлеміне пропорционалды құнды есептеу тәсілі.

Амортизациялық аударымдар сомасы кәсіпорынның есеп айырысу шотына өнімді өткізуден түсетін табыспен түсіп, оның айналым қаражаттары құрамына енеді де, өзінің жылжуын амортизацияланатын мүліктен еріксіз бастайды. Олар бос қалуы мүмкін немесе капиталды салымдар мен айналым капиталының басқа түрлеріне салынуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын капиталы
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
Компанияның қарыз капиталын басқару
Кәсіпорынның капитал құны
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
«компания капиталының құрылымын оңтайландыру»
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz