Кәсіпорынның күмәнді дебиторлық қарыздары ұғымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Күмәнді талаптар бойынша резерв онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.

Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Дебиторлық қарыз халықаралық және Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес сатып алушылардың компанияға арналған сома ретінде анықталады.

Курстық жұмысты жазудың мақсаты - кәсiпорынның күмәнді талаптар бойынша резервтерді құрудың есебін қарастырып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде күмәнді дебиторлық қарыздардың есебі ұғымы, кәсіпорынның күмәнді қарыздарын бағалау әдістері қарастырылған.

Екінші бөлімде күмәнді қарыздардың күмәнді қарыздарды есепке алудағы «Оңтүстік құс» АҚ есеп саясаты, «Оңтүстік құс » АҚ күмәнді қарыздары есебін жүргізу ерекшеліктері қарастырылған.

мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Күмәнді дебиторлық қарыздардың есебі

1. 1 Кәсіпорынның күмәнді дебиторлық қарыздары ұғымы . . . 4

1. 2 Кәсіпорынның күмәнді қарыздарын бағалау әдістері . . . 7

2 Күмәнді қарыздардың ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ («Оңтүстік құс» АҚ МЫСАЛЫНДА)

2. 1 Күмәнді қарыздарды есепке алудағы «Оңтүстік құс» АҚ есеп саясаты . . . 9

2. 2 «Оңтүстік құс » АҚ күмәнді қарыздары есебін жүргізу ерекшеліктері . . . 12

2. 3 Қаржы секторында бухгалтерлік есепке алуды дамыту проблемалары мен перспективалары . . . 15

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

КІРІСПЕ

Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру.

Нарықтық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.

Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді.

Курстық жұмысты жазудың мақсаты - кәсiпорынның күмәнді талаптар бойынша резервтерді құрудың есебін қарастырып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде күмәнді дебиторлық қарыздардың есебі ұғымы, кәсіпорынның күмәнді қарыздарын бағалау әдістері қарастырылған.

Екінші бөлімде күмәнді қарыздардың күмәнді қарыздарды есепке алудағы «Оңтүстік құс» АҚ есеп саясаты, «Оңтүстік құс » АҚ күмәнді қарыздары есебін жүргізу ерекшеліктері қарастырылған.

1 Күмәнді дебиторлық қарыздардың есебі

1. 1 Кәсіпорынның күмәнді дебиторлық қарыздары ұғымы

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың негізі, біздің елімізде қабылданған «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы салынған. Бұл заң бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде тиянақты ұғым берді.

Талап ету мерзiмi өтiп кеткен дебиторлық борышты шаруашылық субъект басшысының шешiмiмен, қарыздар бойынша резервтердi құрудың оларды пайдаланудың және талап мерзiмi өтiп кеткен дебиторлық борышты баланстан шығарудың дұрыстығын тексеру керек.

Кәсіпорындарда әрбiр күмәндi қарыз бойьнша резерв мөлшерi белгіленеді.

«Басқа да дебиторлық борыштар» бабы бойынша жыл соңындағы және басындағы қалдықтары сәйкес болуы керек. 1420 «Басқа да дебиторлық борыштар» бөлiмiне 1420 «Орнын толтыруға тиістi қосылған құн салығы», 1270, 2170 «Есептелген процесстер», 1250, 2150 « Жұмыскелер мен басқа да тұлғалар борышы», 1280, 2180 « Басқалары » шоттары кiредi, 8 журнал - ордерi осы шоттар бойынша көрсетiлген шаруашылық операциялары көрсетіледі.

Кәсiпорын бухгалтерлiк есептiң келесiдей ережелерiн өз бетiнше шешуiне болады:

- болашақ кезеңнiң шығыстары - кезеңдерi нақты анықталмаған жағдайда, кезең барасында ол өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнына жатқызылуы мүмкiн, немесе басқа да көздерiнiң есебiнен (тау-кен дайындық жұмыстарына кеткен шығындарына, жаңа өнiм түрiн игеруге кеткен шығыстарына, жердi игеруге кеткен шығындарына) есептен шығарылуы мүмкiн, бiрақ аталған жағдайлардың барлығы да, яғни олардың кезеңiн және есептеп шығару тәртiбiн кәсiпорынның өзi анықтайды;

- алдағы шығыстар мен төлем резервтерi - кәсiпорын қандай резервтердi және қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртiбiн анықтап өзi шешедi (кезектi демалысқа ақы төлеу резервтерi, көп жылғы сiңiрген еңбегi үшiн марапаттау шығыстары, маусымдық салаларда дайындық жұмыстарын жүргiзуге кеткен өндiрiстiк шығындары және басқалары) ;

- күмәндi қарыздар бойынша резервтерi - кәсiпорын түгендеу мәлiметтерiнiң негiзiнде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәндi болып табылмайтандығын, резервтердi құрудың әдiсi және резервтеуге жататын шығындарын өзi тандай алады.

Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Күмәнді қарыздар бойынша резервтер «Күндік туғызушы қарыздар бойынша резервтердің 1290 пассивті шотының 1420 бөлімшесінде ескеріледі». Күмәнді дебиторлық қарыздар бойынша резервтер дебиторлық борышты өтеуге тұрақсыздықты жоюмен байланысты, мүмкін жоғалтуларды жабу үшін қолданылады.

Күмәнді дебиторлық қарыздар ретінде бекітілген мерзімде, ал егер ол бекітілмесе, онда осы уақытта қажет мерзім ішінде, сонымен қатар сәйкес кепілдемемен қамтамассыз етілген борыш, төленген дебиторлық борыш деп танылады. Күмәнді дебиторлық қарыздар бойынша резервтер дебиторлық борышты инвентаризациялаудың берілгендер:негізінде, жыл соңында құрылады.

Кәсіпорындар күмәнді қарыздары талаптар бойынша, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен есеп айырысу бойынша, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, сонымен қатар жеке тұлғалармен резервтер құрады. Резерв өлшемі борышкердің қаржы жағдайының есебімен күмәнді дебиторлық қарыздар дың әрбір сомасы бойынша анықталады.

Кәсiпорын бухгалтерлiк есептiң келесiдей ережелерiн өз бетiнше шешуiне болады:

- болашақ кезеңнiң шығыстары - кезеңдерi нақты анықталмаған жағдайда, кезең барасында ол өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнына жатқызылуы мүмкiн, немесе басқа да көздерiнiң есебiнен (тау-кен дайындық жұмыстарына кеткен шығындарына, жаңа өнiм түрiн игеруге кеткен шығыстарына, жердi игеруге кеткен шығындарына) есептен шығарылуы мүмкiн, бiрақ аталған жағдайлардың барлығы да, яғни олардың кезеңiн және есептеп шығару тәртiбiн кәсiпорынның өзi анықтайды;

- алдағы шығыстар мен төлем резервтерi - кәсiпорын қандай резервтердi және қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртiбiн анықтап өзi шешедi (кезектi демалысқа ақы төлеу резервтерi, көп жылғы сiңiрген еңбегi үшiн марапаттау шығыстары, маусымдық салаларда дайындық жұмыстарын жүргiзуге кеткен өндiрiстiк шығындары және басқалары) ;

- күмәндi қарыздар бойынша резервтерi - кәсiпорын түгендеу мәлiметтерiнiң негiзiнде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәндi болып табылмайтандығын, резервтердi құрудың әдiсi және резервтеуге жататын шығындарын өзi тандай алады.

Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Күмәнді дебиторлық қарыздар ретінде бекітілген мерзімде, ал егер ол бекітілмесе, онда осы уақытта қажет мерзім ішінде, сонымен қатар сәйкес кепілдемемен қамтамассыз етілген борыш, төленген дебиторлық борыш деп танылады. Күмәнді дебиторлық қарыздар бойынша резервтер дебиторлық борышты инвентаризациялаудың берілгендер:негізінде, жыл соңында құрылады.

Кәсіпорындар күмәнді қарыздары талаптар бойынша, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен есеп айырысу бойынша, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, сонымен қатар жеке тұлғалармен резервтер құрады. Резерв өлшемі борышкердің қаржы жағдайының есебімен күмәнді дебиторлық қарыздар дың әрбір сомасы бойынша анықталады.

Күмәнді қарыздар талаптар бойынша, резервке бағыталған соммаларға күмәнді дебиторлық қарыздар бойынша резервті құруда «Жалпы және әкімшілік шығындардың» шоты дебеттеледі және 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шоты кредиттеледі.

Күмәнді дебиторлық қарыздар бойынша резервтерді құруға кәсіпорын есеп саясатындағы келесі әдістердің бірін таңдауға құқылы:

-өткізу, орындалған жұмыс көлемінен процент әдісі,

-төлеу мерзімі бойынша счеттар есебінің әдісі,

Өткізу, орындалған жұмыс көлемінен процент.

Берілген әдістің мәні жалпы өткізу көлемінд, сенімсіз қарыз соммасының проценттік анықтауда қорытындыланады. Күмәнді дебиторлық қарыздар бойынша резервтердің құру процентін анықтау үшін, товардың, орындаған жұмыстың және төленбеген счетар соммасының көлемін жобалау қажет .

Төлеу мерзімі бойынша есеп әдісі борышты төлеу мерзімі бойынша күмәнді дебиторлық қарыздар соммасын анықтауда қорытындыланады.

Бұл проценттік анықтау үшін, келесі котегориялар бойынша алуға барлы

счетты класификациялау қажет:

-төлеу мерзімі әлі келмеген, счеттар,

-1-ден-30 күнге дейінгі төлеу мерзімі мен счеттар,

-1-ден-60 күнге дейінгі төлеу мерзімі мен счеттар,

-1-ден-90 күнге дейінгі төлеу мерзімі мен счеттар,

-90 күннен астам төлеу мерзімі мен счеттар,

«Оңтүстік құс» АҚ екінші әдісі -төлеу мерзімі бойынша есеп әдісі қолданылады.

Әрбір категорияға күмәнді қарыздар жобаланған процент анықталады.

Күмәнді қарыздар сомасын шығару дебиторлық борыштың өсіміне әсер етпейді, өйткені дебиторлық борыш күмәнді қарыздартлптар бойынша резервті шегерудегі бухгалтерлік баланста көрсетіледі.

Бұрын шығарылған дебитолық борыш келесі есеп кезеңдерінде төмендеген болса, онда бұл негізгі емес іскерліктен, есеп беру кезеңіндегі табыс деп саналады.

Инвентаризациялық комиссия борышының нақтылығын бекіту үшін олардағы борыштың саналатынын негіздейтін, кәсіпорындық тұлғалық счеттарынан көшірмесі беріледі.

Осы резерв бойынша жыл соңындағы қалдық, ағымдағы жылдағы күмәнді дебиторлық қарыздар ретінде танылған, дебиторлық борыш соммасын ғана қсу керек.

1. 2 Кәсіпорынның күмәнді қарыздарын бағалау әдістері

Кәсiпорынның күмәнді қарыздарын талдайтын болсақ, өтiмдiлiктiң iшкi, сапалық жағын сипаттау мақсатында активтердiң айналымдылығы көрсеткiштерi қолданады. Олар қаржы коэффициенттерiнiң екiншi тобын құрайды. Мұнда төрт көрсеткiш есептеледi [44, 26 б . ] :

таза

сатылымдар

негiзгi капиталдың айналымдылығы = (1)

таза негiзгi

капитал

таза

сатылымдар

барлық активтердiң айналымдылығы = (2)

активтердiң

жалпы

сомасы

сатудың өзiндiк құны

в) запастардың айналымдылығы = (3)

запастар

несиеге

сату

г) дебиторлық шоттардың айналымдылығы = (4)

дебиторлық

шоттар

Қаржы коэффициенттерiнiң келесi тобына қарыз алушының сырттай алатын капиталдан тәуелдiлiгiн сипаттайтын коэффициенттер кiредi. Бұл мақсатта екi көрсеткiш есептеледi: яғни бұл көрсеткiштер қарыз алушының қарыз капиталын тарту көрсеткiштерi болып табылады.

қарыздың жалпы сомасы

К-1 = (5)

негiзгi капитал

қарыздың жалпы сомасы

К-2 = (6)

активтер сомасы

Қарыздың жалпы сомасына қысқа мерзiмдi мiндеттемелер, Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер, кейiнге қалдырылған салық төлемдерi кiредi. Активтердiң жалпы сомасына айналым капиталымен бiрге негiзгi капитал және басқа да активтер кiредi.

Меншiктi және сырттан Сырттан тартқан қаржылар

тартқан қаржылардың = (7)

қатынасы Меншiктi қаржылар

Бұл көрсеткiш қарыз алушының сырттан тартқан қаржылардан тәуелдiлiгiн көрсетедi. Көрсеткiш мәнi төмендегенде клиенттiң несиелiк қабiлетi артады.

Бiр жылдағы өнiмдi сатудан

Кредиторлық қарыз түскен сома

айналымдылығы = (8)

Бiр жылдағы кредиторлық

қарыздың орташа

арифметикалық сомасы

Дебиторлық қарыздағы күдiктi қарыздың үлесi

Күдiктi Күдiктi дебиторлық қарыз

қарыздың = х 100

үлесi Дебиторлық қарыз

Келтiрiлген көрсеткiш дебиторлық қарыздың сапасын көрсетедi.

2 Күмәнді қарыздардың ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ («Оңтүстік құс» АҚ МЫСАЛЫНДА)

2. 1 Күмәнді қарыздарды есепке алудағы «Оңтүстік құс» АҚ есеп саясаты

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн . «Оңтүстік құс» АҚ қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен тәжірибесін бiлдiредi.

Операциялар мен келісім шарттар «Оңтүстік құс» АҚ бухгалтерлiк есеп жүйесiнде көрсетiледi, бұл ретте бухгалтерия қызметкерлері:

1) бухгалтерлiк жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына сайма-сай бекiту және бухгалтерлiк жазбаларда барлық операциялар мен келісім шарттарды көрсетіп отырады;

2) операциялар мен келісім шарттарды хронологиялық тәртiппен және уақтылы тiркейді;

3) әрбiр айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша синтетикалық (қорытынды) есептi талдамалық (егжей-тегжейлi) есеппен сәйкес келтiру қамтамасыз етіп отырады.

«Оңтүстік құс» АҚ өндірістік бөлімі - өндіріс шығындары есебін, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбек және материалды шығындарға тексеру мен талдау жүргізу, аяқталмаған өндірістің есебі мен түгендеуге тән есеп жұмысын жүргізеді. Бұл бөлім қорытынды есеп жасап, ақшалай өлшем мен өзіндік құн принципін сақтауға тырысады.

«Оңтүстік құс» АҚ меншік құқығына жатпайтын, бірақ онда бар мүлікке, сондай-ақ жарамсыз мүлікке жеке түгендеу тізімдемесі жасалады.

Есепке алынбаған объектілерді түгендеуде табылған бағалау өзіндік құнынан төмен емес рыногтық құн бойынша жүргізіледі.

Бюджетпен, сатушылармен және берушілермен, жұмысшылармен және дебиторлармен және кредит берушілермен несиелер бойынша банктермен есептесулерді түгендеу бухгалтерлік есеп шоттарына есептелген сомалардың негізділігін тексерумен жасалады.

Іс жүзіндегі бағалы қағаздардың болуын тексеру кезінде ресімделген бағалы қағаздардың дұрыстығы, бағалы қағаздар теңгерімінде ескерілген құнның шыңдығы, бағалы қағаздар бойынша алынған кірістердің бухгалтерлік есепте көрсетілуінің уақтылығы мен толықтығы анықталады.

Кассаны түгендеу барлық ақша купюрларын, ақша құжаттарын, түрлер бойынша қатаң есептілік бланкілерін толық парақтап қайта есептеумен жүргізіледі. Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде есепте материалдық емес активтердің дұрыс және уақтылы көрсетілуі және оларды пайдалануға «Оңтүстік құс» АҚ құқықтарын растайтын құжаттардың болуы тексеріледі.

Жарғылық капиталы, қосымша төленген капитал алынған және төленген құралдардың тура құны бойынша мойындалады. Компанияның бірігуімен байланысты емес жаңа акцияларды шығаруға тікелей қатысты сыртқы шығындар осыған сәйкес табыс салығын шығарып тастағанда меншікті капиталды азайтады. Жай акциялар бойынша дивиденділерді төлеу дивиденділер жарияланған кезеңдегі меншікті капиталдың азаюымен көрінеді. Есеп берілген күннен кейін жарияланған дивиденділер «Есеп берген күннен кейін болған оқиғалар» ХҚЕС сәйкес кейін болған оқиға болып есептеледі.

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын «Оңтүстік құс» АҚ бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірледі. Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет синтетикалық және талдамалық шоттардың (қосалқы шотты қоса алғанда) толық тізбесін қамтиды. Ұйым шоттарының жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкес осы Нұсқаулыққа сай әзірленеді. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің қажеттіліктеріне негіздей отырып синтетикалық және талдамалық шоттарды ашады.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Нұсқаулықта елгіленген өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жұмыс жоспарына Нұсқаулыққа қосымшада анықталған бухгалтерлік есеп шоттары жұмыс жоспарының синтетикалық шоттар топтарының тізбесіне сәйкес ұйымның қызметін көрсету үшін қажет синтетикалық шоттар енгізіледі.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан екіншісі - кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан - синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды. Шоттардың жұмыс жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:

1-бөлім - «Қысқа мерзімді активтер»,

2-бөлім - «Ұзақ мерзімді активтер»,

3-бөлім - «Қысқа мерзімді міндеттемелер»,

4-бөлім - «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»,

5-бөлім - «Капитал мен резервтер»,

6-бөлім - «Кірістер»,

7-бөлім - «Шығыстар»,

8-бөлім - «Өндірістік есепке алу шоттары».

Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлар, еңбек заттары ретінде қатысады.

Кәсiпорын деңгейiнде мыналар аса маңызды қаржылық есептiлiктің элементтерi болып табылады:

Активтер, мiндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептiлiктің элементтерi болып табылады.

Активтер - жеке кәсiпкер немесе ұйым өткен келісім шарттар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар.

Мiндеттеме - жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен келісім шарттардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

Капитал - жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның активтерiндегi барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес.

Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтер болып табылады.

Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.

Қаржылық есептiлiк элементтерiн бағалау - аталған элементтер бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiкте танылатын және тiркелетiн ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi. Қаржылық есептiлiк элементтерiн есепке алу әдiстерi және тану тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi. Қаржылық есептiлiк жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi. Мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлiк баланс;

2) пайда мен зияндар туралы есеп;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;

5) түсiндiрме жазба.

Қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбi және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiк көлемiн, оны жасау нысандары мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Қаржылық есептiлiкке ұйымның басшысы және бас бухгалтерi, жеке кәсiпкер қол қояды. Бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк ұйым немесе кәсiби бухгалтер жүргiзетiн ұйымның қаржылық есептiлiгiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлiк ұйымның басшысы немесе кәсiби бухгалтер қол қояды. Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары комитетi Қорының оларды ресми аударуға және Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.

Еншiлес ұйымдары бар ұйымдар негiзгi ұйымның қызметi жөнiндегi қаржылық есептiлiктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға және ұсынуға мiндеттi. Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн есептi кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтiзбелiк жыл болып табылады.

Қаржылық есептiлiкті пайдаланушыларға мыналар жатады:

1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшылар (қатысушылар) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану
Кәсіпорынның жөнелтілген тауар
Дебиторлық қарыздың есебі
Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
Сатып - алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы
Ұйым активтерінің баланс валютасындағы үлесі
Дебиторлық борыштардың есебiн ұйымдастыру
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз
Дебиторлық және кредиторлық есептің аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz