Жарғылық капиталының есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. Жарғылық капиталының есебі5

2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі10

3 Резервтік капиталдың есебі20

4 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі22

Қорытынды27

Пайдаланған әдебиеттер28

КІРІСПЕ

Меншік - өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» құбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім - жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте күрделі өзара әсер етеді.

Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, Бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншікгің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып табылады.

Осы курстық жұмыста меншікті капитал есебі толық қарастырылады. Атап айтсақ,

  1. Жарғылық капиталының есебі
  2. Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
  3. Резервтік капиталдың есебі
  4. Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі.

1. Жарғылық капиталының есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталы1 қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін - жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:

  • дивидендтер алуын;
  • қоғамды басқаруына қатысуын;
  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта - акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010-ші "Жарияланған капитал", 5010-ші "Жарияланған капитал", 5010-ші " Жарияланған капитал" шоттары енетін 50-ші "Жарғылық капиталы" деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.

50-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 50-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

50-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.

5010-ші "Жарияланған капитал", 5010-ші "Жарияланған капитал" шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5020-ші "Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе, онда ол: 1050, 1050, 1040, 1010, 1020 дебеті бойынша және 5020 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.

Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2730-2730, 2730, 2411-2416, 1310-1315, 1320-1330 және 5020 шоты кредиттеледі.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 2170 "Есептелген пайыз" шотының дебеті бойынша және 6120 "Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5020 шоты дебеттелген және 5010 шоты кредиттелген - қызыл жазылады.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 5010 шоты дебеттеледі де, 1040, 1010, 2730-2730, 2730, 2411-2417, 1310-1315, 1320, 1330 шоттары кредиттеледі.

Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5010, 5010 шоттары дебеттеледі де, 5010 - "Қайтып алынған капитал" шоты кредиттеледі.

2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5020 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың Бас жоспарында, "Меншік капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Сондай-ақ, 5020 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т. б. ), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5020-ші "Төленбеген капитал" шоты дебеттеледі де, 50-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары - 5010-ші "Жай акциялар", 5010-ші "Артықшылықты акциялар" (акционерлік қоғамдарда) және 5010-ші "Қосқан үлестер мен жарналар" (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5020-ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

  • материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 2730-2730, 2730 шоттары;
  • жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 2411-2417 шоттары;
  • материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1310-1315, 1317, 1320-1330 шоттары;
  • ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде - 1010, 1020, 1040, 1050, 1050 шоттары дебеттеледі.

Егер де 5020 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

5020-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөнінде шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші шоты арналған, ол 5010 және 5010 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

5110 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 5110 шоты дебеттеледі де және 1050, 1050, 1060, 1010, 1020, 1070 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіңдегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:

  1. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: 5110 шоты дебеттеледі де, және 1050, 1050, 1060, 1010, 1020 шоттары кредиттеледі.
  2. Сатып алынған акцияның құны номиналдық құннан төмен болған жағдайда:сатып алу құнына:

5110 шоты дебеттеледі де және 1050, 1050, 1060, 1010, 1020 шоттары кредиттеледі;

  • сома айырмасына, яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған жағдайда:

5110 шоты дебеттеледі де және 5410 "Есептік жылдағы таратылмаған табыс" шоты кредиттеледі (яғни ақша қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда оларға қосымша қаражаттарды қосады) .

3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық құннан жоғары болған жағдайда:

  • сатып алу құнына:

5110 шоты дебеттеледі де, 1050, 1050, 1060, 1010, 1020 шоттары кредиттеледі;

  • сома айырмасына, яғни акцияның құны номиналдық құнынан артық бағаға сатып алынған жағдайда:

5410 "Есептік жылдағы таратылмаған табыс" шоты дебеттеледі де, 5120 шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайтып сатып алынса, онда олар мынадай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 5010, 5010 шоттары дебеттеліп 5110 шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың номиналдық құны 5110 шоттың кредитінен 7410 "Бағалы қағаздарды сатудан алған шығыстары бойынша" шотының дебетіне жатқызылады.

Акциялардың сатылатын құнына, олардың номиналдық құнының мөлшеріне 6210 "Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша" шоты кредиттеледі де, 2940 "Басқа да" шоты дебеттеледі. Егер де акцияның құны номиналды құнынан жоғары болса алынған айырма сомасына 2940 шоты дебеттеледі де, 5110 "Қосымша төленген капитал" шоты кредиттеледі.

Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді.

Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:

  • қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;
  • қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген) жарлық капиталының минималды деңгейінен кем болса;
  • қоғам акцияны қайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;
  • акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының көлемі қоғамның жарлық капиталына шығарылған (төленген) капиталдан кем болса.

Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған акциясының 25%-нен немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нен аспауы керек.

Қоғамның акциясын сатып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында шешіледі, осындай шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестріне енгізеді.

Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз - акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы) . Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 5110-ші "Қосымша төленген капитал" шотында жүргізіледі.

Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5110 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1050, 1050, 1060, 1010, 1020.

Сатылған акциялар бойынша шоттарды төлеуге ұсынған кезде сатылған акциялардың тұрақты құны 2940-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Қосымша төленбеген капиталдың есебі. Капиталдың бұл түрінің есебі үшін 54-ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің қатарына мынадай синтетикалық шоттар кіреді:

5320-шот "Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал"; 5320-шот "Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал"; 5320-шот "Басқа да қосымша төленбеген капитал". 54-ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.

Негізгі құралдарды қайта бағалау операциялары . Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады.

Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2411-2416, 2930 шоттары дебеттеліп, 5320 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5320 шоты дебеттеліп, 2421-2428 шоттары кредиттеледі.

Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін мынадай есептеулер жасалынады:

№:
Жазбалар мазмұны: Жазбалар мазмұны
Сомасы, теңге: Сомасы, теңге
№: 1.
Жазбалар мазмұны:

Кәсіпорын 1994 жылы жол тегістегіш машинасын сатып алды делік. Пайдалану мерзімі 8 жыл.

Амортизация нормасы 12, 5%:

- машинаның бірінші қайта бағатануына дейінгі құны

- 1-ші қайта бағалауына дейінгі есептелінген тозу сомасы

Сомасы, теңге:

12000

2000

№: 2.
Жазбалар мазмұны:

Қайта бағалау нәтижесінде (01. 10. 94 ж., 01. 07. 97 ж. ) машинаның құны мен тозу сомасы төмендегідей болады:

- жол тегістегіш машинаның құны

- машинаның тозуына байланысты есептелген сомасы

- машинаның қайта бағаланған сомасы (236 390 - 12 000)

- машинаның қайта бағаланғаннан кейін, қалыптасқан тозу сомасы (103 539 - 2 000 = 101 539), енді осыдан машинаны пайдалану кезінде есептелген тозу сомасын шегереміз

(64 339 теңге)

- машинаның индексацияланған сомасы (224 390 - 37 200)

Сомасы, теңге:

236 390

103 539

224 390

37 200

187 190

№: 3.
Жазбалар мазмұны: Машинаны одан әрі қарай пайдалану барысында, яғни 1997 жылдың 1 қаңтарынан 2002 жылдың маусымына дейінгі кезенде жыл сайын бөлінбеген табыстарға көшірілетін соманың деңгей мынаған тең (187 190 теңге / 4, 5 жыл)
Сомасы, теңге: 41 597, 78

Сонымен, кестеде көрсетілген есептеулердің қайта бағаланған негізгі құралдың сомасы мына төмендегі шоттарда көрініс табады, яғни 3 466, 48 мың теңгесі 5320 шотының дебетінде және 5410 шотының кредитінде көрсетіледі.

Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі құралдардың объектісі есептен шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына көшіріледі.

Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 5320-ші "Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капитал" шотының кредиті бойынша көрініс табады:

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестициянын сомасына: Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестициянын сомасына
2310-2310: 2310-2310
5320: 5320
Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестициянын сомасына: Қаржылык инвестицияларын қайта бағалаудан түскен сомаларына
2310-2310: 1150-1150
5320: 5320
Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестициянын сомасына: Есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы:
2310-2310: 5320
5320: 5410, 6210

5320 шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнының төмендегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

- ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 1150-1150 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі;

- инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2310-2310 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік капиталы
Меншікті капиталының есебі туралы
Жарғылық капитал есебінің шоттар корреспонденциясы
Меншiкті капитал туралы
Меншікті капиталының есебі
Меншікті капитал аудитін ұйымдастыру ерекшіліктері
Капитал туралы түсінік
Акционерлік капитал есебі және талдауы
Банктің мешікті капиталы
Жарғылық капиталдың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz