Меншікті капитал айналымы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
І. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ 4
1.1 Меншікті капиталдың мәні мен мазмұны 4
1.2 Меншікті капиталдың негігі түрлері мен құрамы 5
1.3 Меншікті капитал айналымы 9
ІІ. МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ 11
2.1 Жарғылық капиталдың есебі 11
2.2 Резервтік капиталдың есебі 13
2.2 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі 14
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПОРЫННЫҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ 16
3.1 Кәсіпорынның меншікті капиталды талдау 16
3.2 Кәсіпорынның меншікті капиталын басқарудағы қаржылық шешімдерді
қабылдау критерийлері 18
3.3 Кәсіпорынның менікті капиталын басқару тенденциялары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаевтың биылғы 2007 жылғы 27 ақпандағы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
атты Қазақстан халқына Жолдауында: Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі
экономикалық жаңарудың локомативі болуға қабілетті дамыған өңірлік
орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ өңірлердің
ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа
аумақтық даму стратегиясы қажет - деп жазды.
Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны
ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы
жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып
табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп
стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот
жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша
бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп
жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға
сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы
заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жөне де ол сол ұйымның
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы
осы ұйымнын, қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден,
тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет
атқарушы яғни қодданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және
айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару
мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айналымдағы
активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес
активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің
материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда
табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа
мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық
борыштар және басқа да активтер жатады.
Курс жұмысының мақсаты мен міндеті. Берілген тақырып – Меншікті
капитал есебі болған соң, осы тақырыптың мәнін ашу, меншікті капиталды
талдай отырып, оның қай шотта қаралатынын, меншікті капиталдың түрлерін
қарастыру.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының
құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар
саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар оздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан
басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ
мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық
борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған
қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы
болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық
қоры мынадай түрлерге бөлінеді.
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және
ашық ащионерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал — қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы
(номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн
айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал — кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі
құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының
өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сацтық, сақтаулы) капитал — келешекте (алдағы уақыттарда)
болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып
кәсіп-орынның озінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік
капиталының бір белігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен
құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамнын)
жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан)
барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен
(пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы
қалған бөлігі болып табылады.
І. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Меншікті капиталдың мәні мен мазмұны
Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны
білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа
бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы
өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің
өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің
даму процесі мынандай кезендерден өтті:
Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады.
Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс
деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен
шығындар, ал әр жылғы аванс деп — өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды
айтады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен
шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары
керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін
өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу
мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.
Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К.Маркс бір-
неше анықтама келтіреді:
1) Капитал — жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық
қатынасты жөне қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп
отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып
саналады.
2) Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
3) Капитал — еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы
секілді өлі еңбек.
Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар
жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал
мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу
кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы
ендірілген.
Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі.
Микроэкономика деңгейіндегі капитал — тәсілдері мен аясына қарамастан табыс
(жалпы пайыз) алу үшін пайдалануға болатын жеке тұлғалар байлы-ғының бір
бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейінде капиталға, еңбек және жермен
қатар, материалдық игіліктер өндіру үшін пайдалануға болатын өндірістік
құралдардың барлық жиынтығын жатқызады. Капитал — баламалы пайдаланудан
гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны банк пайызын алу үшін ақшадай
сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға ай-налдыратын жағдай — оның пайыздан
асып түсетін табыстылығы болып та-былады.
"Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің
қоры", — деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын
қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда,
экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз
функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.
Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған,
адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және
кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып
саналады.
1.2 Меншікті капиталдың негігі түрлері мен құрамы
Нарықтық қатынастың кез келген субъектісінде, қандай да болмасын
өндірісті бастаудан бұрын оның ақша түрінде капитал болуы керек. Капиталды
айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер рыноктан
өндіріс ресурстарын алу керек (шикізат, материалдар, машиналар, жұмысшы
күшін және т.б.)
Ресурс-тауарларды сатып алудан капитал қозғалысының бірінші сатысы
басталады. Ақша капиталының өндіруші капиталға айналуы болады (ақша —
тауарлар — өндіріс факторлары).
Ақша дегеніміз не? Ақша — ол баршаға бірдей эквиваленттік қызмет
көрсететін ерекше тауар. Ақша барша тауарларға тікелей айырбасталатын
"тауарлардың тауары".
Ақша өзінің бірқатар функциялары арқылы капитал қозғалысының процесіне:
1) құндылық өлшемдері;
2) айналым құралдары;
3) қазына мен жинақтауды құру құралдары;
4) төлем құралдары;
5) әлемдік ақша ретінде қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 127 бабына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының ақша бөлінісі теңге болып табылады.
2. Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша
қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағындағы төлемдер қолма-қол төлеп және
қолма-қол төлемей есеп айырысу түрінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен есеп
айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленеді.
Ақша құн өлшемі ретінде. Барлық тауарлар өздерінің құндарын ойша
пайымдаудағы ақшамен яғни, санадағы ақшамен есептейді. Баға — тауар құнының
мөлшер көрсеткіші. Тауарлардың нарықтық бағасы, өз құнының мөлшерімен
әрқашанда сәйкес келе бермейді.
Ақша айналым құралы ретінде. Ақша тауарлар алмасуында делдалдық рөл
ойнайды. (Т-А-Т): тауар сатуды жүзеге асырып (Т-А), тауар өндіруші түскен
ақшасына өзіне қажетті басқа тауарды сатып алады (А-Т). Айналым құралы
болып тек нақты ақша алынады.
Қазына түрінде ақша жинау нарықтық құбылмалылықтан өзін қорғау үшін
өрбір тауар өндірушінің белгілі бір ақша қорын жасауға тырысуымен
анықталады. Оның үстіне қазына құру құралының функциясын тек толық бағалы
жөне нақтылы ақша ғана: монета және құйма түріндегі алтын мен күмістер
орындай алады. Қазына жинау, мұнан басқа, "қазынаның эстетикалық формасы"
деп қабылданатын алтын мен күмістен жасалынған сәндік заттар түрінде жүзеге
асырылады. Әрине, қағаз ақшаны да жинауға болады, бірақ олар құнсыздануға
ұшырауы мүмкін.
Елдің орталық банкінде сақталатын мемлекеттік (ұлттық) алтын қорлар
формасындағы қазына жинауды жеке адамдар жөне мемлекет жасайды.
Қазына нарықтық экономика жагдайында байлық жинау формасы ретінде
("қозғалыссыз жатқан", "мүлгіген тыныштықтағы" ақшалар) қосалқы рөл
атқарады, себебі, еңбастысы — айналым, ақша қозғалысын жылдамдату.
Ақша төлем құралы ретінде. Тауарларды қолма-қол қаражатқа сату және
сатып алу міндетті емес. Сатып алушының қолында ақша ұдайы бола бермейді,
сатушы кейде болашақ тауарларын сату жөнінен келісім жасайды. Жалпы
алғанда, әртүрлі себептерге байланысты тауарларды сатып алу-сатуды несиемен
жүргізудің, яғни төлем мерзімін ұзартудың қажеттілігі туады.
Тауарларды несиеге сатқанда айналым құралы болып ақшаның өзі емес, оның
бейнесіндегі қарызгерлік міндеттеме жүреді. Міндеттеме мерзімі өткен соң
қарыз алушы несие берушіге міндеттемеде көрсетілген сомманы төлеуі тиіс.
Қарызгерлік міндеттемені өтеу құралы рөлін ойнай отырып, ақша төлем құралы
функциясын орындайды. Бұл функция несиеге сатып алынған тауарлардың төлемі
кезінде ғана емес, сонымен бірге басқа да міндеттемелерді өтеу кезінде:
мысалы, жалақы төлеу, қарыз ақшаны қайтару, салықтарды төлеу кездерінде де
жүзеге асырылуы мүмкін.
Төлем құралы функциясындағы қағаз ақша қозғалысы (тауарлар мен игі
қызметтерге біз ақша төлегенімізде) — "ақша аиналымы" деп аталады.
Ақша айналымы мемлекеттік ақша жүйесінің занды бекітілген формасында
жүзеге асады. Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымымың болуы
("теңге", "доллар" және т.б.); заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен
ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы "банкнот" және "қазыналық билеттер");
ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен
бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты
"қаржылық" мемлекеттік аппарат секторы.
Ақша — бұл, бәрінен бұрын, нарықтық игіліктердің экономикалық
құндылығының әмбебап өлшеуіші (есептегіш бірлігі). Алайда ақшаның жалпыға
бірдей есеп бірлігі деп саналуының себебі, ол ,кез келген сатылатын
игілікке төлем құралы ретінде пайдаланылады. Ақшаның "төлемдік" функциясы
ақшаның бірінші теориялық және практикалық проблемасы — өтімділік
проблемасын тудырады.0
Мәселе мынада — "өтімділік" (ликвидность) дегеннің не екенін түсінбей,
біз "ақшаның" не екенін айыра алмаймыз. Өз кезегінде, өтімділік мәнін
түсіндіру қазіргі ақша теориясының негізіне алынатын принципте жатыр. Ол
былай айтылады — "ақша орнына жүретін барша нәрсе, ақша болып саналады".
Тікелей тәжірибенің бізге көрсетіп отырғанындай, өтімділік — нарықтық
экономика активтерінің нақтылы қасиеті; принципте, рынокта сұранымы бар кез
келген актив төлем құралы бола алады. Бар мәселе сол активтерді басқа
активке айырбастауға орай болған шығында жатыр. "Өтімділік" басқа активті
айырбастау кезінде болған ұқсас шығынмен салыстырғанда тап осы активті
айырбастауға кеткен шығынның салыстырмалы мөлшерін білдіреді. (Экономика
теориясында айырбастауға кеткен мұндай шығынды — "трансакциялық шығындар"
деп атайды).
Өтімділік кез келген әлеуметтік айыру активінің үш ерекшелігін қамтиды
(яғни, қажеттілік туған жағдайда басқа құндылыққа айырбастауға болғандай
субъектіге жататын құндылықтарды):
- активті төлем құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі;
- "сенімді" активті төлем құралына айналдырудың жылдамдығы мен
жеңілділігі;
- өзінің "уақыт пен кеңістіктегі" алғашқы атаулы құнын (антиинфляциялық
тұрақтылық дәрежесі) сақтаудағы актив қабілеттілігі (соның ішінде ақша да
бар).
Үшінші сатыда (тауар-ақша) тауардың таратылуы жүзеге асырылады.
Капитал тауар формасын бірінші сатыдағы оның мөлшерінен гөрі үлкен
ақша формасына ауыстырады.
Капиталдың ауыспалы айналымы — бір функциональдық формадан (ақша,
өндірістік, тауар) басқа формаға жүйелі түрде айналатын және алғашқы
формасына қосымша өндірілумен қайта оралатын үздіксіз капитал қозғалысы.
Бірақ капитал қозғалысы бір қозғалыспен шектелмейді, қайта, қайта,
қайталана береді.
Капиталдың жеке акт ретінде емес, ұдайы қайталанып отыратын қозғалыс
процесі капитал айналымы деп аталады.
А — Т...Ө...Т'- А'- Т' (өндіріс факторлары) ... — Ө ... Т" — А"
Капиталды мынадай белгілері бойынша топтастыруға болады:
• бар болу формасы бойынша;
• құнын ауыстыру тәсілі бойынша;
• меншіктік капитал формасы бойынша;
• қаржыландыру кездері бойынша;
• пайдалану бағыттары бойынша.
Кәсіпорын қызметінің жөне елдің толайым барлық экономикасының
тиімділігін жүзеге асыру үшін объективті түрде негізгі екі принципті ұстау
қажет:
1. Кәсіпорын капиталы бір мезгілде үш түрлі: ақша, өндіруші және тауар
формасында болуға тиіс.
2. Егер капитал формасының ауысуы үзіліссіз жүріп тұрса, кәсіпорын
сондай жағдайда ғана табысты жұмыс істейді. А — Т... Ө...Г.
Егер капитал бірінші фазасында кідіріп қалса (А — Т), онда ақша
капиталы қазынаға айналады. Өндірістік фазада кідіріс болса, өндіріс
құралдары мен жұмысшы күші істен шығады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайлары республика
экономикасындағы өзара есеп айырысулардың ретсіздігінен қиындай түседі.
1998 жылғы желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша көсіпорындардың
мерзімі асқан дсбиторлық қарыздары 359, 4 млрд. теңгеден асып, жыл
басындағыдан 36,5 пайызға көбейген.
Көсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша мерзімі өткен
қарызға келетін болсақ, ол 64,9 пайызға өсіп, 1998 ж. желтоқсан соңына
611,3 млрд. теңгені құрады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша мерзімі асып кеткен
қарыз құрылымында ең көп мерзімі асқан қарыз үлесі тауар, жұмыс, қызметтер
(45,2%) жөне бюджетке, сондай-ақ бюджеттен тыс қорға төлем бойынша екен.
Атап айту керек, көсіпорындардың қаржы жағдайларының нашарлаулары,
олардың төлем қабілетсіздіктері көп жағдайда экономикада ақша массасының
тапшылығына ұрындыратын қатаң жүргізілген ақша-несие саясатына байланысты.
ҚР Ұлттық банкісі бойынша табыс 4227,6 млн. теңге және екінші
деңгейдегі банктер бойынша шығындардан асып түскен табыс 3939,4 млн. теңге
құрады.
Егер үшінші фазада үзіліс болса, онда тауарлар таратылмайды, сөйтіп
айналым процесі жаңаланбай қалады.
Өндірілген капитал оның құнын ауыстыру тәсілі және сол қозғалыстың
әрекеті бойынша негізгі және айналымды болып болінеді.
Негізгі капиталға (негізгі шаруашылық құралдарына): ғимарат, салынып
жатқан күрылыс, жұмысшы машиналар мен жабдықтар, инвентарь, көлік құралдары
жәнс т.б. жатады. Негізгі құралдар шаруашылық құралдарының бір ғана емес,
бірнеше айналыстарына қатысады. Аталған көрнекті активтерден тыс:
патенттер, лицензиялар, авторлық құқық, ноу-хау және т.б. сол секілді
сезілмейтін активтер де есепте көрініс табады.
Күшіндегі есепке алу төртібіне сәйкес негізгі капиталға жатпайтын және
айналым құралдарының құрамында есепке алынбайтындар: бір данасының қанша
тұратындығына қарамастан бір жылдан кем тұтынылған заттар, құндылықтары
олардың қызмет мерзіміне қарамастан, тиісті органдармен белгіленген белгілі
бір лимиттен төмен заттар, бағаларына қарамастан арнаулы құралдар мен
аспаптар; бағаларына жөне қызмет мерзімдеріне қарамастан арнайы киімдер мен
аяқ киімдер, төсек-орын бұйымдары, құрылысқа, жөндеу мақсаттарына және
жабдықтауға арналған айналымдық қорларды жекеленген құрылыс конструкциялары
мен тетіктері, машиналардың, құралдардың және жылжымалы техникалардың
бөлшектері мен агрегаттары; кәсіпорын-дайындаушылардың, жабдықтау және
тарату ұйымдарының қоймаларындағы дайын бұйымдар секілді саналатын
жабдықтар мен машиналар, сондай-ақ монтаждауды талап ететін жөне курделі
құрылыс балансында саналатын жабдықтар; құнына және қызмет мерзіміне
қарамастан балық аулау құралдары (тралдар, ау, тор, жабдық және басқалар);
бензомоторлы ара, бұтақкескіш және сал ағызатын трос, сондай-ақ иелікке
алынған немесе магистрал өнімінің (жұмысының) өзіндік құны есебінен
салынған ағаш таситын жол тармақтары, маусымдық жолдар, ормандардағы
уақытша ғимараттар.
1.3 Меншікті капитал айналымы
Айналым капиталы дегеніміз — өндірістің айналым қорлары мен айналу
қорларына салынған ақшалай қаржы. Айналым капиталы шамалы тұрақты қор
жасауға, дайын өнімдер қалдықтарына, аяқталған өндірістің қажеттен тыс
жиналып калған шикізаттарына, алғы кезеңдегі болатын шығындарға бөлінеді.
Оның сомасы көсіпорынның (фирмалар, ұйымдар) жарғылық қорында бекітіледі;
оны олар өз қалауларынша қалай жұмсаса да сатуға, айырбастауға, қарызға
беруге, егер олар ескірсе немесе жарамсызданса, баланстан шығарып тастауға
да билік ете алады. Теңестірілгендерге, ең алдымен, тұрақты түрде
шаруашылық айналымда пайдаланылатын қаржы жатады. Ол жұмысшылар мен
қызметкерлердің жалақылары бойынша ең аз қарызды, кәсіпорын жұмыскерлерінің
демалыс айларына төлеу үшін жинақталған әлеуметтік қажеттіліктер мен алдағы
төлем резервтеріне ақша аудару жөні бойынша жиналған қарызды, еңбек
сіңірген жылдарына сыйақы төлеу, фактураланбаған өнімдер жеткізушілерге
қарызды және басқаларды қамтыйды. Қарыздық қаражат маусымдық корларды
жасаудың және басқадай уақытша қажеттіліктерді қанағаттандырудың бастау
көзі. Негізінен банк несиесі формасында қосымша ресурстарға деген
қажеттіліктерді жабу үшін (мысалы, жол үстінде есеп айырысу құжаттарына
қарыз беру жоне сол сияқты) беріледі. Тартылған айналым капиталына өнім
жеткізушілермен, бюджетпен жоне басқа қарызгерлермен есеп айырысуға дейінгі
кәсіпорын айналамындағы уақытша еркін қаржылар жатады.
Айналым капиталы, өдетте, өңдіріс процесі кезінде өзінің натуралды-
заттық формасын өзгертеді, өрбір өндіріс циклы кезінде өзінің құнын дайын
өнімге көшіріп және оны толық қолданады. Оған: шикізат, материалдар,
жанармай және басқа да материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс және
өздері дайындаған жартылай фабрикаттар шығындары (келесі кезеңде жабуға
болатын, осы есеп беру кезеңіндегі шығын), құндылығы аз және тез тозатын
заттар (мысалы, белгіленген лимиттен асып кетпейтін қызмет көрсету
мерзімдері мен қүны шектеулі мүліктер) және басқалар жатады.
Меншіктік формасы женінен капитал: жекеменшік (дара, отбасылық),
ұжымдық (кооперативтер, серіктестіктер, корпорациялар); мемлекеттік;
аралас; шетелдік болып келеді.
Қалыптасу бастау көздері бойынша: өзінікі және қарызға алған
капиталдардан тұрады.
Өз капиталы дегеніміз - кәсіпорынның меншік иесі (немесе меншік иелері)
сөзсіз және айырықша меншік иесі болып табылатын капитал. Өз капиталына
жарғылық қорды (акционерлік капитал) яғни меншік иелерінің, акционерлердің
алғашқы жөне онан кейінгі қаржыларын салуларын және пайда есебінен
капиталды қосымша өсірулерін жатқызуға болады.
Қарыздық капитал дегеніміз - кәсіпорын белгілі уақытқа дейін иемденіп,
келісімді уақыт біткеннен кейін уақытша иемденгені үшін төлемімен
қайтарылатын капитал.
Қарыздық капиталдың құрамына банктен алынған капиталдан басқа құнды
қағаз шығару арқылы (акциядан басқа) тартылған, кәсіпорын жалға алған
машиналар, жабдықтар, ғимараттар секілді капиталдар да кіреді.
Пайдалану бағытына қарап капитал мына бағыттар бойынша жіктелінеді:
• негізгі қорларды күрделі жөндеу, қалпына келтіру, қайта құру;
• жаңа кәсіпорындарды салу, істеп тұрғандарын кеңейту. Өндірісті
кеңейтуді қаржыландыру үшін бөлінетін қаражаттар мөлшері мына факторларға
байланысты:
• салық салу. Салық мөлшері бөлінбейтін пайданың мөлшеріне тікелей
ықпал етеді;
• амортизациялық аударым мөлшеріне;
• банк қарызы рыногіндегі кәсіпорын қарекетіне;
• құнды қағаз рыногіндегі кәсіпорын қарекетіне.
ІІ. МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
2.1 Жарғылық капиталдың есебі
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған
акцияларының түрлері, (жәй жөне артықшылығы бар) акциялардың сандары,
сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік
қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік коопера-тивтердің жалпы жиналысында
бекітіледі. Жалпы кез-кслген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда
(әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның
акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға
сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі "Жарғылық қор" бөлімінің:
- "Жай акциялар ",
- "Артықшылығы бар акциялар ",
- "Салымдар мен жарналар "
— деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда,
сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде
немесе акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жар-ғылык қордың
өскен сомасына:
Д-т: "Төленбеген капитал" шоты,
К-т: "Жай акциялар" немесе "Артықшылығы бар акциялар" шоты
түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде
салған жағдайда:
Д-т: "Ақшалар" шоты,
К-т: "Төленбеген капитал" шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Бүл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сөйкес:
- "Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар",
- "Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар",
- "Есеп айырысу шотындағы ақшалар",
- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар",
- "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар" — деп аталатын
шоттарыныңң тиістілері дебиттелінеді.
Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін "материалдық
емес актив", "негізгі құрал", "материалдық құндылықтар" тағы да басқа түрде
салатын болса: Д-т: "Материалдық емес активтер"; "Негізгі құралдар";
"Материалдық құндылықтар" және тағы да басқа шоттардың тиістілері, К-т:
"Төленбеген капитал" деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық
жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:
Д-т: "Материаддық емес активтер"; "Негізгі құралдар"; " Материалдық
құндылықтар "; "Ақшалар" және тағы да басқа шоттардың тиістісі. К-
т: "Салымдар мен жарналар" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға
тиіс.
"Қайтарылып алынған капитал" деп аталатын шот акционерлік қоғамның
акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл
жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында
бухгалтерлік есепте:
Д-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты, К-т: "Ақшалар" шоты түріңде
екі жақты жазу жазылады. Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан
алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акциянын құнына:
Д-т: "Қарапайым акциялар" немесе "Артықшылығы бар акциялар"
шоттарының тиістісі,
К-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда "Қосымша төленген капитал" деп
аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары
бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал "Қосымша төленбеген
капитал" деп аталатын шотта ақшаның құн-сыздануына және тағы да басқа
жағдайларға байланысты ұйымның "негізгі құралдарын", инвестицияларын сондай-
ақ басқа да активтерін қайта бағалау нөтижесінде пайда болған капиталдың
өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын
номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп
түсуіне қарай:
Д-т: "Ақшалар" шоты,
К-т: "Қосымша төленген капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық)
бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:
Д-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты,

Кәсіпорынның негізгі құраддарды, инвестицияларды және басқа да
активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:
Д-т: "Негізгі құралдар";
"Материалды құндылықтар"; "Инвестициялар" және тағы да басқа шоттардың
тиістісі,
К-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал"; "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал"; "Басқа да қосымша төленбеген капитал" шоттарының тиістілері
түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сонымен қатар:
- негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша
төленбеген капитал" шоты, К-т: "Негізгі құралдардың тозуы" шоты түрінде;
- негізгі құралдардың пайдаланылуына қарай олардың қосымша
бағаланған сомалары және ессптен шығарылған негізгі қорлардың
пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша
бағасының сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал" шоты,
К-т: "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты түрінде;
- негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған
қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның қүнының
азаю сомасына:

төленбеген капитал" шоты, К-т: "Негізгі қүралдар" шоты түрінде
бухгалтерлік жазулар жазылады.
"Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал"
шоты бойынша шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінде:
- қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған
сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу
сомасына:
Д-т: "Инвестицияларды қайта бағалағаннан –алынған қосымша төленбеген
капитал" шоты, К-т: "Қаржылық инвестициялар" шоты түрінде;
- қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:
Д-т: "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал" шоты,
К-т: "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" немесе "Құнды
қағаздарды сатудан алынатын табыс шоттарының тиістілері түрінде
жазулар жазылады. (Қосымша 1)
2.2 Резервтік капиталдың есебі
Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы
есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл
резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік
капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше
жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік
капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның
жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты
азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында керсетілген мөлшерге
тең етіп қайта қалып-тастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік
капиталдың есебі "Резервтік капитал" бөлімінің: "Заңмен белгіленген
резервтік капитал", "Басқадай резервтік капитал" — деп аталатын шоттарда
есептеледі.
Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы ессбінен қалыптасқан
уақытта бухгалтерлік есепте:
Д-т: "Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы" шоты, К-т: "Заңмен
белгіленген резервтік капитал" немесе "Басқадай резервтік капитал" деп
аталатын шоттар түрінде жазу жазылуы тиіс.
Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы
жұмсалынғанда бухгалтерлік ссепте:
Д-т: "Заңмен белгіленген резервтік капитал" немесе "Басқадай
резервтік капитал" шоттарының тиістісі,
К-т: "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)";
"Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)";
"Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу" немесе тағы да басқа
шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза
пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады.
Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін
қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған
қорлардың есебі "Басқадай резервтік капитал" деп аталатын шотта
жүргізіледі. (Қосымша 2)
2.2 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және
табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы
есепті жылдың "бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)" болып табылады.
Ұйымдарда "бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)" есебі:
- "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)";
"Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)"
- деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп
кірістелгенде) "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)" шоты
кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы
шеккен зиян "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)" шотының
дебитіне жазылады. Мысалы:
- есеп беретін жылғы шарушылық субъектісінің шеккен
қорытынды зиянының сомасына:
Д-т: "Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)" шоты, К-
т: "Жиынтық кіріс (зиян)" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- ұйым өзінің кірісі есебінен резервтік қор құрған уақытта оған
тиісті сомаға:
Д-т: "Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)" шоты,
К-т: "Заңмен белгіленген резервтік капитал" немесе "Басқадай резервтік
капитал" шоттарының тиістісі, түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге (серіктестіктерге)
дивиденд ретінде төлейтін немесе төлеген сомасына:

К-т: "Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу",
"Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванс"
және тағы да басқа шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- Акционерлерге (серіктестіктерге, қатысушыларға) дивиденттерді
төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі сомасына:
Д-т: "Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)" шоты,
К-т: "Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)" шоты түрінде
бухгалтерлік жазу жазылады.
Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандайда бір кәсіпорынның құрылғаннан
бастап жұмсалмаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады.
Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы, яғни барлық
активтерінің сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын
алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның
жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем
болмауы тиіс. Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында
белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің
рентабельділігінің төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда кәсіпорынның
жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.
Есепті жылдың соңында барлық кәсіпорындардың бухгалтериясында жетінші
"кірістер" және сегізінші "шығыстар" деп аталатын бөлім шоттары "жиынтық
кіріс (зиян)" деп аталатын шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық
қалмайды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттарын жабу барысында
бухгалтерлік есспте жетінші "кірістер" деп аталатын бөлім шоттары
дебиттелініп, "жиынтық кіріс (зиян)" деп аталатын шот кредит-телінеді. Ал
сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте "жиынтық кіріс
(зиян)" деп аталатын шот дебиттелініп, сегізінші "шығыстар" деп аталатын
бөлім шоттары кредитгелінеді. Осы операциялардың қоры-тындысы бойынша
"жиынтық кіріс (зиян)" деп аталатын шотгың дебиті мен кредитіндегі сомалар
салыстырылып, егер дебитіндегі сома артық болған жағдайда кәсіпорынның
ағымдағы жылы зиян шеккендігі, ал кредиттік сома артық болған жағдайда
кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша
пайда тапқандығы болып табылады.
Егер кәсіпорын зиян шексе жылдың аяғында
"Есепті жылдың болінбеген кірісі (жабылмаған зияны)" деп аталатын шот
дебиттелініп,"Жиынтық кіріс (зиян)" — деп аталатын шот
кредиттелінеді. Ал егер кәсіпорын пайда тапқан болса:
"Жиынтық кіріс (зиян)" — деп аталатын шот дебиттелініп,
"Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты
кредиттелінеді.

МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Кәсіпорынның меншікті капиталды талдау
Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құрй
көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал резервті қор, арнайы
бағыттағы қорлар, мақсатты қоржыландыру мен салымдар (келіп түсулер),
жалгері міндеттемелер, баланс пассивінің бөлімінде көрсетілген бөлінбеген
табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары,
алдағы кезе шығындары мен төлемдер резервтері, кумәнді қарызда бойынша
резервтер, 1997 жылы құрылған баланс ш сивінің II бөлімінде көрсетілген
алдағы кезең табыс тары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншш
капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеге капитал, қосымша төленген
капитал, резервті кіріс және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.
Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған
өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлі
иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды
неғұрлым азды-көпті ерлі жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы
анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемді анықтау үшін, меншікті
капиталдың сомасынан бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып
тастау керек.
Жыл басына меншікті аиналым қаражаттарының көлемі 9138 мың тг. (27908-
18770) құрады, жыл аяғына – көлемі (32276-20001), яғни 3137 мың теңгеге,
34, 3%-ға көбейген.
Тәжірибе жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі
құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ
мерзімді несие-капитал мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы
қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің мөлшері анықталады. Бұл
көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал
төмендеуі -теріс бағыты ретінде қарастырылады.
Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мөлшері меншікті айналым
қаражаттарының мөлшеріне тең, себебі ұзақ мерзімді несиелерді кәсіпорын
тартқан жоқ.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін
анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу
керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты
сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау
(маневрлық) коэффициенті деп аталады.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды
еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі
формуламен анықталады:
Кж= МакМк
Мұндағы: Кж - жұмсау коэффициенті;
Мак - меншікті айналым капиталы; Мк - меншікті капитал.
Бұл коэффициентгі А.Д. Шеремет, Р.С. Сайфуллин, Нагашев осылай
анықтайды. Ұзақ мерзімді қаражаттары негізгі құралдарды алуға және
капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып В.В. Ковалев (21), Э.А.
Маркарьян және СП. Герасимьенко бұл коэффициентті меншікті капиталға
ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. В.Ф. Палий бұны "дұрыс" десе
де біз оған қосыла алмаймыз, себ сөз жұмыс капиталы жөнінде емес меншікті
айңалым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні
кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы
құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаты,
емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.
Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуі жоғары деңгейі кәсіпорынның
қаржылық жағдайьн оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар
мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға айналымнан тыс активтерге
де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің
өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана
тиімді. Егер коэффициеті негізгі құралдардың құнының азаюынан емес,
негіззгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне
байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді.
Оптимальді мөлшері ретінде жұмсау коэффициеті 0,5 деп алынуы мүмкін,
бірақ іс жүзінде көрсеткііші тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл
көрсеткішті ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджер мен оның меншік
иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-
тендік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін
қамтамасыз етеді.
Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына
байланысты; оның әдеттегі деңгейін материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге
қарағанда қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде төмен болуы керек (себебі қор
сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті керекті қаражатының айтарлықтай
бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).
Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу
көздерімен қамтамасыз етілеінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық
тұрақтылықты бөлуін ал басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды
қалыптастырудың өздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады,
олменшікті айналым қаражаттарының тауарлы-материал мен шығындардың
құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар
мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен
есептеледі:
Ккк –Мак---Ктм
Мұндағы:
К- тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті; Мак -
меншікті айналым капиталы;
Қ™ - тауарлы-материалдық қорлар.
В.В. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко оны меншікті айналым
және ұзақ мерзімді қарыз қара-жаттарының сомасын кәсіпорынның қорлары мен
шығындарының құнына қатынасымен анықтайды.
Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде
тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын
және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.
Шаруашылық тәжірибенің статистикалық орташаланғаң мәліметтерінің
негізіне алынған оның қалыпты мәні, - деп жазады А.Д. Шеремет және Р.С.
Сайфулин, келесі түрде болады:
К^ 0,6-0,8.
Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз
етілудің қалыпты коэффиценті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар
мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қарыздарымен жабу назарға
алынып анықталады. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемі,
олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негізделген қажеттілікке
сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе,
онда меншікті айналым қражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана
алады, яғни көрсеткіш 1 болады. Керісінше, кәсіпорынның материалдық
қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш 1 болуы
мүмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін
көрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым
қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші
материалдық қорлардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің
құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне
салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың
құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы
да қарастырылады.

қабылдау критерийлері
Кәсіпкерлік капиталдар экспорты негізінде басқа елдерде өздерінің
өңдірістік филиалдарын құру арқылы жоғары дамыған елдердің концерндері өз
тауарларын сыртқа шығаруға көп мүмкіндік алды, кедендік кедергілерді жойып,
арзан жұмыс күшін шетел рыноктарында пайдаланды. 60-жылдардың ортасынан
бастап ФРГ, Жапония сияқты елдердің шетелдік капитал қорлары жедел есті.
Тікелей инвестицияның орташа жылдық өсімінің қарқыны, бұл елдерде АҚШ пен
салыстырғанда екі еседен артық болды. Капитал ауысуы өрісінде бәсеке күрт
күшейді. Қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін мемлекеттік кепілдіктің
мағынасы артты. Егер XX гасырдың бірінші жартысында монополиялардың
экономикалық экспансиялық жасау объектісі негізінен отар және тәуелді елдер
болса, қазір тікелей шетелдік инвестицияның 70—75% өнеркәсібі дамыған
мемлекеттердің үлесіне тиеді. Бұған қоса өнеркәсібі дамыған елдердің үлкен
қаржылық қорлары, көлемді ішкі рыноктары бар. Дамыған елдер арасындағы
капитал қозғалысы олардың арасындағы шаруашылық қатынастарын тереңдетіп,
ұлтаралық сипаты жоғарылатады. Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы
капиталдың ауысуы бірнеше дәрежеде жүреді. Қазіргі заманғы өнеркәсібі бар
негізгі орталықтар АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония елдерінің монополиялары
капиталды сыртқа шығаруда әр түрлі әдістерді қолданады. Мысалы,
трансферттік бағалар механизмін пайдалану арқылы немесе өздерінің
капиталдарын апарған елдерде аса ірі реинвестицияларды жүзеге асыру мен
заемдар беру әдістерін қолданады. Капитал ауысуы басталған кезден 70-
жылдардың соңына дейін инвестиция қозғалысының орталығы Батыс Еуропа елдері
болды. Капиталдардың шоғырлануы Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа
қатысушы елдер қаржыларының өзара ауысуы арқылы, үшінші елдер ка-
питалдарының еркін келуі арқылы (бұрын АҚШ есебінен еді, қазір Жапония
есебінен) жүргізілді. 70-жылдардың соңында Батыс Еуропа елдеріндегі шетел
капиталының бұл елдердің АҚШ-қа капиталды экспорттауды біртіндеп көбейтуі
есебінен қысқара бастады. 80-жылдары АҚШ-тың ұлттық экономикасы келтірілген
шетел капиталы көлемі жағынан дүниежүзінде бірінші орын алды.
Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал
қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден
капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік
берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз
елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен
шикізат өндірісін дамытады,
Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін
дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне
жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарды технология мен тікелей
жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Соңғы он
жылдықтарда өндірісті интернационализациялау, қоғамдастырудың халықаралық
түрлерінің көбеюі капиталдың трансұлттық, монополиялық нысандарының дамуына
әкеп соқты. Мұның өзі ендігі уақытта дүниежүзілік шаруашылықтағы басты
рөлдерді интернационалдық сипаттағы өнеркәсіптік және банктік монополиялар
атқарады деген сөз. Дүниежүзілік және ұлттық рыноктардағы олардың
монополиялық ерекшеліктері анықталады. Қазіргі кездегі халықаралық
монополия дегеніміз дүниежүзілік шаруашылықтың бір немесе бірнеше
сферасында үстемдік жүргізуші концерн немесе бірқатар елдердің концерндері
одақтарының жүйесі. Қазіргі уақытта дүниежүзілік рынокта айналымы 1 млрд.
доллардан асатын 600 халықаралық алпауыт монополиялар өз қызметтерін
атқарады. Олар дүниежүзілік рыноктағы өнеркәсіп өндірісінің 13-нен артығы,
сыртқы сауданың жартысынан астамын, жаңа технологияның 80%-ін бақылайды.
Халықаралық монополиялар үш топқа бөлінеді. Олар трансұлттық көпұлттық
корпорациялар және халықаралық монополиялық одақтар. Ғылыми әдебиеттерде
және практикада оларды көбінесе бірыңғай трансұлттық корпорациялар деп
атайды. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) қазіргі кездегі дүниежүзілік
шаруашылық байланыстарының негізгі субъектілері болып есептеледі. Бұл ірі
компаниялар акционерлік компаниялардың ядросы. ТҰК — көптеген елдерде
әрекет етеді, сол елдерде туынды кәсіпорындары (дочерние предприятие)
филиалдарын, тірек (опорный) орталықтарын, бөлімшелерін жасайды. Мысалы,
"Дженерал мотерс", "Экссон", "ИБМ", "Симменс", "Филипс" және т. б. Екі
немесе бірнеше елдерде туынды компаниялары бар корпорациялардың саны П
мыңнан асады.
Көп ұлтты корпорациялар (КҰК) қызмет көрсету түрлері, көлемі жағынан
ғана емес, сонымен қатар капиталы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz