Жерді пайдаланушылардың есебі


НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және енім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлык, объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
§1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді керсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аякталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші "Жер", 122-ші "Үйлер мен ғимараттар", 123 "Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш кондырғылар", 124-ші "Көлік құралдары", 125-ші "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматгы машиналар және құрал-жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылык мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер - субъект меншігіне сатып алған жердін келемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) .
жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;
есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;
басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;
көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өндеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сүйык, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындыктар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұкымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жаксартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;
басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса етелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т. б. ), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т. б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен аныкталады:
- Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы - актіде көрсетілген сатып алу құны, козғалмайтын мүліктер бойынша агентгерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді максатгы пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т. б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
- құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша - сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т. б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынактарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;
- үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т. б. - құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
- жерді, үйлерді немесе гимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т. б. бүзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;
- мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша - объектіні түрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
- құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар - өздерінің келісілген бағасы бойынша;
- субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқыяы сатып алынған негізгі құралдар бойынша - сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал-жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
- тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша - құжаттарда керсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) ;
- айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің - бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір мақсатка пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер де жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі;
- жас малдарды негізгі табынга аударған кезде - малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;
- негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша - жеткізуге кеткен шығындарды коса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
- жас өсімдіктер бойынша - есімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
- толық төленген және ұзақ мерзімге жалга алынған негізгі құралдар бойынша - олардың үзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
- жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша - жүргізілген жұмыс бойынша шыққан накты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Ағымды құн -бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны - бірін-бірі жаксы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдык құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі - бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі - бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
Негізгі құралдардың есебі 12-ші "Негізгі құралдар" белімшесінің мынадай : 121-ші "Жер, 122-ші "Ғимараттар мен құрылғылар", 123-ші "Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер", 124-ші "Көлік құралдары", 125-ші "Басқа да негізгі құралдар".
Сонымен бірге, 126-шы "Аяқталмаған құрылыс" шотында аяқталмаған күрделі сальшдар, көпжылдық есімдіктерді есіруге кеткен шығындар, жас малдарды өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс керсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың баскаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
2. Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, келік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (келісімді құнын толық төлегеннен кейін) ; жарғылық қорға қоскан үлес нәтижесінде келіп түскендерден калыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ баска да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т. б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама коса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz