Негізгі құралдардың аналитикалық есебі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1-бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік5
1. 1 Негізгі құралдар түсінігі мен жіктелуі5
1. 2 Негізгі құралдарды кіріске алу және шығарылу есебі10
1. 3 Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау13
2-бөлім. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру21
2. 1 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі21
2. 2 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебі23
2. 3 Негізгі құралдардың аналитикалық есебі26
2. 4 Негізгі құралдарды түгендеу27
Қорытынды31
Қолданған әдебиеттер33
Кіріспе
Кез-келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен ғана емес олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, зауытта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т. б. ) жатады.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 13. 11. 1996 жылғы №3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01. 01. 1997 жылғы күшіне енген қаулысына сәйкес №6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын, меншігіндегі немесе оның уақытша пайдалануындағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып табылады. №6 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:
-мойындау кезеңі;
-қызмет ету мерзімі;
-амортизация есептеу әдісі;
-кезеңдегі күрделі салым;
-бағалау әдісі.
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады.
Қандай да болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын ролімен анықталады.
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар, пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады. Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлінеді:
а) негізгі құралдар;
б) тауарлық-материалдық қорлар;
в) қаржылық инвестициялар.
Инвентарлық обьектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып бөлінеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
1-бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік
1. 1 Негізгі құралдар түсінігі мен жіктелуі
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарылымдығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
- өндірістік - бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субьектісінің, жалпы елдегі салалардың экономикалық қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, керек-жарақтар, жұмысшы және өнім беретін малдар, көп жылдық өсімдіктер енеді. Қор қайтарымдылығы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне натуралды және ақшалай өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік қорлардың тиімді пайдалануын сипаттайтын, жалпылаушы экономикалық көрсеткіш болып табылады.
- өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, ТКШ, денсаулық сақтау, спорт) .
Негізгі құралдар халықаралық стандарттары №16 БЕС-ы қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына сәйкес мынадай топтар бойынша жіктеледі:
- Жер-субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
- Үйлер-еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрғын үй түгендеу объектісі болып саналады.
- Ғимараттар - еңбекке керек жарақтардың емес (зат скважиналар, көпірлер) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
- Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырмен мүліктік объектік болып табылады. НҚ-дың бұл тобы 5 топтан тұрады:
▪ Күш беретін машиналар мен жабдықтар, жылу және электр қуатын өндіретін генераторлар, әртүрлі электр двигательдері т. б.
▪ Жұмысшы машиналар мен жабдықтар - бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық, және химиялық әсер етуге арналған машиналар, және жабдықтар (электрлі моторлар, экскаваторлар, насостар) ;
▪ Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары - бұл өндіріс процесін өлшеу мен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар (амперметрлер, микроскоптар, водомерлер, манометрлер) .
▪ Есептеу техникасы - процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары) ;
▪ Басқа да машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио желілерінің жабдықтары, өрт машиналары) .
- Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, труба құбыры) қондырғылары.
- Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (темір жол, автомобиль көлігі, су, әуе жолы, арба көлігі) тасымал құралдары
- Басқа да НҚ-дар:
▪ аспап - қол еңбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған немесе металл, ағаш және т. б. өңдеуге арналған керек жарақтар;
▪ өндіріс мүлкі мен олардың керек-жарақтары-өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар - жұмыс үстелдері, шкафтар;
▪ шаруашылық мүлкі - кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер, шкафтар, кілемдер) ;
▪ басқа да НҚ-дар - кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мұражай құндылықтары.
- Бітпеген құрылыс - бұлар үнемі қолданылмайды, өйткені олар:
▪ тоқтатылып қойылады - уақытша қолданылмайды;
▪ қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, апат жағдайында қолданыстағы НҚ-дарды ауыстыру үшін қор құрайды;
▪ жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген НҚ.
Сызба 1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады. Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
1. Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар
2. Субъектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып-сату мақсатымен алынған негізгі қорлар тауарлық-материалдық қорлар құрамында, ал субъектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын негізгі құралдар қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Негізгі құралдарды есептеу үшін «Негізгі құралдар» бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді.
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді.
-меншікті - бұл субьектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар;
-жалданған - жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субьектілерден алынған негізгі құралдар.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 1241-1246 шоттардағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар»субшотында ескеріледі.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
- қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған (тоқтатылған) - консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған неггізгі құралдар;
- запаста тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
Инвентарлық - бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын обьектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) ;
Инвентарлық емес - бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар.
Негізгі құралдардың есебі 12-ші "Негізгі құралдар" бөлімшесінің мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі: 2411-ші "Жер, 2412-ші "Ғимараттар мен кұрылғылар", 2413-ші "Машиналар мен жабдықтар, ", 2414-ші "Көлік құралдары", 2415-ші "Басқа да негізгі құралдар".
Сонымен бірге, 2416-шы "Аяқталмаған құрылыс" шотында аяқталмаған күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас малдарды өсіруге кеткен шығындар есептелінеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және оларды басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп мүлікті «Мүліктік тізімге» алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.
Негізгі құралдар түскен кездегі корреспонденция:
1. 2 Негізгі құралдарды кіріске алу және шығарылу есебі
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық обьектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, сату, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғарғы үкімет орындарының беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол обьектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- обьектінің аты;
- обьектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
- салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- құрылыстың салынып біткен уақыты;
- амортизациялық аударым мөлшері;
- бастапқы құны;
- басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі обьектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.
Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырыуы тиіс. Актімен бірге обьектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдаған актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Д-т: Негізгі құралдар-шоты
К-т: Ақшалар-шоты;
Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге қарыз-шоты;
Қоюшы мердігерлермен есеп айырусы-шоты;
Төленбеген капитал-шоты;
Үкімет органдарының субсидиялары шоты; деп аталатын шоттардың тиістілері.
Егер кәсіпорынға келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар бұрын пайдаланылып жән оларға тозу сомасы есептелген болса, ондай негізгі құралдардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Д-т: Негізгі құрал-шоты
К-т: Негізгі құралдың тозуы-шоты.
НҚ обьектілері субьектінің бухгалтерлік балансынан:
- Физикалық және моральды тозғанда;
- Шаруашылық қызметте пайдаланылмаған обьектілер сатылғанда;
- Жарғылық капиталға салым ретінде басқа субьектілерге берілгенде;
- Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде;
- Қалдықтарды ұзақ мерзімді (қаржылық) жалға бергенде;
- Кемшіліктерге, табиғи апаттарға және басқа себептерге байланысты есептен шығарылады.
Шаруашылық субьектісі қолданыстағы заңдарға сәйкес өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және инвентарьларды басқа субьектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, тегін уақытша пайдалануға немесе қарызға беруге, егер заңдарда және субьектінің жарғысында өзгедей көзделмесе, сондай-ақ оларды баланстан есептен шығаруға құқылы. Кәсіпорындардың, цехтар мен басқа обьектілердің құрылысына, кеңейтілуіне және техникалық қайта жарақтануына байланысты физикалық және моральды тозуы бойынша таратылған кезде; табиғи апаттардың, аварияның, қалыпты пайдалану жағдайларының бұзылуының нәтижесінде негізгі табыннан малдарды ақау ретінде шығарып тастағанда; шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындар ортақ кәсіпорынға баланстан шығару арқылы өтеусіз бергенде, сыйлағанда, табыс еткенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда НҚ шығарылады.
Тарату толық немесе ішінара болады. Ғимараттар, жабдықтар және басқа да тозған құралдар, белгіленген қызмет мерзімін жұмыспен өтегеннен кейін, физикалық тозуы салдарынан толық ескірген өндірістік үй, егер бұл обьектілерді қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін емес болса және оларды басқа шаруашылық субьектілеріне өткізу немесе сату мүмкін болса, олар тарату тәртібімен субьект балансынан есептен шығарылады.
НҚ жарамсыздығынан, оларды қалпына келтірудің мүмкін еместігін немесе тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ НҚ есептен шығаруға қажетті құжаттарды ресімдеу үшін субьект басшысының бұйрығы бойынша құрамында:
- Бас инженер немесе субьект басшысының орынбасары;
- Бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
- НҚ үшін жауапкершілік артылған материалды жауапты тұлға;
- Меншік иесінің немесе өкілетті мемлекеттік органының өкілі;
- МАИ өкілі бар тұрақты қызмет ететін комиссия құрылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz