Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1 Негізгі құралдардың теориялық негіздері 5
1.1 Негізгі құралдардың құрамы 5
1.2 Негізгі құралдарды бағалау 9
2 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 15
2.1 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі 15
3 Негізгі құралдарды түгендеу 21
3.1 Негізгі құралдарды түгендеу 21
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің
бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір құрал-жабдықтар,
өндірістік құрал-жабдықтар, өнім малы, көпжылдық екпе ағаштар, тағы
басқалар) материалдық-заттық құндылықтар.
Субъектілердің есеп саясатында маңызды орынға ие болатын есеп
объектілерінің бірі - негізгі құралдар.
Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі
мен аудиті кәсіпорындағы барлық негізгі құралдардың сақталуына бақылау
жүргізумен қатар, олардың қозғалысының ағымдағы есебін дұрыс жүргізуді,
олардың тозу дәрежесін уақтылы анықтап отыруды, сондай-ақ негізгі
құралдардың құндарының қаржылық қорытынды есепте дұрыс көрсетілуін
қамтамасыз етуге тиісті.
Сондықтан курстық жұмысты орындау үшін алған тақырыбымның маңызы зор
деп есептеймін.
Курстық жұмыстың мақсаты - нақты бір шаруашылық жүргізуші субъектідегі
негізгі құралдардың есебі мен аудитін ұйымдастырудың жағдайына зерттеу
жүргізудің негізінде оны нарықтық қатынастардың талабына сай жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасау.
Курстық жұмысты орындау барысында алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
Шаруашылық жүргізуші құрылымда негізгі құралдардың есебі мен аудитін
ұйымдастыру жағдайына зерттеу жүргізу;
Зерттеу жүргізу барысында анықталған кемшіліктерге тоқтала отырып,
негізгі құралдардың есебі мен аудитін нарықтық қатынастардың талабына сай
ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу бойынша заң және нормативтік актілері,
негізгі құралдардың есебі мен аудитін ұйымдастыру мәселелері қаралады.

1 Негізгі құралдардың теориялық негіздері

1.1 Негізгі құралдардың құрамы

Бухгалтерлік есептің Халықаралық стандартқа сәйкес пайдалану мерзімі
бір жылдан ұзақ, еңбек құралдары негізгі құралдар құрамында есепке алынады.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншікті, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға
алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған
негізгі құралдарды баланс сыртындағы 2700-ші “Жалға алынған негізгі
құралдар” – деп аталатын шотта есептейді. Қазіргі кезде пайдалану барысына
қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда
тұрған – деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып (жылдан артық
уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай болмысын (түрін) сақтай
отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке
біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде
ауыстыратын еңбек құралдарын яғни, материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптары мен қондылғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе
ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы
дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі
құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет
ететін жабдықтар, жасалынып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға
берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының
өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған
титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас
малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп
топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында
бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар
– деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды
айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер,
құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар,
двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары
жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың
өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.
Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында
пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады.
Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай
барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай)
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтар
және сату-өткізі ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және
тағы да басқа салалар бойынша топталынады.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған
кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар
мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса,
онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі өнеркәсіп өнімдерін
өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп
саласына жатқызылады.
Егер шаруашылық субъектінің балансында осы субъектінің негізгі
қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері
болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына
сәйкес келетін экономика саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндетті қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1. Жер (ауылшаруашылығында пайдаланылатын барлық жер);
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар (астық қоймасы, мал қоралары,
мұнай қоймалары, автомобиль гараждары, мал азығын сүрлейтін мұнаралар,
суландыру жүйелері, көң қоймалары);
3. Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер (тракторлар, күш бергіш
қондырғылар, электр двигательдері, бумен жұмыс істейтін двигательдер,
топырақ өңдейтін, егін салатын, тұқым себетін және егін жинайтын машиналар
мен құралдар, жем-шөп әзірлейтін машиналар, мал фермасының жабдықтары,
электр жүйелері, жылу энергиясын немесе газ тәрізді заттарды өткізуге
арналған құралдар, телефон және радио жүйелері);
4. Көлік құралдары (автокөліктердің барлық түрлері, автоприцептер,
қайық және катерлер, мотоциклдер, велосипедтер, арба және шаналар);
5. Басқадай негізгі құралдар (құрал-саймандар, шаруашылық ойылған,
белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатқызылады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.
Сонымен қатар, бухгалтерлік баланста көрсетілмеген басты өндіріс құралы
болып жер есептеледі. Себебі жерсіз ешқандай ауылшаруашылық өнімдерін
өндірудің мүмкін еместігі кімге болса да аян. Жер алқаптарын тиімді
пайдалану, оның құнарлығын ұдайы арттырып отыру ауылшаруашылық өндірістің
өнімдерін еселеп, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің кепілі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі құралдардың есебін дұрыс
ұйымдастыру үшін оларды бағалау принципі үлкен роль атқарады.

1.2 Негізгі құралдарды бағалау

Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартында негізгі құралдарды
бағалаудың мынадай түрлері белгіленген: бастапқы құн, ағымдағы құн,
баланстық құн, сатылу құн, жойылу құны.
Бастапқы құн – негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап
шығаруға кеткен нақтылы шығындардан және сатып алу барысында төленген
салық сомаларынан, тасымалдау, монтаждау, орнату, сондай-ақ пайдалануға
беру тағы сол сияқты кез-келген негізгі құралдарды жұмыс істеуіне жағдайына
жеткізуге қатысты шығындардан тұрады. Бастапқы құн тек қана негізгі
құралдарға қосымша күрделі салымдар орындалғанда немесе олар жарым-жартылай
жойылғанда, сонымен қатар негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізілгенде
ғана өзгереді.
Ағымдағы құн – негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – негізгі құралдар бухгалтерлік есепте және қорытынды
есеп беруде көрсетілген бастапқы немесе ағымдағы құн мен жинақталған
амортизация сомасының айырмасы.
Сатылу құны – жақсы хабардар және келісім жасауға дайын тәуелсіз
жақтардың арасында негізгі құралдардың айырбасы болуы мүмкін құн.
Жойылу құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайда болатын материалдық құндылықтардың (қосалқы бөлшектердің)
металл сынықтарының болжамды құны.
Тозу құны (амортизацияланушы құн) – негізгі құралдар бойынша
амортизация есептеу жолымен өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарына
апарылатын бастапқы құн мен жойылу құнының арасындағы айырмашылық.
Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар
кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке
төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөніндегі келісім-шартты
рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін
салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен
шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табысты
алыптастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау,
тегістеу, т.б.) енгізіледі.
б) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға әкелуге, тиеп
түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру,
монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында
кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі.
Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну
нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер
негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген процент сомасы да
ағымдағы шығын қатарына жатқызылады және де негізгі құралдың бастапқы
құнына қосылмайды.
Шаруашылық субъектінің өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы
құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшы
қызметкерлерге төленген еңбек ақы сомалары, еңбек ақы бойынша бюджетке
жасалған аударым, алынған несиенің проценттері, заңгерлерге,
архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алуға кеткен
шығындар мен басқа да шығындар енгізіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер жерді және сол жерге салынған үйлер
мен ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы
объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша
бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі
шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, ол
амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда
жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын
болап келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша
жекеленіп бөлінбейді, тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және
де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды
бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді
қоса) шығынның қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын
шегеру арқылы анықталады.
Мысалы: Шаруашылық субъектісі жер учаскесін сол жерде орналасқан үймен
бірге 400000 теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға
тиіс. Субъектінің оларды сатып алу барысында төленген шығындары 30000 теңге
(салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікпен келісім-шарт
жасауға қатысқан заңгер қызметінің төлем ақысы). Үйді бұзуға кеткен шығын
20000 теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 10000
теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 18000 теңге. Осы
мәліметтерді қорытатын болсақ, сатылып алынған жердің бастапқы құны 458000
теңгені құрайды (400000+30000+20000-10000+18000=458 000 теңге).
Субъектіге әртүрлі себептермен келіп түскен негізгі құралдың бастапқы
құны былайша анықталады:
Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық капиталға
қосқан өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен
арадағы келісім бойынша.
Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап
шығарғанда немесе сатып алған жағдайда – шыққан шығындардың нақты сомасы
бойынша.
Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды басқа заңды немесе жеке
тұлғалардан тегін алған кезде – қабылдау-тапсыру актісінің мәліметтері
бойынша немесе эксперттік (сараптау) жолымен.
Бухгалтерлік шоттарда есептелінген негізгі құралдардың бастапқы құндары
тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай
немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі
қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда т.б.) немесе ішінара бұзғанда,
жойғанда және бөлшектегенде.
ә) Негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объект бойынша бүтін сомада
жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы
құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген
уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен
сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және
ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы
негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп
отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға, өндіруге,
салуға кеткен, жұмсалынған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған
байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын уақыт өте қайтадан бағалап
тұрады.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни
бүгінгі салу өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың жаңғырту құны
деп аталады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды тиісті түрде
қайта бағаланғаннан бастап оларды баланста жаңғырту (ағымдағы) құнымен
есептейді.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын қазіргі кездегі қолданылып жүрген
бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі.
Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бастапқы құнының өсуі Бас
шоттар тізбегіндегі 2400 “Негізгі құралдар” бөлімшесінің тиісті шоттарының
дебетіне және 5210 “Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша
төленбеген капитал” шотының кредитіне жазылады.
Қайта бағалау жүргізілген күні шаруашылық субъектілерінде негізгі
құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының
өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың
пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым
сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа
апарылып отырылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив
есептен шығарылған сәтті ғана ауыстырылады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған
сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі.

2 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым құралдарды кіріске және есептен шағарудың есебі
Негізгі құралдардың субъектіден шығуының есебі
Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және есеп міндеттері
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу
Негізгі құралдар объектілері шаруашылық
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктері
Ұзақ мерзімді активтердің құрамы
Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
Негізгі құралдардың бастапқы бағасы
Пәндер