Негізгі құралдардың субъектіден шығуының есебі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 Негізгі құралдардың теориялық негіздері 5
1.1 Негізгі құралдардың құрамы 5
1.2 Негізгі құралдарды бағалау 8
2 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 13
2.1 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі 13
2.2 Негізгі құралдардың тозуының есебі 17
2.3 Негізгі құралдарды жөндеу шығындарының есебі 24
2.4 Негізгі құралдардың субъектіден шығуының есебі 26
3 Негізгі құралдарды жалдау және түгендеу 29
3.1 Жалдаудағы негізгі құралдардың есебі 29
3.2 Негізгі құралдарды түгендеу 32
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің
бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір құрал-жабдықтар,
өндірістік құрал-жабдықтар, өнім малы, көпжылдық екпе ағаштар, тағы
басқалар) материалдық-заттық құндылықтар.
Субъектілердің есеп саясатында маңызды орынға ие болатын есеп
объектілерінің бірі - негізгі құралдар.
Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі
мен аудиті кәсіпорындағы барлық негізгі құралдардың сақталуына бақылау
жүргізумен қатар, олардың қозғалысының ағымдағы есебін дұрыс жүргізуді,
олардың тозу дәрежесін уақтылы анықтап отыруды, сондай-ақ негізгі
құралдардың құндарының қаржылық қорытынды есепте дұрыс көрсетілуін
қамтамасыз етуге тиісті.
Сондықтан курстық жұмысты орындау үшін алған тақырыбымның маңызы зор
деп есептеймін.
Курстық жұмыстың мақсаты - нақты бір шаруашылық жүргізуші субъектідегі
негізгі құралдардың есебі мен аудитін ұйымдастырудың жағдайына зерттеу
жүргізудің негізінде оны нарықтық қатынастардың талабына сай жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасау.
Курстық жұмысты орындау барысында алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
Шаруашылық жүргізуші құрылымда негізгі құралдардың есебі мен аудитін
ұйымдастыру жағдайына зерттеу жүргізу;
Зерттеу жүргізу барысында анықталған кемшіліктерге тоқтала отырып,
негізгі құралдардың есебі мен аудитін нарықтық қатынастардың талабына сай
ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу бойынша заң және нормативтік актілері,
негізгі құралдардың есебі мен аудитін ұйымдастыру мәселелері қаралады.
1 Негізгі құралдардың теориялық негіздері
1.1 Негізгі құралдардың құрамы
Бухгалтерлік есептің Халықаралық стандартқа сәйкес пайдалану мерзімі
бір жылдан ұзақ, еңбек құралдары негізгі құралдар құрамында есепке алынады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншікті, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға
алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған
негізгі құралдарды баланс сыртындағы 2700-ші “Жалға алынған негізгі
құралдар” – деп аталатын шотта есептейді. Қазіргі кезде пайдалану барысына
қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда
тұрған – деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып (жылдан артық
уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай болмысын (түрін) сақтай
отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке
біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде
ауыстыратын еңбек құралдарын яғни, материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптары мен қондылғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе
ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы
дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі
құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет
ететін жабдықтар, жасалынып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға
берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының
өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған
титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас
малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп
топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында
бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар
– деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды
айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер,
құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар,
двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары
жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың
өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.
Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында
пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады.
Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай
барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай)
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтар
және сату-өткізі ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және
тағыда басқа салалар бойынша топталынады.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған
кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар
мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса,
онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі өнеркәсіп өнімдерін
өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп
саласына жатқызылады.
Егер шаруашылық субъектінің балансында осы субъектінің негізгі
қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері
болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына
сәйкес келетін экономика саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндетті қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1. Жер (ауылшаруашылығында пайдаланылатын барлық жер);
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар (астық қоймасы, мал қоралары,
мұнай қоймалары, автомобиль гараждары, мал азығын сүрлейтін мұнаралар,
суландыру жүйелері, көң қоймалары);
3. Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер (тракторлар, күш бергіш
қондырғылар, электр двигательдері, бумен жұмыс істейтін двигательдер,
топырақ өңдейтін, егін салатын, тұқым себетін және егін жинайтын машиналар
мен құралдар, жем-шөп әзірлейтін машиналар, мал фермасының жабдықтары,
электр жүйелері, жылу энергиясын немесе газ тәрізді заттарды өткізуге
арналған құралдар, телефон және радио жүйелері);
4. Көлік құралдары (автокөліктердің барлық түрлері, автоприцептер,
қайық және катерлер, мотоциклдер, велосипедтер, арба және шаналар);
5. Басқадай негізгі құралдар (құрал-саймандар, шаруашылық ойылған,
белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатқызылады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.
Сонымен қатар, бухгалтерлік баланста көрсетілмеген басты өндіріс құралы
болып жер есептеледі. Себебі жерсіз ешқандай ауылшаруашылық өнімдерін
өндірудің мүмкін еместігі кімге болса да аян. Жер алқаптарын тиімді
пайдалану, оның құнарлығын ұдайы арттырып отыру ауылшаруашылық өндірістің
өнімдерін еселеп, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің кепілі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі құралдардың есебін дұрыс
ұйымдастыру үшін оларды бағалау принципі үлкен роль атқарады.
1.2 Негізгі құралдарды бағалау
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартында негізгі құралдарды
бағалаудың мынадай түрлері белгіленген: бастапқы құн, ағымдағы құн,
баланстық құн, сатылу құн, жойылу құны.
Бастапқы құн – негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап
шығаруға кеткен нақтылы шығындардан және сатып алу барысында төленген
салық сомаларынан, тасымалдау, монтаждау, орнату, сондай-ақ пайдалануға
беру тағы сол сияқты кез-келген негізгі құралдарды жұмыс істеуіне жағдайына
жеткізуге қатысты шығындардан тұрады. Бастапқы құн тек қана негізгі
құралдарға қосымша күрделі салымдар орындалғанда немесе олар жарым-жартылай
жойылғанда, сонымен қатар негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізілгенде
ғана өзгереді.
Ағымдағы құн – негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – негізгі құралдар бухгалтерлік есепте және қорытынды
есеп беруде көрсетілген бастапқы немесе ағымдағы құн мен жинақталған
амортизация сомасының айырмасы.
Сатылу құны – жақсы хабардар және келісім жасауға дайын тәуелсіз
жақтардың арасында негізгі құралдардың айырбасы болуы мүмкін құн.
Жойылу құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайда болатын материалдық құндылықтардың (қосалқы бөлшектердің)
металл сынықтарының болжамды құны.
Тозу құны (амортизацияланушы құн) – негізгі құралдар бойынша
амортизация есептеу жолымен өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарына
апарылатын бастапқы құн мен жойылу құнының арасындағы айырмашылық.
Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар
кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке
төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөніндегі келісім-шартты
рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін
салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен
шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табысты
алыптастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау,
тегістеу, т.б.) енгізіледі.
б) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға әкелуге, тиеп
түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру,
монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында
кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі.
Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну
нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер
негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген процент сомасы да
ағымдағы шығын қатарына жатқызылады және де негізгі құралдың бастапқы
құнына қосылмайды.
Шаруашылық субъектінің өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы
құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшы
қызметкерлерге төленген еңбек ақы сомалары, еңбек ақы бойынша бюджетке
жасалған аударым, алынған несиенің проценттері, заңгерлерге,
архитекторларға төленген төлемдер, Ю құрылысты салу үшін рұқсат
алуға кеткен шығындар мен басқа да шығындар енгізіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер жерді және сол жерге салынған үйлер
мен ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы
объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша
бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі
шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, ол
амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда
жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын
болап келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша
жекеленіп бөлінбейді, тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және
де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды
бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді
қоса) шығынның қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын
шегеру арқылы анықталады.
Мысалы: Шаруашылық субъектісі жер учаскесін сол жерде орналасқан үймен
бірге 400000 теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға
тиіс. Субъектінің оларды сатып алу барысында төленген шығындары 30000 теңге
(салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікпен келісім-шарт
жасауға қатысқан заңгер қызметінің төлем ақысы). Үйді бұзуға кеткен шығын
20000 теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 10000
теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 18000 теңге. Осы
мәліметтерді қорытатын болсақ, сатылып алынған жердің бастапқы құны 458000
теңгені құрайды (400000+30000+20000-10000+18000=458 000 теңге).
Субъектіге әртүрлі себептермен келіп түскен негізгі құралдың бастапқы
құны былайша анықталады:
Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық капиталға
қосқан өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен
арадағы келісім бойынша.
Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап
шығарғанда немесе сатып алған жағдайда – шыққан шығындардың нақты сомасы
бойынша.
Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды басқа заңды немесе жеке
тұлғалардан тегін алған кезде – қабылдау-тапсыру актісінің мәліметтері
бойынша немесе эксперттік (сараптау) жолымен.
Бухгалтерлік шоттарда есептелінген негізгі құралдардың бастапқы құндары
тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай
немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі
қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда т.б.) немесе ішінара бұзғанда,
жойғанда және бөлшектегенде.
ә) Негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объект бойынша бүтін сомада
жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы
құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген
уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен
сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және
ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы
негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп
отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға, өндіруге,
салуға кеткен, жұмсалынған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған
байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын уақыт өте қайтадан бағалап
тұрады.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни
бүгінгі салу өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың жаңғырту құны
деп аталады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды тиісті түрде
қайта бағаланғаннан бастап оларды баланста жаңғырту (ағымдағы) құнымен
есептейді.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын қазіргі кездегі қолданылып жүрген
бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі.
Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бастапқы құнының өсуі Бас
шоттар тізбегіндегі 2400 “Негізгі құралдар” бөлімшесінің тиісті шоттарының
дебетіне және 5210 “Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша
төленбеген капитал” шотының кредитіне жазылады.
Қайта бағалау жүргізілген күні шаруашылық субъектілерінде негізгі
құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының
өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың
пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым
сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа
апарылып отырылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив
есептен шығарылған сәтті ғана ауыстырылады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған
сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі.
2 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
2.1 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
Субъектінің негізгі құралдары өндірістік құрылыстарды салып бітіру
арқылы; жерді, трактор, комбайн және басқа ауылшаруашылық машиналарын,
автокөліктің түрлерін сатып алу арқылы, басқа заңды және жеке тұлғалардан
кәсіпорынның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде келіп түсуі арқылы
және мал төлдерін өсіріп, оларды ересек мал тобына қосу арқылы көбейуі
мүмкін.
Шаруашылықта салынған, сырттан келіп түскен негізгі құралдар “Негізгі
құралдарды қабылдау-тапсыру актісін” толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл
актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел
көрсетіледі. Мысалы, құрылысы біткен ғимараттарды қабылдағанда мына
мәліметер: ғимараттардың жалпы ауданы, фундаменті, қабырғасы мен
едендерінің, салынған жылы, көзге түскен кемшіліктері көрсетіледі.
Қабылдаған объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық номер бекітіледі. Акт
тиісті комиссиямен толтырылады. Құжаттың үлгісі төменде келтірілді.
Шаруашылықтың ұстаханаларында жасалған негізгі құралдар накладнойлар
немесе нарядтар негізінде кіріске алынады. Бұл құжаттарда қабылданып
отырған негізгі құралдардың сипаттамасы беріледі.
Есейген мал төлдерін негізгі мал топтарына қосу “Малды бір топтан
екінші топқа ауыстыру актісін” жасау арқылы жүргізіледі. Ірі қара мал мен
жылқылардың әрбір басы актіде жеке көрсетіледі. Сатып алынған мал шот-
фактурамен қабылдау мәліметтері бойынша есепке алынады.
Көпжылдық ағаштардың көшеттері мерзімі жеткенде негізгі құралдардың
құрамына есепке “Көпжылдық ағаштарды қабылдап, іске қосу актісін” толтыру
арқылы алынады. Бұл актіде егілген ағаштардың саны, олардың алып жатқан
көлемі, оған шығарылғын шығындар және тағы басқа мәліметтер көрсетіледі.
Негізгі құралдарды қабылдау үшін толтырылған барлық бастапқы құжаттарды
субъектінің басшысы бекітеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектіде барлық құрал-жабдықтар жұмыс көлеміне
қарай, қажеттілігіне байланысты өндірістік бөлімшелерге бөлініп беріледі.
Олардың керекті саны жұмыс көлеміне байланысты есептелініп шығарылады.
Құрал-жабдықтардың сақталуына және дұрыс пайдаланылуына бөлімше жетекшісі
толық жауапты.
Негізгі құралдардың пайдалану орнындағы есебі материалдық
жауапкершілікті адамдар бойынша “Негізгі құралдардың инвентарлық тізімінде”
типтік жіктеу бойынша жүргізіледі. Жыл басында бұл құжатқа мәліметтер
түгелдеу тізімдемесі мен мүліктік (инвентарлық) карточкалардан жазылады, ал
одан арғы деректер негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару
құжаттары негізінде орындалып отырады.
Шаруашылық субъектісінің бухгалтериясында негізгі құралдардың
объектілері бойынша инвентарлық есебі типтік үлгідегі мүліктік
(инвентарлық) карточкаларда жүргізіледі.
Мүліктік карточкаға жазулар бастапқыда түгелдеу негізінде орындалады,
ал одан кейінгі жазулар негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару
құжаттарының, техникалық паспорттардың және тағы басқалар негізінде
орындалып отырады.
Карточкаларда объектілердің қысқаша сипаттамасы мен жеке ерекшеліктері
беріледі. Карточкалар әдетте бір дана етіп толтырылады. Егер негізгі
құралдардың есебі пайдалану (орналасу) орындарында “Негізгі құралдардың
инвентарлық тізімдемесінде” жүргізілмесе, мүліктік карточкалар екі данада
толтырылады. Оның бір данасы негізгі құралдардың пайдалану орнында болады.
Төменде мүліктік карточканың үлгісі келтірілді.
Толтырылған мүліктік карточкалар “Негізгі құралдардың мүліктік
карточкаларының тізімдемесінде” тіркеледі. Бұл құжат субъект
бухгалтериясында бір данада негізгі құралдардың жіктік топтары бойынша
жүргізіледі.
Объект есептен шыққанда тізімдемеде бұл жөнінде белгі жасалады, тиісті
карточка жабылады. Барлық мүліктік карточкалар негізгі құралдардың
картотекасында сақталады. Картотекада карточкалар жіктік (классификациялық)
топтар және пайдалану орындары бойынша орналасады. Картотекамен жұмыс
істеуді оңайлату үшін әр топ бір-бірінен арнайы бөлшектермен бөлінеді.
Картотекада негізгі құралдардың әрбір жіктік тобының алдына “Негізгі
құралдар қозғалысының есебін жүргізу карточкасы” орналастырылып, онда әр
топтағы объектілердің барлық қозғалысы көрсетіліп отырады. Бұл
карточкаларда негізгі құралдардың есебі әр топ бойынша жиынтық сомамен ғана
беріледі. Әрбір жіктік топ бойынша айдың басындағы қалдық көрсетіледі. Есеп
беру кезеңінің (кварталдың, жылдың) аяғында жинақтары есептеледі. Бұл
мәліметтермен қатар карточкада негізгі құралдарды қалпына келтіруге
есептелген амортизациялық аударымдар сомасы мен күрделі жөндеуге жұмсалған
шығындар көрсетіледі. Сонымен аталған карточка негізгі құралдардың әрбір
жіктік (классификациялық) тобы бойынша қозғалысын көрсететін аналитикалық
шот десе де болады.
Кәсіпорын меншігіндегі және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдардың бары мен қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін Бас
шоттар тізбегінің І-ші бөлімінің 2410 “Негізгі құралдар” бөлімшесінде
төмендегі синтетикалық шоттар қаралған:
2411 “Жер” – кәсіпорынның меншігіндегі және ұзақ мерзімге жалға алынған
жердің есебі жүргізіледі;
2412 “Ғимараттар мен құрылғылар” – кәсіпорын меншігіндегі және ұзақ
мерзімге жалға алынған ғимараттар мен құрылғылардың есебі жүргізіледі;
2413 “Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер” - кәсіпорын
меншігіндегі және ұзақ мерзімге жалға алынған машиналар мен жабдықтардың,
өткізгіш тетіктердің есебі жүргізіледі;
2414 “Көлік құралдары” - кәсіпорын меншігіндегі және ұзақ мерзімге
жалға алынған көлік құралдарының есебі жүргізіледі;
2415 “Басқадай негізгі құралдар” - кәсіпорын меншігіндегі және ұзақ
мерзімге жалға алынған басқадай негізгі құралдардың есебі жүргізіледі;
2410 “Негізгі құралдар” бөлімшесі шоттарының дебеті бойынша субъектіге
қабылданған негізгі құралдар объектілерінің кіріске алынуы көрсетіледі.
Төменде шаруашылық жүргізуші субъектідегі негізгі құралдардың
қозғалысына байланысты орындалған шаруашылық операцияларына анықталған
шоттар корреспонденциясы келтірілді.
6-кесте. Негізгі құралдарды кіріске алу операциялары бойынша анықталған
шоттар корреспонденциясы
Сомасы, теңгеШоттар корреспонденциясы
Операциялардың мазмұны
Дебет Кредит
1 2 3 4
1. Жарғылық капиталға қосылған
үлес ретінде келіп түскен
негізгі құралдар кіріске алынды 800000 2412-2415 5020
2. Шаруашылықтың өзінде жасалған
немесе басқа заңды және жеке
тұлғалардан сатып алынған
негізгі құралдар кіріске алынды
(бастапқы құны бойынша) 1450000 2412-2415 2416, 3311
3. Нақты ақша немесе нақты
ақшасыз есеп айырысу бойынша
негізгі құралдар сатылып алынды 540000 2412-2415 1040,1010
1 2 3 4
4. Мемлекеттік субсидия
есебінен, басқа заңды және жеке
тұлғалардан ақысыз (тегін) келіп500000 2412-2415 6230,6220
түскен негізгі құралдар кіріске
алынды
5. Ұзақ мерзімді жалдау шарты
бойынша қабылданған негізгі 250000 2412-2415 3360
құралдар кіріске алынды
2.2 Негізгі құралдардың тозуының есебі
Шаруашылық жүргізуші субъектідегі негізгі құралдарды құралдардың барлық
түрі шаруашылық процессіне қатыса отырып, бірте-бірте тозады, яғни бастапқы
сапасын жоғалтады. Сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жұмыс істеуге
жаралмай қалады да оларды жаңамен алмастыруға тура келеді.
Тозу дегеніміз – негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын
(қасиетін) жоғалтуы.
Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі.
Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады.
Жұмыс процессінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектері қажалады. Үйлер
мен құрылыстар тозығы жетіп құлауға айналады. Негізгі құралдардың табиғи
тозуы оларды барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар
басқа табиғи факторлардың әсерінен де болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы машиналар мен құралдардың толық
табиғи тозығы жетпей-ақ құнсызданып, өндіріс процессінен шығып қалатындығы
болып табылады. Бұл ең алдымен техникалық прогрестің нәтижесі. Техникалық
прогресстің нәтижесінде біршама арзан және өнімді машиналар пайда болып
жұмысты арзан, шапшаң және сапалы орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі
бұрын қолданып келген машиналардың табиғи тозығы жетпей-ақ ескіріп,
құнсыздануына әкеліп соқтырады.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өздерінің негізгі құралдарының
тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады.
Негізгі құралдар (ғимараттар, машиналар, көлік құралдары, т.б.)
шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты
құндарын өздерінің көмегімен өндірілетін өнімдерге біртіндеп ауыстырып
отырады. Бұл процесс “амортизация” – деп аталады.
Бухгалтерлік есептің “Негізгі құралдардың есебі” деп аталатын
стандартына сәйкес амортизация дегеніміз – активтердің амортизацияланған
құнын оларды пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыратын тозудың
ақшалай көрінісі.
Негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін олардың тозған бөлігінің
құны дайын өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударымдар ретінде
қосылады.
Амортизациялық аударымдар дегеніміз – негізгі құралдардың
амортизацияланушы құнынан есептеп шығарылған амортизацияның жылдық сомасы.
Жоғарыда аталған бухгалтерлік есеп стандартында амортизацияны
есептеудің төмендегі әдістері ұсынылған:
1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде
өндіріс шығындарына біркелкі апарылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы
оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген
және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс.
Әрбір мерзім (жыл) үшін амортизациялық жарна сомасы амортизацияланушы құнды
(объектінің бастапқы құнынан оның жойылу құнынан алып тастағандағы)
объектіні пайдалану мерзіміне бөлу арқылы есептелінеді. Амортизациялау
нормасы тұрақты болады. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны – 100000
теңге, оның 5 жыл мерзім өткеннен кейінгі жойылу құны 10000 теңге. Мұндай
жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20
пайызын құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18000 теңге болады.
Негізгі құралдардың амортизациясын бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
төменде келтірілді.
Бастапқы құны – жойылу құны =100000 – 10000=18000 теңге
пайдалану мерзімі 5 жыл
Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу
сызықты) әдіс бойынша есептеу көрсетілді.
1-кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс
бойынша есептеу
Бастапқы Амортизацияның Жинақталған Қалдық
құны жылдық сомасы тозу сомасы құны
Сатып алынған 100000 - - 100000
мерзімі 100000 18000 18000 82000
1-ші жылдың аяғында100000 18000 36000 64000
2-ші жылдың аяғында100000 18000 54000 46000
3-ші жылдың аяғында100000 18000 72000 28000
4-ші жылдың аяғында100000 18000 90000 10000
5-ші жылдың аяғында
2. Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне
пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек пайдалану
нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт бөліктері
ешқандай роль атқармайды деген пайымдауға негізделген. Жоғарыдағы сөз
болған автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындайды делік, ал
оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген. Әрбір километрге
есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей анықталады.
Бастапқы құн – жойылу құны_____ =100000-10000=0,10 теңге
орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері 900000 км
Егер, пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200000 шақырым (км) жол
жүреді деп, екінші жылы – 300000 шақырым жол жүреді деп, үшінші жылы –
100000 шақырым, төртінші жылы – 200000 шақырым және бесінші жылы – 100000
шақырым деп шамаланатын болса, амортизациялық жарнаны есептеу төмендегідей
орындалады.
2-кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл
бойынша есептеу
Бастапқы Км Амортизацияның ЖинақталғаҚалдық
құны жылдық сомасы н сомасы құны
тозу
Сатып алынған
мерзімі 100000 - - - 100000
1-ші жылдың 100000 200000 20000 20000 80000
аяғында 100000 300000 30000 50000 50000
2-ші жылдың 100000 100000 10000 60000 40000
аяғында 100000 200000 20000 80000 20000
3-ші жылдың 100000 100000 10000 90000 10000
аяғында
4-ші жылдың
аяғында
5-ші жылдың
аяғында
Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың немесе
пайдаланудың тікелей байланысын көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын
орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп
отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем
бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.
3. Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері.
Бұл әдістер өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың
көптеген түрлері пайдаланудың алғашқы жылдарында тиімдірек жұмыс істейді
немесе жоғарғы өнімділік қабілетін көрсетеді деген пайымдауға негізделген.
Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері:
а) Кумулятивтік әдіс.
ә) Азайып отыратын қалдық әдісі.
Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген
мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу бойынша тозудың есептеу тәсілі
есептеу коэффициентінің бөлімі болып табылатын, объектінің қызмет ету
мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің
болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірінші жылы обектінің бастапқы құнының
515 бөлігіне амортизация есептеледі.
Екінші жылы 415 бөлігіне, үшінші жылы 315, төртінші жылы 215,
бесінші жылы 115 бөлігіне.
Жыл сайынғы амортизациялау нормасы – бөлімінде жылдар санының
қосындысы, ал алымында: бірінші жыл үшін - 5, екінші жыл үшін – 4, үшінші
жыл үшін – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz