Актив Өзіндік капитал Ұзақм мерзімді міндеттемелер Ағымдағы міндеттемелер
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Орта – Азиялық Унивреситет
Экономикалық Факультет
Есеп және Аудит кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Еңбекақының есебі және қаржылық талдауы
Орындаған: 4 курс сыртқы
бөлімінің студенті
Қасымова А.С.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к.,
Доцент Тасмағамбетов Т.А.
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі э.ғ.к.,
Доцент Тасмағамбетов Т.А.
Алматы, 2008
Жоспар:
Кіріспе
1. Ұйымның технико-экономикалық жағдайының сипаттамасы
1.1 Ұйымның технико-экономикалық жағдайы және оның негізгі көрсеткіштерін
талдау
1.2 СЭМ жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты
1.3 Еңбекақы есебі және оның теориялық аспектілері
2. Қызметкрелермен еңбекақы бойынша есепайырысудың бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру
2.1 Қызметкрелермен еңбекақы бойынша есепайырысуды реттейтін нормативтік
және құқықтық актілер
2.2 СЭМ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбекақы есебін
ұйымдастыру ерекшеліктері
2.3 Еңбекақы есебінің аналитикалық және синтетикалық есебі
3. Еңбекақы есебінің аудиті
3.1 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу аудитінің методикасы
3.2 СЭМ жауапкершіліг ішектеулі серіктестігінің еңбекақы аудиті және оны
жетілдіру жолдары
3. 3 СЭМ жауапкершіліг ішектеулі серіктестігінің еңбекақы аудитінің
бағдарламасын ұйымдастыру
3.4 1С есебі мен аудиті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

1. Ұйымның технико-экономикалық жағдайы және оның негізгі көрсеткіштерін
талдау
Спорт Эстейтс Менеджмент жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан
Республикасы заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
Қоғамның толық атауы мемлекеттік тілде: Спорт Эстейтс Менеджмент
жаупкершілігі шектеулі серіктестігі, орыс тілінде: Товарищество с
ограниченной ответственностью Спорт Эстейтс Менеджмент және ағылшын
тілінде: Limited Liability Partnership Sport Estates Management.
Қысқартылған атауы мемлекеттік тілде: СЭМ ЖШС, орыс тілінде: ТОО СЭМ,
ағылшын тілінде: LLP SЕМ.
СЭМ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 маусым 2000 жылы Алматы
қаласының Қазақстан Республикасының Әділт министрлігіне қарасты юстиция
басқармасында (мемлекеттік тіркеу туралы күәлігі №32796-1910-ТОО) тіркелуі
бойынша құрылды.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты заңды тұлғалар мен халықьтың
қызметтерге, жұмыстар мен тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру
арқылы кіріс табу болып табылады. Аталған мақсаттарына жету үшін
Серіктестік әкімшілік жайлар мен жалпы пайдаланылатын жайларды жобалау,
салу, инжиниринг, пайдалану, басқару, спорттық, косметалогиялық және басқа
да жабдықтарды сату және пайдалану; фитнес клубтарын жетілдіру және
модернизациялау үшін инвестициялар құю; жылжымайтын мүлікпен кез келген
операциялар жасау, соның ішінде жайларды, соның ішінде сауда, көрме,
офистік және басқа да жайларды сатып алу – сату, жалға беру; Қазақстан
Республиаксының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген
түрлерін атқару. Лицензия алынуы керек қызмет түрін атқару үшін
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте
лицензия алу міндетті.
Серіктестіктің орналасқан жері: 4880099, Қазақстан Республикасы, Алматы
қаласы, Самал 3, 20 үй. Серіктестіктің қызмет атқару мерзіміоның Қазақстан
Республикасының уәкілетті мемлекеттік органында мемлекеттік тіркеуден өткен
кезінен бастап есептеледі және уақыт бойынша шектелмеген. Серіктестіктің
қатысушылары: 1) Жумашов Сержан Сеитович - Қазақстан Республикасының
азаматы, 23.07.1996 жылы Талдықорған обл. туылған, жеке күәлік №000058007,
Қазақстан Республикасының ІІМ 21.11.1995 ж. Берілген, СТН 600718624714,
тұрғылықты мекен жайы: Алматы қаласы, Тавйманов көшесі, 167. 2) Leisure
Enterprises Limited (Лейжер Интерпрайзис Лимитед) – Белиз аумағында
тіркелген компания, тіркеу нөмірі № 21228, тіркелшен офисінің мекен жайы:
60 Market Square, PO BOX 364, Belize City; Hellenic Bank Банктік шот № 140-
07-801738-01, Cyprus (88, Dhigenis Akritas Ave., P.O. BOX 24529 1300
Nicosia, Cyprus, SWIFT: HEBACY2N), 2004 жылдың 27 қазанындағы сенімхаттың
негізінде әрекет ететін Шамшатова Амангүлдің танытуында.
СЭМ жауапкершілігі шектеулі серіктестікгінің негізгі клиенттері деңгейі
орташадан жоғары жеке тұлғалар болып табылады.
Серіктестіктің алдына қойған негізіг міндеті: максималды табыс алу, ол
үшін кәсіпорын өзінің қызмет көрсету аланың ұлғайтады және қызмет көрсету
сервисін жетілдіреді, содан оның қаржылық жағдайы бір қалыпты тұр.
Серіктестіктің заңды мәртебесі:
1. Серіктестік Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің
органдарымен мемлекеттік кезінен бастап заңды тұлғаның құқықтарын
иеленеді. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 22.04.1998ж.
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті
серіктестіктер туралы Заңына және серіктестіктің жарғысына сәйкес
атқарады.
2. Серіктестік жұмыскерлерінің жылдыққ орташа саны 250 адаманан көп
болатын немесе бір жылғы активтерінің жалпы құны айлық есеп
көрсеткішінің үш жиырма бес мың есесінен артық болатын ірі
бизнестің субъектісі бболып табылады.
3. Серіктестік өз жарғысымен және қатысушылардың жалпы жиналысының
шешімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының
шегінде құқықтарға ие, қызметін атқару үшін қажетті рәміздері
(банктік шоттары, соның ішінде валюталық шоттары, мөрі,
мөртаңбалары, бланктері, таура белгілері, т.б.) бар.
4. Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, қызметінің
мақсаттырна жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және
жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттерді қабылдауға,
соттарда арыз беруші ретінде әрекет етуге құқылы.
5. Серіктестік Қазақстан республикасынң аумағында және одан тыс
жерелерде филиалдар мен өкілдіктерді құруға, басқа заңды
тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ басқа
заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
6. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі Қазақстан
Рсепубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеп алынуы мүмкін
барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет пен оның органдары
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, Серіктестік
те Мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестік
өз қатысушыларының оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап
бермейді және өздерінің енгізген салымдарының құны шегінде
Серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар тәукелін көтереді.
Жарғылық капиталрға салымын толық енгізбеген серіктестіктің
қатысушылары әр бір қатысушының енгізілмеген салым бөлігінің құны
шегінде оның міндеттемелері бойынша ортақ жауапкертшілік көтереді.
Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері:
Серіктестік қатысушылары міндетті:
1. Серіктестіктің жарғысымен, құрылтай шартымен және Қазақстан
Рсепубликасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Серіктестіктің
істерін басқаруға қатысуға,
2. Серіктестіктің басқарушы органдарын сайлауға, тағайындауға, кері
шақырып алуға және с айлануға;
3. Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, бухгалтерлік және басқа
құжатнамамаен танысуға;
4. қатысушыларының Жалпы жиналысының құзыретіне сәйкес оған жарғымен және
Қазақстан Рсепубликасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте
Серіктестіктің қызмет мәселелері жөнінде ұсыныстар жасауға;
5. Қазақстан Рсепубликасыныңу заңнамасына және қатысушыларының Жалпы
жиналысының шешіміне сәйкес Серіктестіктің жарғылық капиталындағы
үлесіне сәйкес Серіктестіктің қызметінен кіріс алуға;
6. Серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзіне тиесілі үлесті (үлесінің
бір бөлігін) сатуға немесе басқаша шеттетуге (соның ішінде кепілге
алуға);
7. Серіктестік тараған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан
кейін қалған мүліктің құнын немесе Серіктестіктің барлық
қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бірбөліні заттай алуға;
8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте үлесін
шеттету арқылы Серіктестікке қатысуын тоқтатуға.
Серіктестік қатысушылары міндетті:
1. Серіктестіктің құрылтай шартымен және жарғымен қарастырылған тәртіпте,
мөлшерлерде және мерзімдерде Серіктесстіктің жарғылық капиталына
салымдар енгізуге;
2. Серіктестіктің құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
3. құрылтайшартының талаптары мен Серіктестіктің жоғарғы басқару
органдарының шешімдерін орындауға;
4. Серіктестіктің жарғысымен және құрылтай шартымен белгіленген
тәртіпте Серіктестіктің қызметне қатысуға, оның ішінде
Серіктестіктің коммерциялық жобаларын жүзеге асыру шегінде өзіне
қабылдаған міндеттемелерді орындауға;
5. Серіктестік коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді
таратпауға;
6. Серіктестікке шығын әкелуі ықтимал қызметтен бас тартуға.
Серіктестіктің қатысушылары Қазақстан Рсепубликасынң заңнамасымен,
құрылтай құжаттырмен және қатысушылардың Жалпы жиналысының шешімдерімен
қарастырылған басқа да құқықтарға ие болып, міндеттерді көтеруі мүмкін.
Серіктестіктің мүлкі:
Серіктестіктің мүлкі құрылтайшылардың (қатысушылардың) енгізген алғашқы
салымдарының, қосымша жарналардың, Серіктестіктің кәсіпкерлік және
шаруашылық қызметтен алынған кірістердің есебінен, сондай- ақ Қазақстан
республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздерден құралады.
Серіктестік негізгі қорлардан, айналымдағы қаражаттардан, басқа да
құндылықтардын құралған мүлкіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен
қарастырылған тәртіпте иелік ету, пайдалану және өкімдік ету құқығын жүзеге
асырады. Серіктесітктің мүлкі оның жеке басында есепке алынады.
Жарғылық капиталы:
Серіктестіктің қызметін қамтамассыз ету үшін қатысушылардың ақшалай
салымдарының есебінен Серіктестіктің жарғылық капиталы құралады. Жарғылық
капиталдың алғашқы мөлшерін қатысушылар 72 500 (жетпіс екі мың бес жүз)
теңге мөлшерінде құрайды. Серіктестіктің мемлекеттік тіркелі кезінде
жарғылық капитал толығымен құралады. Серіктестіктің дарғылық капиталы
барлық қатысушылардың қосымша пропорционал салмдар енгізу арқылы,
Серіктестіктің жеке меншік қаражаттарының есебінен, барлық қалған
қатысушылардың келісімі болған жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының
қосымша салым енгізу арқылы, Серіктестіктің құрамын жаңа қатысушыларды
қабылдау арқылы ұлғайтылады. Серіктестіктің жарғылық капиталы Серіктестік
қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционал азайту арқылы немесе
жекелеген қатысушылардың үлестерін толығымен немесе ьір бөлігін өтеу арқылы
азайтылады. Қатысушылардың Жалпы жинадлысы жарғылық капиталды азайту туралы
шешім қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде Серіктестік жарғылық
капиталының азайғандығы туралы хабарламаны барлық несие берушілеріне
жіберуге немесе серіктестіктер туралы мәліметтер жарияланатын ресми
басылымда сәйкес хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің жарғылық
капиталы мемлекеттік тіркелген кездегі заңнамамен белгіленген ең аз
мөлшерден төмен азайтуға жол берілмейді. Серіктетстік қатысушыларының
жарғылық капиталдағы үлестері және Серіктестіктің мүлік құнындағы сәйкес
үлестері (мүліктегі үлесі) Серіктестіктің жарғылық капиталындағы
салымдарына пропорционал болады жәнебүтіннің бір бөлігі немесе пайыз
түрінде беріледі. Серіктестік қатысушысы Серіктестіктің мүлкіндегі үлесін
немесе оның бір бөлігін Серіктестіктің басқа қатысушыларына немесе үшінші
тұлғаларға сатуға немес басқа жолмен беруге құқылы. Серіктестіктің
қатысушысы өз үлесін Серіктестіктің бас қатысушылардың алдындағы
міндеттемесінің қамтамасыз етілуі ретінде кепілге салу құқылы. Осындай
мәмілелерді жасау үшін Серіктестіктің немесе басқа қатысушылардың келісімі
талап етілмейді. Серіктестіктің қатысушылары үшінші тұлғалар алдындағы
қоладныстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте қатысушының үлесін немесе
оның бір бөлігін артықшылықпен сатып алу құқығын пайдаланады.
Серіктестіктің қатысушысының үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемесінің
қаматамасыз етілуі ретінде үлесін (оның бір бөлігін) үшінші тұлғаларға
қолданыстағы заңнамаға сәйкес шеттетуіне немесе үлесті (үлестің бір
бөлігін) кепілге салуына жол беріледі. Кез келген негіз бойынша үлеске
деген құқықты жоғалту қатысушысының Серіктестіктен шығуына алып келеді.
Қолданыстағы занамамен белгіленген тәртіпте үлесті иелену иеленушінің
Серіктестік қатысушыларының құрамына кіруін білдіреді.
Кәсіпорынның негізгі жабдықтаушылары: құрал жабдықтар - ИП Железнякова,
жиһаз - ТОО Эксис, Fitodess маркалы косметика - ТОО Ак Ерке,
Ренофаз маркалы косметика - ИП Морозова, жарнама - ТОО Сезон, ТОО
Бизнес Медиа, Cellocosmet маркалы косметикамен жұмыс істеудің қасиетін
үйрету - ТОО United Cosmetics Group, орынды жалға алу - ТОО Unik Estate
Managment.

СЭМ жауапкершілігі шектеулі серіктестікгінің бухгалтериясы бухгалтерлік
есебінің келесі бөлімшелерінен құралады: негізгі құралдар және
тауарлық материалдық құндылықтардың есебі; еңбекақы бойынша қызметкрелермен
есеп айырысу есебі; ақша қаражатының есебі (кассалық опрециялар есебі және
есеп айырысу шотындағы ақша және валюталық шотындағы ақша опрецияларының
есебі); әлеуметтік сферасы бойынша опрециялар есебі, дайын өнімнің есебі,
сатыпалушылар мен тапсырысшылармен есеп айырысудың есебі.
Бұл шаруашылық субъект жайлы толығырақ ақпарат алу үшін оның нақты
қызметін мінездейтін қаржылық-шаруашылық қызметімен және динамикадағы
негізгі көрсеткіштерімен танысу керек (Кесте 1). Келтірілген технико-
экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, еңбек өнімділігінің 15% түсуіне
қарамастан, кәсіпорын табысты екенін көруге болады.
Кесте 1
СЭМ ЖШС-тың 2004-2005 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің анализі
№ Көрсеткіштер 2004 жыл 2005 жыл Өсу қарқыны
+ - %
Дайын өнімді (жұмыстарды, 69000 69800 800 1,1
қызметтерді) сатудан алынған
табыс, мың,тг.
Жұмыс істейтін адамдардың 21 25 4 19
орташа саны, адам
НҚ орташа жылдық құны, 1930,8 3112,5 1181,7 61,2
мың,тг.
Ағымдағы активтердің орташа 14950 26300 11350 75,9
жылдық құны, мың,тг.
Еңбек өнімділігі (стр. 3285,7 2792 -493,7 -15
1стр.2), тг.
Фондтың қайтарылуы (стр. 35,7 22,4 -13,3 -37,2
1стр.3), тг.
Фондтың сыйымдылығы (стр. 0,02 0,04 0,02 100
3стр.1), тг.
Өнімнің өзіндік құны, 51060 52000 940 1,8
мың,тг.
Жалпы табыс 17940 17800 -140 -0,8
Кезең шығыстары 17770 17000 -770 -4,3
Салық салынуға дейінгі табыс170 2200 2030 1194
Табыс салығы 51 660 609 1194
Таза табыс 170 1518 1348 792
Дебиторлық қарыз 6200 5100 -1100 -17,7
Активтердің аййналымдылығы, 0,002 0,02 0,018 900
рет
Рентабельділік % 0,011 17,3 17,3 1472
Капитал табыстылығы 0,004 0,02 0,016 400
Балансты экономикалық оқу барысында келесі қорытынды жасалды:
• Баланстағы Активтің барлық бөлімшелерінің жалпы жиыны Пассивтің барлық
бөлімшелерінің жалпы жиынына тең: А (І+ІІ) = П(І+ІІ+ІІІ)
Біздің баланс бойынша теңдігіміз мынаны құрайды:
Жыл басына 27020000+18700000=39920000+5800000
Жыл аяғына 40790000+33900000=67890000+6800000
• Активтің бірінші бөлімінің жиынын, әдеттегідей, пассивтің бірінші
бөлімінен кем болады: АI ПI
Анализденген кәсіпорында бұл теңсіздік келесідей талданады:
Жыл басына 27020000 39920000
Жыл аяғына 40790000 67890000
• Ағымдағы активтің жалпы суммасы ағымдағы және ұзақмерзімді
міндеттемелердің қосындысынан көп болады: АІІ П(ІІ+ІІІ)
Біздің мысалымыз бойынша бұл теңсіздік келесідей түрге ие болады:
Жыл басына 18700000 5800000
Жыл аяғына 33900000 6800000
• Актив = Өзіндік капитал + Ұзақм мерзімді міндеттемелер + Ағымдағы
міндеттемелер
Жыл басына 45720000 = 39920000 + 0 + 5800000
Жыл аяғына 74690000 = 67890000 + 0 + 6800000
Есеп беретін жылдың ішінде баланс валютасы 3100000 тг. ұлғайды. Бұл
кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігінің өсуін және жағымды бағаны аларлықтай
еңбек еткенін көрсетеді. Сонымен бірге өнімді сатудан кірістің ұлғайуы
көрінеді (1,1%), бұл кәсіпорында қаражатты дұрыс пайдалануының көрсеткіші
болып табылады. Бірақ бұл қаражаттардың көзі ағымдағы міндеттемелер болып
табылатындығын ұмытпауымыз керек.
Жоғарыда көрсетілген есеп айырысудан көргеніміздей осы шаруашылық субъект
аса жедел міндеттемелерді жабудан қаржылық қиыншылық көріп отырған жоқ
(Кесте 2).
Кесте 2
Төлемқабілеттілігінің коэффициентінің есебі
Көрсеткіштер Жыл басына Жыл аяғына Өсу қарқыны
(+ -)
Ақша қааражаты 18700 33900 +15200
Қысқамерзімді міндеттемелер5800 6800 +1000
Төлемқабілеттілігінің 3,2 27100 +27096,8
коэффициенті
Кестеден көріп отрғанымыздай кәсіпорынның анализі 31.12.2005 жылына
жасалып отыр және ол қаржылық қиыншылықтарды сезіп отырған жоқ. Бұл күні
жұмыс күні аяқталғанша өзінің жедел міндеттемелердің 100% жабуға болатынын
көріп отырмыз.
2. СЭМ жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің есп саясаты
Қазақстан Республикасындағы соңғы уақыттарға дейін басқарудың
орталықтандырылған жүйесі болғандықтан дербес есеп саясаты қалыптасқан
болатын. Басқарудың әкімшілдік-әміршіл жүйесі жабылған соң және нарықтық
қатынастарға өтуге байланысты Қазақстанда дамыған нарықтық қатынастары бар
елдерде қолданылатын халықаралық бухгалтерлік есеп саясатын қалыптастыру
үшін жақсы жағдай жасалуда.
Есеп саясаты деп бухгалтерлік есеп жүргізу процесінде және соның
негізінде қаржылық, өнеркәсіптік есеп беруді жасауда қолданылатын
әдістердің, принциптердің, ережелер мен рәсімдердің жиынтығын түсіну керек.
Есеп саясаты негізінде есеп беру ақпаратын нақты пайдаланушылардың
мүдделері жатыр.
Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп
саясатын қалыптастырудың екі деңгейі: әлемдік (жалпымемлекеттік) және
шаруашылық жүргізуші субъектінің қалыптасты. Қазақстанда есеп саясатын
белгілейтіндер мыналар:
1. Мемлекет атынан Қаржы министрлігі және Ұлттық статистикалық
агенттігі. Мемлекет есеп саясатын елімізде біхгалтерлік есебін
ұйымдастыруды реттейтін Салық кодексін, Ұлттық бухгалтерлік
стандарттарды, Бухгалтерлік есептің Бас шоттар тізбегін және оны
қолдану жөніндегі нұсқауларды, бухгалтерлік регистрлер мен
құжаттардың үлгілік мекемеаралық және үлгілік арнайы нысандарын,
басқа да негіздеуші ережелер мен нұсқауларды жасау және өмірге енгізу
жолымен жүргізеді.
2. Кәсіпқойлардың қоғамдық ұйымдары. Бұл Қазақстан Респуб ликасы
Аудиторлар палатасы және Қазақстан Республикасының бухгалтерлері мен
аудиторларының бірлестігі.
Бухгалтерлер мен аудиторларының қоғамдық ұйымдары алдыңғы қатарлы
тәжірибелерін зерделеу және оны Қазақстан республикасында енгізу
мақсатыменбасқа елдердегі бухгалтерлер мен аудиторлардың тиісті халықаралық
ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады.
Халықаралық ұйымдардың арасында ұлттық есеп саясатын жасауға қоғамдық
ұйым болып табылатын Бухгалтерлерінің халықаралық Федерациясы (БХФ) белгілі
деңгейде ықпал етеді. Федерация жанынан қызметін 13 ел мен 4 ұйымның
өкілдері құрайтын және реттейтін Есепің халықаралық стандарттары жөніндегі
комитет (ЕХСК) құрылған. ЕХСК есеп стандарттарын жасайды және оларды
тарату жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. ЕХСК- ден басқа есеп саясатын
қалыптастыруға ТМД елдерінде есеп жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің есеп
мәселелері бойынша ұсынымдары мен келісімдері ықпал етеді. Бұл халықаралық
ұйымының міндеттері ТМД елдерінде есеп халықаралық бухгалтерлік есеп
принциптеріне толығымен мәселелерді үйлестіріп, біртұтас есеп жасауға
көмектесі.
3. Министрліктер, республикалық ұлттық және акционерлік компаниялар,
экономиканың салаларын және ішкі салаларын басқарудың басқа
органдары жалпы мемлекеттік есеп саясатына сәйкес салалылқ (ішкі
салалық) ережелер, нұсқаулар, ұсынымдар жасап, оларда өндіріске
жұмсалатын шығын есебінің ерекшеліктерін және өнімнің өзіндік құнының
калькуляциялануын бейнелейді, шикізат пен материалдардың, дайын
өнімнің, негізгі құралдардыңжәне басқа да активтер мен пассивтердің
есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері ескеріледі.
4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өздеірнің есеп саясатын ұлттық
бухгалтерлік стандарттарға, есеп мәселелері, салық салу, қаржылық
есеп беру бойынша қолданылып жүрген заңдарға негіздеп жасайды.
СЭМ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі
кәсіпорынның директорымен 1 қаңтардан 2000 жылы бекітілген Есеп саясаты
бойынша және төменде келтірілген нормативтік-құқықтық актілер бойынша
жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасының 26 желтоқсан 1995 жылғы №2732
Бухгалтерлік есебі және қаржылық есеп беру туралы заңнамасымен
(20.02.2006 жылы енгізілген №127-III толықтырулар мен
өзгертулермен)
- Бухгалтерлік есеп стандарттарымен
- Бухгалтерлік есеп стандарттарына жасалған методикалық нұсқаулар
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілген 22
желтоқсан 2005 жылы №426 Қаржылық есептің халықаралық
стандарттарына сәйкес жасалған үлгі жоспары.

басқармасында тіркелуі бойынша құрылды.
Серіктестіктің жарғысы қатысушыларының Жалпы Жиналысының енгізген
толықтырулары мен өзгертулермен құрылған.
СЭМ жаупкертшілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының
заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының
Заңнамасына, басқа да нормативті-құқықтық актілеріне, өзінің жарғысына және
Серіктестік қатысушыларының жылпы жиналысының шешімдеріне сәйкес атқарады.
Серіктестіктің Жарғысы бойынша негізгі міндеті пайда табу болып табылады,
ол үшін атқаратын қызметі:
- әкімшілік жайлар мен жалпы пайдаланылатын жайларды жобалау, салу,
жөндеу;
- фитнес клубтардың жұмысын жетілдіру және модернизациялау үшін
инвестициялар құю;
- жылжымайтын мүлікпен кез келген операциялар жасау
Серіктестіктің есеп саясаты өзімен қаржылық, салық және статистикалық
есепті дайындау және тапсыру кезінде пайдаланылатын, Қазақстан
Республикасының нормативті-құқықтық актілерінеде нақты көрсетілмеген, бірақ
Серіктестіктің тәжірибелік іс әрекетінде орны бар қажетті принциптерді,
ережелер мен тәжірибелік нұсқауларды құру және жетілдіруді көрсетеді .
Серіктестіктің есеп саясаты келесі адресаттарға арналған:
- меншік иесіне – қалаған мерзімінде қалаған көлемде
қатысушылардың Жалпы жиналысана арналған
- тіркелген жеріне сәйкес салық инспекциясына – бекітілген көлемде
және бекітілген мерзімінде
- Тіркелген жері бойынша Халық статистикалық агенттігіне –
бекітілген көлемде және бекітілген мерзімінде.
Есеп саясатында көрсетілген мәліметтерді, қаржылық, бухгалтерлік және
салық есебін басқа қолданушыларға көрсету тек Серіктестіктің Бас
директорының рұқсатымен ғана немесе заңнамаға сәйкес келетін жағдайда
(Соттың шешімімен, прокурордың қаулысымен және т.б.) беруге болады.
Серіктестіктің жұмыс барысында есеп саясатына өзгертулер мен толықтырулар
экономикалық және сәйкес ішкі нормативті құжаттармен (бұйрық, Бас
директордың жарғысы) негізделгеннен кейін енгізуге болады.
Есеп саясаты келесі жағдайда ғана толықтыруға және өзгертуге болады:
- Қазақстан Республикасының Заңнамасында өзгертулер енгізілген
кезде;
- Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің Бухгалтерлік
есепті және аудитті методологиялау Департаментімен бухгалтерлік
есепті нормативті реттеуші жүйесінде өзгертулер жасалған кезде;
- Салық органдарымен салық және бюджеттен тыс төлемдерді реттеуші
жүйесінде өзгертулер жасалған кезде;
- Серіктестікті қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығаур,
өзгерту) кезінде;
- есеп беру жылында сезімді қаржылық және материалдық зардап
шеккен кезде есептесу методтарын және бағаларды өзгерту керек
кезінде.
Келтірілген жағдайларда, өзінің артынан сезімді қаржылық және материалдық
зардап шегуге апарып соққан себептерді ашып, оның бағасын және оған
жеткізген жағдайларды көрсетіп, есеп саясатына өзгертулер енгізілуі тиіс.
Осындай жағдайларда Серіктестік жылдық есеп берген кезде түсіндіру хатында
есеп саясатына толықтыруында барлық мәліметті ашу керек;
- есеп және салық саясаттарын өзгертудің себебі;
- есеп беру кезеңіндегі өзгертудің және алдыңғы әр есеп
кезеңдерінің соммасын;
- есеп беру кезеңінің таза табысын және шығынның өзгертудегі
соммасын;
- салыстыру мәліметтеріне енетін есеп беру кезеңінің және алдыңғы
есеп кезеңдерінің өзгерту соммасын;
- әр берілген есеп беру кезеңіне енетін қосымша мәліметтердің
өзгерту соммасын және қаржылық есепке енген мәліметтердің
алдыңдағы кезеңдеріне қатысы бар өзгерту соммасын.
Есеп саясатына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Серіктестіктің Бас
директорымен бекітілуі керек. Серіктестіктің Жарғысы бойынша жоғарғы
басқару органы Серіктестіктің қатысушыларының Жалпы Жиналысы болып
табылады.
Жалпы жиналсының ерекше құзыретіне төмендегілер жатады:
- Серіктестіктің Жарғысын өзгерту,
- соның ішінде Жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жері мен
фирмалық атауын өзгеру
- серіктестің Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.
Жоғарғы орган Серіктестіктің Бас директорын тағайындау және
өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату сонымен қатар Серіктестікті немесе
оның мүлкін сенімді басқармаға беру туралы шешім қабылдау, осындай берудің
талаптарын белгілейді; Серіктестіктің бақылау кеңесін және\немесе тексеру
комиссиясын (тексерушісін) сайлау, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату,
сондай-ақ Серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері
мен қорытындыларын бекітеді. Серіктсетіктің жоғарғы лауазымды тұлғасы болып
табылады, өзіне берілген өкілеттіктер шегінде сенімхатсыз Серіктестіктің
атынан барлық өрекеттерді атқарады: оның мүддесін танытады, мүлкіне өкімдік
жүргізеді, Серіктестіктің мүддесін танытуға құқық беретін, соның ішінде
қайта сеніп тапсыру құқығын беретін сенімхаттар береді, банктерде есеп
айырысу, соның ішінде валюталық шоттарды ашады, өкімдік ету құқығын
пайдаланады, орындауға міндетті бұйрықттар мен өкімдер шығарады.
Қатысушылардың Жалпы жиналысы Бас диреткордың қаржы-шаруашылық қызметіне
бақылау жасау үшін Тексеру комиссиясын (тексерушіні) тағайындай алады
немесе Серіктестікпен (органдарымен) мүліктік мүддеде байланысы жоқ кәсіби
аудиторды тарта алады. Серіктестіктің тексеру комиссиясы (тексерушісі)
немесе аудиторы Серіктестіктің лауазымды тұлғаларынан тексеру кезінде
барлық қажетті құжаттар мен жеке түсініктемелерді беруді талап етуге
құқылы. Тексеру комиссиясы (тексеруші) немесе аудитор қатысушылардың Жалпы
жиналысына тексеру нәтижелерін ұсынады және оған ғана есеп береді.
Статистикалық және қаржы есебі заңнмамен белгіленген нысандар мен
мерзімдерде жүргізіледі. Қаржы жылы күнтізбелік жылдың 01 қаңтарынан 31
желтоқсанына дейін деп белгіленген.
Бас директор Серіктестіктің ағымдағы қызметінің басқарылуын қамтамасыз
етеді. Серіктсетіктің Бас директоры қызметінің кадрлық қамтамасыз ету
мәселелерін қолданыстағы заңнаманың шегінде дербес шешеді, еңбекті
ұйымдастыру нысандары мен әдістерін, еңбекақы мен материалдық ынталандыру,
тарифтік ставкалар мен жалақылардың, қосымша ақылардың, жұмыскерлерге
төленетін сыйақы мен төлемдердің мөлшерлерін, жұмыс күні мен жұмыс
аптасының режімін, жыл сайынғы төленетін және басқа да демалыстардың
көлемі мен берілуі тәртібін белгілейді. Бас директор бас бухгалтерді
тағайындайды; есеп саясатын құруды ұйымдастырады және бухгалтерлік есептің,
есеп берудің және салық есебінің жүйесін белгілейді; сонымен бірге
заңнамаға сәйкес келетін есеп саясатын қабылдауды ұйымдастырады; есеп
саясатында белгіленген талаптардың және ережелердің орындауын қадағалайды.
Бухгалтерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz