Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ

1. Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және тәртібі

2. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

3. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі

4. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі

5. Инкассолық өкімдөрмен есеп айырысу есебі

6. Чектермен есеп айырысу есебі

7. Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны

8. Вексельдермен операциялар есебі

9. Банктік карточкалармен есеп айырысу есебі

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. БАНКТІК ШОТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОНЫ АШУ, ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ЖАБУ ТӘРТІБІ

Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі - есеп айырысу.

Осы есеп айырысу міндеті - қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады. Кәсіпорын және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.

Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттық қатынасты бейнелеу әдісі.

Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу-кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке тұрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдану тәртібі, сондай-ақ банк көрсететін қызмет пен оны төлеу тәртібі. Банктік келісімшарт екі тарап келісетін басқа да шарттарды қарастыруы мүмкін.

Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;
  • мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;
  • жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін - бекітілген ереженің көшірмесі;
  • қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі. Бұл кезде бір данасы банктің операциялық қызметтерінде, ал екінші данасы банк клиентінің іс құжатыңца сақталуы тиіс.

Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар: ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспонденттік) шоттарға бөлінеді. Ағымды және жинақтық шоттар -заңды және жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары, ал байланыстырма (корреспо-нденттік) шоттар - банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелермен банктердің банктік шоттары.

Егер клиент банкте бірнеше шот ашқысы келсе және егер банктік шот алғашқы шот ашылған банкте немесе филиалында ашылса, сондай-ақ құжаттарының толық бар екендігі туралы бекітімі болса, онда банк құжаттарды қайта талап етпеуі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке тұлғаға шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жүмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды өткізетін ұйымдар қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын клиентке банктік шот ашпастан жүргізе алады. 2000 жылы 13 қазанда қабылданған №395 Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдар жасау ережесінде көрсетілген, банктік шот ашпай жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарына, ақша жіберуші мен бенефициардың банктік шоттарды қолданбай, ақша аударымы үшін қолма-қол ақша енгізіп және жіберуші көрсеткен бенефициар1 есебіне қолма-қол ақшасыз тәртіппен немесе банктік шотқа қатыссыз бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы саналады.

Заңды тұлғалар мен оның бөлімшелерінің қолма-қол ақшасыз төлемі және ақша аударымы, олардың банктік шот ашып, салық және бюджетке міндетті төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарнасын төлегеннен соң жүргізіледі.

Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады. Есеп айырысу шотынан көшірме келесі деректемелерден тұрады: клиент аты, есеп айырысу шотының нөмірі, соңғы операция датасы, корреспон-денттік шот нөмірі, құжат нөмірі, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады. Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі.

Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдарына, қолма-қол ақша қабылдауға негіз болатын түбіртек, қолма-қол жарнаға хабарландыру, хабарлама шоттар және басқа да құжаттар қолданылады. Аталған құжаттар төлем қркаттары немесе төлем хабарламалары болып табылады. Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында қабылданады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген төлем хабарламасының нысаны болмаса, алушы-банк бекіткен немесе іскерлік қатынаста қалыптасқан нысанда қабылданады.

Төлем хабарламаларында міндетті түрде келесі деректемелер болуы қажет:

  • төлем хабарламасының аты;
  • төлем хабарламасының нөмірі, күні, айы, жылы;
  • ақша жөнелтуші және бенефициар жеке тұлғаның фами-лиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ақша жөнелтуші немесе бенефициар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса алғандағы толық атауы;
  • ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың дербес сәйкес-тендірілген коды. Жеке тұлғаның дербес сәйкестендірілген коды болмаған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;
  • банк, жөнелтуші және бенефициар банктің ұйымдастыру құқылық нысандарын қоса толық атауы, олардың сәйкестендірілген коды;
  • ақша жөнелтуші коды - «КОД», бенефициар коды - «КБЕ», төлем тағайындауы және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген кодтық белгілеуі;
  • санмен және сөзбен көрсетілген төлем сомасы;
  • салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), егер ақша жөнелтуші немесе бенефициардың дербес сәйкестендірілген коды көрсетілместен аудару жасалатын болса;
  • егер жөнелтуші заңды тұлға болса, оның өкілетті тұлғаларының аты-жөні, қолы, мекеме мөрі. Егер жөнелтуші жеке тұлға болса оның қоры;
  • Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылған басқа да деректемелер. Алушы-банк ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын алады және оны акцептейді. Төлем хабарламасын алу кезінде алушы-банк жөнелтушіге қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті бекітімді береді. Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы-банк бенефициар есебіне ақша аударымдарын жүзеге асыруға міндеттеме қабылдайды, алушы-банк оны Қазақстан Республикасының заң актілері белгілеген мерзімде орындайды. Банктік шот ашпастан орындалған клиенттік төлемдер мен ақша аударымдары бойынша банк комиссиялық сыйақы ұстайды. Егер бұл алушы-банк пен ақша жөнелтуші арасындағы келісімде қарастырылмаса, сыйақы еш уақытта төлем сомасынан ұсталмайды.

Банк ақша жөнелтушіден келесі жағдайларда төлем хабарламаларын қабылдаудан бас тартуы мүмкін:

  • төлем хабарламасы Нағыз ереженің және ақша аударымы келісімінің бекітілген шарттары мен талаптарынан бұрмаланып толтырылса және ұсынылса;
  • аударымды жүзеге асыруға қажетті ақша сомасы жөнелтуші қолында болмаса;
  • төлем хабарламасында санмен және сөзбен көрсетілген соманың банкпен сәйкессіздігі анықталса;
  • Қазақстан Республикасының бекітілген ережелері және ақша аударымы туралы келісімшарттарының талаптары орындалмаған болса.

Банктік шотты ашпастан ақша аударымын жасау үшін алушы-банк және жөнелтуші ақша аударымы туралы келісім жасайды. Сондықтан бір тарап (алушы банк) екінші тараптың тапсырысы бойынша (ақша жөнелтушінің) оған дербес сәйкестендірілген код белгілеместен үшінші тарапқа ақша аударымын жүргізеді. Келісімде қатысушы тараптар аударымды жүзеге асыру тәртібін, соның ішінде комиссиялық сыйақы алу ретін және өз құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін келісуі тиіс. Сондай-ақ банк ақша жөнелтушіні төлемдерді жүзеге асыру тәртібімен және осы қызметті көрсеткені үшін алынатын өзіндік тарифтерімен таныстыруы тиіс.

Ақша аударымын жүзеге асыру үшін жөнелтуші-банк төлем хабарламасы негізінде сәйкес төлем құжаттарын рәсімдейді. Егер банк банктік шоты жоқ бенефициар есебіне ақша қабылдаса, онда ақша қабылдағандығы туралы, банк бекіткен нысанда толтырылған хабарлама жолдау арқылы оны хабардар етуі тиіс.

Егер бенефициардың банктік шоты болмаса, онда ақша ау-дарымы ақша жолдаушының төлем хабарламасына сәйкес, бенефициар банктің бенефициарға қолма-қол ақша босатуымен немесе оның есебіне ақша түсімі кезінде бенефициардың банктік шоты бойынша бухгалтерлік жазу жасалғаннан бастап аяқталған болып саналады. Бенефициар банк бенефициар жеке тұлғаға оның жеке басын куәландыратын құжатымен танысқаннан кейін ғана қолма-қол ақшаны бере алады. Бұл кезде банк оған төлем жүргізілгендігін растайтын және ақша жөнелтушінің төлем хабарламасының шарттарын белгілейтін құжатты ұсынуы тиіс. Бенефициар қолма-қол ақша алу кезінде банктің сәйкес құжаттарына жеке басын куәландыратын құжаттағы аты-жөнін, сондай-ақ алған ақша сомасы мен төлем валютасын көрсетіп, қолын қоюы тиіс.

Бенефициар келмеген жағдайда, банк екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік шоттар жоспарында қарастырылған тиісті банктік шоттарға төлем хабарламасына сәйкес аталған соманы банктің бекітілген ішкі ережелеріне сәйкес есепке алуы тиіс. Егер аударымды жүргізу мүмкін болмаса, ақша жөнелтуші банк және бенефициар банк ақшаны жөнелтушіге қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауы керек.

Аударым қате жүргізілсе, оның сомасы ақша жөнелтушінің банкіне келесі операциялық күннен кешіктірілмей, себептері көрсетіле отырып қайтарылуы тиіс. Қате аударылған сома ақша жөнел-тушінің банктік шоты бар болып, жөнелтуші банкіне қайтарылғанда, сома жөнелтушінің банктік шотына құйылады, ақша жөнелтушінің банктік шоты болмаған жағдайда сома, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есепшот жоспарына сәйкес банктік шотқа есепке алынады.

Ақшаны қайтарған жағдайда банк жөнелтушіні үш банктік күн ішінде хабардар етуі тиіс.

Егер ақша, ақша аударымы қате белгіленуі себебімен қайтарылған болса, онда жөнелтуші банк ақша жөнелтушіні ақшаның қайтарылғандығы туралы хабардар етпеуге құқылы және құжат қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бенефициар банкке төлем құжаттарын тиісті деректемелерімен жолдайды. Егер жөнелтушінің банктік шоты болмаса, онда аударымның қабылданғандығы туралы банк белгісін қойып, тиісті құжаттарымен жөнелтушіге ақша касса арқылы қайтарылады.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк шоттары бойынша шығын операциялары осындай құқыққа ие өкілетті ұйымдардың шешімі негізінде тоқтатылады.

Бұл операциялардың банктік шот бойынша қалпына келтірілуі, өкілетті ұйымдардың банктік шоттағы ақшаны тұтқындау немесе банктік шоттағы шығын операцияларын тоқтату туралы шешімдерін өзгерту туралы жазбаша хабарлауы негізінде жүргізіледі.

Клиенттердің банктік шоты бойынша барлық операция тек олардың келісімдері бойынша жүргізіледі.

Банктік шоттың жабылуы клиенттің шотты жабу себебін көрсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиенті - заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке түлғаларда - үш жылдан аса, овда орындалмаған талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлғаның банктік шотының жабылғавдығы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.


2. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:

  • клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;
  • негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар (1-кесте) .

Жіктелу критерийлері

Қатысушылар кұрамы: Қатысушылар кұрамы
Төлем құралдары: Төлем құралдары
Операцияның атқарымдық бағыты: Операцияның атқарымдық бағыты
Есеп айырысу нысандары: Есеп айырысу нысандары
Қатысушылар кұрамы:

Банкаралық

Клиенттік

Ішкі банктік

Төлем құралдары:

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

Телем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу

Чекпен есеп айырысу

Вексельмен есеп айырысу

Карточкамен есеп айырысу

Операцияның атқарымдық бағыты:

Шот ашу бойынша операциялар

Шот жүргізу бойынша операциялар

Кассалық операциялар

Акцептік операциялар

Талаптарды беру операциялары

Авальді операциялар

Есеп айырысу нысандары:

Аккредитивтік операциялар

Аударым операциялары

Инкассолық операциялар

Клирингтік операциялар

Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі есеп айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:

- аккредитивтік операциялар;

- инкассолық операциялар;

- аударым операциялары;

- клирингтік операциялар.

Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты есеп айырысу операциялары былайша жіктеледі:

- төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;

- чектермен есеп айырысу;

- вексельдермен есеп айырысу;

- төлем карточкаларымен есеп айырысу;

- қолма-қол есеп айырысу.

Атқарымдық негіздеріне, есеп айырысу мәні мен жүзеге асыру кезеңдерше қарай банктің есеп айырысу операциялары былайша бөлінеді:

  • ағымды, мерзімдік есеп айырысу және басқа да шоттар операциялары;
  • әр түрлі шоттарды жүрпзу, қаржыларды өтеу және қосу, сыйақы мен комиссиялық ақылар қосу операциялары;
  • кассалық операциялар (қолма-қол ақшаны қолма-қол емес ақшаға айналдыру операциялары және керісінше) ;
  • тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алуға байланысты акцептік операциялар;
  • төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік, есептік, индоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі) ;
  • банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктің авальді (кепілді тапсырмасының) операциялары.

Банктегі есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол емес төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелеріне» сәйкес реттеледі. Осы ережелерде есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу және есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі көрсетілген.

Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржы аударымдарын жүзеге асыру тапсырыстарын орывдау бойынша операциялар.

Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:

  • төлем тапсырмаларымен;
  • төлем талап-тапсырмаларымен;
  • инкассолық өкімдермен;
  • чектермен;
  • аккредитивтермен;
  • вексельдермен;
  • банктік карточкалармен.


3. ТӨЛЕМ ТАПСЫРМАСЫМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ

Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:

  • құжаттың аты;
  • оны жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі. Күн - санмен, ай - сөзбен, жыл - санмен көрсетіледі;
  • ақша жөнелтуші занды тұлғаның ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;
  • ақша жөнелтуші банктің ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;
  • төлем мәні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген кодтық белгіленуі;
  • санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы;
  • салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі.

«Төлем мәні» бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ «Код -төлем мәні» бөлігінде - төлемнің кодтық белгіленуін көрсетуге міндетті.

Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша аударымына өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады.

Алушы-банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап етуге міндетті. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша төлем тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін көрсетеді.

Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудагы банк міндеттемесі төлем құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны орындаумен байланыстарды шығындар үшін ақша алу құқы беріледі.

Алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеуі үшін, аталған төлем тапсырмасын орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің банктік шотында болуы тиіс. Қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ету ақша жөнелтуші қаржысының есебінен немесе келісімде көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.

Төлем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:

  • алушы-банк акцепт туралы жөнелтушіге хабар жіберсе немесе төлем тапсырмасын төлеу туралы хабарлау жолдаса;
  • алушы-банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны шоттан алса (банктік шотты дебеттейді) ;
  • төлем тапсырмасын алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде алушы-банк акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабарлама алмаса;
  • Қазақстан Республикасының заңдылығымен немесе алушы-банк пен жөнелтуші арасындағы келісімде көрсетілген жағдайларда.

Бенефициар банкте келесі жағдайлардың бірі орын алса, төлем құжаттары акцептелген болып саналады:

  • бенефициар банк акцепт туралы хабарламаны жөнелтушіге хабарласа;
  • бенефициар банк бір кезекте алушы-банк болып саналып, жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны алса (банктік шотты дебеттесе) ;
  • бенефициар банк бенефициардың банктік шотын несиелендіру арқылы бенефициарға ақша аударымын жасаса;
  • бенефициар банктің үш жұмыс күні ішінде жөнелтуші акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабарлауын алмаса;
  • Қазақстан Республикасы заңцылығымен немесе бенефициар және бенефициар банк арасындағы келісімде қарастырылған басқа да жағдайларда.

Төлем құжатының акцепті, егер бұл жөнелтуші және алушы банк арасындағы келісімде қарастырылса, оны қабылдаған кезде жүргізілуі мүмкін.

Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептінен бас тартуы мүмкін:

  • егер жөнелтуші аударым үшін қажетті ақша сомасымен қам-тамасыз ете алмаса;
  • егер төлем тапсырмасында жалған белгілер болса, ол жөнелтуші және алушы-банк арасындағы келісімде белгіленбеген төлемдерден қорғау әрекетін бұзып жолданса;
  • Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол емес төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжат-тарын қолдану ережелері және біздің Республиканың бекі-тілген төлем тапсырмасын құру және ұсыну талаптары, жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы келісімшарттарды жөнелтуші орындамаған жағдайда;
  • Қазақстан Республикасының заңдылығы және келісім талаптары орындалмаған жағдайда.

Егер алушы-банк төлем құжатын акцептеуден бас тартса, онда төлем тапсырмасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жөнелтушіге тиісті жазбаша немесе электронды хабарлама жолдауы тиіс. Ол үшін алушы-банк пен жөнелтуші арасында қарсылық туралы хабарламаны жөнелту тәртібі қарастырылады, бұл кезде хабарламаны жіберу күні акцептен бас тарту күні болып саналады. Төлем кұжатының акцепті мына жағдайларда жүзеге аспайды: - жөнелтушінің банктік шоты тұтқындалған болса немесе Қазақстан Республикасының қолданысташ зандылығына сәйкес оның банктік шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылса;

- егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасындағы көрсетілген деректемелер сәйкес болмаса.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЧЕКТЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ ЖАЙЛЫ
ЧЕКТЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ
Аккредитив ашылатын банктың аты
Корреспондентті шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу
Ішкі банктік чектермен есеп
Бенефициар - ақша алушы тұлға
Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесі
Ақшасыз есеп айырысулардың есебі
Ақша қаражаттары есебінің қолданыстағы тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz