Көмекші өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру


Көмекші өндіріс шығындарының есебі мен аудиті АлматыСтройТранс АҚ мысалында 2008 Диплом жұмысы
М А З М Ұ Н Ы
К і р і с п е
2. Көмекші өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру
2. 1 Көмекші өндіріс шығындарының түсінігі және олардың жіктелуі……17
2. 2. Көмекші өндіріс шығындарының есебі . . . …… . . . 30
2. 3. Көмекші өндіріс шығындарының калькуляциялық бірліктері және олардың объектілері мен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері………38
3. Көмекші өндіріс шығындары есебінің аудиті
- Аудиторлық тексеру жүргізудің мақсаты мен ақпарат көздері . . . 87
- Көмекші өндіріс шығындар есебінің аудиті … . . . 92
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2. Көмекші өндіріс шығындар есебін ұйымдастыру
2. 1 Көмекші өндіріс шығындарының түсінігі және олардың жіктелуі
Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн. 7 “Тауарлы-материалдық қорлардың есебі” атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қантардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:
- пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелгін қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:а) экономикалық элементтер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 7 БЕС-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:
- материалдық шығындар;
- еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
- аударулар;
- құралдардың тозуы;
- басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 7 БЕС бойынша бұларға:
- материалдар;
- еңбекті өтеу;
- ақша аударулар (аударымдар) ;
- қосымша шығыстар.
Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі (2-кесте) :
2- Кесте.
Өндіріс шығындарын жіктеу
рөл бойынша
- негізгі
- қосымша
тәсілі бойынша
- тікелей
- жанама
- бірэлементтік
- кешенді
- өзгермелі
- тұрақты
- ағымдағы
- бір жолғы
(басқару міндеттері бойынша)
- өндірістік
- әкімшілік
- коммерциялық
- өндірістік
- өндірістік емес
- реттелетін
- реттелмейтін
- жалпы
- орта
- өнімге
- кезеңге
Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар) . Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары) .
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады. Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін. Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты) .
Бірэлементтілер - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар) .
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар) .
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т. б. ) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.
1- График.
4000
3000
2000
1000
100 200 300 400
Өндіріс көлемі, бірлік
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе, жалпы өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан.
Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т. б. ) . Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.
Өндіріс көлемі өзгерген кезде, тұрақты шығындар, өзгеріссіз қалатыны көрінеді. Егер өндіріс көлемі 10%-ке азайса, онда жалпы тұрақты шығындар өзгерссіз қалады. Егер өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығындар 300 теңгені құрайды, бірақ тұрақты шығындар өндіріс көлемі бір бірлікке ұлғайса, тұрақты төмендейді. Соған сәйкес өнімнің өзіндік құны да кемиді.
Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.
Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары) .
Біржолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т. б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім - өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлық шығындар.
Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.
Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.
Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді) .
Реттелмейтіндер - деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.
Орташалар - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.
Өнімге - өнімнің өзіндік құнына (тікелей шығындар) кететін.
Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар) .
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау;
- басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
- жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.
Аталған міндеттерді шешуге осы тараудың келесі бөлімдерінде толық қарастырылған шығындарды жіктеу сәйкес келеді.
Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу. Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:
- кіретін және өтіп кеткен ;
- тікелей және жанама;
- негізгілер мен қосымшалар;
- өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс (кезең шығыстары) ;
- бірэлементті және кешенді.
Кіретін шығындар - алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі. Өтіп кеткен шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігін жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.
Мысалы, алып-сату үшін тауар өндірісіне жұмсалған шығындар, егер бұл тауарлар өткізілмесе және қоймаларда сақталса, баланста кіретін (входящий) шығындар болып тіркеледі. Егер бұл тауарлар сатылса, онда бұл кіретін шығындар өткен шығындарға жатқызылуы тиіс, ол тауарларды өткізу нәтижесінде болған шығындар сметасында көрсетіледі. Сонымен, кіретін шығындар “шығындар” терминінің синонимі, болып табылады, ал өтіп кеткен шығындар - “шығыстар” ұғымына ұқсайды. Шығындар - тауарды өткізу нәтижесінде шыққан қаражат, ал шығыстар - кірістер алуға байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың бөлігі. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді. Өнімнің нақты түрін өндірумен нақты жұмысты (қызмет көрсету) орындауға байланысты және тікелей олардың құнына кіре алатын (материалдық шығындар мен еңбекті өтеуге тікелей шығындар) шығындар тікелей деп аталады. Өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін жалпы сипат атқаратын және жасаған кезде нақты өнімге (жұмысқа, көрсетілген қызметке) жатқызу мүмкін болмайтын шығындар жанамаға жатады. Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығыстар, басқару шығыстарын және т. б. жатқызуға болады. Жанама шығындардың ерекшелігі - ауқымды негіз (база) шегінде өзгермеуі (шығындар тұрақты болып қалатын, өндіріс көлемінің белгілі бір аралығы) . Өнім бірлігіне шаққандағы тікелей шығындар мөлшері іс жүзінде өндіріс көлеміне байланысты емес және оны өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігін арттыру, жаңа ресурс және энергия сақтайтын технологияларды енгізу жолымен төмендетуге болады. Шығындар белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді. Өнім өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай өнімдер түріндегі еңбек керек-жарақтары; өндірістік мақсаттағы негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы қосып есептеулерімен және т. б. ) кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды.
Қосымша (жанама) шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады. Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді:
Қосымша (өндіірстік) шығыстар. Бухгалтерлік есепте олар жайлы ақпарат 8100 бөлімшенің 8310 “Көмекші ондіріс”, 1310 “Материалдар”, 3350 “Еңбек ақы”, 1310 “Еңбек ақыдан акдарымдар”, 8410 “Үстеме шығындар”, шотында жинақталады және одан әрі таңдалған қайсыбір бөлу базасына сайма-сай (пропорциональды) бөліну үшін 8030 “Қосымша шығындар” шотында шоғырланады;
Қосымша (өндірістік емес) шығыстар - кезең шығыстары. Бұл шығыстар 7110 “Дайын өнімді (тауарды, жұмысты, көрсетілген қызметті) ” өткізу бойынша шығыстар, 7310 “Сыйақы түріндегі шығыстар”және 7210 “Жалпы және әкімшілік шығыстар” шоттарында ескерілген.
Қосымша өндірістік шығыстарға (жабдықты ұстау мен пайдалануға) майлайтын, ысқылайтын және жабдықты ағымдағы күту мен жөндеуге арналған материал түрлеріне, шығыстар жабдық пен транспорттық құралдардың (заводішілік транспорт) ; амортизациясына жабдыққа қызмет ететін жұмысшылардың әлеуметтік салықтың аударымдары бар еңбекақы шығыстары; коммуналдық (цехтық) шығыстар (электр энергиясына, суға және т. б. ) ; қосалқы өндіріс көрсететін қызметтер, құрал-аспаптар мен керек-жарақтардың қалпына келтіру бойынша шығыстар мен тозу; жабдық жұмысына байланысты тағы басқа шығыстар жатады және олар 8410 “Үстеме шығындар” бөлікшесінің шоттарында ескеріледі. Өндірісті басқаруға шыққан шығыстар (кезең шығыстары) еңбекақыны және өндірістік-диспетчерлік ақпараттың және завод басқармасының әкімшілік-басқару аппаратының еңбегін өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымдарын, өндірісті дайындау мен ұйымдастыру амортизация, өндірістік қажеттілік пен өзі өндіретін жартылай өнімдерді сақтау үшін қолданылатын мүлікті, ғимаратты, үйді ұстау мен жөндеу шығындарын; жақсы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, кәсіби бағдарға және кадр дайындауға жұмсалған шығындар; мүліктің тозуы мен өндірістік бөлімшелерді басқаруға кететін басқа да шығыстар біріктіріледі. Бұл шығыстар кәсіпорын аумағында пайда болады. Қолданыстағы баптар номенклатурасы өндірісті дайындау міндетін атқаруға, ұйымдастырушылық және басқарманың тікелей міндетті іс-қызметтерін жүзеге асыруды топтастырады. Экономикалық мәні жағынан әр түрлі шығындарды бұлайша біріктіру шығыстарды мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және талдауды қиындатады. Пайданы бақылау мен есептеу жүйесін құру, өндірістік емес шығындарға әсер ететін факторларды ашу үшін оларды міндетті іс-қызмет аясын белгілеу бойынша, ал іште-шығын элементтер бойынша топтастыру мақсатқа сәйкес болар еді. Шығындарды жіктеудің таңдалған бағыты шығыстарды пайда болған жерлерінде жайылдырма, бір шектен шығармауға (локализовать), кәсіпорын қызметі бойынша шығындардың мазмұнын ашуға мүмкіндік береді және оларды өнім түрлеріне де, өндірістік шығыстарға да, жұмыс күшін ұстауға да және т. б. бөлу мен қайта бөлу мүмкіндіктерін жасайды. Мысалы, техникалық басқару шығыстарына техникалық қызмет еңбеккерлерін ұстау, олардың еңбекақысын және әлеуметтік салық аударымдары, амортизация техникалық қызмет орналасқан үй мен ғимаратты ұстау мен жөндеу шығындары; жалпы заводтық лабораторияларды ұстау; мүліктің тозуы мен оларды қалпына келтіру шығыстары; өнертапқыштыққа техникалық жетілдіруге және т. б. шыққан шығыстар жатқызылады. Бұл шығыстардың жарым-жартылайын өнім түрлеріне - өнертапқыштық, бұйым конструкциясын техникалық жетілдіруге, бөлуге болады; басқа бөлігінің жеке өндірістік бөлімшелерге қатысы бар және өндірістік қосымша шығыстармен бірге бөлінеді. Кәсіпорынның басқа шығындары сияқты қосымша шығыстар басқару есебінде басқару мақсаттарына байланысты қарастырылады. Біртекті өнім шығаратын кейбір кәсіпорындарда, мысалы, өнеркәсіптің энергетикалық, көмір, мұнай өндіру салаларындағы, барлық шығыстар тікелей болады. Өңдеуші кәсіпорындарда (машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібінде және т. б. ) жанама шығыстар өте елеулі. Осылайша, шығындарды тікелей және жанама деп бөлу өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік және өндірістен тыс (мерзімдік шығындарды немесе кезең шығындары) .
Мұндай жіктеу бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына жауап береді, соған сәйкес өндірілген өнім қорларын бағалау үшін тек қана өндірістік шығындар қосылуы тиіс.
Сондықтан шығындар басқару есебінде мыналарға жіктеледі:
- өндірістік (өнімнің өзіндік құнына кіретін) ;
- өндірістен тыс (есепті кезең шығындары немесе жиі-жиі болатын шығындар) .
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарға тек қана өндірістік шығындар жатқызылады, яғни өткізілген сәтке дейінгі дайын өнім өндірісіне және бітпеген (аяқталмаған) өндіріске байланысты: тікелей материалдық шығындар, әлеуметтік салық аударымдарымен бірге есептелетін еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар; қосымша шығыстар. Өндірістік қорлар материал қорларында, бітпеген өндіріс көлемінде кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім (тауар) қалдықтарында заттандырылған. Кезең шығыстары қорларды бағалағанда есептелмейді, жасалған есепті кезеңдерінде есептен шығарылады. Өткізілмеген өнім мен бітпеген өндіріс қалдықтарында келесі кезеңге көшпейді. Бұл шығындар ұйымның баға саясатында негізгі шешімдер қабылдауда өте маңызды. Бұларға өндірістік емес сипаттағы шығындар: коммерциялық (өнімді өткізуге байланысты), сыйақы түріндегі шығыстар мен жалпы және әкімшілік шығыстары жатқызылады.
Сонымен қатар шығындар бір элементті және кешенді болып бөлінеді.
Өндіріске жұмсалатын біртекті шығындар бірэлементті деп аталады. Бұл белгі бойынша өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), өзіндік құнын құрайтын шығындар мынадай элементтер бойынша топтастырылды: материалдық шығындар; еңбекті өтеу шығындары; аударымдар (әлеуметтік салық), қосымша (өндірістік) шығыстар; Соған орай, бұл кәсіпорында қосылғыштарға бөліп орналастыруға келмейтін шығындар бірэлементті деп аталады. Кешенді шығындар бірнеше экономикалық элементтерден тұрады. Іс жүзінде барлық элементер кіретін цехтық (қосымша) шығыстар үлгі болады. Мысалы, жоғары дәрежелі автоматтандырылған кәсіпорындарда еңбекақы аударымдарымен бірге өзіндік құн құрылымында 5% құрайды. Әдетте, мұндай кәсіпорындарда тікелей еңбекақы бөлінбейді, оны «қосылған шығындар» деп аталатын жеке бапта өндірісті басқару мен қызмет ету бойынша шығыстармен біріктіреді.
Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу.
Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:
- өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты - өндіріс (сату) көлемінің өзгеру әсеріне байланысты;
- бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;
- қайтарымсыз шығындар (өткен кезең шығындары) ;
- жүктелген шығындар (немесе кәсіпорынның пайдалана алмаған пайдасы) ;
- жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;
- өсетін және шекті шығындар мен кірістер.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлеміне тура сайма-сай өзгереді. Олар ұйымның іскерлік белсенділігіне байланысты өндірістік емес сипатта болады. Өзгермелі өндірістік шығындар өнімнің өз құнын сипаттайды, өйткені нарықты (тұтынушының) объектінің құны емес, өнімнің құны мен оны тұтынуға кететін өзіндік шығындар қызықтырады. Материалдық шығындар, еңбекті өтеу үшін тікелей шығындар, қосалқы материалдар мен сатылатын жартылай өнімдерге шыққан шығындар өндірістік өзгермелі шығындарға үлгі болады.
Өндірістік емес шығындарға мыналар жатады:
- Дайын өнімді тұтынушыға тиеу үшін буып-түю, орау шығыстары;
- Сатып алушы орнын толтырмайтын көлік шығыстары;
- Делдалға тауарды сатқаны үшін комиссиялық сыйақы.
Бұл шығындар тікелей сатылым көлеміне байланысты.
Өндірістік тікелей шығындар іскерлік белсенділікке байланысты емес, сондықтан оны тұрақты деп атайды. Бұл шығыстар-жарнамаға, жалға төлемдеріне негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясына және т. б. Тұрақты шығындар уақыттың белгілі бір кезеңі ішіндегі өндірістің (өндірістік қызмет) әр түрлі ауқымы үшін өзгеріссіз қалады. Жартылай өзгермелі шығындар-бұған тұрақтылар да, өзгермелі құрамдас бөліктер де кіреді. Мысалы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жоспарланған (тұрақты) шығындардан тұратын жартылай өзгермелілерден құралады, олар өндіріс көлеміне тікелей тәуелділікте болатын өзгермелі шығындар мен кез келген өндіріс көлемінде жүзеге асады.
Қайтарылмайтын шығындар (өткен кезең шығындары) - бұрын қабылданған шешім нәтижесінде пайда болған, өткен кезеңнің шығындары және оларды болашақта жаңа басқару шешімдерімен өзгерту мүмкін емес. Шешім қабылдаған кезде қайтарылмайтын шығыстар мен есепке алынбайтын шығыстар түсінігін айыра білу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz