Инвестицияландыруға қатысу сипаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға
тиіс.Біз мұны ұлтымызбен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда
ғана істей аламыз деп Елбасымыз өзінің Қазақстан экономикалық, әлеуметтік
және саяси жедел жаңару жолында атты Қазақстан халқына жолдауында ерекше
атап өтті.
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы экономикасының
деңгейін көтеретін тиімді локомотив, ол – инвестициялық салымдар.
Қазақстан сияқты дамушы ел үшін инвестициялық салымдар – ол
еліміздің экономикасын аяғынан тік тұрғызатын бірден – бір құрал болып
табылады.
Негізінен, инвестиция термині латынның investire – жұмылдыру
сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде
кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі
тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз
қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар,
қондырғылар, өндіріс – материалдық запастар және т.б.) таза
инвестицияландыру деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген
құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу
инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни, біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады.
У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды : Нақты инвестицияларға
әдетте қандайда бір материалдық – көрнекті активтер түріне инвестициялау
кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Ал, В.Бочаров
инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсіндіреді.Ал,
В.К.Родостовец : инвестиция – экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы
қарқынын қалыптастыруды , ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктерін
енгізуде, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактордеп жазды.
Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар инвестиция туралы өздерінің
анықтамаларын қалыптастырды. Мысалға, Қ.К.Кеулімжаев: инвестиция – бүгінгі
күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни кпиталды
қандайда бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни
алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу
болып табыладыдесе, Мейірбекұлы: инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай
отырып, болжанылған нәтижеге жетуге болады деп қысқаша түсіндірді.
Енді, осы анықтамалардан қортынды шығарсақ, меніңше инвестиция –
бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің
(қаржылардың) барлық түрлері.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Қаржылық инвестициялар
есебідеп аталады. Және мен осы курстық жұмысымды жазу барысында көптеген
әдебиеттерді пайдаланып, тақырыбымды ашуға тырыстым. Ол екі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлім практикалық, екінші бөлім теориялық жағынан
қамтылған. 1 бөлім кіріспе орнына берілген, онда инвестиция ұғымы туралы
айтылады және оның жіктемесі беріледі. Сонымен қатар, инвестицияның
экономикалық маңызы туралы, кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен
стратегиялары нақтыланып жазылған. Ал, инвестициялық қызметтің мәні мен
принциптері де осы бірінші бөлімнен орын алған. 2 бөлім Қаржылық
инвестициялар есебі деп аталады. Бұл бөлімнен сіздер күрделі қаржылық
жұмсалымдар туралы, қаржылық инвестициялардың түсінігі мен олардың
корреспонденцияларын көріп, қаржылық инвестициялардың қайта бағалануы
туралы мағұлматтар аласыздар.

I.Инвестицияның ұғымы және жіктелуі.

1. Инвестиция түсінігі.

Инвестиция – қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі
кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің
шеңберінде жалпы капиталдық салымдар деген түсінік қолданылатын, осы
түсінік бойынша жаңа құрлыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп
отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрлысқа
(өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайдалар,
акциялар және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік, қызмет обьектісіне салынатын интелектуалды
бағалықтар, несиелер, кез – келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және оның бәрі – пайда табумен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету
мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын
келеді.
Инвестиция – бұл ақшаны оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге арта отырып, орналастыруға болатын кез
–келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма
– қол ақша құнының инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай табыс
әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторларымен айрықшаланатын әр
түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық
міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен ;
қысқа немесе ұзақ мерзімге тікелей және жанама.
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізінде түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мыналар қолданады:
1) Инвестициялардың түрлері;
2) Ақша құралдарын салу обьектілері;
3) Инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) Инвестицияландыру кезеңі;
5) Меншік түрлері.
6) Инвестордың қатысу түрлері;
7) Тәуекел дәрежесі;
8) Ұдайы өндіріс түрлері;
1.Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
• ақша құралдары, салымдар, пайдалар, акциялар және басқа да құнды
қағаздар;
• жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• авторлық құқықпен тәжірибемен және интелектуалды құндылықтармен
байланысты мүліктік құндылықтар;
• жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану және де басқа да
мүліктік құқықтар;
•қандайда бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу - хоуемес)
ұйымдастыруға қажетті құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде
рәсімделген техникалық, технологиялық, комерциялық сауаттылық,
2. Құралдарды салыну обьектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
•нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды салынуы, яғни нақты
инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын
қарастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын
салым.Материалды активтер – ғимарттарға, станоктарға, қосымша
материалды бұйымдар, дайын өнімге айналдырылған құралдар;
•материалды емес активтер – лицензиялардың,патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
•қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктік салымдар.
3. инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар
келесі түрлерге бөлінеді:
• тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын
салу обьектісін таңдауда инвестордың тікедей қатысуы қажет
етіледі.Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық
кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын – ала жүретін инвестициялық
зерттеулерге, инвестицияландыру обьектілерін жобалау мен тұрғызуға,
дайын өнім өндірісіне;
• жанама, бұл ақша құралдарын, өз қалауынша , неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар
арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар)
жүзеге асады.Мұндай делдалдар инвестицияландыру обьектілерін басқаруға
қатысты, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі.Тұтас
басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салымдарды портфельдік деп те
атайды.
4.Инвестицияландыру кезеңдері бойынша инвестицияларды мынадай
кезеңдерге бөледі:
• қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттары);
• ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп;
5.Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
•азаматтардың, мемілекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• мемілекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің
бюджет көздерінен қаржыландырады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе
шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін
иелену(шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
• инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық
жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті облигация арқылы немесе басқа
да құнды қағаздар түрінде алу:
• табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да
мүліктік концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тәуекелсіз инвестициялар.Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа
мерзімді облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар
бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз
қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі сандарды
бағалау ретінде қолданылады;
• тәуекелді инвестициялар.Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе
белгісіздік дәрежесі, мысал, уақыт, салым обьектісі сияқты факторларға
тәуелді.Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс
істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландыру мерзіміне және жобаның
масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің
дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады
(жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін
кеңейту, мелекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.).Дәрежені бағалау
критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы
мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік
табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвеститцияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
• жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып
жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
• шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорвндардың кеңеюі - өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс
кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет
етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
• шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру- моральды тұрып
қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы
жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсаты мен өндірісті толық
немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
• Техникалық қайта қамтамассыздандыру- жекелеген цехтардың,
өндірістердің, учаскілердің өндірісінің техникалық- экономикалық
деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының
және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде
салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің
мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немес процент алу болып
табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немес
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерелер (кәсіпорындар) оны
өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын – ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және
ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша:
қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субьектінің табыс алу мақсатында
пайдаланылатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивиденттер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да
олжалар(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай – ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жалжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып, бағалы (құнды )қағаздар да саналады. Барлық
бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі (капиталды)
болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа )беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәләндіру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға - құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялау) талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа
адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар – белгілі адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы
емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
- ордерлік бағалы қағаз – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның
бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген
тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп – индоссаментке жазып
береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғаны ған емес сонымен бірге, оның
жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты
оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың
негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмтент өз міндетіне алады. Бұл
кімнің эмитенті екеніне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер
жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялар
тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік(Үкімет пен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару
органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субьектілердің жарғылық каиталын қалыптастыру немесе қаржылық
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажетті қаражатты тарту мақсатымен
қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акция,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.)болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылумен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен
сауда операциялар бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды
нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлуі
мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес
айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы
мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға көше алмайды,
яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды
шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің
өзі ғана сатып алады. Сондай – ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да
бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және сау
мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдың бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз – қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы
мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекетету мерзімі – бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі көлем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам
мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай – ақ инвестициялық бағалы
қағаздар болуы мүкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар,т.б.) және негізгі
бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты бағалы
қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып
алу құықығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына
сәйкес басқа да белгілер бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын
және қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әртүрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификацияланудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуекелдігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын
бір компанияның акцияларына салды делік.Бұл жағдайда ло акция курсының
нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары
бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы
неғұрлым аз ауытқитын біршама компаиялардың акциясына тәуелді болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың обьектілері ретінде
әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты
түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін.
Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау
өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін тап сондай
тәуекелдіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы
қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алу
тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар
типін.Инвестор инвестициялық мақсатына тәуеді белгілі бір типтерді
қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип -
өсім қоржыны, екінші тип – табыс қоржыны.
Инвестиция – экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ
мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен
акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше
роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен
кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы
инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын
ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті
әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастырумен, валютаның бағамдық
пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді
несиелерді тертудың қиыншылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелермен
байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси
тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық
инвестициялар техникалық – экономикалық есептеулер жасалған соң және сол
инвестицияланатын обьектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып,
жүзеге асырылады.

1.2.Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен стратегиясы.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты – бұл кәсіпорынның шаруашылық
қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып
отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті процесс, себебі инвестициялар
өзінің экономикалық табиғаты жағанан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы
тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс
кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау
төмендегілерге байланысты:
• кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
• жалпы даму стратегиялары;
• инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
• құралдардың салу обьектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығы.
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз
бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы
болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды
үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір
стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені
және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға
бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды
іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асуы
тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті
білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және
жекелеген сегменттер аралығындағы коньюнктурасын болжауға негізделген. Бұл
стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегияся шеңберінде
қалыптасып,онымен мақсатты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі.
1 – кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен
үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әртүрлі кезеңдеріндегі нақтыланған ұзақ мерзімді
мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда
көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын
ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын
төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және
т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы
бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіркеледі
және бұл бәсекелестік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әртүрлі
экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.

1 – кесте.
Сатылары
стратегПайда болуы өсуі жетілуі Ескіруіпайда болуы
иясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таза инвестиция - негізгі капиталмен амортизация қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция
Инвестициялардың жіктелуі
Инвестицияның қатысу сипаты бойынша инвестицияның түрлері
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі
Инвестициялық бизнес - жоспар
Ақшалай бағалы қағаз
Инвестициялар мәселесі және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестициясының есебі
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Пәндер