Өндіріс циклындағы сәйкестікті тексеру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Өндірістік цикл аудиті

Жоспар:

1. Өндіріс цикл шоттарының байланысы
2. Өндіріс циклындағы сәйкестікті тексеру
3. Ішкі бақылау жүйесін тестілеу
4. Мүмкін аналитикалық процедуралар
5. Маңыздылық бойынша тексеру

1. Өндіріс цикл шоттарының байланысы

Өндірістік цикл өткізу үшін өндірілетін материалды құндылықтармен
байланысты. Оны тексеру өте күрделі еңбекті көп қажетсінеді. Аудиторлық
дәлеледер көздерінің көп бөлігі болып экономикалық субъектінің өзімен
құрылған ішкі құжаттар табылады және бұл құжаттар оның аудиттегі құндылығын
төмендетеді. Сондықтан тексеруді сәтті жүргізу үшін аудитордың клиент
бизнесінің ерекшеліктерін, оның өндірістік процесінің мәнділігін жеткілікті
түсінуі, сондай-ақ цехтардағы өндірістік процеспен, қоймалар мен басқа да
өндірістік мекемелермен танысуы әсіресе маңызды болады.
Өндірістік процесс мәнділігін төмендегі мәліметтер арқылы түсініп
білуге болады.
Өнім өндірудің технологиялық процесінің күрделілігіне байланысты
өндіріс жай және күрделі болып бөлінеді. Жай өндіріс – бұл өнім өндіру және
өңдеудің бірыңғай үзіліссіз процесі болып саналады (мысалы, көмір өндіру,
энергия және бу өндірімі). Жай өндіріс әдетте қысқа циклды болады және оның
аяқталмаған өндірісі болмайды.
Күрделі өндірісте өнім өндіру процесі бірқатар жеке өзіндікм
өзгертулерден, өткелектерден (ауысулардан), кезеңдерден және сатылардан
тұрады. Мысалы, тоқымалық, аяқ-киім, машина жасайтын, етті және т.б.
Күрделі өндірістің әдетте аяқталмаған өндірісте қалдығы болады.
Өнеркәсіптік өндіріс негізгі өнім өндірісінің рөліне байланысты
(тағайындалуына байланысты) негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі өндіріске өнім дайындауға арналған және оны шығаруға кәсіпорын
(мекеме) құрылған өндіріс жатады.
Өнеркәсіптің түрлі салаларында негізгі өндіріс наменклатурасы әртүрлі
болады. Мысалы, негізгі өндіріске жатады: металл өңдеу кәсіпорынында – құю,
темір соғатын, механикалық, жинау цехтары; металлургиялық кәсіпорында –
домналық, мартен, прокат және т.б.
Көмекші өндіріс деп – негізгі өндіріске және жалпы кәсіпорынға
түгелдей қызмет көрсететін өндірісті айтады. Қызмет көрсету құралдарды
дайындау немесе жөндеу, жабдықтарды, ғимараттарды жөндеуде және т.б.
көрсетіледі.
Көмекші өндіріс қатарына жатады: құралдық, механикалық-жөндеу, құрылыс-
жөндеу цехтары, электростанция, бу жіберетін, компрессорлық станция,
автокөлік және т.б.
Көмекші өндіріс өнімдерінің (жұмыс, қызмет) бір бөлігі шетке
көрсетілуі мүмкін.

Өндірістік циклға жататын бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі және
олардың арасындағы өзара байланыс 1-суретте келтірілген, бағдаршалармен
тексеру бағыты көрсетілген.
Шоттардың көрсетілген өзара байланысы шығындар құрамын, шығыс
шоттарына апарылуын және олардың жабылуын көрсетеді. Осылайша, өндіріске
шикізаттардың, материалдардың жіберілуі, еңбекақыға кеткен шығындар,
демалыстарға төлем резервтерін есептеу, еңбекақыдан әлеуметтік салыққа
аударымдар, үстеме шығындардың есептен шығарылуы негізгі өндіріс шоттарына
және шығындардың бір бөлігі кезең шығындары шоттарына жатқызылады. Есеп
беру кезеңінің соңында негізгі өндіріс шоттары дайын өнімнің өзіндік құнына
жатқызылады, ал кезең шығындары 5441 Жиынтық табыс (зиян) шотымен
жабылады.

2. Өндіріс циклындағы сәйкестікті тексеру

Сәкестікті тексеру ішкі бақылау жүйесінің сапасын тестілеуге және
мемлекетте қабылданған нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкестігіне
бағытталған. Өнім өндіру циклының негізгі нормативті-құқықтық құжаттары 2-
кестеде келтірілген.

2. Өндіріс циклын реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар

№ Құжат атауы
1 2
1. ҚР-ның Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) №409-1, 13-бөлім Меншік
құқығын алу, 1999 ж.
2. Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер ҚР-ның
кодексі, №209-2, 12.06.2001ж. (өзгертулер және толықтырулармен,
22.10.2004 ж.)
3. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР-ның кодексі, №155-2,
30.01.2001 ж. (өзгертулер және толықтырулармен, 06.07.2004 ж.)
4. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР-ның заңы,
№2732, 26.12.1995 ж. (өзгертулер және толықтырулармен, 11.06.2004 ж.)
5. Қаржылық есептілікті беру 30 Бухгалтерлік есеп стандарты, №14
ҚР-ның қаржылық министрінің бұйрығы, 17.01.2003 ж.
6. Тауарлы-материалды қорлардың есебі 7 Бухгалтерлік есеп стандарты,
№3 ҚР-ның ұлттық комиссиясының бухгалтерлік есеп бойынша қаулысы,
13.11.1996 ж. (ҚР-ның қаржы министрінің бұйрығымен енгізілген
өзгертулер және толықтырулармен, №27, 28.01.2003 ж.)
7. 7 Стандартқа әдістемелік ұсыныстар: БЕ және АДМ бұрығы, 21.05.1997 ж.
8. Шетел валютасындағы операциялар есебі 9 Бухгалтерлік есеп
стандарты. №3 ҚР-ның ұлттық комиссиясының бухгалтерлік есеп бойынша
қаулысы, 13.11.1996 ж. (ҚР-ның қаржы министрінің бұйрығымен
енгізілген өзгертулер және толықтырулармен, №390, 28.08.2002 ж.)
9. 9 Стандартқа әдістемелік ұсыныстар: БЕ және АДМ бұрығы, 21.05.1997 ж.
(ҚР-ның қаржы министрінің бұйрығымен енгізілген өзгертулер және
толықтырулармен, №44, 05.02.2003 ж.)
10. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 24 Бухгалтерлік есеп
стандарты.ҚР-ның қаржы министрлігінің БЕ және АДМ бұйрығы, №455,
31.12.1997 ж. (ҚР-ның қаржы министрінің бұйрығымен енгізілген
өзгертулер және толықтырулармен, №101, 11.03.2003 ж.)
11. 24 Стандартқа әдістемелік ұсыныстар: №47 БЕ және АДМ бұрығы,
06.03.1998 ж. (ҚР-ның қаржы министрінің бұйрығымен енгізілген
өзгертулер және толықтырулармен, №44, 05.02.2003 ж.)
12. Тауарлы-материалды қорларды алуға сенім хат беру және оларды сенім
хат бойынша жіберу тәртібі туралы Әдістемелік ұсыныстар, №41,
06.03.1998 ж.
13. Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға шығындар
есебі 29 Бухгалтерлік есеп стандарты. №210 ҚР-ның қаржылық
министрінің бұйрығы, 19.05.1999 ж. (ҚР-ның қаржы министрінің
бұйрығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен, №558,
04.11.2002 ж.)
14. 29 Бухгалтерлік есеп стандартына әдістемелік ұсыныстар: №485 ҚР-ның
қаржы министрлігінің бұйрығы, 07.09.1999 ж.

Өндіріс процесі кәсіпорынның шаруашылық қызметінде негізгі болып
саналады, яғни өндіріске кеткен шығындардың есебі мен аудиті – бухгалтерия
жұмысы мен аудиторлық тексерудің жауапты учаскісі. Сондықтан аудитор
берілген циклды тексеру кезінде өндіріске қатысты қолданылатын бақылау және
дайын өнімді жөнелту мен шикізат қорларының сақталу тәртіптерін түсінуі
қажет. Осындай ақпаратқа негізделе отырып, аудитор кәсіпорында нақты
шаруашылық операциялар бойынша бақылау саясаты мен тәртіптерінің дұрыс
әзірленгендігі мен қолданылатындығын анықтайды.
Ішкі бақылау құрылымын зерттеу процесімен қатар аудитор бақылауды
тексеруді де жүргізе алады және соның негізінде бақылау тәртіптері тиімді
қызмет ететіндігі және Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативті-
құқықтық құжаттарға сәйкес дұрыс құрастырылғандығы жайлы дәлелдер ала
алады. Мұндай дәлелдер аудиторға аудиттің сәйкес мақсаттарына қатысты
максималды (ең жоғарғы) деңгейден төмен болатын бақылау тәуекелдігі
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әкімшілікпен жүргізілетін тексеру,
егер ол тиімді болса, өнімге кеткен шығындарды есептеудің толықтығы мен
дәлдігін көрсететін фактілерді алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аудитор
тексерудің қаншалықты егжей-тегжейлі екендігін және оны жүзеге асырушы
тұлға маңызды бұрмалау таба алатындығы-алмайтындығын ескереді. Сондықтан
мұндай жұмыс бухгалтерияның материалды бөлімшесінің жұмысымен танысудан
басталады.
Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі әкімшіліктің қойылған
мақсаттарға сәтті жетуге толық сенімділігі үшін жасап дайындалған
процедуралар мен әдістемелерден тұруы мүмкін екендігі белгілі болуы керек.
Солайша, мысалы, өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін
кәсіпорын, әдетте, есеп саясаттындағы бағалаудың негізгі тәсілдері мен
таңдалған әдістерін бейнелейді. Бұл жағдайда есеп саясаты келесідей
аспектілерден тұруы қажет:
• тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері, ол барлық ТМҚ-ға
бірдей болуы керек;
• алғашқы құжаттар тізімі, олардың негізінде өнімді өндіру процесі
бухгалтерлік есепте тіркеледі;
• өндіріс циклы бойынша құжат айналымының басшылық бекіткен графигі;
• ТМҚ-ды істен шығару тәртібі;
• ТМҚ-ды түгендеу тәртібі мен мерзімі;
• ТМҚ-дың жіктемесі, бухгалтерлік есеп регистрлары және аналитикалық
есепті ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы ішкі бақылау процедуралары мыналар болуы мүмкін:
• міндеттемелерді баламалы (адекватты) бөлу;
• санкциялаудың тиімді процедураларының болуы;
• құжаттау және есеп жазбалары;
• тауарлы-материалдық қорларды нақты бақылау;
• тәуелсіз тексерулерді ұйымдастыру.
Міндеттемелерді баламалы бөлу. Кәсіпорын басшылығы жасаған және
бекіткен ішкі бақылау саясаты мен процедураларын зерттеу кезінде, аудитор
кәсіпорындағы міндеттер жұмысшылар арасында қалай бөлінгендігі жөнінде
ақпарат алады. Мысалы, материалды жауапкершіліктің бөлінуі және
бухгалтерлік есептің жүргізілуі (бухгалтерлік есептің жүргізілуі материалды
жауапты тұлғаға жүктелмеуі керек); санкциялауды шаруашылық операцияларды
жүзеге асыруға және тауарлы-материалдық қорлар бойынша материалды
жауапкершілікке бөлу.
Санкциялаудың тиімді процедураларының бар болуы. Ішкі бақылау
жүйесінің тиімді болуы үшін әрбір шаруашылық операция сәйкес жағдаймен
шешілген болуы керек. Бұл үшін кәсіпорында санкциялаудың ережесі және
белгілі бір шаруашылық операцияларға рұқсат ететін нақты тұлғалардың
уәкілеттігі реттеледі. Мұндай ақпарат әдетте қызметтік нұсқауларда
жазылады.
Құжаттау және есеп жазбалары. Яғни, бұл – Бухгалтерлік есеп
стандарттары, Шоттардың типтік жоспары, Есеп саясаты және есеп жүргізудің
ережелері мен қағидаларын сипаттайтын басқа да әдістемелік басқармалар
негізінде құрылған құжаттау мен есеп жүргізудің сапалы жүйесін білдіреді.
Өндіріс циклындағы ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруда маңызды рөлді
тауарлы-материалдық қорлардың есебі бойынша құжат айналымының графигі
алады.
Құжаттаумен айналысатын персоналға сауалнама жүргізу арқылы аудитор
құжат айналымы графигімен кәсіпорынның барлық қызметтерінің таныс екендігін
және оның орындалып жүргендігін біле алады. Графикпен таныс қызмет тұлғалар
құжаттаудың уақтылы және дұрыс толтырылуына жауапты болады. Бухгалтерлік
қызметті ұйымдастыру 24 Стандартында көрсетілген: Құжат айналымының
сақталуына, сондай-ақ құжаттың уақтылы және сапалы құрылуына, оларды
бухгалтерлік есеп пен есептілікте көрсету үшін уақтылы тапсыруға,
құжаттардағы берілген мәліметтердің дұрыстығына осы құжаттарды құрған және
оған қол қойған тұлғалар жауапты болады49.
Құжат айналымы графигінде мыналар қарастырылады:
• құжаттар тізімі, ұсыну мерзімі мен даналарының саны;
• құжатты толтыру жауапкершілігі жүктелген орындаушылар тізімі;
• құжаттардың кәсіпорын ішіндегі қозғалысы.
Өндіріс циклының бухгалтерлік құжатталуын зерттеу кезінде аудитор
құжаттау мен есеп жүйесінің сапасын тексеруі керек. Ол ҚР-ң Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңына сәйкес келесідей негізгі
аспектілер негізінде құрылуы керек:
• бухгалтерлік жазбалар алғашқы құжаттардың түпңұсқаларымен бекітілген
болуы керек;
• құжаттар мен жазбалар үзіліссіз кезекпен нөмірленуі керек;
• барлық операциялар мен оқиғалар орындалған сәтінде хронологиялық
кезекпен тіркелуі тиіс;
• синтетикалық есеп мәліметтері аналитикалық есеп мәліметтеріне сәйкес
болуы керек.
Активтер мен қорларды нақты бақылау. Мақсаты – тауарлы-материалдық
қорлар мен сәйкес құжаттардың сақталуы үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау.
Тәуелсіз тексерулерді ұйымдастыру. Туелсіз тексерулер жазылған
ережелердің сақталуын бақылау мақсатында жүргізілетін процедуралар болып
табылады.
Әрі қарай аудитор бақылау тәуекелдігін төмен деп бағалау үшін саясат
пен процедуралар тиімділігінің қосымша дәлелдерін алу керек-керек
еместігін, содан соң мұндай дәлелдерді алу мүмкін бе және керек пе, соны
талдайды. Егер солай болса, аудитор әдетте аудиттің нақты мақсаттарына
қатысты, яғни көп жағдайда қорлардың толықтығына, нақтылығы мен қолда
барлығына, өнімнің өзіндік құны мен өндірістік шығындарға қосымша тексеру
жүргізеді.
Өндірістік циклдың шаруашылық операцияларының құрамы мен саны әдетте
өндірістік процестің күрделілігіне байланысты болады. Өндірістік циклдың
қарапайым операцияларына мыналар жатады:
• шикізаттың (материалдың) өндіріске болсатылуы;
• еңбекақыны есептеу мен төлеу;
• дайын өнімнің өзіндік құнын құру;
• дайын өнімді шығару және оны орналастыру;
• шикізат пен дайын өнімді сақтау.
Әрі қарай сәкестікке тексеру жүргізуде біз ішкі бақылауды өндіріс
циклының негізгі төрт құраушылары бойынша қарастырамыз.
Шикізаттың (материалдың) өндіріске босатылуы. Өндірістік цикл
операцияларының бухгалтерлік есеп жүйесі мен оларға қолданылатын бақылау
процедураларын зерттей отыра, аудитор ең алдымен кеткен өндірістік
шығындардың рұқсат етілгендігін, нақты тіркелгендігін және есептелгендігін
кепілдейтін процедураларды қарастырады. Бақылаудың бұл мақсаттары аудиттің
мақсаттарымен, нақтылап айтқанда: толықтықпен, нақтылықпен және өндірістік
цикл шегінде, біріншіден, шикізат қорларының, аяқталмаған өндіріс пен дайын
өнімнің, екіншіден, өткізілген өнімнің өзіндік құнының бар болуымен тығыз
байланысты. Аудиторды жоғарыда айтылған аудиттің мақсаттарымен еш байланысы
жоқ процедуралар қызықтыруы мүмкін.
Кәсіпорын қоймаларындағы шикізат пен материалдардың бар болуы өндіріс
қажеттілігіне тәуелді болады. Бұл үрдісті басшылық үнемі бақылап отыруы
керек. Өндіріс пен қорлар туралы мәліметтерде қатенің болуы дұрыс емес
шешімдердің қабылдануына әкеледі. Мысалы, қорлар туралы қате мәліметтер
сатып алулар мен өндірістік бағдараламаларға қатысты қате шешімдерді
қабылдауға әкеледі. Қорлардың көп болуы оны сақтау бойынша ағымдағы
шығындарды өсіреді және олардың ескіру тәуекелдігін жоғарылатады. Қорлардың
аз болуы олардың жетіспеушілігіне, өндірістің тұрып қалуына және
жоғалтуларға әкеледі. Қор деңгейін бақылаудың тиімді процедуралары бизнесті
басқаруда әкімшілік қолданатын есептік және басқа ақпараттарда қатенің болу
мүмкіндігін азайтады, сөйтіп басқарудың тиімді болуына септігін тигізеді.
Өндірістік процестегі графикті құру мен жоспарлаудың рөлін түсінетін
аудитор өнімнің өзіндік құны және қорымен байланысты бақылау тәуекелдігін
тиімдірек бағалай алады. Материалдарды босатуды бақылауды ұйымдастыру мен
жүзеге асыру ішкі бақылау жүйесінде бірнеше шаралардың болуын талап етеді.
Мысалы, қойма жұмысшыларында бас бухгалтермен келісе отырып бекітілген,
материалдарды талап етуі мүмкін тұлғалардың тізімі мен қолдарының үлгісі
болуы керек.
Материалдарды босатуды, сондай-ақ пайдалануды бақылаудың қажетті шарты
болып нормалар табылады. Оларсыз материалдар шығынын есептеу, олардың
жұмсалуын бақылау, өнімніңм өзіндік құнын төмендету мүмкін емес.
Шикізаттар мен материалдар өндірістік процеске санкцияланған накладной
негізінде жіберіледі. Кез-келген жағдайда материалдардың мұндай қозғалысы
рұқсат ету құжатымен тіркелуі керек.
Көптеген өндірістерде материалдар, құжаттардың рәсімделуіне тәуелсіз,
лимит бойынша босатылады. Ішкі бақылаумен осындай лимиттер мен
нормативтердің саны мен сапасын, олардың есептелу дұрыстығын анықтайтын
талдау жасалуы тиіс. Мұнда, сондай-ақ, цехтардың айдың басында жұмсамаған
материалдарының қалдықтары да ескеріледі. Материалдарды босату лимитін
әдетте жоспарлау бөлімінің есептеулерін пайдалана отырып жабдықтау бөлімі
бекітеді.
Еңбекақыны есептеу және төлеу. Еңбекақыға шығындар аналитикалық шоттар
бойынша еңбекақыны төлеу құжаты немесе өнімді шығару туралы есеп берудің
негізінде бөлінеді. Өндірістік немесе мерзім шығындарына жатқызылатын
жұмысшыларға кеткен жалпы шығындар, олардың сәйкес шоттарға апарылғандығын
бекіту үшін, еңбекақыны төлеу туралы құжатта көрсетілген жалпы сомаға
сәйкес көрсетіледі. Мұндай жүйе техникалық немесе ұйымдастырушылық
себептерге байланысты тұрып қалулар, техникалақ қызмет көрсету, ақауларды
түзету және т.б. туралы мәліметтерді алуды қаматамасыз етеді. Нормативтер
бойынша шығындар есебінің жүйесінде өндірістік жұмысшылардың еңбекақыларына
шығындар қойылымдар мен сағаттар негізінде есептеледі, және оларды нақты
шығындармен салыстыру арқылы еңбекақы сомасы мен еңбек өнімділігі бойынша
ауытқуларды анықтауға болады. Егер аудит жұмысшылар саны көп ірі
кәсіпорында жүргізілсе, онда еңбекақы бойынша шығындарды жеке тексерген
жөн.
Дайын өнімнің өзіндік құнын құру. Аудиторға дайын өнімнің өзіндік
құнын анықтауда басты міндет шығындарды шектеуде екені белгілі болуы керек:
• мерзім аралығындағы шығарылған өнімге кіретін шығындар;
• өнімді дайындаудың аяқталмауына байланысты басқа уақыттық аралығына
(интарвалға) жататын шығындар.
Мерзім аралығындағы дайын өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін мерзім
аяғындағы аяқталмаған өндірісті анықтау керек. Оны екі әдіспен анықтайды:
• түгендеу арқылы;
• есептік жолымен.
Өндірістік шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын есептеудің
қабылданған тәртібімен аудитор кәсіпорынның есеп саясатында көрсетілген
мәліметтер арқылы танысады.
Есепте көрсету үшін дайын өнімнің өзіндік құнын анықтау тек есеп беру
кезеңінің аяғында ғана мүмкін болады, себебі оны есептеу шоттарды жабу мен
аяқталмаған өндірісті тексеру бойынша арнайы процедураларды жүргізуді талап
етеді. Есеп беру кезеңі ішінде дайын өнімді шығару көлеміне байланысты ол
қоймаға компанияда бекітілген жоспарлы немесе нормативтік өзіндік құны
бойынша әкелінеді. Нақты өзіндік құнның жоспарлы немесе нормативтік өзіндік
құннан ауытқуын аудитор 1320 Дайын өнім шотының нәтижелері бойынша
анықтай алады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар шығындар есебінің қарапайым түрінен бастап,
өте жақсы дайындалған түрлеріне дейінгі әртүрлі жүйелерін қолданады.
Шығындар есебінің күрделі жүйесі шикізат пен аяқталмаған өндіріс арасында,
аяқталмаған өндіріс пен дайын өнім арасында шығындардың бөлінуі туралы,
сондай-ақ материалдар мен жұмысшы күшіне кеткен шығындарды тіркеу мен
сомалау, шығындардың пайда болу орталықтары бойынша қосымша шығыстар туралы
ақпараттарды қаматмасыз етеді.
Накладной шығындарға әртүрлі шоттарға жататын көптеген шығындар
жатады. Накладной шығындардың орнын толтыруда тіркеу туралы жазбалар
өзіндік бір есептік процедура бола алады, бірақ, әдетте мұндай жазбалар
еңбекақыны төлеу немесе материалдар шығындарының мәліметтерімен байланысты
болады.
Шығарылған ақау өнімдер құралдардың сақталуы мен ақауды болдырмауға
бағытталған процедуралардың объектісі болып табылады. Бұл ақауды түзетуге
кеткен шығындардың орнын максималды толтыруға, сөйтіп өндірістік шығындарды
азайтуға мүмкіндік береді. Шығындар есебі, егер ақауды оның пайда болу көзі
болып табылатын операциялар немесе өніммен байланыстырса, нақтырақ болады.
Жинау, күзету, өлшеу, құжаттау, сақтау және ақауды жоюмен байланысты
бақылау процедурасы кейде бақылаудың басқа процедуралары сияқты маңызды
болады.
Дайын өнімді шығару мен оны орналастыру. Дайын өнімді шығару күрделі
технологиялық процесс болып табылады. Көп жағдайда өнімді дайындау процесі
бір есеп беру кезеңімен шектелмейді және мерзім соңында аяқталмаған өндіріс
болады. Басқа сөзбен айтқанда, өндірістік шығындарды жүзеге асыру мен дайын
өнімді шығару аралықтары сәйкес болмайды.
Өнім дайын болған соң және бақылаудан өткен соң, оны не қоймаға, не
тапсырыс берушіге жөнелткенге дейін тұратын арнайы сақтау орнына жібереді.
Өндіріс басшылығына хабарлама болып, орындалған жүктелім (наряд)-
тапсырыстың көшірмесі немесе техникалық бақылау қызметінің есебі немесе
шикізатты қабылдау туралы қойма басшысының есебі табыла алады. Шығындардың
дайын өнімге есептелуінің толықтығы өндірістік есептіліктердің номерлерін
немесе қабылдау туралы есептіліктерді тексеру жолымен анықталады.
Дайын өнімнің нақты қозғалысы өндірістік есептіліктердің, материалды
құндылықтардың қоймалардағы қозғалысы туралы есептіліктердің, дайын өнімді
босату немесе беру накладнойларының мәліметтері бойынша талданады.
Шикізат пен дайын өнімді сақтау. Шикізат пен материалдар – оларды
қабылдау сәтінен бастап, өндіріс процесінде қолданудың барлық сатыларындағы
есеп пен бақылаудың объектісі болып табылады.
Шикізат, материалдар және дайын өнімді сақтауды қамтамасыз ететін
процедураларға мыналар жатады:
• қорларды, рұқсаты жоқ қызметкерлердің оларға қол жеткізуіне
шектеу қою арқылы қорғау;
• материалдарды өндірістік цехтарға тек сәйкес рұқсатпен ғана беру;
• материалдар берілгеннен кейін, қорлардың шығынын есеп
регистрларына жазу;
• қолда бар материалдарды аналитикалық есеп регистрларының
мәліметтерімен кезеңдік салыстыру.
Түгендеу ішкі бақылау құрылымының тиімді бөлігі болып табылады.
Сондықтан аудитор клиентке түгендеу жүргізудің сұрақтарын №24 Бухгалтерлік
қызметтің ұйымдастырылуы Бухгалтерлік есеп стандартына және оған ұсынылған
Заңды тұлғалардың мүлік және міндеттемелерге түгендеу жүргізудің тәртібі
туралы әдістемелеріне сәйкес қарастырады. Активтерді түгендеу бухгалтерлік
есеп және қаржылық есептілік мәліметтерінің растығын қамтамасыз ету
мақсатында, жылына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Түгендеу жүргізуді
бастар алдында активтердің сақталуына жауап беретін әрбір материалды-
жауапты тұлғадан немесе тұлғалар тобынан қолхат алынады.
Кәсіпорын қорларын толық есептеу бір жолғы болып жүргізіледі, сондай-
ақ осы уақыт кезеңіндегі барлық операциялар тоқтатылуы тиіс (мұны кейде
қабырғадан қабырғаға дейінгі түгендеу деп атайды); ал егер аналитикалық
есеп регистрлары жүргізілсе және басқа жағдайлар қанағаттандырарлықтай
болса, онда жыл ішіндегі әртүрлі уақытта еркінше таңдалып алынған қорлар
түрлеріне кезеңдік есептеулер жүргізілуі мүмкін (мұны қорлардың циклдық
түгенделуі деп атайды).
Жоспарлау мен түгендеу жүргізуде жауаптылық бірінші орында клиенттің
өзіне артылады. Бірақ түгендеу кезінде сыртқы аудитордың қатысуына
байланысты жоспарлауды бірігіп жүзеге асыру керек.
Аудитор жазбаша түрде құрылған түгендеу жүргізудің нұсқаулары мен
жадынамаларын қарап шығып және солар бойынша өз ескертулерін айтуы тиіс.
Түгендеуге жауапты клиент әкімшілігінің өкілі әдетте түгендеу жүргізуге
қадағалау жүргізетін тұлғаларға бір немесе бірнеше нұсқаулар береді.
Бұл нұсқаулар тек материалды жауапты тұлғаларға ғана емес, сонымен
бірге түгендеу комиссиясы мүшелеріне және бухгалтерия жұмысшыларына да
жолдануы қажет. Бұл нұсқаулар өзіне келесі сұрақтарды қосады, олар арқылы:
• тауарлы-материалдық қорлардың жалпы сомасын, көлемін есептеуге;
• бағалау мен түгендеудің жалпы нәтижесін қорытындылауды жүзеге
асыру;
• есептеулерді жеңілдету үшін қорларды нақты орналастыру;
• өтімсіз, жатып қалған немесе бүлінген тауарларды бөлу немесе дұрыс
анықтау;
• түгендеу құлақшалары мен ведомостердің нөмірленуін қадағалау;
• жеке есептеулерді құжаттау және тексеру.
• қабылдау мен жөнелтімді көрсететін құжаттамалардың және бөлімшелер
арасындағы қозғалыстың дұрыс қыршуына (қырқу) қол жеткізу.
• Есептеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС-дегі өндірістік шығындардың аудиті және талдауы
Дебет шот 7110 Кредит шот
Көмекші өндірістің сипаттамасы
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттармен болатын операцияларының есебі
Құрылыс шығындарының есебі
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың, қаржылық инвестициялардың аудиті
Краснознаменский -2 ЖШС кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы
ВЭСТ ЖШС негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
Өндіріс циклды аудиторлық тексеру
АРНАЙЫ ЫДЫСТАРДАҒЫАУЫЗ СУЫНЫҢ ҚАУІПСІЗІДІГІ ЕДЕНДІК ОДАҚТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІНІҢ аТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
Пәндер