ВЕКСЕЛЬДЕРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ВЕКСЕЛЬДЕРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ

Жоспар

1.Вексельдер нарығының басты міндеті
2. Инкассо тапсырмасындағы негізгі мәліметтер
3. Дисконт немесе вексель есебі
4. Вексельдерді қайта есептеу

Қолданылған әдебиеттер

ВЕКСЕЛЬДЕРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ

Вексельдермен операциялар - бұл банк қызметіндегі маңызды бағыттардың
бірі. Біздің елімізде соңғы кезге дейін аталған операциялар басқа банктік
операциялармен салыстырғанда, оларды шектеп қолданумен және оларды жүзеге
асырудың бірыңғай механизмінің болмауымен байланысты төмен дамыды. Бірақ
1997 жылғы 28 сәуірден Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы вексель айналымы туралы заңының қабылдануымен жай және
аудармалы коммерциялық вексельдермен операциялар өткізу тәртібі анықталды.
Вексельдер нарығының басты міндеті қысқа мерзімді ақша қаржыларын қайта
бөлу, бұл кезде коммерциялық және қаржылық вексельдер нарық объектісі болып
табылады. Оның резиденттері бірінші деңгейде несиелік мекемелер және оның
клиенттері, ал оның негізіне есептік, комиссиялық және коммерциялық банктер
мен басқа да әр түрлі несиелік операциялар жатады. Екінші деңгей
субъектілеріне тек несиелік мекемелер жатады: бір жақтан Ұлттық банк,
екінші жақтан - банктік жүйенің екінші деңгейлі мекемелері, соның ішінде
коммерциялық банктер. Нарықтың аталған деңгейі операцияларының үлкен
бөлігін бірінші кластық вексельдерді қайта есептеу және қайта кепілдеу
құрайды.
Вексель айналымы әр түрлі салаларды қамтиды - бұл банктік қарыз беру
кезіндегі банктер мен клиенттер арасындағы қатынас (соло вексельдер); қоғам
мен мемлекет арасындағы қатынас (қазыналық вексельдер), сондай-ак жеке
тұлға мен заңды тұлға арасындағы банк қатысынсыз қатынас.
Вексельдер шығару негізіне жататын қызмет мақсаты мен сипатына, сондай-
ақ қамтылуына байланысты:
- коммерциялық;
- қаржылық;
- тұрақты вексельдерге бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды несиеге сату-сатып алу қызметі
негізіндегі айналымда пайда болады, сатып алу кезінде ақшасы жеткіліксіз
болса, сатушыға оның орнына басқа төлем құралы - вексель ұсынылады.
Осындай ретпен тауарлық вексель вексель ұсынушыға осы вексель
көмегімен сатылған тауарлардың сомасын қамтиды. Сатып алушы векселі вексель
айналымының негізі болып табылады, өйткені олар нақты мерзіммен және
несиеге сатылған тауарлардың сомасымен шектеледі.
Қарыз қызметі ақшалай нысанда қаржылық вексельдермен рәсімделеді.
Ақшалай міндеттемені қаржылық вексельмен қалыптастыру, кредиторлар құқын
қорғау мақсатында оны уақтылы және дәл қамтудың қосымша әдісі болып
табылады. Вексельдің қарыз міндеттемесі ретіндегі ерекше белгісі шартсыз,
даусыз міндеттеме болып табылуында, яғни оны ұсынуға байланысты себептерге
қатыссыз. Өз айналымдылығына байланысты ол төлем құралы қызметін де орындай
алады.
Жалпы банктегі вексельдермен операция келесі нысандарда жүзеге
асырылады: банктің вексель ұсынушыға вексельде көр-сетілген соманы,
қолданбалы есеп мөлшерлемесі бойынша пайыздарды алып тастап төлеуі
кезіндегі коммерциялық банктің вексельдер есебі (немесе Ұлттық банктің
қайта есептеуі); вексельдер кепілі есебінен қарыз, вексель акцепті, авалі
және вексельдермен комиссиялық операциялар.
Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті
операцияларды өткізуге құқық беретін лицензиясын иемдене отырып,
операциялардың вексельдермен байланысты келесі түрлерін өткізе алады:
• вексельдерді инкассоға қабылдау;
• делдалдық тәртіпте вексельдерді акцептеу;
• төлеушінің инкассоға қабылданған вексельдерді төлеу бо-
йынша қызметтер ұсынуы, сондай-ақ домицильдік
вексельдерді төлеу. Бұл операцияларды банктер вексельдермен
операцияны жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда жүргізе
алады;
• вексель бойынша міндетті тұлғалардың бірі үшін аваль қою. Бұл
операция кепіл операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар
банктерде жүргізіледі;
• вексельдер есебі.
Бұл операцияларды вексель есебін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктер
жүргізеді. Вексельдерді инкассоға қабылдау үшін инкассат[1] пен сенуші
немесе ремитент-банк[2] арасында келісім жасалынады, бұл кезде инкассолау
инкассоға жасалған тапсырма негізінде жүзеге асырылады.
Инкассо тапсырмасындағы негізгі мәліметтер:
• инкассоға тапсырма[3] жазу күні;
• сенуші[4] аты;
• ремитент банктің аты, қажет болған жағдайда инкассолаушы
банктің;
• вексель бойынша төлеушінің, вексель төлем немесе акцепт
бойынша ұсынылатын тұлғаның аты;
• төлеуші банктің аты (егер бар болса);
• вексель бойынша төлеушінің немесе домицильдің пошталық мекен-
жайы (жеке тұлғалар мекен-жайы немесе занды тұлғаның
орны);
• вексель бойынша төлем мерзімі;
• төлем орны;
• акцептің болуы немесе акцепті алу қажеттілігі;
• вексель бойынша міндетті басқа да тұлғалардың аты-жөні, мекен-
жайы және орны;
• сенушінің төлем алу немесе акцепт туралы тәртібі мен тәсілі
туралы нұсқау;
• вексель бойынша акцептсіздік немесе төлемсіздік
жағдайында қарсылық немесе басқа да әрекет қатынасындағы
арнайы нұсқаулар;
• инкассолауды жүзеге асыруға қажетті басқа да мәліметтер.
Вексельді инкассоға қабылдау банк атына жазылған индоссаментте келесі
сөздерді жазумен рәсімделеді: валюта алуға, инкассоға немесе басқа да
сөздермен, яғни төлем алу түріндегі тапсырманы немесе төлем алынбаған
жағдайда вексель қарсылығын жүргізуге. Егер инкассоға тапсырманы орындау
үшін инкассолаушы банктің қатысы талап етілсе, ремитент-банк вексельде
инкассолаушы банк есебіне қайта тапсырма индоссаментін белгілеп, сенуші
жазған инкассолық тапсырманы вексельмен бірге жолдайды. Вексель инкассоға
алынған соң, инкассат вексельде немесе инкассоға тапсырмада көрсетілген
мерзімнен кешіктірмей, жазбаша түрде құжаттың инкассоға түскені туралы
төлеушіні хабардар етуге міндетгі. Егер вексельді инкассоға жолдауда ұсыну
бойынша мерзімі немесе анықталған мерзімде инкассоға тапсырманы ұсыну
бойынша ұсыну мерзімдері туралы нұсқау болмаса, онда инкассат вексельдің
түскені туралы хабарламаны төлеушіге немесе жай вексель бойынша инкассоға
вексельді қабылдаған күннің келесі операциялық күнінен кешіктірмей вексель
берушіге жолдауы тиіс.
Инкассат вексель бойынша толық төлемді алған соң вексельді төлеушіге
жолдауға міндетті, ал бөлшектеп төлеу кезінде вексель төлеушіге
жіберілмейді. Инкассолаушы банк қандайда бір себептермен инкассоға
тапсырысты толық немесе жартылай орындай алмаса, ремитент банкті жедел
хабардар етуі тиіс.
Вексельде көрсетілген мерзім жеткен соң, инкассолаушы банк вексельді
төлем үшін төлеушіге немесе домицильшіге[5] ұсынуы тиіс. Инкассолаушы банк
төлем мерзімі ұсыну бойынша немесе ұсынылғаннан кейін анықталған мерзімде
төленетін вексельді алысымен, егер келісімде басқа шарт қаралмаса, келесі
операциялық күннен кешіктірмей вексельді төлемге ұсынуға міндетті. Вексель
бойынша соманы алысымен инкассолаушы банк ремитент банкке көрсетілген ақша
сомасына аударым жасауға міндетті.
Ремитент-банк өз кезегінде аталған сома төлемін сенуші есебіне
жүргізуі керек. Инкассат инкассо бойынша кңзмет көрсете отырып, комиссиялық
ақы алады, мұвда төлем алу бойынша инкассат шығыңдары және көрсеткен қызмет
үшін инкассаткд сыйақы есептеледі.
Егер инкассоға тапсырмада көрсетілген мекен-жай бойынша төлеуші немесе
домицильдеушіні[6] табу мүмкін болмаса, бұл туралы инкассолаушы банк
ремитент банкті хабардар етуге міндетті. Ремитент-банк өз кезегінде
сенушіні хабардар етеді және одан әрі қарай нұсқау алады. Егер вексельде
телеуге белгіленген соңғы күнде сенуші немесе ремитент банктен ешқандай
нұсқау түспесе, инкассолаушы банк өз қаржысы есебінен төлеуші немесе
домицильдеушіні іздестіру шараларын қабылдауға құқы бар, бұл қаржылар
соңынан сенуші немесе ремитент-банк есебінен қалпына келтіріледі. Банк
клиентпен жасалған тиісті келісім негізінде домицильдеуші есебівде қызмет
ете алады. Бұл кезде клиент (жай вексель бойынша вексель ұсынушы немесе
төлеуші) вексельдің төлем орны ретінде домицильдеуші банктің немесе оның
филиалының мекен-жайын көрсетеді. Домицильдеушіні керекті ақша сомасымен
қамтамасыз ету клиент пен домицильдеуші банк арасындағы келісімде
анықталады. Клиент домицильдеушіге вексель бойынша төлемді қамтамасыз ету
үшін өзінің банктік шотынан ақшаны акцептсіз алу құқын бере алады. Егер
домицильдік вексельді төлеу кезінде клиенттің банктік шотында қаржы
жеткіліксіз болса, онда банк мыналарға құқылы:
- төлемге қарсылық білдіруге, мұндай жағдайда вексельге вексель
ұстаушы тарапынан қарсылық жасалып, жай вексель бойынша төлеушіге немесе
вексель ұсынушыға талаптар қойылады;
- домицильдік банктік шотында бар қаржы көлемінде вексель сомасының
жартысына төлем жасалынады.
Егер вексель ұстаушы вексель бойынша төлемнің барлық сомасын алса,
овда вексельді домицильдеушіге беруге міндетті. Бұл кезде толық төленген
вексель клиенгке жіберіледі. Егер вексель бойынша төлем жартылай
жүргізілсе, векселъ домицильдеушіге жолданбайды.
Вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының жартысына
аваль арқылы қамтылуы мүмкін. Аваль вексельдің өзінде немесе қосымша
парақта беріліп, авальға есептеу керек деген сөзбен көрсетіледі немесе
басқа түсінікті белгімен беріледі. Онда ол кімнің есебіне берілгендігі
көрсетілуі тиіс, мұндай жазу болмаса, ол жай вексель бойынша вексель
ұсынушы есебінен немесе аудармалы вексель бойынша төлеуші есебінен берілген
болып есептеледі.
Авальшы банк аваль берілген тұлғамен бірдей жауаптылықта болады.
Авальшы банк міндеттемесі, ол кепілдік жасаған міндеттемені қандайда бір
негіздемемен, нысан ақауымен жарамсыз деп санаған жағдайда да, жарамды
болып табылады. Вексельді төлеу кезінде авальшы банк аваль берген тұлғаға
қарсы және аваль берілген тұлға есебіне вексель бойынша міндетті тұлға
алдында талаптар қоюға құқылы.
Авальшы банк аваль ұсынғанға дейін аваль берілген тұлғадан кепілдік
немесе басқа да қамтамасыздықты талап ете алады. Коммерциялық несие вексель
есебі мен кепілдік арқылы банктік несиеге ауысады, коммерциялық несие
базасында жанама банктік несие пайда болады.
Коммерциялық несиенің қалпына келтірілуі мен дамуы және қарызды ақша
нысанында вексельмен рәсімдеу берешек қарыздың тез өсуіне және тауармен
қамтылмаған ақша жиынтығының өсіміне әкелмейді, өйткені коммерциялық және
өзара байланысты шаруашылықтық несиенің банктік несиеге ауысуы бір несие
нысанының басқа нысанға айналуына әкеледі, бұдан ешқандай инфляциялық
салдар болмайды, өйткені коммерциялық вексельдер есебі мен кепілдік банкте
жаңа қарыз капиталының шоғырлануына әкелмейді.
Жоғарыда сипатталғандай коммерциялық несиені банктік несиеге айналдыру
дисконттау жолымен жүзеге асырылады, яғни вексельдер есебі немесе
вексельдер кепілдігі есебінен қарыз ұсыну нәтижесінде жүреді. Вексельдер
есебі банктің ақшалай қарыз міндеттемені төлеу мерзімі жеткенге дейін сатып
алуымен түсіндіріледі, бұл кезде банкке кредитор құқы жолданады. Дисконт
немесе вексель есебі - бүл банктің ұсынушыдан вексельді қабылдай отырып,
оган төлем мерзімі жеткенге дейін вексель сомасын беріп, төлем мерзіміне
дейін өз есебіне вексель сомасынан пайыз үстау операциясы. Вексель есебі
деп заң жүзінде банк атына оның кезекті нұсқауларымен вексельді ұсынуды
(индоссамент) атайды. Бұл кезде ұсынушы есепке алынған вексель бойынша
борышкер болып, ал банк төлемді қабылдаушы кредитор - вексель ұстаушы болып
табылады.
Банк есепке тек жарамды вексельдерді ғана қабылдайды. Вексель
айналымы туралы заң баптарының талаптарына барлық деректемелері толық
сәйкес вексельдер жарамды болып есептеледі.
Есепке ұсынылған жай вексель мәтінінде келесі деректемелер
көрсетіледі, аудармалы вексельде төлем мерзімі мен оны жазу орны
көрсетілмейді:
- вексель аты құжаттың мәтініне енгізіледі және бұл құжат
рәсімделген түрде жазылады;
- анықталған соманы төлеу туралы бұйрық;
- төлем мерзшін көрсету;
- төлем орнын көрсету;
- төленетін тұлға аты немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем
жасалатыны;
- вексельді жазу күні және орны;
- вексель беруші қолы;
- аудармалы вексель үшін жай вексель бойынша деректемелер керек,
қосымша төлеуші аты.
Атап өтетін жайт, егер вексельде төлем мерзімі көрсетілмесе, ол ұсыну
бойынша көрсетілген болып саналады. Егер төлем орны көрсетілмесе, онда
төлем орны болып әдетте төлеуші атының жан-ында көрсетілген төлеушінің
мекен-жайы немесе тұрағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу
«Банктің вексельдермен операциялары және есебі»
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу
Ішкі банктік чектермен есеп
Вексельдің экономикалық мәні, түрлері және вексельдің қолданылуы
Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі
Ақшасыз есеп айырысулардың есебі
Төлем карточкаларымен есеп айырысу
Бенефициар - ақша алушы тұлға
Корреспондентті шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары
Пәндер