Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1-тарау. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) 4
1.1. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП): эволюциялық және революциялық
нысандары технологиялық өндіріс әдісі 4
1.2. ғтп: мәні, даму бағыттары 5
1.3. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның орны 8
2-тарау. Постиндустриалды қоғам және ҒТП 12
2.1. Постиндустриалды қоғам ұғымының қазіргі кездегі мәні 12
2.2. ҒТР әсерінен болатын әлеуметтік өзгерістер (трансформациялар):
экономиканы жекелендіру, әлеуметтендіру, гумандандыру 12
2.3. XX ғасыр аяғындағы жаңа өзгерістер (трансформациялар) 13
Қорытынды орнына: (ақпараттық технологиялар) немесе Фордизмнен гейтизмге
15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Барлық постсоветтік кезең бойында өндірісті дамыту, ҒТП бойынша
шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар
қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі онсыз да ескірген өндірістік аппарат,
соңғы жылдары алапатты түрде бұзылуда, бұл көптеген кәсіпорындардың
тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге,
бұрын көрсетілгендей, біздің экономикамыздың жетілмеген инфрақұрылымын
есепке алу керек. Ауыр өнеркәсіптегі өндіруші және шикізатты салалардың
меншікті салмағы өте жоғары. Және осы кезде ауыл шаруашылығы, жеңіл және
тамақ өнеркәсібі, яғни экономиканың тұтынушы секторы жеткіліксіз
дамымағандығы тағы бар.
Әсіресе материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераның ара қатынасында
біздің артта қалғанымыз анық. Дамыған елдерден айырмашылығында, біздің елде
әлеуметтік сферада – 25% болғанда, материалдық өндірісте еңбекке қабілетті
тұрғындардың 75% - тен артығы қамтылған. Бұл ара қатынас материалдық
өндірісте еңбек өнімділігінің төмендігін білдіреді, басқаша айтқанда
тұрғындардың материалдық өнімдегі мұқтаждықтары қанағаттандырылмайды. Бірақ
істің мән-жайы біздің экономикалық дамуымыздың деңгейі өте төмен
екендігінде ғана емес. Істің мән-жайы – шаруашылықты басқару теориясы мен
тәжірибесінде осы уақытқа дейін экономика құрылымында пісіп жетілмеген
көзқарастардың пайдаланылуында.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде материалдық өндірістің шешуші ролі
барынша қолданады, ал әлеуметтік сфера тұрлаусыз сфера ретінде беріледі.
Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ҒТР (ғылыми техникалық
революция) қызметтер саласын болып көрмеген өсу шегіне көтере алатыны айқын
болып отыр. Біздің заманымызда ҒТП (ғылыми техникалық прогресс)
экономикалық дамудың басты факторына айналды. Ендеше оның жетістіктерін
экономикалық мәселелерді шешуде пайдалана білудің орасан зор мәні бар.
Менің курстық жұмысым осы ҒТП төңірегінде болмақ. Ғылым мен техниканың
өскелең өмірімізге қаншалықты әсер етіп отырғанын, оның маңызы мен мәнін,
қандай өзгерістерге әкеле жатқанын сөз етпекпін.

1-тарау. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП)

1.1. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП): эволюциялық және революциялық
нысандары технологиялық өндіріс әдісі

Адамзат баласы өз басынан әр түрлі қоғамдық өндіріс әдістерін
өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сипаттайтын ортақ
көрсеткіш бар. Ол — еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не
нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен
өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін
анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының
даму тарихы десе де болады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте
заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау
шегі[1].
Бір кезде ең қарапайым еңбек құралдарына негізделген қоғамдық құрылыс
үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең
жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не?
Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы
жеткіліксіз. Оған қоса қажетті материалдар, тиісті технологиялар, қуаттар,
ақпараттар және өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны
технологиялық өндіріс әдісі деп аталады. Демек, технологиялық өндіріс әдісі
дегеніміз - қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы, материалдар,
технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы.
Бұл арифметикадық сандық қосынды емес, сапалық категориялар.
Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының
тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық
формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдістерінің дамуына
тікелей әсер етті және даму сатыларын белгілеп берді. Демек қазіргі
технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ. Бұл бұдан да былай
дами беретін әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрделі процесс.
Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын
пайдаланды. Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді. Бертін келе от жағу
пайда болды. Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш
революциялық қадам еді. Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды.
Тас, қола, темір "ғасырлары" атағына ие болған әр түрлі технологиялық
өндіріс әдістері өмірге келді. Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір
ғана энергетикалық (адам энергетикасы) күшке негізделіп дамыды.
Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өңдіріс әдістері
елеулі табыстарға жетті. Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға
байланысты материалдық өндірісті дамыту қажеттігі. Жаңа технология, техника
пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді.
Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа қоғам — капиталистік қоғамның талаптарына
сай келмеді. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері
қажет болды. Ол тек қана еңбек құралының дамуының жаңа сапалық
белгілерімен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді. Ал ірі
машиналы өндіріс бірден пайда болған жоқ, оның тарихи даму және қалыптасу
белестері бар. Ірі машиналы өндірістің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады.
Олар: жай кооперация, мануфактура, фабрика (машиналы өндірісі).
Жай кооперация дегеніміз белгілі бір өндіріс процесінде немесе
түрліше, бірақ бір-бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде көп адам
жоспарлы түрде, бірақ бір-бірімен қатар, өзара әрекетте жұмыс істейтін
еңбек нысаны.
Екінші кезең — мануфактура (XVI ғасырдың орта шенінен XVII ғасырдың 70-
жылдарына дейін орын алды). Мануфактура машина әлі пайда болмаған, еңбек
бөлінісіне негізделген кооперация. Осы кезде еңбек бөлінісі, қолмен
істейтін еңбек құралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды
және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды. Өмірге үшінші кезең —
фабрика (XVIII ғасырдың соңы) келді. Ол ірі машиналы өндіріске негізделген.
Фабрика дамуы ұзақ мерзімді қамтып, үнемі сапалық өзгерістерде болатын
тарихы кезеңдерді басынан өткізді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге
сүйенген жаңа технологиялық өндіріс әдісі — фабрика дамуының түпкі жиынтық
нәтижесі. Ғылыми-техникалық прогресте осы фабрика дамуының сапалық
қорытындысы.

1.2. ғтп: мәні, даму бағыттары

Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми-
техникалық прогресс (ҒТП). Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық
немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты
көріністері (сипаты) және мәні қандай?
XX ғасырдың елуінші жылдарынан басталған ғылыми-техникалық
революцияның өзіне тән қазіргі көріністері және ерекшеліктері бар. Олар
мыналар:
— ғылыми-техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол
қоғам өмірінің барлық жактарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс
фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару
жүйесін мүлдем өзгертті, сапалық жаңалықтар енгізілді;
— ғылым мен өндірістің интеграциялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті.
Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық
құрылымға және т. б. жағдайларды күрт өзгертті;
— жаңа принципті техника мен технология жасалынып өндіріске
енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен
жұмыс күші даму үстінде;
— қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі —
микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы.
Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды
интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары
(ЭВМ), икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде,
әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары
сөзсіз;
— ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға
бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс
қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей
элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде:
— қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге
келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ерекше,
өндіріске озық технологияны пайдалану қазіргі ғылыми-техникалық
революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және
элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі
орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделілендірді, жаңа биік талаптар
қойылды, қазіргі ғылыми-техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды,
бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды
жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып
отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайын жетілдіріп және
іс жүзінде пайдалануды тездетеді.
Ғылыми-техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол
ашады. Демек, бұл білім беру жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді.
Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымның мән-
мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол
ашты[2].
Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы
зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі
ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтін процесс екендігін естен шығармаған
абзал.
Ғылыми-техникалық революцияның бүкіл әлемнің шаруашылық жүйесіне тән
ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар:
шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы;
техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің
кәсіптік-мамандық құрылымының өзгеруі;
- жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі;
- еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің
әрдайым босап қалуы;
- өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және
т. б.
Ғылыми-техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эволюциялық және
революциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен
технологияны жетілдіру және тарату процестері сол бұрынғы ғылыми-техникалық
принципке негізделген. Ғылыми-техникалық прогрестің революциялық нысаны
өндірісте жаңа сападағы ғылыми-техникалық принциптерді пайдалануға
негізделген. Бұл процесс қазіргі заман — ғылыми-техникалық прогресс заманы
екендігін көрсетеді.
Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не
қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс қоғамдық өндірістің
материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру,
басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т.б. әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының
басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетілуіне, оның әл-ахуалы мен
рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-
техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке
айналды.
Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноктық қатынасқа байланысты
еңбекшілердің қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері
көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және
сауықтыру, еңбек ақы мөлшерін жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің талабына
сәйкестендіру, кәсіпорындарда жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану,
өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын,
қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім
қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік,
экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы
жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және т. б. талаптарды
өткір қойып отыр[3].
Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін
бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп (мысалы, ұдайы
өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар),
әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т. б. еніп отыр. Осылайша
табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта
түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе
қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы
академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл — ноосфера дәуірінің басталуы.
Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны,
табиғатты әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына,
табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді.
Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны
ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің
еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне
жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға
түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип
табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа
болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар,
аймақтық мәселе емес, бүкіл әлемдік дәрежедегі маңызды мәселе дер едік.
Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-
қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен
шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай
өндірумен (бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті
ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ
егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен
табиғатқа зиянды әсер ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық
проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан
алуды ғана білу жеткіліксіз, оны сақтап, қорғау туралы кең бағдарламалық
шараларды тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты
міндеті[4].
Қорыта айтқанда, ғылыми-техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның
әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде болып жатқан
барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табиғи, объективті процесс.

1.3. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның орны

Адам тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың
жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам —
өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субъективті жеке факторы.
Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, онық нәтижесі адамның
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді.
Игіліктерді өңдіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркеидетуші де
адам. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясында болады, соның
өрісінде дамиды. Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы.
Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде
болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік,
әлеуметтік және т.б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны,
ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс
уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т.б. сан алуан жағдайлар қоғамда
да әр түрлі болып келгені белгілі. Сондықтан өндіріс жүйесінде адам
дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді,
сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму
заңдылықтары бар. Олардың негізгілері: бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы
дәрежесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігінің
артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегімен
дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі. Еңбек мазмұнының және
жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының
маңызының арта беруі және т.б; Енді осыларға қысқаша тоқталамыз[5].
Өндірістегі адам факторының даму заңдылықтарының бірі — жиынтық жұмыс
күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші — тарихи ұзақ мерзімді қамтитын,
тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және кооперациясының нәтижесі.
Оның материалдық негізін өндіріс құрал-жабдықтарының дәрежесінен іздеген
жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ.
Әрбір деталь және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен
жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата
қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға,
топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс
жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады,
маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен
бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек
ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол
әлеуметтік-экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше
сапалық бірігу процесі. Адамның өндіріс факторы ретіндегі дамуының негізгі
бір заңдылығы оның жалпы және кәсіби білімінің өсуі. Әлемдегі дамыған
елдерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгені
өмір талабы. Келесі заңдылық — маманданған еңбектің салмағы өсті, берер
нәтижесі және тиімділігі артты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
Ғылыми техникалық даму
Ғылыми - техникалық прогресстің өндірісте қолданылуы
Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері
Ғылыми техникалық прогрестің ерекшеліктері
Инновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
Ғылыми-техникалық прогресс пен Ғылыми-техникалық революцияның мәнi мен экономикадағы ролi
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Ғылыми техникалық прогресстің дамуы
Өндіріс факторлары
Пәндер