Табыс көлемі кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік - шаруашылық қызметінің нәтижесіне баға беретін маңызды көрсеткіш



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. Дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) мен аяқталмаған өндіріс есебі 5
2. Дайын өнiмдi бағалау 7
ҚОРЫТЫНДЫ 10
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 12

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының экономикасы әртүрлі меншіктік-
құқықтық нысандарындағы қызмет атқарушы ұйымдардың көптүрлілігі ретінде
сипатталады. Кәсіпкерліктің жаңа түрлерінің пайда болуы жалпы халық
шаруашылығының барлық салаларын қамтиды. Нарықтық қатынастардың дамып,
нығая түсуі мен өзара бәсекелестіктің ерекше қарқын алуы кәсіпкерлерге
қойылатын талаптарды күрделендіруде. Қазіргі кезең талабына сәйкес
ақпараттың уақыттылығы, сенімділігі, мәнділігі, маңыздылығы шешуші роль
атқарып отыр. Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы мен оның нәтижелері
жөніндегі мәліметтерді жинап, өңдеп, пайдаланушылардың ақпараттық
қажеттілігін қамтамасыз етуші бірден-бір жүйе — бухгалтерлік есеп.
Бухгалтерлік есеп жүйесі дегеніміз – кәсіпкерлер мен ұйымдардың
операциялары мен жағдайлары жөніндегі ақпаратты жинау, тіркеу және
топтастыру жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасының резиденттері
болатын міндеттегі тіркеуден өтуі қажет заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
және де Қазақстан Республикасында тіркелген, бірақ резиденттер болып
саналмайтын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілеттіліктері бухгалтерлік
есеп жүргізуге және қаржылық қорытынды есепті құрастырып, сәйкес орындарға
тапсыруға міндетті. Бұл кәсіпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлік есепті
жүргізуде және қаржылық қорытынды есепті құрастыруда заңдық және әртүрлі
нормативтік-құқықтық негіздерге сүйенеді. Олардың қатарында Қазақстан
Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп жөніндегі"
заңын, Халықаралық қорытынды есеп стандарттарын, Ұлттық есеп стандарттарын,
Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарын атауға болады.
Бухгалтерлік есеп - экономикалық ғылымдар ішіндегі өз алдына бөлек
зерттеу пәні бар, оны зерттеп, талдайтын, даму жолдарын анықтайтын,
шаруашылық есептің ұйымдастырылуы мен орындалуын жүйелендіретін әдіс-
тәсілдері бар ерекше ғылыми сала. Мұндағы зерттеудің негізгі объектілері -
шаруашылық қорлары мен олардың қорлану көздері. Яғни, бухгалтерлік есеп
жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - әрбір ұйымның шаруашылық қорлары мен
қорлану көздерінің нақты қалдықтары мен олардың қозғалысының есебін қажетті
талаптар көлемінде ұйымдастыру.
Ұйымдардың өнімдер өндірудегі (қызметтерді атқару, жұмыстарды
орындаудағы) аса маңызды объектілері - шаруашылық қорлары болып табылады.
Шаруашылық қорлар құрамына негізгі құралдар, материалды емес активтер,
тауарлық-материалдық игіліктер, ақша қаражатгары, инвестициялар, дебиторлық
қарыздар кіреді. Тауарлық-материалдық құндылықтар олардың ішіндегі ең бір
көлемдісі болып табылады, себебі, бұл игіліктер өндірілетін өнімнің
материалдық негізін құрастырады, өндіріліп шығарылатын дайын өнімдердің
өзіндік құнының басым бөлігі ретінде олардың бағасын анықтауға негіз
болады. Дайын өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) сату нәтижесінде алынған
табыс сомасы қандай-да болмасын шаруашылық субъектісінің негізгі табыс көзі
болып табылады. Яғни, өндірілетін дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер)
өзіндік құнын азайту кәсіпорын ерекше маңызға ие болады. Дайын өнімдер
(жұмыстар, қызметтер) сатудан алынған табыс сомасы мен оларды өндіруге
жұмсалған шығындар кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық нәтижесінің
қалыптасуына тікелей әсер ететін элементтер болып табылады.
Қазіргі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықаралық сауда
қатынастарының жоғарғы деңгейде дамуына байланысты елімізге импортталынатын
тауарлық-материалдық игіліктердің түрлері көбейе түсті. Өндірілетін өнімнің
санына ғана емес, енді бірінші кезекте сапасына көбірек көңіл бөлінеді.
Мұның барлығы бүгінгі күні бухгалтерлік есеп жүйесінен тауарлық-материалдық
құндылықтар есебін ұйымдастыруда ерекше мұқияттылықты талап етеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттарға
сәйкестендірілуі бірнеше кезеңдерге бөлініп жүзеге асырылатын болса да
биылғы жылдың өзінде бірінші кезекте халықаралық стандарттарға көшуге
тиісті шаруашылық субъектілері үшін кезек күттірмес мәселелер өте көп.
Яғни, есеп жүйесінің маңызды бір бөлігі ретінде дайын өнімдер (жұмыстар,
қызметтер) есебін халықаралық талаптарға сәйкес жүргізу қажеттігі
туындайды.
Жоғарыда аталған жағдайлардан дайын өнімдердің (жұмыстар,
қызметтердің) ұйымдардың негізгі қызмет түрінің нәтижесі болып табылатыны
көрінеді. Яғни, дайын өнімдердің (жұмыстар, қызметтердің) бухгалтерлік
есебінің дұрыс ұйымдастырылуы және олардың дұрыс бағаланылуы мен ұтымды
қолданылуы мәселелері өзекті тақырыптардың бірі болады.
1. Дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) мен аяқталмаған өндіріс есебі

Өндірістің ұйымдастырылуына қарай негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Өндірістік шығындар есебі Типтік шоттар жоспарының 8 бөлім "Өндірістік есеп
шоттары" шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлім 8010 "Негізгі өндіріс", 8020 "Өз
өндірісіндегі жартылай өнімдер, сатып алынатын жэне құрастырушы бөлшектер",
8030 "Көмекші өндіріс", 8040 "Үстеме шығындар" бөлімшелерін қамтиды. Шоттар
белгілі-бір есепті кезеңде ғана пайдаланылады, яғни есепті кезең басында
ашылады, есепті кезең соңында басқа шоттармен корреспонденциялана отырып
жабылады. Құрылымы бойынша активті шоттар тәріздес, барлық есепті кезең
шығындары шоттардың дебеттік айналымында жинақталып, кредиттік айналымында
есептен шығарылады.
Бөлімшелердің ішіндегі шоттар бір элементтік шығындар есебін жүргізуге
арналған. Бұл төмендегідей шығындар элементтері:
- материалдар;
- есептелген еңбек ақы;
- әлеуметтік аударымдар;
- үстеме шығындар.
Шоттар бойынша келесі түрдегі негізгі шоттар корреспонденциялары
құрастырылады:
Дт 8010 Кт 1310 "Материалдар" - негізгі, көмекші, жартылай өнімдер
өндірісіне және басқа да өндірістік мақсатта босатылған материалдар құнына;
Дт 8010 Кт 3350 - өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақы сомасына;
Дт 8010 - Кт 3000 "Бюджетпен есеп айырысу", 3200 "Әлеуметтік қорларға
аударымдар" - есептелген салықтар мен элеуметтік аударымдар сомаларына.
Есепті кезең бойында үстеме шығындар кәсіпорынның әр құрылымдық
бөлімшесі бойынша жинақталып, есепті кезең соңында өнімнің өзіндік кұнына
қосылады. Үстеме шығындар негізгі және көмекші өндірістер арасында бөлініп-
таратылады. 8040 "Үстеме шығындар" бөлімшесінің басқа шоттары бойынша
келесі түрдегі шаруашылық опрациялары көрсетіледі:
Дт 8040 Кт 3310 - негізгі құралдарды жөндеу сырттан кәсіпорын жалдау
арқылы, яғни мердігерлік әдіс арқылы жүргізілетін болса;
Дт 8040 Кт 2720 "Материалды емес активтер амортизациясы", 2420
"Негізгі құралдар амортизациясы" - негізгі құралдар мен материалды емес
активтер бойынша есептелген амортизациялық аударым сомасына;
Дт 8040 Кт 3310,1010,1040 - коммуналдық шығындар сомасына, егер
коммуналдық қызмет сыртқы ұйымдар тарапынан болса;
Есепті кезең соңында барлық бір элементтік шоттарда жинақталған
шығындар сомалары жинақтаушы транзиттік шоттарға есептен шығарылады, яғни
келесі корреспонденциялар құрастырылады:
Дт 8010 Кт 8020-8040 - негізгі өндіріске қатысты шығындардың
жинақталуы;
Аяқталмаған өндіріс дегеніміз технологиялық процестің барлық өңдеу
кезеңдерінен толық өтіп бітпеген, толық құрастырылмаған, сынақтан өтпеген,
техникалық қабылдауға сәйкес келмеген өнімдер (жұмыстар, қызметтер).
Өндірілген өнімдер (жұмыстар, қызметтер) есебін жүргізу үшін және олардың
өзіндік құнын дұрыс анықгау мақсатында аяқталмаған өндіріс есебі жүргізілуі
қажет.
1340 "Аяқталмаған өндіріс" есебінің шоттарының дебеттік айналымында
өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға берілген өндіріс
шығындарының дайын өнім болып аяқталмаған қалдығының мөлшері көрсетіледі.
Әр есепті кезеңнің басында бұл қалдықтар керісінше өндірістік бухгалтерияға
есепті кезеңнің дайын өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау мақсатында
беріледі. Шоттар корреспонденциясын қарастырайық:
Дт 1340 Кт 8010-8030 - есепті кезең соңында аяқталмаған өндіріс
қалдықтарының қаржылық бухгалтерияға берілуі;
Дт 8010-8030 Кт 1340 - есепті кезең басында аяқталмаған өндіріс
қалдығының өндірістік бухгалтерияға калькуляциялау мақсатында берілуі.
Тауарлар есебін жүргізуші 1320 "Тауарлар" бөлімшенің шоттары бойынша
төмендегідей бухгалтерлік жазулар беріледі:
Дт 1320 Кт 8010 - дайын өнімнің қоймаға келіп түсуіне байланысты
кіріске алынуы;
Дт7010 Кт 1320-сатылған дайын өнімдердің өзіндік құнын есептен шығару.
Бухгалтерлік есепте дайын өнімдер төмендегідей бағалар бойынша
бағаланады:
1). Өндірістік өзіндік құн (нақты, жоспарлы) - дайын өнімдерді
өндірумен байланысты барлық өндірістік шығындар. Нақты өндірістік өзіндік
құн 10-шы журнал-ордердің екінші ведомостісі бойынша анықталады. Бұл баға
көбінесе көлік құралдарын немесе жеке ерекше жабдықтар өндіретін жеке
өндірістерде қолданылады. Жоспарлы өзіндік құнды пайдаланған жағдайда нақты
өндірістік өзіндік құн мен жоспарлы өзіндік құн арасындағы айырма есебі
жеке жүргізіледі. Бұл бағалау әдісінің маңыздылығы оның жоспарлау мен
бухгалтерлік есеп арасындағы бірлікті қамтамасыз етуімен түсіндіріледі,
бірақ жоспарлы немесе нормативті баға жылдам өзгермелі болатын болса, онда
дайын өнімдерді қайта бағалау қиындай түседі.
2) Толық өзіндік құн (жоспарлы, нақты) - өндірістік өзіндік құн мен
төмендегі кезең шығындарының қосындысынан жиналады:
жалпы және әкімшілік шығындар;
пайыздарды төлеумен байланысты шығындар;
тауарлық-материалдық қүндылықтарды сатумен байланысты шығындар.
3) Кәсіпорынның келісім бағалары бойынша. Дайын өнімдерді бағалаудың бұл
әдісінде олардың нақты өзіндік құнының ауытқуы жеке аналитикалық-талдамалы
шотта есептеледі. Егер келісім бағалары тұрақгы болатын болса бұл әдіс
кеңінен таралуы мүмкін, себебі бұл әдіс өнімдердің ағымдағы есептегі және
қорытынды есептегі бағаларын өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Ол
тауарлық өндірісті анықтауда ерекше маңызға ие болады.
4) Бөлшек баға бойынша бағалау әдісі. Бұл әдіс көбінесе бөлшек сауда
және қоғамдық тамақтану мекелерінде қолданылады. Бөлшек баға келісім бағасы
мен сауда үстемесінің қосындысынан тұрады. Сауда үстемесі айналыс
шығындарын жабу мен сауда ұйымдарының табыстарының қалыптастырылуына
бағытталады.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы барысында
кәсіпорындар өндірілген өнімдердің сатылуын жылдамдату мақсатында
консигнациялық негізде өнімдер беруді жиі қолданып келеді. Консигнациялық
негізде өнімдерді сату операцияларының есебін 1320 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсiпорындардың (ұйымдардың) тауарлық-материалдық қорларының есебi, талдауы мен аудитi
Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Таза пайданы талдау
Шығындар мен табыстар есептерінің аудиті
Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің есебі
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шығындарын басқару
Дайын өнім
Пәндер