Өндірістік шығын есебінің әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық колледжі

Реферат

Тақырыбы: Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау

Орындаған: Ниязбаева А.Б.

Тексерген: Артықбаева Л.Қ.

Алматы 2008 жыл

Жоспар

Кіріспе

1 Бөлім. Шығындар және олардың жіктелуі

1.1. Шығындар туралы мәлімет

1.2 Шығындардың жіктелуі

2 Бөлім. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау

2.1. Калькуляциялау және оның түрлері

2.2. Өндірістік шығын есебінің әдістері

Қолданылған әдебиеттер

1 Бөлім. Шығындар және олардың жіктелуі
1.1 Шығындар туралы мәлімет

Шығындар - ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты
активтердің азаюы (материалдар, ақшалай қаражаттар) немесе міндеттемелердің
артуы (әсіресе, кредиторлық қарыз) енеді.
Шығыстар- бұл ағымдағы есептік кезеңге жатқызылатын шығындар баптары.
Шығыстар ағымдағы кезең бойында табыс табу үшін пайдаланылатын ресурстарды
көрсетеді.
БЕС-ты бойынша Шығыстар есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе
есептен шығару жағдайында табыстың азаюын, сондай-ақ капиталдың азаюына
әкелетін және соған сәйкес міндеттемелердің пайда болуы мүмкін.
Енді шығындардың мәнін түсіну үшін оны үш жақты қарастыру керек.
Біріншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетілген, пайдаланылған
ресурстардың санын көрсетеді.
Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетілген, пайдаланылған
ресурстардың санын көрсетеді
Үшіншіден, шығындар кез келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіруді,
яғни олардың іске асырылу жайын салыстырады.
Осыдан барып, есептің мақсаты, атқаратын қызметі және мазмұндары
өзгерді. Осыдан, шығындарды өздігінше есепте көрсету, оның соңғы өнімі
болып табылады, ал ол мақсатқа жетудің құралы ретінде көрінеді. Икемді
шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде әр түрлі өздерін алып жүреді, ал
жекелеген тұрғысынан қарасақ, ол: пропорционалды, прогрессивті немесе
дегрессивті түрде көрінеді. Шығынның мұндай әрекетін көре тұра, шетелдік
әдебиеттерде, әсіресе бухгалтерлік есеп бойынша теориялық еңбектерінде
шығындардың әрекетті деген терминді өте жиі қолданады.
Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы туралы айту
қабылданғанмен, бірақта шығындардың әрекетті термині, біздің пікірімізше,
тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін
болатын статистикалық жағдайын көрсететін, өте ауқымды ұғым болып көрінеді.

1.2. Шығындардың жіктелуі

Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.
Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген
жіктелімі аса қажет.Бухгалтерлік есептің №7 Тауарлы-материалдық қор есебі
стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:
1) пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық
бөлімше.Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін
аса қажет;
2) өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша – оның өзіндік құндарын есептеу
үшін керек;
3) шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі
бойынша – экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау
баптарымен.
Сонымен бірге:
а) экономикалық элемент бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын
кеткенін көрсетеді. БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер
анықталады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- аударым;
- құралдың тозуы;
- басқадай шығындар;
ә) калькуляциялау баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік
құнын есептеу үшін пайдаланылады.
БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:
- материалдар;
- еңбекақы;
- аударым;
- үстеме шығындар.

2 Бөлім. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау
2.1. Калькуляциялау және оның түрлері

Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай
түрдегі шығындар.
Калькуляциялау – бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің
де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды
орын алады,өйткені ішкі резервті дер уақытында ашуға мүмкіндік беріп, оны
өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда
пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің
(жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде
пайдаланады.
Калькуляциялауда субъект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады.
Қалькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін:
• жоспарлы - еңбек шығынының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың
жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық
(прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;
• есеп берушілік (нақты) калькуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға
тәуелді (өндіру,үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау
бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы)
және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық
аударымдардың нормасын, электр энергиясына,жылуға, газға, суға және
т.б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты
шығындармен сипатталады;
• нормативті калькуляциялар – ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр
түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін
қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляцмялайтын кәсіпорында
жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін
сипаттайтын ағымдағы әрекет ететін нормалар жатады.Нормативті
калькуляция жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге
кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;
• жобалық калькуляциялар – келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр
түрлілігі болып табылады.Ол күрделі салымның (капитальных вложений),
жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін
қолданылады;
• алдын-ала жүргізілетін калькуляция – нақты шығын негізінде және он
айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық
(ожидаемому) өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа
кезеңдегі алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады.Мұндай
калькуляциялар, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында
қолданылады.

2.1. Өндірістік шығын есебінің әдістері

Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық процесте шикізаттың бір
түрінен әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларына
бөліп таратылмайды.Бір өнімнің бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің
біреуімен анықталады.
Шығынды шығарып тастау әдісі – мұнда өнім өндірудің бір түрі
негізгі, ал қалғаны ілеспе (попутные) ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік
құннан жоспарлы өзіндік құн бойынша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып
тастайды, ал лынған шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады.
Құрамдастырылған (комбинированный) әдіс – негізгі және ілеспе
өнімнің бірнеше түрін өндіретін өндірістік кешенде қолданылады.Шығарып
тастау әдісі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарушылық есеб
Бухгалтерлік басқару есебі
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі
«Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС-дегі өндірістік шығындардың аудиті және талдауы
Басқару шешімдерін қабылдау және басқару есебі
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Материалдық шығындар есебі
Шығын есебінің объектісі - кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект
Басқарушылық есеп бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі ретінде
Абзорпшен-костинг
Пәндер