Тасымалдау шығыстары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Тауарлық-материалдық қорлар сипаттамасы 4
1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың олардың түрлері, бағалануы 4
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер 10

Кіріспе

Қазіргі нарықтық уақытта экономикалық мәселелер төңірегінде жүргізіліп
жатқан зерттеулер өздерінің қоғам мен экономиканың дамуындағы өзекті
проблемаларды көтеруімен ерекшеленеді. Соның бір ғана бөлігі біздің
курстық тақырыбы ретінде зерттеуге алынып отырған - тауарлы-материалдық
қорлар. Тауарлы-материалдық қорлар экономиканың бухгалтерлік есеп жөніндегі
ғылыми әдебиеттерде қарастырылып жүр. Бірақ бұл мәселе өз алдына бөлек
қарастыруды қажет ететіндігі даусыз. Оның негізгі бір себебі ТМҚ-дың жалпы
ғылыми жүйеде өз жауабын таппаған. Сондай-ақ, ТМҚ-дың құжаттық рәсімделуі
мәселесі де жүйелеп, бір ізге түсіруді қажет ететін өзекті іс. Біз өз
жұмысымызда ТМҚ жалпы сипаттамасын жасап, методологиялық базасын өз
деңгейімізде жеке күрделі мәселе ретінде айқындауға тырыстық.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің
өндірген өнімдері — мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа
материалдар жатады.
Ұйымның типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің екінші бөлімінде
"Материалдар" есебі мына шоттарда жүргізіледі.
* шикізат пен материалдар;
* сатылып алынған жартылай фабрикаттар;
* отындар;
* ыдыс және ыдыстық материалдар;
* қосалқы бөлшектер;
* басқадай материалдар;
* өндеуге берілген материалдар;
* құрылыс материалдары.
Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланатын
материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да
басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық
тізімде әр материалдың дүрыс аты, оған берілген номенклатуралық нөмірі мен
өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір
материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан
номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды.

І тарау. Тауарлық-материалдық қорлар сипаттамасы

1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың олардың түрлері, бағалануы

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын
міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай
өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс
ұйымдастырудың ең басты мәселесі — оларға экономикалық жағынан дәлелденген
жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда
атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
шикізат;
негізгі материал;
көмекші материал;
жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп
оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің
өндірген өнімдері — мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа
материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші
өнеркәсіп өнімдері — ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет
ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған
өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда
жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да
әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып
алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар
қатарына құрылыс ұйымдарында — бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда —
шойын мен болатты жатқызуға болады.
"Шикізат және материалдар" шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын
немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет
шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді
шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне
септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
"Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,
конструкциялар және бөлшектер" шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар
және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар
және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.
"Отын" мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке
алынады. "Ыдыс және ыдыс материалдары" ыдыстың барлық түрі (цистернаны,
бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар
есепке алынады.
"Запас бөлшектер" жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін
айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.)
арналған запас бөлшектер есепке алынады.
"Басқа да материалдар" өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау
бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б
есепке алынады.
"Өңдеуге берілген материалдар" шотында сыртқа өндеуге берілген
материалдардың және өндеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені
есепке алынады.
"Құрылыс материалдары" құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және
құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар
бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы)
шоттар аша алады.
Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс
шоттарды есепке алады (002, 003).
Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дүрыс
бағалау болып табылады.
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік
құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық
қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толыктай ескіруі немесе
олардың бағасынын төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының
деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату
(өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.
Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы
бөлшектер және басқа босалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің
нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар
синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте - тұрақты есеп
бағасымен (келісімді немесе жоспарланған - есеп бағасы) көрсетіледі.
Егер субъект материалдық құндылықтарды келісімді бағасымен есепке
алса, онда олардың нақты өзіндік құнына КДШ қосылуы мүмкін. КДШ құрамына
теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері
аркылы тасымалдау түрінде жарналардың барлық түрлері кіреді;
жабдықтаушылардың теміржол және басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан
материалдарды жеткізу; қорларды алу және дайындауға байланысты іс-
сапарлардың шығындары, қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек
ақысынан басқа тиеу, түсіру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал
мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар және босалқыларды алумен тікелей
байланысты басқа шығындар жатады.
Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған
шығындарды анықтаған кезде шегеріледі. Тауарлы-материалдық запастардың таза
сату құнын шығару үшін олардың жай шаруашылық қызметінің барысында
сатылатын бағасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға
тең. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша қалпына келтірілмеуі мүмкін, онда
тауарлы-материалдық запастардың таза сату құны пайдаланады:
осы тауарлы-материалдық запастар біршама бүлінген;
олар тұтастай немесе ішінара ескірген;
олардың сату құны төмендеген.
Мысал. "Шығыс" ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін
жабдықтаушыға тапсырыс берген, оның 1дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім
шарт жасасқаннан соң, "Шығыс" ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп
түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 35 555,6 дм2 құраған, ал оның
сомасы 3 200 004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800 000 теңге және түсіру
шығыны (түсірушілердің жалақысы — 300 000 және әлеуметтік - 56 700 (300 000
-300 000 х 10%х21%) 356 700 теңге құраган. Түсіруге дейінгі қоймада сақтау
шығыны 630 000 теңге құраған. "Шығыс" ААҚ теріні өндеудің тәсілін
жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңге дейін түсірген,
нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4 545 324 теңге немесе
1дм2-ты 127,84 теңге құраған:
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке
кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске
босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша
босатылуы мүмкін. Тап осындай өнімді басқа кәсіпорын 90 теңгеден емес, оның
бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан "Шығыс" ААҚ-на да сол бағада сатуына
тура келген.
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын
қарастырып көрейік.
РетШаруашылық операцияларыныңСома Шоттардың
№ мазмұны мың корреспонденц
теңге иясы
дебеткредит
1 2 3 4 5
1. ТМЗ жеткізіп беру үшін 3 200 351 441
жабдықтаушыға 004
Аванс берілген
2. Жабдықтаушыдан сары тері 2 758 201 671
алынды: 624 331 671
- материалдардың құнына 441380
- ҚҚС-ның сомасына
3. Тасымалдау шығыстары 800 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету
Микропроцессорлық техниканың құрылғылары
Әкімшілік шығыстар есебі
Кезең шығындарының есебі
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі
Ұйымдағы табыстар мен шығыстардың мәні мен жіктелуі
Жүк тасымалдаудың қаржы экономикалық көрсеткіштері
Еңбекақының шығындар есебі
Қаржылық есептің ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктері
Табыстар мен шығыстар есебі туралы
Пәндер