Төлем карточкасының реквизиттері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

І - бөлім. Төлем карточкасы арқылы есеп айырысуды ұйымдастыру5

І. І Есеп айырысудың бір құралы болып табылатын төлем карточкасы арқылы есеп айырысудың ерекшеліктері6

Қолданылған әдебиеттер10

Кіріспе

Төлем карталарының дамуы және кең қолданыс табу тарихы XX ғасырдың 60-жылдарының орталарында басталып кетсе де, Қазақстан Республикасындағы төлем карталарының нарығы тек 1994 жылдан, «Алем» банкінің «Алемкард» карталарынан басталды.

Қазақстан Республикасында төлем карталарының банкаралық Ұлттық жүйесін құруға алғашқы қадамдар 1993 жылы ЭВМ (АҚШ) фирмасының SmartCity жобаларымен қатысуынан бастап жасалды. Сонымен қатар, электронды қолма-қол ақшалар жүйесін кәдімгі монеталар мен банкноталардың орнын басушылар жүйесіне айналдыру міндеттелді. Бұл жоба тауарлар мен қызметтер бойынша ұсақ төлемдер жүргізу үшін «электронды әмиян» түріндегі чиптік карталарды қолданады. Қосымша ретінде құнсызданудан қорғау мақсатында шетел валютасын әмиянда сақтау мүмкіндігі ұсынылды.

ҰБ банкоталар мен монеталарды екінші деңгейдегі банктерге өткізгені сияқты, электронды ақшаларды да сату жолымен айналымға ендіріледі деп болжамдалды.

Қазіргі таңдағы магниттік сызығы бар төлем карталарының Қазақстандық жүйесі ұсақ төлемдер нарығын қанағаттанарлықтай жағдайда емес. Өйткені, магниттік сызығы бар карталар бойынша операциялар жүргізу үшін «ON-LINE» тәртібі қолданылады, яғни, бұл операцияларды орындау үшін сапалы байланыс желілері қажет. Бірақ, байланыс желілерінің сапасы жетілмеген және мүмкіндіктері шектеулі екені белгілі.

Ұсақ төлемдерді жүргізу үшін қаржылық нарықтың талаптарын қанағаттандырушы және сапасы нашар коммуникациялық желілер арқылы қызмет көрсете алу мүмкіндіктері бар төлем құралдарының бірі микропроцессорлы технология болып табылады. Бұл технологияны қолдану «OFF-LINE» және сонымен қатар, «ON-LINE» тәртіптерінде, яғни, коммуникациялық байланыссыз төлемдер жүргізуге мүмкіндік береді.

Қолма-қолсыз есеп айырысуларды дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің 2. 07. 02 ж. №713 қаулысымен Микропроцессорлық карталар негізінде төлем карталарының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы ТҚҰБЖ бекітілді.

Ақша төлемі мен аударымы туралы ҚР Заңының талаптарын, Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Үкімет қаулысын орындау үшін Ұлттық банктің бастамасы бойынша және қазақстандық 11 банктің қатысуымен ТҚҰБЖ басқару үшін арнайы ұйым - «Процессинг орталық» ЖАҚ-ы құрылды.

ТҚБЖ-нің ңегізгі мақсаты мыналарды қамтиды:

  • ақша айналымына бақылауды күшейту және қолма-қол ақшаның көлеңкелі айналымын азайту;
  • Жалақы, зейнетақы және жәрдем-ақы төлеудің тетігін жетілдіру;
  • Коммуналдық төлемдер жинау, көлік, байланыс қызмет көрсетулеріне ақы төлеу процестерін оңайландыру;
  • Бюджеттік салық, кеден және басқа міндетті алымдарды қолма-қол емес нысанда жүзеге асыру үшін микропроцессорлық карталар технологиясын қолдану;
  • Қолма-қол ақша эмиссиясына жұмсалатын шығындарды қысқарту.

Процессингілік компания - төлем жүйесінің технологиялық ядросы болып табылатын мамандандырылған есептеу орталығы. Ол аз уақыт ішінде орасан зор көп транзакциялар ағынын кепілдікті түрде өңдей отыра, өте күрделенген жағдайларда қызмет көрсетеді. Шынында да, дебеттік картаны қолдану кезінде және барлық жағдайда болмаса да, ең болмағанда банкоматтан ақша алу үшін несиелік карта қолданған кезде төлем жүйесінің кез келген қызмет көрсету нүктесінде ON-LINE авторизациясының қажеттілігі туады. Процессингілік орталықтың есептеу мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, шексіз транзакциялардың есепке алынуын өңдеу үшін, дара есеп айырысулардың орындалуы үшін бір күндік қорытынды бойынша деректерді өте аз уақыт ішінде дайындау талаптары қойылады.

Төлем жүйесінің сенімді және тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін, біріншіден, процессингілік орталықта (егер, дамыған жүйе болса, бірнеше процессингілік орталықтарда) қуатты нақты есептегіш құрылғылардың болуын, екіншіден, жетілген коммуникациялық инфрақүрылымының болуы талап етіледі, өйткені, географиялық шалғайларда орналасқан өте көп нүктелерге бір уақытта шапшаң жылдамдықпен қызмет көрсете алу мүмкіндігіне ие болуы қажет. Оның үстіне, коммуникациялық талаптарды күрделендіретін тапсырыстарды /запрос/ тасымалдаулар да /маршрутизация/ бар. Сонымен қатар, хабарламалау көздерінің бірі - қатысушы-банктер есеп айырысу банкімен немесе ол банктердің бір-бірімен өзара есеп айырысу жүргізу кезінде айналып, айырбастайтын электронды құжаттар болып табылады.

Бұның барлығын қалыпты түрде реттеу және жүргізу, бұндай мәселелерді тиімді жолмен, шешу үшін өте жоғары дәрежедегі ендірістік деректерді жеткізу желілерін қолдану қажет. Құрылымдық тұрғыдан қарағанда, деректердің жеткізілуі төлем жүйесінің ішкі негізгі элементі болып табылады.

Әрине, жұмыс жүргізу процесінде күнбе-күнгі пайда болушы ұсақ, кішігірім мәселелер мен қызметтер де орасан көп уақыт пен құралдарды талап етеді. Жүйенің өсуі, қатысушылар санының ұлғаюы, карталар саны мен транзакциялар санының көбеюі салдарынан жаңа аппараттық базаға және жаңа бағдарламалық негіздерге көшу мәселелері пайда болды. Әр түрлі бағдарламалық долбарлармен жұмыс жасаушы әр түрлі қатысушылардың қызметтерін келісімдеу, деректер базасының көшірмелерін жасақтау, жұмыс ақауларын жою - осының бәрі Процессингілік компанияның күнделікті атқаратын жұмыстарының мазмүны болып табылады.

Процессингілік компания жұмыс жүргізу барысында бірнеше құрал-жабдықтар қажет ететін көптеген банктермен тығыз байланысты болғандықтан, олардың арасында терминалдар, импринтерлер, банкоматтар және басқа техникалық құрылғылардың ірі партияларын сатып алып, қатысушы-банктерге бөлшектеп сатумен айналысатын еншілес фирмалар қызметі қатар жүреді. Құрылғыларды сатумен қоса, бағдарламалық қамтамасыз етумен, кепілдік және кепілдік беру уақытынан кейін қызмет көрсетумен, қатысушы-банктерге құрылғыларды лизинг арқылы ұсынумен айналысуы мүмкін.

Процессингілік орталықпен төлем карталарын шығару және қызмет көрсетумен айналысушы кез келген банк және сонымен қатар, операциондық шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін сақтандыру компаниялары өзара қызметтесе алады.

Процессингілік орталықпен қызметтес болу екінші деңгейдегі банктерге келесідей мүмкіндіктер ұсынады:

  • Біріккен төлем кеңістігінде қызмет етуге;
  • Төлем карталарына қызмет көрсету шеңберін кеңейтуге;
  • «OFF-LINE» тәртібін қолданумен байланысты орталық жүйеге түсетін ауыртпалықты жеңілдетуте.

Болашақта «Процессингілік орталық» ЖАҚ-ы өзінің қызмет көрсету тізімін кеңейту мақсатында «Әлеуметтік карта» жобасын ендіру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл жоба банктік емес қосымшалармен микропроцессорлық төлем карталарын ендіруді көздейді, оларда оны иеленушінің бірегейлендірілген деректері сақталатын болады: аты-жөні, СТН, ӘЖК, төлқұжаттық деректері, мекен-жайлары және т. б. Бұл карта әдеттегі төлем карталарының функцияларын орындай алады және сонымен бір мезгілде қалалық келікте жол жүру билеті, таксофон картасы, ерікті және немесе міндетті медициналық сақтандырудың сақтандыру полисі ретінде пайдаланылады.

Микропроцессорлы карталарды табысты ендірген кезде шектеусіз функционалдық мүмкіндіктердің арқасында оларды республикада кеңінен тарату қажет етіледі.

Яғни, Процессингілік орталық жалпы келесідей қызметтер атқаруы тиіс:

• Төлем карталары бойынша транзакцияларды өңдеу, қажет төлем
қүжаттарын дайындау;

• Қандай да бір төлем жүйесінің қатысушы-банктері арасында өзара есеп айырысуды жүргізу үшін ақпараттарды дайындау;

• Төлем карталары, сонымен бірге, халықаралық төлем карталарының қодданылуымен жүргізілетін төлемдер клирингі және маршрутталуы;

• Қатысушы-банктердің қосымша шығындарын төмендету мақсатында көтерме жеткізулер үшін бағдарламалық-техникалық құралдармен жабдықтаушылар мен екінші деңгейдегі банктер жасайтын жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Қатысушы-банктердің техникалық жөне ақпараттық қамтамасыз етілуін үйымдастыру;
  • Микропроцессорлық технологиялар базасында төлем к:арталарының ұлттық жүйесін құру;
  • Халықаралық және ұлттық карталарды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы ұлттық эквайринг желісін қалыптастыру.

Әрбір ел өзінің жеке мақсаттарына қызмет ететін, өзінің айрықша ерекшеліктерін және өз экономикасының қажеттіліктерін нақты қанағаттандыруға міндетті өз төлемдер механизміне ие. Сондықтан, Қазақстанда төлемдік есеп-айырысу қатынастар механизмінің кұрылысы әлемнің әр түрлі елдерінің тәжірибесін ескеріп, сынды түрде талқыланып, өз аймағымыздың ерекше сипаттарына бағытталған, сәйкестендірілген болуы керек.

І - бөлім. Төлем карточкасы арқылы есеп айырысуды ұйымдастыру

Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең тараған төлем құралдарының біріне төлем карточкасы жатады. Төлем карточка бұл электрондық терминал немесе электрондық құрылғы көмегімен қолма-қол ақша алу, төлемді жүзеге асыру валютаны айырбастау және басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін негіз болатын есеп айырысу операцияларының құралы. Төлем карточкалары бойынша қызмет көрсету барысында туындайтын төлем міндеттемелерінің орындалу гаранты болып банк-эмитент табылады.

Коммерциялық банктер төлем карточкаларын шығару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банк тарапынан берілген лицензия болу керек. Төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар екінші деңгейдегі 19 банкте бар. Төлем карточкаларының эмитенттері "Қазақстан Халық банкі" ААҚ, "ТұранӘлем банкі" ААҚ, "Казкоммерцбанк" ААҚ, "АТФ банкі" ААҚ, "Нұрбанк" ААҚ, "Банк Центр Кредит" ААҚ, "АБН АМБРО Банк Казахстана" ЕАБ ЖАҚ, "Сити банк Қазахстан" ЖАҚ, "Альфа банк" ЕБ ААҚ, "Банк Каспийский" ААҚ, "Қазақстан Наурыз банкі" ААҚ, "ТехакаБанк" ААҚ, "Евразийский банк" ЖАҚ, "Темір банк" ААҚ (3) .

Төлем карточканы беру туралы келісім шарт негізінде төлем карточкасы беріледі. Келісім шартта мыналар көрсетіледі:

  • Төлем карточканы беру талабы;
  • Төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыру талабы;
  • Қосымша карточканы беруге арналған тұлғалардың тізімі;
  • Төлем картвчкаларын алу және оқшаулау толық немесе жартылай түрде төлемдерді жүзеге асыруға уақытша тыйым салу;
  • Төлем карточканы пайдалану мерзімі және төлем карточканы беру туралы келісім шарттың мерзімі;
  • Екі жақтың міндеттері құқықтары және жауапкершілігі.
  • Төлем карточкасын ұстаушыға берген кезде эмитент төлем карточкасын пайдалану ережесімен таныстыруы керек.

Төлем карточкасымен жасалған барлық төлемдер карт-шотта көрсетіледі. Карт-шот теңгеде және шетел валютасында жүргізіледі.

І. І Есеп айырысудың бір құралы болып табылатын төлем карточкасы арқылы есеп айырысудың ерекшеліктері

  • Қолма-қол ақша айналыста болады;
  • Кез келген уақытта қолма-қол ақшаны алу мүмкіндігі;
  • Шет елге шыққанда карт-шоттағы ақша сомасын мағлұматтауды қажет етпейді;
  • Сатып алынған товарлар, көрсетілген қызмет үшін қолма-қолсыз түрде есеп айырысу;
  • Шығын лимитін көрсете отырып қосымша карточканы сенімді тұлғалары (туысқандары) үшін ашу.

Отандық және шетел тәжірибесінде шетел карточкалар мынадай белгілер бойынша жіктеледі:

I. Акпаратты жазу тәсілі бойынгиа:

1. Графикалық жазба -барлық карточкаларда қолданылады. Бастапқы кезде карточкада ұстаушының аты-жөні және эмитент туралы ақпарат болатын. Кейінірек қол қою үлгісі қарастырылған;

2: Эмбоссинглеу-төлем операциялары тез арада ресімделеді (слип арқылы) ;

3. Штрих-кодтау арқылы карточкаға ақпаратты жазу магнитті жолақ пайда болғанға дейін пайдаланылған және төлем жүйесінде кеңінен қолданылмаған;

4. Карточкадағы магниттік жолаққа кодталған түрде карточканың номері, қызмет ету мерзімі және карточканы ұстаушының ПИН-
коды жазылады. Магниттік жазба кең тараған әдіс болғанымен да алаяқтықтан қорғау деңгейі төмен.

5. Ақпаратты жазудың ең қолайлы әдісі болып ЧИП (ағылшын Сһір-интегралдық схемасы бар кристалл) немесе микросхема табылады. Чиптік карточканың басқа карточкалардан айырмашылығы болғанымен де
қолданылу көлемі шектеулі болған, бұның себебі-магниттік жолаққа қарағанда чиптік карточканы пайдалану қымбатқа соғады. Соңғы
жылдарда магниттік карточка бойынша алаяқтықтан туындайтын шығынның өсуі салдарынан чиптік карточкаға өту туралы шешім қабылданған. Барлық чиптік карточкалардың микро процессоры болады.

6. Лазерлік жазба-технологиясы қолданылады. Магниттік жолақты карточкаға қарағанда ақпаратты сақтау жадының көлемі және жазылған ақпаратты қорғау деңгейі жоғары болып табылады.

II. Төлем карточкасының тағайындалу сипатына қарай:

1 . Идентификациялық карточка ( кәсіпорынға кіру үшін көрсетілетін пропуск болып табылады)

2. Ақпараттық карточка (карточканы ұстаушы туралы маңызды ақпараттар кодталған түрде жазылуы мүмкін)

3. Қаржылық операциялар үшін арналған карточка (есеп айырысу қызметін атқарады)

III. Эмитенттері бойынша :

1. Банктік карточкалар , қаржы компаниялары және банк шығаратын карточка

Жеке карточкалар , компаниядағы сервистік және сауда желілерінде есеп айырысу үшін коммерциялық компаниялар шығаратын карточкалар

IV. Операциялардың экономикалық мәні бойынша:

Дебеттік карточкалар-кляенттің карт-шотындағы қаражат шеңберінде төлемдерді жүзеге асыратын төлем карточкасы

Кредиттік карточка - Банк пен клиент арасындағы жасалған банктік займ бойынша келісім-шарт негізінде эмитенттің берген займы шеңберінде төлемдерді жүзеге асыруға негіз болатын төлем карточкасын білдіреді

V. Карточканы үстаушыларына қарай:

  • Корпоративтік карточка - заңды тұлғалар үшін
  • Жеке карточкалар - жеке тұлғалар үшін

VI. Айналыстағы карточкалар:

Жергілікті карточкалар - үш жылға шығарылады

Халықаралық карточкалар - бір жылға шығарылады.

Төлем карточкаларына арналған жабдықтардың саны (4)

Негізгі көрсеткіштер: Негізгі көрсеткіштер
2001 жыл: 2001 жыл
2002 жыл: 2002 жыл
Негізгі көрсеткіштер: Р08-терминалдар
2001 жыл: 2580
2002 жыл: 3234
Негізгі көрсеткіштер: Импринтерлер
2001 жыл: 1789
2002 жыл: 2051
Негізгі көрсеткіштер: Банкоматтар
2001 жыл: 539
2002 жыл: 702

Төлем карточкаларының айналысы туралы мәліметтер

Негізгі керсеткіштер: Негізгі керсеткіштер
2001 ж: 2001 ж
2002 ж: 2002 ж
Негізгі керсеткіштер: Төлем карточкалары қолданылған төлемдер саны барлығы мың
2001 ж: 14096
2002 ж: 20957
Негізгі керсеткіштер: Соның ішінде
2001 ж:
2002 ж:
Негізгі керсеткіштер: Сауда терминалында
2001 ж: 400
2002 ж: 579
Негізгі керсеткіштер: %-бен жалпы санға қатынасы
2001 ж: 2, 8
2002 ж: 2, 8
Негізгі керсеткіштер: Қолма-цол ақша беру бойынша
2001 ж: 13696
2002 ж: 20378
Негізгі керсеткіштер: %-бен жалпы санға қатынасы
2001 ж: 97, 2
2002 ж: 97, 2
Негізгі керсеткіштер: Төлем карточкалары бойынша төлемдер көлемі-барлығы, млн. тенге
2001 ж: 143786
2002 ж: 551008
Негізгі керсеткіштер: Соның ішінде
2001 ж:
2002 ж:
Негізгі керсеткіштер: Сауда терминалында
2001 ж: 5789
2002 ж: 9589
Негізгі керсеткіштер: %-бен жалпы көлемге қатынасы
2001 ж: 4, 0
2002 ж: 3, 8
Негізгі керсеткіштер: Қолма- қол акща беру бойынша
2001 ж: 137996
2002 ж: 241418
Негізгі керсеткіштер: %-бен жаппы көлемге қатынасы
2001 ж: 96, 0
2002 ж: 96, 2

Қазақстандық эмитент банктердің төлем карточкалары санының өсу үрдісі болғанымен алайда, олар негізінен қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. Төлем карточкаларын бөлшек саудада пайдалану арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жедел дамытуға кедергі келтіретін негізгі себеп тауарға немесе қызмет көрсетуге ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын сауда және сервис кәсіпорындарының жеткіліксіз саны болып табылады. 01. 01. 03 жыл 1763 кәсіпорын төлем карточкаларын товарға немесе қызмет көрсетуге ақы төлеуге қабылдады. Төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін 3234 төлем терминалдары және 2051 импринтер, қолма-қол ақша алу үшін 702 банкомат пайдаланылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем карточкаларының есебі
Төлем карточкасы арқылы есеп айырысуды ұйымдастыру
Есеп айырысу операциялары
Валюталық шот операцияларының есебі
Ақша қаражаттар есебі
Ақша қаражаттар қозғалысы мен есебі
Пластикалық карточкамен есеп айырысудың жалпы түсінігі
Касса операцияларының есебі. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі
Ақша қаражаттары есебі
Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz