ҚОРҒАСЫН ҚАҒЫН КОНЦЕНТРАЦИЯЛЫҚ БАЛҚЫТУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

ҚОРҒАСЫН4

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТЫҚ6

ҚОРҒАСЫН ҚАҒЫН КОНЦЕНТРАЦИЯЛЫҚ БАЛҚЫТУ8

ҚОРЫТЫНДЫ10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР11

КІРІСПЕ

Түсті металлургияның Қазақстанның эканомикасында атқаратын міндеттері мол. Бұл саланың елімізде пайда болғанына 250 жылдан астам уақыт өтті. 1917 жылы Қазақстанда түсті металлургия саласына жататын 10 рудник және 3 зауыт қана болған. Ал қазір бұл ең дамыған өндірістердің біріне айналып отыр.

Қазақстанның түсті металдарының сапасы өте жоғары. Өскемен мырышы, Балхаш пен Жезқазған мысы Лондондағы металдар биржасында сапаларының өте жоғары болғандықтарына байланысты эталон ретінде тіркелген. Мысалы, Жезқазғанның мысының сапасы 99, %. Қазіргі кезде Қазақстан түсті металдарын дүниежүзінің 30 шақты еліне экспортқа шығарып отыр. Шеттен келетін валюта табысының 27% осы өнеркәсіп саласының үлесіне тиеді.

Қазақстан жері түсті, асыл металдармен қатар, ХХІ ғасырдың металдары деп аталатынсирек металдармен де бай. Бірақ әзірше оларды өндіретін кәсіпорындар саны жеткіліксіз, тиімді технологияда жоқтың қасы.

Республикада тсті металлургия саласына кіретін 7 саланың құрамында 28 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Соның ішінде қорғасын-мырыш саласы 12 кәсіпорыннан тұрады, оның үшеуі металлургиялық, ал тоғызы кен байыту. Металлургиялық кәсіпорындар - Өскеменнің қорғасын-мырыш, Риддердің полиметалл комбинаттары және Шымкенттің қорғасын зауыты. Кен байыту кәсіпорындары - Ащысай, Ертіс және Риддер полиметалл, Шығыс Қазақстан мыс-химиялық, Зыряновск қорғасын, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары, Жәйрем, Жезкент және Қарағайлы тау-кен комбинаттары.

Республиканың қорғасын-мырыш өндірістерінің руда қоры едәуір. Қорғасын мен мырыш өндіруде біз дүниежүзі бойынша бесінші орынға иеміз.

Қорғасын зауыттары негізінде ауаны қорғасынмен, мышьякпен, басқада ауыр металдармен, күкірт пен көміртек оксидтерімен көп мөлшерде ластайтын көзге жатады.

ҚОРҒАСЫН

Табиғатта таралуы және алынуы. Қорғасын германий және қалайы сияқты қосылыс күйінде кездеседі. Оның өнеркәсіптік маңызы бар қосылысына қорғасын жылтыры PbS жатады.

Металлургия өнеркәсібінде қорғасын жылтырын өртеудің нәтижесінде алынған қорғасын оксидін көмірмен тотықсыздандыру арқылы қорғасын алады:

2PbS + 3O 2 →2PbO + 2SO 2

2PbO + C→2Pb + CO 2

Қасиеттері. Қорғасын көкшіл ақ түсті, ауыр металл. Ол өте жұмсақ болғандықтан пышақпен кесуге болады.

Қорғасын құрғақ ауада кәдімгі температурада өзгермейді. Германий мен қалайыға қарағанда қорғасынның 2+ болатын қосылыстары тұрақты болады. Қорғасынды қыздырғанда галогендермен, оттегімен, күкіртпен әрекеттеседі, мысалы:

Pb + O 2 →2PbO

Pb + Cl →PbCl

Қорғасын дымқыл ауада гидрокарбонаттар түзе тотығады:

2Pb + O 2 + 2H 2 O + 4CO 2 →2Pb(HCO 3 ) 2

Қорғасын сұйытылған күкірт қышқылымен және хлорсутек қышқылымен бастапқы кезде әрекеттеседі де, түзілген қорғасын (ІІ) сульфаты мен хлориды суда да, қышқылда да ерімейтіндіктен ары қарай реакцияласпайды.

Ол азот қышқылында жақсы ериді және концентрациялы күкірт қышқылымен ерімтал гидросульфат түзе әрекеттеседі.

3Pb + 8HNO 3 → 3Pb(NO 3 ) 2 + 2NO + 4H 2 O

Pb + 3H 2 SO 4 → Pb(HSO 4 ) 2 + SO 2 + 2H 2 O

Қосылыстары. Қорғасын екі түрлі оксидтер - PbO және PbO 2 түзеді. Сонымен бірге осы оксидтердің қоспасы түрінде кездеседі: Pb 2 O 3 (PbO∙PbO 2 ) және Pb 3 O 4 (2PbO∙PbO 2 ) ∙Pb 3 O 4 -ті сурик деп атайды.

Бұл оксидтердің ішіндегі маңыздылары PbO және PbO 2 . қорғасын (ІІ) оксиді PbO алыну әдісіне қарай сарыдан қоңыр түске дейін болатын негіздік қасиеті басым амфотерлі оксид.

Қорғасын (ІІ) оксидін балқыған қорғасында ұзақ уақыт қыздырып алады:

2Pb + O 2 →2PbO

Қорғасын оксиді аздап суда еріп, ерітіндісі сілтілік қасиет көрсетеді:

PbO + Н 2 О → Pb(OН) 2

Қорғасын (ІІ) оксиді PbO және оған сәйкес келетін гидрооксид Pb(OН) 2 германий (ІІ) мен қалайының (ІІ) гидрооксидтері сияқты әрі қышқылдармен, әрі сілтілермен әрекеттеседі:

Pb(OH) 2 + 2HCl → PbCl 2 + 2H 2 O

Pb(OH) 2 + 2KOH→ K 2 PbO 2 + 2H 2 O

Қорғасын гидрооксидін қорғасын (ІІ) тұзына эквивалентті мөлшердегі сілтімен әрекет етіп алады:

Pb(NO 3 ) 2 + 2NaOH→Pb(OH) 2 + 2NaNO 3

Қорғасын (ІV) оксиді PbO 2 қоңыр түсті суда ерімейтін қышқылдық қасиеті басым амфотерлі оксид. Қорғасын оксидіне сәйкес келетін қорғасын қышқылы белгісіз, бірақ оның тұздарын қорғасын (ІV) оксидімен негіздік оксидтерді қосып балқытып алады:

PbO 2 + CaO→ CaPbO 3

Қорғасын (ІV) қышқылының тұздарын плюмбаттар дейді. Олардың көпшілігі суда ерімейді және күшті гидролизденеді.

Қорғасын (ІV) оксиді амфотерлі болғандықтан сұйытылған қышқылдарда, мысалы, хлорсутек қышқылында еріп қорғасын (ІV) хлоридін түзеді, бірақ ол тұрақсыз қосылыс болғандықтан қорғасын (ІІ) хлориды мен хлорға ыдырап кетеді:

PbO 2 + 4HCl→ PbCl 4 + 2H 2 O

PbCl 4 →PbCl 2 + Cl 2

PbO 2 + 4HCl→PbCl 2 + Cl 2 + 2H 2 O

Бұл реакция қорғасын (ІV) оксидінің күшті тотықтырғыш қасиеті бар екенін көрсетеді.

Қолданылуы. Қорғасын электр кабельдерін изоляциялауға, аккумулятор пластинкаларын, бытыра, оқ өндіруге және радиоактивтік сәулелерден қорғануға қолданылады. Ол әртүрлі құймалардың құрамына кіреді. Негізгі қорғасын мен қалайыдан тұратын құйма - баббит подшипниктер жасауға жұмсалады. Қорғасын тұздарынан Pb(OH) 2 ∙2PbCO 3 ақ бояу жасауға, Pb(CH 3 COO) 2 маталарды бояғанда, PbCrO 4 «хром сарысы» деген атпен бояу жасауға қолданылады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТЫҚ

Антропогендік қоршаған ортада экологиялық науқастық пайда болады.

Экологиялық науқастық - антропогендік жолмен қоршаған ортада нормадан тыс мөлшерде жинақталған химиялық элементтер мен т. б. ластағыштардың кез-келген адамның денсаулығына тигізген әсерлерінен туындайтын ауру-сырқаулық. Кейбір науқастардың пайда болу жолдары кестеде көрсетілген.

1-ші кесте - Қоршаған ортаның химиялық элементтермен ластануы, ластаушы көздер және олардың адаì денсаулығына әсері

элемент
Көз
Әсер
элемент: Мышьяк
Көз: Өнеркәсіп
Әсер: Дерматиттер, тері қабатының меланозы, ішек-қарын жолының зақымдануы, кеңсіріктің тесілуі, қатерлі түзілістің дамуы мен орын алуына қатысуы
элемент: Берилий
Көз: Өнеркәсіп, көмір жағу
Әсер: Өкпенің ерекше зақымдануы, лимфа тамырлары мен бездерінің үлкейуі, жүдеу
элемент: Кадмий
Көз: Өнеркәсіп, тыңайтқыштар, шылым шегу
Әсер: Дем алу мен ас қорыту органдар функциясының бұзылуы, анемия, қан қысымының жоғарлауы, бүйректің зақымдануы, итай-итай ауруы, остеопороз (сүйек құрылысының өзгеруі), мутагендік және канцерогендік әсер
элемент: Мыс
Көз: Өнеркәсіп, көмір жағу, тыңайтқыш
Әсер: Мамандықпен байланысты аурулар
элемент: Алюминий
Көз: Алюминий өнеркәсібі, көмір жағу
Әсер: Тіс флюорозы, сүйек флоюрозы (сүйектің ерекше өзгеруі)
элемент: Сынап
Көз: Өнеркәсіп, көмір жағу, цемент шикізатын күйдіру, астықты улау, тыңайтқыштар
Әсер: Орталық жүйке жүйесі мен перифериялық (шеттік) жүйкелердің зақымдалуы, инфантилизм, репродуктивтік функцияның бұзылуы, стоматит, минамат ауруы
элемент: Марганец
Көз: Өнеркәсіп, көмір жағу
Әсер: Безгек, пневмония, орталық жүйке жүйенің зақымдалуы (марганец паркинсонизмі)
элемент: Никель
Көз: Өнеркәсіп, көмір жағу, тыңайтқыштар, шылым шегу
Әсер: Дерматиттер, қан түзілудің бұзылуы, канцероген, эмбриотоксикоз
элемент: Хром
Көз: Өнеркәсіп
Әсер: Дерматиттер, канцероген
элемент: Қорғасын
Көз: Өнеркәсіп, көмір жағу, автокөлік, көмір үйінділері, бояулар, тыңайтқыштар
Әсер: Қорғасындық энцефалонейропатия
элемент: Селен
Көз: Руда байыту, күкірт қышқылының өндірісі, көмір жағу
Әсер: Депрессия (сарыуайымға түсуі), бас айналу, бас аурулары, сары ауру, мұрыннан қан кету
элемент: ванадий
Көз: Көмір мен мұнай жағу, өнеркәсіп
Әсер: Жүрек-тамыр жүйе аурулары

ҚОРҒАСЫН ҚАҒЫН КОНЦЕНТРАЦИЯЛЫҚ БАЛҚЫТУ

Сирек металдар өндірісінің қорғасын қағы осмий мен рений сияқты сирек металдардың қайталама шикізат көзі болып табылады. Оның негізгі құрамын қорғасын сульфаты құрайды. Қазіргі таңда қорғасынқағын өңдеудің пиро, гидро және біріккен пиро және гидрометаллургиялық өңдеу технологиялары белгілі. Гидрометаллургиялық өңдеу қақты шаймалау арқылы қорғасынды ерітіндіге өткізіп, бөліп алуға негізделген [1, 2] . Мұндай өңдеу барысында қақ осмий мен рений бойынша байытылады, ал ерітінділерден қорғасын тұздары алынады. Алынған осмий, ренийлі концентраттар ары қарай белгілі технологиялар бойынша өңделеді.

Қорғасын қағын пирометаллургиялық әдіспен өңдеу оны тотықтырғыш атмосферасында (400-800 0 С) ауамен үрлеу арқылы, осмийді жеке немесе осмий мен ренийді бірге газды фазаға бөліп алу сатыларынан тұрады [5, 7] . Біріккен пиро және гидрометаллургиялық әдістер қақ құрамындағы қорғасында біркелкі түрге (сульфитті немесе сульфатты) өткізіп, ары қарай оны шаймалау арқылы осмий, ренийлі концентраттар алуға негізделген [3, 4] . Ұсынылған технологиялардың көптігіне қарамастан қорғасн қағы өндірісте өңделмейді. Оны содамен бейтараптандырғаннан кейін, технологиялық жүйеден шығарып арнайы орындарда сақтайды[8] .

Аталған технологиялардың көпшілігінде осмий мен ренийдің түзілген өнімдерге таралуы байқалады, және осмий мен ренийді жай маталдардан бөліп алу іске асырылмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмір мен мұнай жағу, Жүрек - тамыр жүйе аурулары өнеркәсіп
Қарағанды бассейнінің көмірі жоғары сапалы
Құрамында мырышы бар шикізаттан мырышты өңдеу әдіс - тәсілдері
Мырыш электролизі
Пирометаллургия (грек. руr — от және металлургия) — жоғары температураларда өтетін металлургиялық процестердің жиынтығы
Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында
«Kazzinc» АҚ Өскемен МК базасында «Special high grade» маркалы катодтық мырыш өндіру цехын жобалау
Казцинк ЖШС ӨМК-да тазартылмаған мыс құрамындағы таза мыстың мөлшерін фотометриялық әдіспен анықтау
КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау
Қара металлургия ғаламдық нарықта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz