Орман және аңшылық шаруашылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қ.И.Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Металлургия және полиграфия институты

Кафедра____________________________ _______________________

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

Қоршаған ортаны қорғау

Орындаған: Нұрлыбаев Р.Е_____

ЯХТ-05-1к 3 курс

Қабылдаған: Алисултанова _З.Т____

Алматы 2007 ж

Жоспар

Кіріспе.
3

Негізгі бөлім
2.1 Табиғатқа аялы алақан керек.
4
2.2 Орман және аңшылық шаруашылығы.
6
2.3 Алакөл көлінің мәселесі: cіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз!
9
2.4 Автомобиль көлігі мен энергетика кәсіпорындары.
10
2.5 “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом Компаниясының өндірістік қызметі.
11
2.6 Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы жайлы.
14
2.7 Экологиялық жағдай көрсеткіштері.
16
3. Қорытынды.
19
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
20

Кіріспе.
Әрбір адам өз денсаулығының сау болуы, өз ортасының таза болуын қаласа онда
қоршаған ортасын, өз айналасын таза ұстағаны жөн болар деп ойлаймын. Қоршаған
ортамыз ластанса, онда біз де ластанамыз. Қазіргі таңда көптеген аурулар
түрлері осы қоршаған ортаның ластығынан болып отыр. Мысалы, автомобилдердің
түтіндері, фабрика заводтардың қалдықтары тағы сол сияқты өнеркәсіптердің
қалдықтары өмір сүру ортасын ластап, ауруларға ұшыратады.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды
ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер
жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе. Қазіргі кезде ірі
елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі мәселелер күн тәртібіне
қойыла бастады. Мәселен, Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды
сақтауға арналған полигон әлі күнге шешілмей келеді. Бір таңқаларлығы сол, оған
жыл сайын жергілікті бюджеттен мол қаржы бөлініп игерілгенімен, ешқандай нәтиже
жоқ. Полигонның қазіргі жағдайы экологиялық-санитарлық талаптарға сай келмейді.

Табиғатқа аялы алақан керек.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны
қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент
Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені
мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта
беру алға тартылды.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды
ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер
жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.
Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе,
көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін
мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі –
Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас
мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың
орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы
қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне
лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу
шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және
экологиялық аудит жасауға құқылы.
Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды басқарма қызметкерлері биыл
қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде
жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес
жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру
жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік
экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды.
Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық
білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі
танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар
ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға
баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында
үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық
сенбілік өткізілді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты
дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13
семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу,
орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері
25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты тұрғындардан 112 өтініш
түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап берілді. Басқарманың қызметіне
және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге 80 мақала жарияланып, телеарналардан
19 телебейне көрсетілді. Сол секілді, дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына
арналған шаралар да өз нәтижесін беріп келеді. Тікелей министрліктің ұсынысымен
аймақтардағы басқарма басшыларының экологиялық мәселелер жөніндегі есебін
тыңдау дәстүрге айналды. Осы кездесулердің пәрменділігі қандай? Енді осыған
тоқтал-ғанды жөн көріп отырмын. Басқосуларда жергілікті тұрғындар, табиғат
пайдаланушылар, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар және саяси партиялар өкілдері
аймақтардағы экологиялық проблемалар жөнінде нақты мағлұмат алды және олардың
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік жасалды.
Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы заң талаптары бойынша
түсініктемелер берілді. Қазіргі кезде облыстың аудандары мен қалаларында
басқарманың 18 мемлекеттік өкілетті инспекторы жұмыс істейді. Инспекторлардың
халықпен байланысын нығайту, экология жөніндегі жергілікті проблемаларды
талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың аудандар мен
қалалардағы есебі тыңдалды.
Алайда, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауға осындай заңдық негізде
бақылау жұмыстары жүргізілгенмен, табиғатты пайдалануда қамқорлық емес,
қорқаулық көзқарастың жойыла қоймағанын мойындауымыз керек. Мәселен, Қапшағай
қаласындағы бұрынғы “Вимпекс” арақ зауытының қалдықтары ауаны ластап, қала
тұрғындары мен демалушыларға қиындық келтіруде. Сондай-ақ, Іле ауданындағы
“Филипп Морис Қазақстан” серіктестігі де өндіріс қалдықтарын жасырын сақтап,
қоршаған ортаға мол зиян келтіргені анықталды. Алматы қаласына таяу орналасқан
Қарасай, Іле және Талғар аудандарының экологиялық жағдайы баса назар аударуды
қажет етеді. Тау аймақтарының бірқатар көрікті жері аталған аудандарға қарайды.
Аудандар территориясындағы шатқалдардың орманы оталып, беткейі түзетіліп, шағын
тау өзендері бойына зәулім үйлер салынып, оның айналасы дуалдармен қоршалып
жатқаны жасырын емес. Кез келген тексерушіні жолата қоймайды. Олардың қарулы
күзетшісі және бар. Сән салтанатты сауналар мен моншалардан шыққан лас су тау
өзендеріне құйылып жатыр. Осындай нысандарға уақтылы экологиялық сараптама
жасап, заңдық тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр.
Қазіргі кезде ірі елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі
мәселелер күн тәртібіне қойыла бастады. Мәселен, Талдықорған қаласындағы
тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтауға арналған полигон әлі күнге шешілмей
келеді. Бір таңқаларлығы сол, оған жыл сайын жергілікті бюджеттен мол қаржы
бөлініп игерілгенімен, ешқандай нәтиже жоқ. Полигонның қазіргі жағдайы
экологиялық-санитарлық талаптарға сай келмейді. Ол Қаратал өзені ғана емес,
Балқаш көліне де қауіп төндіруде. Сонымен бірге, облыс орталығының маңайындағы
елді мекендерде қалдықтарды сақтау жайы да сын көтермейді. Басқармаға қарасты
арнайы жабдықталған топырақ, су және атмосфералық ауаға сараптама жасау
жөніндегі зертханалардың қорытындысына сүйенсек, облыстың экологиялық жағдайы
тұрақты деп баға беруге болатындай.
Алайда, облыстың бүгінгі өсу, өркендеу және даму қарқыны қоршаған ортаны
қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендерді көркейту,
көріктендіру бағыттарында бірқатар мәселелерге назар аударуды қажет етуде.
Мысалы, Талдықорған қаласынан жылына 100 мың тонна, Қапшағай қаласынан 30 мың
тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Соны өңдейтін зауыт салудың уақыты
келген сияқты. Алакөл, Балқаш көлдерінің тазалығын сақтауға мемлекеттік қолдау
көрсетілуі керек. Оған Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының да ортақ
көзқарасы, көмегі болуы тиіс.
Облыс территориясындағы Достық, Қорғас, Қалжат және Қарқара кедендері арқылы
Қытай және қырғыз елдерінен өтетін көліктерден экологиялық төлемдер алынбайды.
Бұл елдер бізден баратын көліктерден нақты төлемдер алады. Аталған кедендерге
арнаулы пункттер орнатып, халықаралық стандарттарға сәйкес төлемдер алуды
жүзеге асыратын уақыт жетті деп ойлаймын. Бұл қаржы еліміздегі экологиялық
мәселелерді шешуге, тұрақтандыруға, жақсартуға жұмсалар еді.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 292-бабы бойынша жергілікті
атқарушы органдарға қалдықтарды сақтау, оны өңдеу, тиісті орындарға тасымалдау,
оларды полигондарға орналастыру, қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық
талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, жауапты кәсіпорындар құру және
басқа да міндеттер жүктелген. Сондықтан да аудандық және ауылдық әкімдіктер
қоршаған ортаны қорғауға арналған заң талаптарына сәйкес өз аймақтарындағы жер,
су ресурстарын сақтауға, оны заң талаптарына сәйкес пайдалануға қатаң бақылау
орнатуы керек.
Әсіресе, табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын құндылықтарға ерекше көңіл аудару
қажет. Оның ішінде аң, құстың жөні бөлек. Асқар таулар әлеміндегі бұғы,
маралға, арқар, елікке, қырғауылға, далалы жерлердегі қарақұйрыққа, ақбөкенге
қаруын ала жүгіретіндер, қызық үшін қызықтаушылар жоқ деп айта алмасақ керек.
Олардың жолын кесу кейде бізге оңай соқпайды. Табиғат аясына шығып
демалушылардың барған жерін жаудай жапырып, қалдықтарды шашып кететіні, өрт
қауіпсіздігін сақтамайтыны және бар. Жалпы, табиғатты қорғау жағынан
мәдениетіміздің кемшіндігі әр жерде көрініп қала беретіні өкінішті.

Орман және аңшылық шаруашылығы.
Шығыс Қазақстан облысының ормандары Қазақстан Алтайы мен Сауырдың қоңыр қылқан
жапырақты тайгасы мен жапырақты ормандары кіретін Шығыс аймағы мен Ертіс
бойының қарағайлы орман жалдары және Қазақ шағын адырының далалық шоқ ормандары
мен Тарбағатай кіретін Семей аймағына бөлінеді. Облыстың мемлекеттiк орман
ќорыныњ ауданы 3,6 млн. га. Шығыс Қазақстанда бүкіл Қазақстан пайдаланатын ағаш
қорының 75% - ы шоғырланған. Облыстың орманды жерлері 6,2 %- ды құрайды.
Орманды құрайтын негізгі ағаш тұқымдары- қарағай, майқарағай, шырша, самырсын
және балқарағай. Орман шаруашылығын жүргізу үшін облыста 13 мемлекеттік мекеме
жұмыс атқарады. Олардың негізгі міндеттері орманды өрттен және өз еркімен
кесуден сақтау, орманды қайта қалпына келтіру, орманды қорғау іс- шаралары
жүргізу болып табылады.
Орман шараушылығын жүргізудің тиімділігін арттыру мен орманды қайта қалпына
келтіру жұмыстарының көлемін арттыруға бағытталған Жасыл ел 2005 - 2007
жылдарға республикалық және аймақтық бағдарламаларында орман шаруашылығы
дамуының алдағы болашағы айтылған. 2007 жылы ШҚО бойынша ағаш отырғызудың
көлемін жылына 1900 гектарға, ағаш отырғызу материалдарын жылына 22 млн. данаға
дейін жеткізу жоспарланған. Облыстағы бірегей тұқымдарды сақтау үшін жалпы
көлемі 1,7 млн. гектар болатын 18 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды.
Бұлар Марқакөл және Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары, Катонқарағай
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Семей орманы мемлекеттік орман табиғи
резерваты, 8 мемлекеттік табиғи қорықшалар, 1 республикалық табиғат ескерткіші
және 5 облыстық табиғат ескерткіштері. Бұлардың негізгі қызметі биологиялық
әралуандықты сақтау және қалпына келтіру, ғылыми - зерттеу, рекреациялық және
экологиялық- ағартушылық қызметтерді жүргізу. Келешекте ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар жүйесін ары қарай дамыту, қазіргі барларын кеңейту және Сауыр,
Тарбағатай, Зайсан қазан шұңқырында жаңадан ерекше қоорғалатын табиғи
аумақтарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Облыс аумағында құстардың 375 түрі.
сүт қоректілердің 109 түрі мекендейді. Олардың ішінен құстардың 38 түрі және
сүт қоректілердің 12 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.
Құдыр, бұғы, марал, қабан, елік, сібір тау ешкісі, сирек кездесетін және
жойылып бара жатқан елеулі түрлердің ішінен - барыс, сабаншы, қызыл қасқыр,
арқар сияқты жануарлардың бағалы кәсіптік түрлерінің бізде мекендеуі облымызға
тән сипат. Аң аулауға пайдалынылатын жерлердің көлемі 23,6 млн. гектарды
құрайды, аның ішінде аң аулауды пайдаланушыларға бекітілгені - 19,8 млн.
гектар, жалпы мақсатқа пайдаланылатын жерлер (резервтік қор) - 3,8 млн. гектар.

Облыста аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін 24 аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді.
Негізгі аңшылықты пайдаланушыларға өзінің бөлімшелерінде Семей ауданаралық
аңшылар мен балық аулаушылардың қоғамдық бірлестігі бар Аңшылар мен балық
аулаушылардың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, сондай- ақ Көкпекті
ауданындағы Бритоусов ЖШС-і, Зайсан ауданындағы Востоктурсервис, ал
Глубокий ауданындағы Бауыржан шқ және Черемшанка құс фабрикасы плюс ЖШС-і
сияқты аңшылық шаруашылықтары жатады. Орман және аңшылық шаруашылығы 2006 жылғы
1 жарты жылдыққа арналған жұмыс қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
департаментінің қарауындағы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері 2006 жылғы
өрт қауіптілігі жоғары маусымға дайындықтарын аяқтады және өрт сөндіру-химиялық
станциялары, барлық өрт сөндіру құралдары толық дайындыққа келтірілді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында облыс әкімдігі орман шаруашылығы мемлекеттік
мекемелерінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше жағдайлар саласындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі басқармасының, Шығыс Қазақстан
облысының өрт сөндіру және құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік мекемесі
филиалының басшыларымен және Көкпекті, Бесқарағай, Ұлан аудандары әкімдерінің
орынбасарларымен мәжіліс өткізіп, онда 2005 жылғы өрт қауіптілігі жоғары
маусымының қорытындысы талқыланды және 2006 жылғы өрт қауіптілігі жоғары
маусымға дайындық бойынша міндеттер қойылды. Орман шаруашылығы мемлекеттік
мекемелерінің барлығында аудан әкімдерімен бекітілген және мемлекеттік өртке
қарсы қызмет пен аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі қызметпен келісілген,
2006 жылға арналған орман өрттерін өшіру және ұйымдастырудың бекітілген жедел
жоспарлары бар.
Департамент Казавиалесохраны республикалық мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынның Шығыс Қазақстан филиалымен бірлесіп 6 орман шаруашылығы
мемлекеттік мекемелерінде ормандарды өрттен қорғау бойынша жердегі және авиация
күзеті қызметтерінің өзара байланысының қатысуымен штабтық-командалық
оқу-жаттығулары жүргізілді. Департамент мамандарымен орман шаруашылығы
мемлекеттік мекемелерінің өрт қауіптілігі жоғары маусымға дайындықтарына
тексеру жүргізілді. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде өрт қауіптілігі
кезеңіне 40 тоннадан бензин мен дизельдік отынның резервтік қоры жинастырылды.
Ағымдағы жылы өртке қарсы іс-шараларға жергілікті бюджеттен 5,0 миллион теңге
бөлінді. Бірінші жарты жылдықта мемлекеттік мекемелермен мынадай өртке қарсы
іс-шаралар өткізілді: жыртылған жолақ салу – 102 шақырым, жыртылған жолақтарды
күту – 357 шақырым, Қазақстан Республикасы ормандарында өрт қауіпсіздігі
ережесін сақтау бойынша 559 - жазбаша өкім берілді. Тұрғындардың арасында
түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. Өткен кезеңде газеттерде
21 мақала жарияланды, теледидар және радио бойынша 6 хабар, өртке қарсы
тақырыпқа – 1892 әңгіме мен дәріс оқу жүргізілді, 336 дана алдын-ала ескерту
аншлагтары орнатылды, 925 дана - үнпарақтар таратылды.
2006 жылғы 1 шілдеге дейін мемлекеттік орман қорында 4 орман өрті оқиғасы
болды, ол 09 гектар алаңнан жүріп өтті, оның ішінде 0,8 гектары орман. Өткен
жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда орман өрттерінің саны 4 есеге, ал олар
жүріп өткен алаң 662 гектарға азайды.
Есеп беру кезеңінде табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша 2855 рейд және
1003 тексеру жүргізілді. Барлығы 1130 бұзушылық, оның ішінде аңшылық бойынша –
168, орман бойынша – 614, балық бойынша – 348 анықталды. 912 айыппұл сомасы 1
536 100 теңге, оның ішінде аңшылық бойынша – 68 айыппұл сомасы 168900 теңге,
орман бойынша – 564 айыппұл сомасы 1031400 теңге, балық бойынша – 280 айыппұл
сомасы 335 800 теңге салынды. 881 айыппұл сомасы 1 377300 теңге, оның ішінде
аңшылық бойынша – 73 сомасы 167 300 теңге, орман бойынша – 531 сомасы 879 400
теңге, балық бойынша – 277 сомасы 330 600 теңге өндірілді. Өндірілген айыппұл
89,6 пайызды құрады. Сомасы 5 305 100 теңгеге 76 талап, оның ішінде аңшылық
бойынша – 25 талап сомасы 4 398 600 теңге, орман бойынша – 48 сомасы 905 100,
балық бойынша – 3 талап сомасы 1400 теңге талап етілді. 39 талап сомасы 534 000
теңгеге, оның ішінде аңшылық бойынша – 6 талап сомасы 232 200 теңге, орман
бойынша 32 сомасы 255 000 теңге, балық бойынша – 1 талап сомасы 46 800 теңге
өндірілді. Талаптарды өндіру 10 пайызды құрады.Табиғат қорғау заңнамасын
бұзғандардан 47 бірлік аңшылық қару-жарағы, оның ішінде 46 тегіс оқпанды және 1
ойындылы, 486 аулау құрал-саймандары (ау, қақпан, тұзақтар) алынды.

Алакөл көлінің мәселесі: cіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз!

Алакөл көлі (Шұбар көл) – аттас көлдер тобының ірісі, Алакөл ойыстарының ең
терең бөлігінен орын алады. XIII-XIX ғасырлар аралығында көл Гурге-Нор
(көпірлер көлі), Алақтүгүл, Алатеңіз, Алақта, оңтүстік (шығыс) Алакөл
атауларымен танымал болды. Алакөл көлі Қазақстанның ішкі бөгендері арасындағы
көлемі жағынан екінші және республиканың ағынсыз өзендерінің арасындағы жалғыз
терең көл болып табылады. Алакөлдің су көлемі Балқаштың су көлемінің жартысына
тең және Бұқтырма мен Волга бөгендерінің су көлемдерінен артық.
Ені мен биіктігі көп жылғы су деңгейінің тербелісі кезеңіне байланысты
өзгеретін клиф етегінің оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағалауларының
жемірілген бойы малта-қиыршық тасты жағажайға дейін жайылған. Бұл жердегі
қайталама жинақталудың пайда болу сипаты қорғаныс шығанағын құратын малта тасты
енсіз түбек болып табылады. Енсіз түбектің ені мен биіктігі де көп жылғы су
деңгейінің тербелісіне байланысты өзгереді. 1950-1957 жылдары трансгрессияға
байланысты көлдің жемірілген жағасының қарқынды өңделуі, енсіз түбектің және
табиғи жағажайдың бұзылуы, су басуы мен азаюы байқалды. Соңғы 25 жылда көлдің
жағалау сызығының бойы опырылуы нәтижесінде шығыс жағалауы аймағы құлап,
құрлықтың 300 метр тереңдігінде қалды. Жыл сайынғы жағалау сызығының опырылуы
құрлық тереңдігінен орташа алғанда 10-нан 30 метрге дейін жетеді. Шығыс
Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылында жағалау сызығының опырылуы
нәтижесінде Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс үйлері, жағалаудағы
ғимараттарды қосатын жалпы ұзындығы 1800 метрге төселген асфальт жол бұзылды.
Көл Дорожник демалыс үйіне және басқа да көптеген демалыс орындарына дейін
түсті. Көл жағасында жыл сайын емдеу шаралары қабылданады және 60 мыңнан аса
адам жай демалады.
Бүгінгі күні Алакөл көлі жағалауының сызығына бекіту жұмыстарын жүргізу өте
қажет болып тұр. Алакөл көлінің бұзылған аймағының жағалау бөлігін бекіту
бойынша алғашқы жұмыстарды жүргізуге қаржыландыру мүмкіндігі бар.

Автомобиль көлігі мен энергетика кәсіпорындары.
    Автомобиль көлігі мен энергетика кәсіпорындары Астана қаласының
атмосфералық ауасын ластайтын негізгі көздер болып табылады. Қазіргі уақытта
автомобильдердің саны 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті және 94,5 мыңды
құрады. Қалада шағын қазандықтар саны көбеюде, олар 250-ге жуық. Қазіргі
уақытта Есіл өзенінің қала аумағындағы  ластану деңгейінің жоғары болуы
байқалады. Ақбұлақ және Сарыбұлақ сияқты екі саласы бар Есіл өзені Астана
қаласының ең басты су арнасы болып табылады. Сарыбұлақ саласы жайылма сулардың
ғана емес, Есіл өзеніне құйылатын сарқынды сулардың да қашыртқысы қызметін
атқаратын техногендік су арнасы болып отыр. Елорда халқының жылдам өсуімен және
экономикасының дамуымен арта түсіп отырған өндірістің және тұтыну қалдықтарының
мөлшері қаланың қоршаған ортасына кері техногендік ауыртпалық түсіріп отыр.
Проблемалары:
бақылау жүйесінің атмосфералық ауаның жай-күйінің нормативтер талабына саны
бойынша да, сапасы бойынша да сай келмеуі; 
ластану деңгейін төмендету мақсатында жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік
беретін ақпаратты жинақтайтын және талдайтын біртұтас орталық жоқ;
Талдыкөл сарқынды суларды булағыш-жинағышын жоюдың және қайта өңдеудің
қажеттігі;
жауын-шашын кәрізі жүйесінің санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық
талаптарға сай келмеуі;
күл үйіндісін қайта өңдеу және жаңаларын салу қажеттілігі. Күл-қожды кәдеге
жарату мен оларды өңдеу жұмыстары деңгейінің жеткіліксіздігі;
тұрмыстық қатты қалдықтар және өндірістік қалдықтардың рұқсат берілген
қоймасының атмосфералық ауаға теріс әсері;
қауіпті қалдықтарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Қармақшы орман шаруашылығында аңшылықтың жануарлар санының жағдайына әсері
Қызыл кітапқа енген құстарды да қырып жатыр
Қырғауылға аңшылық жасау
Орман шаруашылығы жұмыстары
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау
Аңшылық жануарларды алқаптарда орналастыру
Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі
ГАЖ
Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың (ondatora zibeticus) таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар
Пәндер