Фосфор саласын дамытудың басымдықтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1 Аймақтың қол жеткізген табыстары еліміздің тұрақты дамуына
қосқан қомақты үлесі.

2.2 Фосфор қышқылы өндірісі.

3. Фосфор саласын дамытудың басымдықтары
2.4 Жыл өткен сайын жасарған.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Фосфор қышқылының өндірісі туралы айтатын болсақ, онда бірінші еске
Жамбыл облысы, Қаратау тауы еске түседі емес пе. Жамбыл облысының
экономикалық дамуы тұрақты түрде өсіп келеді. Оған соңғы жылдардың
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері – аймақтық жалпы өнімнің өсу қарқыны,
өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, ауылшаруашылығы саласының дамуы,
инвестициялық әлеуеттің кеңейе түсуі айғақ бола алады.

Қазфосфат ЖШС Жамбыл филиалы тамақ фосфор қышқылы өндірісі бойынша
жаңа технология енгізді. Сондай-ақ тауарлы сары фосфорды шығаруды барынша
ұлғайту мақсатында Фосфор шламын өңдеп, пайдаға асыру инновациялық
жобасын жүзеге асырды.

Аймақтың қол жеткізген табыстары еліміздің тұрақты дамуына қосқан қомақты
үлесі.

Жамбыл облысының экономикалық дамуы тұрақты түрде өсіп келеді.
Оған соңғы жылдардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері – аймақтық жалпы
өнімнің өсу қарқыны, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, ауылшаруашылығы
саласының дамуы, инвестициялық әлеуеттің кеңейе түсуі айғақ бола алады.
Цифрға жүгініп айтар болсақ, 2005 жылмен салыстырғанда былтыр өнеркәсіптік
өнім көлемі – 1,6 %-ға, ауылшаруашылығы өнімі – 0,1 пайызға ұлғайса,
негізгі капиталға инвестиция – 2,2 есе артық мөлшерде тартылды.
2004-2006 жылдары жоғары технологиялық өндірістерді құруға және
дамытуға бағытталған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге
асыру аясында облыс кәсіпкерлерінің тындырған істері аз емес. 5,1 миллиард
теңгенің 33 инвестициялық жобасы, оның ішінде өткен жылы 1,3 миллиард
теңгенің 7 жобасы іске асырылды. Осы мерзімде 1542 жаңа жұмыс орны ашылса,
оның 256-сы өткен жылдың еншісіне тиесілі.
Қазфосфат ЖШС Жамбыл филиалы тамақ фосфор қышқылы өндірісі
бойынша жаңа технология енгізді. Сондай-ақ тауарлы сары фосфорды шығаруды
барынша ұлғайту мақсатында Фосфор шламын өңдеп, пайдаға асыру
инновациялық жобасын жүзеге асырды.
Облыста өнімнің бензин, дистиллят, аммонийдің тиосульфат-сульфит
сияқты жаңа түрлері игерілді. Ол қазіргі кезде пайдаланылып жүрген натрий
цианидының орнына табиғи металдардан алтын айырып алуға арналған реагент.
Сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығару және оны тұрақты
өндіру қабілетіне ие болу кез келген қоғамның дамуы мен гүлденуінің аса
маңызды факторы. Сондықтан халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгізу
дегеніміз – ешбір баламасы жоқ нағыз қажеттілік. Облыста аталмыш жүйе 27
кәсіпорын мен мекемеге енгізілді. Ал үстіміздегі жылы осындай мүмкіндікке
облыстың 61 шаруашылық етуші субъектісі қол жеткізу үшін қызу жұмыс
жасауда. Аймақты қол жеткізген оңды әлеуметтік-экономикалық нәтижелері –
еліміздің тұрақты дамуына қосылған қомақты үлес. Бүгінгі таңда аймақтың
тиімді дамуының кілті – экономиканы әртараптандыруға негізделген бәсекеге
қабілетті мамандану, қайта өңдеуші секторды дамыту, сапасы жоғары деңгейлі
тауар шығару және қаржыландырудың нарықтық көзі іспетті ішкі және сыртқы
инвестицияларды тарту. Аймақтың бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру
мақсатында облыста ұзақ мерзімді перспективалық даму стратегиясы жасалуда.
Онда тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, облысты
тауарлар мен қызмет көрсетудің ұлттық және аймақтық нарығына бағыттау,
аймақта кластерлік бастамаларды жүзеге асырумен өзара байланысты түрде
инфрақұрылымдармен қамтамасыз етудің негізгі бағыттары анықталған.
Жалпы, облыс әлемдік рынокқа шығу үшін фосфор шикізаты, сары фосфор,
минералдық тыңайтқыштар, фосфор қышқылы, глютен (ұлпа) кремний өнімдерін
өндіруші және жеткізуші ретінде әлеуеттік мүмкіндіктерге ие. Аймақтық және
ұлттық рынокқа барит өнімі, құрылыс материалдары, жоғары сапалы
агроөнеркәсіптік өнімдері – ет және ет өнімдері, сүт өнімдері,
консервіленген көкөніс өнімдері, қант, жүн және тері бұйымдарын өндіруші
және жеткізуші ретінде шыға алады. Сондай-ақ облыстағы басымдықты салалар
химия және тау-кен өнеркәсіптері болып қала береді. Газ және фосфат
шикізаттарын өндірудің көлемін ұлғайту негізінде аймақтық тау-кен
өндірістік кешені дамитын болады. Келешекте Қазфосфат ЖШС филиалы
минералдық тыңайтқыштар зауытының базасында ҚХР кәсіпорындарымен бірлесіп,
минералдық тыңайтқыштар шығарушы кәсіпорындарды құру мәселесі қаралуда. Бұл
өндірісті жылына 1200 мың тоннаға дейін ұлғайтуға және ауылшаруашылығы
тауарларын өндірушілердің аталмыш өнімдерге деген сұраныстарын толығымен
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2010 жылға дейін жаңа технологияларды пайдаланатын үш цемент зауытының
құрылысын, әк, кірпіш, жылылықты сақтайтын қасбет панельдерін шығару
зауыттарын салу қаралуда.
Облыста кварциттерді қайта өңдеу және поликремний өндіру бойынша
металлургиялық комбинаттың құрылысын салу жоспарланып отыр. Кремний
өндірісі үшін шикізат ретінде Т.Рысқұлов ауданының баланстық қоры жағынан
Қазақстандағы ең ірі Мақпал кен орнының кварциті пайдаланылатын болады.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы еліміздің әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын, Үкіметтің 2007-2009
жылдарға арналған бағдарламасының негізгі басымдықтарын жүзеге асыру
аймақтық өнімнің жалпы өнім көлемін ұлғайтуға және экономикалық өсудің
неғұрлым жоғары қарқынына қол жеткізуге мүмкіндік
береді.

Фосфор қышқылы өндірісі.

Жыл сайынғы Қазақстан халқына үндеуде индустриялды – инновациялық
саясаттың ғылым мен техника жетістіктерін қолдану негізінде экономиканың
тұрақты дамуын арналған стратегия міндеттері анықталды. Экономика
құрылымында сапалы өзгерістер өткізу, сертификаттау жүйесін жетілдіру және
экономика мен басқаруды дүниежүзілік стандартқа көшіру, жобаларды
инвестициялаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіруге бағытталған дайындық
шаралары. Стратегиясының I кезеңі аяқталды 2004-2006 жылдар Экономиканы
диверсификациялауға бағытталған өлкелік индустриялды – инвестициялық даму
Бағдарламасын облыс әкімдігі жасап жүзеге асыруда.

ТОО Қазфосфат НДФЗ филиалында фосфорлық жобасы жүзеге асырылды.
Химиялық өнім қалдықтарынан минералды тыңайтқыш түрлерін жасау
жоспарлануда, бұл ауылшаруашылық минералды тыңайтқыш өндіруші
товарөндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз етеді. 2005 жылы Қытай Халық
Республикасымен жобаны жүзеге асырудың соңында 1200 тонна минералды
тыңайтқыштарды өндіруді көбейту кезеңін қарастыратын, минералды
тыңайтқыштар шығыратын мекеме құру жөнімде хаттамаға қас қойылды.

Ұлттық жаңа қор АҚ ТОО ҒЗИ және рейнжиринг жасаған Қаратау
фосфоритін химиялық әдіспен өңдеп концентратталған азотты – фосфорлы
тыңдайтқыш нитро – аммофос жасау жаңа жоба түгелдей 6,3 млн. теңгеге
қаржыландырылды.

Фосфор саласын дамытудың басымдықтары
• рудалық базаны дамыту;
• Германияда шығарылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай химия бойынша ақпарат
Минералдық және органикалық минералдық тыңайтқыштар өндірісі
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Ақмола болысының іргетасы
Экономикадағы сараптау жүйелері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы ормандар. Орман экономикалық ресурсы
Сұйық минералды тыңайтқыштар несімен бағалы
Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамыту
ҚР денсаулық сақтау жүйесі жағдайы, жетілдіру проблемалары
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Пәндер