Жалпы химия



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Кіріспе.

2. Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы.

3. Агрохимиялық анализ.

4. Агрохимиялық картограмма.

5. Агрохимиялық қызмет.

6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Химия – жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз
– бізді айнала қопшаған материялық дүние. Бұл материялық дүние адам
баласының сана-сезімінен ... материя дейтініміз, ол біздің сезім
мүшелерімізге әсер арқылы түйсік туғызушы, материя дейтініміз бізге түйсік
арқылы берілетін объективтік болмыс.
Химия – заттардың бір-біріне айналып өзгеруін зерттейтін ғылым. Химия
заттардың құрамын, құрылысын қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс
жағдайын, әрі өзгерістерімен қабат болатын құбылыстарды зерттейтін ғылым.
Химия - өте ертеден дамып келе жатқан ілім, ол күнделікті өмірге,
қажеттіліктен туған, оның металлургия, ауыл шаруашылығын, жеңіл өнер
кәсіпті дамытудағы рөлі ерекше және қазіргі кездегі даму қарқыны орасан
зор. Химия халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік қолданылады: өте
таза металдар алудың, ғышылдар, негіздер мен тұздарды, минерал
тыңайтқыштарды, бояулар мен газдан және өнеркәсіптік қалдықтардан
таңғажайып экологиялық таза полимерлік материалдар, өнер кәсіптік және
тұрмыс–салт бұйымдарын, ауыл шаруашылығына керекті гербицидтар мен
пестицидтерді синтездеудің жаңа технологиялары дүниеге келді. Мамандар
өндірісте материалдық ресурстарды өндіріп-өңдеуге химия заңдылықтарын
пайдаланып, жоғары біліктілік көрсетеді.
Біз – химия ғасырының тұрған адамдарымыз. Химия біздің тұрмысымыздың,
өміріміздің барлық салаларына сіңіп кеткен. Автомобиль мен кемелер, самалет
пен ракеталар химиксіз жасалмайды, химиясыз орнынан қозғалмайды. Ешбір
құрылыс кірпіш, цемент, шынысыз мүмкін емес, ешбір адам тамақ , киімсіз,
күнделікті тұрмыстық, мәдени керекті заттарсыз тұра алмайды. Ал, осы
заттардың ешқайсысы химиясыз өңдірілмейді.
Химиялық және химия өнеркәсібінің өркендеуі жалпы шаруашылықтың
техникалың прогресіне ерекше әсер етеді. Осы күнгі халық шаруашылығының
алуан салаларының қайсысын алсақ та, химияны, химияның жетістіктерінің
нәтижесін пайдаланбайтыны жоқ .
Химия және оның жетістіктері, еліміздің экономикасы мен мідениетінің
өсуінде, халықтың хал-ахуалы көтеруінде, социализмнің материалдың-
техникалық базасын жасауда үлкен орын алады.
Жалпы химия ғылымының дамуында дүние жүзінің химиктерінің еңбектері
ерекше, бұлар бұрында, қазір де, алдыңғы қатардан орын алады.

Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы

Халық шаруашылығының химияландыру – ғылыми техникалық прогрестің
маңызды бағыты – химияның табыстары мен әр түрлі әдістерін, химиялық
материалдарды және одан жасалған бұйымдарды қоғамдық өндірістің тиімділігін
жоспарлы және кең түрде арттыруда қолдану, сонымен қатар халыққа мәдени,
медициналық және тұрмыста қызмет етуді жақсарту болып табылады. Әсіресе,
ауыл шаруашылығын химияландыруға көп көңіл бөлінуде. Оған минералдық
тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғайтын заттарды мал шаруашылығының химиялық
өнімдерін және әр түрлі полимерлерді және басқа да химиялық заттарды
мелиорацияда қолдану жатады. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану – ол мол
өнім алудың қуатты құрамы 1т минералдық тыңайтқыш қолдану арқылы кәдімгі
өнімнен артық 2т астық 1т мақта – шикізатын, 10 т астам қант қызылшасын
алуға болатындығы
есептелген.
Ауыл шаруашылығын химиялыандыру негізінде және органикалық
тыңайтқыштарды кеңінен қолдану арқылы жердің құнарлығын арттыру жұмыстары
жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Ауыл шарушылығына қажетті химиялық
қосымшаларды, мал азығының консерванттарын, бой өсіргіштерді және
өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғайтын заттарды, әр түрлі қабықшаларды,
полимерлік материалдарды және басқа да химиялық өнімдерді көптеп шығару
белгіленіп отыр.
Ауыл шаруашылығының қажетті микробиологиялық синтез өнімдері
толығырақ қамтамасыз етілетін сол сияқты биотехнология мен гендік инженерия
саласындағы ғылыми техникалық жетістіктер белсенді түрде өндірістерге
енгізілетін болады.
Ауыл шаруашылығында өсімдіктерді әр түрлі зиянкестерден, аурулардан
және арамшөптерден қорғайтын минералдық тыңайтқыштарды, химиялық заттарды
кеңінен қолданады. Оларды қолдану ауыл шаруашылығының өнімдерін көбейтудің
ең маңызды шаларының бірі болып табылады. Елді индустриализациялаудың
негізі болып табыладын металдарды осы химиялық әдістердің көмегімен алады.
Агрохимия – ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін арттыру үшін өсім
өсімдіктердің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық
процестерді, тыңайтқыштармен т.б. химиялық заттардың тиімділігін
зетттейтін ғылым. Міндеті – ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын
арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және
көтеру. Ал өсімдік қоректенуін, тыңайтқыш пен топырақ арасындағы
қатынасты, тыңайтқыштардың қасетін және олардың өсімдікдерге тигізетін
әсерін, сондай-ақ әр аймаққа қандай тыңайтқыштар қолдануға болатынын
зерттейді. Агрохимия ауадан азот алу әдістерін қолдану және
микроорганизмдер мен тағы басқа химиялық факторлар арқылы топыраққа азот,
фосфор, калий тағы басқа элементтер өорын көбейтудің, елімізде әр аймақтың
топырақ-климаттық ерекшелегін ескере отырып органикалық және минерал
тыңайтыштарын, өсімдікті қорғауды қолданылатын химиялық заттар қолданудың
тиімді жолдарын іздестіреді, агрохимиялық зеттеулер жүргізудің әдістерін
жасайды.
Агрохимия – егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Бұл химия әрі
биологиалық ғылым болып есептеледі. Агрохимия әр түрлі өсімдіктердің жеке
ерекшеліктеріне қарай жасаған жағдайды тексеріп, топырақ құнарын көтеруге
бағытталған шаруаларды белгілейді.

Агрохимия, агрохимиялық химия – топырақ пен өсімдікте өтетін химиялық
процестер, өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін
тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.
Диқаншылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. 1761 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Органикалық қосылыстардың классификациясы
Мұнай химия бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы
Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері
Химия өнеркәсібінің даму кезеңдері
Химия өнеркәсібі
Химияны оқыту жолдары
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Пәндер