Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық шарттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің ғылыми-теориялық негіздері
3: 7
Кіріспе: 1. 1 Кіріктіру ұғымына сипаттама
3: 7
Кіріспе: 1. 2 Ойын пәндік әрекетін кіріктіру мәселесін зерделеудің педагогикалық негіздері
3: 13
Кіріспе: 2 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің ерекшеліктерінің әдістемелік негіздері
3: 24
Кіріспе: 2. 1 Баланың ойын пәндік әрекетін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кіріктірудің құрылымдық моделі мен педагогикалық шарттары
3: 24
Кіріспе: 2. 2 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіру тәжірибесіне эксперимент жұмысы және нәтижесі
3: 36
Кіріспе: Қорытынды
3: 62
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 64

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етуде. Оның маңызды қырларының бірі - білім беруді кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға құзыреттілік тұрғысынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағыттау болып табылады[1] .

Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселе - бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Ол үшін оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру, білім берудегі жалпы және кәсіби мәдениетті әлемдік деңгейге жеткізу қажет[2] .

Білім берудің әр кезеңіне сәйкес бөлінетін уақыттың шектелуі мен игеруге қажетті ақпарат көлемінің артуы, сондай-ақ кәсіби даярлау бағыттарының көптүрлігі мен кәсіби білім беру орындарының түлектерінің даярлығына қойылатын талаптардың үнемі артып отыруы, дәстүрлі оқытудың басымдығы мен ақпаратты игерудің ғылыми-техникалық жетістігінің деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы оған қол жеткізуге тура келеді.

Ғылым мен білім берудегі кіріктіру үрдістердің әлеуметтік-экономикалық негіздері адамның қазіргі жағдайдағы шаруашылықты жүргізу әрекетінің тиімділігін арттыруға байланысты болып отыр. Кіріктіру тұрғысынан келудің әлеуметтік практикасын 21 ғасырдың жаһандық мәселелері де талап етуде[3, 4] . Өйткені, білімнің ғылыми сыйымдылығының өсуі, ғылымның әртүрлі саласындағы зерттеулердің қолданбалы бағыттылығы мен қоғамдық дамудың ақпараттық-техникалық құраушысының күшеюі еңбек үрдісінің жоғары зияткерлігін талап етуде[5] . Сондықтан, қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттеріне жоғарыда аталған үрдістер белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

Қазіргі уақытта білімді кіріктіру мәселесін педагогикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан зерттеуге ерекше маңыз берілуде. Кіріктіру теориясы бойынша көптеген ресейлік ғалымдар Г. Г. Авзалова[6], А. Я. Данилюк[7], Н. А. Лошкарева[8], В. Н. Максимова[9], М. А. Данилов[10], В. В. Давыдов[11], В. Н. Монахов[12] т. б., сол сияқты елімізде бұл мәселемен А. А. Бейсенбаева[13], Ә. М. Мұханбетжанова[14], С. К. Ерімбетова[15], Г. К. Шолпанқұлова[16] т. б. айналысады. Ғалымдар кіріктіруның философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырған. Сонымен қатар, негізгі түсініктерін, заңдылықтарын, категориялары мен идеяларын ашып, білім берудің мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін ғылымдар жүйелігі мен байланыстылығы негізінде талдайды.

Қазіргі жаһандану жағдайында жедел өзгеріп отырған әлем және ақпарат легінің артуы, оның одан әрі шектеусіз өсуі адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қою нәтижесіз мақсат екендігін көрсетіп отыр. Ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады.

Бірақ, өте үлкен көлемдегі оқу және ғылыми мәліметтерді меңгеру қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмірлік қалыптасуы үшін жеткілікті бола бермейді. Сондықтан ақпаратты сұрыптаудың жаңа тәсілдері мен жаңа ақпараттық технологияларды игеру тұлғаны қалыптастыру үшін міндетті талапқа айналуда. Бұл жағдайда білім беру үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды қолдану білімнің жаңа сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Елімізде қазіргі заман талабына сай тұлғалық білім берудегі ақпараттандырудың алатын орны мен маңызын Б. Әбдікәрімов [17], Қ. Бектаев [18], Е. Бишімов [19], Б. М. Момынбаев [20], Ш. Х. Құрманалина [21], М. Х. Қаламғалиев [22], және т. б., сол сияқты әртүрлі ғылымдар бойынша білім беруде компьютерді қолдану мәселесімен Е. Ы. Бидайбеков [23], Д. М. Жүсібалиева [24], Г. К. Нұрғалиева [25], Ж. А. Қараев [26], Н. Ғ. Даумов [27], Б. Д. Сыдықов [28], Ж. И. Сардарова [29], Ж. Ж. Нұржанова [30], А. Б. Медешова [31] т. б. еңбектерінен көреміз.

Бүгінгі күні білім беру мақсаттарының жиынтығы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік жағдаятты бара-бар бағалай алу, проблеманың шешу жолдарын табу және т. б. Бұл мақсатты білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыруға болады.

Білім алушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруда олардың білімін кіріктіруді жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асыру бүгінгі күнгі көкейкесті мәселе болып табылады. Сондықтан, оны педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Біріншіден, мектепке дейінгі баланың жалпы, тұлғалық және арнайы білімдер кіріктірілуіне негізделген қорытылған ойлауын дамытудың қажеттілігі туындап отырғанымен, кіріктірілуіне білім беру мазмұнының көппәндік бағыттылығы сақталған; екіншіден, бала бақшаның білім мазмұнына ғылымның соңғы жетістіктерін қамтитын жаңа пәндік аймақтар енгізіле тұрғанымен, оқу үдерісін оңтайландыруда қазіргі мүмкіндіктер жеткілікті пайдаланылмай, негізінен дәстүрлі білім беру басымдықта қолданылуда; үшіншіден, оқу үдерісін кіріктіруге негізделген үлгілеу әдісі, жобалау әдісі, рольдік және іскерлік компьютерлік ойындар сияқты интерактивті технологияларды бала бақшаның оқу үдерісіне бейімдеу жүзеге асырылмай келеді. Өйткені, мектепке дейінгі баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіруді жаңа ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асырудың педагогикалық шарттары анықталмаған. [32]

Қазіргі жағдайда жаңа ақпараттық технологиялардың бала бақшаның білім беру үдерісіне кеңінен енуі және баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіруге деген қажеттіліктердің өсуі мен оны жүзеге асыруға арналған әдістемелік даярлықтың жеткіліксіздігі арасында қайшылық орын алып отыр. Осы аталған қайшылықтың шешімін іздестіру зерттеу мәселесін айқындауға және тақырыпты: «Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің ерекшеліктері» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің объектісі: бала бақшаның білім беру үдерісі.

Зерттеудің пәні: Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық шарттары.

Зерттеудің мақсаты: Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіруді ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бала бақшаның ойын пәндік әрекетін ұйымдастыру үдерісінде жаңа ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланылса, онда балалардың білімі кіріктірілген жаңа сапалық нәтижеге жетеді, өйткені жаңа ақпараттық технологияларды қолдану балалардың дамуына ықпал етеді.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Кіріктіру ұғымына сипаттама беру
  2. Ойын пәндік әрекетін кіріктіру мәселесін зерделеудің педагогикалық негіздерін қарастыру
  3. Баланың ойын пәндік әрекетін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кіріктірудің құрылымдық моделі мен педагогикалық шарттарын айқындау
  4. Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіру тәжірибесіне эксперимент жұмысы және нәтижесін талдау

Зерттеудің тәрбиеші идеясы: бала бақшаның білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіруге негіз болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: диалектикалық таным теориясы, ғылыми танымдағы теория мен практиканың бірлігі мен диалектикалық өзара әсері қағидасы; құбылыстардың жалпыға ортақ байланысы мен өзара тәуелділігі туралы философиялық ережелер; педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістерінің негізгі ережелері; кіріктіру теориясы, жүйе теориясы, дидактикалық жүйелерге кибернетикалық және жүйелік тұрғыдан келу идеясы, білім берудің жаңа ақпараттық технологиясының мәні және оларды оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктері туралы теориялық тұжырымдамалар [33; 34]

Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың таным, білім, тұлға туралы, танымдық әрекет, білімнің кіріктірілуі, білім берудің жаңа ақпараттық технологиясы туралы шетелдік және отандық зерттеулер, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы, мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандарты, бала бақшаның негізгі нормативтік құжаттары.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, педагогикалық басылымдар мен нормативтік құжаттарды, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, салыстырмалы талдау, сұрақ-сауалнамалар, дидактикалық үлгілерді, оқу үдерісіне арналған компьютерлік бағдарламаларды жобалау, статистикалық талдау, тәжірибелік - эксперимент жұмысын жүргізу, оның нәтижесін бағалау, өңдеу, қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: алғашқы кезеңде (2009-2010 жж. ) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталды, білімнің кіріктірілуі және жаңа ақпараттық технологияны қолдану мәселелері бойынша ғылыми еңбектерге талдау жасалды. Талдау негізінде жаңа ақпараттық технологияның бала бақшаның ойын пәндік әрекетін кіріктірудегі мүмкіндіктері айқындалды. Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіру және білім беруді ақпараттандыруға байланысты теориялық, оқу-әдістемелік құжаттар, озық тәжірибелер сұрыпталып, жұмыстың ұғымдық және ғылыми аппараты анықталды.

Екінші кезеңде (2010-2011жж. ) ақпараттық технологияны оқу үдерісінде қолдану бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді және оны мектепке дейінгі бала білімін кіріктіруде қолданудың педагогикалық шарттары анықталды, құрылымдық моделі жасалып, тиімділігі тексерілді. Кіріктірілген оқу бағдарламалары, жобалар жасалып, оны бала бақшаның білім беру үдерісінде қолдану әдістемесі сынақтан өткізілді.

Үшінші кезеңде (2011-2012 жж. ) тәжірибелік-эксперимент жұмысы негізінде нақты қорытындылар жасалды. Жұмыстың әдістемелік тиімділігі тексеріліп, нәтижелері практикаға енгізілді, ұсыныстар берілді. Зерттеу қорытындылары негізінде әдістемелік құралдар мен арнайы курс бағдарламалары жасалды, бітірушілік жұмысының рәсімделуі аяқталды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің ғылыми-теориялық негіздері

  1. Кіріктіру ұғымына сипаттама

Елбасы Н. Ә. Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, кіріктіруге ерекше мән бергені белгілі. Кіріктірулық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда тұлғаның танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ. [35; ]

Осыған орай кіріктіру, кіріктіріп оқыту мәселесі сан қырынан зерттелуде. Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі кіріктіруді әр түрлі негізде жасауға Н. В. Малахов, И. А. Лошкарева, И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Т. Г. Рамзаева, Н. Н. Светловская, М. Р. Львов, Н. Я. Виленкин, Л. И. Бурова, т. б. зор үлес қосты. Бұл педагог-ғалымдардың еңбектерінде кіріктіру туралы мәселе жан-жақты қарастырылады.

Кіріктіру дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Сондықтан да кіріктіру мен пәндердің өзара байланысы ұғымдарын мәндес ұғым ретінде түсінуге болмайды. Кіріктіру тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді

Білім жүйесін реформалау оны ұйымдастыру мен мазмұнына жаңаша методологиялық тұрғыда қарауды талап етеді. Оның негізгі идеясы оқу материалын жүйелеп, ғылымдарды кіріктірулау арқылы пәнаралық байланысты ұйымдастыру. Бұл бір жағынан бізге дүниенің тұтастығын көрсетсе, екіншіден мазмұнды оптималдап бізге түсетін жүктемені азайтады.

Сондықтан алынған тақырыбымызды өзекті деп танып, біз зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, қазақ тілі пәнін кіріктіріп өткізу жолдарын анықтау барысында біз Тақырыпқа төмендегідей терминдік анықтама бердік:

Кіріктру ұжымдастыра біріктіру, тұтастырып жіберу.

Кіріктіру (кіріктіру) - шет тілі сөздерінің сөздігіндегі анықтама бойынша латын тілінен аударғанда (іngratіon) қандай да бір элементтерді, бөліктерді біріктіру немесе жаңарту, қалпына келтіру, француз тілінен аударғанда енгізу, қосу, жұмдасу деген ұғымдарды білдіреді. Лингвистикалық сөздіктегі анықтама бойынша: (Интегрирование - это приближение наук друг к другу, нивелирование их различий в процессе объединения в одну науку) .

Интерлингвистика - тіларалық қарым-қатынас құралы болып табылатын халықаралық тілдерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Негізгі назар аударатын мәселесі - халықаралық жасанды тілдік қолданыс, жасалу

процесі. Сондай-ақ көптілділік, тілдердің бір-біріне тиізетін әсері, ықпалы, интернационал терминдердің пайда болуы да зерттеледі. Интерлингвистиканың зерттеу объектісі мен ішкі құрылымы, оның ұзақ дамуында анықталады. Интерлингвистика Р. Декартты кейін Г. Лейбництің лингвожобалық теориясы негізінде қалыптасты. Негізгі бағыты 1879 жылы айқындалды, ең бірінші халықаралық жасанды тіл волапюк пайда болып, бірінші рет қарым-қатынас құралы ретінде қолданылды. 1887 жылы эсперанто пайда болды. Интерлингвистика проблемалары Халықаралық лингвистикалық Конгрестерде (1931, 1948) көтерілді. Жоспарлы тілді (эсперанто) жақтаушы ғалымдар - О. Есперсен, Э. Сепир, А. Мейе, Ш. Балли, А. Фрей т. б [36] .

Кіріктіру (лат. integratio - қалпына келтіру, толықтыру, integer - бүтін) -1) өзара экономикалық қарым-қатынастарда, сондай-ақ үшінші бір елдермен қатынастарда келісілген саясат жүргізу мақсатымен мемлекетаралық экономикалық одақтардың құрылуы; 2) педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіру [37] .

Педагогика ғылымының докторы Т. Г. Браженің анықтамасы бойынша пәндерді кіріктіру - педагогикалық коллективтің творчестволық потенциалын дамыту және жекелей мұғалімдердің балаға нақты және сапалы білім беру мақсатын жақсарту үшін қолданылатын жаңа педагогикалық шешімдерді іздеу бағыттарының бірі болып табылады деген [38; 40] .

Ғылымның жеке салаларындағы білім мазмұнын кіріктіріп оқытудың методикада жинақталған өзіне тән принциптері, түрлері, әдістері бар. Оқу пәндері мына принциптер негізінде кіріктіруланады:

Кіріктірілетін оқу пәндері бірдей объектілерді зерттейді.

Кіріктірілетін оқу пәндерінде бірдей зерттеу әдістері пайдаланылады.

Кіріктіруілетін оқу пәндері ортақ жалпы заңдылықтар, бірдей теориялық концепциялар негізінде құрылады [41] .

Қазіргі білім беру мекемелерінде кіріктіру бірнеше бағыттар бойынша және әртүрлі сатыда жүргізіледі: пәнішілік және пәнаралық. Осы жерде кіріктіру кезіндегі мазмұнды іріктеу ерекшеліктеріне тоқталайық: классикалық, дәстүрлі пәндерін кіріктірулау және мектептегі жаңа мазмұнды материалды кіріктіруге қосу. Бұл жағдай біздің ғасырдың басында әлемнің жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негізгі мәселе ұйымдастырушылық немесе қазіргі айтылып жүргендей ақпаратты факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ, алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесі қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталады.

Кіріктіру әдістерінің негізгі және міндетті шарттарының бірі балалардың өз бетімен жұмыс істеу ролінің артуында. Себебі, кіріктіру барысында оқылатын материалдың тақырыбы тереңдетіледі, оның салдарынан басқа пәндердің арқасында оқылатын құбылыстардың сипаттамасы артады және талдау жұмыстары күрделене түседі.

Сонымен кіріктірілген сабақтар дегеніміз тақырыптары мазмұндас болып келетін екі пән, кейде екі ғылымның материалдарын бір академиялық сағаттық көлемінде, оқытудың бірінші сатысында белгілі бір жүйеге сәйкес жымдастырып, біріктіріп, қосып беру болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс проблемасын және білім берудегі кіріктіруді әртүрлі негізде зерттеуге: И. Д. Звереьев, М. Р. Львов, Р. Г. Лемберг, Ю. М. Колягин, Н. Н. Светловская, Т. Оспанов, Т. Сабиров, С. И. Волкова, Н. Я. Виленкин, А. А. Бейсенбаева, К. Жүнісова және т. б үлес қосқан.

Мектепке дейінгі білім беруде кіріктіру процестерінің психологиялық негіздерінің бірі ретінде психолог Ю. А. Самариннің ассоциацивтік ойлау туралы идеяларын пайдалануға болады деп есептейміз.

Соңғы жылдары білім беруде оқытудың дамытушылық жағына, шығармашылық әрекетке, мектепке дейінгі мекеменің білім мазмұнын байытудың жаңа жолдарын іздестіруге (көп деңгейлі оқыту, интегративті оқыту, ауқымды білім беру және т. б) ерекше мән берілуде.

Жекелеген мектептерде оқытушылар эмпирикалық деңгейде кіріктіруны оқу процесінде жүзеге асыра бастады. Дегенмен, педагогтардың аталған жұмыстары көбіне ашық сабақтарда ғана жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні оқу процесінде пәнаралық байланыс өзінің терең тамырын жайды. Педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде бұл идея дамып бекіді, жаңарды және өзінің жаңа кіріктіру түрінде көрініп отыр. Бұл енді пәндер арасындағы жай байланыс ғана емес, бір сабақта бірнеше оқу пәндерінің мақсатының бірігуі. Кіріктіру - шығармашылықпен жұмыс істейтін бірде-бір мұғалімнің назарын аудармай қоймағандығын байқау қиын емес. Бұл балаларды оқыту мен тәрбиелеуге жаңаша көзқарас ретінде мойындалып отыр.

Мектепке дейінгі мекемелерде кіріктіру мәселесін барынша терең зерттеуді ұсынған Н. Н. Светловская болып есептеледі. Ол өзінің мақалаларында оқытуда кіріктіруны әдістемелік құбылыс деп танып, оның мүмкіндігі туралы мәселені көтерді және білім берудің алғашқы кезеңіндегі кіріктіру терминіне мұғалімдер мен ғылымдардың көңілін аударды.

Кіріктіру -мектепке дейінгі мекемелерде білім берумен байланыстырып алғанда - бұл пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру.

«Кіріктіру - іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту процесін шапшаңдау» деп есептейді. [42]

В. И. Яковлева «қазіргі мектептегі әр пәннің бағдарламасы бастауыш мектепке арналған, сондықтан оның тұтастығын бұзуға болмайды, мектептану, дидактика, жеке пәндер әдістемелері толық кіріктіруге дайын емес» деп тұжырым жасайды.

Ал, Н. Ф. Виноградова алты жастан бастап оқытатын бастауыш мектептің жаңа моделін жасай отырып «оқу іс-әрекетін жетілдіру процесін аяқтау, әр түрлі мұғалімдер стилі мен пәндік оқытуға біртіндеп бейімдеу, кіріктірілген курстар есебінен білім беруді жалғастыру қажет деп» түсінік береді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 439 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 628 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыру мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыруда «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалары бекітілген.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді. [43; 44]

Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.

Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға және оны жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар қажеттілігі туындауды. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы - бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламалары төмендегідей ұстанымдарды негізге ала отырып, жасалған:

- оқыту мақсаты мен мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік шарттарға сай болуы мен үздіксіз жаңарып отыруы;

- тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарының қолжетімділігі, мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің өзара байланыстылығы;

- дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы;

- стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы;

- балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық үдерістерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік, тиімділік, шығармашылық қатынас ұстанымы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар ойынын жіктеудің тарихы жайлы ақпарат
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойындары
Ойын баласын оқытудың басты жолы - ойын әдісі
Ойын технологиялары
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамытудағы дидактикалық ойындардың рөлі
Химияны кіріктірілген модульдік оқытудың тұжырымдамасы
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz