ДАУ - ДАМАЙ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І. ДАУ-ДАМАЙДЫҢ ТУЫНДАУЫ МЕН ОНЫҢ ТҰЛҒАҒА ӘСЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Дау-дамай туындауының психологиялық негіздері, жеткіншек шақтағы дау дамай

1. 2 Жеткіншек шақтағы өзін-өзі бағалау мен тұлғааралық өзара қатынастардың даму ерекшеліктері

1. 3 Жеткіншек шақтағы дау-дамайдың әсерінен пайда болатын суицид ауруы туралы

ІІ. ДАУ-ДАМАЙ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ

2. 1 Жеткіншектер арасындағы дау-дамайдың оқу үлгеріміне әсерін зерттеу жолдары

2. 2 Жеткіншектер арасындағы дау-дамайды болдырмау жолдары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi жеткіншектерде қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Жеткіншектер бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да жеткіншек шақтан бастап жеткіншектерді жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

XXI ғасыр бұл кезеңнің не конфликтология ғасыры, не өркениет тарихындағы соңғы ғасыр болатындығы жайлы адамзат баласының алдына таңдау қоюы мүмкін. ХХ ғасырдағы дау-дамайлар қаншама жанның опат болуына негізгі себеп болды. Екі бірдейі дүние жүзілік соғыстар, жергілікті әскери қақтығыстар, әкімшілкдік- әміршілдік жүйе жанкештертілерінің әрекеттері, тақ үшін болған таластар, өзін-өзі өлтіру сияқты дау-дамайлардың барлық түрлері шамамен соңғы ғасырда 300 млн-ға дейін адам өмірін қиды, қаншама адамдардың тағдырын бұзды.

Ұжымдардағы дау-дамайлар іс-әрекеттің сапасына белгілі бір әсерін жиі тигізетіні рас. Өзіңді тыңдау, отбасының ортақ пікіріне келісу және ынтымақ пен ымырашылдық, әрбір адамның бақытты өмір сүруінің маңызды шарты ретінде көрінеді. Осының бәрі дау-дамай туғызбаудың жеке адам, отбасы, ұжым, мемлекет, қоғам және жалпы алғанда, адамзат өміріндегі шешуші рөлі жайлы айтады. ( 57-61 б)

Қазақ халқында дау-дамай мәселесін шешуге әр ауылда аузы дуалы ақсақалдар, елге танымал би-шешендер атсалысты. Билер институты мен қазылар алқасы халық арасында жер дауы мен жесір дауы, егес, керіс, талас- тартыс, дау-шар, қақтығыстарды шешуде ұлттық психологияға тән әдіс- тәсілдерді қолдана отырып шешкендігін ауыз әдебиеті мен тұлғалар өміріне қатысты тарихи деректерден білеміз. Алайда, бұл халықтық психологияның мұндай әдіс- тәсілдері әлі де ғылыми түрде зерттелуді қүтіп жатыр. Біз білімгерлерді ғылыми тұрғыдан зерттелген конфликтологияның бастауынан хабардар еткіміз келеді. Биылғы жылы елбасымыз Н. Назарбаевтың жолдауында білім саласына аса көңіл бөліп қарастырлыған. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды.

Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды. Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды. Біз осылайша аз жылда алапасы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуд. [2]

Қазіргі таңда, жеткіншектер арасында көптеп болатын дау- дамайлардың әсерінен оқу үлгерімдері нашар көрсеткіштерді көрсетуде. Бұл жағдай көптеп қайталанатын болса, еліміздегі жастардың оқуға деген қызығушылықатыр азая түседі.

Психологиялық тұрғыдан алғанда дау-дамай (конфликт) адамдардың санасындағы, қатынастардың жағымсыз сезімдермен байланысты қарама- қарсы бағыттардың тоғысуы.

Дау-дамайлық қатынастар мен әрекеттердің негізінде бір- бірімен сәйкес емес, бір мезгілде жүзеге аса алмайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер, құндылықтар жатады.

Субъективті себептерді былай қойып, объективті қайшылық болған кезде де дау- дамайға қатысушылардың писхологиялық хал- ақуалы төмендейді, жағымсыз сезімдер пайда болады.

Дау- дамайдың психологиялық құрылымын екі ұғым: «дау- дамай жағдаяты» және «инцидент» арқылы түсінуге болады.

Дау- дамай жағдаяты- дау дамайдың нақтылы негізі, екі жақтың қызығушылығы мен қажеттілігі арасындағы нақтылы қайшылық. Бұл әлі дау- дамайдың өзі емес, нақтылы болса болмыстағы қайшылықты ұзаққа дейін бірлескен әрекетке қатысушылар саналы түрде қабылдамай жүре береді.

Инцидент- дау-дамай жағдаятын саналы түрде түсіну.

Әр дау- дамайдың нысанысы ( даудың себебі болған нақтылы ие идеалды зат) және жақтары ( жеке адамдар не топтар) болды.

Дау- дамайға қатысушылардың ішкі және сыртқы позициясын ажырату керек.

Сыртқы позиция қарсылыастарға ашық жарияланатын дау-дамайға қатысудың себебі.

Ішкі позиция- дау-дамайға қатысудың шынайы себебі, даулы іс- әрекетке кірісуге түрткі болған қызығушылықтар, құндылықтар, мотивтер. Сыртқы және ішкі позииялар бір- біріне сәйкес болмауы да мүмкін. Көбінесе, ішкі сбептер адамның өзі де сезінбейді, олар адамның бейсанасына ұялайды. Алдын- ала айтсақ, ішкімотивтерді санамен сезу- дау- дамайдың шешудің алғышарты.

Мысалы, ересектер мен жасөсіпірімдер арасындағы дау- дамайлар. Жеткіншектің агрессиясының себебі- өзі саналы түрде түсінбесе де, жеке тұлғасын бағалауды, өзіне құрметпен қарауды талап ету.

Дау- дамайға қатысушылар үшін дау- дамайдың бар екендігін инцидент пайда болған кезде түсінікті болады. Сонымен, инцидент дегеніміз- өзара әрекетке қатысушылар өздерінің қызығушылықтары мен мақсаттар арасындағы объективті қайшылықты түсінген сәт.

Инциденттің ашық және жасырынды түрлері болады. Жасынрынды инцидент қатысушылардың санасына жеткенімен олардың нақты қатынастары мен қимылдарына ешқандай көрініс таппайды. Ашық инцидент дегеніміз- қатысушылардың бірқатар ерегісі, жанжалдары.

Отбасында, жеткіншек мектепте балалар үлкендерге қарсы шыға алмағандықтан, іштей наразылыққа, қарсылыққа толып жүреді. Ашықтан ашық сезімдерін білдірмеген баланың ішкі күйзелістері оның денсаулығына, көңіл- күйіне, жетістіктеріне жаман әсер ететіні сөзсіз. ( 156-170б)

Зерттеу мақсаты: жеткіншектер арасындағы дау-дамайлардың психологиялық негіздерін қарастырып, бір- бірімен байланыстары мен қатынастарын жүйелі түрде талдай отырып, қазіргі қоғамда орын алып отырған суицид ( өзін- өзі қол жұмсау) жағдаятын болдырмау.

Зерттеу нысаны: Жеткіншектер арасындағы дау-дамайлардың туындауы.

Зерттеу міндеттері:

  • Жеткіншектер арасында дау-дамайлардың туындау себептерін анықтау;
  • Кеңес сұрап келген жеткіншектердің проблемаларын шешуге және өзін қоғаммен қарым- қатынасын дұрыс орнатуға психологиялық тұрғыдан көмек көрсету;
  • Дау-дамайдың шешілу жолдарын анықтай отырып, психологиялық технологияларды ұсыну.

Зерттеу көздері: психология әлеуметтік психология, психологиялық менеджмент, қарым- қатынас психологиясы, дау-дамай психологиясы.

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері неігізнде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану және жеткіншектер арасында, ы дау-дамайдың оқу үлгеріміне әсерін зерттей отырып, олардың өзара қарым- қатынасын тиімді ұйымдастыру мақсатында нақты шешімдер қабылдауға қабелетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу әдiстерi:

  1. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.
  2. Педагогикалық бақылау.
  3. Педагогикалық эксперимент.
  4. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.
  5. Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.

Тәжiрибелiк маңыздылығы:

Жеткіншектер арасындағы дау- дамайлардың алдын алу немес дауларды болдырмау жолдары қарастырылды.

Диплом жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.

І. ДАУ-ДАМАЙДЫҢ ТУЫНДАУЫ МЕН ОНЫҢ ТҰЛҒАҒА ӘСЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Дау-дамай туындауының психологиялық негіздері, жеткіншек шақтағы дау дамай

Біздегі дау- дамай психологиялсының тарихы жалпы алғанда, орыс халқындағы конфликтология қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан, дау-дамай психологиясы да өз дамуындағы конфликтология жүріп өткен кезеңдер мен сатылардан өтті.

1 кезең- 1924 жылға дейін. Бұл кезеңнің ішінде конфликтологиялық идеялар адамдардың шынай дау- дамайлардағы мінез- құлық қағидалары, ережелері мен тәсілдері тәжірибелік білім реітнде туындайды және дамиды. Сондай-ақ конфликтология мүдделеріне қатысты күштеу мен күштемеу мәселесі өнер мен мәдениетте өзө көрінісін табады. Алғашқа тастарға салынған суреттерде адамдарға қатысты түрлі дау-дамайлар бейнеленген. Осы кезеңде дау- дамайлар туралы алғашқы ғылыим білімдер де жинақтала бастайды. Дау-дамай психология, философия және кейбір басқа ғылымдар шеберінде зерттеледі, бірақ жеке құбылыс ретінде бөлініп шықпайды. Орыс халқының дау-адмай мәсілесін зерттеуде белгілі жазушы, зұлымдыққа күшпен қарсы шықпау теориясының авторы Л. Н Толстой көрнекті орын алада. Ал, қазақ халқының бас ақаны Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде халқымызға қатысты дау-адмай мен кикілжің, қақтығыстың рулар мен аталастар, ағайын мен туыстың, бауырлар мен күндестің балалары арасында тууы туралы өзіндік көзқарасын білдірді.

2- кезең- 1924-1990 ж. ж. Бұл кезең жекелеген конфликтология салаларының, оның ішінде дау-дамай психологиясының да пайда болу, қалыптасу және даму кезеңі. Дау-дамай әуелі үш (заңтану, әлеуметтану, жантану), ал кезең соңынан қарай оннан астам ғылымның шеңберінде жеке құбылыс ретінде зерттеле бастайды. Біздегі конфликтология тарихындағы екінші кезең төрт негізгі сатыдан тұрады.

Заманымыздың заңғар жазушысы атанған М. Әуезеов, қазақ психология ғылымына өзіндік үлесі бар ақын- шығармаларында да ұлтқа тән, оның ішінде батыр мен қорқаққа, бай мен кедейге, күшті мен әлсізге қатысты дау-дамай мәселесінің шешілуін өз шығармалары арқылы халықтың түсінігін кеңейтуге түрліше тәсілдермен көркемдік пен тарытымдылықты, озбырлық пен аярлықты шебер пайдалана отырып жеткізді.

Бірінші саты-1924-1934 ж. ж. Ол жариялынымдардың алғашқы «толқыныны» қамтиды. Дау-дамай мәселесіне байланысты психологтар мен әлеуметтенушылардың алғашқы еңбектері шыға бастайды. 1924 жылы орыс әлеуметтанушылары мен психологтары П. О. Гриффин мен М. М. Могилевскийдің дау-дамай мәселесіне байланысты алғашқы еңбектері жарияланады. Екінші саты- 1935-1948 ж. ж. Жариялынымдардың мүлде жоқтығымен сипатталады. Бұл Ұлы Отан соғысымен және тұтастай елдегі жағдаймен байланысты болды. Үшінші саты- 1949-1972 ж. ж. Бұл кезеңде дау-адмай мәселесіне байланысты жыл сайын еңбектер жарияланып, алғашқы 25 кандидаттық диссертация қорғалады. Дау-дмайды жеке құбылыс ретінде философияда, педагогикада, тарихи және саяси ғылымдарда зерттеу басталды.

20 жылдардан бастап 70- жылдардың ортасына дейінгі кезеңде дау-адмайлар психологиялық зерттеулерде фрагменттік сипатта болғанына назар аудару қажет. Дау-дамайды зерттеуді әдіснамалық және теориялық базасын қалыптастыру үшін қажетті қорытындылайтын сипаттағы еңбектер болған жоқ. Бұл кезеңда дау-дамайлар психологияның дамуына Н. С. Кровчун, А. Д. Глоточкин, Н. Ф. Феденко, М. Н. Дьяченко, М. Л. Гомелаури, А. И. Ушатиков, А. И. китов және т. б сияқты ғалымдар елеулі үлес қосты.

Төртінші саты- 1973-1989 ж. ж. Бұл баспалдақта, 70- жылдың екінші жартысында жиналған эмпирикалық материалды теориялық ұғынуға әрекет жасаған, психологтардың еңбектері шығады. Дау-дамайды психологиялық талдаудың сызбасы ұсынылды. Бұл кезеңде конфликтологиялық мәселелерді зерттеуге психолог- ғалымдар Н. В. Гришина, А. А. Ершов, И. В. Пономарев, А. Л. Свенцицкий, В. П. Галицкий, М. П. Крапивин және т. б. белсенді түрде қатысты. Төртінші кезеңнің қорытындысы Ресейдегі дау-дамай психологиясында аталмыш құбылысты зерттеудің үш бағытының: ұйымдастыру, іс-әрекеттілік және тұлғалық қалыптасуы болды.

3- кезең-1990 жыл- қазіргі уақыт. Алғашқы пәнаралық зерттеулер пайда болды. Конфликтология- жеке ғылым, ал дау-дамай психологиясы оның жетекші саласы болып бөлініп шыға бастады. Мақалалар мен еңбектер санының шұғыл артуы байқалды дау-дамайларды зхерттеуге және реттеуге байланысты психологиялық орталықтар, топтар құрылды. Бұған А. Л. Анцупова, Н. В. Гришина, Ю. А. Канатаев, М. М. Рыбакова, Б. И. Хасан, А. И. Шипилов, В. А. Хащенко, Э. З. Хащенко және т. б. сияқты психолог- зерттеушілер айтарлықтай еңбек сіңірді.

  1. Қарастырылған кезеңдердің әр қайсысын талдаудың соңғы мақсатына жетудің, яғни дау-дамай жайлы жаңа білімдер алу, олардың негізінде реттеуді жақсартатын практикалық ұсыныстар жасаудың өзінше маңызы бар. Сонда да зерттеу сапасы бірінші кезекте оның бағдарламасының сапалылығымен анықталады. Зерттеудің нашар жасалған бағдарламасы, тіпті психолог қалған кезеңдерде өте жақсы әрекет еткен жағдай да жалған қорытындыларға әкелері сөзсіз. Бұл дау- дамайларды зерттеу бағдарламаларын жасау тәртібін анағұрлым мұқият қарастыру қажеттілігін туғызады. Бағдарлама жасауда психологтың қиналатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселені нақты тұжырымдау, ұғымдарды қисынды талдау, болжамдар ұсыну және зерттеу жоспарларын құру тынымсыз еңбекті талап етеді. ( 78-81 б)

Дау-дамайды психологиялық зерттеу бағдарламасы дау-дамайды зерттеудің негізгі міндеттерін, әдіснамалық алға шарттарын және болжамдарын, ережелерді, процедураларды, болжамдарды тексеруге байланысты операциялардың логикалық жүйелеігін көрсету арқылы мазмұндалады. Бұл әлеуметтануда біршама орнықты жасалған және келесі мәселелердің теориялық талдауы нәтижелерінен тұрады.

Психолог зерттеу үшін дау- дамайларды тану мен реттеуде айтарлықтай мәні бар нақты мәселелерді таңдауы тиіс. Бұл дау-дамай мәселесінің адам өмірі мен қоғам үшін маңыздылығына, конфликтологияның жылдам даму қажеттілігіне, кәсіби конфликтологтар санының аз болуына байланысты туындайды.

Мәселелерді тұжырымдау үрдісінде мәселелік жағдаяттың, оны анықтайтын қайшылықтың анағұрлым нақты көрініс табуына ұмтылу қажет. Жалған, шешімі табылған және жанама мәселелерді қоюдан аулақ болған маңызды. Қойылатын мәселе өте кең болуға тиіс емес. Егер мәселені нақты тұжырымдау мүмкін болмаса, онда оны бағдарламаның басқа бөлімдері барысында жасауға болады. Бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселелерді ақарстыру әдетте мақсатсыздыққа әкеледі.

Тұлғаның тұлға аралық дау-дамай деңгейлерін анықтау үшін төмендегідей тесттер мен тұлғалық сауалнамалар қолданылуы мүмкін: Басс-Дарк сауалнамасы, МЛО диагностикасы, Айзенк сауалнамасы, Кеттелдің 16 факторлы сауалнамасы, реактивті және тұлғалық мазасыздану шкаласы, Q- сорттау әдістемесі, К. Томас сауалнамасы және тағы басқалар.

Топтағы тұлға аралық дау-дамайлар әдетте мынадай әдістер мен әдістемелердің көмегімен зерттеледі: бақылау, социометрия, тұлғааралық, дау-дамайларды диагностикалаудың модульдік әдістемесі, қатынастың түстік тесті, дау-дамайларды ретропективті талдау, құжаттарды зерттеу, әр түрлі типтег сұрақтар, проективті әдістемелер, оның ішінде «Менің отбасым» атты балалар суреті, эксперимент және тағы басқалар.

Тұлға аралық дау-дамайларды зерттеу үшін қолданылатын әдістердің көпшілігін топаралық дау-дамайларды зерттеу үшін қолдануға болмайды. Сондықтан олар үшін ғылыми танымның мынадай сапалы әдістері кең қолданылады: талдау, синтез, индуктивті, дедуктивті, тарихи, логикалық әдістер, жалпылау, салыстыру және басқалар. Дау-дамайларды зерттеудің жағдаяттық әдісі мен топтағы тұлға аралық дау-дамайларды диагностикалаудың модульдік әдістемесіне біршама толығырақ тоқталайық.

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.

Жеткіншектің кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында белгіленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделігі мен маңыздығы айтылған. Балалық шақтан ерексектікке өту осы кезеңдег дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана- сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олардың әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүддделерідіғң, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әркет пен қарым-қатынас арқау болатын моральдық- этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болды.

Жеткіншіктің жеке басы дамуының аса маңызды факторы-оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым- қатынас орнатуға бағытталады. (36-39 б)

Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқ созылады., көптеген жағдайларға байланысты болады және осы сбепті бүкіл майданда әркелік болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткінщекте «балалық» пен «ересектіктың» қатар болуымен, ал, екінші жағынан сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты, олар: 1) ереесектердің дамуын тежейтін жайлар: баллардың көбінде басқадай тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата- аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылқтар мен қынжылстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алғу тырысуды; 2) ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны: көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретінде баллардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым- қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерциясы.

Кесте 1. Дау- дамайдың пайда болуы мен оның дамуы туралы.

Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуынның алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII сыныпта бет пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер баллар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интелектуалдар» да бар, бірақ сонымен қатар оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектерде бар, ал болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлна бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат- жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.

Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интелектуал» үшін өмірде ең бастысы кітіп пен білім болады, қалғанының бәрін де әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интелектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақта түк бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнінен бастап ең шебер шаштараз туралы мәселеге дейінгі барлық жайлар жөнінде әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді бәрінен артық көреді: үшінші бір «интелектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелеейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әртүрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреу үшін маңыздының енді бірге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңінің маңыздылығын адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жасөсіпірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымда балалардың оқшаулану себептерін анықтау мәселелері
Физикалық вербальды агрессия
Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау
Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау
Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер
Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы
Шиеленістің қатысушылары
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Қарым – қатынастың құрылымы мен психологиялық функциялары.
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz