Мемлекет функцияларының түрлері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Мемлекет түсінігі, мәні және
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Мемлекет түсінігі, нысаны және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Мемлекеттің фунциялары мен механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының конституциялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
2.2 Жеке тұлғаның бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қазақстан Республикасының азаматтарының (жеке тұлғалардың) негізгі
міндеттері
Қорынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілікті. Бұл құқықтық мемлекеттің
дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір
тәсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың
қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-
заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық
нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір
шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық
ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен
теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ерсжелерді бұза алмайды
және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның
мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға
бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің
өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген
деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен
бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын
асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық
жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды
бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында
есеп беруі және т.б. табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық
бастамалармен негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық
сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған
құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның
арасындагы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге
асырылуы тиіс.
1.Мемлекет түсінігі, мәні және қызметтері
1.1 Мемлекет түсінігі, нысаны және мәні
1. Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері. Мемлекет – бұл ар-найы басқару
жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне
оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқа-ралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді
ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажыра-татын төмендегідей
белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің бас-қару жəне
мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер,
əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-лық адамдарды
өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.
3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету
үшін қажет.
4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық
қатынастардағы тəуелсіздік.
5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық
мемлекеттік билікті заңдастырады.
Мемлекет түсінігі, нысаны және мәні. Мемлекеттік билікке сипаттама
берместен бұрын əлеу-меттік билікке анықтама беріп алу қажет. Əлеуметтік
билік – бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік пен бағынушылық
қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың – билік құрушылардың – еркі мен
əрекеттері басқа тұлғалардың – бағынушылардың – еркі мен əрекеттеріне
үстемдік құрады. Əлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір
дəрежеде тұрақты адамдар тобына – руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға,
партияға, мемлекетке, қо-ғамға жəне т.б. тəн.
Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс
табады. Бұл мемлекеттік мəжбүрлеуге сүйенген, субъек-тілер арасындағы
үстемдік жəне бағынушылық сипаттағы бұқа-ралық-саяси қатынас. Мемлекеттік
биліктің ерекшеліктері:
1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан
Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым жəне саяси
режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.
Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары орган-дарының
өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тəртібі. Басқару
нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның
жүзеге асыруына байла-нысты ерекшеленеді. Осыған сəйкес, басқарудың негізгі
түрлері болып монархия мен республика болып табылады.
Монархия – бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта,
болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша
өмір бойы иеленеді.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл
монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір
органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген
монархиялар, өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) жəне парламентарлық болып
екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра
алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето жəне парламентті
тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламен-тарлық монархияда монархтың
құқықтық жағдайы əлдеқайда шек-телген болады, монарх тағайындаған
министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тəуелді болады жəне монарх
заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
Республика – жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын
сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Ха-лықтың қай бөлігінің
мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты
республика аристокра-тиялық жəне демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түр-лерге бөлінеді:
1) парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент
сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұл мемлекетте сайланған
ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет
мүшелерін тағайындайды жəне оларды қызметінен босатады; 3) аралас, бұл
мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның
құрамдас бөліктерінің жəне осы бөліктердің əрбірінің мемлекетпен қарым-
қатынасының сипаты. Барлық мем-лекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы
бойынша жай жəне күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет,
оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте
жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот
жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.
Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дəрежедегі дербестікке ие жекелеген
мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күр-делі мемлекеттерге
империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар
жатады.
Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас
бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық дең-гейі əртүрлі болған.
Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан
ортақ мемлекеттік-құқықтық мəр-тебесі болмаған.
Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір
тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған
мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер
халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз
азаматтығы, билік, басқару жəне сот əділдігі органдарының жүйесі болады.
Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік
құрылымдар болып табылады жəне жəне белгілі бір дəрежеде мемлекеттік
егемендікке ие болады; федерацияда жоғар-ғы федералдық органдар мен
федералдық заңнамамен қатар фе-дерация субъектілерінің жоғарғы органдары
мен заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланы-
лады, оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Фе-дерациялар
аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.
Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен
сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды
біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мəдениетке, дінге
қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері – бұл толығымен тəуелсіз,
егеменді мемлекеттер, халық-аралық қатынастардың субъектілері.
Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан.
Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекет-аралық шарт болады. Ол
одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте
түседі жəне оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.
Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жəр-демдесетін
тəсілдер мен əдістер. Мемлекеттік биліктегі тəсілдер мен əдістердің
жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады–демократиялық жəне
антидемократиялық режимдер.
Демократиялық режимнің белгілері:
1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азамат-тардың
референдумға қатысуы) жəне өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік
органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;
2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
3) мемлекеттік биліктің орталық жəне жергілікті органдарының
сайланбалылығы жəне ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі,
жариялылық;
4) сендіру, келісу, келісімге келу əдістері жиі қолданылады;
5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;
6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жария-ланады жəне шын
мəнінде қамтамасыз етіледі;
7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;
8) биліктің тармақтарға бөлінуі жəне т.б.
Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм,
фашизм, тоталитарлық жəне авторитарлық режимдер. Антидемократиялық режимге
мына белгілер тəн:
1) бір саяси партияның үстемдігі;
2) бір ресми идеологияның болуы;
3) бір меншік түрінің болуы,
4) саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;
5) қоғамның сословиелік, касталық жəне т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
6) халықтың төмен экономикалық деңгейі,
Биліктің тармақтарға бөлінуі мемлекеттік қағидасы ретінде. Бұл қағиданы
алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы
- саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір
әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын
болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және
қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған),
атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен
оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот
(бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде
жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр
бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын
органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Констиуцияда бекітілген тепе-теңдік және тежемелік жүйесі заң шығару,
атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық
шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты
тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға
қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта
болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы,
атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға
сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі
үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар
табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот
алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға
отвод жариялау және т.б.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан
көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы
өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде
қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының
негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері
қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем
елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі -
әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның
түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың
қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай
дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз
не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты
білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды
мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда
болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер,
мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-
сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші
жартысында әлеуметтік мемлекет ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы
Лоренц Фон Штайнер болды. Ол әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын
экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі,
бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік
мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады деп көрсеткен. Әлеуметтік
мемлекет деген ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық
келісім мемлекетінен және мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы
ретіндегі мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке
өтуін көрсетеді.
1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке әлеуметтік
құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік
мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы
әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда, Швецарияда және
Англияда, т.б. елдерде құрыла ьастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты –
қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір
бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы –
ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың
нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем
лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. Әлеуметтік экономика
ұғымын құрайтын басты принциптер дүниежүзі қауымдастығы мен Қазақстан
таныған бірнеше құжаттарда көрсетілген. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы
– гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және құқықтық
жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына
жағдай жасау... Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми
зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы
берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне,
өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған
мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне,
әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту
үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы
болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және
әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім
принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды
қалыптастырады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата
білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы
құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау
міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға
болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік
қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін
мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне
мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының
әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы – құқықтық мемлекет құру принциптерінің
рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен
бостандығының басымдылығы – демократиялық мемлекеттің де, әлеуметтік
мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік
мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбәр мүшесінің тіршілік етуіне
лайықты жағдай жасау үшін заңды түрде жарияланған азаматтық құқық пен
бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.
Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы -
әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен
бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді,
мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен
бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады.
Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын
ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап
қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы
ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола
тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық
биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің
мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік
жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын
биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
2. Мемлекеттің фунциялары мен механизмі
1. Мемлекет функцияларының түсінігі. Мемлекет функция-лары – бұл
мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мəні мен
мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз
байланысты, олар мем-лекеттің мəніне тəуелді болып келеді жəне оның
өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары –
ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу
жағдайында да өзгереді.(Мемлекеттік функцияларының түсініп білу үшін,
көрнекілікті № 1 суретті қараңыз)
Сурет 1 – Мемлекет функциялары
2. Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функция-ларын түрлерге
бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне уақытша болып
бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуы-ның барлық кезеңдерінде жүзеге
асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен
өз əрекетін жояды.
ə) маңыздылығына қарай – негізгі жəне қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына бай-ланысты – ішкі
жəне сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді
шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функ-цияларға мыналар жатады:
адам жəне азамат құқықтары мен бос-тандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті
қамтамасыз ету функция-сы, экономикалық функция, салық салу функциясы,
əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция жəне мəдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді
шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыт-тары. Сыртқы функцияларға
мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау
функциясы, басқа мемлекеттер-мен одақтасу функциясы жəне т.б.
3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің
функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес
қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық жəне
ұйымдастырушылық нысандар. Құ-қықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға
қатысты қызмет;
ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік
актілерді жүзеге асыруға байланысты қыз-мет, бұл заңдарды орындау мен
басқарушылық сипаттағы əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты күнделікті
жұмыс;
б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне кінəлі тұлғаларды заңды
жауапкершілікке тартуға жəне т.б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-дың құжаттар
жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік
органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеп-пен,
статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық жəне
шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабыл-данған
нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты
қалыптастырумен жəне т.б. байланысты мемлекеттің əртүрлі функцияларын
орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күн-делікті тəрбие жұмысы.
Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік
билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік
механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік
билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік
орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір
мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі
түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат
түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы –
халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру
қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу
теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз
қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі,
заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің
бірлігі, т.б. қағидалар.
Əдетте заң əдебиеттерінде мемлекет механизмі жəне мемлекеттік аппарат
түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл
мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған
мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппара-тының, оның барлық
бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті
ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған
басқарушылық, ұйымдастырушы-лық қызмет құрайды. (Мемлекеттік механизм жайлы
сурет №2 қараңыз).
Сурет 2 – Мемлекет механизмі
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық
механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сəйкес мемлекеттік
аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тəжірибе
алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни,
олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табы-лады жəне мемлекеттік-
міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық
нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын
дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байла-нысты қызмет;
ə) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жү-зеге асырумен
байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақы лаумен жəне
қадағалаумен, кінəлі тұлғаларды заңды жауапкер-шілікке тартумен т.б.
байланысты қызмет.
Мемлекет механизмінің құрылымы. Бұл құрылымға мына-лар кіреді: 1)
өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз
байланыстағы жəне өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру,
мəдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы əлеуметтік
функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кəсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті
ұйымдастырушылық,қаржылық жəне күштеу құралдары.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жəне оның қызметінің қағидалары –
бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі
бағыттарын анықтайтын баста-машылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы
қағидасы, бұл қағидаға сəйкес, мемлекеттік қыз-метшілер аталған құқықтар
мен бостандықтарды мойындауы жəне қорғауы тиіс;
2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін
қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді;
3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен
лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз əрекеттерді болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметші-лердің
Конституцияны, заңдар мен заңға сəйкес актілерді сақтау міндеттілігін
білдіреді;
5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың
тəжірибелік қызметіне қатысты құқық субъекті-лерінің ақпараттармен танысуын
білдіреді;
6) кəсібилік қағиадсы, бүл қағида мемлекеттік аппарат қыз-метінде
мейлінше кəсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды,
7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік
аппараттың демократиялық жəне бюрократиялық бас-тамаларының саналы
сəйкестігін қамтамасыз етеді;
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесу қағидасы, бұл қағида
мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орта-лықсыздандырудың тиімді
байланысын білдіреді;
9) бағыныстылық (иерархичность) қағидасы, бұл қағида мемлекеттік
органдардың мемлекеттік аппараттағы əртүрлі деңгейде орналасқанын
білдіреді.
Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері. Мемле-кеттік орган – бұл
мемлекеттік міндеттерді орындаушы жəне осы мақсатта сəйкес биліктік
өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме. Əрбір мемлекеттік органға
мыналар тиесілі: а) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық
мүліктер; ə) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру
көзі; б) өзіне тəн ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік
бағыныстылық жəне қызметтік тəртіп жүйесі; в) биліктік өкілеттіктердің
қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар
заңды міндетті əрекеттерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мем-лекет органдары
өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық жəне басқа да бақылаушы-қадағалаушы
органдар болып бөлінеді.
2. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шыға-рушы, атқарушы
жəне сот органдары.
3. Қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқықшығару-шы, құқыққолданушы
жəне құқыққорғаушы органдар.
4. Бағыныстылық деңгейіне байланысты – республикалық жəне жергілікті
органдар.
5. Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты – тұрақты (қызмет ету мерзімі
шектеусіз түрде құрылады) жəне уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету
үшін құрылады).
Құзіретінің сипатына қарай – жалпы (мысалы, Үкімет) жəне арнайы (мысалы,
министрлік) құзіретті органдар. Қазақстан Республикасының Конституциясының
60-бабында Үкіметтің келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама
беріп өтелік:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның
қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың
жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы
туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын
қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын
қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар
әзірлейді;
6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де
орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне
басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге
де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің
қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата
тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың
басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне
жүктелген өзге де қызметтерді орындайды 6, 33б..
Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары,
Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11
мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық
және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне
Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты.
Премъер – Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы
Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен
Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге
хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына
басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы
болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында
мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы,
комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық
мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық
атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің
жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің,
мемлекеттік комитеттің жанындағы өзге де мемлекеттік
басқару органы юолып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің
құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау
функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не
мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге
асырады 1, 53-54б..
Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына
тоқталып өтетін болсақ.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 4-
тарауы Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыруға арналған.
Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізіліп
отырады. Үкіметтің отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті
шақырады.
Үкіметтің отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етеді,
ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрдің
міндетін атқаратын Премьер-Министрдің орынбасарлары төрағалық етеді. Үкімет
ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика
Президенті төрағалық етеді.
Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі Үкімет отырысына
қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына
алмастыру құқығынсыз қатысады.
Үкімет отырыстары ашық нысанда өткізіледі. Президенттің не Премьер-
Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін. Үкімет
отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен белгіленеді.
Республика Премьер-Министрі Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және
Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі; Республика
Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас
прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Үкіметтің
атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады;
халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етуді
тапсырады;
Үкімет мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар
басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған өзге де
өкілеттіктерді атқарады
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының сипаттамасы
2.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негізі
Ел болғаннан кейін оның Басшысы және Негізгі Заңы мен басқа да сол
елді басқару жұмысын үйлестіру, адам мен азаматтардың өмір сүруін
қамтамасыз ету үшін заңдылықтарының болуы шарт. Біздің қазақ елін ерте
замандардан беріхан басқарып, заңдылықтары Жеті жарғы заңымен реттеліп,
билікті тек билер мен ақсақалдар жүргізген, тәуелсіздігін батырлар
қорғаған. Ал қазіргі кезде елімізді басқару жүйесі негізінен алғанда сол
баяғы заманға бір табан жақын болғанымен, талай сатылардан өтіп, жетіліп,
адам мен азаматтардың құқықтарының сақталуына көп көңіл бөлінуде.
Егемендігімізді алған 20 жылда өзіміздің Ата Заңымыз Конституциямызды
қабылдап, онда елімізді басқару жүйесін анықтап, құқықтық, зайырлы мемлекет
болуға қол жеткіздік.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Еліміздің Негізгі заңы
азаматтарымыздың дәулетті де бақытты өмір сүруін, олардың тәуелсіз,
экономикасы өркендеген мемлекет құру жолындағы әрбір қадамын реттейтін
басты құжат болып қала береді, деп атап көр сетті. Қазақстан Респуб
ликасының Конститу циясы – демократиялық, адамзаттық даму жолына орныққан
қо ғамның және мемлекеттің негізгі, басты құ жаты. Қазақстан
Республикасының 1995 жыл дың 30 тамызында республикалық референдумда
қабылданған Конституциясының 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін де
мократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары, деп айқындалған. Адам құн дылықтары мен бостандықтарын
асқақтату, оларды ең жоғарғы құндылық деп мойын дау демократияны дамытудың
үлгісі болып табылады. Сондықтан жеке адамның құқықтық мәртебесі
демократияның институттарымен тікелей байланысты.
Бұл қағида негізінен 7—8 ғасырларда Орта ғасырлық саясиқұқықтық
жүйеге, әсіресе Еу ропада кең етек жайған инквизицияға қарсылық білдіруден
туындады. Буржуазиялық қатынастар қалыптасып келе жатқан Еуропа ел дерінде
жаңа күш – бур жуазия табы билікке ұмтылу барысында адам құқықтарының аяққа
тапталмай, олардың мызғымас болып, ең жоғарғы құндылықтар екенін
саясиқұқықтық ойпікірде асқан мақта нышпен паш етті. Атап айтқанда, өмір
сүру құ қығы, меншікке ие болу, жеке адамның құқықтарына қол сұқпау, дін,
сөз бостандықтары, тең құқылық сияқты адамдардың құқықтарын та биғи деп
жариялады, оларды қорғау, қамтама сыз ету адамның шыққан әлеуметтік тегіне
байланысты емес, адам болғандығынан қам тамасыз етілуі тиіс делінді.
Қазақстанның саясиқұқықтық ойпікірінде адам құқықтарының мыз
ғымастығы, тиімді қорғалуы туралы идеялар 20 ғасырдың басында тұңғыш рет
Қарқаралы петициясында (1905 ж.) өзінің шешімін тапты. Адам құқықтарының
табиғи екені және олардың ең жоғарғы құндылық болуы қажеттігі жөнінде 1911
жылы ірі реформатор, қоғам қайраткері, демократ Барлыбек Сыртанов (18661914
ж.ж.) өзінің Қазақ елінің ус тавында нақтылы, концептуалдық мағынада
жариялады. Мұнда: Қа зақ елінде адам баласының бәрі тең құқылы. Дініне,
қанына, тегіне, нәсіліне қарап адамдар ды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон,
һәм құ дай алдында жауап береді. Қазақ елінде адам балалары бостандықта,
теңдікте һәм бақытты өмір сүруге құқығы бар, делінген.
Адам құқығы табиғи құ қықтан туындайды және ол барлық адам баласы на
туа біткен қасиет ре тінде танылады. Олар өмір сүру, бостандық, ез гіге
қарсы тұру, бақытты болуға ұмтылу. Бұл қасиеттер бүкіл адамзаттың
ажырамайтын құқық тары деп танылады. Со нымен қатар, азамат құқығы деген
де ұғым бар. Азамат сөзі адамның арнайы бір мемлекетпен құқық пен міндет
арқылы тікелей байланыста екенін аңғартады. Кейбір мемлекеттің
Конституциялары табиғи құ қықтан туындайтын адам құқықтарының барлық
талаптарын мойында маулары мүмкін. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов былай деп
атап көрсет кен: Жалпы социология лық категория адам құқығы мен
мемлекеттік құқықтық ұғым азамат құқығының байланыста болуы – табиғи
жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық – адам құ қығы мемлекеттің мойын
дауынан тыс бола береді. Олар дүниежүзілік қауымдастықпен гума нистік
құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, адам құқығын сый лайтын мемлекет
олардың негізгілерін өз Кон ституцияларында бекіте ді, сонымен қатар
күнделікті заңнамаларда тәптіштейді.
Қазақстан Республикасын адам және азамат құқығын құрметтеп сый лайтын
мемлекет ретінде айқындайтын бірденбір белгі – Қазақстан ау мағын
мекендейтін халық мүддесінің мемлекет мүд десінен үстем тұруы, оған
басымдылықтың берілуі. Конституцияның 12бабына сәйкес Қазақстан
Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға
кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бос тандықтары әркімге ту мысынан
жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар
мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған
қарай анықталады.
Адамның жеке азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда
басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық
құрылыс пен қоғамдық иманды лыққа нұқсан келтірмеу ге тиіс. Адам құқықтары
қоғамдық қатынастармен тығыз байланыста болады және соған байланысты арнайы
топтарға жіктеледі.
Заң ғылымдарының докторлары Сәкен Өзбекұлы және Өмірәлі Қопабаевтың
2006 жыл ғы Жеті жарғы баспасында шыққан Мемлекет және құқық теориясы
оқулығында олар былай жіктеледі:
1. Жеке құқықтар мен бостандықтар.
2. Саяси құқықтар мен бостандықтар.
3. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz