Технология мен әдістеменің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

Тарау І. Білім беру үрдісіндегі “ технология ” ұғымы және қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары6

1. 1. Қазіргі таңдағы педагогика саласында «технология» ұғымы және жаңа технологиялардың білім беруде пайдаланудың маңыздылығы6

1. 2. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері мен түрлері17

1. 3. Қазақ тілін оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру36

Тарау ІІ. Сөз тіркестерін модульді-интерактивті технологиясы арқылы оқыту ерекшеліктері мен тиімділігі39

2. 1. Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану және оқу модулін даярлау технологиясы39

2. 2. Сөз тіркестерін оқытуда оқытудың модульді -интерактивті технологиясы арқылы оқытудың тиімділіктері44

2. 3. Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу52

Қорытынды60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ62

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі . қазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімді технологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.

Жоғарғы оқу орындарында жеке адамдардың шығармашыл, креативтілік жағынан дамуы үшін жағдай жасау Қазақстандағы білім беру жүйесінде маңызды міндеттердің бірі әрі негізгісі болып отыр.

Дәстүрлі оқыту, білім беруді реформалаудың екі баламалы көзқарасы бар: технологиялық және ізденістік. Бірінші көзқарас жоғары тиімді оқытуға негізделген (білімді игеру, үлгі бойынша дағдыларды қалыптастыру және т. б. ) ; екіншісі - шығармашылық іс-әрекет пен құндылық бағдарларды жинақтау тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Екінші көзқараста салмақ оқыту (білім беру) процесінен дараланған оқытуға ауысады. Соның мақсатына орай, адамды қазіргі қоғамдық кәсіби және әлеуметтік іс-әрекетке сол адамның өз қажеттілігі мен қызығушылығын, бейімділіктерін ескере отырып даярлайды.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан әрбір оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық, психологиялық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттың мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару әрбір оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтанда әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа иновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Тәжірибе көрсеткендей-ақ, оқытудың интерактивті режимінде арттерапия элементтерін қолдану креативті жеке тұлғаны дамытудың тиімді жолдары мен шараларын жасаудың алғы шарты болады. Сонымен қатар, оқып, білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда негізгі рөл атқарады.

Шығармашылығы жоғары, ойлауы терең адамзатты тәрбиелеу, өзін-өзі тану сияқты өзекті мәселелер қазіргі күннің басты міндеттері болып отыр.

Еліміздің алғашқы ханымы С. А. Назарбаева өзінің “Өзін-өзі тану” бағдарламасын ұсынудың өзі өмір талабына сай, дер кезінде жазылған құнды еңбек. Себебі, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында адамның өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі деген мәселелер өте маңызды.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.

Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Оқу-тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғы шарты: оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір оқытушы өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Диплом жұмысының мақсаты. Сөз тіркестерін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мселесін кеңінен ашу.

Диплом жұмысының міндеттері:

-Қазіргі таңдағы педагогика саласында «технология» ұғымы және жаңа технологиялардың білім беруде пайдаланудың маңыздылығына;

-Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері мен түрлеріне;

-Қазақ тілін оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру мәселелеріне;

-Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануына;

-Сөз тіркестерін оқытуда оқытудың модульді -интерактивті технологиясы арқылы оқытудың тиімділіктеріне;

-Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу мәселелеріне кеңіне тоқталу.

Тарау І. Білім беру үрдісіндегі “ технология ” ұғымы және қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары

1. 1. Қазіргі таңдағы педагогика саласында «технология» ұғымы және жаңа технологиялардың білім беруде пайдаланудың маңыздылығы

“Технология” ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда “технология” және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, “білім беру технологиясы” деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз - технологияның осы түрі.

“Технология” ұғымы “Tehne”- өнер, шеберлік, “logos” - ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, “технология” терминін қазақ тіліне “ өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым ” деп аударуға болады.

“Технология” - бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. /Педагогикалық сөздік/

“Технология” - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. /Шетел сөздігі/

“Технология” - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /В. М. Монахов/

Бұл ұғымға пәндік саланы сипаттайтын терминдерді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

АҚШ пен Батыс Европада XX - ғасырдың екінші жартысынан бастап оқыту процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50 жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты “білім берудің технология” термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен бұл терминдер “педагогикалық технология” деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде кеңінен талқылана бастады. Мұнда негізгі екі бағыт көзге түсті (4) . Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырылса, екіншісінің құрамында оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да педагогикалық технология “оқытудың технологиясы ” деген термин пайда болды.

1960-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т. б. көптегсн елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымсн айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан, “оқытудың технологиясы” терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық “тәрбиенің технологиясы”, “дамыту технологиясы ”, “ қалыптастыру технологиясы ” ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін “білім беру технологиясы” ұғымы пайдаланылып жүр. Осы ұғымның ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т. б. ) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, “білім беру технологиясы” терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге (дисциплина) қатысты қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқыту үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.

Сондықтан, бұдан әрі қарай “білім беру технологиясы ” ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына - оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Сондықтан, оларды жеке-жеке талдаған кезде бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсетуге тиіспіз.

Бұл оқыту үрдісінің “педагогикалык үрдіс” деп аталуына байланысты. Әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты “білім беру технологиясы” ұғымына тоқталуға тиіспіз.

Т. К. Смыковская, Т. Б. Руденколардың пікірінше: “Әдістеме тек бір ғана - оқыту үрдісіне көңіл бөлсе, технология бір мезетте оқу және оқыту үрдісімен қатар жұмыс істейді. Және технология алға қойылған мақсаттың нақты соңғы нәтижесіне кепілдік береді”. Ежелгі философтардың өзі педагогикалық шеберлікті тарату туралы айтқан, ал бұл осы күнгі технологияға жақын. Сондай-ақ, К. Ушинский, А. С:Макаренко да технологиялық рәсімдерді анық көрсете білген(5) .

Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында карама-кайшылық жоқ. Себебі, “оқытудың әдістемесі” ұғымы “білім беру технологиясы” ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме “не үшін, неге және қалай оқыту керек?” негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Сонымен, Т. Г. Новикованың тұжырымдауынша, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына, яғни “қалай оқыту керек?” деген сұраққа ғана жауап береді. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады (Автор) .

Схема түрінде бұл жағдайды 1-кестеде көрсетілгендей сипаттауға болады.

Бір қарағанда, технологиялық әдіс жеке пәндерді оқыту әдістемелері ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологиялық амалдардың мақсаттық ұстанымдары қалыптасқан.

Технология мен әдістеменің ерекшеліктері

Тә

1 - кесте

Технология ұғымы тар мағынада - бір нақты объектінің технологиясы ретінде және кең мағынада - ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, педагогикалық технология ұғымының мәнін анықтап алу қажет.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технологияның мәнін ғалымдар түрліше анықтайды. Атап айтқанда:

  • В. А. Беспальконың пікірінше, педагогикалық технология - алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы;
  • Б. Т. Лихачевтің тұжырымдауынша, педагогикалық технология - оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы;
  • В. М. Монаховтың айтуынша, педагогикалық технология - оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі;
  • М. В. Клариннің пікіріне қарағанда, педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін колданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті ;
  • В. И. Андреев педагогикалық технологияны жобалау және берілген технологияны тәжірибеде педагогикалық заңдылықтарды, мақсаттарды, мазмұнын, формасын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын қолдану, сонымен қатар кейінгі жаңғырту ретінде түсінеді;
  • Н. Е. Щуркова педагогикалық технологияны балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пән ретінде анықтайды;
  • А. К. Колеченконың тұжырымы бойынша, педагогикалық технология қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны болып табылады;
  • Ш. Т. Таубаева мен Б. Т. Барсай педагогикалық технологияны оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі ретінде сипаттайды.

Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар. Осы негізді арқау ретінде алып, педагогикалық технологияның мәнін былай сипаттауға болады: “Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдама мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды. (М. М. Жанпейісова) (6) .

Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Сондықтан 1979ж. АҚШ-та педагогикалық коммуникация мен технология Ассоциациясында ресми түрде төмендегідей тұжырым қабылданды:

“Педагогикалық технология - комплексті, интегративті процесс. Соның ішінде адамдарды, идеяларды, ұйым іс-әрекетінің құралы мен әдіс-тәсілін мәселенің анализі мен шешімін басқару, білімді меңгерудегі барлық аспектілердің орамды болуын іске асырады”. “Педагогикалық технология” ұғымы оқыту мен тәрбиелеу саласында кең қолданылады. Педагогикалық технологияның пайда болуының екі жолы бар. Алғашқысы технологияның теорияда пайда болуы (В. П. Беспалько, В. В. Давыдов, В. К. Дьяченко, Л. В. Занков, П. Я. Гальперин, Н. В. Кузьмина және т. б. ) . Кейінгісі технологияның тәжірибеде пайда болуы(Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, Б. Ф. Шаталов және т. б. )

Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика ара-лығында орын алып отыр. Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. (С. Сполдинг, 1969. ) Сонымен, педагогикалық технология - оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология - педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, төмендегідей технология ұстанымдарына сүйенеді:

а) технологиялық құрылымдық және азаматтық тұтастығы;

ә) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестілік, барлық үрдістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984. ) Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады. Педагогикалық технология Я. Коменскийдің модулі және жобалаудың ереже-нормасын, білім берудің тиімді жүйесі мен үрдістерін іске асыруды қамтиды. Мектептің әрбір басқышындағы қазіргі оқу жоспарлары мен бағдарламалары үнемі жақсартылуы керек, оларды қисындастыра және байланыстыра отырып алмастыруы керек. Тиімді педагогикалық жүйелерді осы заманғы жағдайда тәжірибелік жұмыстарда жобалап және тексеріп көрудің маңызы зор. Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз - белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. /Селевко Г. /

Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын технологиясын - қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістерден туындамайды, оқу үрдісінің дербес бағыты болып табылады. Технология оқу процесімен - оқытушы мен оқушының іс - әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымы мына бөліктерден тұрады:

1. Концептуалдық негізі.

  1. Оқытудың мазмұндық бөлігі:оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты; оқу материалының мазмұны.
  2. Процессуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:оқу үрдісін ұйымдастыру; оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары; оқушылардың оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс- әрекеті; оқыту үрдісін диагностикалау .

Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология мынадай негізгі әдіснамалық талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

Концептуалдық. Әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.

Жүйелілік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс. Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір этапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс-тәсілдердің көп варианттылығы.

Басқаруға оңтайлылық. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға, нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі болуы керек.

Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нөтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет. Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бұл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік еңбек сыйымдылығын есептеу
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Орта мектеп химия курсында инновациялық технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесі
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Математиканы оқытудың нақты әдістері
Бастауыш мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz