Басқадай ақша қаражаттар есебі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ:
:
: Кіріспе . . .
МАЗМҰНЫ: 5
:

1 АҚША ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .

МАЗМҰНЫ: 8
: 1. 1 Касса операцияларының есебі . . .
МАЗМҰНЫ: 8
: 1. 2 Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі . . .
МАЗМҰНЫ: 13
: 1. 3 Басқадай ақша қаражаттар есебі және аудиті . . .
МАЗМҰНЫ: 17
:

2 «МЕБЕЛЬ - СЕРВИС БТА» ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ

ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . .

МАЗМҰНЫ: 36
: 2. 1 «Мебель - сервис БТА» ЖШС-нің баланс құрылымын талдау . . .
МАЗМҰНЫ: 36
: 2. 2 «Мебель - сервис БТА» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылықты талдау . . .
МАЗМҰНЫ: 41
: 2. 3 «Мебель - сервис БТА» ЖШС-нің өтімділігі және төлемқабілеттілігін, белсенділігін талдау, тоқырауға ұшырау ықтималдығын болжау . . .
МАЗМҰНЫ: 48
:

3 «МЕБЕЛЬ - сервис БТА» ЖШС-НІҢ АҚША ҚАРАЖАТТАР

ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .

МАЗМҰНЫ: 59
: 3. 1 «Мебель - сервис БТА» ЖШС-нің ақша қаражаттарының есебі мен аудитінің ерекшеліктері . . .
МАЗМҰНЫ: 59
:

3. 2 «Мебель - сервис БТА» ЖШС-нің ақша қаражаттарының

қозғалысын талдау

МАЗМҰНЫ: 63
:

3. 3 «Мебель - сервис БТА» ЖШС-нің ақша қаражаттар есебін

жетілдіру . . .

МАЗМҰНЫ: 70
: Қорытынды . . .
МАЗМҰНЫ: 73
: Әдебиеттер тізімі . . .
МАЗМҰНЫ: 76
: Қосымшалар . . .
МАЗМҰНЫ: 78

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі қазіргі экономикалық қатынаста шаруашылық айналымның барлық қатысушыларына нақты кәсіпорын қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржылық шешімін түсінуде жылдамдылық пен әділеттіліктің, сенімділіктің, қаржылық ақпарттың маңызы әлдеқайда өсіп келе жатыр. Шаруашылық қаржыдан әрдайым айналымға түсе берсе, онда көптеген әртүрлі сыртқы және ішкі есептерді қайта жаңартуға тура келеді.

Сыртқы есептердің ең көп тараған түрі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төлемақы төлеу қабілеті және инвестициялық тартымдылығы, тасушылар мен тасымалдаушылар, сатып алушылар мен тапсырыс берушінің есебіне мүдделі болып табылады. Ішкі есепке есеп беруші тұлғалардың есебі, еңбекақысын төлейтін арнайы адамдар және басқа да операциялар жатады. Қазіргі бәсекелестердің талабы бойынша, кәсіпорында барлық есептерді іске асырумен қатар, арығарай даму үшін, жаңалықтар енгізу үшін де қажетті қаражат болуы тиіс. Кәсіпорынның нақты өтімділігін бағалау үшін ақшалай қаражатты сұрыптап және ашып, дұрыс есептеу қажет.

Кәсіпорынды қалыптастырудың маңызды шарты ақшалай қаражаттың жеткілікті мөлшері және оның есебіндегі эквиваленті, сондай-ақ, қаржыны дұрыс басқара білу болып табылады. Бұл мәселе бүгінгі күнге дейін шаруашылықпен айналысатындардың өзекті тақырыбы болып қала бермек, өйткені, несие берушілермен, дебиторлармен және басқа да кәсіпорындардың қызығушылығы ақшалай қатынас.

«Есеп, аудит және ақшалай қаражатты талдау» атты диплом жұмысының тақырыбын таңдау келесі себептерге байланысты алынған:

  • біріншіден, ақшалай қаражат көбінесе кәсіпорынның жылдам және тез іске асыратын белсенділеріне жатады;
  • екіншіден, ақшалай операция жаппай және тарату сипатына ие;
  • үшіншіден, қаржылық құралдардың қозғалғыштығы және ақша операцияларының көптігі экономикалық субъектінің бұл шаруашылық әрекет аймағын әртүрлі қателіктермен асыра пайдаланушылық көзқарасы бойынша әлсіз етеді.

Диплом жұмысының мақсаты ақшалай қаражаттың есебін, анализін және аудиттің, есебінің ерекшеліктерін үйрену, ақшалай қаражатты бақылау және ұйымның есебінің кемшіліктерін анықтау және оның негізінде «МЕБЕЛЬ-сервис БТА»-ні мысалға ала отырып есебі мен аудитін жетілдіру шарасы ұйымдастырылған.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:

  • есептің түрлерімен, ақшалай қаражаттың жалпы сипатымен танысу;
  • ақшалай қаражаттың есебі мен аудитінің теориялық аспектілерін ашу;
  • зерттейтін кәсіпорынның ақшалай қаражатының аудиті мен анализі;
  • «МЕБЕЛЬ-сервис БТА»-ның ақшалай қаражаттың есебі мен аудитін ұйымдастыруда ұсыныстар әзірлеу

Диплом жұмысының зерттеу нысаны «МЕБЕЛЬ-сервис БТА» болып табылады, оның негізгі мақсаты құрылыс жұмысының тікелей кірісін анықтау. Талдау кезеңі кәсіпорын жұмысының төрт жылын қарасытрады, сонымен қоса оған 2005-2008 жылдар енеді.

Ақпараттық базаның негізін бухгалтерлік есеп, аудит, қаржылық талдау, басқару есебі, қаржылық менеджмент бойынша әдебиеттер құрайды. Сонымен қатар, диплом жұмысын даярлау кезінде заңдар, нормативтік актілер, монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, мерзімді басылымдардағы мақалалар, қаржылық есептің Ұлттық стандарты, қаржылық есептің Халықаралық стандарты, статистикалық көрсеткіштер оқылып, қарастырылды. Сондай-ақ, бұл жұмыста «МЕБЕЛЬ-сервис БТА»-ның құжаттары, ішкі қаржылық есептері мен кәсіпорын жұмыстарының басқа да ақпараттық көздері қолданылған.

Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан тұрады. Диплом жұмысының бірінші тарауының мазмұны ақшалай қаражаттың есебі мен аудитінің теориялық негізі. Диплом жұмысының екінші тарауында зерттелген кәсіпорынның қаржысына талдау жүргізіледі. Үшінші тарауда зерттелген к

кәсіпорынның ақшалай қаражатының есебі мен аудитін жетілдіру туралы ұсыныстар құрастырылады.

Ақшалай қаржының есебін зерттеп, оның қаржылық жағдайын талдай отырып, кемшіліктер мен себебін анықтауға болады және мекемедегі қаржы құралдарын ұйымдастыруды жақсарту мен қилынқы келтіру бойынша нақты нұсқаларды жасауға болады.

Ғылыми жаңашылдық жұмыс нәтижесінде көрсетіледі: қаржы есебінің ұлттық стандарттарына сәйкес қаржы құралдарын есепке алу және аудит жүргізу аспектілері ашылды.

Дипломдық жұмыстың іс-тәжірибелік құндылығы, алынған нәтижелер мен нұсқалар ақша құралдарын есепке алу, аудит және талдауды жетілдіруде тек қана «МЕБЕЛЬ-сервис БТА» іс-әрекетінде ғана қолдануында болып табылмайды.
1 АҚША ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Касса операцияларының есебі

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болады. Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс, бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, ауызы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субъектінің басшысында сақталады.

Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне (есігіне) мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсырады. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқұрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт жасалады.

Кәсіпорын, мекеме немесе ұйым өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады, банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырып, бұл чек парағын толтыру барысында чекке алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның, ұйымның, субъектінің жұмсауға тиісті нақты ақша қаражаттарының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы субъектінің мөрі басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды, сонымен қатар лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (біреуінің қолы қойылмаған жағдайда), мөр басуға рұқсат етілмейді.

БУХГАЛТЕРИЯ
БУХГАЛТЕРИЯ: Шығыс және кіріс кассалық ордерлердің регистрлер журналы
Шығыс кассалық ордер
Шығыс кассалық ордер: Кіріс кассалық ордер
Шығыс кассалық ордер: ПКО квитанциясы
:
Шығыс кассалық ордер: ККМ чегі
:
КАССА
КАССА:

Кассалық

кітап

Кассирдің есеп беруі
БУХГАЛТЕРИЯ
БУХГАЛТЕРИЯ: Шаруашылық операциялар журналы
БУХГАЛТЕРИЯ: Журнал-ордер №1
Журнал-ордер № 1-ге ведомос

Сурет 1 - Қолма-қол ақша қаражаттарының схемасы

Кәсіпорынның, ұйымның яғни қандай да болмасын шаруашылық субъектінің касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс, банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорынның, субъектінің кассасына кіріске алынады. Ол үшін кәсіпорынның, субъектінің касса қызметкері, яғни кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Жалпы касса операцияларының есебі 1010-”Кассадағы ақша қаражаты”, онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоты бойынша типтік корреспонденция 1 - ші кестеде көрсетілген.

1 Кесте - Кассадағы ақша қаражаты шотындағы негізгі операциялар

Операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
дебет
кредит
Операциялар мазмұны: Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары
Шоттар корреспонденциясы: 1010
6010
Операциялар мазмұны: Алынуға тиісті жал төлемі кассаға келіп түсті
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1280, 2180
Операциялар мазмұны: Келіп түсуге тиісті жолдағы ақша қаражаттары кассаға келіп түсті
Шоттар корреспонденциясы: 1010

1020 1030,

1050, 1060

Операциялар мазмұны: Жұмысшы қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы кассаға қайтарылды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1210, 2150
Операциялар мазмұны: Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары
Шоттар корреспонденциясы: 1010
5110
Операциялар мазмұны: Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың берешек қарызы кассаға қабылданды
Шоттар корреспонденциясы: 1010

1250, 2150

1260, 2160

Операциялар мазмұны: Алынған материалдық емес активтердің құны кассадан төленді
Шоттар корреспонденциясы: 2730, 2710
1010
Операциялар мазмұны: Алынған құнды қағаздардың құны кассадан төленді
Шоттар корреспонденциясы:

1110-1150,

2010-2040

1010
Операциялар мазмұны: Сатып алынған материалдық құндылықтардың құны кассадан төленді
Шоттар корреспонденциясы: 1310
1010
Операциялар мазмұны: Өнімдерді сату және әкімшілік шығындары кассадан төленді
Шоттар корреспонденциясы: 7110, 7210
1010
Операциялар мазмұны: Келіп түскен тауарлардың құны кассадан төленді
Шоттар корреспонденциясы: 1330
1010
Операциялар мазмұны: Кассадан ағымдағы банктік шотқа ақшалай түскен түсімдер аударылды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1010

1 - ші кестенің жалғасы

1
2
3
1: Субъектінің сатып алған өз меншігіндегі акциясын қайта сатудан түскен табыс кассаға қабылданды
2: 1010
3: 5210
1: Субъектінің кассасынан жұмысшы қызметкерлерге берілген несие сомасы
2: 1250, 2150
3: 1010
1: Банк немесе банктен тыс мекемелерден алын- ған несиелер сомасы кассадан қайтарылды
2:

3010, 4010

3020, 4020

3050, 4030

3: 1010
1: Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы сомасы кассадан төленді
2: 3350
3: 1010

Кәсіпорынның, субъектінің кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қою керек және де ақша төлеген адамға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне кәсіпорынның, ұйымның, субъектінің аты, ақша төлеуші адамның немесе субъектінің аты-жөні қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақша төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кәсіпорының, ұйымның, яғни субъектінің кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу ведомостары, сондай-ақ кәсіпорынның, ұйымның бас бухгалтері мен басшысының қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің реквизиті көрсетілген штамп басылады, егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда шаруашылық субъектінің басшысының ”рұқсат етемін” деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды.

Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының номерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордерінің жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды, кәсіпорынның, яғни субъектінің бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырады, бұл құжаттарды өзгертуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді.

Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы-қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу ведомостары қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін тіркеледі.

Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға немесе кассадан нақты ақшаны қабылдауға немесе төлеуге тек қана осы құжаттар толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында (кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылмағандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізугу, яғни қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек.

Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отырады, бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері номерленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландырады. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, кіріс етілген немесе кәсіпорынның, ұйымның кассынан төленген яғни шығыс етілген ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған немесе шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның, ұйымның касса қызметкері кассадағы нақты ақша қаражаттарының қалдығын жұмыс күнінің соңында санап және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс еңгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және де касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына субъектінің бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек. [1] Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру: оқу құралы.

Кәсіпорынның, ұйымның немесе мекемелердің кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының есебі үшін өз алдына бөлек кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық құжаттарда кіріске алынған яғни келіп түскен және шығыс етілген, кассадан төленген ақша қаражаттарының сомасы шетел валютасымен де және сол күнгі бағам (курс) бойынша ұлттық валютаға айналдырылып та жазылады. Жалпы кәсіпорынның кассадағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.

Кестені қортындылай келгенде кассадағы ақша қаражаттардың кірістелуі мен шығысталуы шаруашылық операциялардың күрделілігіне байланысты болып келеді.

1. 2 Есеп айырысу бойынша операциялар есебі

Есеп айырысу операциялары 1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шотында жүргізіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдар және мекемелер өздерінің ақша қаражаттарын өздері таңдаған, яғни өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті, ол үшін кәсіпорындар мен ұйымдар өздері қалаған банк мекемелерінде ағымдағы банктік шотын ашулары тиіс. Бір кәсіпорынның немесе субъектінің тиісінше әрбір банк мекемесінен бір ғана ағымдық банк шотын ашуына рұқсат, ағымдағы банктік шотын ашу үшін кәсіпорын немесе субъекті банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

−банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;

−кәсіпорынның, субъектінің құрылуы жайлы құжат, жоғарғы органдардың кәсіпорынды, ұйымды құруы жайлы шешімдердің көшірмесі;

−кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасары қол таңбасын қойған, кәсіпорын мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және де басқа құжаттар.

Кәсіпорынның, ұйымның басқа шаруашылық субъектісіне төлейтін төлемі әдетте қолма-қол ақшасыз ағымдағы банктік шотынан төленеді. Ағымдағы банктік шоттарындағы қаражаттар заңда көрсетілген белгілі тәртіп бойынша шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде ғана пайдаланылады (аударылады) . Субъектінің, заңды ұйымның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға қарызы, олардан сатып алған тауарлардын, материалдық құндылықтардың және тағы да басқалардың құны мен олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. [Бухгалтерлік есеп және аудит] : журнал

Ағымдағы банктік шотынан қаржы кейбір жағдайларда шот иесінің келісімінсіз де арбитраждың бұйрығы, соттың үкім қағазы, салық инспекциясы немесе полициясының бұйрығы, тағы да басқа заңда қаралған жағдайлар негізінде аударылады. Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарынан нақты ақшамен қаржы алып, пайдалану үшін шот иесіне қызмет көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді. Кәсіпорынның, яғни субъектінің өкілі, әдетте кассир ағымдағы банктік шотынан кәсіпорын кассасына нақты ақшаны осы чек кітапшасының тиісті түрде толтырылған чегі бойынша ала алады. Ағымдағы банктік шотына субъектінің сатқан өнімі мен тауарлардың, материалдық құндылықтар мен басқа да активтердің және көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған несие, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары кірістеледі. Ал бұл шоттан субъектінің басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан сатып алған мүліктері мен заттарының құны, бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлем сомалары төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін және басқадай мақсаттар үшін нақты ақша алынады.

Банк мекемесі ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттардың шегінде шот иесінің, яғни субъектінің ақша қабылдау, төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды, ағымдағы банктік шоты бойынша операциялар бірыңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі.

Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: [1] Банковское дело: оқу құралы

− төлем тапсырмасы;

− есеп айырысу чегі;

− төлем талабы-тапсырмасы;

− инкассалық өкім;

− салық және кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы басқа құжаттар саналады.

Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамның қолы болуы керек, онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Есеп айырысу құжаттарының үлгілі түрін олардың толтыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілейді. Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін субъектімен яғни ағымдағы банктік шотының иесімен келісімге келе отырып белгіленген мерзімде кәсіпорынға шоттың көшірмесін жіберіп отырады, осы көшірмемен бірге ағымдағы банктік шоты бойынша жүргізілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі.

Көшірмеде субъектінің шотындағы қаржының айдың басындағы және айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша ағымдағы банктік шотына келіп түскен, яғни кіріс етілген және одан шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі. Кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің

бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі.

Есеп аыйрысу операциялары 1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шотынды жүргізіледі. Шот бойынша типтік корресронденция 2 - кестеде көрсетілген.

Кесте 2 − Ағымдағы банктік шоттағы негізгі операциялар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және шаруашылық қызметі
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі қаржылық инвестиция есебі
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Ақша құралдары
Ақша қаражаттар қозғалысы
Күмәнді дебиторлық борыштар
Коммерциялық банктердің қаржылық есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz