ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

1995 ж. Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ8

1. 1 Конституция ұғымы, мәні, құрылымы және ерекшеліктері8

1. 2 Қазақстанның конституциялық даму кезеңдері17

1. 3 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясындағы құқықтық қағидалары29

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ36

2. 1 Конституциялық реформалар - Тәуелсіздігіміздің негізгі қозғаушы күші36

2. 2 Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. және 2007 ж. толықтырулар мен өзгертулерден кейінгі өкілеттіктері41

2. 3. Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 ж. және 2007 ж. толықтырулар мен өзгертулерден кейінгі заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының жұмыс атқаруының маңыздылығы51

ҚОРЫТЫНДЫ60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI66

КIРIСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін 1993 жылы қабылданған алғашқы ата заңымызды ары қарай жетілдіру уақыт талабынан туындаған еді. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда еліміздің Конституциясы қабылданды.

Ата заңымыз елімізді өтпелі кезеңнің дағдарыстарынан сақтап, еліміздің тұтастығы мен амандығын ұлтаралық татулығы мен ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде елімізде реформалық өзгерістердің белсенді қозғалыстары болды және мемлекетімізді басқарудың механизмін одан әрі жетілдірудің жолдарын ашты. Қолданыстағы Конституциямыз бүгінгі заманның барлық көкейкесті мәселелерін толық қамтыған және құқықтарымызға, мемлекет құрлысына толық түсінік бере алады деп айта аламыз. Қазақстанда мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну принципіне негізделіп құрылды.

Ата заңымыз қабылдануының нәтижесінде, бұрынғы 1 палаталы жоғары кеңестің орнына 2 палаталы кәсіби тұрғыда жұмыс жүргізетін, саяси партиялардың фракциялары өкілдік ететін Парламент құрылды.

Конституцияға сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Парламенті бүгінде мемлекеттік биліктің бір тармағына айналды. Үкімет мемлекеттік биліктің дербес бір тармағы ретінде Конституцияда белгіленген өкілеттіктерін жүзеге асыруда. Конституция мемлекеттік биліктің үшінші тармағы сот төрелігін жаңадан құру қажет екендігін айқындап, оның құрлымын, қызмет істеу қағидаларын заңдастырды.

Билік тармақтарын конституциялық жолмен бөлу және олардың бір бірімен қарым қатынасын ұштастыру әлемдік тәжірибеде мемлекеттің демократиялық механизмін нығайта түседі. Міне бұлардың бәрі Президенттік нысандағы біртұтас мемлекеттің ерекшеліктері болып табылады.

Біртұтас Қазақстан мемлекеті сан ұлтты қазақстандықтарды олардың ұлты мен басқа да белгілеріне қарамастан азаматтық тең құқықпен қамтамасыз етуде.

Ел басы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» жолдауында, Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару, саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғандығына байланысты, өткен он жылдағы атқарылған жұмыстарды қортындылап, енді алдағы он жылда атқарылуға тиісті басты міндет, мақсаттарды айқындап берген еді.

Осы басты міндеттердің бірі - дамуымыздың жаңа кезеңіне сәйкес саяси жүйені жаңарту яғни демократиялық реформалар жасау болды.

Ел басының Жолдауында көрсетілген демократиялық реформалардың негізгі бағыттары «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңымен толығымен белгіленді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Парламенттің өкілеттігі неғұрлым кеңейтіліп, Парламенттің Констиуциялық кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын, Есеп Комитетін қалыптастырудағы сондай ақ, тұтастай алғанда бюджетті бекіту мен атқарылуын бақылаудағы өкілеттіктері ұлғайтылды. Парламенттің Үкіметті жасақтаудағы роль күшейтілді.

Сот-құқық жүйесін жетілдіру мақсатында тұтқындауға құзырлылықты соттарға беру туралы шешім қабылданды және соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілетін болады. Біртіндеп осы заманғы ашық тұрпатты сот өндірісі қолданылатын болады.

Жергілікті өкілетті органдарды дамытуға бағытталған шаралар жүзеге асырылады, оның ішінде маслихаттарды күшейтіп қосымша өкілеттіктер берілді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімі, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың маслихаттарының келсімімен тағайындалады. Уақыт өте келе аудандық маслихаттар жергілікті өзін өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айналады.

Жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың өзі дербес шеше алуын қамтамасыз етуге бағышталған жергілікті өзін өзі басқару институтын тану елеулі жетістіктердің бірі болып табылады.

Ата заңымыз бүгінгі заманның барлық көкейкесті мәселелерін толық қамтыған және құқықтарымызға, мемлекет құрлысына толық түсінік бере алады деп айта аламыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Елімізде жүргізіліп жатқан саяси өзгерістердің біз үшін басты мақсаты- бұл биліктің бір мезгілде елде саяси тұрақтылықты сақтап азаматтарымыздың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, қоғам мен мемлекетті басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету үшін осы заманғы демократиялық жолға қадам басу.

Біртұтас Қазақстан мемлекеті сан ұлтты қазақстандықтарды олардың ұлты мен басқа да белгілеріне қарамастан азаматтық тең құқықпен қамтамасыз етуде.

Оның тағы бір көрнісі - Ата заңға 2007 жылы 21 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Мажіліс депутаттарының сайлауында Мәжілістің 9 депутатының Қазақстан халқы Ассамблясынан сайлануы.

Конституцяда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары анық көрсетілген және “Адам және Азамат” деп аталатын бөлімінде 10-баптан 40-бапқа дейін 30-дай бап тек адам және азамат құқығы, бостандығына арналған.

Бұл Ата заңымыздың ең басты қасиеттерінің бірі оның халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде адам мен оның өмірін, оның құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп тануының бір көрнісі болмақ.

Конституцияда әркімнің өмір сүруге, өзінің жеке басының бостандығына, кадір қасиетіне, жеке өміріне және тұрғын үйіне қол сұғылмауына, әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға, қай дінге жататынын өзі анықтауға, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға қарым қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға, денсаулығын сақтауға, білім алуға, еңбек етуге, әлеуметтік қамсыздандырылуына, сайлауға, сайлануға, өзінің және отбасының құпиясы болуына, абройы мен ар-намысының қорғалуына құқықтары бар екендігі көрсетілген.

Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқын көрсетілуі осының нақты дәлелі болмақ.

Еліміздің Конституциясының демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіндігі әлемде танылып отыр.

Демократиялық мемлекеттерде Конституцияны дәріптеу - әр адамның азаматтық борышы деп саналады, оны оқып, білу міндетке айналған.

Ата заңымыздың ережелерін орындай білу, оны құрметтеу, Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау Қазақстан Республикасының әрбір азаматының басты міндеті болып табылады.

Азаматтар ата заңда көрсетілген құқықтарын толық иеленумен бірге міндеттерін де толық орындауға тиісті Сонда ғана ата заңның талаптары да толығымен орындалады. .

Конституцияның тұрақтылығы мемлекетіміздің, қоғамымыздың тұрақтылығының бірден бір кепі лі болмақ.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.

Сонымен, халықтың басым бөлігі - саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не? Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғы шарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Әрбір егемен мемлекеттің өз дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын конституциялық саясаты болады. Қазақстан Республикасының конституциялық саясатының негіздері 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда айқындалған болатын. Соның нәтижесінде республиканың қолданыстағы Конституциясы қабылданып, өмір талаптарына орай 1998 және 2007 жылдардағы конституциялық реформалар барысында оларға түзетулер енгізілді.

Еліміз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ Мемлекет басшысы - Елбасы Н. Ә. Назарбаев жүргізіп отырған сарабдал конституциялық саясат арқасында Қазақстан бүгінгідей жетістіктерге жеткені баршаға аян. Ата Заңымыз қабылдануын кезекті рет мерекелеу қарсаңында мынаны атап өтпеуге болмайды - осы жылдар ішінде Қазақстанда жасалған игі істердің бәрі де Конституция қағидалары сақтала отырып жасалды.

Отандық ғалымдардың еңбектерінде конституциялық құқықтық нормалардың жүзеге асуы жалпы конституция мәселелерінің аясында бірлесе талданады. Осы бағыттағы еңбектердің қатарына Е. Б. Абдрасуловтың конституция нормаларын талқылау мәселесіне арналған монографиялық зерттеуін жатқызуға болады. Е. Б. Абдрасулов конституция нормаларын талқылаудың конституциялық нормаларды жүзеге асыруда алатын орнына көңіл бөледі. Сонымен қатар, отандық ғалымдардың ішінде конституциялық құқықтық норманың жүзеге асу проблемасымен айналысқан белгілі ғалымдардың бірі - М. Т. Баймаханов болып табылады. М. Т. Баймаханов өзінің еңбектерінде көбінесе конституциялық нормаларды жүзеге асыруда ағымдағы заңдардың атқаратын рөлі мен орнына көп көңіл бөледі. Конституциялық құқықтық норманың жүзеге асуының кейбір қырлары С. З. Зимановтың, Ғ. С. Сапарғалиевтің еңбектерінде сөз болады. Ғ. С. Сапарғалиев Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей қолданылу мәселесін бірнеше уақыттан бері зерттеп жүрген белгілі ғалымдардың бірі.

Сонымен қатар, конституциялық құқықтық нормалардың жүзеге асуының процессуалдық ерекшеліктері М. О. Нүкеновтің, Е. А. Оңғарбаевтың қылмыстық істерді жүргізу заңдарының талаптарын жүзеге асыру мәселесімен телімдестіріле қарастырылады.

Отандық заңгерлердің ішінде конституциялық құқық теориясының көптеген мәселесімен айналысушы ғалымдардың бірі - А. Черняковтың еңбегі ерекше. А. Черняковтың жұмыстарында жалпы конституциялық құқықтық норманың сипаттамасы және оның түрлері жаңа методологиялық негізде сөз болады. Сонымен қатар, еңбектерде жанама тұрғыда болса да, конституциялық құқықтық нормалардың жүзеге асу мәселесі сөз етіледі.

Осы бағыттағы тағы бір сүбелі жұмысты атқарып жүрген ғалымдардың бірі - К. К. Айтхожин. Оның еңбектерінде жалпы конституция теориясының көптеген проблемалары сөз етіліп, оның ішінде конституция нормаларының тікелей қолданылу ерекшеліктері өте бір ыждағаттылықпен талданады. Осы мәселелер төңірегінде бірнеше ғылыми мақалалары да жарық көрді.

Жоғарыдағы біздің конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруға қатысты зерттеулердің бағытын талдауымыздан көрініп тұрғандай, конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру мәселесі әлі де болса отандық ғылымда жүйелі және жан-жақты өзінің бағасын ала қоймағандығы. Сондықтан да, бұл зерттеу жұмысында мәселенің осы қырына негізінен көңіл бөлуді жөн көріп отырмыз.

Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға бөлінген екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ

1. 1 Конституция ұғымы, мәні, құрылымы және ерекшеліктері

«Конституция» сөзі негізінде латын тілінен шыққан, қазақшаға аударғанда «мекеме», «бекітілім» дегенді білдіреді. Мемлекеттің негізгі заңы ретінде конституция буржуазиялық мемлекеттер өмірге келген соң пайда болды.

Конституцияны түрлі негіздермен жіктеуге болады. Олар өзгерістер және түзетулер енгізу тәсілі бойынша қатаң және өзгермелі болып бөлінеді. Қатаң конституциялар референдум жолымен жаппай дауыс беру немесе арнаулы конституциялық іс-шаралар арқылы, болмаса Парламентпен қабылданады.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды.

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен Конституция қабылданды. Осы Конституцияға конституциялық реформалар нәтижесінде екі рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Алғашқысы 1998 жылдың 7 қазанында, екіншісі 2007 жылдың 21 мамырында болды.

Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған күн демалыс, мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Мұның өзі конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік-құқықтық актілердің нормаларынан үстем екендігін көрсетеді. Кейінгі екі Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекетіміздегі тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды.

Жаңа Ата Заңды құқықтық мемлекеттің қалыптасқан бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты еркіндігі, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бірлестігін құру еркіндігі), халық билігін жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сәйкестендірілген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейімделіп тұжырымдалған.
ҚР-ның Конституциясы барлық заң салдарының негізі болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Бірнеше ғасырлар бұрын ру-тайпаға бөлініп, қоғамдасып өмір сүрген адамдардың да өз тәртіптері мен жазылмаған заңдарының болғандығы тарихтан мәлім. Өткен ғасырлардың данышпандары өздерінің шешендік, білгірлік қасиеттерімен елеулі орнын қалдыра білді. «Елу жылда ел жаңа» дегендей, арада қаншама жыл-ғасырлар өтіп, Кеңес Одағы тарағаннан кейін, екі жыл өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші сайланған тоғызыншы сессиясында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды. Заман өзгерген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізілуі мемлекетіміздің өркендегенінің белгісі.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру барысында Конституциямыздың тарихы негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын атай отырып, республикамыздың демократиялық және құқықтық жолында көптеген дәрежеге қол жеткізгенін байқаймыз. Конституцияға сәйкес, қос палаталы Парламент еліміздің заң шығарушы билігін иеленді. Конституция оған ел бюджетін бекітуге, оның орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында тұрақты есеп береді. Әрине жоғары жақтың құрылымдық кестесімен қатар, атқарушы билік жүйесін реттеу және тиімділігін арттыруға бағытталған мәселе де аз емес. Қазір жергілікті атқарушы билік халықпен кездесіп, есеп беруде. Бұл билік пен халықты біртұтас етуге сеп, сондай-ақ, әкімшілік реформаларды тереңдетуге негіз жасады.

Қазақстан халқының тәуелсіздікті ту етіп, қабылдаған Конституциясы қазір қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани адамгершілік сипатқа ие болды. Конституциялық құрылысты бекітуде алдымызда күрделі әрі жауапты міндет тұрғанын ұмытуға болмайды. Ол - мемлекетімізді мемлекеттік билік пен басқарудың барлық жүйесін жан-жақты нығайту қажеттілігі. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы болашағы зор мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосулары тиіс екенін түсіну керек . . .

Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi - өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды.

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995) . Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекетіміздің тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды.

Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

ҚР Констиуциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.

ҚР Констиуциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады.

Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекiту.

Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар:

  • қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
  • бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму;
  • қазақстандық патриотизм;
  • мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ) .

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I - VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған.

Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi.

«Жалпы ережелер» деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар:

  • Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi) ;
  • Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы;
  • мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi;
  • Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы) ;
  • мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi;
  • адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы;
  • мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т. б.

Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемлекеттік билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады.

ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экономикалық негiздерден, әлеуметтік саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ҚР Констиуциясының 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26-баптарында тұжырымдалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Мемлекеттің тетіктері (аппараты)
Президенттің құқықтық мәртебесі.
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
Мемлекеттік қызметтің имиджі
ЕЛ БІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
Республикалық референдум ұғымының түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz