Құрты өзені Іле өзенінің ірі сол жақ саласы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Геоморфология және картография кафедрасы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА . . .

1. 1. Географиялық орны, территориясы мен шекаралары . . .

1. 2. Жер беті құрылымы . . .

1. 3. Геолиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары . . .

1. 4. Климаты . . .

1. 5. Жер үсті және жер асты сулары . . .

1. 6. Топырағы . . .

1. 7. Өсімдік жамылғысы . . .

1. 8. Жануарлар дүниесі . . .

2. НЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА . . .

2. 1. Неотектоникасы . . .

2. 2. Литологиясы . . .

2. 3. Тектоникасы . . .

2. 4. Кейінгі кезде болған жаңа тектоникалық қозғалыстары . . .

3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЕЙСМОЛОГИЯСЫ . . .

3. 1. Ауданның жер сілкіністер тарихы . . .

3. 2. Қазіргі жағдайы . . .

3. 3. Сейсмикалық аудандастыру әдістері мен принциптері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Адамзат тарихында жер сілкінуінің жойқын күші және оның әсерінен болатын апаттар жайлы деректер көп. Мәселен, жер сілкінуі әсерінен кейбір үлкен қалалардың, тіпті бүкіл мемлекеттің мүлдем жоқ болып, яки өшіп кеткені мәлім. Сонымен қатар, жер сілкіну құбылысы адамның рухани күйі мен ішкі сезіміне де терең әсер етеді.

"Алматы облысының сейсмикалық қауіпті зоналарын аудандастыру" атты бітіру жұмысымда менің алдыма қойған мақсатым ­ сейсмикалық аудандастыру әдістері мен принциптерді қарастыра отырып, Алматы облысының сейсмикалық қауіпті зоналарын аудандастырып көрсету.

Алматы облысы аймағында күшті жер сілкіну қауіптілігі жоғары екені мәлім. Өйткені, облыс территориясы сейсмикалық қарқындылығы жағынан аса жоғары Орталық Азия белдеуінде орналасқан. Зілзала апаты тек қана жер бетінің күшті сілкінісі ғана емес, сонымен қатар оның қосалқы құбылыстарымен (сел, тау көшкіндері, өрт және басқа да табиғи апаттар) қауіпті.

Менің бітіру жұмысымның мақсаты: облыстаға қауіпті зоналарды аудандастыра отырып, Алматы облысының қазіргі сейсмикалық жаағдайын, жер сілкінісі мен оның тарихын, себептерін, зардаптарын, сілкіністің ықтимал күшін және оны алдын­ала болжау мәселелерін қарастыру.

1. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА

  1. Географиялық орны, территориясы мен шекаралары

Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан. Атлант мұхитынан 3300-3600 км, Солтүстік Мұзды мұхитынан 3000-3500 км, ал Тынық мұхитынан 4000-4500 км қашықтықта орналасқан.

Оның географиялық координаттары: 42º15´ және 46º30´ с. е., 74º05´ және 80º45´ш. б.

Облыстың территориясы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыс бағыты бойымен 150-200 км-ден 600 км-ден астам қашықтықта созылып жатыр.

Қазіргі уақыттағы Алматы облысы Ұлы Қазан социалистік төңкерісіне дейін бұрынғы Жетісу облысының аумағына кірген. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Жетісу губерниясының солтүстік бөлігі ретінде Түркістан республикасының құрамында болған. Ал 1924 жылы Қазақстандағы Алматы округінің негізгі бөлігін құрады.

Алматы облысы жеке облыс ретінде 1932 жылы құрылған болатын. Сол кезде оның жер көлемі қазіргіден 4 есе үлкен болатын: қазіргі территориясынан басқа оның құрамына бүкіл Талдықорған облысы, Семейдің оңтүстік аймақтары, Қарағандығының оңтүстік-шығысы және Жамбыл облысының шығыс бөлігін қамтыды. Алматы облысының қазіргі шекаралары 1994 жылы 16 наурызда қалыптасқан болатын.

Облыстың ауданы 224 мың км²-ты құрайды. Ол өзінің ауданы жағынан Әзербайжан, Армения, Грузия, Эстония, Латвия, Литва және Молдова, Австрия, Португалия және Нидерланды сияқты мемлекетттерден алдыда.

Облыс шығыста Қытай Халық Республикасымен шекараласады; мемлекеттік шекара солтүстіктен оңтүстікке қарай Іле өзенінен бастау алып, Кетмен жотасын кесіп өтіп, Хан-Тенгри массивіне қарай созылған.

Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстары мен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қарғызстан Республикасымен шектеседі.

Облыс территориясының көп бөлігі оңтүстікте Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тау жоталарынан құралған: Іле алды Алатауы, шығысы Кетмен жотасы, Теріскей Алатауымен жалғасқан Күнгей Алатауы.

Облыстың солтүстігінде құм, тақыр және сордан тұратын Оңтүстік Балқаш алды шөлейтті жазық орналасқан.

Облыстың осындай географиялық орналасуы табиғи жағдайларының алуандылығына себеп болды: жер бедері, климаты, топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі Алматы облысында әртүрлі шаруашылық салаларының дамуына әсер етті.

Облыс территориясын Семей-Арыс теміржол жүйесі кесіп өтеді. Ол облыстың және мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал етеді.

Облыс территориясы бойынша Іле өзені ағып өтеді.

Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар.

  1. Жер беті құрылымы

Жер беті құрылымы бойынша облыс екі әртүрлі бөлікке бөлінеді:

оңтүстік - таулы және солтүстік - жазықтық. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тау жоталары орналасқан - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік таулары. Облыстың солтүстік және солтүстік-батысын Балқаш алды шөлі алып жатыр.

Облыс шекарасын Тянь-Шань тау жүйесінің орталық бөлігін Іле алды Алатауы алады.

Қарлы шыңдар тән болып келетін ірі тау жүйесі Іле жазығынан тік көтерілген. Тау етегіндегі суармалы жерлерде халық тығыз орналасқан.

Жоталардың орналасуы ендік бағытта. Оның ұзындығы 250 км және ені 40-60 км. Морфологиялық жағынан Іле алды Алатауы батыс, орталық және Шығыс болып үшке бөлінеді. Батыста Іле алды Алатауы екіге бөлінеді: Солтүстік бөлігі Қастек асуынан кейін Кіндіктас таулары атауына ие болады, оңтүстігі Қырғыз Алатауы жотасы бастау алатын Шу өзені алабын алып жатыр. Іле алды Алатауының шығысы жанасып орналасқан Сюгат, Богут және Торайғыр жоталарына жалғасқан.

Іле алды Алатауының ең биік нүктесі жотаның орталық бөлігінде орналасқан Талғар шыңы (5017 м) . Жотаның орталық бөлігінде қазіргі мұз басу процесі орын алынған. Іле алды Алатау жеріндегі ауданы, Н. Н. Пальгов мәліметтері бойынша, 484 км², ал мұздықтардың жалпы саны - 265.

Қар биіктігі 3800-4100 м аралығында, ол солтүстік беткейлерде төмен (3800-3900 м) және оңтүстігінде жоғары (4000-4100 м) . Мұздықтар алабының етектері солтүстік беткей бойымен 3200-3500 м-ге төмендейді. Іле алды Алатауындағы ең ірі мұздықтардың бірі - Корженевск мұздығы (жотаның оңтүстік беткейінде) ұзындығы 12 км-ге жетеді, Дмитриев мұздығының ұзындығы 6, 6 км, Конституция - 4, 6 км, Тоғызақ - 4, 5 км, Калесник - 4 км және т. б. Бұл мұздықтар өзінің кең фирнді далаларымен жота беткейлерін терең тілімдейтін көптеген өзендердің қоректену көздері болып табылады.

Іле алды Алатауының тік қимасы қабатты құрылысымен сипатталады. Биік таулы қабат терең тілімденуімен ерекшеленеді. Бұл - тік және жартасты беткейлер зонасы.

Төменірек таулы бедердің терең тілімденген қабаты орналасқан. Бедердің типтік элементі болып террасалары нашар сақталған участкелі тік беткейлі өзен алаптары табылады. Іле алды Алатауының барлық биік таулы және таулы қабаты палеозой жыныстарынан құралған. Төмен таулы бедер Іле алды Алатауының шығыс және батыс бөліктеріне тән. Ол кең алаптармен бөлінген ұсақ шоқылардан тұрады.

Іле алды Алатауының оңтүстігінде Шелек пен Үлкен Кебін өзендері алаптарын бойлай Күнгей Алатауының қарлы шыңдар жүйесі орналасқан. Ол Алматы облысының құрамына тек қана өзінің шығыс бөлігінің солтүстік беткейімен ғана кіреді. Жотаның биіктігі Шелек-Кебін тау жүйесінің маңында 4600 м, шеткі шығыс бөлігінде 3000 м-ге дейін төмендейді.

Күнгей Алатауының шығыс бөлігіндегі солтүстік беткейі гранит, кварцты диорит, аплит, құмдақ, саз, мергель мен орта және төменгі карбонның ізбесті тасынан тұрады.

Күнгейдің шығыс бөлігінің етегінде, Шелек пен Шарын өзендерінің аралығында Жалаңаш жазығы созылып жатыр. Оның солтүстігінде Сюгаты кең алабымен бөлінген Торайғыр аласа таулы массиві (биік нүктесі 2403 м) және Сюгаты-Богаты таулары орналасқан.

Алматы облысының аумағында орналасқан Теріскей алатаудың солтүстік беткейлері 2000 м биіктікке дейін көтерілетін Текес өзенінің жоғарғы ағысының тау аралық алабында төмендейді. Жота көптеген шыңдары мәңгі мұз және мұздықпен жамылған жыралармен тілімденген.

Теріскей Алатауының солтүстік шығысында Қопыл, Ұлытастау (3920 м), Бас-Ұлытау (3430 м), Ельчен-Буйрюк (3015 м), Қаратау (3686 м) массивтері орналасқан. Олар Текес алабын Кеген тау аралық алабы мен Үшхасан үстіртінен бөліп тұр.

Жоғары аталған биік емес массивтер жазық көтерілімдер жүйесін құрайды. Тау беткейлері қылқан жапырақты ормандар басым болып келетін өзен алаптарымен тілімденген.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Ұлытастау мен Қаратау тауларының арасында Солтүстік-батыста Кетмен пен Қулықтау жоталарының арасында тауаралық Кеген алабы орналасқан. Оның абсолюттік биіктігі 2000-2300 м. алаптың беті кейбір жерлерде батпақтанған.

Кеген жазығының солтүстігінде Кетмен жотасы орналасқан. Батыста Қулықтау тауларымен Күнгей Алатауына жалғасады, және шығысында Қытай аумағына өтеді. Облыс ішінде Кетмен кең созылып орналасқан. Оның ұзындығы 300 км, ені 40-50 км. Жотаның максималды биік жерлері (3650 м-ге дейін) оның шығыс бөлігінде орналасқан. Кетменнің батыс бөлігі палеозой ізбес тасынан, құмдақтан және граниттен құралған.

Кетмен суайрығы қазіргі мұз басу процесі болмаған жазық-толқынды беткей болып келеді. Жота баурайлары тік, терең алаптармен тілімденген.

Іле алды Алатауының солтүстік-батыстағы жалғасы болып Жамбыл мен Алматы облыстарының шекарасы бойымен өтетін Шу-Іле таулары табылады. Ол облыс құрамына өзінің тек оңтүстік-шығыс бөлігімен ғана кіреді. Оның морфологиясы бедердің үстірт тәрізді және ұсақ шоқылы элементтермен сипатталады.

Алматы облысының солтүстік-батыс бөлігі теңіз деңгейінен 500­ден 350 метрге дейінгі биіктіктегі жазықтық болып табылады. бұл жазықтық төрттік кезеңнің аллювиальды және эолды шөгінділерден құралған. Оның көп бөлігін Сарыншық­Атырау, Тауқұм және Қорғанқұм құмдары алып жатыр. Осы құмдар бедерінің негізгі элементтері болып тізбектер мен адырлар табылады. Олардың биіктігі 80 метрден аспайды. Баурайларына ксерофитті өсімдіктер жамылғысы тән.

Іле өзенінің дельталық бөлігінде көптеген құрғақ сағалармен тілімденген кең Бақанас жазығы созылып жатыр.

Тақырлы сазды жазық үшін сорлардың кең таралуы тән.

Ежелгі ағынның негізгі салалары болып Шет­бақанас, Орта­бақанас және Нарын­бақанас табылады. Шет­бақанастың жалпы ұзындығы 240 км, ені 25­85 метр. Орта­бақанастың ұзындығы 165, 5 км, орташа ені 100­150 м, максималды ені 800 м­ге дейін. Нарын­бақанастың ұзындығы 253 км, ені 150­200 м.

Балқаш алды жазығының аймағында Жоңғар Алатауының оңтүстік­батыс таулары ( Құланбасы мен Малайсары) және Қарой мен Бозой үстірттері орналасқан.

  1. Геолиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары

Алматы облысының геологиялық құрылымы жыныстар кешенінің алуан

түрлілігімен сипатталады.

Іле алды Алатауында палеозой жыныстары, яғни конгломераттар, туфтар, мәрмәр тастар мен граниттер кең таралған. Палеозой жыныстарының негізгі массивтері территорияның таулы және биік таулы бөліктерін құрайды.

Мезозой қалдықтары облыс аумағында таралуы шектелген.

Облыстың тау бөктерлері мен орташа таулы бөліктерін негізінен үштік жыныстар - шұбар түсті гипсті саздар құрайды.

Жазық бөлігінің беті төрттік қылдықтардан құралған, оның басым бөліктерін аллювиальді­пролювиальді және эолды қалдықдар алады.

Облыстың таулы бөлігінде үштік және төрттік қалдықтар өзен алаптары мен тау аралық қазаншұңқырларда кездеседі.

Тау құрылысына ұзақ және күрделі геологиялық тарих тән, олар герцин қабатында пайда болды. Келесі геологиялық кезеңдердерде бұл таулар ақырындап үгітіліп, кейіннен жазықтарға айналды. Үштік кезеңнің басына қарай альпілік орогенез кезеңінде пенеплендік негіз қайтадан типтік тауларға айналған болатын.

Таулы аймақтардағы тектоникалық процестер қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Оның айқын көрінісі болып қайталанып отыратын жер сілкіністері табылады. Көп жағдайларда бұл процестер әр түрлі күшпен болатын жер асты дүмпулер түрінде кездеседі.

Осылай, 1887 жылы 28 мамырда 10 баллдық жер сілкінісінің радиусы батыста Ташкент және шығыста Үрімші қаласына дейін таралған. Верный қаласы қатты зақымданған болатын. 1889 жылы жаңа Шелек жер сілкінісі болды. 10-11 баллдық жер сілкінісі Іле алды Алатауы мен Күнгей Алатауының шығыс бөліктерінде және Жалаңаш тау аралық құламаларында жер бетінің бұзылуына әкелді. 1910 жылы 22 желтоқсанда болған жер сілкінісі облыстың көп бөлігін қамтыды, оның эпицентрі Шелек-Кебін тау жүйесінде орналасты. Осындай жер сілкінісі 1911 жылы 1 қаңтарда болды.

Алматы облысында пайдалы қазбалардың алуан түрі бар. Ол құрылыс материалдар өндірісінің шикізатына бай.

Ізбес тасының мол қоры Қаскелен және Жамбыл аймақтарында табылды. Қаскелен кен орнының ізбес тастары Қаскелен ауылынан оңтүстікке қарай 18 км қашықтықта орналасқан. Ол жоғары сапасымен ерекшеленеді. Қазіргі бұл кен орны жергілікті промартельмен экспортталады. Дәл осы аймақта мәрмәрдың шамалы көлемі өндіріледі.

Іле аймағында кварцты құмдар бар, ол әйнек өндірісіне шикізат ретінде пайдаланылады.

Перлит - құнды құрылыс материалы, сонымен қатар басқа да құрылыс тастары Алматыдағы жаңа құрылыста кең пайдаланылады.

Қарқаралы өзен алабында шоғырланған гипс кендері алебастр өндіруде пайдаланылады. Іле аймағында, Алматы қаласынан 120 км қашықтықта 2, 5 млн т қоры бар сазды гипс кен орны бар.

Көзеші және отқа төзімді саздар фаянстан жасалған және отқа төзімді бұйымдар жасауға, кірпіш пен цемент өндірісінде кең пайдаланылады. Оның көп кендері Іле және Қаскелен аймақтарында кездеседі. Қиыршықты және құмдақты материалдар Іле және Қаскелен аймақтарында, Үлкен және Кіші Алматы өзендері алаптарында таралған.

Облыста құрылыс материалдарынан басқа тұздардың әр түрлі кен орындары бар. Олардың ішінде кең таралғаны сульфаттар. Натрий сульфаты Шөладыр тауында, Кеген ауылынан оңтүстікке 18 км қашықтықта табылған. Мирабилит пен ас тұзының шамалы қоры Шелек аймағында белгілі. Қолдан егілетін тұздар Іле өзенінің сағасында кездеседі. Алапта сода кен орындары бар, алайда өндіріс құндылығы әлі де анықталмаған. Жергілікті тұрғындар табиғи соданы нан пісіруде және кір жуғыш ұнтақ ретінде пайдаланады.

Іле алды Алатауының солтүстік баурайларын бойлай грунт сулары шығатын зоналарда торфтың кен орындары бар. Іле сағаларында да кішігірім торф кендері кездеседі. Алматы маңында торф кендері жартылай өндіріледі.

Облыс территориясында қоңыр көмір мен жаңғыш тақта тас кендері кездеседі. Жақын жылдары полиметалл және сирек кездесетін металл рудаларын өндірілу жүзеге аспақ.

  1. Климаты

Алматы облысының климаты шұғыл континенталдықпен сипатталады.

Оның негізгі себебі болып Еуразия материгінің орталығында орналасуы және ашық теңіздер мен мұхиттардан алыс жатуы табылады.

Облыстың циркуляциялық жағдайлары жылдық суық кезеңінде Сібір баричтік максимумымен, ал жазғы мезгілде ортаазиялық термикалық депрессия әсерімен анықталады. Жылдық суық кезеңінде облыста Сібір максимумынан өзге де арктикалық ендіктерден келетін салқын ауа массаларымен байланысты антициклондар байқалады. Жылдың осы кезеңіндегі антициклон басымдылығы 60-70%-ды құрайды. Жазда облыста циклон ықпалы зор болады.

Облыста ең суық ай болып қаңтар, ал ең ыстық ай болып шілде табылады. Жазықтықта орташа қаңтардағы ауа температурасы -12, 3º­тан -14, 1º болады. Балқаш маңындағы қыстың ұзақтығы 5 ай (қараша мен наурыз аралығы)

Алматы облысының жеке пунктер бойынша температураның негізгі көрсеткіштері

Пунктер
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м
Орташа жылдық температура, градус
Орташа жылдық
қаңтар
шілде
Пунктер: Қойған
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 359
Орташа жылдық температура, градус: -14, 1
Орташа жылдық: 23, 5
6, 4
Пунктер: Бақанас
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 395
Орташа жылдық температура, градус: -13, 6
Орташа жылдық: 25, 1
7, 5
Пунктер: Қаскелен
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 900
Орташа жылдық температура, градус: -5, 6
Орташа жылдық: 20, 3
7, 3
Пунктер: Камен үстірті
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 1350
Орташа жылдық температура, градус: -3, 7
Орташа жылдық: 20, 3
8, 1
Пунктер: Алматы
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 825
Орташа жылдық температура, градус: -8, 8
Орташа жылдық: 22, 2
7, 3
Пунктер: Медеу
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 1529
Орташа жылдық температура, градус: -4, 3
Орташа жылдық: 18, 1
6, 8
Пунктер: Жоғарғы Горельник
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 2254
Орташа жылдық температура, градус: -7, 3
Орташа жылдық: 12, 8
2, 6
Пунктер: Іле (т. ж. ст)
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 453
Орташа жылдық температура, градус: -12, 3
Орташа жылдық: 24, 7
8, 5
Пунктер: Есік
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 1020
Орташа жылдық температура, градус: -6, 6
Орташа жылдық: 21, 7
7, 8
Пунктер: Малыбай
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 932
Орташа жылдық температура, градус: -5, 4
Орташа жылдық: 24, 5
10, 3
Пунктер: Кеген
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 1750
Орташа жылдық температура, градус: -14, 5
Орташа жылдық: 14, 8
1, 8
Пунктер: Подгорное
Теңіз деңгейінен алынған биіктігі, м: 1264
Орташа жылдық температура, градус: -6, 6
Орташа жылдық: 21, 0
7, 7

Тау бөктерлерінде орташа қаңтар температурасы -5, 6º-тан 6, 6º шамасында. Бұнда қыс салыстырмалы түрде қысқа, жылымық жиі кездеседі.

Ауа температурасының абсолютті минимумы облыстың солтүстігінде -43-44º-ты, ал оңтүстігінде -35-36º-ты құрайды.

Жазда облыстың тау бөктерлері мен жазықтарында өте ыстық. Шілде айының орташа температурасы 20-дан 25, 1º шамаларында ауытқиды. Ауа температурасының абсолютті минимумы солтүстікте 41-42º, ал оңтүстікте (тау бөктерлерінде) 37-40º.

Биік таудағы климат облыстың жазық бөлігіндегі климаттан қатты ерекшеленеді.

Тауларда жазда әр 100 м биіктік сайын температура 0, 6º-қа өзгеріп отырады. 4500 м­ден жоғары биіктіктерде жылы айдың орташа температурасының өзінде теріс болады.

Алматы облысының территориясында жауын­шашының таралуынан әркелкілік байқауға болады. Облыстың жазық аймақтарындағы жылдық жауын-шашынның мөлшері 125-300 мм, тау бөктерлерінде 400-500 мм, ал тауларда 700-1000 мм.

Тау қимасы бойынша жауын­шашынның мөлшері мен таралуы көп жағдайда жоталардың биіктігіне, ылғалды желдердің бағытына қарай орналасуына байланысты. Ылғалды желдердің басым болуына байланысты жота баурайларына жауын-шашынның көп мөлшері тән. Облыстың ең құрғақ аймағы болып Балқаш маңы табылады. Мұндағы климат шөлді сипатқа ие.

Территориядағы жауын-шашын максимумы көктем­жаз кезеңдерінде байқалады. Жазда қысқа мерзімді найзағайлы нөсерлер болып тұрады. Әсіресе облыстың тау бөктерлерінде жиі кездеседі. Жазғы жауын-шашын табиғи өсімдіктер вегетациясына және егістікке маңызы зор.

Облыстың солтүстік бөлігінде тұрақты қар жамылғысы желтоқсан айының алғышқы онкүндігінің соңында, ал тау бөктерлерінде желтоқсан айының басында орнайды.

Облыстың жазықты аймағында қар жамылғысының биіктігі үлкен емес(10-12 см), тау бөктерлерінде 30 см-ге дейін, ал тауларда 40-100 см-ге дейін жетеді.

Тұрақты қар жамылғысының бұзылуы жазықтарда наурыздың алғашқы жартысында, ал бөктерлерінде наурыздың екінші жартысында байқалады.

Облыстың жазық бөлігінде қар жамылғысының аса биік болмауы онда қысқы уақытта малды жайылымға шығаруға мүмкіндік береді.

Облыстың солтүстігінде жыл бойы салқын солтүстік және солтүстік-шығыс желдері басым болады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2, 4-тен 2, 7 м/сек.

Облыстың таулы аймақтарына жергілікті күндік ауа циркуляциясы тән. Күндіз жел жазықтан тауға қарай соқса, ал түнде керісінше. Шелек өзені ағып өтетін шатқалда "Шелек" желі соғады.

Облыстағы бұлттылық төмен, ашық күндер жазғы уақытқа тән. Тауларға жақындаған сайын бұлттылық артады.

Алматы облысының климаты үшін интенсивті күн радиациясы тән. Мұнда вегетациялық уақыт 205-225 күнге дейін созылады. Жоғары температуралар мен ұзақ вегетациялық уақыт Алматы облысының тау бөктерлері мен жазық аймақтарында жылу сүйгіш дақылдарды, яғни күріш, сары табак, апиынды мак, қант қызылшасын, жүзім және т. б. өсіруге қолайлы жағдай туғызады.

Облыста кеш­көктемді қар көшкіндері, аяз және суық жиі болып тұрады.

Таулы бөліктердегі климаттық жағдайлары курорт, санаторий және демалыс орындарының құрылысына қолайлы.

  1. Жер үсті және жер асты сулары

Алматы облысының территориясындағы жер үсті сулары әркелкі

орналасқан. Бұл бедер сипаты және климаттық факторлармен түсіндіріледі.

Облыстың таулы аймағында кең тарамдалған өзен жүйесі бар. Іле алды Алатаудағы оның тығыздығы 100 км²­қа 30-35 км-ді құрайды.

Облыстың жазық бөлігі тұрақты су ағындарына кедей. Облыстың ең ірі су артериясы болып Іле өзені табылады. Ол Қытай Халық Республикасы аумағында Күнгес пен Текес өзендерінің ағып келіп қосылуынан бастау алады. Текестің жоғарғы ағысы Қазақстан территориясы арқылы ағып өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле алатауының физикалық-географиялық сипаттамасы
Іле Алатауы өзендерінің қалыпты жылдық ағындысын бағалау
Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау
Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы
Алапішілік атыраудың дамуы мен қалыптасуы
Орман шаруашылығы туралы
Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы мен геоморфологиялық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының ұлттық су құқығы
«Балықтар арқылы адамға жұғатын аурулар»
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz