Электронды оқыту құралының құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Ақпараттық-комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Оқу-ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу-білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында : « Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр » делінген, сондай - ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Он - лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаhандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр -ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Электронды оқыту құралы - деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.

1. Қолдану аясы - ҚР мемлекеттік стандарты электронды оқыту құралының жалпы талаптарын, құрылымын, мазмұнын, безендіруді анықтайды.

2. Электронды оқыту құралы құрамына қойылатын талаптар:

Электронды оқыту құралы құрамында болуы керек: титулдық бет, мазмұны, утилиттер, көмекші және құжаттама.

  1. Титулдық бетте - электронды оқыту құралының мәліметтері орналасады. Мекеменің аты және пәннің аты.
  2. Мазмұнында - электронды оқыту құралының мақсаттары мен мәселелеріне сәйкес келетін және қорытынды бақылау жұмысы жүргізілетін оқу материялдарының барлық көлемі болу керек. Оқу материялының мәтінінде ғылыми терминалогия қолданылу керек және толық, нақты, анық болуы керек.
  3. Көмекш і- электронды оқыту құралы жұмысын басқару бойынша ақпарат болу керек.

«Ағылшын тілі» пәнінен электронды оқыту құралын жасауымның басты мақсаты .

Әлемдегі ақпараттық технология қалай дамыса, онымен қоса дамитын, қалыспайтын дүние бар. Яғни, ол халықаралық қарым-қатынас тілі. Қазіргі кездегі кең етек жайып жатқан қарым - қатынас тілі - ағылшын тілі болып табылады. 50 бәсекелестікке қабілетті елдің қатарына қосылу үшін біздің жастар жан жақты болу керек. Елде бірнеше жылдар бойы ағылшын тілі жеке пән ретінде оқылады. Сондықтан оқулықты жасауымның басты мақсаты - ағылшын тілінің маңыздылығын ескере отырып, қолданушыларды әлемдегі осы тілді меңгеріп, еркін сөйлеуге ынғайлы болып табылады.

І БӨЛІМ. «ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯҒА ЕНГІЗУ» ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ

1. 1 «Желілік технологияға еңгізу» пәнінен электронды оқыту құралына түсініктеме

Электронды оқыту құралы - бұл бағдарламалы-әдістемелік комплекс, компьютердің көмегімен өз бетімен немесе оқытушымен оқу курсын не оның үлкен бөлігін оқып игеруге мүмкіндік береді.

Электронды оқыту құралы немесе курс әдетте үш компоненттен тұрады: тұсаукесерлік құрылымы, онда курстың негізгі информациялық бөлігі беріледі; жаттығулар, алынған білімді бекітуге бағытталған; тестілер, оқушының білімін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Оқыту бағдарламалары түрлі пәндерді оқыту процесінде қолданылады- сурет салудан бастап химияға дейін.

Оқыту бағдарламалары жағымды педагогикалық әдістерге негізделген болуы қажет, пәннің және оқылатын тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін ескеруі тиіс, барынша оқытушының көптеген функцияларын орындауы қажет.

Оқыту бағдарламаларын құру - өте қиын да еңбекті қажет ететін жұмыс. Сонымен бірге оқыту бағдарламаларын және арнайы солар үшін құрылған оқулықтарды қатар қолданған тиімді.

Оқулықтар, егер көлемі өте үлкен жадыны алатын сыртқы көтергіште CD-ROM типті болса, оларды электронды бақылағыштармен жабдықтау тиімді, олар оқушыға қажет болған жағдайда нақтылы оқу бөлімінің қайсысын оқып шыққандығы туралы мәліметті шығарып бере алады, және тақырыппен танысу барысында қалып қойған жерлерін де көрсетеді.

Әдетте, Электронды оқыту құралдары мен энциклопедияларды, әуесқойлық және кәсіптік сипаттағы, көбінесе компакт-дискілерде шығарады, бірақ сол сияқты басылымдар Интернетте де пайда бола бастады. Құру процесі жеңіл болса, осыған ұқсас қосымшаларды шығарушылар саны да артады. Электрондық басылымдарды құрушылар ретінде кітап баспаханалары да бар (яғни ақпарат иелері) және журналистер, периодты басылымдардың электрондық версияларын шығарады, ақырында оқытушылар да бар. Аралық ортада ақпарат иелері мен бағдарламашыларды біріктіретін топ бар.

Оқыту бағдарламасын құру барысында қазіргі информациялық технологиялар ұсынатын барлық технологиялық құралдар арсеналын қолдану өте маңызды.
Электронды оқыту құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.

Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Программа құрушы мынандай жағдайларды ескеруі керек:

- оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалімге материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;

-оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.

Электронды оқыту құралының нәтижелілігі мынада:

  • тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиеті)
  • қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді.
  • Гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады.
  • әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.

Электронды оқыту құралын мынадай жағдайларда қолдануға болады:

  • теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
  • сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда көмектеседі;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген;
  • Емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.

Электронды оқыту құралын қолдану мүмкіндігі өте зор: компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану өздігінен білімін жетілдіруде тиімді, дистанционды оқытуда да; арнайы білім алуға талпынған адамдар үшін де ұсынылады.

Кең мүмкіндікті және жоғары «интеллекті» жаңа буындағы дербес компьютерлердің шығуы бағдарламалық оқу құралдарын құру мақсаттарын қайта қарауға жетеледі, олардың негізгі мақсаты кез-келген бір салада ақпараттар алу және білімді қалыптастыру, дағдылары мен шеберлігін бекіту, бақылау мен тестілеу.

Оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу келесі істерге мүмкіндік береді:

  1. белгілі бір пән бойынша оқу курсын толық компьютерде өткізуге (лекцияларды, практикалық сабақтарды және материалды ұққандығын бақылауды қоса) ;
  2. студентті қажетті кітаптарды іздеу мен сатып алу процедураларынан құтқарады;
  3. лекция материалдарын тиімді қолдануға, берілген пән бойынша компьютерлік жүйе арқылы пайда болатын жаңа ақпараттарды ескере отырып қолдануға;
  4. әрбір тақырып бойынша жүйелі түрде студентті тестілеу нәтижелерінің анализі арқылы материалды беру тәсілдерін жетілдіру;
  5. студенттерге лекциондық материал мен практикалық жұмыстарды үйде орындауларына жағдай жасау.

Осылайша, компьютерлік технологияларды енгізу оқыту сапасын арттырады және оқытушының еңбегін жеңілдетеді, сол себепті оған өзінің білім деңгейін арттыруына жағдай туғызады.

1. 2 «Желілік технологияға еңгізу» пәнінен электронды оқыту құралының қасиеттері

Электронды оқыту құралының негізгі қасиеттері:

●Жинақтылық

●Жүйелілік

●Эстетикалық көркемділігі

●Жылдамдылығы және т. б.

Электронды оқыту құралының құрылымы:

1. Материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т. б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2. Материалдың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.

3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұратар мен тапсырмалар беріледі.

Электронды оқыту құралының құрылымдық элементтері:

■Сыртқы беті;

■Титулдық экран;

■Мазмұны;

■Аннотация;

■Оқу материалының толық баяндалуы;

■Оқу материалының қысқаша мазмұны;

■Қосымша әдебиеттер;

■Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

■Авторлар тізімі;

■Терминдік сөздер;

■Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

■Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

1. 3 «Желілік технологияға еңгізу» пәнінен электронды оқыту құралының маңыздылығы

Желі соңғы кезде компьютердің сәнді қосымшасынан бірден көп компьютері бар кез келген компанияның міндетті әрі өте қажетті құралына айналды. Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі қарапайым желіні кез-келген қолданушы орната алатын және қолдана алатын дәрежеге жеткізді. Сондай-ақ, желі ортасын орнату мен осы ортада жұмыс істеу және оған қызмет көрсету мүмкіндіктері толық әрі түсінікті тілде жазылған әдебиеттердің көптігі, Wіndows жүйелік ортасында желіде жұмыс істеу мүмкіндіктерінің дамыған әрі қарапайым болуы да бұл мәселенің тез шешімін табуға әкеп соқты. Бұрын тек арнайы дайындығы бар, таңдаулы мамандар ғана желі мүмкіндіктерін пайдалана алса, қазір кез-келген қолданушының қолынан келеді. Себебі желілік технологияны біздің елдеде жетік меңгеруге оқытуда. Сондықтан біздің елімізде де бірнеше жылдар бойы «Желілік технологияға еңгізу» пәні жүргізілуде. Осыны есекере отырып желілік технология электронды оқуту құралының негізі қылып алдым. Бұл электронды оқыту құралы колледждің білім алушыларына «Желілік технологияға еңгізу» пәніне қолданамыз. Осы оқыту құралын пайдалана отырып, сіз компьютерлік желіні өзіңіз құрып, меңгере аласыз.

1. 4 «Желілік технологияға еңгізу» пәнінен электронды оқыту құралының құрылымы

Бұл электронды оқулық тапсырмалармен, тестілермен, сөздіктермен қамтылған.

Оқулықты жасау барысында оның қарапайымдылығы мен қол жетімділігін басты назарға қойдым. Желі технологиясы бойынша барынша мол ақпараттар беруге тырыстым. Дәрістер мазмұны қолданушыға түсінікті және тақарыпты толығымен қамтылуын қадағаладым.

Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау үшін дискет қолданылады. Бұл әдіс өте тиімсіз /ыңғайсыз/. Егер Ақпарат көлемі өте үлкен болған жағдайда ол ақпаратты дискетпен тасымалдау іс жүзінде мүмкін емес. Ең тиімдісі, бірнеше компьютерлерді кабель арқылы жалғап, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Компьютерлерді бұлай жалғастыру компьютерлік желі деп аталады.

Компьютерлік желі - бұл әртүрлі ресурстарды (программалар, құжаттар және принтерлер) бірге пайдалана алатын, бір-біріне жалғасқан компьютерлер тобы.

Егер информатика кабинетіндегі компьютерлер желі арқылы біріктірілген болса, онда сіз өз компьютеріңізден өзіңіз құрған құжатты басқа компьютерге орналастырылған принтерден, принтер өз компьютеріңізге жалғасып тұрғандай баспаға шығара аласыз. Сонымен бірге, сіз өз орныңыздан тұрмай өзге компьютерге "қонаққа барып", ол компьютердегі файлдар мен бумаларды көріп, керектісін өз компьютеріңізге тасымалдай аласыз.

Компьютерлерді желіге ондағы ресурстар мен ақпарат алмасуды бірге пайдалану үшін жалғайды. Компьютер ресурстары: ақпараттық және техникалық болып екіге бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға - программалар мен мәліметтер, ал техникалық ресурстарға - принтерлер, модем, сканерлер жатады.

Тек сол компьютердің өзінен алуға болатын ресурстар жергілікті ресурстар деп аталады. Желінің басқа компьютерлері де пайдалана алатын ресурстар ортақ немесе желілік ресурстар деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсінігі шартты түрде бөлінген. Яғни, бұл жергілікті ресурсты ортақ ресурсқа айналдыруға, керісінше, жалпы ресурсты жергілікті ресурс жасауға болады, демек, желінің басқа пайдаланушыларына бұл ресурсты пайдалануға тыйым салуға болады.

Компьютерлік желілердің түрлері

Компьютерлік желінің құрылуына бірі-бірінен алыста тұрған компьютер пайдаланушыларының ақпаратты бірігіп пайдалану қажеттілігі себеп болды. Мұндай компьютерлік желі өзара байланысқан бірнеше аймақтарға таралады. Сондықтан қазіргі кезде осылай аймақтық белгісі бойынша компьютерлік желілерді бөлуге тура келді. Компьютерлік желілер үш топқа жіктеледі:

· жергілікті желі;

· аймақтық және корпоративтік желілер;

· ауқымды желілер.

Көлемі бойынша кішігірім, бір үй, ғимарат, кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін желі жергілікті деп аталады. Компьютерлік желі мектептердегі барлық компьютерлерді біріктіре алады. Көршілес үйлердегі екі-үш адамдардың компьютерінің арасында да желі құруға болады. Желіде жұмыс істеу арқылы пайдаланушылар бір мезгілде бірдей ішкі ақпарат көздерін пайдалана алады.

Ақпаратты қаланың әр бөлігінде, елдедерде, аймақтарда орналасқан компьютерлердегі ақпараттарды бірігіп пайдалану қажеттілігі аймақтық желінің пайда болуына әкелді.

Аймақтық желі - бұл бір аймақтағы компьютерлерді біріктіретін желі. Егер мұндай желі қандай да бір ұйымдарға, ұйымдардың тобына қарасты болса, онда мұндай желі корпоративті желі деп аталады. Компьютерлік желі клиенттерге әр жердегі бөлімшелерден қызмет көрсету үшін пайдаланылады, мысалы, банктерде. Мұндай желіге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің желісі - Banknet мысал бола алады. Ол клиенттерді банктің негізгі компьютерлерін оның барлық филиалдарындағы компьютерлермен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді. Қазіргі кезде әр аймақтық желі аумақты желінің бір бөлігі болып саналады.

Ауқымды (телекоммуникациялық) желі - бұл әлемдегі ақпарат ресурстарын ортақ пайдалану үшін көптеген жергілікті желілердің, бір-бірінен қашықта тұрған жеке компьютерлердің бірігуі. Ең кең тараған ауқымды желі Интернет болып табылады.

Байланыс арналарының сипаттамасы. Әртүрлі физикалық ортадағы желі объектілерінің қарым-қатынас процесі байланыс арналары арқылы жүргізіледі.

Байланыс арналарының ең негізгі сипаттамасы:

-желіде 1 секунд ішінде жіберілген мәліметтерді жіберу жылдамдығы ақпараттың бит санымен анықталады,

- сенімділік (ақпарпатты еш нұқсансыз, жоғалтпай жеткізу мүмкіндігі) ;

- құны (бағасы) ;

- дамуы болып табылады.

Телефон желісіне қарағанда электр кабель байланысының жылдамдығы жоғары. Виттік жұп кабелі әрі арзан, әрі мәліметтерді тарату жылдамдығы жоғары, бірақ, кедергілерден қорғалмаған. Коаксиалды (экрандалған) кабель ең күшті кедергі сақтандырғыш болып табылады. Кәдімгі телефон арналарына қарағанда электр кабельдерін пайдалану қымбатыраққа түседі. Сол себепті өте алыс емес қашықтыққа (жергілікті желілерде) электр кабельдері қолданылады. Оптоталшықты волоконды кабель - бұл байланыстың ең жақсы түрі, бірақ ол өте қымбат (оның құны өте жоғары) .

Желілік адаптерлер. Байланыс арналары арқылы ақпаратты тасымалдау барысында компьютерлік сигналдарды /белгілерді/ физикалық орта сигналымен ауыстыру керек. Ол үшін желілік адаптерлер /желілік карталар/ пайдаланылады.

Желілік адаптерлер - компьютермен байланыс арналарының арасындағы қызметтерді атқаратын техникалық құрылғы.

Желілік адаптерлер байланыс арналарына сәйкес келуі тиіс. Адаптер компьютердің жүйелік /материнский/ платасының ұяшығына қойылады және басқа компьютердің желілік адаптерімен кабель арқылы жалғанады. Желілік адаптерлерге емес желі компьютерлерінің адрестері қойылады, онсыз ақпаратты тасымалдау /алмасу/ мүмкін.

Клиент/сервер технологиясы.

Көптеген компьютерлік желілерде программалық жасақтауда - клиент/сервер технологиясы қолданылады. Клиент/сервер технологиясын пайдаланушы желілер - "клиент/сервер" деп аталады. Мұндай желілерде сервер және клиент деп аталатын компьютердің екі түрі пайдаланылады. Сервер - бұл желінің бас компьютері. Сервер ортақ мәліметтер қорына енуді қамтамасыз ететін, пайдаланушылардың қарым-қатынасын, енгізу-шығару құрылғыларын бірігіп пайдалануды ұйымдастырады. Клиент - ақпараттық ресурстарға ене алатын немесе сервер құрылғыларын пайдалана алатын желі компьютері. Сервер әртүрлі типті (пошталық, ақпараттық т. б. ) бола алады, сонымен бірге кез-келген операциялық жүйеде (Microsoft Windows, Unix, MacOS ) жұмыс істей алады. Ал, клиент компьютері (жұмыс станциясы) кез-келген операциялық жүйеде жұмыс істей алады немесе терминал (монитор+пернетақта) бола алады.

"Клиент/сервер" желілері серверлер арасындағы тарату қызметінің сипаты бойынша: файлдық серверлер, ақпараттық серверлер, мәліметтер қоры сервері болып бөлінеді. Клиент компьютерінде (жұмыс станциясында) "клиент-программа", ал сервер компьютерінде "сервер-программа" орналасады. Клиент-программа - сұраныс даярлайды, оны желі арқылы жіберіп, сервер-программадан жауап қабылдайды және де өз кезегінде сұраныс қабылдап, жауап даярлайды және оны желі бойынша таратады. Программалар арасындағы қарым-қатынас ортақ хаттамалар көмегімен жүргізіледі.

Жергілікті желі соңғы кезде компьютердің сәнді қосымшасынан бірден көп компьютері бар кез келген компанияның міндетті әрі өте қажетті құралына айналды. Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі қарапайым желіні кез-келген қолданушы орната алатын және қолдана алатын дәрежеге жеткізді. Сондай-ақ, желі ортасын орнату мен осы ортада жұмыс істеу және оған қызмет көрсету мүмкіндіктері толық әрі түсінікті тілде жазылған әдебиеттердің көптігі, Wіndows жүйелік ортасында желіде жұмыс істеу мүмкіндіктерінің дамыған әрі қарапайым болуы да бұл мәселенің тез шешімін табуға әкеп соқты. Бұрын тек арнайы дайындығы бар, таңдаулы мамандар ғана желі мүмкіндіктерін пайдалана алса, қазір кез-келген қолданушының қолынан келеді.

Бірақ кейбір қолданушылар көп таралған әдебиеттерде қарастырылған желі мүмкіндіктері туралы мәліметпен шектеле алмайды. Оларға желі адаптерін компьютерге қосу, адаптер мен концентраторды кабель арқылы жалғау немесе дискілерді бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін программаны іске қосу жеткіліксіз. Олар желі қондырғыларының қалай өзара байланысатынын, қандай алгоритм қолданатынын, бір-бірінен айырмашылықтарын да білгісі келеді. Жоғары немесе орта арнайы техникалық білімі бар мамандар желі технологиясының негізін де білгісі келетіні таң қалатын жағдай емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері жайында
Электронды оқулық құрылымы
Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Электрондық оқулықтың құрылымы
HTML тілін оқытуға арналған электрондық құралдың құрылымы
Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары
Электронды оқу басылымдарына қойылатын дидактикалық талаптар
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz