Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары


Кіріспе
І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1. 1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
ІІ-тарау Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар
2. 1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
2. 2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі уақытта “қоғамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландыру дегеніміз не? Қоғамды информатикаландыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни Адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің Жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.
Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ-дың пайда болуына байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңіндетілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың программалауды түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.
Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының №444 мектебінде С. И. Шварцбурд жоғарғы класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес, С. И. Шварцбурдтың жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.
Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына байланысты. Факультативтік курстың мақсаты - оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Математика және оның қолданулары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрлі деңгейде ЭЕМ-ның қолданылуын қажет етті. “Программалау”, “Есептеу математикасы”, “Векторлық кеңістіктер және сызықтық программалау”. Осы факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.
Өзінің бүкіл даму тарихында адам баласы затты, энергияны және информацияны меңгерумен келеді. Информацияны айтып білдіру және беру қажеттілігінен тіл, жазу, бейнелеу өнері пайда болды, кітап басу, почта байланысы, телеграф, телефон, радио және теледидар өмірге келді. Информациялық қоғамға көшу процесі қазіргі кезде барлық дамыған елдерді қамтып отыр. Осы процестің өзегі, негізгі мәні информацияны ЭЕМ-де өңдеу болып табылады. Осы мәселені түсініп - білу үшін “Информатика және есептегіш техника” пәнін оқып-үйрену керек. Информатика негіздері пәні орта білім беру мектептерінде стандартқа сәйкес оқытылады. Осы пәнді оқытатын мұғалімнің білімі қазіргі заманға сай лайықты болуы керек және әлемдегі күнделікті пайда болып жатқан жаңа информациялар мен технологиялар туралы түсініктерді мұғалім оқушыларға түсіндіріп жеткізе алатындай дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар, мұғалім мектеп практикасында информатика пәнін оқыту кезінде педагогикалық - психологиялық қызметтерді атқаруы керек. Ең бастысы оқушыдан білімді, білікті, тәрбиелі және жан - жақты хабары бар азамат шығаруы керек.
І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1. 1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Қоғамды демократияландыру мен ізгілендіруге байланысты туыңдап отырған басты мәселе - мектептегі білім мазмұнын ізгілендіру негізінде қайта құру, оның ішінде мектептің оқу үрдісіне компьютерлік технологияны енгізу болып отыр. Ал оның өзі оқушының өзіндік бағдарлай және дами алатын субъект дәрежесіне көтерілуін, сонымен қатар арнайы оқу ортасын жасау арқылы оның өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруды талап етеді. Аталған міндетті шешу үшін негізгі мектептердің 7 сыныбынан бастап Информатиканы пән ретінде енгізудің орны ерекше.
Жаппай компьютерлендіру кезеңінде компьютерлік технологияны оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік танымдык іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы практика жүзінде дәлелденіп отыр.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің теориялық негіздері Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, П. Я. Гальперин, Е. И. Машбиц, С. Л. Рубинштейн, Н. Ф. Талызина сияқты психологтардың және дидакт-ғалымдар М. А. Данилов, Л. В. Занков, Л. Н-Ланда, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, Ж. А. Қараев еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда оқыту үрдісін оқушылардың өз бетіндік бағдарлау әрекеті мен оқуға деген ынтасын арттырудың компоненттерін жүзеге асыруға бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалану жеткілікті. Бұл мәселе И. Я. Лернер, А. М. Матюшкин, М. И. Махмутов, В. Оконь және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Сонымен бірге, Ш. Амоношвили, Б. П. Никитин, В. Ф. Шаталов сияқты жаңашыл-педагогтардың еңбектерінде бұл мәселелердің практика жүзінде іске асуы көрініс тапкан.
Оқушының өзіндік танымдық іс-әрекеті танымдық қызығушылықтан туындайды. Олай болса, Г. И. Щукинаның пікірінше, танымдық қызығушылық оқудың ең негізгі мотивтерінің бірі бола отырып, оның белгілі бір жағдайларға байланысты "жеке тұлғаның іс-әрекеті мен жекелеген әрекеттерінің дамуына қуатты түрткі күшіне айналады". Сонымен, бұл жағдайлардан оқушы өздігінен жорамалдауға, бақылауға, іздеуге мүмкіндік алатындай дәрежеге жетіп, өзіндік танымдык іс-әрекет жасауына жағдай жасалады.
Т. И. Шамованың пайымдауынша, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың құралы ретінде оқу мазмұны, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формалары есептеледі. Сондай-ақ, танымдық белсенділікті арттыру құралдарының жүйесі төмендегідей талаптарға жауап беруі тиіс:
- оқытуды ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде оқушылардың ішкі оқу ынтасын ояту мен дамыту;
- оқушылардың алдына қойған іс-әрекетінің мақсатын қою мен жоспарлауды камтамасыз етуге бағдарлауды көтермелеу;
- оқушылардың оқу ақпараттарын өңдеуде интеллектуальдық іскерлігін қалыптастыру;
- оқушылардың өзін-өзі бақьшауы мен түзетуі негізінде оқытуда оқу танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Компьютерлік технологияны оқыту үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың танымдык белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялык негіздемесін педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж. А. Қараев ұсынды.
Енді оқытудың компьютерлік технологиясы деген не атты сауалға тоқталайык. Қазіргі уақытта оқытудың компьютерлік технологиясының бірнеше анықтамасы бар. Соның бірі - И. И. Мерхель берген анықтама бойынша, оқытудың компьютерлік технологиясы (ОҚТ) дегеніміз оқушының өз бетінше таным кызметін, оқытуды оқу үрдісін басқаруды жеделдетуге бағытталған әдістемелік, психологиялық-педагогикалық бағдарлама, техникалық және ұйымдастыру құралдарының жиынтығы.
Ж. А. Қараевтьң пайымдауынша, компьютерлік технологияны оқу үрдісіне пайдалану барысында оқушының өз бетімен атқаратын қызметі мына формула бойынша өрнектеледі: Оқ= ӘБН+ОӘ+Ан+Тә+ТҮЗә, мұндағы ӘБН - әрекеттің бағдарлық негізі, ОӘ - орындаушылық әрекеті, Ан - аралық нәтиже, Тә - тексеру әрекеті, ТҮЗә - түзету енгізу әрекеті.
Оқушыда аталған әрекеттерді орындай білу дағдысын қалыптастыру оқытуды өзіндік оқуға айналдырады.
Жоғарыдағы аталған ғалымдардың (Т. И. Шамова, Г. И. Щукина және т. б. ) жұмыстарына талдау жасай отырып, оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігінің оңтайлы деңгейі оның танымдық іс-әрекетін арттыру шарттарын қанағаттандырғанда ғана жүзеге асыру мүмкін болатыны анықталған:
- оқушыны нақтылы іске байланысты танымдык қажеттілікті қалыптастыру мен орнықты танымдық кызығушылыққа тәрбиелеу;
- оқушыны ақпаратты қайта өңдеуге байланысты интеллектуалдық және өздігінен жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;
- компьютерді оқыту үрдісіне пайдалануда оқушылардың әрқайсысын оқытуға белсенді түрде қатыстыру.
Аталған мәселелер оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалануда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты зерттелген. Бірақ информатика пәнін оқытуда, сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру және информатика мен басқа пәндерді сабактастырып оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін арттыру мәселелері осы уақытқа дейін ғылыми түрде зерттелмеген тың мәселелердің біріне еніп отыр. Сондықтан бұл мәселе карастырылып отырған мәселенің көкейтестілігін одан әрі арттыра түседі.
Ғалымдардың айтқан пікірлеріне сүйене отырып, біз оқушынын өзіндік танымдық іс-әрекеті деп олардың компьютерде жұмыс істеу барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау, тексеру және қорытынды жасау сияқты шыгармашылыц ойлау қабілетін талап ететін әрекеттер тізбегін түсінеміз.
Осы айтқан тұжырымға сай оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін арттыруда мұғалімнің жасайтын жұмысының мақсаты оқушының шығармашылық кабілетін дамытуға байланысты болатынын жүргізілген практикалық жұмыстар нәтижесінде, яғни төмендегі мәселелер негізінде анықтадык:
- өтілген материал мен өтілетін материалдың арасындағы байланысты әр түрлі мысалдар беру арқылы оқушының білімін толықтыру;
- оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру максатында олардың оқыту үрдісіндегі белсенділігін арттыру;
- оқушыға берілетін теориялық білімді күнделікті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы өз бетімен білім алып, білім деңгейлерін кеңейту дағдыларын
қалыптастыру;
- оқушынын шығармашылық қабілетін компьютердің көмегімен дамытуға мүмкіндік беретін практикалық білім дағдыларымен қамтамасыз ету.
Оқушылардың сыныпта өздігінен жұмыс жасау түрін Л. П. Аристова 5 түрге бөледі:
1. мұғалімнің толық ашып түсіндірмеген мәселелеріне оқушьшардың зер салып оқуы;
2. сыныпта мұғалімнің түсіндіруінде қарастырылмаған мәселелерді үйге өздігінен оқып-үйрнеуге тапсыру;
- бұрын алған білімдерін жаңа логикалық байланыстар мен вариациялар арқылы ұғыну;
- жаңа алған білімдерді сыныпта пысықтау;
- мұғалімнің түсіндіруімен және басқа білім көздерінен алынған білімдерді пысықтау.
Осы айтылған мәселелерді негізге ала отырып, И. И. Малкин оқушылардың сабақтағы өздігінен орындайтын жұмыстарын дидактикалық жүйелеуді жүзеге асырды.
Біз осы аталған ғалымдардың пікірлерін және информатика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың өз бетімен атқаратын танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың әрекеттер тізбегін құрдық:
- оқушының өткен материалды өтілетін материалмен салыстыра отырып, байланысын анықтауы;
- берілген есептің математикалық моделін жасауы, соған сәйкес алгоритмін құрып, программасын жазуы;
- программаны редакторлей отырып, компьютерде орындауы;
- компьютерде программаның орындалуын тексеруі және қажетті түзетулер енгізуі;
- оқушылардың өзара пікір алмасулары нәтижесінде қорытынды тұжырымға келулері немесе істеген қызметіне сәйкес өз бетінше ой қорытуы.
Жоғарыда аталған мәселелер мен информатика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, пәнді оқушылардың өзіндік танымдык іс-әрекетін арттырудың шарттарын төмендегідей топтарға бөліп, анықтадық:
1-топ . Информатика пәнінен алгоритм мен программа құрып оқытуда оқушыларды өзіндік білім алуға бағыттау: оқушының өздігінен жоспарлай, бағалай білуі, программаны редакторлеу арқылы қатесін түзете білуі.
2-топ . Ақпараттық технология негіздерін оқыту барысында стандартты және офистік программаларда жұмыс жасау арқылы оқушылардың ол ортада өздігінен жұмыс жасауы және түрлі ақпараттарды өңдеуде шығармашылық ойлау қабілетінің дамуы.
3-топ . Информатика пәнінен оқушылардың компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру негізінде пәнге деген танымдық қызығушылығының дамуы.
4-топ . Информатика пәнінің басқа пәндермен, әсіресе, математика пәнімен тығыз байланыстылығы математикалық модель құру мен алгоритм жазуда екенін түсінуі және оларды компьютерде ақпаратты еркін өңдей алатындай дәрежеге жеткізу.
5-топ . Информатика мен басқа да пәндерді байланыстырып оқытуда оқушылардың төмендегідей әрекеттерді өз бетімен орындай алатындай дәрежеге жетуі:
- оқушының мектеп пәндерінен (математика, қазақ тілі, физика, химия және т. б. ) меңгерілетін теориялық материалдарға жалпылама талдау жасай отырып, өзіндік ізденіс жұмысына баулу;
- әр түрлі типтегі математикалык, физикалық және химиялык есептерді шешуде олардың моделін құру арқылы оқушының жүйелі ойлау қабілетін дамыту;
- ізделінген ақпараттарға теориялық талдау жасау арқылы оқушының ақпараттық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Ж. А. Қаравтың компьютерлік технологияны оқыту үрдісінде пайдалануды басқару алгоритмі мен бөлінген топтарды негізге ала отырып, біз информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруга бағытталған басқару алгоритмін төмендегіше анықтадық:
- оқушылардың оқу үрдісіне деген ынтасын арттыру;
- оқушылардың пәнге деген танымдық қажеттілігін туғызу;
- әрекеттің бағдарлық негізін қалыптастыру;
- компьютерде ақпараттық үрдістерді орындау іс-әрекеті;
- компьютерде жазылған программалардың орындалу үрдісін тексеру әрекеті (өз бетінше, компьютер және мұғалім көмегімен салыстыру) ;
- жазылған программаларды редакторлеу арқылы өзін-өзі түзету әрекеті (кей жағдайда мүғалім көмегімен) ;
- өз ойын қорыта білуі, 3-пунктке қайтып оралу, яғни [Ан-Кн] →0, мұндағы Кн - күткен нәтижені алу.
Жасалынған басқару алгоритмі оқушыларда әрекеттің бағдарлык негізін өздігінен алу субъектісі, өзіндік бақылау мен өзін-өзі түзете білу дағдысын қалыптастырады, яғни оқыту өзіндік оқытуға айналдыратынын жүргізілген тәжірибе нәтижелері арқылы дәлелденді.
Сонымен, жасалынған басқару алгоритмін информатика пәнін оқыту үрдісіне пайдалану оқу материалын тез меңгеруге игі әсерін тигізеді. Мұндай үрдіс нәтижесінде оқушыларда өздігінен бақылау мен іс-әрекетін түзету арқылы әрекеттер дағдысы қалыптасады.
Информатика пәнін оқыту үрдісінде компьютерді пайдалануда іс-әрекетті басқарудың төмендегідей деңгейлері қалыптасты: "оқушы ↔︎ мұғалім, оқушы ↔︎ компьютер, мұғалім ← компьютер → оқушы"; "оқушы + мұғалім ↔︎ компьютер"; "оқушы ↔︎ оқушы" деңгейінде оқушынын танымдық іс-әрекетін басқару мұғалімнің көмегімен компьютерде жұмыс жасау арқылы жүзеге асады.
"Оқушы ↔︎ мұғалім" - бұл қарым-қатынас субъект-субъект байланысын қамтамасыз етеді.
"Оқушы ↔︎ компьютер" - бұл қарым-қатынас оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға негізделген.
"Мұгалім ← компьютер → оқушы". Бұл байланыс арқылы мүғалім оқушыға тапсырма береді, оқушы берілген тапсырма бойынша өз сұрақтарын қояды. Сонда бұл байланыстарда жасалған тапсырмалар компьютердің пошта жәшігінде сақталады және ол ақпаратты оқушы қайтадан өңдеп, сақтап қоюына мүмкіндік алады.
"Оқушы + мұғалім ↔︎ компьютер". Бұл үш жақты байланыс болып табылады. Сондықтан бұл жағдайда оқушы мен мұғалім арасындағы байланыстар тереңдей түседі де, өзара түсіністік орнығады.
Жалпы, аталған қарым-қатынастар оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекеті оның ақыл-ойын дамыту негізінде жүзеге асады. Олай болса, информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін дамыту үшін оқушылар акыл-ой кызметінің тәсілдерімен қарулануы тиіс. Информатика пәнін оқып-үйренуде, әсіресе, алгоритм мен программа кұруда төмендегі тәсілдердің орны ерекше:
1. Ең басты мәселені бөліп алу тәсілі. Бұл тәсіл бойынша оқушылардың
логикалық ойлау қабілеті дамиды, өйткені, мынадай ақыл-ой операциялары: талдау және жинақтау, салыстыру мен нақтылау, абстракциялау және жалпылау жүзеге асырылады.
Ең басты мәселені бөліп алып қарастыруда төмендегі көрсетілген әрекеттер тізбектей орындалады:
а) мәселенің не туралы екенін анықтау;
ә) мәселеге байланысты негізгі ұғымдар мен сөздерді іріктеу;
б) толықтауыш мәселелерден негізгі тірек мәселелерін бөліп алу;
в) қысқаша мазмұндаудың негізгі тірек мәселелерін белгілеп алу;
г) бөлініп алынған тірек мәселелерінен негізгі мәселелерді жазу.
2. Салыстыру және бақылау тәсілдері.
Біз зерттеуімізде салыстыру мен бақылауды өзара байланыста қарастырып отырмыз. Мұндағы негізгі мақсат - компьютерлік технология арқылы берілген тапсырмалардың нәтижесін бақылай отырып, салыстыру болып табылады. Бұл жағдайда, төмендегі керсетілген мәселелерді ескеру керек:
а) біртекті нысандарды салыстыру;
ә) берілген нысандарды белгілі бір қасиеттеріне байланысты ажырата отырып, салыстыру;
б) нысанның сапасына, белгісіне, үрдісі мен категориясына байланысты салыстырғанга қарағанда, фактілерді салыстырудың онай екендігін мысалдар арқылы анықтау.
Салыстыруды оқу үрдісінде пайдаланылатын танымның барлық кезеңдеріне (жаңа материалды кабылдау барысында, оны жүйелеу мен кеңейту, әр түрлі жағдайға байланысты пайдалана білу) пайдалануға болады.
Бұл тәсілдер бойынша оқушы берілген материалдың өткен материалмен ұқсастығын, ерекшелігін анықтайды. Нәтижесінде оқушы ең басты мәселені есіне сақтап калады.
3. Түсіндіру тәсілі.
Белгілі бір құбылыстарды түсіндіру - бұл құбылыстың басқа құбылыстармен байланысын дәлелдеу мен байланыстың түрақтылығын көрсету, яғни қайталанып отырған заңдылықты ашу.
Құбылыстарды түсіндіру барысында оқушы төмендегі берілген мәселелерді үйрену керек:
а) берілген есептердің алгоритмдерін түсіндіре отырып, оны блок-сызба
түрінде бейнелеп, программалау тілінде жазуға үйрену және олардың байланысы мен ерекшелігін ажырата білу;ә) берілген ақпараттарды тұжырымдай отырып, программалау тілінің қандай командаларын пайдалануға болатынын анықтай білуге үйрену;
б) программалау тілінің командаларын жазу арқылы олардың қызметіне салыстырмалы талдау жасай білуге үйрену;
в) түрлі ақпараттық үрдістерді өңдеу бағытында ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана білуге үйрену.
4. Жалпылау тәсілі.
Бұл тәсіл құбылыстың, үрдістің заңдылығын, белгілерін, қасиеттерін ашуға жағдай жасайды.
Танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктеріие байланысты жалпылаудың екі типі бар: эмпирикалық және теориялық.
Эмпирикалық жалпылау - бұл жалпы белгілерден ең негізгісін бөліп алу болса, ал теорияльқ жалпылау - бұл талдау, жинақтау және абстрактілі ойлаудан нақтылы ойлауға көшу негізінде жүзеге асырылатын жалпылау.
Танымдық есептерді шешуде эмпирикалық және теориялық ойлау қабілеттері сәйкес келеді.
Егер есеп кеңейтілген әдіспен шешілмесе, онда эмпирикалык ойлау қабілетіне жатады, ал егер есеп кеңейтілген әдіспен шешілсе, онда ол теориялық ойлау қабілетіне жатады.
Сонымен, информатика пәнін оқытуда оның әдістемелік жүйесі (мақсат, мазмұн, әдіс, түр, құрал) оқушылардың өз бетімен қызмет жасау дағдыларын дамытуға бағытталып жасақталуы тиісті. Біздің зерттеп отырған мәселеміз бойынша оқушының танымдық құралы - компьютерлік технологияны пайдалану қызметінің субъектісі болуға тиісті.
Біз информатика пәнін оқытуды жетілдіруде білім беру үрдісін ізгілендіруді іске асыруымыз үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз қажет:
1 нақтылы іс-әрекетке байланысты оқушының ынтасын, танымдық қажеттілігін қалыптастыру;
- оқушылардың өзін-өзі басқару (өздігінен жоспарлай, бақылай, түзете білуі) іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;
- оқытуда танымдық белсенділікті дамытатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білу.
... жалғасыҚазіргі кездегі коғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі оқытудың мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Оқытудың қазіргі жағдайдағы негізгі мақсаты - нәтижеге бағдарлап оқыту. Біз өзімізге мынадай сұракты жиі қоюымыз керек - мектепте не нәрсеге көп көңіл бөлеміз, қандай бағытпен келеміз - оқушы не біледі немесе ол өз мүмкіндіктерін дамытуды қалай жүзеге асырып жүр, жұмыс істеудің жаңа эвристикалық тәсілдерін игеруде не істеп жүр? Осы сұраққа анық, бүкпесіз, жауап беру білім берудің жаңа құндылықтарының бізге каншалықты жақын екенін білуге көмектеседі. Егер берер жауабымыз ойдағыдай дұрыс болса, онда оқыту үрдісіндегі бұрынғы көптеген мәселелерді қайта қарауымыз қажет.
Осы арқылы біз келесі кестеде пәнге бағытталған оқыту мен жеке тұлғаға бағдарлап оқыту арасындағы салыстырмалы ерекшелікті кестеде бейнелеп көрсетіп отырмыз (кесте № 1)
Пәнге бағытталган оқыту түрі мен жеке түлғаға бағдарлап оқыту арасындағы салыстырмалы ерекшелік
Кесте № 1
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz