КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3
I ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .6
1. Кәсіпорынның ұйымдастыру –құқықтық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3. Өндірістің техникалық және технологиялық жабдықталуы және
маркетингтік жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .14
II ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..21
2. Кәсіпорындағы пайданы қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3. Кәсіпорынның бюджетке төлейтін міндетті төлемдері, олардың
банктермен қарым - қатынасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
III ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .38
1. Кәсіпорынның баланстық есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2. Кәсіпорынның техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ...44
3. Кәсіпорынның өндірістік тиімділік көрсеткіштер жүйесі және қаржылық
жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .47
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73

Кіріспе.

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында дәуірлік мәні бар оқиғалар
болып жатыр. Қазақстан 1992 жылдан бастап түбегейлі экономикалық
реформаларды жүзеге асыруға кіріскен болатын, содан бері өткен жылдарда
Қазақстанда болып жатқан экономикалық оның ішінде біздің таңдап алған
нарықтық экономика республикада тиімді жүріп жатыр деп те айталмаймын.
Бірақ Қазақстан саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік
міндетін қойып отыр. Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі
қайта жаңғырту мен елдің іске асуы мүмкін. Қазақстанның экономикалық
қазіргі даму кезеңінде екі мәселе жолға қойылып отыр. Ол нарықтық
қатынастарды қалыптастыру мен дағдарыстан шығу.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру үшін терең және жан-жақты білімді
өз саласын жақсы білетін кадрлар болу керек. Әсіресе қаржыгерлерге үлкен
талап қойылады. Қаржы саласында ынта – жігермен жұмыс істейтін ойлы
кадрларды таратқан жөн. Нарық қатынастарын зерттеу кезінде олардың
обьективті қалыптасу жағдайын, қоғам дамуының үрдісті түрлері мен
формаларының өзгергіштігін т.б түсіне білу қажет.
Қаржы ғылымының негіздерін зерттеу төмендегідей міндеттерді алға
тартады.
Біріншіден, қаржы қоғамының теориялық негіздерін ашу. Екіншіден
қызметтің әр түрлі салаларындағы қаржыны ұйымдастыру қағидасымен таныстыру.
Үшіншіден, қаржының қоғам дамуына ықпал етуінің мүмкін болатын бағыттарын
көрсету.
Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында едәуір оң
өзгерістерге қол жеткіздік: Біріншіден Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет
болды, екіншіден кең ауқымды, әлеуметтік, саяси және экономикалық
реформаларды жүргізе бастадық. Ал экономикада дағдарыстан шығудың
жолдарының бірі – аймақтық факторларды тиімді пайдалану болды.
Нарықтық экономика, бүкіл дүние жүзіне мәлім әр түрлі үлгілерімен
алғанда, әлеуметтік бағытты айқындаумен сипатталатын шаруашылық, мұның
өзінде оны мемлекет қосымша реттеп отыруы керек. Мемлекет тарапынан
реттелуде, оның құрылымында сондай – ақ механизміне қатысты алғанда да
қаржы үлкен роль атқарады. Қаржы нарықтық қатынастың бөлінбейтін бөлігі
және сонымен қатар мемлекеттік саясатта жүзеге асырудың маңызды құралы.
Бүгінгі күні қаржы мәселесінен жақсы хабардар болудың, оның қозғалысының
ерекшеліктерін терең түсіндірудің қоғамдық өндірісті тиімді дамыту
мақсатында оларды неғұрлым толық пайдаланудағы әдістерін білудің маңызы қай
кездегіден де маңызды болатының себебі міне осында.
Сондай жағдайда экономикалық жағдайды қалай тұрақтандыру керек,
шаруашылықты тиімді жүргізуді қамтамасыз ететін нендей жағдай елдегі қаржы
шығаратын ретке келтірудің қандай әдістері бар, бюджеттің жетіспестігін
қайткенде азайтуға болады деген сұрақтарға дұрыс жауап алудың бірінші
кезекті маңызы бар.
Пайданың мөлшері, әлеуметтік сақтандыруда, зейнетақыға өндіріске
әлеуметтік салаға қаржы бөлу түрі т.б. Осындай мәселелер бүгінде
мәжілістерінде талқылануымен қатар, біздің әрқайсысымызды алаңдатып отыр.
Экономика дамуының барлық кезеңде негізгі бөлімі кәсіпорын болады.
Кәсіпорындарда өнімді өндіру мен қызмет көрсету жүзеге асырылады. Жұмыстың
өндіріс құралдарымен тікелей байланыста жүрелі. Дербес өндірістік кәсіпорын
деп өндіріс техникасын бірлік пен ұйымдастырушы административтік және
шаруашылық тәуелсіздігі бар өндірістік бірлік деп түсінуге болады.
Менің алып отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы дәл қазіргі
мәселелерге байланысты алынып отыр. Қазіргі, экономикамыздың дағдарыста
тұрған жағдайда барлық қоғамызды ақпараттық хабарлар мен толық жабдықтаудың
өзі заманымыздың көкейкесті мәселесі болып отыр.
Сондай – ақ бұрынғы инфрақұрылымнан айырылған бұрынғы мәдени
тұрмысынан айырылған ауыл тұрғынына, қала тұрғындарына, барлық қоғамға
саяси әлеуметтік қолдау беретін, мәдени қаруландыратын да осы
радиотеледидарлық ақпараттар жүйесі еді.
Өмір жанғырған кезде өнер атаулы да уақытқа қарай өз құндылықтары мен
қасиеттерін қайта сарапқа салады. Ал осы өнердің өзін жеткізуші, бойға
тарататын радиохабарлары мен теледидар хабарлары болып отыр. Ал тек қана
өнермен ғана емес, адамның рухани , әлеуметтік, экономикалық саяси
сауаттылығын көтереді.
Менің осы тақырыпты алған себебім қазіргі уақытта сай қызметтерінің
нәтижесін талдап оның қаржылық жағдайын есептеу болып отыр. Яғни бірінші
тарауымда осы кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтың негізінде, өндірістік
құрылымын, техника және технологиясының жабдықталуымен танысуды көздедім.
Ал ІІ тарауда кәсіпорынның қаржы қызметіне тоқталдым, яғни қаржы
ресурстарын, пайданы қалай қалыптастырылатын екенін, мемлекеттік бюджетке
қандай міндетті төлемдер төлеп отыратындығын, банктер мен қандай қарым-
қатынастар негізінде қызметін талдау болып отыр. Ал ІІІ тарауда мен қаржы
қызметінің жағдайымен тиімділігіне талдау жасау болып отыр. Яғни
кәсіпорынның баланыстық есебіне тоқталу, онда қандай есептер жүргізілетіне
тоқталдым және техника –экономикалық көрсеткіштеріне және қаржылық
қызметінің жағдайына талдау жасау болып отыр.
Осы тақырыпты алған мақсатым кәсіпорынның қызметіне талдау жасай
отырып болашақта өндірістік шаруашылық қызметтен табатын пайданы қарастыру.

I ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ – ҚҰҚТЫҢ НЕГІЗІ
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығы бұл Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қазналық кәсіпорынның теледидар, радиохабар,
радиобайланыс тарату (қысқаша атауы Қазтелерадио) өкілділігі болып
табылады.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығы № 1414
қаулысы бойынша 1997 жылы жетінші қазан айында ашылды.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығы заңды тұлға болып
табылмайды.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығы өзінің қаржылық
шаруашылық қызметін Қазтелерадио жарғысы шегінде қызмет атқарды.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығы Қазтелерадионың
белгілеген ережесіне байланысты (№9 қаулысы бойынша 10 желтоқсан 1997 жылы
шыққан) қаржылық шаруашылық қызметін атқарады.
Қазтелерадио мен Атырау облысының радиотеледидар таратушы орталығының
қарым-қатынастары сәйкесінше нақты ережеге байланысты іске асырылды.
Құқықтың шегі негізінде қазіргі ережемен пайдалануына беру, қаржылық
қызметін өзі іске асырады. Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы
орталығының бөлек балансы бар және ол Қазтелерадио байланысымен нығайтылып
жинақталып қоса есептеледі.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының банктерде
есептік валюталық, тағы басқа да есеп-шоттары, Қазақстан Республикасының Ел
таңбасы бейнеленген және Құрылтайшының атауы көрсетілген дөңгелек мөрі бар.

Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының негізгі
қызметінің мақсаты:
1.Өндірістік шаруашылық қызметтен пайда табу, өзіне сеніп тапсырылған
техникалық құралдар арқылы мемлекеттік теледидар және радиохабарларын облыс
жұртшылығына және халық шаруашылығына, село, аудан жұртшылығына тарату,
сонымен бірге аталған құралдардың техникалық деңгейін жетілдіріп отыру.
2. Қазтелерадиоға өзінің пайдасын бөліп көрсету керек.
3. Қазіргі кезге сай радио арқылы хабар тарату жүйесін жасау, облысқа,
аудандарға радио және теледидар хабарларын тарату.
4. Коммуникациялық жұмысты нәтижелі дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету,
телекоммуникация жүйесін сапалы етіп қызмет көрсету.
5. Теледидар және радиохабарларының жүйесін және барлық радиобайланыс
түрлерін кеңейту.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының міндеттері:
1. Облыс жұртшылығына және халық шаруашылығын, сондай-ақ шаруашылық
субьектілерін жоғары сапалы теледидар және радиохабарлары мен қамтамасыз
ету;
2. Теледидар хабарлары саласындағы коммерциялық телерадио
компанияларға қызмет көрсету;
3. Теледидар және радиохабарлары космостық байланыстың жер үсті
жүйелері және кабельдік теледидар техникалық құрал-жабдықтарының қазіргі
заманғы прогрессі негізінде техникалық құрал-жабдықтарды дамытып,
жетілдіріп отыру.
4. Зерттеу жұмыстары жүзеге асыру, жаңа байланыс қызметтерін көрсету
мақсатында телерадиохабарлары мүмкіндіктерін зерттеу;
5. Радиоэлектроника, телерадиохабарлары және спутниктік хабар
құралдары саласындағы жемдік жетістіктерді зерттеу және игеру;
6. Телерадиохабарларын көрсету жөніндегі талаптармен қажеттіліктерді
маркетингтік зерттеу;

7. Теледидар және радиохабарларының жүйесін пайдалану мәселелері
бойынша нормативті құжаттар мен салалық стандарттарды сараптау, дайындау.
Радиохабарлары және теледидар обьектілер үшін құжаттама дайындау:
- кабельдік теледидар үшін;
- спутниктік байланыс және телерадио хабарлар үшін
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының мақсаты мен
міндеттерін орындау үшін мынандай қызметтер атқарады:
-эксплуатациялы – техникалық қызмет;
- инженерлік-ізденіс қызмет;
- Қазтелерадионың рұқсатымен коммерциялық, негізгі қызметке
байланыссыз, құрлысты – монтаждық, делдалдық қызметтер атқарады.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының функциясы:
1. Телерадиохабарларын тұтынушыға барлық түрде көмек беру қажет.
2. Қорғаныс назарына байланысты телерадиохабарларының құрамын
приоритеттік тәртіп бойынша көрсету, мемлекеттік басқару қауіпсіздік және
елдің заң тәртібіне соның ішінде төтенше оқиға кезінде қызмет көрсету,
мобилизациялық шараларды жүргізу.
Орталық және техникалық - эксплуатациялық жабдықтарды
ұйымдастыру, транспорттық құрал және механизмдер, ғимараттар оларды
сәйкесінше техникалық- эксплуатациялық ережемен және бекітілген нормалармен
күту.
3. Теледидар және радиохабарларына көмек көрсетуге барлық
технологиялық қызметтерді жұмыс істеумен қамтамасыз ету.
4. Теледидар және радиохабар жүйесінің жұмыс қабілеттілігін өңдеп
және аппаратура мен жабдықтардың сенімділігін және сапасын талдау, жұмыстың
сапасын жақсарту шараларын жүргізуді қамтамасыз ету.
5. Өндірістік жұмысқа прогресстік технологияны, қазіргі техникалық
эксплуатациялық әдістерді көптеп енгіздіру.
6. Метрологиялық жұмыстарды жүргізу, ішкі өлшемелі приборларды
іске асыру.
7. Теледидар және радиохабар жүйелерін күрделі ремонттан,
реконструкциялық құрлыс жұмыстарын ұйымдастырып, өндірістік және өндірістік
емес белгілерді орнату.
8. Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығына
бекітілген Қазтелерадионың мүлкін сақтауды қамтамасыз ету.
9. Теледидар және радиохабар жүйелерінің программаларын
дамытуда ағымдық, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік проектілерді өңдеп
қосу.
10. Жаңа көмектерді енгізу.
11. Басқару құрылымын толық жетілдіру
12. Телерадиохабарларына тарифтік көмек беру арқылы өңдеп қосу.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының мүлкі.
Құрылтайшының тарапынан Қазтелерадионың балансында көрсетілген оперативті
басқару құқығы негізіндегі мүлік беріледі және ол мыналардан тұрады:
- негізгі және айналымдағы құралдардан, ұзақ мерзімді қаржылық
салынымдардан, материалдық емес активтерден, аяқталмаған жаңа құрлыстардан
және орнатылған жабдықтардан, сондай-ақ ақша қорларынан;
- облыстық радиотеледидарлық таратушы орталығының шаруашылық
қызметі нәтижесінде тапқан негізгі және айналымдағы құралдардан тұрады;
- заңға қайшы келмейтін басқа негіздерде түскен кірістерден, тағы басқа
жабдықтардан тұрады.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының құрылуы облыс
орталығына радиохабарлары мен теледидар хабарларын тарату мен қамтамасыз
ету үшін құрылған.

2. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының түсінігінде цехтар мен қызметтің
өзара қатынастық қалпы, өнім өндіру процесі учаскенің қалыптасқан құрамына
жатады.
Өндірістің құрылымы еңбектің кәсіпорын бөлімшелері арасында бөлінуі
және олардың кооперациялануы. Ол өндірістің техника- экономикалық
көрсеткішіне, кәсіпорынды басқару құрылымына, бухгалтерлік есепті тез
ұйымдастыруына нақтылы ықпалын тигізеді.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы өсіңкі. Техника мөлшерінің жетілуі
және өндірістік технология, өндірісті басқару, ұйымдастыру және өндірістік
құрылымдар жетілуде.
Өндірістік құрылымдардың жетілуі өндірістің интенсивтенуіне жағдай
жасау, еңбектік, материалдық және қаржылық ресурстарды, өнімдердің сапасын
жоғарлату нәтижесін пайдалану [1].
Өндірістік құрылымға қарағанда кәсіпорынның жалпы құрылымы әр түрлі,
жалпы зауыттың қызметтерін және шаруашылық, соның ішінде кәсіпорын
қызметкерлерінің мәдени - тұрмыстық қамтамасыз ету қосылады (тұрғын –үй
коммуналдық, шаруашылық, асханалар т.б.).
Кәсіпорынның профилі, масштабы, сонымен қатар салалық жабдығы,
технологиялық мамандандыру және өндірістік цехтар, учаскелер, шеберханалар
құрамымен анықталады.
Кәсіпорыннын барлық басқа да топтары: функционалдық бөлім,
лабораториялар, басқарушы органдар, толық өндірістік бөлімше сипатымен
өлшемделеді және тек қана олардың жұмысын нәтижелі қамтамасыз ету үшін
құрылады.
Өндірістік цехтар (бөлімшелер, учаскелер, шеберханалар) екі топқа
бөлінеді: негізгі өндірістік цехтар, қосалқы және қызмет көрсететін цехтар.
Негізгі өндірістік цехтарда тікелей өткізуге арналған өнімдер өндіріледі.
Қосалқы цехтардың міндеті – негізгі өндірістің цехтарының үздіксіз
біріңғай жұмысын қамтамасыз ету. Қосалқы цехтар мен өндірістік учаскелерге
жататындар:
- дайындау, жөндеу, икемдеу аспаптары, шаруашылық құрал
саймандарды ыңғайлау құралдары;
- жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін және жөндеуін қадағалау, машина,
механизмдер, ғимараттар жатады.
- Электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, қадағалау мен
жөндеу, электр жабдықтары және жылу жүйелері
- Ішкі өндірістік және сыртқы тасымалдау шикізат, материалдар, дайын
өнімдер, сонымен қатар кәсіпорын қоймалары.
Цехтардың негізгі қызметінің соңғы нәтижесі дайын товар өнімін ішкі
тұтынушыларға өткізу, қосалқы цехтардың соңғы нәтижесі кәсіпорынның өзінің
ішінде тұтынылады.
Негізгі өндіріс цехтары – кәсіпорын профильіне сәйкес қалыптасады,
сонымен қатар нақты өнімдер қатарына немесе түрлеріне, өндірістің қарқыны
мен технологиясына байланысты. Бұл жағдайдағы міндетті өнімді уақтылы
шығару, мүмкіншілігінше уақтылы қайта - құру, өндірістің қажеттілігін
рыноктың тез өсуіне және өзгеруіне сәйкес қою. Көрсетілген міндеті орынды
мамандандыру негізінде шешіледі және цехтарды орналастыру, оларды кәсіпорын
ішінде бірлестіру пропорционалды және ең алғашқы операциядан, ең соңғы
операцияға дейін тұтастық ырғақтың өндірістік процессін қамтамасыз ету.
Цехтарды мамандандырудың келесі формалары бар: пәндік, детальдық,
технологиялық, территориялық.
Пәндік мамандандыру – жекелеген цехтардың негізгі бөлігін
шоғырландыру және барлық өндірістік процесстің нақтылы түрлерін және дайын
өнім мөлшерін дайындау. Барлық осы цехтар үшін дара- инженерлік техникалық
қызмет ету, материалдық техникалық орталығын қамтамасыз ету болып табылады.
Цехтарды детальдық мамандандыру – машина жасауда кеңінен таралған,
бұл әрбір цехтарға машинаның жеке детальдары мен агрегаттарын дайындауды
бекіту.
Техникалық мамандандыру – бұл цехтар арасында операциялық еңбекті
бөлу. Дайын өнімді әзірлеу, бұл процессте, әрбір цехта әр түрлі өндіріс
технологиясы қолданылады.
Учаскелер мен цехтарды сатылы мамандандыру өндірістің барлық
салаларында ауыл шаруашылығының жекелеген түрінде кеңінен қолданылады.
Территориялық мамандандыру өндірістік бөлімдерді транспорттық
кәсіпорын, құрлыстық кәсіпорын, сонымен қатар ауыл шаруашылығына тән және
әрбір цехтың, учаскенің бірдей жұмыстарды орындаудан тұрады және бірдей
өнімді өндіреді, бірақ бір-бірінен қашық территорияда өндіреді.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементтеріне жұмыс
орындары, учаскелер және цехтар жатады.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының өндірістік
құрылымы цехтардан және өндірістік лабораториядан тұрады.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының өндірістік
құрылымын (1.1. сурет бойынша) көрсетсек.
1. сурет. Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының
өндірістік құрылымы.

Цех кәсіпорынның негізгі құрылымының бірлігі болып табылады. Ол
белгілі бір өндірістік және шаруашылық дербестігін үйлестіріп беру, өзімен-
өзі ұйымдастырылған, техникалық және административтік қатынастарды,
өндірістік бірлік және оның жинақталған өндірістік функциясын орындау болып
табылады.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығына облыстың жеті
ауданы кіретін болса, осы жеті ауданда өздерінің РТС қуаттылығының цехы
(радиотеледидарлық станция цехы) жұмыс жасайды. Бұл цехта тек қана
теледидарды таратумен айналысады, яғни теледидарды өзінің белгілі бір
уақытта сай әр түрлі каналдарды қосу керек болатын болса, бұлар соны
қадағалап уақытында таратып қосып отырады. Яғни бұл цехта жетекші инженер,
электромеханиктер жұмыс атқарады. Бұлар цех ішіндегі қондырғыларды
қадағалап отырады, каналдардың дұрыс қосылғандарын тексеріп отырады.
Ал радиохабар мен радиобайланыс цехында аудандарды радиохабарларын
радиотолқындар мен радиобайланыстар арқылы таратумен қамтамасыз етеді.
Өндірістік лабораториясы осы РТС қуаттылығының цехы мен радиохабар
және радиобайланыс цехының жұмыстарын қадағалап отырады және осы цехтарға
керекті аспаптық жабдықтарды, энергетикалық ресурстарды және қондырғыларды,
техника - технология процессін рационалды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді .
Жұмыс орны – бұл жеке қызметкерлердің немесе бригаданың еңбек
әрекетінің аймағы. Ол өндірісті тапсырманы орындау үшін қажеттігінің бәрі
мен жарақтандырады.
Нақты жұмыс орында тікелей материалдық, технологиялық және өндірістік
еңбек факторларының әрекеттестігі іске асырылады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының талдауын, баға және дәлелдеуін
бағыттауды толық жетілдіру олардың қалыптастыру жағдайымен және
факторлардың есебімен жүргізілуі керек.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының қалыптастыруына әсер етуші
факторларды бірнеше топқа бөліп көрсетуге болады:
- жалпы құрылымдылық факторлары кәсіпорынның құрылымының
толықтығын және жинақтылығын анықтайды. Олардың есебіне жататындар:
шаруашылықтың салалық құрамы, олардың арасындағы қатынастары, олардың
дифференциясының деңгейі, сыртқы саудалық байланыстар т.с.с. салалық
фактордың санына: специализациялық саланың кеңдігі.
- регионалдық факторлар кәсіпорынды қамтамасыз етуді әр түрлі
коммуникациялармен анықтайды.
- кәсіпорынынң қызметі жиынтық сыртқы ортаның жалпы құрылымдық, салалық
және регионалдық факторлар арқылы бейнелейді. Бұл факторларды
кәсіпорынның құрылымын қалыптастыру үшін есептеу керек.
1.3. ӨНДІРІСТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛУЫ
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының өндірістік
техника және технологиясына негізгі қорларды жатқызуға болады.
Негізгі қор – бұл өндірістік қордың бір бөлігі, заттай кезінде еңбек
құралдарынан көрінеді. Өзінің натуралдық формасын ұзақ бойына сақтап құнын
өнімге біртіндеп аударады.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының негізгі
қорларына: ғимараттар және құрылғылар, машина және қондырғылар, транспорт,
инструменттер немесе аспаптар, жабдықтар, яғни өндірістік жабдықтардан және
шаруашылық жабдықтардан тұрады.
Ғимараттар – ғимараттар және құрылғылар, әкімшілік үйі, шаруашылық
құрлыстар жатады. Бұл обьектілердің құнына жылу беру, су, энергия, газ,
желдеткеш жүйелерінің құны кіреді [2].
Машина және қондырғыларға барлық энергетикалық агрегаттар, қуатты
құралдар және двигательдер жатады.
Өндірістік жабдықтар – материалды аспаптарды сақтау үшін, еңбекті
жеңілдетуге керекті заттар.
Шаруашылық жабдықтар – кеңсе және шаруашылыққа қажетті заттар, бұған
әкімшілік үйдегі заттар және де жиһаздар, өртенбейтін шкафтар, ұзақ жұмыс
жасайтын аппаратуралар, өртке қарсы белгіленген құралдар және холодильник
немесе тоңазытқышты, компьютерлер, телевизорлар, ксерокс аппараттарын
жатқызуға болады.
Негізгі қордың көрсетілген классификациялық немесе топтастырылған
элементтердің бір – бөлігі яғни машиналар мен қондырғылар бұлар өндірістік
процесске қатысатын болғандықтан негізгі қордың активтік бөлігіне жатады,
ал басқа өндірістік ғимараттар мен құрылғылар бұлар өндірістік процесті
функционалды қамтамасыз ететін болғандықтан пассивтік бөлікке жатады.
Әр түрлі топтағы негізгі қорлардың байланыстары олардың жалпы құндары
негізгі қордың құрылымының түрлерінен тұрады, яғни олар техника –
экономикалық ерекшеліктерінің салалық өнеркәсібінен тұрады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты мен негізгі қордың пайдаланудың
тиімділігін жақсарту проблемасының орталық орын айналысады.
Өндірістік процестегі негізгі қордың әрбір элементтерінің ролін ашық
біле отырып олардың физикалық және моральдық тозуын, негізгі қордың
пайдалануына фактордың әсер етуінің әдісін айқындап көрсетуге болады, яғни
олар кәсіпорынның негізгі қорларын пайдаланудың тиімділігін жоғарлату және
өндірістік қуатының өндірістің шығынын азайтуды қамтамасыз етуін және еңбек
өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Өндірістік процесстің нақтылы өсу шегінің негізгі бөлігінің
жабдықталған жұмысшылармен олардың еңбек құралдарының техникалық сапасын
жақсартуды қамтамасыз етеді.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығы әр түрлі техника
және технологиялармен жабдықталған. Атырау облысының радиотеледидарлық
таратушы орталығында жеті аудандық цехтары болатын болса, олардың әрқайсысы
техникамен және технологиямен жабдықталған.
Технология бұл еңбек құралдарының жағдайын, белгісінің түрінің
мөлшерлері мен басқа да сипаттамаларының біртіндеп өзгеруінің тәсілі деп
түсіну қажет. Технология бір-бірімен материалдар, шикізаттар, ақпараттар
өңделіп алынатын нақты тәсілдер жиынтығы мен өндірістік операцияларды жасау
және тізбектілігімен ерекшеленеді. Барлық өндірісті процестерді негізгі,
көмекші және қызмет етуші деп бөлуге болады. Негізгі өндірісте белгілі бір
кәсіпорынның мақсаты болып табылатын өнімді шығару және қызмет көрсету
арқылы өнімді шығару жүргізіледі. Қызмет көрсету процесстері кәсіпорындарға
дайын өнімді, шикізат пен материалдарды орнықтырумен, сақтаумен және
сонымен қатар қызметтеріне әр түрлі әлеуметтік қызметтер көрсету жатады.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының технологиясына
осы орталықтың цехтарында тұрған қондырғыларды жатқызуға болады, яғни бұл
қондырғылар аудандарға радиохабар және теледидархабарларын тарататын
қондырғылар жатады. Радиохабарларын тарататын қондырғылар Дождь деп
аталатын таратушы қондырғы жатады, ал теледидар хабарларын тарату үшін әр
түрлі аудандарда әр түрлі қондырғылармен таратады, яғни бұл хабар каналын
тарату үшін ЗОНА- 2, ФТР 10, РЦТА қондырғылармен, НТК каналын – СТВ
қондырғысымен, сол сияқты ОРТ каналын ЗОНА-1, ТПС 100, РЦТА, ФТР 10, ФТР 1,
Рутан 10 қондырғылары арқылы таратады [3].
Кәсіпорынның маркетингтік жүйесі
Маркетинг – бұл тұтынушыларға тауар мен қызмет көрсететін өнер, дұрыс
баға қою. өтім жолдарын таңдау және жарнамалық компаниялар ұйымдастыру,
сұраныма ие болады.
Бұндай қайшы маркетинг бағасы әр біреуінің тіршілік етуіне құқығы бар
нарықтық жағдайына байланысты , өнімнің түріне және кәсіпорынның қойған
мақсаты арқылы түсіндіріледі, маркетингтік зерттеудің мазмұны мен бағыты
күрт өзгеруі мүмкін.
Маркетингтік зерттеу – бұл жүйелі түрде дайындалу және әр түрлі
тексерулер өткізу, алынған мәліметті талдау және нәтижесі мен қорытындысын
түрінде көрсету, компания алдындағы нақты маркетингтік міндеттерге сәйкес.
Компания маркетингтік зерттеу нәтижесін әр түрлі бағыттармен ала
алады.
Көптеген ірі компаниялардың жеке зерттейтін бөлімшелері болады. Бұндай
бөлімнің менеджері көп жағдайда маркетингтік вице – президентке тікелей
бағынышты және басшы зерттеушінің, ұйымдастырушысы, консультанты және
фирманың мүддесін қорғаушы функциясын атқарады.
Маркетингтік зерттеудің жұмыс барысы. Нәтижелі маркетингтік зерттеу
жүйесі бес кезеңнен тұрады.

Қойылған міндеттер мен мақсаттарды анықтау

Бірінші кезең. Қойылған міндеттер мен мақсаттарды анықтау.
Бірінші кезеңде маркетингтік менеджерге және зерттеушіге атқаратын
зерттеудің алдына қойған міндетімен мақсатын қалыптастыру. Қойылған
міндеттер өте кең түрде, не өте бір жақты болмауы керек.
Маркетингтік менеджер қызметтеріне ұйғарым береді. Жоспарлы
зерттеулердің барлықтары да мақсаттарды анықтауда нақтылы бола бермейді.
Кейбіреулері таныстырмалы сипат береді.
Олардың мақсаты – алғашқы мәліметтерді жинау, жарыққа құйылатын
табиғаттың нақтылы проблемаларын және олардың шешу жолдарын немесе басқа да
жаңа мақсаттар ұсыну. Кейбір зерттеулерде түсіндірмелі сипат болады, оларды
растау немесе бұрыстау керек.
Екінші кезең. Зерттеу жоспарын өңдеу.
Маркетингтік зерттеудің екінші кезеңінде, керекті информацияның
нәтижелі жоспарын жинауы өңделеді. Алдымен көрсетілген жоспарды қолдау
үшін, маркетингтік менеджер оның сметасымен танысу керек. Зерттеу жоспарын
өңдеуде мәліметтер көзін, тәсілін және жинауын, талдауын анықтау керек.
Мәлімет көздері – зерттеу жоспары бірінші және екінші мәліметтерді
қолдануды ескеру мүмкін. Екінші мәліметтер басқа бір мақсаттар үшін
анықталған ақпарат түрінде болады. Бірінші мәліметтер берілген проектіні
қамту үшін нақты мақсатта жиналады. Алайда зерттеушілер іздеуді екінші
мәліметті талдаудан бастайды, міндеттердің толық және жекелеп шешілуіне
қолданылуына мүмкін, қымбат тұратын бірінші мәліметтерді жинау үшін шығатын
шығынды қысқартуға мүмкіндік береді [4].
Зерттеушіге нақты керекті мәліметтерді екінші мәліметтен алуға
мүмкіндік болмаса, анық емес немесе ескірген болса, бірінші мәліметтерді
жинауға тура келеді.
Маркетингтік зерттеулердің көптеген проектілері сол немесе басқа да
формада, бірінші ақпарат көздерін қолдануды қарастырады. Алынған
мәліметтердің негізінде қалыптасқан зерттеу құралдары жасалады.
Үшінші кезең. Ақпарат жинау.
Осы сатыдағы маркетингтік зерттеу, ең көп шығындарды керек етеді және
қателіктің максималды көзі қызметін атқарады. Статистикалық мәліметті
жинауда, төрт нақты проблемалар туады. Кейбір респонденттер келісілген
жерде болмай қалады, олармен қайта байланысуға немесе ауыстыруға тура
келеді. Басқалары көмек көрсетуден бас тартады, енді біреулері қате түсінік
береді.
Төртінші кезең. Ақпаратты талдау.
Соңғының алдындағы кезең маркетингтік зерттеудің жиналған мәліметті
талдауда сол немесе басқа нәтижені алудан тұрады. Зерттеушілер мәліметті
таблица және жүйелі талдау жасап қорытады. Негізгі өзгерістер орташа мағына
және дисперсияға сену. Қосымша ақпараттарды статистикалық талдау мен және
айлалы – ақылды әдіспен алуға болады.
Бесінші кезең. Қорытындысын көрсету.
Маркетингтік зерттеудің соңында қорытындысын мүдделі адамдарға
көрсетеді. Басшыларға еңмаңызды нәтиже, маркетингтік шешім қабылдау
негізіне жатуы керек.
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының маркетингтік
қызметі бұл радиохабарларын және теледидарлық каналдарын қосқаны үшін
тарифтік баға тағайындауы болып отыр. Бұл тарифтік бағаларды әр түрлі
қондырғыларға, яғни осы қондырғылар арқылы таратылған каналдарға
тағайындалады.
Зона 1 қондырғысы үшін сағатына 336 теңге. Сол сияқты басқа теледидар
каналдары үшін: РЦТА – 96 теңге сағатына, Рутан – 31,2 теңге сағат , Зона
2 – 590 теңгесағат, ФТР 10 – 15,6 теңгесағат, ТРА – 31,2 теңге сағат,
ТПС 100 -170 теңгесағат, ФТР1 – 7,2 теңгесағат, СТВ -1- 287 теңге сағат.
Радиохабарын таратқан үшін тариф:
Дождь -424 теңге сағатына тағайындалады. Сандық қабылдағыш КАТЕЛКО
арқылы қамтамасыз еткені үшін 13,8 теңге сағатына тағайындалған.

II ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ
2.1.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ
Кәсіпорынның қаржы жүйесінің ықпалдылығы ең алдымен, оның нақты және
қалыптасқан жұмысымен, сондай-ақ едәуір мөлшерде қаржы қызметін
ұйымдастырылуымен айқындалады.
Қаржы қызметінің маңызды міндеттері:
- өндіріс, күрделі құрылыс. Жаңа техниканы ғылыми- зерттеу
жұмыстарын енгізу,жоспарлы шығындар жөнінде белгіленген тапсырмаларды қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету;
- бюджетке, банктер, өнім өндірушілер алдындағы , қызметкерлерге
жалақы төлеу, басқа да қаржылық міндеттемелерді орындау;
- кәсіпорынның және оған кіретін бөлімдердің өндірістік- шаруашылық
қызметіне дер кезінде және сапалы талдау жасап отыру, пайда табуды
ұштастырудың, кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың жолдарын іздестіру;
- өндірістік қорларды және күрделі қаржыны неғұрлым тиімді
пайдалануға ықпал жасау;
- Қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануға және айналым қаржысының
айналуын тездетуге бақылау жасап отыру;
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде қаржы қатынасының айрықша маңызы
бар.
Кәсіпорынның күнделікті қызметінде қаржы қатынастары саласын ақша
қатынастары құрайды, олар мынадай жағдайларда пайда болады.
- кәсіпорын мен шаруашылық жүргізуші басқа субьектілер, ұйымдар
арасында өзара жабдықтар, материалдар, шикізат, жанар май, қосалқы
бөлшектер, құралдар жеткізіп бергені немесе дайын өнім өткізгені үшін ақша
төлеу арқылы;
- кәсіпорын мен қаржы органдары арасында бюджетке салық және
төлемдер енгізу, сондай – ақ бюджеттен қаржы алу негізінде;
- кәсіпорын мен коммерциялық базалар арасында ұзақ және қысқа
мерзімді несие алу және оны өтеу, сондай-ақ олар бойынша пайыздар төлеу
кезінде;
- кәсіпорын мен оның қарауындағы құрамдас бөлімшелер арасындағы
оларды жалақы төлеумен, әлеуметтік қор шығындарын беру кезінде;
- кәсіпорын мен оның құрамындағы бөлімшелер арасында құрамдас
жинақтау элементтерін шығын мөлшерін т.б. белгілеу кезінде;
- кәсіпорын мен сақтандырушы ұйымдар, ақша салушы қорлар және басқа
ұйымдар арасында.
Қаржының нәтижелері (түскен ақша, пайда) кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің жинақтаушы нәтижесі болып табылады және оның тиімділігінің
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Экономикалық қатынастарда қаржы айрықша роль атқарады. Өйткені , ол
әрқашанда ақша түрінде кездеседі. Қаржы бөлу бөлігін сипатында болады,
субьектілердің, мемлекеттердің және өндірістік емес салалар қатысушыларының
шаруашылық қызметінің материалдық өндіріс саласындағы құрамы мен және
табыспен жинақты пайдалануды көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары тікелей шаруашылық жүргізушінің
қарауындағы ақша ресурстары болады және өз табыстарының құрастырылуын бөлу
және пайдалану үрдестіріліп көрсетіледі.
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін тиісті қаржы көлемі
болуы қажет. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі көздерінің бірі
бастапқы капитал болып табылады, ал құрылтайшы кәсіпорындарының
салымдарынан құралады және қаржылық капитал түрінде енеді.
Жарғылық капиталды қарастыру әдісі кәсіпорынның ұйымдастырушылық –
құқықтық түрінде байланысты болады. Жарғылық қор қаржылары негізгі қорларды
сатып алуға, айналым қаржысын құрастыруға жұмсалады. Ол сонымен қатар
лицензия, патент, ноу-хау тағы басқаларына жұмсалуы мүмкін.
Өндіріске салынған бастапқы капитал өткізілген өнім бағасын құрайды.
Өнім өткізілгеннен кейін ол ақша түсім түріне енеді. Алайда, түсім – бұл
жиі табыс емес, бірақ ол өнім өндіруге жұмсалған шығынды толтырудың және
кәсіпорынның ақша қорын және қаржы резервін құрастырудың көзі болып
табылады. Түсім пайдалану барыснда сапалық жағынан әр түрлі құрамдас
бөліктерге бөлінеді.
Түсімді пайдалану бағыттарының бірі – амортизациялық қор құрау.
Ол негзгі өндірістік қорлардың және материалдық емес активтердің тозуы ақша
түріне айналғаннан кейін амортизациялық ақша бөлу түрінде құралады.
Амортизациялық қор құрудың міндетті шарты өндірістік тауарды тұтынушыға
сату және түсімнің түсуі болып табылады [5].
Тауар жасай отырып, кәсіпорын шикізат, материалдар, құрастыратын
бұйымдар, жартылай дайын өнімдер шығындайды. Олардың құны материалдық
шығындармен қатар негізгі өндірістік қордың тозуы, қызметкерлердің
жалақысы, кәсіпорынның өзіндік құн түріне енетін өнім өндіру жөніндегі
шығынын құрайды. Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның айналым
қаржысының есебінен қаржыландырылады. Тауарды өткізуден түсім түскеннен
кейін айналым қаржысы қалпына келтіріледі, ал кәсіпорынның өнім өндіру
жөніндегі шығыны орнына салынады.
Шығынды өзіндік құн түрінде оқшаулау өнім өткізуден түсім мен
өндірістік шығындарды салыстыруға мүмкіндік береді. Өнім өндіруге қаржы
салудың мәнісі таза пайда алуға болады. Егер түсім өзіндік құннан артық
болса, онда кәсіпорын оны пайда түрінде алады.
Пайда да, амортизациялық ақша аудару да кәсіпорынның өзінің еркін
иелігіндегі ресурстарын өндіріске салу арқылы қаржы айналымдарының нәтижесі
болып табылады. Кәсіпорын алған пайда оның иелігінде толық түрде қалмайды,
оның бір бөлігі салық түрінде бюджетке түседі.
Кәсіпорын иелігінде қалатын пайда оның өз қажетін қаржыландырудың
басты көзі болып табылады. Ол жинақтау және тұтыну ретінде анықтауға
болады. Пайданы анықтауға және тұтынуға бөлу қатынасы кәсіпорынды дамыту
болашағын анықтайды.
Жинақтауға (амортизациялық ақша аудару, пайданың бір бөлігі) бөлінген
қаржы кәсіпорынның өндірістік және ғылыми – техникалық дамуына
пайдаланылатын ақша ресурсын құрайды. Қаржылық активтерді – бағалы
қағаздарды сатып алу, басқа кәсіпорындарға қатысу үлесі т.б. құрастыру осы
негізде жүргізіледі. Пайданың басқа бір бөлігі кәсіпорынның әлеуметтік
дамуына, соның ішінде тұтынуға жұмсалады.
Өз қаржысынан басқа кәсіпорын қарызға қаржы ресурстарын, банкінің
ұзақ мерзімді несиесін, басқа кәсіпорынның қаражатын қарастырады. Заем
қаражатын қайырып берудің көзі де кәсіпорынның пайдасы болып табылады.
Ақша қаражатын пайдаланудың бағыттары кәсіпорынның ақша қаражатын салудың
тағыда кәсіпорынның өнім өндіру (жұмыс істеу, қызмет көрсету) қызметтің
негізгі түрлерінен де, таза қаржы салумен де байланысты болуы мүмкін.
Өз иелігіндегі қаржыны пайдалана отырып, кәсіпорын қоғам және
мемлекет алдындағы міндеттемелерден толықтай еркін болуы мүмкін. Ұйымдық -
құқықтың түріне және меншіктүріне қарамастанкәсіпорындардың бәрі әлеуметтік
бюджеттен тыс қорларға және әр түрлі деңгейдегі бюджет табыстарын
қарастыруға қатысады.
Қаржы ресурстары – бұл мекеменің күнделікті шығынын өтеуге, өндірісті
кеңейтіп, дамытуға сол сияқты қаржылық міндеттемелерді экономикалық
ынталандыруға жұмсалатын ресурстар. Сонымен қатар бұл ресурстар өндірістік
емес обьектілерді дамытуға, тұтыну, жинақтау, арнаулы резервтік қорлар
жасауға жұмсалады.
Қаржы ресурстары көптеген қаражат – көздерінен құралады. Екі үлкен
қаражат көзін айтуға болады: жекеменшік немесе басқа жерден түсетін қаржы.
Жеке меншік немесе соған теңестірілген қаражат – бұл қаражат
базарынан түскен қаржы немесе қайтадан бөлу есебінен түсетін қаржы. Алғашқы
қаржы ресурстары кәсіпорынның жарғылық капиталы құрылған кезде жасақталады.
Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтайшыларынан түскен қаржы. Қолданылып
жүрген заңдарда жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленген.
шетелдік инвесторлары бар мекемелер үшін
басқа құрылымдағы мекемелер үшін
Кәсіпорынынң қаржы ресурстары ең алдымен негізгі және басқа
жұмыстардан түскен пайдадан, тауарларды өткізгеннен түскен түсімнен,
тұрақты пассивтерден, белгілі бір мақсаттарға жұмсалатын қаржыдан,
еңбеккерлерден түскен пайдалары немесе басқа да жарналардан құралады.
Тұрақты пассивтерге – жарғылық, резервтік және басқа капиталдар, ұзақ
мерзімді заемдар, кәсіпорынның айналымда жүретін кредиторлық бере жақтары
(жалақы үшін, бюджеттен тыс қорларға, сатушылар мен делдалдарға беретін
ақшалар, т.б.)
Жаңадан құрылатын немесе реконструкциядан өтетін кәсіпорынның қаржы
ресурстарының басым бөлігі кәсіпорын шығаратын акциялар мен облигациялар
және басқа да құнды қағаздар сатудан, дивиденттер мен басқа құнды қағаздар
сатудан түскен пайыздардан, қаржылық операциялардан түскен түсімдерден
кредиттерден құралады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын жұмсау төмендегі бағыттарға жұмсалады:
- өндірісті дамытуға және өнім өткізуге (жұмыс жасауға, қызмет
көрсетуге)
- өндірісті кеңейтуге, оны техникалық жағынан жаңартуға байланысты
күрделі қаржыландыруға инвесторлар табу үшін
- құнды қағаздарды қаражаттандыруға инвесторлар табу
- қаржы, банкі жүйелеріне төлемдерге, бюджеттен тыс қорларға
жарналар төлеуге, құруға, спонсорлық, қайырымдылық көмектер үшін.

2.2. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПАЙДАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Экономикалық санат ретінде пайда кәсіпкерлік қызметтің барысында
материалдық өндіріс саласында құрылған таза табысты бейнелейді. Өндіріс
факторларын (еңбекті, капиталды, табиғи ресурстарды) және шаруашылық
жүргізуші субьектілердің пайдалы өндірістік қызметтерін біріктірудің
нәтижесі өндірілген өнім болып табылады, ол тұтынушы тұтынған жағдайда
тауарға айналады. Сату кезеінде бұрынғы затқа сіңген еңбек пен нақты
еңбектің құны (қосылатын тауар) құны анықталады. Нақты еңбектің құны
жаңадан құрылған құнды бейнелейді және екі бөлімге бөлінеді. Біріншісі
өнімді өндіруге қатынасатын қызметкерлердің жалақысын құрайды. Оның шамасы
жұмыс күшін ұдайы өндіруге қажетті бірқатар факторлармен айқындалады және
кәсіпкер үшін өнім өндірудің ұсталған шығынының бір бөлігін көрсетеді.
Жаңадан жасалған құнның екінші бөлімі өнімді сатудың нәтижесінде ғана
жүзеге асырылатын, мұнысымен оның пайдалалығын қоғамдық тұрғыда тануды
көрсететін таза табысты бейнелейді. Тауарлы ақшалық қатынастарда кәсіпорын
деңгейінде таза табыс пайда нысанына көшеді. Өнімнің бағасын қоя отырып,
тауар өндіруші кәсіпорындар ақшалай түсім таба келе оны тұтынушыға сатады.
Қаржылық нақты нәтижені анықтау үшін ақшалай түсімді өнімді өндіруге кеткен
шығындармен және өткізумен (өзіндік құнмен) салыстырады. Егер ақшалай түсім
өзіндік құннан артық шығатын болса, онда қаржылық нақты нәтиже пайда
алынғандығына куә бола алады, ал шығындар ақшалай түсімнен артып кеткен
жағдайда кәсіпорын шығынға қалады, яғни қаржылық нақты нәтиже пайда
жағымсыз болып шығады.
Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметін жоспарлағанда және
бағалағанда пайданың нақты көрсеткіштері қолданылады. Нақты ақпараттық
көрсеткіш баланстық пайда болып табылады. Түпкілікті қаржылық нәтиже
ретінде баланстық пайда кәсіпорынның бүкіл шаруашылық жұмыстарының
есептілік есепке алынуы мен баланс баптарын бағалау негізінде анықталынады.
Кәсіпорын жұмысының түпкілікті қаржылық нәтижесі және баланс баптарын
бағалау. Кәсіпорын жұмысының түпкілікті қаржылық нәтижесі оның
салыстырылған тоқсандық, жылдық баланста (баланстық пайда, шығындар)
негізінде бейнеленеді.
Баланстық пайда үш іріленген элементтен құралады: өнімді өткізуден,
жұмысты орындаудан, қызмет көрсетуден түскен пайда (келген зиян);
кәсіпорынның негізгі құрал-жабдықтарын өткізуден, олардың шығып қалуынан,
басқа да мүліктерді сатудан түскен пайда (келген зиян); өткізуден тыс
жұмыстардың қаржылық нәтижелері. Өнімді өткізуден (жұмысты жасаудан,
қызмет көрсетуден) түскен пайда кәсіпорында құрылатын таза табысты
сипаттайды. Баланстық пайданың қалған элементтерді негізінен бұрын құрылған
табыстарды қайтадан бөлуді бейнелейді.
Өнімді өткізуден (жұмысты жасаудан, қызмет көрсетуден) түскен пайда
(шыққан шығын) – кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүргізген негізгі
қызметінен алынған қаржылық нәтиже. Қаржылық нәтиже кәсіпорын қызметінің әр
түрін жекелей алумен анықталады. Ол өнімді өткізуден (жұмысты жасаудан,
қызмет көрсетуден), қолданыстағы бағаға сәйкес түскен ақшалай түсім мен оны
өндіруге және өткізуге кеткен шығын арасындағы айырмашылыққа тең болады.
Негізгі құрал - жабдықтарды өткізуден, олардың басқалай шығын қалуынан,
кәсіпорынның басқа да мүліктерін өткізуден түскен пайда (шығын) дегеніміз
кәсіпорын қызметінің негізгі түрлеріне байланысты болмайтын қаржылық нәтиже
болып табылады, ол кәсіпорынның балансында есепте тұрған мүліктердің әр
қилы түрлерін басқа жаққа сату кіретін басқаша өткізуден түскен пайданы
(шығынды) бейнелейді. Негізгі қорларды өткізген кезде қаржылық нәтиже
негізгі құрал- жабдықтарды басқа жаққа өткізудің сату шығындарды есепке
алған олардың қалдық құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Кәсіпорынның басқа мүліктеріне шикізаттар, материалдар, отын, қосалқы
бөлшектер, материалдық емес активтер (патенттер, лицензиялар, сауда
маркалы, ЭВМ т.б. арналған бағдарламалық өнімдер), валюталық құндылықтар
(шетелдік валюта, шетелдік валюадағы бағалы қағаздар, асыл металдар мен
зергерлік және тұрмыстық бұйымдар, сондай-ақ, осындай бұйымдардың
сынықтарынан басқа табиғи асыл тастар), бағалы қағаздар жатады.
Кәсіпорынның мүліктерінің осы түрлерінің сату бағасы мен олардың баланстық
құнының (осыған байланысты кеткен шығындарды есепке алуды ескере отырып)
арасындағы айырмашылық баланстық пайда сомасына ықпал ететін қаржылық
нәтижені құрайды.
Өткізуден тыс жұмыстардан болған қаржылық нәтиже – пайда (шығын)
өткізуден тыс жұмыстардан келген шығындар мен зиянның арасындағы
айырмашылық ретінде анықталынады. Олардағы елеулі үлес салмағын ұзақ
мерзімдік және қысқа мерзімдік қаржылық жұмсалымдардан түскен табыстар мен
мүліктерді жалға беруден (егер мүліктерді жалға беру кәсіпорынның негізгі
қызметі болып табылмайтын болса) түскен табыстардың құрауы мүмкін.
Ұзақ мерзімдік қаржылық жұмсалым деп басқа кәсіпорындардың жарғылық
капиталына қаражат жұмсауды, акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды
сатып алуды, қаражаты бір жылдан астам мерзімге несиеге беруді айтады. Ал
қысқа мерзімдік қаржылық жұмсалымдарға қазынашылық міндеттемелер,
облигациялар мен басқа да бағалы қағаздар, қаражатты бір жылдан кем
уақытқа несиеге беру жатады.
Пайданы жоспарлау – кәсіпорындағы қаржылық экономикалық жұмыстарды
жоспарлаудың құрамдас бөлімі. Жоспарлау обьектісі баланстық пайданың
жоспарланатын элементтерді, өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан,
қызметтерді көрсетуден түскен пайда болып табылады.
Есептеудің негізіне тұтынушылардың тапсырыстары мен шаруашылық
келісім – шарттарға негізделетін өндірістік бағдарламаның көлемі алынады.
Пайда дегеніміз – мейлінше жалпы түрде алғанда баға мен өзіндік құн
арасындағы айырмашылығы, бірақ пайданың жоспарлық мөлшерін есептеген кезде
оны өткізуден осы пайданың болуы күтілетін өнімнің көлемін дәлдеп анықтау
қажет. Пайданың жоспарлық мөлшерін тауарлық шығарылымға есептеген кезде
өткізілетін өнімнің көлемін жоспарлаудан бөлек ала білу қажет. Тауарллық
шығарылым жөніндегі пайда өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындардың
негізінде жоспарланады, мұнда тауарлық шығарылымның жоспарлану кезеңіндегі
өзіндік құн анықталынады.
Пжт=Бжт - Өжт;
Мұндағы Пжт- жоспарлану кезеңіндегі тауарлық шығырылым бойынша түсетін
пайда;
Бжт – жоспарлану кезеңіндегі тауарлық шығарылымның қолданыстағы бағадағы
өткізілу құны (қосылған құнға салынатын салықсыз – ҚҚС, акциздер, саудалық
және өткізім шегерімі қосылмағанда);
Өжт – жоспарлану кезеңіндегі тауарлық шығарылымның толық өзіндік құны
(өнімді өткізуге және өткізуге кететін шығындар сметасына есептелінген).
Өткізілетін өнімнің пайдасы басқаша есепьтелінеді:
Пөө= Төө - Өөө;
Мұндағы Пөө - алдағы кезеңде өткізілуге жататын өнім бойынша жоспарланған
пайда; Төө - қолданыстағы бағамен өнімді өткізуден түсетін жоспарланған
ақша түсімі (ҚҚС, акциздерді, саудалық және өткізім шегерімі қосылғанда);
Өөө- алдағы кезеңде өтілетін өнімнің толық өзіндік құны.
Бұдан шығатын қорытынды мынау – алдағы жоспарлы кезеңдегі өтілетін
өнімнің көлемі заттай алғанда жоспарланған кезеңнің басындағы өткізілмеген
өнімнің қалдықтары мен жоспарланған кезеңнің барысында бұл кезеңнің
аяғында өткізілмей қалатын дайын өнімнің қалдығысыз есептелетін тауарлық
өнімнің шығарылым көлемінің қосындысы ретінде анықталынады. Өнімді
өткізуден түсетін жоспарлы соманы есептеу мынандай түрде жазылады.
Пөө= Пқ1+ Птө - Пқ2;
Мұндағы Пөө - жоспарланған кезеңде өнімді өткізуден түскен пайда; Пқ1-
жоспарланған кезеңнің басында өткізілмей қалған қалдық өнімдерден түскен
пайда; Птө - алдағы кезеңде шығарылуы жоспарланып отырылған тауарлы өнім
бойынша түскен пайда; Пқ2 – жоспарланған кезеңнің соңында өткізілмей қалған
дайын өнімнен түсетін пайда.
Мұндай әдістеме өткізілуге тиісті өнімнің бағадағы және өзіндік құны
көлемдерін жеңіл анықтауға мүмкіндік беретін, пайданы жоспарлаудың
іріленген тікелей әдісін қолданудың негізіне алынады.
Тікелей есептеу әдісінің бір түрі пайданы сұрыпталымы бойынша
жоспарлау болып табылады. Пайда әрбір сұрыпталымның жайғасымы бойынша бөлек
– бөлек анықталынады. Пайда барлық сұрыпталымдардың жайғасымдарын бірге
алған түрінде анықталынады. Алынған нәтижеге жоспарланған кезеңнің басында
өткізілмей қалған дайын өнімнің қалдықтарынан түсетін пайда қосылады.
Өткізілген өнімнен түскен пайданы есептегеннен кейін ол басқа да сатулардан
түскен пайдадан және жоспарланған өткізуден тыс нәтижелерден көбейе
түседі. Тікелей есептеудің іріленген әдісі өндірілген өнімдерінің аздаған
номенклатурасы бар кәсіпорындарда қолданылады. Жеке сұрыпталымдар бойынша
өзіндік құн жоспарланатын болса мейлінше кең сұрыпталымдарда қолданылады.
Шаруашылықты жүргізудің қазіргі бағалар, еңбек ақысы және басқа да
жағдайлар есептеу әдісін әзірге өзгере қоймайтын өте қысқа кезеңде ғана
пайданы жоспарланған кезде пайдалануға болады.
Пайданы жоспарлаудың талдамалық әдісін қолданған кезде есептеу
салыстырмалы және салыстырмалы емес тауарлы өнімдер бойынша бөлек – бөлек
жүргізіледі. Салыстырмалы өнім базистік жылда шығарылады, ол
жоспарлаудағыдан бұрын жасалынады, сондықтан да өнімнің нақты толық өзіндік
құны мен көлемі белгілі болып тұрады. Осы деректер бойынша негізгі
рентабельділікті айқындауға болады:
Рн =(Пк : Өтө) х 100%;
Мұндағы Рн – негізгі рентабельділік; Пк – күтіліп отырған пайда (пайданың
дәл мөлшері әлі де белгісіз кезде, базистік жылдың аяғында пайданы есептеу
жүргізіледі); Өтө - базистік жылдың тауарлы өнімнің толық өзіндік құны.
Кәсіпорындағы пайданы қалыптастыру бұл пайданың кәсіпорынның
қажетін қанағаттандыратын елдің табысын қалыптастыратын маңызды шаруашылық
процессі. Кәсіпорынның табысын қалыптастырудың экономикалық негізделген
жүйесі, ең алдымен мемлекет алдындағы қаржы міндеттемесінің орындалуына
кепілдік беруін және өндірістік материалдық әлеуметтік мұқтаждықтарын
қамтамасыз ету қажет [6].
Атырау облысының радиотеледидарлық таратушы орталығының пайдасы бұл
орталықтандырылған пайда болып табылады, яғни Қазтелерадионың пайдасына
бөлініп орталықтандырылады. Бұл орталық мемлекетке төленетін міндеттемелері
үшін төленетін қаржыларын Қазтелерадиоға тапсырыс беру арқылы қаржыланады.
3. КӘСІПОРЫННЫҢ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕЙТІН МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІ, ОЛАРДЫҢ БАНКТЕРМЕН
ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
Салықтар - белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын заң бойынша
қарастырылған міндетті төлемдер.
Мемлекетке салынатын салықтар түрлерінің оларды құрудың салық
жүйелері мейлінше күрделі үлгі түрінде көрініс береді, өйткені салықтардың
саны оларды төлеушілер салық салудың тәсілдері, салық жеңілдіктері көп
салықтарды төмендегідей әр түрлі белгілері бойынша жіктеп – саралауға
болады:
1) салық салу обьектісіне қарай және төлеуші мен мемлекеттің өзара
қатынасына қарай;
2) пайдалануына қарай;
3) салық салынатын органға қарай;
4) обьектінің экономикалық белгісіне қарай;
5) салық салу обьектісінің бағалау дәрежесіне қарай
Бірінші белгісіне байланысты салықтар тіке және жанама болып бөлінеді.
Табысқа немесе мүлікке тікелей салынатын салықтар (пайдаға салынатын
салықтар, жер салығы, мүлікке салынатын салық, табыс салығы) тіке
салықтарға жатады.
Жанама салықтар сырттай алынады – тауарлардың бағасы арқылы оған
көрсетілген қызметтер арқылы (қосылған құнға салынатын салық, табыс салығы,
акциздер, баж салығы) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Кәсіпорынды басқару органдарының құрылымы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы
Қаржы менеджменті туралы
Кәсіпорын қаржысы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Пәндер