Конституциялық құқықтық нормалардың қызметтері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың құқықтық негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ
ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
9
1.1 Конституциялық құқықтық норманың түсінігі және сипаты 9
1.2 Конституциялық құқықтық нормалардың құрылымы және түрлері
20

2 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ 33
2.1 Конституциялық құқықтық норманы жүзеге асырудың мәні және
ерекшеліктері 33
2.2 Конституциялық құқықтық норманы жүзеге асырудың нысаны:
түсінігі, түрлері 41
2.3 Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруға әсер
ететін факторлар 48


ҚОРЫТЫНДЫ 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста конституциялық
құқықтық норманың табиғаты және оның ерекшеліктері, конституциялық құқықтық
норманың түрлері және конституциялық құқықтық норманы жүзеге асырудың
түсінігі, нысандары және оның түрлері қарастырылады. Сонымен қатар
конституциялық құқықтық норманы жүзеге асырудың ұйымдық құқықтық негіздері
саралауға түседі.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке
қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда. Бұл
саладағы атқарылуы тиіс шаралардың ауыр жүгі заң ғылымын, оның ішінде
конституциялық құқықтық бағытты да қамтиды. Конституциялық құқықтық
нормаларды жүзеге асыру конституциялық құқық теориясында осы кезеңге дейін
өзінің нақты бағасын ала қоймаған және тереңірек зерттелмеген мәселелердің
легін құрайды. Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру теориялық
тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік жағынан құнды мәселе қатарына
жатады. Егер, конституциялық құқықтық нормалар дұрыс жүзеге асырылса, онда
еліміздің негізгі заңында белгіленген талаптар өзінің толыққанды өмірге
енуіне мүмкіндік алатын еді.
Елімізде демократиялық, құқықтық әрі азаматтық қоғам орнату бағытында
Конституцияның және конституциялық нормалардың қоғам өмірінде атқаратын
рөлі арта түсуде. Конституция және басқа да конституциялық құқықтық
талаптардың дұрыс жүзеге асуы мен өмірімізге енуі мемлекетіміздің құқықтық
сипат алып, адам мен азаматтардың құқығын шынайы қорғайтын дамыған
мемлекеттер деңгейіне көтерілуін тездететін еді.
Конституциялық құқықтық нормалар қоғам өміріндегі ең бір маңызды
қатынастардың легін тәртіптеуге арналған. Конституциялық құқықтық нормалар
арқылы қоғамдық механизмнің әрекет ету тетіктері және мемлекеттік жүйенің
конституциялық негіздері қалыптастырылады. Бұл жағдайлардың барлығы қоғам
өмірінде конституциялық құқықтық нормалардың қаншалықты маңызды рөл
атқаратындығын аңғартады. Сонымен қатар, конституциялық құқықтық нормалар
жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін айқындайды және мемлекеттік органдардың
ұйымдық-құқықтық қалыптасуының заңи нысанын жасайды.
Конституциялық құқықтық нормалар және оларды жүзеге асыру, жалпы
конституциялық құқықтың теориялық мәселелері Кеңестік дәуірде сол кезеңнің
өмір талабы туындатқан қоғамда үстемдік етуші әдістердің жиынтығы “таптық”
танымның аясында қаралып, өз бағасын алғанын біз жақсы білеміз. Таптық
танымның негізінде конституциялық құқықтың көптеген теориялық мәселелері
бір жақты бағаланып, сұрықсыз бояумен реңделгені бізге белгілі. Бұдан
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру мәселесі де сырт қалған жоқ
болатын. Кеңестік дәуірде қалыптасқан таным жүйесі конституциялық құқықтық
нормаларды жүзеге асырудың табиғатын терең бағалауға оның конституциялық
құқықтық дамуда алатын орнын толық ашуға мүмкіндік бере қоймады.
Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру жүйесінде еліміздің
негізгі заңы Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының алатын орны
мен атқаратын рөлі ерекше екендігі белгілі. Қазіргі кезеңге дейін
Конституция нормаларының үстемдігін қамтамасыз ету мәселесінде ақсап жүрген
жағдайдың бірі - заңдардың конституция нормаларына сәйкес келуі. Ол туралы
мәселе Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясаттың концепциясында
көрсетілген болатын [1, c. 4]. Оны қазақстандық құқық профессорлары ел
Президенті мен Парламент депутаттарының атына жолдаған ашық хатында:
“Прежде чем вторгаться в живую ткань основного закона, нужно обобщить итоги
деятельности массива казахстанского законодательства в соответствие с
положениями и нормами Конституции 1995 года [2, c. 3] тоқталып өтеді.
Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру Конституция нормасынан
басталатындығын ескерсек, онда бұл мәселенің терең маңызға ие екендігін
аңғарамыз”.
Қазіргі кезеңде конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру
мәселесін тәуелсіз еліміздің алдына қойған мақсат мүдделері негізінде,
жалпы таптық танымнан ада әдіс тәсілдері аясында жүйелі түрде зерттеу
қажеттілігі туындауда. Бұл қажеттілікті мынандай жағдайлармен түсіндіруге
болады: Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңде өзінің конституциялық
құқықтық дамуының негіздерін қалыптастыруда және елімізде конституциялық
құқықтың теориясы жаңа қырынан өзінің бағасын алып, орнығуда.
Бұл жағдайлардың барлығы конституциялық құқықтың теориялық мәселелерін,
оның ішінде конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың негіздерін
заман талабына сәйкес бағалап, орнықтыруды қажет ететіндігі сөзсіз.
Аталған жағдайлардың барлығы зерттеу жұмысының өзекті екендігін және заман
талабына сәйкес туындап отырғандығын көрсетеді.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі. Конституциялық құқық
теориясындағы маңызды мәселелердің бірі конституциялық құқықтық нормаларды
жүзеге асыру кеңестік кезеңнен бері белгілі дәрежеде зерттеушілердің
назарына ілігуде. Жоғарыда айтып өткеніміздей конституциялық құқықтық
нормалардың жүзеге асуы кеңестік кезеңде ғалымдар тарапынан тар аяда
бағаланып, зерттелгені белгілі. Бұл кезеңдегі зерттеушілердің біржақты
ғылыми танымға сүйенуіне қарамастан, олардың еңбектерінің конституциялық
құқықтық норманы жүзеге асыру мәселесін теориялық тұрғыдан тереңдете түсуге
үлкен ықпал еткендігі белгілі. Кеңестік кезеңде бұл мәселемен айналысушы
ғалымдардың қатарына Б.Н. Топорнинді, В.С. Основинді, Ю.П. Еременко мен
В.Д. Мазаевті, В.И. Попованы, Р.Г. Губенконы, Н.А. Михалеваны, М.М.
Хакимовті, Б.А. Страшунды, Л.П. Юзьковты, В.И. Ястребовты, А.М. Каримовты,
Л.В. Лазаревті, Э.А. Пушминді, О.П. Сидорованы, Ф.М. Рудинскийді, Е.И.
Калюшинді, В.П. Колесованы, О.О. Мироновты, В.А. Пертцикті, Л.П.
Шмайлованы, И.П. Ильинскийді, И.Е. Фарберді тағы басқаларды айтуға болады.
Конституциялық құқықтық нормалардың жүзеге асуын зерттеушілердің ішінде
бірнеше авторлардың еңбектеріне ерекше тоқталып өтуге болады.
Кеңестік кезеңнен бері конституциялық құқықтық нормалардың жүзеге
асуының көптеген теориялық мәселелерін зерттеушілер қатарында В.О. Лучиннің
еңбегі ерекше болып табылады. Ол алғашқы кезеңде мақала деңгейінде
конституциялық құқықтық нормалардың жүзеге асу табиғатын және оның орны мен
рөлін ашып көрсетуге ұмтылыс жасаған болатын. Сонымен қатар, В.О. Лучиннің
еңбегінде жалпы конституциялық құқықтық норманың түсінігі, ерекшеліктері
және түрлері де сөз болады; конституциялық құқықтық нормалар мен
конституциялық құқықтық қатынастардың арақатынасы мен байланысы
зерделенеді. Оның осы саладағы бірнеше жылғы еңбегі Ресей Конституциясын
жүзеге асыруға қатысты монографиялық жұмыста өз қорытындысын тапты. Бұл
еңбекте бүге-шүгесіне дейін жалпы Конституцияның және оның жүзеге асуының
ерекшеліктері, конституциялық жауапкершіліктің негіздері, түрлері, сонымен
қатар конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ұйымдық құқықтық
негіздері терең талдауға түседі. Қанша сүбелі еңбек болғанымен, автор басты
назарды тек Конституцияда орын тепкен нормалардың жүзеге асу ерекшелігіне
аударып, басқа да конституциялық құқықтық нормалардың жүзеге асу механизмі
көзден таса қалып қойып отырады. Сонымен қатар, бұл еңбекте автор негізінен
Ресей Федерациясының Конституциясының жүзеге асуын қарастырады. Алыс шет
елдік және ТМД елдерінің тәжірибесі толыққанды талданбайды.
Кейінгі кезеңдерде бұл мәселемен айналысушы ғалымдар легі де
қалыптасуда. Солардың ішінде ресейлік зерттеушілердің бірі Н.Л. Геннің
еңбегін атап өтуге болады. Ол өзінің еңбегінде конституциялық құқықтық
нормалардың ерекшелігі мен оларды жүзеге асырудың өзіндік қырларын
саралауға тырысады.
Отандық ғалымдардың еңбектерінде конституциялық құқықтық нормалардың
жүзеге асуы жалпы конституция мәселелерінің аясында бірлесе талданады. Осы
бағыттағы еңбектердің қатарына Е.Б. Абдрасуловтың конституция нормаларын
талқылау мәселесіне арналған монографиялық зерттеуін жатқызуға болады. Е.Б.
Абдрасулов конституция нормаларын талқылаудың конституциялық нормаларды
жүзеге асыруда алатын орнына көңіл бөледі. Сонымен қатар, отандық
ғалымдардың ішінде конституциялық құқықтық норманың жүзеге асу
проблемасымен айналысқан белгілі ғалымдардың бірі - М.Т. Баймаханов болып
табылады. М.Т. Баймаханов өзінің еңбектерінде көбінесе конституциялық
нормаларды жүзеге асыруда ағымдағы заңдардың атқаратын рөлі мен орнына көп
көңіл бөледі. Конституциялық құқықтық норманың жүзеге асуының кейбір
қырлары С.З. Зимановтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің еңбектерінде сөз болады. Ғ.С.
Сапарғалиев Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей қолданылу
мәселесін бірнеше уақыттан бері зерттеп жүрген белгілі ғалымдардың бірі.
Сонымен қатар, конституциялық құқықтық нормалардың жүзеге асуының
процессуалдық ерекшеліктері М.О. Нүкеновтің, Е.А. Оңғарбаевтың қылмыстық
істерді жүргізу заңдарының талаптарын жүзеге асыру мәселесімен
телімдестіріле қарастырылады.
Отандық заңгерлердің ішінде конституциялық құқық теориясының көптеген
мәселесімен айналысушы ғалымдардың бірі - А. Черняковтың еңбегі ерекше. А.
Черняковтың жұмыстарында жалпы конституциялық құқықтық норманың сипаттамасы
және оның түрлері жаңа методологиялық негізде сөз болады. Сонымен қатар,
еңбектерде жанама тұрғыда болса да, конституциялық құқықтық нормалардың
жүзеге асу мәселесі сөз етіледі.
Осы бағыттағы тағы бір сүбелі жұмысты атқарып жүрген ғалымдардың бірі -
К.К. Айтхожин. Оның еңбектерінде жалпы конституция теориясының көптеген
проблемалары сөз етіліп, оның ішінде конституция нормаларының тікелей
қолданылу ерекшеліктері өте бір ыждағаттылықпен талданады. Осы мәселелер
төңірегінде бірнеше ғылыми мақалалары да жарық көрді.
Жоғарыдағы біздің конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруға
қатысты зерттеулердің бағытын талдауымыздан көрініп тұрғандай,
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру мәселесі әлі де болса
отандық ғылымда жүйелі және жан-жақты өзінің бағасын ала қоймағандығы.
Сондықтан да, бұл зерттеу жұмысында мәселенің осы қырына негізінен көңіл
бөлуді жөн көріп отырмыз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
негізгі мақсаты - конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың
ерекшеліктері мен табиғатын ашу және де конституциялық құқықтық нормаларды
жүзеге асырудағы тиісті мемлекеттік органдардың атқаратын рөлін межелеу,
сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы осы бағыттағы тәжірибені талдау
болып табылады. Зерттеу жұмысының жоғарыда көрсетілген алдына қойған
мақсатына жету үшін төмендегі міндеттерді шешу жүктеледі:
конституциялық құқықтық нормалардың табиғатын ашу және олардың негізгі
түрлерін саралау;
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруға ықпал ететін факторлар
жүйесін талдау;
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың түсінігін және
ерекшеліктерін айқындау;
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың нысандарын және
олардың негізгі түрлерін талдау;
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың нысанының, әдістері
мен тәсілдерінің өзара байланысын саралау;
Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей қолданылуын –
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекше тәсілі ретінде
алып зерттеу;
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудағы Президенттің
өкілеттілігін саралау;
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудағы Парламенттің
атқаратын рөліне талдау жасау;
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудағы Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесінің алатын рөлін айқындау.
Дипломдық жұмыстың объектісі конституциялық құқық теориясындағы өзекті
мәселелерінің бірі - конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың
жалпы бағыттары құрайды. Сонымен қатар, конституциялық құқықтық нормаларды
жүзеге асырудағы жалпы конституциялық нормалардың орны талданады.
Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы. Жұмыстың негізгі нормативтік
базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы және әрбір саланы қамтитын
Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары және басқа да жәй заңдар,
Қазақстан Республикасы Президентінің әр түрлі Жарлықтары, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулылары т.б. және халықаралық шарттар мен ТМД
елдерінің осы саладағы заңдары құрайды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың басты арқауы
болып отырған тақырып конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру
мәселесі отандық заң ғылымында алғаш рет жүйелі түрде және жан-жақты
талданып отыр. Қазақстан Республикасындағы конституциялық құқықтық
нормаларды жүзеге асырудың тәжірибесі және ТМД елдеріндегі осы бағыттағы оң
өзгерістер өзіндік бағасын алғаш рет алуда. Сонымен қатар, конституциялық
құқықтық нормаларды жүзеге асыру ісін жетілдіретін теориялық негізді
ұсыныстар мен байлам-түйіндер берілген.
Дипломдық жұмыста негізгі байлам-түйіндер:
конституциялық норма жалпы құқықтық нормалар жүйесінде маңызды роль
атқаратын, негізгі қатынастарды реттеуге бағытталған, басқа құқықтық
нормалардың дамуының бастамасы болатын ерекше құқықтық норманың бір түрі
болып табылады;
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру ортақ заңдылықтарға
бағынатын, қалыптасқан механизмі бар ерекше қызметтердің жемісі болып
табылады;
конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың басты нысандарына
(түрлеріне) конституциялық құқықтық нормаларды сақтау, орындау, пайдалану
және қолдану сияқты дәстүрлі түрлерімен қатар конституциялық нормаларды
заңдар арқылы нақтылап жүзеге асыру жатады;
Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей қолданылуы оны жүзеге
асырудың басты факторы және негізгі әдісі болып табылады;
Қазақстан Республикасының Президенті конституциялық нормаларды жүзеге
асыру ісіне заңда белгіленген нақты тетіктер арқылы: заң шығару ісіне
қатысу, Вето құқығы, конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізу
жолымен қатыса алады. Сонымен қатар, Президенттің елдегі заңдылықтың жай -
күйіне қатысты тиісті органдардың есептерін тыңдауы, конституциялық
нормалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуге ықпал етуші тетіктер болып
табылады;
Қазақстан Республикасының Парламенті тікелей де және жанама да тұрғыда
да конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруға ықпал етеді. Оның
ықпал ету құралына заң шығару қызметі, Үкіметтің есебін және
Конституциялық Кеңестің заңдылықтың жай-күйі туралы есебін тыңдау жатады;
Конституциялық Кеңес конституциялық нормалардың жүзеге асуын қамтамасыз
етуші басты орган. Аталған қызметті Конституциялық Кеңес мынандай
нысандарда Конституцияны ресми түсіндіру, заңдардың Конституция нормаларына
сәйкестігін қарау т.б. арқылы қамтамасыз етеді.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі. Диссертациялық жұмысты жазу
барысында ізденуші конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруға
қатысты барлық теориялық еңбектерді саралаудан өткізіп, толық пайдалануға
ұмтылды.
Зерттеу жұмысында қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы
әдістер жүйесі: диалектикалық, салыстырмалы, функционалды талдау, жүйелеу,
синтездеу, статистикалық тағы басқа әдістер басшылыққа алынады.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында автор отандық ғалымдар С.З.
Зимановтың, С.С. Сартаевтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің, М.Т. Баймахановтың, Ө.Қ.
Қопабаевтың, В.Н. Ащеуловтың, В. Кимнің, С.Н. Сабикеновтің, С.А.
Табановтың, К.С. Мәуленовтің, Е. Абдрасуловтің, З.Ж. Кенжалиевтің тағы
басқалардың еңбектеріне арқа сүйеді.
Сонымен қатар, конституциялық құқықтық норманы жүзеге асырудың әр
қырымен айналысушы ғалымдар В.О. Лучиннің, Б.Н. Топорниннің, И.П.
Ильинскийдің, О.О. Мироновтың, В.А. Пертциктің, Л.П. Шмайлованың, А.Б.
Венгеровтің, И.Е. Фабердің, К.К. Айтхожиннің, А. Черняковтың еңбектеріндегі
теориялық тұжырымдарға көңіл бөлді.
Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының
негізгі нәтижелері конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру
мәселесіне қатысты ізденістерді одан әрі тереңірек зерттеуге теориялық
негіз қалайды және еліміздегі конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге
асыруға қатысты қалыптасқан көзқарастар мен ой тұжырымдарды одан әрі байыта
түседі.
Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары жоғарғы заң
оқу орындары мен факультеттерінде Қазақстан Республикасының конституциялық
құқығы, шет елдердің конституциялық құқығы пәндері т.б. мен
конституциялық құрылыс негіздері арнайы курсы бойынша дәріс беру мен
тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында пайдалануға болады.
Сонымен қатар конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру мәселесіне
қатысты нормативтік құқықтық актілерді және басқа да заңдар жүйесін
жетілдіру ісінде үлкен маңызы бар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2
бөлімнен, 5 бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Конституциялық құқықтық норманың түсінігі және сипаты
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы еліміздің
конституциялық құқықтық тұрғыдан ілгері басуында ірі келелі мәселелерді
шешу қажеттілігін алға тартуда.
Қазақстанның конституциялық құқықтық дамуының қазіргі кезеңде белгілі
дәрежеде тарихи тәжірибесі де орнығып үлгерді. Тәуелсіз Қазақстанның
тәжірибесінде 1993 және 1995 жылдары екі Конституция қабылданғанын бізге
мәлім.
Қазіргі қолданып жүрген 1995 жылғы 30-шы тамыздағы Конституция
нормаларын жүзеге асыру мәселесі күнделікті өмірімізде бірқалыпты шешіліп
жатқан жоқ. Осы қырынан алғанда конституциялық құқық теориясында өз шешімін
табуды қажет етіп тұрған мәселелер баршылық. Соның қатарына жалпы
конституциялық норманың табиғатын айқындап, оның ерекшеліктерін танып
біртұтас ұғымын қалыптастыру жатады. Конституциялық норманың түсінігін
айқындау мәселесі өзінің бастауы бірнеше уақыттарға барып тіреледі.
Конституциялық норма кеңестік кезеңнен бері теорияда талас тудырып келе
жатқан мәселелердің қатарына жатады.
Жалпы конституциялық құқықтық нормаларды саралау әрқашан да
конституциялық норманың ерекше қыры, яғни оның нормативтік сипатын ашуға
жол ашады. Конституциялық құқықтың теориялық мәселелерімен айналысушы
ғалымдардың ішінде кейбір конституциялық талаптардың нормативтік сипаты
болмайтындығын алға тартатындары баршылық. Әрине, конституцияда
мұндайлардың қатарына құқықтық қағидаларды, белгілі құқықтық түсініктерді,
уақыттағы, кеңістіктегі және субъектілерге қатысты заң нормасының тарауын,
мақсатын көрсететін нормалар және т.б. жатады. [3, c.
21] Сонымен қатар өздері тікелей қоғамдық қатынастарды реттеуге қабілетсіз,
бірақ басқа нормалардың көмегімен қоғамдық қатынастарға ықпал ете алатын
нормалар да бар. Басқалай айтқанда бұл нормаларды “квази” нормалар деп те
атауға болады. Шынымен де барлық конституциялық - құқықтық нормалар
қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін бекіте бермейді. Бұл ол
нормаларды нормативтік сипаттан ада деуге мүмкіндік бере ме? Бұған біз
конституциялық құқықтық жүйеде алатын орнын ескере отырып және оның заңдық
күшінің ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып бірден жоқ деуімізге болатындай.
Біздің ойымызша, құқықта көрініс табатын мүдделердің ортақтығы, оның
нормативтік сипатқа ие бола алатындығын көрсете алады. Оған Қазақстан
Республикасының 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылдаған
Конституциясын алға тарта аламыз. Бұл Конституцияны қабылдау барысында
жалпы Қазақстан халқы өз мүдделерінің ортақтығын және мақсатының бір
екендігін көрсетумен қатар, оның міндетті және жоғарғы заңдық күшінің
барлығын мойындаған болатын. Ол жөнінде В.О. Лучин “В конституции и права в
целом, мера (масштаб) поведения в силу социальной обоснованности и
социальной необходимости, а также возможности государственного принуждения
становятся обязательной для соответсвующих лиц и организаций. При этом
нормативность права, а следовательно, и конституции проявляется в единстве
таких свойств правил поведения как обобщенность и обязанность” [4, c. 8-9].
Қазіргі кезеңдегі құқықтық дамуда құқықтың нормативтік сипаты белгілі
дәрежеде өзгерістерге ұшырауда. Құқықтың құрылымында жалпы сипаттағы
нормалардың үлес салмағы арта түсуде және олардағы нормативтік сипаты
көбінесе дәстүрлі түрде біз түсініп жүрген ұғымдардың аясына сия қоймайды.
Мұндай нормалардың да шын мәнінде нормативтік сипатының болатындығы туралы
белгілі құқық теориясының зерттеушісі С.С. Алексеев “Но и они представляют
собой органические частицы правовой системы в целом, выражают ее
нормативность [5, c. 82], - деп көрсетеді. Конституциялық заңнамада
қатысушылардың жүріс-тұрысын айқындайтын нормалармен қатар, құқықтық
қағидалар, декларативтік сипаттары, белгілі түсініктерді айқындайтын
нормалардың болатынын білеміз. Конституция жалпы заңдардың жинағын
білдірмейді. Сондықтан онда қоғамдық қатынастардың барлығы толығымен өзінің
реттеліп, шешімін таба алмайды. Конституцияда құқықтар мен міндеттер
жүйеленіп белгілі топтардың құқықтық мәртебесін айқындайтын, баға беретін
жалпылық сипат алады. Ондай нормалар белгілі қатынастарды заңдық аяға
енгізіп, оларға бастамалық сипаттар береді. Ол: “Это-реально существующая
обобщенная в наиболее высокой степени для важнейших категорий общественных
отношений, самая целесообразная с точки зрения государства и обеспеченная
возможностью государственного принуждения система масштабов (мер)
возможного или должного поведения лиц или организаций” [6, c. 3]
Конституцияда көрініс табатын жалпы ережелердің, қағидалардың,
дефинициялаудың болуы оны нормативтік сипаттан айырмайды, керісінше оған
нормативтік сипат бере біледі. “Нормативность конституционных принципов,
например, обусловлены тем, что они аккумулируют, обобщают наиболее важные,
социально значимые явления и процессы материальной и духовной жизни
общества, дают им оценку и вводят их в рамки принятых в государстве
нормативов. Они самым тесным образом связаны с регулированием общественных
отношений, оказывают направляющее воздействие на правовую систему и
действуют именно в качестве правовых принципов, которым обязаны
руководствоваться все творческие и правоприминительные органы, все
граждане, должностные лица и общественные объединения” [7, c. 131-132].
Нормативтік сипаттағы нормаларға сонымен қатар, бағдарламалық
конституциялық ұсыныстарды да жатқызамыз. Олар жалпы реттеушілік сипатымен
болашақтағы құқықтық нысана және мақсат ретінде барлық құқықтық реттеуге,
құқықтық қызметке ықпал етеді.
Конституцияның нормативтік қоры, сонымен қатар, оның осы уақытқа дейінгі
жүріс-тұрыс ережелерінің жалпы сипатын иеленіп, былайша айтқанда
кодификациялық заң түріне ене білуінде, себебі Конституцияда көптеген
қатынастар легі өзінің құқықтық қалпына келеді. Сонымен қатар, Конституция
барлық заңнама жүйесін басқарудың құралы қызметін де атқара алады. Осы
саланың білгірі жоғарыда сөз еткен ғалым В.О. Лучин Конституцияның
нормативтік сипатын былай негіздеуге тырысады: “Конституции в полной мере
присуща общая цель нормативного регулирования – упорядочение общественных
отношений, внесение единообразия и стабильности в социальную жизнь путем
установления общих правил [4, c. 12-13].
Оның нормативтілігі ұзақ мерзімге созылатын тұрақты реттеумен тәртіптің
жүйесін қалыптастыруда белсенді әрі негізгі рөл атқаруынан көрінеді.
Конституция қоғамдық қатынастардың жүйелілігін қамтамасыз ететін және оны
қалыптастыруға мүмкіндік беретін қағидалық бастаулық сипаты бар,
мәселелерді шешуге бағытталған. Ол қоғамдық қатыстарды реттеуші қажетті
тетік бола отыра, өзіне тән объективтік қасиеттерің негізіне сүйене отыра,
оларды тәртіптеудің біртекті бастауын қамтамасыз етеді және қоғамдағы
үрдістердің жүйелі факторының қызметін де атқара алады.
Конституцияның нормативтілігі, сонымен қатар, жүріс-тұрыстың үзіліссіз
қолданылатын жалпыға міндетті типтік масштабаның жүйесін қалыптастыруға
ықпал етуінің ауанынан байқауға болады. Бұл әлеуметтік организмнің бағытты
және үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан да,
конституцияның нормативтілігін мойындау-заңдылық режимін сақтаудың және оны
қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі болып табылады.
Сонымен біз Конституция ережелеріне әрқашан да нормативтік сипат тән
екендігін толық танығандай болдық. Шын мәнінде, бұл конституциялық
нормалардың табиғатын айқындауда үлкен теориялық маңызы бар мәселенің бірі
болып табылады.
Конституциялық талаптар мен ережелердің нормативтік сипатын айқындаумен
тығыз байланысты мәселенің бірі - конституциялық нормаларға жүріс-тұрыс
қатынастарын белгілеу және реттеу қатынасы тән бе деген мәселе. А.А.
Михалева қағида-нормалар: “по самой природе своей не имеют поведенческого
характера и не устанавливают правил поведения” [7, c. 131-132]. Н.А.
Михалеваның көзқарасына жақын позицияны Л.А. Морозова да айтады. Ол
конституциялық норманың нормативтік сипатының барлығын мойындай отырып,
конституциялық реттеудің нормативтік негіздерінің барлық компоненттерін
нормаға жатқызуға болмайды, себебі бұлай бағалау, оның жалпы сипаттамасын
білдіреді дейді [8, c. 52-54]. Бұл тұрғыдан оған қарағанда
негізгі заңның кейбір нормалары ғана тікелей конституциялық нормалар болып,
қалғандары (конституциялық қағидалар, бағдарламалық-мақсаттық ережелер
т.б.) оның ішіне кірмей қалады. Л.А. Морозованың көзқарасы біздің ойымызша
белгілі кемшіліктерден де ада емес. “тікелей конституциялық нормалардың
ішінен жалпы нормаларды бөліп қарай отыра, олардың қатарына ұлттық-
мемлекеттік құрылысты, жеке тұлғаның конституциялық құқықтық мәртебесін
айқындайтын нормаларды жатқызады [8, c.62]. Біздің ойымызша мұндай
нормалардың көбісі қағида, бағдарламалық сипаттағы нормалар қатарына
жатады.
Бұл мәселеде біз П.Ф. Мартыненконың ойына қосыламыз: “...Под
конституционной нормой следует понимать любую меру поведения общего
характера, выраженную в форме конституционного предписания, охватывающего
всякий прием или способ для определения общественного поведения:
установление принципа или правила, определение цели, задачи или направления
деятельности, закрепление названия, определения либо функции и т.д.
“Конституционная норма-это правила общего поведения в широком смысле этого
слова [9, c. 7].
Конституциялық нормалар құқықтық жүйенің ішіне кіретін болғандықтан
белгілі қасиеттерге, белгілерге ие болып келеді. Конституциялық нормаларға
жалпы әлеуметтік нормаларға тиісті қасиеттердің барлығы тән. Сонымен қатар,
конституциялық нормаларға, жалпы барлық нормаларға құқықтың сыртқы
көрінісін бейнелейтін ерекшеліктер де тән болып келеді. Конституциялық
нормалар нақты жағдайлардың жай-күйін білдіреді: яғни болашақта қандай
болатынды ғана емес, сонымен қатар сол уақытта қандай екендігін, қалай
болуды емес, қалай болғанды көрсетеді. Бұл қырынан конституциялық
нормаларды шындықты рухани-тәжірибелік игерудің нәтижесі ретінде де
бағалауға болады деп санауға болатындай. Кезінде конституциялық норманың
бұл қырына кейбір ғалымдар көңіл бөлген де болатын. С.А. Авакьян:
“Нормы государственного права отражают в первую очередь, так
называемые состояния (или правовые состояния т.е. непреложные явления,
факты общественной жизни и государственной организации, которые
характеризуют наш строй в целом, являются его неотьемлемыми чертами [10, c.
15].
Конституциялық нормалардың мақсаты-қоғамдық қатынастарды қалыптастыру,
бағалау болып табылады. Конституциялық нормалар субъектінің жүріс-тұрысын,
оның құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттік ықпал етудің аясын белгілейді.
Конституциялық нормалар әлеуметтік құндылықтар, әлеуметтік жауапкершілікті
белгілеу мен әлеуметтік жеңілдіктерді бөлу мен қорғаудың ерекше құралы.
Конституциялық нормалар барлық субъектілердің біртұтас жүріс-тұрыс жағдайын
белгілейді. Конституцияның барлығына ортақ талап белгілеуі, оның жалпы заң
бойынша барлығын теңестіру қасиетінің негізі болып табылады.
Конституциялық нормаларға мәліметтік бай қасиеттер де тән болып келеді.
Ол өз кезегінде конституциялық нормаларға әмбебаптық ажар мен бірнеше
бағыттық сипат береді. Конституциялық нормалардың көптік бағытына
әлеуметтік ұстанымдардың көптік сипаты сәйкес келіп отырады. Конституциялық
нормалар азаматтардың мүдделеріне және басқа субъектілердің мүдделеріне
ықпал ету тән. Олардың алдына белгілі мақсаттар қоя отырып, қоғамның
құқыққа сүйене отырып қоятын оң талаптарын ынталандырады.
Конституциялық норма, сонымен қатар мемлекетпен өте тығыз байланысты.
Себебі, конституциялық норманың жүзеге асуы тек мемлекеттің ықпалымен ғана
мүмкін болады. Көп жағдайларда конституциялық нормалар ерікті түрде
орындалуына қарамастан, оларға әрқашан да мемлекеттік мәжбүр ету тән болып
келеді.
Конституциялық нормалар жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ерекшеліктерін
қалыптастырады. Конституциялық нормалардың жалпылық сипатының астарында
әрқашан да белгілі тұлғаға бағытталған жүріс-тұрыс нормасы көрініс
табатындығы белгілі. Бұл конституциялық нормалардың бірнеше рет жүзеге асу
мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, конституциялық нормаларға ерекше сипат тән болып келеді.
Бұл ерекшелік ол реттейтін қатынастардың маңыздылығында жатыр. Әрине осы
мәселе туралы В.С. Основиннің пікірі өте құндылау көрінеді. Ол былай дейді:
“что конституционные нормы отличаются от иных видов правовых норм прежде
всего своей особой юридической природой. Однако эту специфику нельзя
сводить к тому, что они имеют только им присущий предмет правового
регулирования... [11, c. 13].
Конституциялық құқықтық нормалардың ерекшелігін жүйелеп көрсететін
болсақ, төмендегідей:

Конституциялық құқықтық нормалардың ерекшеліктері

Конституциялық Конституциялық Конституциялық
құқықтық нормалардың құқықтың нормалары құқықтық нормалар
негізінде белгілі ерекше сипаттағы әрқашанда мемлекетпен
құқықтық қатынастардың қоғамдық тығыз байланысты
түрі пайда болды қатынастарды
реттейді

Конституциялық құқықтық нормаларға Конституциялық құқықтық
әмбебаптық сипат тән нормалар бірнеше бағытты
қамтуға арналған

1 - Сурет-Конституциялық құқықтық нормалардың ерекшеліктері

Конституциялық нормаларға жеке өзіндік қасиет тән. Біз жоғарыда тек ол
нормалар реттейтін қатынастардың маңыздылығын ескере отырып, оларды өзінше
қасиетке ие деген болатынбыз. Конституциялық нормалар мен басқа сала
нормаларының арасындағы межені күнделікті өмірде нақты таба қою оңай емес
және біздің ойымызша, оны нақты айқындай қою үлкен қиындықтар тудыруы
мүмкін. В.О. Лучин көп жылдық зерттеудің негізінде Ресей тәжірибесіне
сүйеніп мынандай қортындыға келеді:
Біріншіден, мұндай монополия нақты болуы мүмкін емес. Әрқашанда тек қана
тұтастай конституциялық нормалармен реттелетін таза тұрғыдағы қоғамдық
қатынастарды бөліп көрсету мүмкін емес. Конституциялық аяда кейбір
жағдайларда мемлекеттік құқықтық нормалар кездесіп қалып жатады. Сонымен
қатар, басқа да құқық саласының нормаларын кездестіріп жатуда әжеп емес.
Конституциялық нормалар қоғамдық қатынастарды тұтастай бүге-шігесіне
дейін реттеуді өзіне міндет етіп қоймайды. Сондықтан да, Ресей
Федерациясының Үкіметінің қызметі мен оның ұйымдасу бағытынан тек қана
конституциялық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастарды табуға ұмтылу
қажет емес және ол мүмкін де емес. Көрсетілген жағдайда конституциялық
құқықтық нормалар әкімшілік құқықтық нормалармен өзара байланыста жүзеге
асырылады және оның негізінде дамып, нақтылана түседі. Конституциялық
құқықтық нормалар Үкіметтің қызметін жүзеге асыру ме ұйымдастырудың басты
қағидаларын, оның негізгі өкілеттіктерін және оның қызмет бағытының алдына
қойған міндеттерін белгілейді, ал әкімшілік-құқықтық нормалар, оның
қызметінің нақты бағыттарын оны жүзеге асыруды нақтылап реттеп отырады.
Екіншіден, қоғамдық қатынастар конституциялық нормалардың негізгі басты
ерекшеліктерінің сипаттарын айқындай отыра, оның ерекше заңдық табиғатының
мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Сондықтан да, конституциялық нормалармен
қандай қоғамдық қатынастар реттеледі деген мәселемен қатар, бұл нормалар
ол қоғамдық қатынастарға қандай негіздерде, қанда мақсатта ықпал етуі
мүмкін деген жағдайлар да өте маңызды болып табылады. Конституциялық
нормалардың ерекше заңдық табиғатының болуы объективтік және субъективтік
факторлармен тікелей байланысты болып келеді [4, 24-25 бб.].
Конституциялық құқықтық нормаларға тән ерекше белгілер дегеніміз – сол
нормаларға тән тұрақты қасиеттердің жиынтығы. Конституциялық құқықтық
нормаларға тән ерекше белгілерді сипатына қарай бірнеше топтарға бөліп
таратып көрсетуге болады. Біз осылардың ішінде конституциялық құқықтық
норманы терең тануға мүмкіндік беретін және басқа нормалардан ажыратуға жол
ашатын қырларына тоқталып кеткіміз келеді:
Біріншіден, конституциялық құқықтық нормаға жалпылық сипат тән.
Конституциялық құқықтық норманың жалпы норма екендігі оның басқа
нормативтік актілерде өріс алатын қасиетінің барлығын көрсетеді.
Екіншіден, конституциялық құқықтық нормаға жүйелілік тән. Конституциялық
құқықтық норма жалқыдан жалпыға өрбитін нормалардың тұтастығын білдіреді.
Үшіншіден, конституциялық құқықтық норма басқа нормаларға қарағанда
жоғары тұрады. Оны Конституцияда көрініс тапқан нормалардың ең жоғарғы
заңдық күші болады деген қағидамен түсіндіре аламыз.
Төртіншіден, конституциялық құқықтық нормаларға алғашқылық сипат тән.
Себебі, конституциялық құқықтық норма басқа нормаларға алғашқы материалдық
база болып табылады.
Бесіншіден, конституциялық құқықтық нормалар мемлекеттік құрылыстың
реттелуге жататын қырының маңызды жақтарын тәртіптеуге арналған.
Алтыншыдан, конституциялық құқықтық нормаларда көптеген жағдайларда
мемлекеттің алдына қойған даму бағыты белгілі дәрежеде өзінің көрінісін
тауып жатады.
Бұл айтылғандарымыздың барлығы конституциялық құқықтық норманың ерекше
тұрақты белгілері болып табылады. Конституциялық құқықтық нормаларға бұдан
да басқа қасиеттер тән.
Конституциялық нормалар мен конституциялық құқықтың басқа нормаларының
арасында белгілі бір иерархия орын алған. Ол жоғарыдан төменге дейін
көрініс тапқан.
Конституциялық нормалар конституциялық құқықтың басқа нормаларынан
ерекшеленеді. Белгілі ғалым А.К. Котовтың ойы бойынша, бұл ерекшеліктер
төмендегі сипаттарына байланысты ажыратылады: “Между конституционным
нормами и другими нормами конституционного права существует определенная
иерархия, которая от вершины объемлет, во-первых, саму Конституцию как
правовой акт народа абсолютный юридической силы и акты референдумов, в.т.
вносящее изменения в Конституцию; во-вторых, Законы, вносящие изменения и
дополнения в Конституцию, принимаемые тремя четвертями голосов депутатов
каждой из Палат Парламента в совместном заседании; в-третьих,
Конституционные законы, названные таковыми по конкретным предметам
регулирования самой Конституцией и принимаемые двумя третями голосов
депутатов каждой из Палат Парламента, также в совместном заседании. К этому
же блоку актов конституционного права примыкают равные им по юридической
силе указы Президента Республики Казахстан, т.е. имеющие силу
конституционных законов. В-четвертых, нормы конституционного права,
регулирующие отдельные важные стороны общественных отношений, которые
содержатся в “обычных” законах. Такие нормы могут содержаться и в указах
Президента Республики Казахстан, имеющих силу закона; в – пятых, нормы
конституционного права также могут содержаться и в нормативных указах главы
государства; в нормативных постановлениях Центральной избирательной
комиссии (комиссии по проведению референдума) ”[12, c. 36-37].

Конституциялық құқықтық нормалардың негізгі қызметтері

Конституциялық Конституциялық Конституциялық құқықтық
құқықтық нормалардың құқықтың нормалардың нормалардың қорғаушылық
құрылтайшылық қызметі құқық берушілік қызметі
қызметі

Конституциялық құқықтық нормалардың Конституциялық құқықтық норманың
жүйе құрушылық қызметі аксиологиялық қызметі

2-Сурет-Конституциялық құқықтық нормалардың негізгі қызметтері
Конституциялық нормалардың ерекшеліктері оның негізгі атқаратын
қызметтеріне байланысты көрінеді. Былайша қарағанда конституция қызметі мен
конституциялық нормалардың қызметі өзара сәйкес келмейді. Себебі,
конституциялық нормалар конституция қызметінің материалдық негізі болып
табылады. Конституциялық нормалар қызметтерінің мәні мынада: Конституциялық
құқықтық нормалардың қызметтері Конституцияның әлеуметтік мақсаты мен мәнін
ашып қана қоймайды, сонымен бірге конституциялық нормалардың,
институттардың ерекшелігін аңғартатын, оның қоғамдық қатынастарға ықпал
етуінің негізгі бағыттарын сипаттап, ашып көрсетуге мүмкіндік беретін
қабілетінде аңғартады. Конституциялық құқықтық нормалардың қызметтері
Конституцияның ұзақ уақыт ықпал етуінің мүмкіндігін және оның тұрақты
мақсатында сипаттауға мүмкіндік береді және Конституцияның қоғамдық
қатынастарға ықпал етуінің және оларды реттеудің нысандары мен әдістерінің
ерекшеліктерінде айқындауға жол ашады. Кең мағынада алып қарағанда,
конституциялық нормалардың қызметтері Конституцияның қоғамдық қатынастарға
әсер етуінің тұтастық бейнесін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
конституциялық құқытық нормалардың қызметтері: функции конституционных норм
отражают усиливающуюся в праве тенденцию к “разделению труда”
Конституционным нормам в этом процессе наиболее свойственна интеграция,
т.е. обобщенная регламентация того единого, совпадающего, что характерно
для укрупненных групп общественных отношений. Они призваны закреплять
основы общественных отношений; в них формулируются важнейшие юридические
понятия, правовые принципы. С этим связано и то обстоятельство, что многие
конституционные нормы носят первичный, учредительный закрепительный или
программный характер. Это качество представлено в них более концентрировано
по сравнению с иными нормами. Конституционные нормы редко выполняют не
одну, а несколько функций” ерекшеленеді [4, c. 26-27] .
Конституциялық нормаларға біздің ойымызша, жалпы құқық нормаларына тән
қызметтер де жатады. Конституциялық нормалардың атқаратын қызметтері
дегеніміз – олардың алдына қойған мақсаттарына жетудің басты бағыттары
болып табылады. Конституциялық нормалардың басты қызметтерінің қатарына біз
мына төмендегі қызметтерді жатқызамыз:
Біріншіден, конституциялық нормалардың реттеушілік қызметі. Бұл қызмет
тек конституциялық нормаларға ғана тән емес. Ол сонымен қатар басқа да
нормалардың барлығына ортақ болып табылады. Конституциялық нормалар
қоғамдық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындай
отырып, қоғамдық қатынасқа қатысушылардың жағдайын бір тәртіпке түсіреді.
Екіншіден, Конституциялық нормалар белгілі жағдайларда қоғамдық
қатынасқа қатысушыларға құқықтар мен міндеттер бере отырып, олардың
құқықтық жағдайларын бекітеді. Оны былайша, айтқанда құқық іздеушілік
қызмет деп айтуға болады.
Үшіншіден, конституциялық нормаларға түсушілік міндет тән болып табылды.
Конституцияда және басқа да конституциялық нормаларда көрініс таба отырып,
бұл нормалар қоғамдық негізді және саяси жүйенің бастаулары мен
институттарына заңдық сипат береді. Сонымен қатар, басқа да қоғамдық
қатынастарға құқықтық нысан береді.
Төртіншіден, конституциялық нормаларға қорғаушылық қызмет тән.
Конституцияда және басқа да конституциялық нормаларда конституциялық
құрылыс т.б. маңызды жүйелеуді қорғаудың тетіктері орын алған. Бұл қызмет
әр түрлі бағыттарда, әдістерде жүзеге асуы мүмкін, конституциялық
нормаларға, сонымен қатар т.б. қызметтер тән.
Конституциялық нормаларға тән тағы бір белгінің қатарына біз оның ең
жоғарғы заңдық күшінің болатындығын айтқымыз келеді. Бұл мәселе ғылымда
салыстырмалы түрде алғанда өте жақсы зерттеуін тапқан. Сондықтан да біз оны
бүге-шүгесіне дейін қарастыра қоймаймыз. Конституциялық норманың ең жоғарғы
заңдық күшінің маңыздылығы мынада: “Высшая юридическая сила Конституции
обусловлена прежде всего тем, что она содержит политико-юридические решения
наиболее важных, кардинальных проблем общества и государства, объективно
требующих признания за ними высшего авторитета и непререкаемости.
Верховенство Конституции объясняет ее роль как юридической базы текущей
нормотворчеcкой и правоприминительной деятельности как основы режима
законности и правопорядка. Обычные законы, иные нормативные акты, а также
правоприменительные акты должны соответствовать Конституции, любые коллизии
решаются в ее пользу; все государственные органы обязаны пользоваться
правами, предусмотренными Конституцией; точное и неукоснительное соблюдение
Конституции должно служить эталоном поведения для всех граждан и других
лиц” [4, c. 43].
Конституциялық норманың ең жоғарғы заңдық күші мен ол нормаларды
конституцияға немесе Негізгі заңға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі деген
мәселе өте тығыз байланысты болып келеді. А.А. Белкиннің ойы бойынша “Это
не всегда может быть критерием конституционности акта текущего
законодательства. Необходимо учитывать действие всех конституционных норм,
а следовательно, и решать проблему противоречивости с позиции всего
основного закона, ею социально-политического смысла [13, c.8]. Бірақ та
бұл, біздің ойымызша, өте тар мағынада қолданғанда ғана өзін-өзі ақтай
алатын пікір. Ал оны барлық конституциялық нормаларға тән деп қарайтын
болсақ, біз конституциялық заңсыздыққа жол берген болатын едік.
Сонымен қатар, конституциялық норманың жоғарғы заңдық күшімен, оның
міндеттілігін шатастырмау қажет. Қандай жағдайда болмасын, барлық құқықтық
актілер міндетті сипатқа ие болып келеді. Ал, әрқандай заңдық актінің
құқықтық күші әртүрлі. Кейбірде, конституциялық нормалар ең жоғары
міндеттілікке ие болады деген пікірді кездестіруімізге болады, бірақ,
біздің ойымызша, бұл көзқарас методологиялық тұрғыдан алып қарағанда
орынсыз. Себебі, барлық заңдық актілердің міндеттілік сипаты бірдей деп
жоғарыда айттық.
Конституциялық нормалардың тағы бір ерекше қыры-олардың табиғатының
тұрақтылығы. Конституциялық нормалардың мұндай қасиетін, оның көлемді
қатынастарды реттеушілігімен түсіндіруге болатындай. Сонымен қатар, біздің
ойымызша, конституциялық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар жүйесі сан
ғасырлық тәжірибеден өткен құбылыстар қатарына жатады.
Енді қорыта келе, конституциялық норманың түсінігін айқындауға ойысайық.
Жоғарыда біз конституциялық нормаларға тән белгілерді саралай келе, оның
анықтамасын түйіндеуге жол ашатын негіздер қалай білдік. А.К. Котов:
“Конституционные нормы-это нормы непосредственно самой Конституции” [12,
с. 35], - деп көрсетеді. Сонымен қатар, конституциялық норманың түсінігі
туралы теорияда да әртүрлі көзқарастар бар екендігін көруге болады.
Мәселен, Ю.А. Тихомиров былай дейді: “Конституционная норма – это тоже вид
правовой нормы, поэтому она обладает всеми признаками правовой нормы
вообще. Вместе с тем, ей присущи особенности. Это прежде всего, то ведущее
место, которое занимает конституционная норма, как и Конституция в целом,
среди правовых норм” [14, c.129]. Ал, конституциялық норманың мазмұнын Е.
Оңалбеков былай тұжырымдайды: “Конституционным нормам в большой степени,
чем другим, присущ общий характер, в конституции чаще встречаются “нормы-
принципы”, “нормы-цели”, “нормы-задачи”- все они носят общерегулятивный
характер, потребность в интерпретации институционных положений
обусловливается возможностью неодинакового понимания норм конституции и
неадекватной их реализации в процессе правотворчества или правоприменения”
[15, с. 51].
Конституциялық құқықтық нормаларға қатысты бұл анықтама да оның шынайы
өмірде нақты көрініс табуы мен қолданылуының нақты жағдайларын қамтымайды.
Бұл жөнінде А. Черняковтың пікірі көңіл бөлуге тұрарлық: “Следует обратить
внимание и на то, что в общей теории права, в том числе и конституционного,
существуют неоднозначные методологические подходы в рассмотрении проблемы о
наименованиях и соответственно о видах норм и оснований их классификации. В
частности, общепринятый термин “конституционно - правовые нормы” не совсем
полно передает объем и смысл существующего массива норм данной юридической
отрасли, по существу, содержит в себе лишь те акты, которые изложены в
Конституции. Представляется, что наиболее приемлемым будет термин “нормы
конституционного права” который охватывает своим содержанием как
конституционные, так и субконституционные (находящиеся за пределами
Конституции) законы” [16, c. 17]. Ары қарай, А. Черняков ойын былай
өрбітеді: “В своей основе (на микроуровне) каждая норма заключает в себе те
правовые и юридические признаки, которые характерны для того или иного
источника права. Тем самым, норма конституционного права как элементарная
юридическая форма является определенной системной частью нормативных актов,
прежде всего Конституции, и в силу этого выполняет интегрирующую роль в
процессе правореализации. Эта особенность содержит в себе единство,
основанное на принципе соотношения общего, отдельного и особенного” [16, c.
17].
Жоғарыдағы айтылған ойлардан конституциялық құқықтық норманы тек
конституцияда көрініс тапқан нормалардың жиынтығы деп қарауға
болмайтындығын аңғарамыз. Біздің ойымызша, конституциялық құқықтық норманы
екі қырынан сипаттап көрсетуге болады. Бірінші қырынан алғанда
конституциялық құқықтық норма негізінен конституцияда белгіленген
нормалардың көрінісі. Ал кең негізде алып қарайтын болсақ, конституциялық
құқықтық норма - дегеніміз жоғарыда аталған конституцияда және басқа да
конституциялық сипаттағы нормативтік актілерде көрініс тапқан нормалардың
жиынтығы.
Жалпы конституциялық құқықтық нормалар дегеніміз В. Мамоновтың айтуы
бойынша: “Конституционным является нормативно-правовой акт, принятый
(изданный) государственным органом в соответствии с правотворческой
компетенцией предоставленной ему Конституцией Казахстан” [17, c. 6].
Конституциялық нормалардың анықтамасын ресейлік оқулықтардың бірінде
былай тұжырымдаған “конституционно-правовыми нормами являются установленные
или санкционированные государством общеобязательные правила поведения,
регулирующие общественные отношения и составляющие однородную группу” [18,
c. 6]. Конституциялық құқықтық номраның анықтамасын беруге байланысты бұл
көзқарасқа қарағанда, осы саламен айналысушы ғалымдардың бірі - С.К.
Амадықованың мына тұжырымы: “Конституционно-правовые нормы-это нормы,
регулирующие основополагающие общественые отношения, которые составляют
существо взаимоотношений государства, личности и общества по организации
госудраственной власти и управлению обществом” негізділеу болып табылады
[19, c. 17].
Отандық ғылымдардың ішінде белгілі ғалым Ғ. Сапарғалиев оларға былай
түсініктеме береді: “конституционно-правовые нормы следует рассматривать с
двух позиций: 1) В чем их сходство с другими правовыми нормами; 2) чем
конституционно-правовые нормы отличаются от правовых норм других отраслей
права.
Конституционно-правовым нормам присущи все признаки правовых норм. Они
принимаются органами государства. Они являются средством упорядочения
общественных отношений [20, c. 14].
Конституциялық норманың жоғарыда біз сипаттап өткен анықтамаларын
саралап қарайтын болсақ, жалпы конституциялық құқықтық норманың түсінігін
беру өте күрделі құбылыс екендігін аңғарамыз. Бірақ, бұл айтылған ойлардың
барлығы конституциялық құқықтық норманы әрқашанда негізгі қатынастарды
реттеуге арналған норманың түрі екендігін мойындайды.
Конституциялық норма жалпы құқықтық нормалар жүйесінде маңызды роль
атқаратын көптеген қатынастардың құқықтық негізін қалау арқылы, басқа
құқықтық нормалардың өмірге жолдама алуына мұрындық болатын аясы үлкен
құқықтық нормасының бір түрін құрайды.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей конституциялық құқықтық нормалар қоғамның
ең жоғарғы саяси құқықтық құндылықтарын бекітетін және кең спектрлі, іргелі
қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты жүйенің көрінісін
сипаттайды. Конституциялық құқықтық нормалардың әлеуметтік мақсаты мен ролі
қоғамның өмір сүруінің бірнеше қатпарынан тұратын қатынастар жүйесіне ықпал
ете алу. Бұл конституциялық құқықтық нормалардың ішкі мәнінің байи түсуіне
жол ашады. Біз конституциялық нормалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Құқық туралы
Құқық нормаларын пайдалану
Аграрлық құқық
Құқық және Заң
Құқықтың қайнар көздері. Құқықтың негізгі белгілері
Мемлекет және құқық теориялық негіздері және әдістері
Құқықтық мемлекет түсінігі
Құқықтық мемлекет туралы
Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың құқықтық теориялық аспектілері
Пәндер