Қазақастан Республикасы прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары


Қазақастан Республикасы прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары
КІРІСПЕ . . . 3
І. ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . . 7
1. 1 ҚР-сы прокуратура органдарының даму тарихы мен қалыптасуы . . . 7
1. 2 ҚР-сы прокуратура органдарының қазіргі таңдағы жағдайы . . . 12
ІІ. ҚР-сы ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫ БАҒЫТТА-РЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ . . . 24
2. 1 Прокуратура қадағалаудың түсінігі, пәні, маңызы . . . 24
2. 2 Прокурорлық қадағалаудың актілері, олардың түсінігі мен түрлері . . . 38
2. 3 Прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері . . . 56
2. 4 Сотта мемлекет мүддесін білдірудің тіртіптері мен ерекшеліктері . . . 61
2. 5 Прокуратура жүзеге асыратын қылмыстық қудалау жөніндегі заң күші
бар Заңының түсінігі, маңызы мен түрлері . . . 64
2. 6 Прокуратура органдарының құқықтық статистиканы қалыптасудағы
қызметі мен рөлі . . . 74
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі құқықтары мен бостандықтары” деп көрсетілген. Осы айтылған құқықтар мен бостандықтарға жоғарғы қадағалауды жүргізе отырып, жүзеге асуын қамтамасыз ететін орган - прокуратура болып табылады.
Прокурорлық қадағалау құқық қорғау органдарының ішіндегі адамның құқықтары мен бостандықтарының меншік нысанасына қарамастан, мемелекеттің, заңды тұлғалардың, ұйымдардың мүдделері бұзылған кезде, қорғаудың кепілі болып табылады. Сондықтан құқықтық тәртіппен заңдылықты шынайы нығайту үшін мемлекет пен қоғам прокуратураның қадағалау және басқа да қызметінің жоғарғы деңгейінде болуына мүдделі.
Прокурорлық қадағалауды және басқа да прокурорлық қызметті тиімді жүзеге асырудың маңызды жолы болып, прокурордың әрқилы қызметінің ерекшеліктерін, нақтылы қызмет бағытына өздерінің өкілеттіктерін дұрыс қолдануын және керекті әдістемелерді пайдалана білуі жатады.
Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 1991 жылы қабылданған “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” заңының 4-бабында прокуратура қызметінің бірнеше қызметінің негізгі бағыттары айқындалған. Бұл прокуратура қызметтері бір-бірімен байланысты болғанымен, қолдану объектілері бойынша бір- бірінен ерекшеленеді. Сонымен қатар осы заңда прокуратура қызметтерінің әр бір бағыттары бойынша өкілеттіктері, қадағалау мәні мен мазмұны жеке-жеке тарау ретінде берілген. Прокуратура қызметінің негізгі бағытындағы өкілеттігі шегіндегі жалпылама міндеттері - заңдылықты сақтау, осыны жүзеге асыруға байланысты басқа да өзара ұқсас жақтары болады. Бір бағыттағы қызмет нәтижесі басқа қадағалаудың жүзеге асуын қажеттілігін тудырады. Мұны былай көрсетуге болады: жалпы қадағалау тәртібінде тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, осыдан кейін тергеудің заңдылығын қадағалау, яғни алдын ала тергеу мен анықтама органдарындағы заңдылықтың орындалуын қадағалау қызмет бағыты болса, олардың нәтижесінде істі сотта қарау кезеңіндегі заңдылықтың орындалуын қадағалау қызмет бағыттары туындайды. Бұдан шығатыны прокурорлық қызметінің әрбір бағыттары бір-бірімен сабақтасып жатқандығы. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң бұзушылармен күресу, жалпы қадағалау шеңберінде жүргізілсе, ал құқық қорғау органдарының қылмыспен күресу қызметтері және басқа да құқық бұзушылықтарды үйлестіру, прокуратура қызметтерінің барлық бағыттары бойынша жүргізіледі.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет қалыптастыруда. Құқықтық мемлекеттің бірден-бір артықшылығы заңның жоғары тұруы және оның нақты және бірыңғай орындалуы болып табылады. Заңдардың дәлме-дәл және бірыңғай қоладнылуын қамтамасыз ететін орган - прокуратура болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып Қазақстан Республикасының мемлекет қалыптастырудағы тұрақтылығын қамтамасыз етудегі прокуратура органдары қызметінің алатын орны мен рөліне талдау жасау және оны жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.
Зерттеудің алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді шешу алға қойылды:
- Қазақстан Республикасы прокуратура қызметінің басты бағыттарын, олардың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау;
- прокуратура қызметінің мемлекеттік орнын қарастырып, талдау және құқықтық мемлекеттік маңызын ашу.
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының алатын орны мен ролі болып табылады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі- Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау барысында жұмыста Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің статистикалық материалдары қолданылады, нақты әлеуметтік әдістерге жүгіну орын алды.
Зерттеудің нормативтік базасын мыналар құрайды: “Қазақстан республикасының Прокуратурасы туралы” Қазақстан Республикасының заңы және нормативтік актілер мен нормативті - құқықтық актілері және т. б.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Дипломдық жұмыс «Басқару институтының» бағдарламаларына сәйкес орындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан сегіз бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен 83 беттен тұрады.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының теориялық және практикалық өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу мақсаттары мен міндеттері, зертеудің объектісі анықталып, қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми жаңалықтары келтірілген.
Бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының дамуы мен қалыптасуы, атқаратын қызметтері, тәжрибесі қарастырылған.
Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы Прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарының ерекшеліктері мен маңызы, прокурорлық қадағалаудың түсінігі мен міндеттерін және прокуратураны мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметінің бағытын айқындап ашып көрсетуге тырыстым.
Мен бұл бітіру жұмысында «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарын», “Қазақстан Республикасы Прокуратурасы туралы” заңды басшылыққа ала отырып, Ресей және Қазақстанның ғалымдарының еңбектеріне сүйендім.
Ресей ғалымдарының ішінде Басковтың “Курс прокурорского надзора” және Чувелевтың “Прокурорский надзор в Российской Федерации” деген оқулықтарының негізінде жаздым. Ал, Қазақстан әдебиеттерінің ішінде Н. А Бекбергеновтың “Правоохранительная система в Республике Казахстан” және Х. Ю. Ибрагимовтың “Правоохранительные органы в Республике Казахстан” атты еңбектерін қолдандым.
Бұнымен қатар Виногуров Ю. Е., Гаврилов В. В., Рябцев В. П., Бляхманов Б. Л., Белкин А. А. тағы басқалардың еңбектерін пайдаландым.
Бұл тақырып бойынша қазақ тiлiнде шыққан прокуратура жүйесі бойынша ғылыми әдебиеттер аз болғандықтан, дипломдық жұмысымды өзiмнiң ана тiлiмде жазуға бiраз қиындықтар болды. Бiрақ ол қиындықтарды жеңдiм деп ойлаймын, өйткенi алда баяндалар еңбегiм соның жемiсi.
І. ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының даму тарихы мен қалыптасуы
Прокуратура қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Оның тарихын маңызды үш кезеңге бөлінетінін атауға болады.
Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.
Прокуратураның дамуының екінші кезеңінде яғни, 1933 жылы оның өкілеттігі кеңейе түсті. Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Оның тарихында тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО өзінің жаңа Конституциясын қабылдады, сол оқиға республика үшін тарихи маңызға ие болды, соңынан Қазақстан автономиялы республикадан одақтық республикаға айналып, КСРО-ның құрамындағы тең құқықты мемлекет болды. Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады.
Осы сәттен прокуратураның дамуы мен нығаюдың үшінші кезеңі басталды, Әділет халық комиссарынан прокуратура толық бөлінді. Республика құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс жасай бастады. Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры С. Есқараев болды.
Сол жылдың 11-ші қарашасында Әділет халық комиссары және прокуратураны бөлу туралы бұйрық шығып, республика прокуратурасы тікелей КСРО-ның прокурорына бағынатын болды.
Сол кезеңде прокуратураға мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс-әрекетінің заңдылығына, сонымен қатар жеке адамдардың, тергеу органдары, анықтау және т. б. органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.
Алайда прокуратураның тарихында қалыптасқан күрделі жағдайларға байланысты өзінің құқық қорғау міндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алмаған кезеңі де болды. Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айып тағылып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған республиканың прокуроры болған сегіз арысымыз бар. Олар Нығмет Нұрмақов, Нұртаза Ералин, Сәдуақас Мәмбеев, Жанайдар Сәдуақасов, Боран Айтмағамбетов, Қанай Боранбаев, Мырзағұл Атаниязов және Сүлеймен Есқараев. Тек 1937 жылдың өзінде ғана прокуратура органдарынан 40-тан астам қызметкер негізсіз жұмыстан шығарылды, солардың бірқатары революцияға қарсы және ұлтшыл топтарға қол ұшын берді деген желеумен қамауға алынды. Бұл жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңі еді. Сол қысталаң шақтың өзінде прокуратура органдарында өз жұмысына адал жандар, заңдылықтың мүлтіксіз орындалуы үшін жан аямай күресіп жатты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлық-тергеу кадрлары Отанды қорғау ісінде өшпес ерліктің өнегесін көрсетті. Соғыс басталғаннан кейін 1942 жылдың тамыз айында 885 прокуратура қызметкерлерінің 411-і Қарулы Күштер қатарына шақырылып, соғысқа кетті. Көптеген прокурорлар мен тергеушілер бостандық пен мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиды. Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Мақат аудандық прокуратурасының халық тергеушісі Мұса Баймұқановқа майдандағы ерлігі үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке орай оны ол алып үлгере алмады, сол жылы 18 наурызда ол майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Ұлы отан соғысында аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Н. Әбдіровты кім білмейді! 1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған Нүркен жау эшалонының күлін көкке ұшырып, ерлікпен қаза тапты. 1943 жылы 31 наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол аяулы Нүркен Қарағанды облыстық прокуратурасында тергеуші болған еді.
Соғыс аяқталған соң прокуратураның қызметкерлері ауыл шаруашы-лығын қалпына келтіру үшін белсенді жұмыс жасады, мемлекеттік және қоғамдық меншікті мүлтіксіз қорғады және қоғамдық, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған адамдармен аянбай күресті.
Қазақстан мемлекеттіліктің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде прокуратураның рөлі мен орны өзгеріп отырды, яғни оның қызметі жаңа мазмұнмен толықтырылып, прокурорлық қадағалаудың міндеттері өзгертілді. Алайда, прокуратураның алдында тұрған міндеттер өзгертілгенімен ол тұрақты түрде құқық қорғау органы, демек оның қызметінің басты мазмұны заңдылық пен құқық қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтар мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау болып қала берді.
Мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі сөзсіз өсе түсті және оның алдындағы міндет әрбір азаматтың прокуратура өзінің мүддесін нағыз қорғаушысы екендігіне қалтқысыз сенетін дәрежеге жеткізу болды.
Алайда, Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін, прокуратура да басқа құқық қорғау органдары сияқты, тоталитарлық мемлекет жағдайындағы әміршілдік-әкімшілік жүйенің мүддесін бірінші кезекке қойғанын атай кету керек. Соған қарамастан прокуратура органдары қызметінің басты мазмұны қай кезде де заң бұзушылықты анықтап, оған дер кезінде тосқауыл қоя білу болды. 1
1991 жылғы тамыз оқиғасында республикалық прокуратура органдары осындай сын сәтте абдырамастан қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада бағыт-бағдарын айқындап, ескіше жұмыс істеуден бас тартып, прокуролрлық қадағалаудың тиімді тәсілдерін енгізуге күш салды.
Елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтар адамды қоғамның жоғарғы құндылығы ретінде бірінші кезекке шығарып, азаматтардың сотпен қорғалу құқығын кеңейте түсті. Жеке адамның құқығын қорғау республика прокуратура органдары қызметінің негізгі мазмұнына айналды.
Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәтінен басталды. Прокуратураның реформалауы мен дамуы жаңа мемлекеттік құрылымының, саяси және халықаралық-құқықтық бағдардың қағидасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.
1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР -ның Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.
1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болды.
Осы заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуда оң әсер етті. Алайда, мемлекеттік құрылыс үдерісінің жедел дамуы және құқық демократиясының өріс алуы құқық жүйелерін қалыптастыруда жаңа ізденістерді талап ете бастады. Осыған байланысты 1994 жылы 12 ақпанда Елбасының Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл құжатта прокуратура органдарын реформалаудың негізгі қағидалары анықталынды.
Одан әрі ол 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдуммен қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығында көрініс тауып, бекітілді. Конституцияның 83-бабындағы прокуратура туралы негізгі ереже прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған дербес жүйе екендігін жариялап берді.
Сөйтіп прокуратура республикамыздың мемлекеттік билік органдары жүйесіне өзінің конституциялық орнын еншіледі.
Елбасына ғана есеп беретін және Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын республика прокуратурасы Конституциясының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы тәрізді міндеттерді жүзеге асырудың құқықтық тетігі (құралы) болып табылады. Прокуратура заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Жинақтап айтсақ, республика прокуратурасы өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады.
Қазіргі кезде ол басқа мемлекеттік органдар қызметін алмастырмайды, әртүрлі шаруашылық субьектілерінің қызметіне негізсіз араласпайды. Сонымен қатар прокуратура Конституцияның 83-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жол берген заң бұзушылықтарды анықтауды күшейтіп, орын алған кемшіліктерді заңда қаралған тұрғыда жоюға ықпал етеді, оның ішінде атқару және сот биліктерінің заңсыз актілеріне наразылық келтіріп, сондай-ақ қолданыстағы заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын орындамау фактілерін қалт жібермейді.
1. 2 Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қазіргі таңда-ғы жағдайы
Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз зайырлы демократиялық мемлекеттің пайда болуына байланысты Қазак Кеңестік Социалистік Республикасы негізінде жана мемлекеттік құрылымның және өмір тіршілігінің талаптарына жауап беретін елдің жаңа заңдарын құруға тура келді. Біздің қоғамымыздың басымдылығын және негізгі құндылықты өзгертумен қоса, прокуратура қызметі де бірге өзгерді. ККСР прокуратурасы барлық министрліктерде, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволарда, кәсіпорындарда және өзге де қоғамдық ұйымдарда, лауазымды адамдардың, сондай-ақ азаматтардың заңдарды бірыңғай әрі дәл орындауларына жоғары қадағалауды іске асыратын орган болып танылды. Қаз СКР аумағында бұл қызметті тікелей КСРО Бас прокуроры, және оған бағынышты Қазақ КСР прокуроры және төменгі тұрған прокурорлар іске асырды.
КСРО Бас прокуроры Қаз КСР прокурорын және облыс прокурорларын қызметке тағайындады. Қаз КСР прокуроры аудандық және қалалық прокурорларды қызметке тағайындады және КСРО Бас прокурорымен бекітілді. Осыдан шыға отырып, біз ҚКСР прокуратурасы КСРО Бас прокурорына тәуелді болғанын, прокуратураны ұйымдастырудың кұрылымы мен тәртібі де КСРО Бас прокуроры арқылы реттелелгенін көреміз, біздің прокуратураға қатысты дербестік болған жоқ. Прокуратура органдары кандай да бір жергілікті органдарға қарамастан өздерінің өкілеттіліктерін іске асырды, тек КСРО Бас прокурорына және ҚКСР Жоғарғы Кеңесіне бағынды. Осының барлығына байланысты прокуратура органдары қазіргі кезеңде алдына ала тергеуді іске асыра алды. Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1990 жылғы 25 қазандағы қаулысымен бекітілген Мемлекет-тік тәуелсіздік туралы декларациясына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 164-167 баптарына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1991 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысына сәйкес прокуратура органдарының аумағында қолданыстағы базасында республиканың Бас прокурорына бағынатын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құрылады. Прокуратура органдарының қызметі бірінші рет жаңа республикада ұлттық заң актілері, 1991 жылғы 17 қаңтарда республика Президенті қол қойған "Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңы реттелді. Осы заң актісі тәуелсіз мемлекеттің прокуратура органдарын құруда жағымды рөл атқарды.
Прокурорлық кадағалаудың практикасы мен іліміне 1992 жылы 17 қаңтарда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы" ҚР Заңы көптеген жинақтар енгізді. Прокуратура заңдардын орындалуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын орган болып жарияланды, республиканың Жоғарғы Кеңесіне есеп береді. Қазақстан құзыретіне әскери прокуратура қабылданды.
Прокуратура алдында республикадағы зандардың үстем тұруын, заңдылықты нығайту мен біртұтастығын және құқық қорғау тәртібін қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Барлық қызметәндегі оның міндеттері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, республиканың тәуелсіз құқықтарын, бағыныштылығына қарамастан, оның саяси және экономикалық жүйесін, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың құндылықтарын, меншік нысандары мен құрамдарын кез келген қол сұғушылықтан қорғау; лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықты тануы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Осы заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуда жағымды рөл атқарды. Дегенменде, елдің нарықтық экономика жолымен көтерілуі, демократияны өрістетуде құқықтық жүйені қалыптастыруға жаңа жол табуларын талап етті.
Келесі кезең біздің заңымыздың өзгеруі барлық халықтық талдаумен, яғни референдуммен кабылданған тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын кабылдау болды.
Ол Қазақстан Республикасын демократиялық зайырлы, біртұтас мемлекет, оның ең қымбат казынасы - адам және азаматтың өмірі, бостандықтары мен адамның бұлжымас құқықтары және өзінің қызметін азамат пен қоғамның мүдделеріне іске асырады деп таныды. Осы саралауда прокуратура оның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағында зандардың дәл әрі бірыңғай орындалуына қадағалауды іске асыруға, қажетті жағдайларда, ол сол уақытта белгіленген заңдар шеңберінде қылмыстық қудалауды іске асыруға, сондай-ақ істердің сот талқылауына қатысуға тиіс. Осы Конституцияның арқасында прокуратура басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз болды және тек заң ғана бағынды. Прокурордың өзінің негізгі қызметінен басқа кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, депутат болуға, саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерге мүше болуға және басқа мемлекеттік лауазымдарды атқаруға мүмкіндігі болмады. Прокуратура органдарының бірыңғай және орталықтандырылған жүйесін Жоғарғы Кеңес жылға тағайындаған Қазақстан
Республикасының Бас прокуроры басқарды. Бас прокурор төменгі тұрған прокурорларды қызметке тағайындады және қызметтен босатты. Прокуратура органдарының құзыреті, құрылым, тәртібі және прокурорлар-дың құқықтық жағдайы "ҚР прокуратура туралы" Қазақстан Республика-сының Заңында анықталды.
Үрдісті дамып келе жатқан мемлекеттік құрылыстың процестері, демократия мен құқықты дамыту 1994 жылғы 12 ақпандағы Мемлекеттік бағдарлама кұкықтық жүйесін қалыптастыруға жаңа көзқарастарды жасауға тура келді. Осы мемлекеттік бағдарламада 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституция мен 1995 жылғы 21желтоқсандағы "ҚР прокуратура туралы" ҚР заңында кезекті өзінің бекітілуін тапқан прокуратура органдарының негізгі қағидаттарын реформалау көзделді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz