Сот билігінің ұғымы
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 9
1.1. Сот билігінің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 9
1.2. Сот билігінің функциялары және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
ІІ ТАРАУ. СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..20
2.1. Сот төрелігі және оның принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2. Сот жүйесінің мазмұны

... 22
2.3. Әділсоттың конституциялық принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 47
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланғаны белгілі.
Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына
бөліну, олардың тежемелік, әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара
іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Конституциялық тұжырымға орай мемлекеттік биліктің барлық
институттарының үйлесімді істеуі ерекше маңызға ие болады, себебі билік
тармақтарының келісе, түсінісе атқарған іс-қимылы ғана мемлекеттің,
қоғамның, адам мен азаматтың өзара қарым-қатынасында пәтуаластыққа, баянды
ынтымақтастыққа қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына арналған жолдауында: – Алайда біздің бүгін қоғамымыздағы
сяси реформаның қарқыны экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама
кейіндеп қалғанын мойындауымыз керек, - деп көрсете келе, мемлекетіміздің
саяси жүйесін демократияландырудың бірнеше негізгі бағыттарының ішінде
бірінші кезекте сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, құқықтық реформа
жүргізу мәселелерін атады.
Сондықтан да Қазақстан мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы
және жетілуі жағдайында, ең алдымен, мемлекеттік биліктің барлық
тетіктерінің жан-жақты жұмыс істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал
ретінде сот билігі тармағының рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу
қажеттігі туып отыр, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының негізгі
заңының бірінші бабында жарияланған конституциялық негіздеменің лайықты
жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті фактор да болуға тиіс.
Демек, тәуелсіздікке қол жеткізген егеменді Қазақстандағы сот
құрылысы сотта іс жүргізу, сондай-ақ сот төрелігі принциптерін дамыту
мәселелерін кешенді зерттеудің ғылыми-құқықтық және теорялық-тәжірибелік
тұрғыдағы өзектілігі мен маңыздылығына баса көңіл бөлу керек,бұл жерде
қазір қолданылып жүрген Конституцияда көрініс тапқан идеялар, қағидалар мен
ережелер және болашақтағы болжамды істер мен жаңа ағымдар, соның ішінде
қоғамның дамуы мен мемлекетті басқарудың логикалық, ғылыми-теориялық
негіздерімен және парасат-пайымды қажеттіліктерімен тікелей байланысты
қоғамдық қатынастарды құқықтық жолмен реттеуді жақсартуға бағытталған
заңдылықтарды жетілдіру саласындағы жаңа бағыттар ескеріліп, негізге
алынуға тиіс.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаттары:
• Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биіктің бір саласы – сот
тармақтарының жүйесі мен қызметін жетілдірудің ұйымдастырушылық-
құқықтық негіздерін зерделеу;
• Сот төрелігі принциптерін жүзеге асыруды дамыту жөіндегі ұсыныстар мен
ұсынымдарды ғылыми негіздеу;
• Мемлекеттік билік мақсат болып табылатын адам мен азаматтың
конституциялық мәртебесін мейлінше толық түрде жүзеге асыратын
құрылымдар ретіндегі сот органдарының мәні мен олардың іс-тәжірибесін
зерттеу;
• Жұмыста зерттеліп отырған мәселелер негізінде сот билігі
конституциялық-құқықтық жағынан жан-жақты дамып және сол арқылы
биліктің бөліну принципінің тиімділігін қамтамасыз етіп отырған
демократиялық құқықтық мемлекетте аталған биліктің жұмыс істеуінің оң
тәжірибесін зерттеу;
Осы жұмыс шеңберінде жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің басты
мақсатын айқындай келіп, біз бұл мәселелерді теориялық-құқықтық тұрғыда
жүзеге асырудың негізгі міндеттері деп мыналарды санаймыз:
• Сот жүйесі органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық-
құқықтық негіздеріне талдау жасау және оларды құқықтық мемлекет пен
демократиялық азаматтық қоғамды қалыптастыру міндеттерін ескере
отырып, жан-жақты дамыту;
• Сот құрылысы, сотта іс жүргізу, сот төрелігі принциптерін жүзеге асыру
жөніндег қолданылып жүрген заңдардың теориялық-құқықтық идеяларын,
қағидалары мен ережелерін онан әрі дамыту;
• Аймақтық, төрелік соттард қайта қалпына келтіру туралы айтлып, жазылып
жүрген болжамжардың, ұсыныстардың, көзқарастардың теориялық жағын
ғылыми тұрғыда зерделеу; осылайша азаматтық және қылмыстық істер
қараудағы Республика Жоғарғы соының рөлі мен маңызын көтеру,
шаруашылық даулар мен басқа да істерді тиісті дербес сот билігі
құрылымдарына толығымен беру, аталған сот құрылымдарының
конституциялық-құқықтық мәртебелерін түбегейлі өзгерту қажеттігін
негіздеу;
• кейбір сот сатыларының судьяларын сайлау жолымен тағайындау
тәжірибелерін қайтадан қалпына келтіру мәселесін қарау, сондай-ақ
Республика Жоғарғы Сотының судьяларын қоспағанда, төменгі сатыдағы
соттар судьяларын өмірлікке тағайындаудың орынды емес екендігі туралы
ұсыныстар енгізу;
• сот төрелігі принциптерін онан әрі дамыту мақсатында қоғамдық
қорғаушылар мен қоғамдық айыптаущылар институттарын қалпына келтіру
туралы ұсынстар енгізу;
• мемлекеттік биліктің заң және сот билігі тармақтарының арасындағы
өзара қарым-қатынастарды сапалық жағынан жаңа деңгейде үйлестіру
жөнінде ұсыныстар беру, сондай-ақ аталған мәселені зерделеу негізінде
ұсыныстар әзірлеу;
• мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтарының арасындағы өзара
қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін зерттеп, айқындау, бұл
мәселелерді шешу аталған қатынастарды түбірінен өзгертеді, ол билікті-
пәтуаластық нысанына ие болады;
• сот жүйесінің дамуына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен
қарым-қатынасына болжам жасау, бұл азаматтарды зерттеліп отырған
құрылымдарды қалыптастыру ісіне тартуды қамтамасыз ететін маңызды
фактор болып табылады.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік
әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы тәжірибелеріне, Қазақстан
Республикасының конституциялық құқығына, шетелдік мемлекеттердің
конституциялық құқығына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының
мағлұматтары пайдаланылды.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Сот билігінің ұғымы
Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік
тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда
туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік
кесімдерді негізгі ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек
республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органдардың,
лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың,
азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының
Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының сот жүйесінің
тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы Жарлық қабылдады [5, 56 бет].
Президентке облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын
тағайындау бойынша конституциялық өкілеттік берілген. Парламент, заң
шығарушы билік ретінде заңдар қабылдау арқылы сот жүйесін, оның қызметі
принциптерін, сот органдарының құзыретін, судьялардың мәртебесін, олардың
істерді қарастыру тәртібін және тағы басқаларын белгілейді.
Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде біртұтас
мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар: 1) Оның қызметі елдің
бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделеді; 2) Оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады; 3) Сот
органдарының шешімдері тек солардың құзыреті шеңберінде қолдануға тиіс; 4)
Сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар,
азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндетті; 5) Сот органдары заңдылық
пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.
Биліктің ерекше тармағы реінде сот билігінде белгілі бір өзіндік
ерекшелікті белгілері бар.
Сот билігінің маңызды өзіндік белгісі оның айрықшалығы болып
табылады. Ешбір басқа билік тармағының – заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек
соттар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше
көрсетілген. Конституцияның 77-бабында: Қазақстан Республикасында әділ
төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, - деп жазылған. Осы конституциялық
қағиданы дамыта отырып, 2001 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Заңда соттың
айрықша өкілеттіктерін басқа органдарға табыстауды көздейтін заңнамалық
кесімдер шығаруға тйым салынады. Шығару дегеннің орнына қабылдау деп
жазу керек еді, себебі шығару қабылдауды жоққа шығармайды. Мысалы ХХ
ғасырдың отызыншы жылдары КСРО Конституциясына қайшылықта халықтың
жауларына қатысты сот функцияларын жүзеге асырған үштік, бестік
секілді жазалаушы органдар құрған нормативтік құқықтық кесімдер
қабылданды. Ол нормативтік кесімдер басылып шығарылған жоқ. әрине,
реакциялық тұрғыдан дәл болмауына қарамастан, аталмыш заң нормасының саяси-
құқықтық маңызы бар, себебі ол Конституцияның қағидаларының кепілдігіне
бағытталған. Сот жүйесі туралы заң бұрын республиканың заңнамасында
болмаған жаңа норманы енгізді. Сот өндірісі тәртібінде қарастыруға жататын
жолдауларды, арыздар мен шағымдарды ешбір басқа органдар, лауазымды немесе
өзге тұлғалар қарастыра немесе бақылауына ала алмайды. Бұл норманың
белгілі бір әлеуметтік-құқықтық мағынасы бар. Заңи бейхабарлығының
арқасында азаматтардың сотқа емес, басқа мемлекеттік органдарға жүгініп,
олардың құзыретіне жатпайтын мәселелер жүктейтіні сирек емес. Солай
болғанымен де, мемлекеттік органдар азаматтардың арыздарын, шағымдарын
қабылдап, оларды қарастыруға талпынады, ал бұл тек олардың жұмысын
қиындатып қана қоймай, теріс салдарға әкеліп соғады. Басқа жағынан,
өздеріне тән емес мәселелермен шұғлдана отырып, мемлекеттік органдар,
лауазымды тұлғалар сайып келгенде әділ сот органдарының орнын ауыстырады.
Әрине, аталмыш заң нормасын іске асыру жалпыға бірдей құқықтық сауаттылық,
заңгерлік қызметтердің кеңінен таралу және мемлекеттік органдардың тиянақты
қызметі жағдайында мүмкін болады.
Даулы мәселелер тек сот арқылы шешіледі. Өз бетімен, заңдар
белгілеген тәртіпке қарсы өзінің басқа тұлға немесе ұйым даулайтын,
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не болмаса
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян
келтіретін іс жүзіндегі немесе жорамал құқығын жүзеге асыру қылмыс болып
табылады.
Сот билігінің басқа бір өзіндік белгісі оның өкілеттіктерін асырудың
ерекше рәсімі болып табылад. Біршама егеменді бөліктерден тұратын
федеративтік мемлекетте әртүрлі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік,
процессуалдық заңдар болуы, олардың кейбірінің тиісті мемлекеттік бірліктер
шеңберінде әрекет етуі және өзіндік ерекшелік белгілері болуы мүмкін.
Біртұтас Қазақстан мемлекетінде соттардың процессуалдық қызметін асқан
дәлелдікпен, егжей-тегжейлі реттелмейтін біртұтас азаматтық-процессуалдық,
қылмыстық-процессаулық заңдар қабылданған және әрекет етеді [6, 45 бет].
Енді әкімшілік-процессуалдық заңдарды әзірлеу қалды. әкімшілік
қылмыскерлерді сот, сондай-ақ түрлі арнайы мемлекеттік органдар
кодтандырылмаған, сол себепті көптеген қолайсыздық туғызып қана қоймай,
сонымен бірге созбалаңға, азаматтардың заңды мүдделерін шектеуге тартатын
бөлек-бөлек нормативтік құқықтық актілердің негізінде қарастырады.
Әкімшілік шалыс басулардың ортақ белгілері болғандықтан және оларды ортақ
принциптердің негізінде және ортақ процессуалдық нысандарда қарастыру
мүмкін болғандықтан әкімшілік-процессуалдық кодекс қабылдау қажет.
Сот билігінің елеулі бір нысаны мемлекеттік қызметкерлердің ерекше
санаты болып табылатын судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет рижимі болып
табылады. Конституцияға сәйкес Республиканың 25 жасқа толған, жоғары заң
мамандығы білімі, заң мамандығы бойынша кем дегенде 2 жыл жұмыс стажы және
біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады (79-бап).
Конституцияда судьялар үшін заң қосымша талаптар белгілей алатыны
көрсетіледі. Осындай қосымша талаптар Сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы Заңда белгіленеді.
Судьялардың қызмет рижимінің ерекшеліктері олардың тәуелсіздігі және
тек Конституция мен заңға ғана бағыныштылығы сияқты конституциялық
қағидалардан көрінеді. Заң судьялардың ауыспайтындығы мен қол
сұғылмайтындығын белгілейді. Олардың істеріне қол сұғылмауын белгілей
отырып судьяларды қорғау қажеттілігі күмән туғызбайды.
Сенімді соттар туралы ерекше айту керек. 1998 жылғы қазанда
Қазақстан Республикасының Конституциясына заңда көзделген жағдайларда
қылмыстық сот ісін жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге
асырылады, - деген жаңа қағида енгізілді (75-бап). Осындай жаңашылдық сот
қызметін демократияландыру туралы қоғамдық пікірді ескерудің нәтижесі болып
табылады. Қазақстанда Сенімді заседательдер институты ешуақытта болған
емес, сол себепті қандай да бір тарихи дәстүрлер туралы айта алмаймыз. Ал
бұл мән-жайды сенімді заседательдер туралы құқықтық негіздер әзірлеу
кезінде есепке алу қажет.
Сот билігінің өзіндік бір нышаны оның қызметін іштен бақылаудың
ерекше жүйесі болып табылады [12, 89 бет]. Әділ сотты жүзеге асыра отырып,
соттар Конституция мен заңға ғана бағынатын болғандықтан, заң щығарушы,
сондай-ақ атқарушы биліктің де олардың шешімдерінің заңдылығын бақылауды
жүзеге асыруға құқығы жоқ. Соттардың қызметін бақылау соттық қадағалау
арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғы Сот қадағалау тәртібінде төмен тұрған
соттар қарастырған істерді қарастырады.
Соттарды прокурорлық қадағалауға келетін болсақ, ол әкімшіл-әміршіл
жүйенің қалдығы болып табылады деген пікірлер айтылып жүр. Осындай
пікірлердің негізі бар, себебі Конституция әділ сотты жүзеге асыруда
соттардың тәуелсіздігін бекітеді. Солай болғанмен де прокурорлық
қадағалауды бірден жойған да үйлесімді бола қоймас. Бұл жерде де, сондай-ақ
біртұтастық принциптерін ескерген жөн. Соттық қадағалау қалай дегенмен де
ішкі мәселе болып табылады, төмен тұрған сотардң қызметін бағалаудағы
ведомстволық көзқарас қаупі әлі болса сақталып қалады. Прокуратура болса
соттарды қадағалауды жүзеге асыру отырып, бүкіл Республика аумағында
заңдардың Президентің жарлықтары маен өзге де нормативтік актілердің дәл
және бірыңғай қолданылуын бақылайды. Басқаша айтқанда, прокуратура соттар
жергілікті жағдайларға орай үйлесімділікті заңдылыққа қарсы қойма үшін
оларды қадағалайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің біртұтас құрлысын
ескерумен ерекше сот жүйесін бекітті. Қазақстан Республикасының сот жүйесі
елдің соттарының жиынтығы болып табылады.
Қазақстанның сот жүйесі азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және
әкімшілік істерді қарастыруды жүзеге асыратын жалпы заңдық ұкім соттардан,
сот мекемелерінің біртұтас жүйесінен тұрады. Олар Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты, облыстық соттар, аудандық (қалалық) халық соттар. Жалпы
соттар жүйесіне әскери соттар да кіреді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 3-
бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы
және сот билігі тармақтарына бөлінуі, сондай-ақ тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйесін пайдалана отрырып, олардың өзара іс-қимыл жасауын бекітіп берді.
Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процесі шынайы көрініс таба бастады.
Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар
мен соттардың материалдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны
үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкіметтігін айтарлықтай кеңейтуден
айқын байқалды. әсіресе, азаматтардың конституциялық құқықары мен
бостандықтарын шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және
ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің
заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда.
Сот билігі деп – соттар жүзеге асыратын адамдардың мінез-құлқына
және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және
оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де
нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың орындалуын
қамтамасыз ету [4, 73 бет]. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер
мен дауларға қатысты болады.
Соттар шешімдерінің үкімдері мен өзге де қаулыларының
республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол
сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке
әкеліп соғады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және
заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сот билігінің
Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын
айғақтайтын соттар болып саналады.
1.2. Сот билігінің функциялары және оның мәні
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Конституцияда бекітілген маңызды функциялардың бірқатарын атқарып отыр. Ол
функциялар сот билігін, біріншіден, мемлекеттік биліктің дербес тармағы
ретінде, екіншіден, мемлекеттік биліктің басқа тармақтарына қатсты
тежемелер мен қарсы салмақтардың ерекше тетігі бар емлекеттік орган жүйесі
ретінде, үшіншіден, өзінің қызметін өзіндік ерекшелікті принциптердің,
нысандар мен әдістердің неізінде жүзеге асырушы емлекеттік билік тармағы
ретінде, төртіншіден, әділ сотты жүзеге асрушы органдар ретінде сипаттайды.
Қазақстандағы сот билігі заң шығарушы немесе атқарушы билік
тармақтарын тежеу мен шектеу, олардың қызметін құқықтық бақылау функциясын
атқарады. Бұл функция әділ сотты жүзеге асыруға арналған сот билігінің
мәнінің өзінен туындайды. Сөздің кең мағынасында әділ сот барлық
азаматтардың, барлық мемлекеттік органдардың жоғарыдан төменгісіне дейін,
барлық мемлекеттік емес ұйымдардың қызметтерінің құқыққа, құқықтық
ережелерге сәйкестігін белгілеуге бағытталған қызмет болып табылады. Демек,
әділ сот жайлы тек сот билігінде мемлекеттік органдардың қызметін де
қолданыстағы құқық тұрғысынан бағалауға құқықтық мүмкіндігі болғанда ғана
айтуға болады. Қарастырылып отырған функция біріншіден, соттар қолданатын
құқықтық нормаларды Конституция нормаларымен тексеріп отыруға
тиісекендігінен көрінеді. Соттар, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілерді қандай орган қабылдағанына қарамай, олар Конституцияға қайшы
келсе, қолданбауы тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясында егер, сот қолдануға жататын
қандай да бір заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және
азаматтың Конституция бекіткен құқықтары мен бостандықтарына қысым
жасайтынын көрсе, онда ол іс бойынша өндірісті тоқтатуға және осы актіні
конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске
жолдануға міндетті. Осы құқық барлық соттарға, жергілікті, сондай-ақ
Жоғарғы Сотқа берілген және іс жүзінде олар осы құқықты парламенттің,
сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер қабылдау өкілеттігі берілген басқа
да мемлекеттік органдардың конституциялық емес норма шығарушылығын тежеу
тетігі ретінде пайдаланады. Заң шығарушы және атқарушы биліктің норма
шығарушылық қызметін тежеу және шектеу функциясының ерекше маңыздылығын
атап көрсете отырып, осы функцияның толық еместігі туралы айта кету керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның өмірін,
құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің маңызды құндылықтары деп таниды.
Сондықтан азаматтардың конституциялық құқықтары мен босандықтарына қысым
көрсететін заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының тежеу мен
шектеу Конституциялық ережеден туындайды. Себебі, соттар жалпы алғанда
мемлекетті қорғауға арналған Конституциялық ережелерді талдай отырып,
мемлекет мүдделерін сот тәртібінде де қалай қорғау керек екенін белгілеуге
болады [7, 123 бет]. Және де мемлекеттің мүдделерін нормативтік құқықтық
актілердің, тіпті заңдардың да Коституцияға сәйкестігі туралы
Конституциялық Кеңеске жолдану арқылы да, сондай-ақ мемлекеттің мүдделеріне
қысым жасауға бағытталған ұйымдатырушылық және практикалық шараларды
конституциялық емес деп тану арқылы қорғауға болады.
Конституция қорғайтын, демек сот органдары қызметінің саласына
жататын мемлекеттің қандай мүдделері туралды айтуға болады?
Біріншіден, соттар мемлекет қызметінің қоғамдық татулық пен саяси
тұрақтылық, бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық
патриотизм, мемлекет өмірінің осы демократиялық әдістері сияқты негіз
қалаушы принциптерін қорғауға тиіс. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік
заңдар аталған принциптерге қастандық етуші тұлғаларға қатысты қолданлатын
шараларды көздейді. Бұл Конституцияның ұлтаралық татулықтыбұзатын кез
келген әрекет конституциялық емес деп танылады деген 39-бабына негізделген.
Екіншіден, соттар Республиканың егемендігін қорғауға тиіс. Егемендік
ішкі және сыртқы болады. Демек, Республиканың егемендігіне қысым көрсетуге
бағытталған ішкі, сондай-ақ сыртқы акциялар орын алуы мүмкін. Кейбір
жағдайларда осындай акциялар соттың қарастыруына жатуы мүмкін.
Үшіншіден, мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруға
жол берілмейді. Бірде-бір заңда саяси партиялар ұйымдары мемлекеттік
органдарда құрылған болса, оларды тарату туралы мәселені қалай шешу
керектігі көрсетілмейді. Осы мәселені шешудің екі тәсілі бар деп
есептейміз: 1) әкімшілік; 2) соттық. Осы мәселе айрқша маңызды
болғандықтан, оны егжей-тегжейлі реттеу керек.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында
мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалад деп
жазылған. Азаматтық, қылмыстық заңдардың елеулі кемшіліктерінің бірі
мемлекеттік меншіктің толық көлемде қорғалмайтыны болып табылады.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру барысында атқарушы органдар басшыларының
мемлекеттік меншікті жеке меншікке заңды бұзуын табыстаған көптеген
жағдайлар орын алды. Жеке тұлғалар адал сатып алушылар болып табылғандықтан
объектілер олардың иелігінде қалды. Мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз
әрекеттері сатып алу-сату шарттарын бұзуға негіз болып табылмайды. Соттар
мемлекеттік меншікті тең қорғау туралы конституциялық ережеге назар
аудармайды, өйткені оларға тек азаматтардың құқықтарын қорғау туралы сөз
болғанда ғана Конституциялық Кеңеске жолдану құқығы берілген.
Бесіншіден, Конституцияда мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол
сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп жазылған. Қоғамдық
бірлестіктердің, жергілікті органдардың тарапынан Қазақстан аумағының
тұтастығын, иеліктен айырылмаушылғын бұзуға бағытталған акциялар,
әрекеттер, шешімдер және т.б. орын алу мүмкін. Ондай акциялар да сондай-ақ
сот талқылауына жатуы мүмкін.
Алтыншыдан, Конституция белгілеген Республиканың біртұтастығы,
президенттік басқару нысаны өзгертіле алмайд. Мемлекеттік құрлыстың
біртұтастығын өзгертуге біраз талпыныстар болд. Ондай талпныстар
нормативтік құқықтық актілер нысанында ()жергілікті органдардң, жергілікті
референдумдардың шешімдері болуы мүмкін.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясы жекелеген
мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан бұзылуы мүмкін
мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттілігін көздейді.
Сот билігінің маңызды, тіпті басты функциясы – әділ сотты жүзеге
асыру болып табылады. Соттардың Конституция мен заңдар белгілеген
өкілеттіктері оларға құқықтық, демократиялық мемлекет қалыптастыру мен
дамыту бойынша міндеттерді шешуге қабілетті дербес мемлекеттік билік
қасиетін береді. Сот қоғамдық өмірдің құқықпен реттелетін кез келген
саласында қоғамның жекелеген мүшелерінің арасында, олар мен мемлекеттің,
оның органдарының арасында қақтығысулар туындаған жағдайда төрелік
функциясын жүзеге асыруға арналған. Осындай төреліктің негізі Конституция,
заң болып табылады, оларға сәйкес сот әрекеттерінің, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын бұзушылықтың орын алғаны жайлы кінәрат талаптардың
заңдылығы немесе заңсыздығы туралы шешім шығарады. Сот мемлекеттің атынан
нақты қлмыстық, азаматтық, әкімшілік, шаруашылқ істер мен дауларды
қарастырады. Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік
құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттары негізінде
туындайтын барлық істер мен дауларға таралады. Осы жерде Қазақстанда әділ
сот бірінші кезекте Конституцияның негізінде жүзеге асырылатынын
көрсететіні назар аударуға сай. Әрине, даулар мен істердің Конституцияға
қатысты болмауы және оның ережелерін тура және тікелей қозғамауы да мүмкін.
Бірақ, кез келген істі қарастыру кезінде, сот қолданылатын құқықтық актінің
Конституцияға сәйкес келетінін, келмейтінін тексеріп отыруға тиіс [9, 40
бет]. Екінші бір елеулі сот – Конституциялық сот билігі азаматтар мен
ұйымдардң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау,
Конституцияның, заңдардың, өзге де құқықтық нормативтік актілердің,
Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін
тағайындалатыны туралы ережесі болып табылады. Бірінші орынға азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау қойылады. Сөз мемлекеттік
және мемлекеттік емес ұйымдар жайлы болп отыр. Мемлекеттік органдартуралы
неге айтылмайды, олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылмайды ма? -
деген орынды сұрақ туындауы мүмкін. Иә, мемлекеттің де, оның органдарының
да бұзылуы мүмкін түрлі құқықтары мен заңды мүдделері бар. Оларды
Конституция, заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер қорғайды,
олардың орындалуын сот қамтамасыз етуі тиіс.
Кейбір зерттеушілердің сот билігінің азаматтардың Конституцияның және
өзге де саланың құқық субъектілігін шектеу сияқты функциясы бар деп
есептейді. Бұл функция алдыңғы функцияның заңды жалғасы болып табылады.
Азаматтардың құқық субъектілігін шектеу заңдарға қатаң сәйкестікте
жүргізіледі. Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуді
көздейді. Қазақстан Республикасының Констиуциясы адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрлысты қорғау, қоғамдық
тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен
имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі
мүмкін деп белгіленген. Конституция саяси себептер бойынша азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол бермейді (39-
бап). Демек, сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектемейтін
заңды қолдану кезінде бүкіл елдің аумағында әрекет ететін тиісті
конституциялық ережелерге сүйенуі тиіс. Егер сот өолданылатын нормативтік
құқықтық актілрдің конституциялығын тексермейтін болса, онда сот
Конституцияға қарсы шешім шығаруы мүмкін.
Конституциялық Кеңес Қазақ КСР Кодексінің жауапкершілікке тартылатын
тұлғаның істі қарастыруға міндетті түрде қатысуын, және шақыру бойынша
келуден бұлтарған жағдайда мәжбүрлеп келтіруді көздейтін 261-бабының үшінші
бөлімі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым
көрсететіні туралы қаулы қабылдады.
ІІ ТАРАУ. СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАЗМҰНЫ
2.1. Сот төрелігі және оның принциптері
Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алады.
Оны соттар мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып және заңда
белгіленген тәртіп пен рәсімді сақтай отырып, қылмыстық, азаматтық және
өзгеде істерді қарау мен шешу жөніндегі құқық қорғау қызметі деп түсіну
керек.
Сот төрелігі конституциялық принциптерге сот қызметін
ұйымдастырудың және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық
идеялары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады [9, 75 бет].
Оған құқық қорғау қызметіінің барлық жалпы принциптері жатады. Бұған
қоса, оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен:
1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыра алады (ҚРның Консттуциясының
75-бабының 1-тармағы). Ол мынадан көрініс табады: - соттардың айырықша
юрисдикциясына жатқызылған істерді ешқандай басқа органдар қарай
алмайды; - қандай да бір атаумен төтенше немесе арнаулы соттарды
құруға жол берілмейді; - адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тануға
тек соттың ғана құқығы бар; - қылмыстық жаза тағайындауға тек соттың
ғана құқығы бар; сот қаулыларын тек жоғары тұрған сот қана белгіленген
тәртіп бойынша бұзуы мүмкін.
2. Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде туәелсіз және Конституция мен
заңға ғана бағынады (Конституцияның 77-бабының 1 және 2 тармақтары).
Сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын
араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкерлікке әкеп
соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Бұл принциптің
мәні сотқа бөгде біреулердің араласуынсыз, қандай да бір қысымсыз
немесе өзге де сырттан жасалатын ықпалсыз өз бетінше жауапты шешімдер
қабылдауға шынайы мүмкіндік беретіндей жағдай туғызуға ұмтылу болып
табылады.
3. Сот төрелігі таптардың тартысы және тең құқықтылығы негізінде жүзеге
асырылады. Қылмыстық қудалау, қорғау және қылмыстық істерді сот арқылы
шешу бір-бірінен бөлінген және әртүрлі органдар мен лауазымды адамдар
арқылы жүзеге асырылады. Мұның азаматтық процестердегі талаптарға
бірдей қатысы бар. Сот құқық мүддесінен басқа біреулердің сойылын
соқпайды және қандай да бір мүдделерді қолдамайды. Ол әділдік пен
алалықсыз қағиданы сақтай отырып, тараптардың процессуалдық
міндеттерін орындауына және өздеріне берілген құқықтарын жүзеге
асыруына жағдай жасайды. Тараптарға (айыптаушы мен қорғаушы, талап
иесі мен жауап беруші) өз көзқарастарын қорғайтындай бірдей
мүмкіндіктер берілген. Олар дәлелдер тапсыру, қолхат беру,
наразылықбілдіру, дәлелдерді тексеруге қатысу және сотта сөз сөйлеу
жөнінде бірдей құқықтарды пайдаланады. Сот олардың, бірінші,
наразылық шағымы, сот үкімін бұзу инстанциясы бойынша қаралатын
істерге қатысу құқығын қамамасыз етеді.
4. Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі
сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді. Сот үкімі мен
аппеляциялық қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған айғақтар
бойынша шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.
5. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар
мен азаматтар үшін сот қаулылары Қазақстан Республикасының барлық
аумағында орындалуға тиіс.
6. Сот төрелігін жүзеге асыруда судья мынадай актілерді басшылыққа алады:
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; - өзіне заңмен көзделген
соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің де өзгертуіне болмайды; - сотта
әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы; - ешкім өзіне-өзі, жұбайына,
туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес; - қылмыстық заңды
ұқсастығына қарап қолдануға жол берілмейді.
7. Сот төрелігінің кінәсіздік президумпциясы принципін ерекше атап өткен
жөн. Оның мәні адамның кінәлі екендігі эаңды түрде енген сот үкімімен
танылғанша кінәлі емес деп саналады.
2.2. Сот жүйесінің мазмұны
Қазақстан Республикасы Президенті 1995 жылғы 20 желтоқсанда
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы Конституциялық заң күшіне ие Жарлық қабылданды. Ол бес жыл
қолданыста болып, елдегі сот жүйесінің аяғынан тұруына оң рөлін атқарды.
Қоғамның сот жүйесін Конституцияда негізі қаланған идеялардың негізінде
және оларға сәйкес одан әрі жетілдіру қажеттігін алға тартты. Президенттің
тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты соттар туралы
заңның жобасын әзірледі. 2000 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Заң
қабылданды. Аталмыш заңның негізгі мақсаты елдегі сот-құқықтық реформаны
одан әрі дамыту болып табылады. Заңның қағидалары мемлекеттік билікті
тармақтарға бөлу конституциялық принципін анағұрлым толық және дәйекті іске
асыруға, тежегіштер мен қарсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың
өзара әрекетін күшейтуге бағытталған. Қазақстан Республикасының әділ
сотын тек Конституцияда аталған сот органдары – сот алқалары, жеке дара
судьялар жүзеге асыратын болады [2, 39 бет]. Соттардың пленарлық
мәжілістеріне әділ сот атқару құқығы берілмейді.
Қазақстан Республикасы сот жүйесі конституцияға және аталмыш
конституциялық заңға сәйкес құрылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотынан және жергілікті соттардан тұрады. Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды. Сот
жүйесінің біртұтастығын төмендегі факторлар қамтамасыз етеді:
Конституцияда, Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
конституциялық заңда, процессуалдық және өзге заңдарда барлық соттар мен
судьялар үшін. Ортақ әділ сот принциптері белгіленген.
Сот билігі заңдарда белгіленген, барлық соттар үшін біртұтас сот
өндірісі нысандарында жүзеге асырылады.
Барлық соттар Конституцияның 4-бабында айтылатын Қазақстан
Республикасының қолданыстағы құқығын қорғайды.
Конституция және Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
конституциялық заң барлық судьялар үшін біртұтас судья мәртебесін бекітті.
Заңды күшіне енген сот кесімдері (шешімдер, үкімдер, т.б.)
республиканың бүкіл аумағындағы мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар,
қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдар, азаматтар, шетелдік
азаматтар және басқалары үшін орындалуы міндетті.
Барлық соттар тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл
бір жағына сот жүйесінің біртұтастығын нығайтады, алекінші жағынан сот
билігіне атқарушы билік органдарының тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жоққа
шығарады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар жергілікті соттарға жатады.
Аудандық соттарға қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - әскери
гарнизон соты, экономикалық, әкімгерлік, кәмелетке томағандардың істері
бойынша және басқа соттартеңестіріледі. Аудандық және оларға
теңестірілген соттарды уәкілетті органдардың ұсынуы бойынша Президент
түзеді, қайта ұйымдастырады және таратады. Ұсыну Жоғарғы Соттың
Төрағасымен келісіледі. Президент бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде
бірнеше аудандық сот түзе алады. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы
санын да сондай-ақ Президент уәкілетті органдардың ұсынуы бойынша бекітеді.
әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын аталмыш сот төрағасының
ұсынысының негізінде уәкілетті органдар белгілейді.
Аудандық сот төрағадан және судьялардан тұрады. Егер штат бойынша
аудандық согтта бір судья көзделген болса, онда ол осы сот төрағасының
өкілеттіктерін жүзеге асырады.
Аудандық сот бірінші инстанция соты болып табылады және оған
соттық бағыныштылыққа жатқызылған сот істері мен материалдарын қарастырады,
сот статистикасын жүргізеді, заң көздеген басқа өкілеттіктерді жүзеге
асырады [13, 85 бет]. Аудандық соттың төрағасына белгілі бір міндеттер: сот
судьяларының сот істерін қарастыруын ұйымдастыру, сот кеңселігіне жалпы
басшылық етуді жүзеге асыру, азаматтарды қабылдауды жүргізу, судья
лауазымына кандидаттардың сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз ету секілді
және басқа да міндеттері бар.
Облыстық соттар да сондай-ақ жергілікті соттарға жатады. Облыстық
соттраға республика астанасының қалалық соты, қалалық, республикалық
мәндегі қалалық соттары, мамандандырылған соттар (республика әскерінің
әскери соты, т.б.) теңестіріледі. Облыстық және оларға теңестірілген
соттарды уәкілетті органдардың ұсынуы бойынша Республика Президенті түзеді,
қайта ұйымдастырады және таратады. Осындай ұсыну Жоғарғы Соттың Төрағасымен
келісіледі. Облыстық соттар судьялардың жалпы санын да сондай-ақ Президент
уәкілетті органдарының ұсынуы бойынша бекітеді. Әрбір облыстық сот үшін
судьялар санын аталмыш сот төрағасының ұсынысының негізінде уәкілетті орган
белгілейді.
Облыстық сот төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Облыстық соттың органдары: қадағалау алқасы; азаматтық істер алқасы;
қылмыстық істер алқасы; соттың пленарлық отырысы болып табылады.
Заңда облыстық сот екніші инстанция соты болып табылады деп атап
айтылмайды, ол өзіне соттық бағыныштылыққа жатқызылған сот істері мен
материалдарын қарастырады деп көрсетіледі. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде облыстық соттардың соттық бағыныштылығы
көзделеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 397-
бабында аудандық және оларға теңестірілген соттардың үкімдеріне апелляция
немесе кассация тәртібінде облыстық және оған теңестірілген соттарға шағым
немесе қарсылық беріле алады деп жазылған. Демек, облыстық сот
апелляциялық, сондай-ақ кассациялық инстанция болып табылады. Заң көздеген
жағдайларда облыстық сот бірінші инстанция соты ретінде істерді қарастыра
алады. Бұл облыстық соттың ерекшеліктерінің бірі. Оның келесі бір
ерекшелігі сот практикасын зерделейтіні және оны жалпыландыру нәтижелері
бойынша облыстың соттары әділ сот атқарған кезде заңдылықты сақтау
мәселелерін қарастырады. Облыстық сотың өкілеттіктерінің үшінші ерекшелігі
облыс соттарының әкімгерлігін құруға байланысты. Облыстық сот облыс соттары
әкімгерліктерінің қызметін бақылаулы жүзеге асырады.
Жоғарыда айтылғандай, облыстық соттың жанында органдары – облыстық
соттың азаматтық істер алқасы мен қылмыстық істер алқасы бар, оларға алқа
төрағалары басшылық етеді. Облыстық соттың қадағалау алқасына сот төрағасы
басшылық етеді [1, 56 бет]. Қазақстан Республикасының Конституциясына
сәйкес, облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, алқа
төрағаларын республиканың Жоғарғы Сот Кеңесіеің ұсыныстамасы бойынша
республика Президенті сайлайды (2 тармақ,82-бап). әрбір алқадағы
судьялардың саны сот төрағасының ұсынуы бойынша пленарлық отырыста
белгіленеді. Алқалардың мүшелерін қалыптастыру рәсімдерінде өзгешеліктер
бар. Қадағалау алқасы жыл сайын пленарлық отырыста судьялардың жалпы
санының дауыстарының көпшілігімен құпия дауыс беру арқылы сайланатын
аталмыш облыстық соттың судьяларынан тұрады. Ал азаматтық істер алқасы мен
қылмыстық істер алқасының дербес құрамын облыстық соттың төрағасы соттың
пленарлық отырысында талқылаудан кейін белгілейді. Облыстық соттың
төрағасы осы екі алқаның мамандандырылған құрамдарын құра алады.
Облыстық соттың төрағасы мен алқалардың төрағаларына ерекше
өкілеттік беріледі. Облыстық соттың төрағасы әділ сотты жүзеге асырады және
облыстық соттың жұмысын ұйымдастырады. Судья ретінде төраға алқаларда сот
істерін қарастыруға төрағалық етуге құқылы. Облыстық соттың төрағасы
ретінде төраға сот судьяларының сот істерін қарастыруын ұйымдастырады,
қадағалау алқасына басшылық етеді, облыстық соттың пленаралық отырыстарын
шақырады, оларға төрағалық етеді, сот статистикасын жүргізуді, сот
практикасын зерделеуді қамтамасыз етеді, азаматтарды жеке қабылдауды
жүргізеді, алқалардың төрағалары мен облыстық соттың судьяларына қатысты
тәртіптік өндірістер қозғайды, заң көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге
асырады.
Алқа төрағалары да сондай-ақ судьяның және алқаның жұмысын
ұйымдастырушылық функцияларын жүзеге асырады. Судьялар ретінде олар
алқалардың отырысында төрағалық етеді. Басшылар ретінде олар алқа
судьяларының сот істерін қарастыруын қамтамасыз етеді, сот төрағасына
мамандандырылған құрамды алқалардың құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар
енгізеді, заң көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Облыстық соттың жанында негізінен ұйымдастырушлық сипаттағы ерекше
өкілеттіктер берілген облыстық соттың пленарлық отырысы функцияларын
атқарады. Облыстық соттың пленарлық отырыстары қажеттілікке орай, бірақ кем
дегенде бір жылда екі рет өткізіледі. Пленарлық отырыстың жұмыс тәртібі
оның өзі бекіткен регламентпен айқындалады. Пленарлық отырыстар алқаның
құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар
сайлайды, алқалардың төрағаларының ақпаратын тыңдайды, сот практикасын
талқылайды және оны жалпыландыру нәтижелері бойынша облыстың соттары әділ
сот тақарған кезде заңдылықты сақтау мәселелерін, тағы басқа мәселелерді
қарастырады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы құзырлы соттардың
қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және өзге де істер жөніндегі жоғарғы
сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында
олардың қажетін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері
бойынша түсініктемелер беріп отырады (81-бап).
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты келесі
функцияларды жүзеге асырады: 1) бірінші инстанцияның сотының; 2)
кассациялық инстанцияның; 3) апелляциялық инстанцияның функциялары.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 292-бабында
Жоғарғы Сот бірінші инстанция соты ретінде қандай қылмыстық істерді
қарастыруға құқылы екені көзделген [14, 58 бет]. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 397-бабында Жоғарғы Соттың апелляциялық
және кассациялық инстанция соты ретінде өкілеттіктері көзделген.
Жоғарғы Сот сот практикасын зерделейді және оны жалпыландыру
нәтижелері бойынша республика соттары әділ сот атқарған кезде заңдылықты
сақтау мәселелерін қарастырады. Жоғарғы Сот қолданыстағы құқықты
қалыптастыруға белсенді ат салысатын субъектілердің бңрң болып табылады.
Конституцияның 4-бабында Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқына
республиканың Жоғарғы Сотының сот практикасының нормативтік қаулылары да
кіреді деп жазылған. Конституцияның 81-бабында Жоғарғы Соттың сот
практикасының мәселелері жөнінде түсініктемелер беретіні көзделген. Ал
Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Заңның 17-бабының 2-
тармақшасында Жоғарғы Сот сот практикасында заңнаманы қолдану мәселелері
жөнінде түсініктемелер беріледі делінеді, бұл біздің пікірімізше, Жоғарғы
Соттың Конституция көздеген өкілеттіктерін тарылтады. Қолдану заңды іске
асыру нысандарының бірі болып табылады. Жоғарғы Соттң нормативтік
қаулыларынан көріп отырғанымыздай, оларда заңнаманы сот практикасында іске
асыру мәселелері бойынша кең мағынада түсініктемелер беріледі.
Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Соттың Төрағасының ұсынуы
бойынша Президент белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары: қадағалау алқасы;
азаматтық істер алқасы; қылмыстық істер алқасы; соттың пленарлық отырысы
болып табылады. Азаматтық істер алқасы мен қылмыстық істер алқасына – алқа
төрағалары, ал қадағалау алқасына – Жоғарғы Соттың Төрағасы басшылық етеді.
әрбір алқадағы судьялардың саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша
пленарлық отырыста белгіленеді.
Қадағалау алқасы жыл сайын пленарлық отырыста судьялардың жалпы

аталмыш Жоғарғы Соттың судьяларынан тұрады. Азаматтық істер алқасы мен
қылмыстық істер алқасы кандидатуралары соттың пленарлық отырысында
талқыланатын және Жоғарғы Соттың Төрағасы тағайындайтын судьялардан тұрады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы аталған алқалардың мамандандырылған құрамдарын құра
алады.
Заң Жоғарғы Соттың Төрағасына және алқа төрағаларына белгілі бір
өкілеттіктер береді. Жоғарғы Соттың Төрағасы судьяның және Жоғарғы Соттың
басшысының функцияларын атқарады. Жоғарғы Соттың Төрағасы қадағалау
алқасына басшылық етеді, азаматтық істері қарастырылатын кезде төрағалық
етуге құқылы. Басшы ретінде, Жоғарғы Соттың Төрағасы соттың пленарлық
отырыстарын шақырады, алқалардың жұмысын үйлестіреді, азаматтарды жеке
қабылдауды жүргізеді, тағы да басқа жұмыстар атқарады. Ішкі функциялардан
басқа, Жоғарғы Соттың Төрағасы сыртқы функциялар атқарады. Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соттың Төрағасы мемлекеттік биліктің басқа
тармақтарының органдарымен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда
республиканың сот жүйесінің мүдделерін білдіреді. Заң Жоғарғы Соттың
Төрағасының Қазақстан Республикасы Президентімен қарым-қатынастары туралы
қағидаларды көздейді. Жоғарғы Соттың Төрағасы республика Президентіне: 1)
уәкілетті органның басшысының кандидатурасын ұсынады; 2) заңнаманы
жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 3) судьяларды мелекеттік белгілермен
марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Алқа төрағалары судьялардың функцияларын атқарады. Сонымен қатар олар
ұйымдастырушылық жұмыс атқарады, алқалардың сот отырысында төрағалық етеді,
Жоғарғы Соттың пленарлық отырысында қарастыру үшін судьялардың тиісті
құжаттар дайындауын қамтамасыз етеді, пленарлық отырысқа алқалардың қызметі
жайлы ақпарат береді, басқа да өкілеттіктерді атқарады.
Пленарлық отырыстың мүшелері Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа
төрағалары, Жоғарғы Соттың барлық мүшелері болып табылады, сондықтан
Пленарлық отырыс Жоғарғы Соттың атынан маңызды мәселелерді шешеді. Олардың
қатарына төмендегі мәселелер жатады: сот практикасын зерделеу және оны
жалпыландыру нәтижелері бойынша республика соттары әділ сот атқарған кезде
заңдылықты сақтау мәселелерін қарастыру; сот практикасында заңнаманы іске
асыру мәселелері бойынша түсініктемелер беретін нормативтік қаулы қабылдау
және басқа мәселелер.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы конституциялық заңда мамандандырылған соттар құру мүмкіндігі
көзделген. Осы қағиданы негізге ала отырып, Президент 2001 жылғы 16
қаңтарда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz