Өмір сүру құқығының түсінігі мен адам құқықтары жүйесіндегі орны


Қазақстан Республикасындағы өмір сүру
конституциялық құқығын жүзеге асырудың
мемлекеттік-құқықтық механизмдері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Өмір сүру құқығының түсінігі мен адам құқықтары
жүйесіндегі орны . . . 6
1. 1 Өмір сүру құқығының маңыздылығы және адам құқықтары
жүйесіндегі орны . . . 6
1. 2 Өмір сүру құқығының мазмұны және негізгі проблемалары . . . 22
2 Қазақстан Республикасындағы өмір сүру
конституциялық құқығын жүзеге асыру
мемлекеттік-құқықтық механизмінің түсінігі мен
мазмұны
2. 1 Адамның өмір сүру конституциялық құқығын жүзеге асыру бойынша
мемлекеттік-құқықтық механизмінің түсінігі . . . 35
2. 2 Адамның өмір сүру конституциялық құқығын жүзеге асыру мемлекеттік-
құқықтық механизмінің мазмұны . . . 41 2. 3 Өмір сүру құқығын жүзеге асыру механизмінің түрлері . . . 48
Қорытынды. … . . . 69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 75
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Адам мен оның құқықтары қазіргі өркениетті деп танылған қоғамның ең жоғары игілігі болып табылады. Сондықтанда адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін құқықтық нормалар ең маңызды жүйені құрайды. 1995 жылғы еліміздің Конституциясы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1] деп басталуының өзі бекер емес. Бұл адам өмірінің, құқықтары мен бостандықтарының мемлекетті демократиялық және құқықтық ел ретінде таны үшін басты себеп болып отыр.
Егемендік қолға тиген бойдан ҚРсы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты концептуалды еңбегі жарық көрді. Қазақстанның осы алғашқы «Стратегиясында» КСРО-ң соншалықты тез ыдырауына басты себептердің бірі болған «КСРО-да бастапқы кезден-ақ адамның өзін өзі ұғына білу және өз тағдырын өзі айқындау механизмінің болмағандығы», - деп көрсетіліп, - «Кеңес адамдары өздерін өз өмірлерінің, өз меншігінің, өз елінің шынайы қожайындары ретінде ешқашанда шынайы сезінбей, тек партиялық-мемлекеттік мәшиненің тілсіз бұрандысы ғана болып келгендігі», - нақты белгіленген [2, 4 б. ] . Осы құжатта мемлекет алдына қойылған стратегиялық мақсаттардың бірі - «демократиялық бостандықтар мен адам хұқығын сақтау есебінен дүниежүзі қоғамдастығында Қазақстанның саяси салмағын арттыру» еді [2, 6 б. ] . 2030 жылы Қазақстан қандай ел болады деген сұраққа еліміздің Президенті «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламада «2030 жылғы азаматтар мемлекет олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтынына сенімді болады», - деп жауап береді [3, 73 б. ] .
1990-шы жылғы ҚазССР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының кіріспе бөлімінде еліміз Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын танитыны [4, 107-111 бб. ], ал 1991-ші жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заңда «адам хұқыларының жалпыға бірдей Декларациясында, халықаралық хұқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның хұқылары мен бостандықтарының үстемдігін» мойындайтыны нақты көрсетілген [5, 132-137 бб. ] .
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында» белгіленген мемлекеттің жеті негізгі басымдығының ішінде демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту бағыты ерекше аталған [6] . Бұл құжатта демократиялық мәденитеттің тамырын тереңге тартқан дәстүрінің болмауы, бостандықты кез-келген нәрсеге қол жеткізу мүмкіншілігі ретінде қарастыру елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, болашаққа деген біздің барлық жоспарларымызды жоққа шығарып өзімізді әлдеқайда артқа шегіндіріп тастауы мүмкін екенін мойындауымыз керек, сондықтанда, біз демократиялық дәстүрлерді дамыта отырып оларды қорғайтын қатал жүйені орнатуға тиіспіз [7], - делінген.
Сол сияқты адам құқықтары мен бостандықтары, бір жағынан, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі [8, 15 б. ], екінші жағынан, конституционализм идеясының құқықтық көрінісі [9, 11 б. ], үшінші жағынан, құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі болып табылады [10, 81 б. ] .
Жалпы адам құқықтары мен бостандықтарының, оның ішінде, адамның өмір сүру құқығының мемлекет саясатына тікелей байланысты болуын көптеген ғалымдар айтып келеді. Мысалы, Н. И. Матузовтың ойына сүйенсек: «кез-келген мемлекеттің қандай да болмасын саяси бағамы адамның өмір сүру құқығына тікелей байланысты екендігі күмән туғызбайды, өйткені осы саяси бағамға түбінде экономиканың жағдайы байланысты, демек азаматтардың өмір сүру жағдайы, әлеуметтік қорғалуы, зейнеттік қамсыздандырылуы, медициналық қызмет көрсетілуі, еңбек ақысы, «тұтынушы кәрзенкесінің» толық болуы және т. с. с. ; қысқаша айтқанда - қалыпты тіршілік ету үшін индивидке қажетті игіліктердің болу-болмауы» [11, 661 б. ] . Ғалымның айтуы бойынша «адамсыз, адамнан тыс, одан бөлек кез-келген құқықтар бос абстракцияға айналады», ал адамның өмір сүру құқығы болса әмбебаптық маңыздылығына қарамастан, қазіргі әлемнің бірде-бір жерінде іс жүзінде (100 пайыздық деңгейде) қамтамасыз етілмейді және кепілдендірілмейді, тіпті оған төніп тұрған маңызды қауіп-қатерлер көбеюде, атап айтқанда: адамдар қылмыскерлер қолынан, көптеген қарулы қақтығыстардан, аштық пен аурулардан, лаңкестік актілері мен саяси шиеленістерден, апаттар мен өзге де төтенше жағдайлардан, жүктілікті тоқтату арқылы эмбрион кезінде өлтірілу салдарынан, әртүрлі себептерге байланысты өмірден өз еркімен кету арқылы жаппай қаза табуда [11, 661-662 бб. ] . Осы және тағы бірқатар факторлар миллиондаған қарапайым адам өмірінің қиылуына себеп болып отыр. Алайда адам құқықтары мен бостандықтары жүйесінің тірегі болып табылатын өмір сүру құқығына бүгінгі күні халықаралық деңгейде де, мемлекеттің ішкі өмірінде де төніп тұрған қауіп-қатерлердің азаймауы диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін тағы да бір дәлелдейтін айғақ.
Өз еліміздегі жағдайға келер болсақ, он жыл ішіндегі экономикалық дағдарыс халықтың жағдайын ойсыратып, адам құқтарының аяққа тапталуына алып келді. Дағдарыс салдарынан біздің елімізде адам өмірі құнсызданды. Соңғы жылдары қалыптаса бастаған экономикалық өсім халықтың әл-ауқатын жақсарта бастағанмен, адам құқықтарының сақталуы еліміз үшін әлі де проблема болып отыр. Оның көптеген себептері бар - жаппай жемқорлыққа алып келген мемлекеттік аппарат қызметінің тиімсіздігі, заңдарда кездесетін көптеген қайшылықтар, адам құқықтары мен бостандықтарының сот пен өзге де мемлекеттік органдарында қорғаусыз қалып жатқаны, халық арасында, әсіресе ауылдық жерлерде, әлі жиі кездесетін кедейшілік, құқықтық мәдениеттің төмендігі, қылмыстылықтың шектен шығуы. Қоғамдағы осындай жағдай адам өлтіру мен адам өміріне қатер төндіретін қылмыстардың көбеюіне, көліктегі, жол бойындағы, өндірістердегі адам шығынына алып келетін апаттардың азаймауына, қоршаған ортаның ластануына және халықтың денсаулығының нашарлауына соқтырып отыр. Бұған қоса нашақорлық, қылмыстық аборттар және т. с. с. мәселелер бар. Өлім жазасы проблемасы да өзінің толық шешімін таппай отыр. Осы факторлардың барлығы қоғамдағы қарапайым адамның жағдайын байқауға мүмкіндік береді.
Еліміздің құқықтық жүйесіндегі проблемаларға келсек, Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасы заңнамадағы бірқатар кемшіліктерді атап көрсетеді: «Қолданыстағы заңдар нормаларын . . . құқықтық реттеудегі ақаулықтарды толықтыру және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетуді . . . іске асыру жолымен жетілдіру қажет», сол сияқты «құқықтық реттеуді талап ететін қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргізу қажет» [12, 7 б. ] . Осы құжатта былай делінген де сөздер бар: «Бүгінде заң актілері мемлекеттік органдарға мазмұны заң шығарушының қалауына сай емес, ал кейде оған тікелей қайшы келетін заңға тәуелді актілер қабылдауға мүмкіндік беретін бланкеттік (сілтемелік) нормалардың көп мөлшерін қамтиды. Мемлекеттік органдардың норма түзушілік тәжірибесінде тар салалық, ведомстволық көзқарас жойылмаған, соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, адам құқықтарына, бостандықтарына және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделеріне қысым жасау жол алған. Әрі бұл жәйт заңдарды іс жүзінде заңға тәуелді актілермен алмастыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты заң актілерін әзірлеу процесі сілтемелік нормалар санын қатаң түрде азайтумен және заңдарды мүмкіндігінше тиімді нақтылуымен сипатталуға тиіс. Сонымен бірге қабылданған заңдардың толықтай іске асырылуын, соның ішінде қажет деген заңға тәуелді актілердің дер кезінде қабылдануын қамтамасыз ететін тетіктерді жетілдірген жөн» [12, 8-9 бб. ] .
Елімізде он жылдың үстінде жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты құқықтық мемлекет қалыптастырып, адам құқықтарын қамтамасыз ету. Бірақ әртүрлі себептерге байланысты адам құқықтары саласындағы бұл реформалар әлі де тиісті нәтижесін бермей отыр және ресми жарияланған мақсаттар мен күнделікті өмірдегі қайшылықтар одан әрі күрделенуде. Мұндай жағдайды әйгілі отандық ғалым, академик М. Т. Баймаханов адам құқықтары саласында бір шектен екінші шекке ұрынып және бірдебір ойын аяғына дейін жеткізе алмай келе жатқан биліктің айқын стратегиясының болмауымен түсіндіреді [13, 110 б. ] . Осы жәйттердің барлығы, әрине, адам құқықтары мен бостандықтарының, оның ішінде өмір сүру құқығына да қатысты сақталуына, өз кедергілерін тигізетіні сөзсіз. Қазақстандық зерттеуші Е. Ж. Жұмабаев көрсететіндей, «ең үлкен ауқымдағы құқықтар мен бостандықтарды үстіртін тану, олардың негізінде жатқан игіліктерді пайдаланудың толық мүмкіндігінің бірден пайда болуына алып келмейді. Құқықтар мен бостандықтарды, оларды қамтамасыз ететін және қорғайтын кепілдіктерді қоса алғанда, жүзеге асыратын тиімді әлеуметтікқұқықтық механизм қажет» [14, 3 б. ] .
Көрсетілген факторлар диссертация тақырыбының өзектілігін байқатады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі . Адам мен азамат құқықтарының әртүрлі мәселелеріне арналған әдебиеттер мол болғандығымен қарастырып отырған тақырыбымызға қатыстылары көп емес. Отандық ғалымдар ішінен осы тақырыпқа жақын объектіні зерттеген жалғыз ғалым А. Г. Жұбанғалиева. Оның кандидаттық диссертация шеңберінде орыс тілінде орындалған «Өмір сүру құқығының конституциялық-құқықтық негіздері» тақырыбындағы еңбегі біз қарастырып отырған мәселеге жақын болғандығымен өлім жазасын алып тастау мәселесіне көбірек ауып кеткенін байқатады. Өмір сүру құқығына тікелей қатысты басқа ғылыми еңбектер отандық құқық ғылымында жоқ. Бірақ, жалпы түрде алғанда өмір сүру құқығы қазақстандық ғалымдардың адам құқықтарына қатысты көптеген еңбектерінде жанама қарастырылып кеткен. Осы орайда келесі ғалымдарды атап көрсетуге болады: Қ. К. Айтхожин, С. Н. Сабикенов, Ғ. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев, С. З. Зиманов, Ө. Қ. Қопабаев, З. Ж. Кенжалиев, В. В. Мамонов, Т. С. Күлтелеев, Д. С. Сапарбаева, М. А. Сәрсембаев, Ж. Д. Бұсұрманов және т. с. с. Отандық құқық ғылымында адам құқықтарының әртүрлі тұстарын зерттеп жүрген жаңа буын ғалымдарды да атап өту керек, олар: А. К. Абдрахманова, С. Ж. Айдарбаев, Қ. К. Берик, А. Ә. Биебаева, Г. С. Досжанова, Б. А. Есентемирова, С. К. Жетписов, Е. Ж. Жұмабаев, А. Б. Жумагулова, А. В. Казакова, Ф. А. Кожумратова, Д. О. Кусаинов, М. Б. Құдайбергенов, Е. С. Мерзадинов, А. Н. Ниязова, Д. И. Нурумов, А. И. Пильников, А. А. Сабитова, С. М. Сапаралиева, Д. С. Сапарбаева, Н. З. Сеитова, А. В. Турлаев, М. Б. Үсенова, А. Г. Шмарин, Г. Д. Шеримкулова және т. б.
Жалпы тарихи тұрғыдан алатын болсақ адамның өмір сүру құқығын А. Ф. Кистяковский, Н. С. Таганцев, И. А. Покровский сияқты 1917 жылғы Қазан революциясына дейін еңбек еткен ғалымдар қарастырған. Кеңес кезеңінде құқық ғылымы адамның табиғи (жаратылыс) құқықтарын жағымсыз түрде қарастырғандықтан адамның өмір сүру құқығына да көп көңіл бөле бермеген. Дегенмен бұл кезеңде де адам құқықтары мәселелерімен айналысқан кеңестік ғалымдардың теориялық еңбектері бүгінгі күнде маңыздылығын жоғалтқан жоқ, олар Н. Н. Алекссев, В. Н. Витрук, Н. А. Боброва, Н. И. Матузов, Е. А. Лукашева, В. А. Карташкин және т. б.
Көршілес Ресейдің құқық ғылымында адамның өмір сүру құқығына ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары Ресейде осы мәселемен айналысып жүргендер Л. Н. Линик, А. Н. Головистикова, М. Н. Малеина, Ю. А. Казановская, Н. В. Кальченко, С. М. Сивец, Г. Б. Романовский, Т. М. Фомиченко, В. В. Чепурин, В. Н. Танаев және т. б.
Осының бәріне қарамастан Қазақстандағы адамның өмір сүру құқығын жүзеге асыру механизмі кешенді түрде жеке ғылыми зерттеудің объектісі болған емес. Сондықтан аталған тақырыптың зерттелу дәрежесін жеткілікті деп тану қиын.
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы адамның өмір сүру құқығын жүзеге асыру саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар болып табылады. Зерттеудің пәні ретінде Қазақстандағы өмір сүру конституциялық құқығын жүзеге асырудың мемлекеттік-құқықтық механизмдері, оларды бекіткен нормативтік құқықтық актілер белгіленіп отыр.
Зерттеу мақсаты Қазақстандағы өмір сүру құқығын жүзеге асыру мемлекеттік-құқықтық механизмдерінің әрекет етуін, ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және осының негізінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.
Зерттеу міндеттері жоғарыдағы мақсатқа сәйкес анықталған:
- өмір сүру құқығының түсінігін, оның маңыздылығы мен адам құқықтары жүйесіндегі орнын анықтау;
- адамның өмір сүру құқығын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік-құқықтық механизмінің түсінігін айқындау, мазмұны мен түрлерін ашып көрсету;
- өмір сүру құқығын жүзеге асыру механизмінің маңызды бөлігі болып табылатын осы субъективтік құқықтық жүзеге асыру кепілдіктерін талдау;
- өмір сүру құқығын іске асыру механизмінің әрекет етуіндегі мемлекеттік органдардың рөлін анықтау;
- Қазақстандағы өлім жазасынан бас тартудың құқықтық негіздері мен оның қолданылуын қысқарту сатыларын талдау, оның баламасы ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының ҚР-ң тарихындағы орнын қарастырып, шетелдік тәжірибесіне шолу жасау;
- өмір бойы бас бостандығынан айырудың мақсаттары мен жазалар жүйесіндегі орнын қарастырып, оған жазаланғандардың құқықтық мәртебесіне қатысты кейбір ерекшеліктерді анықтау.
Жұмыстың эмпирикалық негізін ҚР мен шетелдердің Конституциялары мен өзге де заңнамалары, халықаралық құқық құжаттары, мерзімді басылымдарға шыққан материалдар, мемлекеттік органдардың тәжірибесі құрайды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы зерттеу жүргізу логикасымен, диссертанттың алдына қойылған мақсатқа жету және белгіленген міндеттерді орындау қажеттілігімен анықталады. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, тиісті бөлімшені қамтитын 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Өмір сүру құқығының түсінігі мен адам құқықтары жүйесіндегі орны
1. 1 Өмір сүру құқығының маңыздылығы және адам құқықтары жүйесіндегі орны
Әр адамның өміріне жасаған қаскөйліктен қорғауға кепілдік беру міндетін мемлекет өз мойнына алуы тиіс екендігі отандық әдебиетте айтылып келе жатыр [15, 178 б. ] . Мемлекеттің осы міндеті тиісті құқықтық механизмдер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, адамның өмір сүру құқығын жүзеге асыру механизмдерін талдау алдында әдістемелік сипаты бар мәселелерге көңіл бөлуіміз керек. Олардың ішінде «өмір» және «өмір сүру құқығы» ұғымдарын, олардың арақатынасын анықтаған жөн. Осы мәселелерге қатысты салаларды зерттеген ғалымдар «өмір» ұғымының әртүрлі ғылым шеңберінде қолданылатынын айтады. Мысалы, құқықтық ғылымға келмек болсақ оның әртүрлі салаларында осы түсініктің пайдаланылатынын көреміз. Қылмыстық құқық ғылымында «өмір» ұғымы ең маңызды құқықтық қорғау объектілерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек құқығы ғылымында адам өмірін сақтандыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Сол сияқты «өмір» ұғымы конституциялық, халықаралық және өзге де құқық салаларында өз көрінісін табуда.
Құқықпен қатар «өмір» ұғымы биология, медицина, әлеуметтану және т. с. с. ғылымдармен зерттеледі. Әрбір сала өкілдері «өмір» ұғымына өз анықтамасын береді және олардың анықтамалары бірігуден әлі де қашық. Мәселен, ресейлік заңгер-зерттеуші А. Н. Головистикова осы проблемаға көңіл бөле отырып «әртүрлі ғылымдардың өкілдері өмір ұғымына толық сипаттама бере алмай отыр, өйткені олардың көзқарастарында бірлік жоқ», - дейді [16, 13-14 бб. ] . Осы орайда бұл ғалым «өмір» ұғымына ең бірінші болып анықтама берген Ф. Энгельстің сөздерін келтіреді: өмір дегеніміз «белок түйіршіктерінің тіршілік ету тәсілі және осы тіршілік ету тәсілінің мәні олардың химиялық құрамдас бөліктерінің қоректену және бөліну арқылы үнемі жаңарып отырғаны арқылы көрініс табады». Бірақ А. Н. Головистикова осы анықтаманың толық еместігін көрсететін тағы бір сөздеріне де құлақ түрген, яғни: «Өмір ұғымына анықтама беретін біздің дефинициямыз жеткіліксіз, өйткені ол өмірдің барлық құбылыстарын қамтудан алыс, тіпті керісінше олардың арасындағы ең қарапайым да жалпы болып келетіндермен ғана шектеледі . . . Өмір туралы шынайы толық көзқарас қалыптастыру үшін оның ең төменгісінен бастап ең жоғарысына дейін көрініс табатын барлық формаларын зерттеуіміз керек болар еді . . . » [16, 13-14 бб. ] .
Философиялық тұрғыдан өмірге мынадай да сипаттама беріледі:
- біріншіден, өмір дегеніміз тұрақты және үзіліссіз жүріп отыратын процес, яғни ол ерекше заңдарға сүйене отырып пайда болады, дамиды, қартайяды және жойылады. Барлық процестер өзара байланыста жүреді және олардың бірде біреуі дербес түрде жүрмейді. Мұндай күрделі байланыс бұл процесті іштей өзін-өзі реттейтін процеске айналдырады - кез-келген тірі жүйе өзін өзі реттейді, көбейтеді, жаңартады және осылар арқылы өзін өзі сақтайды;
- екіншіден, өмір дегеніміз тірі жүйелер дамуының ең жоғары сатысы. Адамның даму кезеңі кезінде үзіліссіз жоғары психикалық функциялары қалыптасып отырған (мысалы, санасы, ойлау қабілеті) . Адам табиғаты бірте-бірте «адами» сипатқа ие бола бастаған сайын, тірі жүйенің барлық элементтері адамдық қаситеттерге қол жеткізіп адам өмірінің өзі әлеуметтік жағынан интеграциялана бастаған. Адамның әлеуметтік табиғаты (еңбек, сана, ойлау және сөйлеу қабілеті және т. с. с. адамның айрықша белгілері) эволюция барысында биологиялық өмірді тірлік етуге неғұрлым қабілетті етіп, оған жаңа сапа берді;
үшіншіден, өмір дегеніміз ашық өтіп жатқан процес, яғни ықпалды, өзгертетін сипаты бар қоршаған ортамен өзара байланысты процес. Өмір қоршаған табиғи және әлеуметтік ортадан тыс өте алмайды [16, 15-16 б. ] .
Осындай сипаттарға сүйене отырып Л. Н. Линик адам өмірін «ең жоғары күрделілікке ие көп деңгейлі тірі жүйе негізінде жүріп отыратын өзін өзі реттейтін, әлеуметтік жағынан интеграцияланған, қоршаған ортамен өзара байланысты процес» ретінде анықтайды [17, 33 б. ] .
Материалистік тұрғыдан «өмір» адамның не басқа да тірі организмінің биологиялық тіршілік етуімен түсіндіріледі. Әрине жануар мен адам баласының өмір сүруі арасында айырмашылық бар, өйткені адам тек биологиялық тіршілікпен ғана шектелмейді.
Осындай ойларды ескерсе керек, ғалымдар адам өмірін екіге бөліп қарайды. Мысалы, белорус зерттеушісі С. М. Сивец адам өмірін биологиялық және әлеуметтік деп бөліп қарастырады: «биологиялық өмір» даму барысында белгілі бір жағдайларда пайда болып отыру заңдылығы бар адам материясының ең жоғары тіршілік ету формасы. Биологиялық өмірдің міндетті белгілері ретінде зат алмасу, көбею, өсу, өз құрамы мен функцияларын белсенді реттеу, қозғалудың әртүрлі формаларына, ортаға бейімделу қабілеті табылады. «Әлеуметтік өмір» әртүрлі қоғамдық қарым-қатынастарға қатысу арқылы көрініс табатын адамның биологиялық өмірін жүзеге асыру формасы болып табылады. Әлеуметтік өмірдің міндетті серіктері - басқа адамдармен, сондай-ақ қоғаммен және мемлекетпен қарым-қатынастар негізінде пайда болатын көптеген құқықтар мен міндеттер [18] .
Демек, адам өмірінің биологиялық та, әлеуметтік те өлшемі бар десек дұрыс болады және осы екі өлшем адам бойында бірдей орын алады, тең дәрежеге ие бола отырып қатарласып жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz