Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы Президенттің, Парламенттің және

Үкіметтің өзара қарым-қатынасы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ БЕКІТІЛГЕН ӨКІЛЕТТІЛІГІ7

1. 1 Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігінің жалпы сипаттамасы7

1. 2 Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге байланысты өкілеттіктері17

1. 3 Қазақстан Республикасының Президентінің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесіндегі жұмыс атқаруындағы маңыздылығы28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ - ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАНЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ ӨКІЛДІ ОРГАНЫ38

2. 1 Қазақстанда Заң шығару билігінің қалыптасуы мен дамуы38

2. 2 Қазақстан Республикасының Парламентінің құрылу тәртібі және депутаттардың өкілеттігі40

2. 3 Қазақстан Республикасының Парламенттінің жауапкершілігі және оны тарату тәртібі45

3 ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ - АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ ОРГАНЫ57

3. 1 Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрылуы және құрамы57

3. 2 Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті және қызметін ұйымдастыру63

ҚОРЫТЫНДЫ70

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 73

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысты зерттеуде Қазақстан Республикасы Президентінің Парламент, Үкіметпен өзара қатынасы туралы теориялық мәселелері, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент пен Үкіметтің конституциялық өкілдіктеріне байланысты жалпы сипаттамасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығарушы мен атқарушы билік тармақтарының тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесіндегі жұмыс атқаруындағы маңыздылығы қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы», деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңғыртып, жаңа әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпактың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Мемлекет - аумақтың тұтастығы, азаматтардың топтасқандығы, билік институттары ғана емес, біз сонымен қатар ол өз бойына алдыңғы ұрпақтын өмір тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген ізгі үмітін сіңірген Конституция деп те білеміз.

Еліміздің Президенті Н. Назарбаев: «Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл біздің мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана бұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт-бағдарын елеулі өзгеріске ұшыратуы әбден ықтимал еді. Осы уақыттың ішінде халық менің елімізге басшылық етуіме өзінің шынайы сенімін білдірді. Мен болсам, Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысып, біздің стратегиялық бағытымыздың негізгі бағдарларын әр жыл сайын өздеріңізбен бірге саралап келемін [1] », - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі еліміздің алдында келелі жаңа міндеттерді өмірге әкелді. Соның бірі - Қазақстанның өз тәуелсіздігін баянды етуі үшін ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап, оны өз алдына дербес жүргізе алуы болатын. Бұл еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан: 2030» бағдарламасында былай деп түйінделген: «Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекетімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез-келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған. Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс» [2, 15] .

Халық өзінің егемен құқын пайдаланып, қабылдаған Конституция қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани-адамгершілік киеге ие болады, сөйтіп ол қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің іргетасына айналады.

Конституциялық құрылыстың осынау кезеңінде біз алдымызға аса күрделі, сан қырлы, әрі барынша жауапты міндеттер қойдық. Біріншіден, жаңадан құрылған мемлекеттігімізді, мемлекеттік билік пен басқарудың күллі жүйесін жан-жақты нығайту керек еді. Екіншіден, экономикамызды түбегейлі реформалау мен оны терең дағдарыстан шығарудың қауырт проблемаларын шешу қажет болды. Үшіншіден, оған сындарлы сыртқы саясат жүргізу міндетін косыңыз. Төртіншіден, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету керек еді. Сайып келгенде, өркениетті әлемде азаматтардың жалпыға танылған құқықтары мен бостандықтарын орнықтыруға, демократиялық институттарды дамытуға қатысты міндеттердің бәрін шешуге тиіс болдық.

Президенттік басқару нысаны халықтың еркіне негізделіп қана қоймайды. Ол мемлекеттік органдарды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауды, оларды мемлекет мүддесімен сәйкестендіруді көздейді. Сөйтіп, адамдардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет мүддесінен жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Мемлекет Конституцияда тікелей көрсетілгеннен өзге жағдайларда адамдардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектей алмайды. Констиуциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адам құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін сақтау мақсатында қажетті деңгейде ғана адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының шектелуіне жол берілетіндігі Ата заңымызда тура көрсетілген [3, 10] .

Бұл жағдайлардың барлығы Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігінің теориялық мәселелерін, оның ішінде Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi, мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi, Парламентке және оның Палатасына қатысты өкiлеттiгi, Үкiметке қатысты өкiлеттiгi заман талабына сәйкес бағалап, орнықтыруды қажет ететіндігі сөзсіз. Аталған жағдайлардың барлығы зерттеу жұмысының өзекті екендігін және заман талабына сәйкес туындап отырғандығын көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Конституциялық құқық теориясындағы маңызды мәселелердің бірі Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің өкілеттіліктері. Оның ішінде аталған институттардың өзара қатынасының әртүрлі мәселелеріне арналған әдебиеттер мол болғандығымен қарастырып отырған тақырыбымызға қатыстылары көп емес. Отандық ғалымдар ішінен осы тақырып келесі ғалымдарды атап көрсетуге болады: Қ. К. Айтхожин, С. Н. Сабикенов, Ғ. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев, С. З. Зиманов, Т. Ағдарбеков, Ө. Қ. Қопабаев, З. Ж. Кенжалиев, М. А. Сәрсембаев, Ж. Д. Бұсұрманов және т. с. с.

Көршілес Ресейдің құқық ғылымында мемлекет басшысының конституциялық құқықтық мәртебесіне, оның өкілеттіліктеріне ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары Ресейде осы мәселемен айналысып жүргендер Л. Н. Линик, А. Н. Головистикова, М. Н. Малеина, Ю. А. Казановская, Н. В. Кальченко, С. М. Сивец, Г. Б. Романовский, Т. М. Фомиченко, В. В. Чепурин, В. Н. Танаев және т. б.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы Президенттiң, Парламенттің, Үкіметтің өзара қатынасын талдау болып табылады.

Зерттеу жұмысының объектісі . Дипломдық зерттеудің негізгі объектісін конституциялық құқық теориясындағы өзекті мәселелерінің бірі - Қазақстан Республикасында Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің конституциялық құқықтық мәртебесі, оның өкілеттіліктері құрайды. Сонымен қатар, конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Президентінің Парламент пен Үкімет өкілеттіліктері талданады.

Зерттеу жұмысының пәні. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу пәнін нақты Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi, мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi, Парламентке және оның Палатасына қатысты өкiлеттiгi, Үкiметке қатысты өкiлеттiгiне қатысты өкiлеттiліктері құрайды.

Зерттеу жұмысының нормативтік базасы . Жұмыстың негізгі нормативтік базасын 30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 25 қазан 1990 жылғы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы, 16 желтоқсан 1991 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2733 Қазақстан Республикасының Президенті туралы конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы №2529 Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 21 желтоқсандағы №2709 «Прокуратура туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 12 ақпан 1994 жылғы №1596 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы қаулысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары құрайды.

Жұмыстың құрылымы және көлемі . Диссертациялық зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, 8 бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ БЕКІТІЛГЕН ӨКІЛЕТТІЛІГІ

1. 1 Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігінің жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілетгігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіктер берілген.

Президенттің Парламентке қатысты өкілеттіктерін қарастырайық. Президент Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттік өкілеттік мерзіміне Сенатқа жеті депутатты тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады; Парламент депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды; Сенат Төрағасы лауазымына кандидат ұсынады; Парламент Палаталарының кез келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы; Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда Парламент Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен босату жайындағы өтінішін қарайды; Конституцияда кезделген жағдайларда және тәртіппен Парламентгі тарата алады.

Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттігі. Президент Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметген босатады; Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдарын құрады, таратады және қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Премьер-Министрдің оның қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндамасын тұрақты түрде тыңдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкімет немесе оның кез келген мүшесін орнынан түсуі жөнінде мәлімдегенде шешім қабылдайды; Конституцияда және заңдарда көзделгеннен езге атқарушылық қызметті жүзеге асыруды Үкіметке жүктеуге құқылы.

Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі. Президент Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен екі мүшесін қызметке тағайындайды; Конституциялық заңға сәйкес оларды мерзімінен бұрын қызметінен босатады; Президент, Парламент депутаттары сайлауын өткізудің, республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселе бойынша; заңдардың, халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігі бойынша; Конституция нормаларын ресми түсіндіру мәселесі бойынша; қызметтен босату және кетіру мәселесі бойынша Конституциялык Кеңеске жүгінеді.

Президенттің Соттарға және судьяларга катысты өкілетгігі. Президент Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынысы бойынша қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Жоғарғы Сот Төрағасын, Жоғарғы Сот алқасы төрағалары мен судьяларды Сенатқа ұсынады; облыстың және оларға теңестірілген соттардын төрағаларын, облыстық және оларға теңестірілген сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды; Әділет министрінің Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынысы бойынша Республиканың басқа да соттарының төрағалары мен судьяларын тағайындайды.

Президенттің Прокуратура органдарына қатысты өкілетгігі. Президент Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын қызметке тағайындайды; оны қызметінен босатады; Бас Прокурордың ұсынысы бойынша оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; әр тоқсанда кемінде бір рет Бас Прокурордың елдегі зандылықтың жай-күйі туралы есебін тыңдайды.

Президенттің әкімдерге қатысты өкілеттігі. Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкімдерін қызметке тағайындайды; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдерге тапсырмалар береді және оның орындалуы жөнінде әкімдердің есебін тындайды; мәслихат депутаттарының басым көпшілік даусымен сенім көрсетілмеген жағдайда өз қалауымен облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметтерінен босатады. Атап өтетін мәселе, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 мамырдағы Конституииялык Заңымен белгіленген толықтыруларға сәйкес аудандардың, қалалардың (астана мен Республикалык маңызы бар қалаларды қоспағанда), қалалардағы аудандардың, ауылдык. (селолық) округтердің, ауылдардың, селолардың (поселкелердің) әкімдерін тағайындаудың немесе сайлаудын тәртібін белгілейді.

Президенттің республикалық референдумға қатысты өкілеттігі. Президент: 1) жеке бастамасы бойынша; 2) Парламенттің бастамасы бойынша; 3) Үкіметтің бастамасы бойынша; 4) барлық облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың бәрін бірдей дәрежеде білдіретін Республикалық, сайлау құқығы бар кем дегенде екі жүз мың азаматының бастамасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды. Аталған субъектілердің шешімі бойынша Президент: 1) референдум өткізу туралы; 2) референдум өткізбей-ақ, оның мәні ретінде ұсынылып отырған мәселе жөнінде Республика Конституциясына, Конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешімді қабылдау қажеттігі туралы; 3) референдум өткізу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

Президенттің мемлекеттің қорғаныс қабілеттін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі. Президент республиканың Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы болып табылады. Ол Қарулы Күштердің Жоғарғы командалық құрамындағы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Демократиялық институттарға, республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, республиканың саяси тұрақтылығына, оның азаматтарына елеулі және тікелей қауіп төңген жағдайда және мемлекеттің конституциялык органдарының қалыпты қызметі бұзылғанда Президент кажетті шараларды жасай алады. Президент Премьер-Министрмен және Парламент Палаталары Төрағаларымен алдын ала ақылдасады. Президент жасалатын шаралардың бірі ретінде Қарулы Күштер қолданылатын төтенше жағдайды еңгізуі мүмкін. Республикаға қарсы агрессия немесе оның қауіпсіздігіне тікелей сыртқы қауіп төңген жағдайда Президент бүкіл аумаққа немесе оның жекелеген аймақтарына әскери жағдай енгізеді. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау және тағы басқалары бойынша халықаралық міндеттемені орындау үшін Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына Президент республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы ұсыныс еңгізеді.

Президенттің сыртқы саяси өкілеттігі. Президент республиканың келіссөздерін жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды, республика қол қойған халықаралық шарттарды Парламентке ұсынады; бекітілген грамоталарға қол қояды; республика қол қойған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Парламентке ұсыныс еңгізеді. Президент басқа да бірқатар сыртқы саяси іс-әрекеттерді орындайды.

Президенттің идеялық-ғылыми қызметі. Конституция мен заңдар Президентке идеялық-ғылыми сипаттағы құжаттар қабылдауға құқық береді. Алайда бұл қайсыбір идеологияға Президенттің бүйрегі бұрып тұруы тиіс деген сөз смес. Президенттің идеологиялық және ғылыми көзқарасы мемлекеттің мәні мен сипатын және оның қызметінің принциптерін белгілейтін конституциялық қағидалармен ерекшеленеді. Қазақстанда орнықтырылушы құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттің тамыры ғасырлар бойы қалыптасқан жасампаздық мұраттар мен көзқарастардың тереңінде жатыр. Бұл идеялар Қазақстанның жағдайына орай бағдарламаларда, тұжырымдамаларда өз орнын тауып, ресми танылуы және содан кейін тиісті мемлекеттік органдардың практикалық қызметінің идеялық-теориялық негізіне қызмет етуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтіндіктен ол идеологиялық қызметті де атқарады. Сондықтан Конституция мен заңдар оған мемлекет қызметінің идеялық-ғылыми негізін айқындайтын құжаттар қабылдауға құқық береді. Конституцияға сәйкес Президент елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Қазақстан халқына жолдау арнайды. Мұндай жолдауда ішкі және сыртқы саясаттың әр түрлі саласындағы басым бағыттар белгіленеді [44] . Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің: «жуырда ғана баршамыздың бас қосып, мемлекетiмiздiң он жыл iшiндегi дамуының қорытындысын шығарғанымыз естерiңiзде. Бұл ретте жетiстiгiмiздiң жемiстерiн ғана терiп қойғанымыз жоқ, ең бастысы келер ұрпақ үшiн ел тәуелсiздiгiн қалыптастырудың алғашқы кезеңi жайында ғажайып мол тарихи мұра жиғанымызға көз жеткiздiк. Сонымен қатар бiз өзiмiздiң үлкен жолдан өтiп, толыса түскенiмiздi, ХХI ғасырға қаймықпай қадам баса алатындай биiкке көтерiлгенiмiздi пайымдадық. Осы жылдар iшiнде тындырған iсiмiздiң басты түйiнi Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр» [45] ; «Бiздiң елiмiз «Қазақстан-2030» ұзақ мерзiмдi бағдарламасына және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ойдағыдай iлгерi дамып келедi. Соңғы жылдары бiздiң қолымыз жеткен табыстар аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетiстiктерi, экономикалық өрлеуi мен халықтың тұрмыс деңгейiн көтеруi жалпыға мәлiм, әрi әлемдiк қоғамдастыққа да танылып отыр. Ұлттық қауiпсiздiк пен iшкi саяси тұрақтылықты нығайту, қоғамды одан әрi демократияландыру, өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту жөнiнде ұдайы дәйектi шаралар қолданылып жатыр. Ең бастысы, бiзде қоғам мен мемлекеттi, экономика мен әлеуметтiк саланы тұрлаулы дамытудың келелi жолдарын iздестiру тынымсыз әрi нәтижелi жүргiзiлiп келедi» [46] ; «Әлеуметтiк-экономикалық дамудағы табыстарымыз негiзгi өлшемдер бойынша бiздiң Орталық Еуропаның бiрқатар елдерiне барынша жақындай түсуiмiзге мүмкiндiк бердi, ал Оңтүстiк-Шығыс Еуропа елдерiнен бiз iлгерiлеп кеттiк» [47] ; «Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық Біздің өміріміз жақсара бастады. Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық» [48] ; «Қазақстан Республикасының әлемдегі дамыған 50 мемлекеттер қатарына кіруі» [49] . Аталған жолдаулар Қазақстанның дамуына ықпалын тигізеді. Мемлекеттің тиісті салалардағы қызметінің идеялық-теориялык негізін айқындайтын әр түрлі тұжырымдамалар жан-жақты талқыланғаннан кейін Президенттің өкімімен мақұлданады. 1996 жылғы 30 сәуірде Президент «Қазақстан Республикасының экологиялык, қауіпсіздігі тұжырымдамасын» мақұлдады. Оның Конституция, республика заңдары негізінде, халықаралық конвенцияларға орай әзірленгені «Тұжырымдамада» тура атап көрсетілген. Ол Қазақстандағы саяси, құқыктық, экономикалық және әлеуметтік және басқа реформалардың ерекшеліктерін бейнелейді. Тұжырымдама экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптерін, стратегиялық мақсаттарын, міндеттерін және басым бағыттарын көрсетеді.

Президент мақұлдайтын тұжырымдамалық құжаттардың маңыздылығы оның объективтілігін, ондағы идеялардың, қағидалардың ғылыми негізділігіне байланысты болады. Егер тұжырымдамалық қағидалар әртүсті әзірленген, яғни негізсіз болса, онда ол мемлекеттік және қогамдық өмірге теріс ықпал етуі мумкін.

Қазақстан Республикасының Президенттінің құқық шығармашылығына тоқталатын болсақ. 1990 жылы 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР президентінің қызметін құру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Қазақ КСР Конституциясына «Қазақ КСР Президенті» деген жаңа 12-тарау еңгізілді. Президент Қазақ КСР-ның басшысы болып танылды. Президентке кұкық шығармашылығына тікелей қатысты бірқатар өкілеттіктер берілді.

Оларды атап өтейік:

- Қазақ КСР заңдарына қол қою кұқығы. Ол кұқық тұрақты болып қалды;

- салыстырмалы вето құқығы. Бұл құқық Жоғарғы Кеңестің шектеусіз билігінің қабырғасын бірінші болып бұзды. Ол Жоғарғы Кенеске қатысты тежемелік кұралдардың бірі және әлі де болса танылмаған мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципінің елеулі көрінісі болды;

- Президенттің КСРО Конституциялық кадағалау комитетіне Қазақ КСР, КСРО және Қазақ КСР Конституцияларының мүдделеріне қатысты КСРО заңдарының сәйкестігі туралы ұсыныстар еңгізу құқығы. Бұл құкық Қазакстанның егемендік құқықтарын олардың КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдайтын заңдар бұзган жағдайда қорғауға бағытгалған болатын;

- Қазақ КСР Президентінің КСРО Министрлер Кеңесінің Қазақ КСР мүдделеріне қайшы келетін қаулылары мен өкімдерінің әрекетін тоқтата тұру туралы өтінішпен КСРО Президентіне жолдану құқығы;

- Қазақ КСР Президентінің КСРО Министрлер Кеңесіне оның ведомствосындағы басқару органдарының Қазақ КСР мүдделеріне қайшы келетін актілеріне шағымдану және Қазақ КСР аумағында шағымдалатын актілердің әрекетін тоқтата түру құқығы;

- Президенттің Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің қаулылары мен өкімдерінің әрекетін, олардын, Қазақ КСР Коституциясына және зандарына сәйкес болмауы жағдайында тоқтата түру құқығы;

- Президенттің келіссөздер жүргізу және халықаралық шарттарға қол қою құқығы. Мұнысымен Президент халықаралық құкық нормаларының Қазақстанның қолданыстағы құқығына енуіне мүмкіндік туғызады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Президенттiң құқықтық мәртебесi туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
ҚР-ның Парламенті
Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
Қазақстан Республикасында заң шығару билігінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасының парламенті - заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz