ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 1 ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ . . .
4: 7
КІРІСПЕ . . .:
  1. Интеллектуалдық меншіктегі патент құқығының орны мен маңыздылығы . . .
4: 7
КІРІСПЕ . . .:
  1. Патент құқығының субъектілері . . .
  2. Патент құқығын қорғау және Қазақстанның Патент жүйесі……….
4:

20

21

КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .:
  1. ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ . . .
4: 31
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Өнертабыстар . . .
4: 31
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Өнеркәсіптік үлгі . . .
4: 37
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Пайдалы модель . . .
4: 40
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .:
  1. ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫН ТІРКЕУ ТӘРТІБІ . . .
4: 43
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Патент беру тәртібінің сараптамасын өткізу . . .
4: 43
КІРІСПЕ . . .:
  1. Қазақстан Республикасының Патент қатынастарын реттейтін

ұлттық заңнама . . .

4: 47
КІРІСПЕ . . .:
  1. Қазақстан Республикасында Патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар. Патент жүйесін қалыптастыратын

халықаралық құқық органдары . . .

4: 50
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 57
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 60
КІРІСПЕ . . .:
4:

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конституцияларында бекітті. Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу «Қазақстан-2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдылықтарының бірі. Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада зияткерлік активтер негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық базасын құруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес. Бұл Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалық және «Қазақстан Республиканың индустриялық -инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Заяткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және салада ең қолайлы жағдайларға қол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі. Сондықтан сонғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтамақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият- бұл елдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте.

Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе- тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі таңда «ұлттық өндірушіні қорғау және қолдау- өндірушінің қолымен» деген ұранды ұстауы- маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы табылады.

Платон мен Аристотель өздері де соны білмей, қазіргі патент құқығының теориясының негізін қалады. Әрбір зат өзінің түсінігі бойынша белгілі бір мақсатта қолданылуы тиіс, кез келген зат өнертапқыштың нәтижесі болып саналады. Сонымен, біздің дипломдық жұмысымыз патент құқығының түсінігі мен мазмұнына арналған. Жалпы бұл тақырып қазіргі кезде өте өзекті және маңызды болып табылады. Патент - ол қорғау құжаты.

Тақырыптың зерттеу объектісіне азаматтың өнертапқыштық нәтижесін жатқызамыз.

Тақырыпты зерттеу мақсаты ретінде бірнеше негіздерді қарастыруға болды:

  • біріншіден, Қазақстан Республикасы заңнамасының патент қатынастарын реттеу саласында қажетті деңгейде жетілдірілмегенін;
  • екіншіден, патент беру тәртібінің күрделілігін;
  • үшіншіден, патент беруге тиісті органдардың патент беру процедурасын жасанды түрде қиындатуы.

Қазақстан Республикасы 1993 жылы ДЗМҰ (ВОИС) кірді және көптеген халықаралық конвенцияларға қатысты. Қазақстанның нарығына байланысты және бұл ұйымның жүйесіне қатысты өнертапқыштық деңгейдің қорғауы жүзеге асырылады. Бірінші күнен бастап біздің жоғары тұрған басшыларымыз бұл жүйені арызданушыға ыңғайлы және қолайлы жолдарын тапқан. Бұл жүйеде өнертабыс тұтынушыға қолайлы, инновацияға жарамды, негізі - жай және бұл щаралар өте төмен деген бағамен жасалуын қарастырды

Бірақ бұл жоғарыда айтылғандардың тек бірісі орындалған. Оны көптеген арыздардан және берілген қорғау құжаттарының аз санынан көруге болады.

Сөйтіп 1992-2001 жылдар аралығында патент ведомствосына 17388 өнертабыс пен пайдалы модельге деген арыздар түсті, 51230 тауар белгісіне деген арыз. Мемлекеттік реестрге 11128 өнертабыс пен пайдалы модельге және 112833 тауар белгісі туралы реестрге еңгізілді. Отандық патент иеленушілердің қолдарында 12014 алдын ала патент берілген. Бұл көрсеткіштер Орта Азия мемлекеттер арасындағы ең бірінші болып табылады, бірақ Ресей мен Украинада ұқсас жүйе болғандықтан, біз олардан кішкене артта қалдық.

Біздің мемлекетіміз (ВТО) БСҰ-ға кіруіне байланысты, осы ұйымның қоятын барлық талаптарды орындауына жол береді. Патент жүйесі мен патент құқығы туралы мәліметтер әр маманға және керек. Өйткені бұл өте өзекті және маңызды жүйелердің қатарына кіреді. Патенттеу мақсаты- сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырып қазіргі кезде өте өзекті болғандықтан көптеген ғалымдар өз жұмыстарын патент пен интеллектуалдық менншік құқықтарына деген жұмыстарын арнаған. Мысалға Т. Е. Каудыров «Основы патентного права и патентоведения в РК», Амангельді А. А. «Современное патентное законодательство в РК», Аскаров «Защита промышленной интеллектуальной собственности в Казахстане», Абдакимова Д. «Защита прав интеллектуальной собственности в РК», Баймолдина С. «Охрана интеллектуальной собственности в интернет» және Ресей Федерациясының көптеген ғалымдары.

1 ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ

  1. Интеллектуалдық меншіктегі патент құқығының

орны мен маңыздылығы.

1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды. Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықпен мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патентік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.

Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекеттің 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастары реттеудің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін бекітті. Азаматтың заңнамадағы «интеллектуалдық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қалыптастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне «ерекше құқық» бекітілді. Қазақстан Республикасының үкіметі арыз беруіне ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай рәсімдеу төлемі арзан сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сай келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ жағдай жасауда. Патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992-2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар. [1, 6б. ] Патенттердің сайы көбейген сайын пайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданалмаған. Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бұл сауалға халықаралық, сонымен қатар, еліміздің заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын. Бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы (БИМҰ) Конвенциясының 2 бабында «Инттелектуалдық меншіктің» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртістердің орындаушылық қызметінде, дыбыс жазу. Радио және теледидар хабарларына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар мен коммерциялық көрсеткіштерге, қара ниетті бәсекелестікке қарсы қорғану сондай-ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 961- бабында жүйелендірілген тізімі берілген.

Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.

Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсам, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізі ерекшелігі- өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен рәсімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствасында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын. Енді құқық иеленушінің иеленсімісіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу арқылы өнертабысын өз иелігіне жаратып жататын. Енді құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушенің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасау жолымен ғана пайдалану жалға қойылған. Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады және ол Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 125, 964 баптармен бекітілген. Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау принциптері түбірімен өзгерген демек жана қатынастар бүтіндей ереше құқықтық базаны қалыптастыруды талап еткені. [2, 45б] 1992 жылы Ұлттық патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырады және оның құқықтық реттелуін Қазақстан Республикасының Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьянің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да қолдады. [3, 45б] Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің келімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формальды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігіне көрінеді. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 22- бабы формалды сараптама кезінде патенті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық қорғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді. Патент мәні бойынша сараптама жүргізілінгеннен кейін беріледі. Оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімінің патентке қабілеттілігі талаптарына сәйкестігі анықталады. [4, 29б] Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсінігімен бірігеді. Қазақстан бір өнертабысқа екі қорғау құжаты-заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптаманы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады. Бұл екі қорғау құжатының аумақтық және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент ведомствасына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады. Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуға мүмкін бірақ жылдан аспауы тиіс. [5] Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент өтінімнің патент ведомствасына берілген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнерпәсіптік үлгіге патент он жыл бойы күшін сақтайды. Патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек. Патент-Patent- мына мән- жайларды:

  1. Аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;
  2. Авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;
  3. Аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленділігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекет аумағында әрекет етеді. Шетел, құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде иесіне сыйақы төлей отырып, патенті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде көзделген патент иесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі табылды. Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады: «Өнертанқыштық деңгей», «прогрессивтілігі», «қолдануға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың пайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялар мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады. [6] Патенттеу мақсаты- сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу. Патенттің негізгі қызметі- жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны талаптанысу екеу болып табылады. [7, 13б] Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады:
  • қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
  • патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіне пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;
  • айрықша құқық әрекетінің мерзімдік және аумақтық сипаты;
  • айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкіндігі.

Аталған объектілердің барлығы біздің мемлекетімізде қолданылады. Патентке негізделген құқықтар мемлекетінің берген құқықтары болып есептеледі. Бұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет пен қоғамға танылмай қалуы мүмкін болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патентті шарт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады. Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік өз құқықтарымен сиппатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.

Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері.

Өнертабыстар.

Өнертабыс түсінігі мен объектілері: Белгілі бір өнертабыс негізгі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының патент заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:

  • жаңалығы;
  • өнертапшылық деңгейдің болуы;
  • өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімінің болуы. [8]

Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы патент заңының 6- бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысшы мәселесің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. «Техникалық шешім» термины техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету туралы ретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер, спорт көмекші құралдарын жасау арқылы медицина және т. б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын нақты белгілеген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде. Белгілі бір кезектілікпен және тағы басқа қолдануды меңзейтндіктен, бұл арқылы шешім ретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника. Ауыл шаруашылық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс. Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сиппаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады. Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткалыраның тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісте, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектері бола алады. [9, 10б] Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқытар көлемін анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылған бақылау мүмкіндігі үшін құқықтың маңызы зор.

Құрылғы - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғылар- «Магнит өрісі датчигі», «механизмдер»-«шарниро-рычажный механизм» немесе қандай болмасын құрал, мысалы «тормозное устройство для железнодорожного вагона», «гидравлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект құрылғы категориясына жатқызылуы мүмкін. Құрылғы болып көлік құралдары, жабдық құрылыстар, сонымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады- мысалы «әмбебап оқу картасы». Электр схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады. Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де; түйіндері бөлшектері тағы басқа және құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен сипатталады:

  • конструктивтік элементтердің болуы;
  • элементтер арасында байланыстық болуы;
  • элементтердің өзара орталасуы;
  • құрылығының немесе оның элементтерінің нысанда жасалуы;
  • элементтер арасындағы байланысының орындалу нысаны;
  • элементтер параметрлері мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;
  • құрылғы немесе оның элементтері жасалған материал;
  • құрылғының кез келген элементінің қызметін орындайтын алса;
  • техникалық шешімінің басқа түрлерімен салысатырғанда құрылғы-өнертабыс олардың фактілі түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз етеді. Бұл олардың кең таралуын анықтайды. [10, 2б]

Тәсіл - өнертабыс объектісі ретінде.

Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдың объектілер көмегімен материалдың объектілерге әрекет ету процестері жатады. [11] Тәсіл- белгілі бір тәртіппен немесе белгілі тәртіппен немесе белгілі бір ережелерді сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы. Материалдың объектілерге әрекет ету процестері ретінде тәсілдері болай бөлуге болады:

- өнім бұйымдар, заттар өндіруге, бағытталған әрістер, мысалы, «құрылыс материалын жасау тәсілі», «ацетилен алу әдісі»;

- белгілі бір өнім алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруіне бағытталған әдістер, тасымалдаулар, реттеулер, өңдеулер, мысалы, «жер өңдеу тәсілі», «электромагниттік клапанды басқару әдісі»;

- нәтижесінде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын әдістер. Мысалы: «Аса таза кварцтың шыққан жері іздеу әдісін өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы әдіспен алынған өнімге де таралады.

Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдістеріне де беріледі, мысалы: «Тістер көрінісін алдын алу тәсілі», «Артериялар гипеортония диагностика әдісі»:

Өнертабыс объектісі «Әдіс» келесі белгілермен сипатталады:

  • белгілі бір әрекетінің немесе әрекеттер жиынтығының болуы.
  • Осындай әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі;
  • әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары;
  • заттар немесе материалдарды пайдалану;
  • құрылғыларды пайдалану.

Зат өнертабыс объектісі ретінде

Өнертабыс объектісі ретінде заттарға:

  • жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар оларға жоғары-молекулярлық қосындылар және гендік инженерия өнімдері. Мысалы: «Гидрохлорид-1 (2-этаксиэтил) -4-ацетил-4-ацетинсиниперидина»;
  • композициялар, құрамдар, қоспалар, мысалы: «тормозды емдеу майы», «фурфоролды гидрирлеу катализаторы»;
  • ядролық айналу өнімдері жатады.

Жеке химиялық қосындыларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:

-сапалық және сандық құралы;

-атомдар арасындағы байланыс және олардың молекулада химиялық құрылымдық формулалары сипатталған өзара орналасуы. [12, 8б]

Бұрыннан белгілі құрылғы әдісі, затпен, тектің жаңа мақсатта қолдану

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патент құқығы
Патент құқығы обьектілері
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
Қазақстанның патент жүйесі және патент тәсілдерін қорғау
Патент құқығының интелектуалдық меншік құқығының маңызды институттардың бірі ретінде
Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау жайлы
Өнеркәсіптік және жеке меншік объектілер
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салудың экономикалық мәні
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Патент құқығының түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz