Конституциядағы құқықтық мемлекет белгілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Құқықтық мемлекеттің пайда болуы мен дамуы

жөніндегі проблемалар

МАЗМҰНЫ :

КIРIСПЕ3

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ7

1. 1 Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері7

1. 2 Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар, олардың түсінігі және мазмұны13

1. 3 Қазіргі отандық теориядағы құқықтық мемлекет түсінігінің мазмұны20

1. 4 Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары24

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ35

2. 1 Қазақстанның конституциялық даму кезеңдері35

2. 1 Қазақстанның құқықтық мемлекет құрудағы конституциялық даму кезеңдері36

2. 2 Конституциядағы құқықтық мемлекет белгілері42

2. 3 Конституция бойынша билік бөлісу46

2. 4 Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтары мәселелері50

ҚОРЫТЫНДЫ63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI68

КIРIСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы», деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңғыртып, жаңа әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпактың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Мемлекет - аумақтың тұтастығы, азаматтардың топтасқандығы, билік институттары ғана емес, біз сонымен атар ол өз бойына алдыңғы ұрпақтын өмір тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген ізгі үмітін сіңірген Конституция деп те білеміз [1] .

Қазақстан Республикасының Конституциясының негiзiнде жаңа конституциялық құқық түзiлдi, оған сәйкес бiздiң мемлекетiмiз үшiн неғұрлым қолайлы президенттiк басқару нысаны берiк орнықты. Мемлекеттiк бiртұтас билiктiң үш тармаққа бөлiнуi жүзеге асты.

Конституциядағы қоғам мен мемлекет қызметiнiң түбегейлi принциптерi туралы айтылғандарды ескере отырып, қоғамдық келiсiм мен саяси тұрлаулылықты қоғамдық та, мемлекеттiк те институттар қамтамасыз етуге тиiс. Сөйтiп, түбегейлi конституциялық принцип - барша халықтың игiлiгiне арналған экономикалық даму, Конституцияда «меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс» деп жарияланғандықтан, экономиканың мемлекеттiк те, жеке секторларында да өмiрге енiп, iске асуға тиiс.

Қазақстанның көпұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттiң тәуелсiздiгiн бекітуде қазақстандық патриотизм принципiнiң маңызы зор[2] .

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда, өз кезегiнде, құқықтық бiлiм беру, құқықтық насихат, яғни құқықтық мәдениет мәселелерi болып табылады. Осыған орай, азаматтардың құқықтық санасын, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер арасында заңгерлiк сауаттылықты арттыру жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет. Халық арасында интернет-ресурстарды қоса отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен көлемiн кеңейту, заңнаманы және құқық қолданудың өзектi проблемалары бойынша, атап айтқанда, азаматтардың күнделiктi өмiрiнде жиi қолданылатын құқық салаларында ғылыми зерттеулердi жандандыру қажет [3] .

Еліміздің Ата заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды.

Ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандаған Қазақстан халқының бұл Конституциясы, алдыңғыларына қарағанда, адамзат дамуының ғаламаттық үрдісіне сай қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарды толығырақ бекітуімен ерекшеленеді. Конституция жеке тұлға және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Республиканың ең қымбат қазынасы ретінде танып, мемлекеттен олардың орындалуына жағдайлар жасауын талап етеді. Адам құқықтарының Жалпы декларациясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт сияқты жалпы жұрт таныған актілерден бастау алған Конституцияның 2-бөлімі түбегейлі осы мақсаттарға қызмет етеді.

Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.

Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің - мемлекеттің пайда болуына әкелді.

Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарыны нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.

Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. В. М. Гессен былай деп көрсетті: «Құқықтық мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және соттық функцияларды атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болатын, құқықтан төмен тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз».

Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.

Сонымен, халықтың басым бөлігі - саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не? Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғы шарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Құқыктық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т. б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.

Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б, Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Волъ-тер, Гельвеций, Кант, т. б.

Құқықтық мемлекет мәселесі проблемасының тамыры сонау антикалық дәуірде жатыр. Бұған дәлел ретінде атақты ғалым, философтар Аристотель, Платонның, сонымен қатар, рим заңгерлерінің еңбектерін айтуға болады. Кейіннен, XVII-XIX ғасырларда құқықтық мемлекет неғұрлым толығырақ тұжырымдамасы Т. Гоббс, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Г. Гегель, И. Канттың және сол заманның өзге де ойшылдарының еңбектерінде ол туралы әртүрлі идеялар көрініс тапты. Сонымен қатар, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның қалыптасуы туралы идеялардың дамуына марксизмнің классиктері К. Маркс пен Ф. Энгельс те салмақты үлес қосты.

1990-жылдардың басында отандық ғалымдардың Қазақстан жағдайында құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы проблемаларына қызығушылығы артты. Бұл А. Т. Ащеуловтың, К. К. Айтхожиннің, М. Т. Баймахановтың, Ж. Жунусованың, А. К. Котовтың, Е. К. Көбеевтің, А. А. Матюхиннің, Г. С. Сапаргалиевтің, С. Өзбекұлының, Ө. Қопабаевтың және басқалардың еңбектерінде өз көрінісін тапты.

Сондай-ақ ресейлік ғалымдар С. А. Авакьян, В. В. Бойцова, В. В. Витюк, K. C. Гаджиев, В. В Галкин, Н. Л. Гранат, Ю. С. Красин, Е. И. Козлова, О. Е. Кутафин, Г. В Мальцев, Г. Н. Манов, В. С. Нерсесянц, О. Г Румянцев, С. Л. Серебряков және басқалардың еңбектерін де атап өту қажет

Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға бөлінген екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ

1. 1 Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері

Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей - адам және оның құқығы, ал ол саяси іске асырушы - мемлекет. Ондай миссяны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен қызметі құқыққа сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті жалпы түрде, құқықтық деп айтады.

Мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты сасяи биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы ерте заманнан басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде (Шан Ян - IV ғ. б. э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің мәжбүрлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке және олардың міндеттілігі дегенді ескерді.

Құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері көне оқымыстыларымен құрылған. Оларға: Солон, Гераклит, Пифагор, Платон, Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон сонымен қатар софистер, стоиктер және рим заңгерлері жатады. Олардың басқару нысаны жөніндегі дұрыс және дұрыс емес ережелері, табиғи және ерікті белгіленген құқық қатынастары, адамдардың теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті «халықтың жұмысы» құқықты адалдықтың өлшемі ретінде есептеу жеке және көпшілік құқық т. с. с. Жаңа кезеңде, табиғи құқық доктринасының теориялық дамуына ықпал жасады, екі мың жылдарға созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле бастады.

Континентальдық Еуропада құқықтық мемлекет концепциясы элементтерінің алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғышарттарының жоқ кезінде өтті.

Жаңа кезең (уақыт) оқымыстылары (Н. Макиавелли, тирандарымен күресушілер Э. Боэсси т. с. с. ) бірінші болып, қоғамдық санаға ертедегі табиғи құқық доктринасын енгізе бастады, оның көптеген ережелерін жаңа тарихи жағдайда дамытты. Олардың суверенді тәуелсіз ғылыми, құқықтың шығуы еркіндік тирандарға қарсы тұрудағы арналған халықтың құқығы, табиғи теңдік және барлық адамдардың еркіндігі, жаңа ғылыми принциптегі мемлекет проблемаларын зерттейтін теориялық негіз болды.

Жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар, белгілейтін элементтердің мемлекет пен адамға қатынасын табуға мүмкіндік берді - құқықтың принциптерінің артықшылығын көрсетті. Бірінші рет оны (толық емес құрастырған) көрсеткен, Гуго Гроций болды [6, 48 бет] . Оның ойы, бойынша жақсылықтың және мемлекеттің тағайынды болуы жетілген құқыққа байланысты, мемлекеттің қызметі құқық принциптеріне сай болуы керек - деген ой, И. Кантқа жатады. Халық суверенитетінің принциптеріне сай, негізгі маңыздылықты атқарушы биліктің, заң шығарушыдан айырылғандығына берді және оның қызметін тежейтін принципті белгіледі: халық өзі туралы өзі шешім қабылдай алмайды, заң шығарушы халық жөнңнде шешім қабылдай алды. И. Канттың мына ойына құлақ салуға болады: заңның құқыққа сай келуіне байланысты, мемлекет құқыққа мәжбүрлеуге мүмкіндік алады және құқықты өзінің өмір сүруі үшін сақтайды. Р. Фон Моль бірінші рет құқықтық мемлекетке анықтама бере отырып, оны жаңа кеіпті конституцияда бекітілген азаматтарыдың құқығы және бостандығы бар индивидтердің сот қорғауы қамтамасыз етілген конституциялық мемлекетке жатқызды.

Мемлекеттік билік құқықты мойындайдй және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттілікке жатады.

«Заңның күші жоқ жерде - Аристотельдің айтуы бойынша - мемлекеттік құрылым нысаны жоқ». Цицеронның айтуы бойынша, «халықтың жұмысы» - құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп. Ертедегі Грецияның және Римнің мемлекеттік-құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғына тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.

Феодолизмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі мемлекетке жаңа қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді және оны қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді [10, 69 бет] . Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдерінегі құқықтық мемлекеттік идеяларды тарихи тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макиавелли мен Ж. Боден айтқан.

Макиавелли өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибелердің негізінде, саясаттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қорғаушы күштеді білу арқылы сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді.

Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті. Себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Бұдан, мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.

Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет

тұжырымдамасының дайындалуына пргрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық мемлекет туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз.

Құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы, Локктың сөзімен: «Заңды өкіметпен белгіленген өзгермейтін бәріне бірдей ережеде, бостандықта, барлық жағдайда заң рұқсат етсе, өзіңнің тілегеніңді жасау және әрдайым белгісіз басқа адамның еркіне тәуелді болмау».

Кант - құқықтық мемлекет теориясының философиялық егізін жан-жақты зерттеген адам. Көпшілік құқықтың қағидасына, философтың ойынша, халықтың шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау арқылы тәртіпті орнату. Халықтың үстемділігі, мемлекеттегі барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, «көптеген адамдардың құқықтық заңға бағынған жиынтығы». Конституцияның құқыққа сүйенген мемлекеттің жұмысы халаықтың жалпы еркіне сай болады, азаматтардың құқығы - жеке бастарының еркіндігі, адамгершілігі, ойлары.

Құқықтық мемлекетте, заңды бұлжытпай орындау жолында күштеуге де баратындай мүмкіншілігі болуы қажет. Керісінше, биліктің сол жөнінде азаматқа қандай мүмкіншілігі барлығында. Құқықтық құрылымның мүмкіншілігін Кант заң шығаратын парламентке байланысты, орындайтын үкіметке және соттыққа бөлумен байланыстырады.

Канттың құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамасы, саяси-құқықтық ойдың әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.

Гегель - мемлекетті өзінің философиялық дүниетанымындағы жалпы жүйенің контексінде қарайды, оның маңызды бөлігі құқық философиясы. Мемлекет, Гегельдің ойынша, бұл да құқық, бірақ көбірек жетіліп дамыған және мазмұны бай. Ол барлық басқа құқықтардың мойындағандарын - жеке адамның, отбасының, қоғамның құқықтарын өзіне қосып алады. Гегель мемлекетті жеке адам мен қоғамның үстінде тұрған абсолютке көтеріп, мемлекеттің дамуын, азаматтық қоғам дамуының алдында болғанын дәлелдейді [12, 102 бет] . Гегельдің осы дәлелдеуіне Маркс келіспей, мемлекет туралы тұжырымдамасының қателік жағын көрсетеді.

Шын мәнісінде, қоғам мемлекеттен бұрын пайда болғандықтан, мемлекет қоғам дамуының жемісі болады. Мемлекет Гегельдің ойынша, жетіліп дамыған қоғам өмірінің ұйымы, іске асырылған бостандықтың үстемдігін көрсететін құқық негізінде құрылады.

Тек, мелекетте және мемлекет арқылы адамның ең жоғарғы адамгершілігі, бағалылығы іске асырылады, сондықтан ол адамгершілік идеясының шындығы. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттер арқылы жеке адамдардың мүдделерін қамтамасыз етіп, тәртіпті қорғайды. Мемлекетте жеке адамның бостандығы және сыртқы тәртіп біртұтас болады, онда мемлекет өзінің ең жоғарғы құқықтық және моральдық нысанының бірлігіне жетеді. Гегельдің мемлекетке өкзқарасында оның функциялары қыстау, күштеу аса маңызды рөл атқармайды. Маңыздысы - мем лекеттің қызметіндегі оның әлеуметтік және құқықтық бастамалары, оның терең адамгершілік мазмұнын, ақылдылық және қоғамға, жеке адамға пайдалылығы.

Маркс - мемлекетті және құқықты ашық түрде қоғам дамуының таптық теория тұрғысынан қарады. Ол теория бойынша, пролетариат диктатурасының құрылуына байланысты, таптардың шағынуына байланысты тапсыз қоғамға көшу процесінде мемлекет пен құқық та жоғалады. Маркс буржуазиялық мемлекеттің құқықтық қатынастарын талдай отырып, заң-нәтиже, таптық қоғамның өндірістік қатынастарының материалдық көрінісі ретінде дәлелдейді. Заң шығару тек экономиклық қатынастардың талабын орындайды. Маркс айтқандай, заң өзінің күшіне ондағы көрсетілген әлеуметтік қатынастың тәртібі «қоғамдық өндіріс жолымен гармониялық жағдайда болса» ғана енеді.

Маркстің құқықтық мемлекет туралы айтқанына көңіл бөлсек: «Бостандық дегеніміз - қоғамның үстінде тұрған орган, мемлекетті тұтастай сол қоғамға бағынышты органға айналдыру».

Гессен - құқықтық мемлекетті шығыстың саяси-құқықтық орнықты көзқарасына сүйеніп анықтайды. «Құқықтық мемлекет деп айтатыны - оның ойынша, өз міндеттілігін үкімет ретінде өздері жасаған заңдылық нормаларға, заң шығарушы ретінде мойындамайтынында. Құқықтық мемлекет өзінің қызметінде, өзінің үкіметтік және соттық функцияларын орындау кезінде құқықпен байланысты және тежеледі, құқықтан төмен тұрады, сыртында емес және жоғары да емес».

Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің мазмұндық жағына белгілі түзетулер енгізді. Ол заң шығарудағы тәуелсіздікті жақтаған. Оның ойынша, мемлекет әдет-ғұрыппен және заң шығару құқығымен қатынасы жоқ, себебі «өзгермейтін» әдет-ғұрып және заң жоқ [15, 71 бет] . Шын мәнісінде заң шығарушы өкімет, заңмен тежелмеуі қажет. Бұл идеалда принципиалды іс-әрекеттің мәні жатыр: заңдар қоғамның өсу деңгейіне сай болуы міндетті, өзгеру үстіндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да қоғам өмірінің жағдайларын көрсетуі керек, оның дамуындағы объективтік қажеттілікке жауап беруі қажет.

Құқықтық мемлекеттің көпғасырлық тәжірибесін, теориясы мен жұмысын, өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми жағынан қабылдамау инерциясы қоғам өмірінде экономикалық-әлеуметтік, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығысуларды туғызды.

Құқықтық мемлекеттің мазмұны.

Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:

1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында демократиялық құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Конституциялық құқық жүйесі
Қазақстандағы құқықтық мемлекет
Штаттардың соттары
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі
Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
Қазақстан конституциясы
ҚР мемлекеттік рәміздері
Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz