Дерекқорда ақпаратты қорғау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

АНДАТПА

Бұл дипломдық жобада Мүлік агенттігі үшін дерекқорды жобалау және қорғау әдістері қарастырылған. Яғни, дерекқор теориясы, дерекқорды басқару жүйесінің жіктелуі, оның сәулеті, дерекқорды жобалаудың негізгі принциптері, оған қойылатын талаптары, қазіргі заманға сай дерекқор жүйелерінде ақпаратты қорғауда қандай қауіпсіздік шаралары жүргізілетіні қарастырылған. Сонымен қатар дерекқордың іске асыру ортасының дәйектемесі толығымен сипатталып, оның қазіргі кездегі өзекті жүйелердің бірі екеніне көз жеткізілген.

Бұл дипломдық жобада дерекқорды ұйымдастырудың экономикалық тиімділігі және еңбек қорғау талаптарына байланысты, жұмыс орындарының санитарлық нормаларға сәйкестігі қарастырылған.

Дипломдық жоба нәтижесінде мүлік агенттігі дерекқорына жасалған ақпараттық жүйе барлық талаптарға сай келіп, дерекқордағы ақпараттық қор программамен толығымен үйлескен. Пайдаланушы дерекқормен тиімді жұмыс жасау үшін оған қажетті барлық функциялар және пайдаланушы интерфейсі қарапайым ұйымдасқан.

АННОТАЦИЯ

Данный дипломный проект посвящен проектированию и защиты базы данных для агентства недвижимости. В дипломе подробно описывается теория базы данных, классификации система управления базы данных, основные требования для нее и современные методы защиты информации, применяемые в этой области. Приведены выбор и обоснование среды реализации данной системы и наглядно описано, как это система актуальна на сегодняшний день.

В данном дипломном проекте рассчитана экономическая эффективность внедрения базы данных, а также рассмотрены требования, предъявляемые к обеспечению безопасности труда и соответствию рабочих мест, санитарным нормам и требованию.

Результатом данного дипломного проекта является соответствие всем требованиям информационной системы для базы данных агентства недвижимости, и информация в базе совместима с программой. Для корректной работы пользователя системы организованы все функции и пользовательский интерфейс удобен и прост.

ANNOTATION

The given degree project is devoted to designing and protection of a database for agency of the real estate. In the diploma the theory of a database, classification a control system of a database, the basic requirements for it and modern methods of protection the information applied in this area is in detail described. The choice and a substantiation of the environment of realization of the given system are resulted and is evidently described, how it is system is actual for today.

In the given degree project economic efficiency of introduction of a database is calculated, and also the requirements shown to a safety of work and conformity of workplaces, to sanitary norms and the requirement are considered.

Result of the given degree project is conformity to all requirements of information system for a database of agency of the real estate, and the information in base is compatible to the program. For correct work of the user of system functions are organized all and the user interface is convenient and simple.

МАЗМҰНЫ

ТАПСЫРМА3

АНДАТПА4

КІРІСПЕ4

1 Дерекқорды басқару жүйесі4

1. 1 Дерекқорға түсінік4

1. 2 Дерекқорды жіктеу4

1. 3 Қатынастарды қалыптастыру4

1. 4 ДҚБЖ сәулеті4

1. 5 Дерекқорды жобалау4

1. 6 Дерекқорды қорғау4

2 ДЕРЕКҚОРДЫ ІСКЕ АСЫРУ4

2. 1 Іске асыру ортасын таңдау және оның дәйектемесі4

2. 2 Дерекқорға қойылатын талаптар4

2. 3 “Redwood Realty” жылжымайтын мүлік агенттігі дерекқорына түсініктеме4

2. 4 Программаға түсініктеме4

2. 5 Дерекқорды қорғауды қамтамасыз ету4

3 НҰСҚАУЛЫҚТАР4

3. 1 Жүйе әкімшісіне нұсқаулықтар4

3. 2 Пайдаланушыға нұсқаулықтар4

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ4

4. 1 Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу4

4. 2 Экономикалық есептеулер4

5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ4

5. 1 Жобалау орталығындағы негізгі қауіпті және зиянды факторларды талдау4

5. 2 Қорғаныс шаралары4

5. 3 Өндірістік санитария4

5. 4 Техникалық қауіпсіздігі4

5. 5 Өрт қауіпсіздігі4

ҚОРЫТЫНДЫ4

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ4

А Қосымшасы4

КІРІСПЕ

Бізді айнала қоршаған әлемнен келген ақпарат ағыны өте үлкен. Уақыт өте келе олар көбейегу беталыс алады. Сондықтан да әр мекемеде, үлкен немесе кіші болсын, тиімді жұмысты қамтамасыз ететін, деректерді басқаруды ұйымдастыру мәселесі туындайды. Кейбір мекемелер папкаға толған жәшіктерді қолданады, бірақ көбісі дерекқордың компьютерленген әдістерін таңдайды. Осы әдістер көлімі үлкен деректерді тиімді сақтап, құрылымдайды және жүйелендіреді. Қазіргі кезде бірде-бір қаржылық, өндірістік, сауда-саттық және басқа мекемелер жұмысын дерекқорсыз елестету мүмкін емес. Дерекқор болмайтын болса, онда олар ақпарат көшкінінде қалар еді.

Ақпараттың компьютерленген негізіне ауысуына көптеген күрделі себептер бар. Қазіргі кезде қағаз жүзінде салыстырғанда ЭЕМ файлдарында ақпаратты сақтау арзанырақ. Дерекқор ақпаратты сақтауға, құрылымдауға және пайдаланушы үшін тиімді әдіспен шығаруға мүмкіндік береді. Клиент/сервер технологияларын қолдану, қаражатты біршама сақтауға, бастысы керек ақпаратты алу үшін уақытты үнемдеуге, сонымен қатар қатынауды және енуді жеңілдетеді, себебі деректерді комплексті өңдеуде және олардың сақталуы орталықтанғандықтан негізделеді. Сонымен қатар ЭЕМ әртүрлі форматтағы деректерді, мәтіндерді, сызбаларды, қол жазба түріндегі деректерді, фото суреттерді, дауыс таспаларын және т. б. сақтай алады.

Осындай кең көлемді ақпаратты сақтауда жүйелік құрылғыларды, деректерді тасымалдау құрылғылары мен жадыны дамытудан басқа, пайдаланушыға сұратымдарды енгізуге, сақталған деректерді модификациялауға, файлдарды оқуға, жаңа деректерді енгізуге немесе сақталған деректер негізінде шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін, адам мен ЭЕМ арасында диалогты қамтамасыз ету құрылғысы керек. Осы функцияларды қамтамасыз ету үшін арнайыландырылған құрылғылар құрылған - дерекқорды басқару жүйелері (ДҚБЖ) . Қазіргі ДҚБЖ - көпқолданбалы дерекқорды басқару жүйелері, олар ақпараттар массивін басқару немесе бір уақытта жұмыс жасайтын пайдаланушылар үшін арнайыланған.

Қазіргі ДҚБЖ мыналарға жауап береді:

  • кестелерді қамтамасыз ететін және олардың арасындағы байланыстар үшін құрылғылар жиынтығы;
  • ақпаратты енгізуге және модификациялауға мүмкіндік беретін, іздеуді және ақпаратты графикалық немесе мәтіндік режімінде қамтамасыз ететін дамыған пайдаланушы интерфейсі;
  • қажетті қолданбаларды құруға болатын жоғары деңгейлі программалау құрылғылары.

“Мүлік агенттігі үшін дерекқорды жобалау және қорғау” жүйесін жобалау үшін дерекқорды басқару ортасы Oracle 10g-да құрылып, дерекқорға жасалатын әрекеттер PL/SQL сұратулар тілі арқылы жүзеге асырылып, пайдаланушылар интерфейсі Delphi7 программалау тілінде таңдалды. Берілген дипломдық жобада “Redwood Realty” жылжымайтын мүлік агенттігі дерекқорына түсініктеме беріледі. Осы компания қарапайым тұтынушыларға мүлік жөнінде кездесетін мәселелерге байланысты қызмет көрсетеді.

1 Дерекқорды басқару жүйесі

1. 1 Дерекқорға түсінік

Дерекқордағы деректер перманентті немесе тұрақты деп аталады. Перманентті (persistent) дегеніміз - басқа ауысатын деректерден ерекшелігі бар, оларға аралық нәтиже, кіріс және шығыс деректері, басқарылатын операторлар, жұмысшы кезектер, программаларды басқаратын блоктар және уақытша деректер (transient) жатады. Нақтырақ айтсақ, дерекқордағы деректер перманенті болып қалады, себебі деректер ДҚБЖ құралымен дерекқорға қабылданып, одан оны жою, дерекқорға арнайы сұраныс жасаумен жүзеге асады.

Дерекқор - бұл бірнеше перманентті (тұрақты) деректер жиынтығынан құралған, қолданбалы жүйелермен қандайда бір кәсіпорынмен қолданылады.

Кәсіпорын - дегеніміз тәуелсіз бір коммерциялық, ғылыми, техникалық немесе басқа да бір мекеме, кәсіпорын үшін арналған ортақ термин болып табылады. Кәсіпорын бір адамнан да тұруы мүмкін (кішігірім жеке дерекқорымен), үлкен кәсіпорын немесе аса ірі мекеме де (аса үлкен дерекқорымен) болуы мүмкін. Бірнеше мысалдар:

  • өнеркәсіп компаниясы;
  • банк;
  • больница;
  • университет;
  • министрлік [5] .

1. 1-сурет Дерекқор жүйесінің қарапайым сұлбасы

Әр кәсіпорын кәсібіне байланысты аса көп деректерді қолданады. Бұл перманентті деректер. Перманентті деректер арасына мыналар жатады:

  • өнім жайлы деректер;
  • есепшот жайлы деректер;
  • аурулар жайлы деректер;
  • студенттер жайлы деректер;
  • жоспар жайлы деректер.

Дерекқор жүйесі - жазбаларды сақтайтын компьютерленген жүйе, яғни ең басты тағайындалуы ақпаратты сақтау, пайдаланушыларға осы ақпаратты шығаруға және модификациялауға арналған құрал болып табылады. Жүйені қолданатын белгіленген пайдаланушының немесе мекеменің ағынды жұмысына қажеттілктердің барлығын ақпарат ұғымына жатқызамыз. Төменде дерекқор жүйесінің схемасы көрсетілген (1. 1-сурет) . Мұнда жүйенің 4 басты компоненттері бейнеленген. Олар: деректер, аппараттық қамтама, программалық қамтама және пайдаланушылар.

Сонымен, дерекқор - бұл белгілі бір пәндік аймаққа жататын, аталынған құрылымдық деректер жиынтығы.

Дерекқорды басқару жүйесі (ДҚБЖ) - бұл дерекқорды құруға арналған, оны өзекті қалпында сақтау және керекті ақпаратты іздеп-табуды құруға жасалған программалық және тілдік құрал кешені.

Дерекқор жүйелері кіші компьютерлерден аса ірі мэйнфреймдарда да орналасады. Үлкен машиналардағы жүйелер (“үлкен жүйелер”) көбінесе көпқолданбалы болса, ал кіші машинадағы жүйелер (“кіші жүйелер”) бірқолданбалы болады. Бірқолданбалы жүйе (single-user system) - дерекқорға тек бір ғана пайдаланушы қол жеткізе алады, ал көпқолданбалы жүйе (multi-user system) - дерекқорға бірнеше пайдаланушылардың қол жеткізе алуы. Көпқолданбалы жүйелердің басты мақсаты - әрбір пайдаланушы бірқолданбалы жүйемен қалай жұмыс жасаса, осы жүйемен де тура солай жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Осы екі жүйенің айырмашылығы ішкі құрылысында, сондықтан да ақырғы пайдаланушыға ол көрінбейді.

Дерекқордағы деректер (үлкен жүйелерде) интеграцияланған және дара болып екіге бөлінеді.

Интеграцияланған деректер дегеніміз - дерекқорды бірнеше бөлектенген файлдардың жиынтығы ретінде, артықтық ақпаратты толық немесе жартылай сақтауды болдырмайды. Мысалыға, дерекқор EMPLOYEE файлын сақтасын, бұл жерде қызметкерлердің аты-жөні, мекен-жайы, бөлімше атауы, жалақысы және т. б. тіркелсін, ал ENROLLMENT файлында қызметкерлердің курстарда оқуы тіркеледі. Осы оқу процессін бақылау үшін, тіркелген әр қызметкердің қай бөлімшеде орналасқанын білу керек. Осыған орай, ENROLLMENT файлына осы ақпаратты тіркеудің еш қажеттігі жоқ, себебі оны әрдайым EMPLOYEE файлынан алуға болады (1. 2-сурет) .

1. 2-сурет EMPLOYEE және ENROLLMENT файлдары

Дара деректер дегеніміз - дерекқорда бірнеше пайдаланушылармен сақталынатын жеке элементтердің қолданылуы. Яғни, әр пайдаланушының әртүрлі мақсатпен тек бір ғана деректер элементіне қол жеткізу алуы. Алдында айтып кеткендей, біруақытта (параллельді қатынау) және бір деректер элементіне әртүрлі пайдаланушылар қол жеткізе алады. Жоғарыдағы мысалда айтылып кеткендей, қызметкерлер бөлімшесінің және оқу бөлімшесінің пайдаланушылары EMPLOYEE файлының ақпаратымен бөлісе алады. Егер дерекқор дара болмаса, онда оны жеке немесе арнайы қолданыс дерекқоры деп атайды.

Пайдаланушылар. Пайдаланушыларды үлкен үш топқа бөлуге болады.

  • Бірінші топқа - қолданбалы программистер жатады. Олар дерекқор қолданатын қолданбалы программаларды жазуға жауап береді. COBOL, PL/I, C++, Java немесе басқа жоғары деңгейлі тілдерде жазылады. Қолданбалы программаларлдың дерекқорға қол жеткізуі ДҚБЖ-ға арнайы сұраныс берумен байланысты (әдетте ол SQL-операторы) . Осындай программалар қарапайым қолданба дестесі немесе интерактивті қолданбалар ретінде ақырғы пайдаланушыларды қолдау үшін жасалады. Олар пайдаланушыларға жұмыс стансасы немесе терминал арқылы дерекқорға жедел қатынауға мүмкіндік береді.
  • Екінші топқа - ақырғы пайдаланушылар жатады. Олар жұмыс стансалары немесе терминал арқылы дерекқор жүйесімен тығыз жұмыс жасайды. Ақырғы пайдаланушы дерекқорға қол жеткізу үшін, интерактивті қолданбалардың біреуі немесе ДҚБЖ программалық қамтамасында интеграцияланған интерфейсті қолданады. Әрине интерфейс интерактивті қолданбалардың қолдауымен жасалады. Осы қолданбаларды пайдаланушы-программисттер жасамайды, олар ДҚБЖ-ң құрамдас бөлігі болып келеді. Көптеген ДҚБЖ-дің құрамында бір қолданба болса да кездеседі, яғни сұраныстардың тіл процессоры. Ол диалогты режімінде пайдаланушыға дерекқорға сұраныстар (оларды әдетте операторлар (statement) немесе командалар (commands) деп атайды) жасауға болады. Мысалыға SELECT немесе INSERT.
  • Үшнші топқа - дерекқор әкімшілері жатады. Деректер әкімшісі - осы мекемеге қатысты шешімдерді қабылдаудың стратегиясына және саясатына жауап береді, ал дерекқор әкімшісі - қабылданған шешімдер жүзінде техникалық қолдау жасауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, басты міндеттеріне техникалық деңгейде жүйені ортақ басқару кіреді [5] .

1. 2 Дерекқорды жіктеу

Деректерді өңдеу технологиясы бойынша дерекқор орталықтанған және үлестірілген болып екіге бөлінеді.

Орталықтанған дерекқор бір есептеуіш жүйесінің жадысында сақталынады. Егер осы есептеуіш жүйесі ЭЕМ желісінің құрауышы болса, онда дерекқорға үлестірілген қол жеткізу болады. Осындай тәсіл жергілікті желілерде қолданылады.

Үлестірілген дерекқор ЭЕМ есептеуіш жүйесінде сақталынатын бірнеше, қиылысқан немесе бір-бірін қайталайтын бөліктерден тұрады. Осындай дерекқормен жұмыс жасау, үлестірілген дерекқорды басқару жүйесі арқылы жүзеге асады.

Дерекқорға қол жеткізу тәсілдері бойынша дерекқор екіге бөлінеді. Олар жергілікті қатынас құру дерекқоры және шалғай (желілік) қатынас құру дерекқоры.

Желілік қатынас құрылған, орталықтанған дерекқор жүйелері әртүрлі сәулеттерді ажыратады:

  • файл-сервер;
  • клиент-сервер.

Файл-сервер. Желілік қатынауы бар файлдар сер дерекқор жүйесінің сәулеті желі ішінде машиналардың біреуін орталықтанған (файлдар сервері) етіп жасайды. Осындай машинада бірлесе қолданылатын орталықтанған дерекқор сақталынады. Желідегі қалған машиналар жұмыс стансияларының функциясын атқарады. Осы стансалар көмегімен пайдаланушылар жүйесі орталықтанған машинаға қол жеткізе алады. Дерекқор файлдары жұмыс стансаларына беріліп, деректер өңделеді. Бір деректерге үлкен интенсивті қатынас құрылған кезде, ақпараттық жүйенің өнімділігі төмендейді. Пайдаланушылар жұмыс стансаларында жергілікті дерекқор құра алады. Файл-сервер концепциясы 1. 3-суретте көрсетілген.

1. 3-сурет ДҚ файл-сервер тәсілі бойынша ақпаратты өңдеу

Клиент-сервер. Бұл тұжырымдамада орталық дерекқор машинасы (ДҚ сервері) сақтаумен қатар, деректердің негізгі көлемін өңдеу керек. Клиенттен келетін сұранысқа байланысты серверден деректерді іздеу және шығару жүзеге асады. Шығарылған деректер (файлдар емес) желі ішінде тасымалданып, серверден клиентке жеткізіледі. Клиент-сервер сәулетінің ерекшелігі SQL сұарныс тілінің қолданылуы. Клиент-сервер тұжырымдамасы 1. 4-суретте көрсетілген.

1. 4-сурет ДҚ клиент-сервер тәсілі бойынша ақпаратты өңдеу

Дерекқордағы деректер белгілі бір логикалық құрылымнан тұрады, яғни ДҚБЖ қолдайтын модельмен көрсетіледі. Ең маңыздыларына мыналар жатады:

  • иерархиялық;
  • желілік;
  • реляциялық;

Иерархиялық үлгісіне деректер ағаш (иерархиялық) тәріздес құрылымға сәйкес көрсітіледі. Ол иерархиялық жинақталған ақпаратпен және күрделі логикалық байланыстар үшін жұмыс жасауға ыңғайлы. Иерархиялық үлгіге кез-келген әкімшілік құрылым жақсы мысал болып табылады. Бұл үлгіде басты объектіні бөліп көрсетуге болады, сол арқылы жүйенің басқа барлық объектілеріне қатынас құру қамтамасыз етіледі. Деректердің иерархиялық үлгісі мынадай түсініктерді қолданады: өріс (деректер элементі), сегмент (топ), жазба.

Деректердің иерархиялық үлгісі операциялар сипаттамасы логикалық емес жазбалық болып келеді. Графтық үлгілердегі құрылым бойынша орын ауыстыру аппараты деректермен манипуляция жасау операциялары қолданылатын деректер объектілерін орнату үшін қажет. Мұндай объектілер ағымды деп аталады. Мұндай үлгілердегі деректерге қатынас құру және деректер құрылымы бойынша орын ауыстыру тетіктері жеткілікті түрде күрделі болып келеді.

Деректердің иерархиялық үлгісі қолдану кезінде деректердің иерархиясының деңгейлері бөлінеді.

Иерархиялық үлгі «ата-мұрагер» тәуелділіктері айқын болатын тұрақталған пәндік аймақтарға жақсы келеді. Осы шарттар орындалған жағдайда иерархиялық үлгінің жақсы қасиеттері көрінеді, солардың бірі - өте жоғары іздеу жылдамдығы. Деректердің иерархиялық үлгісі негізгі тиімді қасиеттері: құру және пайдаланудағы қарапайымдылығы деректердің тәуелсіздігінің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, операциялық сипаттамаларын бағалаудағы қарапайымдылық. Жақсы қасиеттеріне тағы да, сұраныстың шарттары дерекқордың сұлбасындағы иерархияға сәйкес келген кезде, керекті мәндерді тез іздеуді іске асыру мүмкіндігі жатады.

Иерархиялық үлгінің кемшіліктері бұл үлгінің аса ұтатылығынан шығады. Деректердің иерархиялық үлгісі қарым-қатынасудың тек қана екі түрі мүмкін: «бір-бірге» және «бір-көпке». «Көп-көпке» қатынасын іске асыру өте қиын, өте үлкен құрылым шығады және артық деректерді сақтауды қажет етеді, бұл физикалық деңгейге өте жағымсыз, иерархиялық түрде реттелгендік жою және қосу операцияларын күрделендіреді, кез-келген төбеге қатынас құру тек қана түбірлі түйін арқылы мүмкін, бұл қатынас құру уақытын арттырады. Егер сұраныс иерархияға сәйкес келмесе, онда оны программалау да, оны орындау да көп уақыт талап етеді. Иерархиялық үлгінің тағы бір кемшілігіне оған өзгертулер енгізудің қиындығы жатады. Егер тапсырманың шарттары өзгеріп кетсе, және пәндік аймақтың үлгісі енді иерархиялық болмаса, онда дерекқордың сұлбасын пәндік аймаққа сәйкестендіру қиынға соғады.

Желілік үлгі. Егер деректердің құрылымы жәй ғана иерархиядан күрделірек болса, иерархиялық дерекқордың қарапайымдылығы оның кемшілігіне айналды. Осыған байланысты деректердің желілік үлгісін әзірлеу қажеттігі туындады. Желілік үлгілер күрделі құрылымдар жасайды, бұл жаңарту қажеттігі туындаған кезде немесе деректер үлгісін дамыту қажеттігі туындаған кезде біраз қиындықтар туғызады. Деректердің желілік үлгісі дерекқордың пайдаланушылары - программашылар үшін арналған құрал ретінде ойластырылған. Осыған байланысты деректердің желілік үлгісі оның операциялық мүмкіндіктерін дамытуға қарағанда, деректредің құрылымына көбірек көңіл бөлінеді.

Дерекқордың желілік үлгісін иерархиялық үлгі жалпы түрі ретінде қарастыруға болады, онда циклдар және түрлі байланыстарға рұқсат беріледі. Өздерінің базалық концепциялары бойынша деректердің иерархиялық үлгі және деректердің желілік үлгісіне ұқсас. Желілік үлгіде иерархиялық үлгідегідей торап және байланыс түсініктері бар, олар аталымды болуы мүмкін. Желілік үлгінің иерархиялық үлгіден айырмашылығы, ол әр торапқа тек қана бір атадан емес бірнешеден байланыс жүру мүмкіндігі.

Деректердің желілік үлгісінің және осы үлгі негізінде құрылған ДҚЖ дамуына әсереткен, тіл бойынша деректерді өңдеу жүйелерінің (КОДАСИЛ) Ассоциациясының дерекқор бойынша (DBTG) жұмыс тобы. КОДАСИЛ үлгісі тұрақты дамиды және жаңартылады. Бұл үлгі ең көп дамылған деректердің желілік үлгісі болып саналады және желілік типті барлық ДҚЖ құрулуының негізінде жатады. Төменде КОДАСИЛ терминологиясы қолданылған. Желілік типті ДҚЖ құру кезінде қолданылатын деректер құрылымының негізгі типтері: деректер элементі агрегат (топ), жазба, теру, дерекқор.

Реляциялық үлгісі. 60-жылдардың соңында бір уақытта бірнеше авторлармен деректерге қатынас құруды ұйымдастыру үшін, теориялық көптік операторларды қолдану жайында ұсыныс берілді, сол деректердің реляциялық үлгісінің негізіне жатты. Реляциялық үлгі объектілерді және оның арасындағы байланыстарды кесте түрінде көрсетеді. Бірінші рет ол 1970ж. Доктор Э. Ф. Коддпен ұсынылған. Қазіргі уақытта деректердің реляциялық үлгісі көп танымал болып табылады. ДЭЕМ үшін бұл деректер үлгісіне барлық жаңа ДҚБЖ негізделеді. Реляциялық үлгінің артықшылығы деректердің қарапайым көрсетімі, сұраныстардың табиғи қалыптастырылуы болып табылады, өйткені олар алдын ала белгіленген құрылымға байланыспаған және қатынау стратегиясының бөліктерімен байланыспаған.

Деректердің реляциялық үлгісінің негізінде өзімен бағыныңқы көптік декартті домендер қосындысын көрсететін қатынас математикалық түсінігі жатыр. Қатынас көптік атрибуттар негізінде анықталады. Домен - нақтылы атрибут мәні алынатын көптік мәндер.

Ағылшынша қатынас relation деп аталады, осыдан реляциялық түсінігі пайда болды. Деректердің реляциялық үлгісінде объекттер және олардың арасындағы байланыс қатынас ретінде сипатталады, екіөлшемді кесте ретінде көрсетіледі. Әр қатынасқа өзінің кестесі сәйкес. Кесте және қатынас түсінігінің айырмашылығы қатынаста рет жоқтығы және реттелмеген жазбалардың көптігі.

1. 3 Қатынастарды қалыптастыру

Бірдей деректер кестеде әртүрлі тәсілмен топталады, яғни байланысқан ақпараттық объектілердің қатынас терулерін құру. Қатынастағы атрибуттар топталуы рационалды болу керек, яғни деректерді көшірмелерін минимизациялау және жаңарту, өңдеу процедураларын ыңғайлату.

Басқа қатынас қалыптастыру міндеттеріне жауап беретін қатынас терулеріне қарағанда, белгілі бір қатынас терулерді қосу, модификациялау, деректерді жою кезінде мүмкіндіктері жоғары болады.

Қатынасты қалыптастыру - қатынастарды қалыптастыруды (кетелерді) формальды аппаратты шектеу. Ол көшірмелерді, дерекқордағы қайшылықтарды болдырмайды, дерекқорды жүргізуге еңбекшығындарын азайтады.

Е. Кодд үш қалыпты қатынас нысандарын ұсынып, осы үшеуінің арасынан ең соңғысына жетілген түріне қалғандары жүгінетін етіп қалыптастырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Mysql мәліметтер базасында құрылған мәліметке php шаблонын қолданып сайт құру
Деректер қорының құрылымын құру
Дерекқор жүйелерiн жобалау
Байланыс ақпараты
Деректер базасын құру әдісі
Деректер қорын ыңғайландыру
Мәліметтер базасының схемасын құру
Деректер қоры кестелері
Ақпаратты шифрлау
Деректер базасы жүйесінің компоненттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz