Жай астықты барлық келісім шарт жасасу КСРО ішкі және сыртқы сауда



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Нарық жағдайында ауыл шаруашылық өнімдерін тарату саласындағы қызметті
мемлекеттік-құқықтық реттеу

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН
ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК-
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Кеңес Одағы кезіндегі ауыл шаруашылық өнімдерін тарату
саласындағы қызметті мемлекеттік-құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...6
1.2 Өнеркәсіп сауда арасындағы тауар айналымын мемлекеттік-
құқықтық реттеу және қазіргі кезге дейінгі ауыл шаруашылық
өнімдерін тарату саласындағы қызметті мемлекеттік-құқықтық
реттеу ... ... ..22

2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН
ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ ШАРТТАРДА ЕРЕКШЕ МӘНДІ
ЖАҒДАЙ РЕТІНДЕ ТАНЫЛАТЫН ӨНІМ САПАСЫН
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.1 Өнім сапасын мемлекеттік басқару механизмі, нормативтік
базасы және
сертификаттау ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 41
2.2 Сапаның сәйкестік белгісі, қолданылу мерзімі, сәйкестік белгісінен
айыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..77

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыста ауыл шаруашылық өнімдерін
тарату саласындағы шарттарда ерекше мәнді жағдай ретінде танылатын өнім
сапасын мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері, өнім сапасы саласындағы
мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі құралдары зерттеледі, осы
мәселенің теориялық және тәжірибелік жақтарын ашуға талпыныс жасалады.
Жұмыста өнімнің сапасын сақтауды іске асыру шарттары болып табылатын мән-
жайларға талдау жасалып, олардың құқықтық табиғатын анықтауға назар
аударылады, сондай-ақ мемлекеттік басқару және оның механизмі, өнім сапасын
қамтамасыз ету жүйесіндегі бақылау-қадағалау қызметі мәселелері
қарастырылады. Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде автор
мемлекеттік органдарға өнім сапасын көтеру, сақтау мәселелерін теориялық-
құқықтық жағынан жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар білдіреді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өнім сапасын жақсарту шаруашылықтың
маңызды мақсаты болып табылады. Мемлекеттің осыған байланысты
бағдарламаларында былай делінген: Өнім сапасын жүйелі түрде жақсарту бұл -
экономиканың дамуының міндетті талаптарының бірі [1]. Сапасы жоғары
өнімдердің көп мөлшерде болуы мемлекеттің экономикасының дамуына орасан зор
ықпалын тигізетіні сөзсіз. Ал сапасы төмен өнімді шығару елдің
экономикасына, өнім шығарушы кәсіпорындардың өздеріне де көптеген шығындар
әкеледі. Сол себептен сапалы өнімді шығару үшін қадағалау-бақылау жұмыстары
мемлекеттік органдардың, шаруашылықтардың, мекемелер мен кәсіпорындардың
назарында болуы тиіс.
Соңғы жылдары сапаны бақылау жүйесінің орнына басқару жүйесі - оның
ішінде ең тиімдісі - өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі келді. Сонымен
қатар шаруашылықты басқарудың барлық деңгейіне сапаны басқарудың жүйесін
терең енгізуге бағытталған ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік
сипаттағы бірқатар шаралар жүзеге асырылды.
Қазіргі кезде өнім сапасын жүйелі түрде дамыту мәселесі жалпы аумақтық
сипатқа ие болып отыр. Сол себептен өнім сапасын кешенді бақылау жүйесін
енгізу мен дайындау саласындағы кәсіпорындарға сапаны мемлекеттік
басқарудағы біртұтас жүйенің қағидаларын дайындау тапсырылуда. 2004 жылы 9
қарашада қабылданған ҚР Техникалық реттеу туралы заңында техникалық
реттеудiң мынадай негiзгi мақсаттары мен қағидалары: өнiмнiң, көрсетiлетiн
қызметтiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, соның
iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң
қауiпсiздiгiне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын
алу; саудадағы техникалық кедергiлердi жою; өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн
арттыру болып табылатындығы көрсетілген [2]. Сонымен қатар техникалық
реттеу саласындағы қызметтерді мына органдарға жүктейді: Қазақстан
Республикасының Үкiметi; уәкiлетті орган; өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк
органдар; мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы
сарапшылық кеңестер; саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және
фитосанитарлық шаралар жөнiндегi ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат
орталығы); стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер; сәйкестiктi растау
жөнiндегi органдар, зертханалар; сәйкестiктi растау, стандарттау және
аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар; техникалық реттеу саласындағы
нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры. Осы
мемлекеттік органдардың ұтымды қызметін ұйымдастырудың маңызды жағдайы
заңдарды жетілдіру болып табылады. Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында
мемлекеттің ролін арттыру, құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік
қызметтің жан-жақты негізі ретінде заңдарды жетілдіру, ҚР Конституциясының
басымдығын қамтамасыз ету, заңдардың басқа заңға тәуелді актілерге
қарағанда басымдығын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алатын
ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерді құру және дамыту, мемлекеттік
шешімдерді қабылдау және орындау мемлекетті нығайтудың бірден-бір көзі
болып табылады.
Біздің ойымызша, өнім сапасын жүйелі түрде мемлекеттік реттеу
қажеттілігі туды. Өйткені бір жағынан, нарықтың дамуы, екінші жағынан
қоғамдағы адамдардың өмірі мен денсаулығына орны толмас зияндардың
келтірілуіне әкеледі. Нарық жағдайы бір жағынан үлкен жетістіктерге әкелсе,
екінші жағынан қоғамға кері әсерін тигізуі мүмкін, өйткені өнім өндіру
саласында әр өнім өндіруші өзі шығаратын өнімнің сапасынан гөрі санына және
одан түсетін пайданың неғұрлым көптігіне көбірек көңіл бөледі. Қазіргі
кезде Қазақстанның өнім сапасын көтеру саласындағы мемлекеттік реттеу
тәжірибесі басқа батыс елдеріндегіге қарағанда артта қалып отыр, ол елдің
нарыққа өту жағдайында тұруымен, халықтың менталитеті және жалпы мінез-
құлқымен байланысты.
Өнім сапасы мәселесі, жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін тарату
саласындағы қызмет қазіргі кезде нарыққа өту кезеңіндегі елдердің
көпшілігіне тән сияқты үлкен өзгерістерге ұшырады. Өнім сапасы саласындағы
қызметті реттеу өнімді дайындау, өңдеу, тарату ұйымдарының негізгі
қызметіне зиян келтірместен және елдегі адамдардың денсаулығы мен өмірі
бірінші орынға қойыла отырып, жүзеге асырылуы керек. Мұндай міндеттің
орындалуы ғылыми зерттеуді, халықаралық тәжірибелерді жүйелеп пайдалануды
және осы саладағы мемлекеттік-құқықтық реттеудің қағидалары мен әдістерін
арттыруды талап етеді.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мәселесінің қажетті деңгейде ғылыми
зерттелмеуі, осы саладағы заңдардың дұрыс қолданылмауына, сонымен қатар
мемлекеттік және тұтыну деңгейінде сапаның мәнін түсінбеушілікке, сапа
мәселесінің дұрыс құқықтық қорғалмауына әкелді. Бұл таңдалып алынған
диссертациялық зерттеудің тақырыбының өзектілігін, оның тәжірибелік және
ғылыми маңыздылығын сөзсіз анықтайды.
Дипломдық жұмыс тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі. Өнімнің сапасына
қатысты мәселелер осы күнге дейін кешенді түрде ғылыми-теориялық деңгейде
арнайы құқықтық реттелу жағынан зерттелмеген. Бұл мәселе бірқатар
зерттеулерде сапа менеджменті мәселелерімен бірге қарастырылады. Берілген
зерттеудің ғылыми-әдістемелік аспектілері XX ғасырдың басындағы отандық
және шетелдік ғалымдардың концептуалдық, теориялық және әдістемелік
туындыларын зерттеу, пысықтау, оларға талдау жасау негізінде құрылды.
Зерттеудің теориялық негізі отандық және шетелдік заңгерлердің әдістемелік
және ғылыми-тәжірибелік жұмыстары болып табылады, дәлірек айтқанда, мына
ғалымдардың: Баймаханов М.Т., Опрышко В.Ф., Новоселов В.И.,
Огрызков В.М., Брославский Л.И., Рахманкулов Хаджи Акбара,
Жарболова А.Ж., Нурпеисова М.М., Аскаров Е.С., Гуревич Г.С., Кравченко И.,
Мирошниченко И.И., Зинатуллин А., Хайрулинова А.К., Привман Л.С., Баронов
В., Титовский И., Лаштун В.С., Балашов Е.А.,Таспихов А., Бесфамильная Л.В,
Цыганов А.А, Шайхина Д.З., Сангиспаев М.Н., Зинатуллин А., Қасенов Ғ.Ә.
еңбектері қолданылған.
Ғалымдардың өнім сапасы, стандарттау, сертификаттау мәселелері бойынша
зерттеумен кең шұғылданған кезі - XX ғасырдың басы, яғни кеңестік дәуірге
сай келеді. Сол кездері жүргізілген ғылыми жұмыстардағы теориялық ой -
қорытындылар әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Дегенмен, өнім сапасы,
стандарттау, сертификаттау мәселелерін бүгінгі заман, жаңа заңнама
тұрғысынан қайта қарау және талдау қажеттігі күмән туғызбайды.
Зерттеудің әдістемелік, теориялық және нормативтік-құқықтық негізі.
Өнім сапасы саласындағы қызметті зерттеу диалектика заңдарының негізінде
жүргізілді. Зерттеу жүргізу барысында ғылыми танымның жалпы әдістері және
салыстырмалы-құқықтық, логикалық, тарихи, жүйелік-құрылымдық, кешендік,
статистикалық жеке ғылыми әдістер қолданылды. Баймаханов М.Т., Опрышко
В.Ф., Новоселов В.И.,Огрызков В.М., Брославский Л.И., Лурье С.М.,
Рахманкулов Хаджи Акбара, Жарболова А.Ж., Нурпеисова М.М., Аскаров Е.С.,
Гуревич Г.С., Кравченко И., Мирошниченко И.И., Зинатуллин А., Хайрулинова
А.К., Привман Л.С., Баронов В., Титовский И., Лаштун В.С., Балашов Е.А.,
Таспихов А., Бесфамильная Л.В., Цыганов А.А., Шайхина Д.З., Сангиспаев
М.Н., Зинатуллин А., Қасенов Ғ.Ә. сияқты белгілі ғалымдардың өнім сапасын
көтеру мәселелеріне байланысты теориялық құнды идеялары зерттеу жүргізу
кезінде басшылыққа алынып, диссертацияның өзегі болып отырған мәселені ой
елегінен өткізуде айрықша маңызды роль атқарды.
Зерттеудің нормативтік базасын ҚР Конституциясы, ҚР өнім сапасы
саласындағы нормативтік-құқықтық актілер құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК-
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

1.1 Кеңес Одағы кезіндегі ауыл шаруашылық өнімдерін тарату саласындағы
қызметті мемлекеттік-құқықтық реттеуді тарихи-құқықтық зерттеу
Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын дайындау
мемлекеттік резервті құру үшін және халықтың, өндірістің қажеттіктерін
қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық өнімінің барлық түрлерінен
қамтамасыз ететін қала мен ауылдың арасындағы ұйымдасқан алмасушылықтың
нысаны болып табылады. Өнімді тарату ауыл шаруашылығының дамуына әсерін
тигізеді. Бұл ауыл шаруашылық өнімін сатып алуды жүзеге асыру үшін
дайындаудың экономикалық және саяси маңызын көрсетеді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін таратуды жүргізудің нысандары мен әдістері
әртүрлі кезеңдерде біздің еліміздің экономикалық және саяси жағдайларының
дамуына байланысты ауысып отырды.
Кеңес мемлекеті қабылдаған алғашқы құқықтық актілер келісім шарт
жасасу институтының қалай пайда болғанын және ауыл шаруашылық өніміне
келісім шарт жасасу шарты шағын шаруа қожалықтарының бірлестігіне қандай
әсерін тигізгендігін зерттеуге мүмкіндік береді.
РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 17 мамырдағы Билік
органдарының ұсақ және қолөнер өнеркәсібі және ауыл шаруашылық қолөнер
кооперациясына қатысты басқарушы көрсеткіштері туралы декретте ауыл
шаруашылық кооперацияларының бүкіләлемдік дамуы үшін шаралар қолдану
қажеттігі туралы айтылғандығы ескеріліп өткен [3]. Декретте ұсақ
өндірушілердің кооперативке ұмтылуын бүкіләлемдік қолдану ұсынылған және
осы мақсатта кооперативтерді ақшамен, шикізатпен авансылау және оларға
басқа кейбір тұлғалардың алдында артықшылық беру көзделген. Әсіресе ауыл
шаруашылық кооперациясының мемлекеттен ауыл шаруашылық өнімін өткізу үшін
құралдар алатын машина серіктестіктері (машинные товарищества), тұқым
шаруашылығы, мал шаруашылығы және мелиорация серіктестіктері сияқты
түрлерін қолдап, оларға дем берілді. Егістікті кеңейту және жерді өңдеуді
жақсарту бойынша Комитетке және жер бөлімшелеріне, кең насихаттау
компаниялар және қажетті кооперативтік құрылыстың барлық түрлерін күшейтуге
байланысты ұйымдастыру шараларын жүргізу міндеті жүктелді. Осылайша бұл
актіден келісім шарт жасасу шартына қатысты белгілер көріне бастады.
РСФСР Бүкілодақтық Орталық атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар
Кеңесінің 1921 жылғы 16 тамыздағы Ауыл шаруашылық кооперациялары туралы
декретте келісім шарт жасасу институты анығырақ, ашық нысанда
көрсетілгендігі айтылған [4]. Онда жер игеру кооперативтері, артельдер,
серіктестіктер мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде аванстарын
материалдық құралдар, ақшалай және нақтылай түрде алуларына құқық
берілгендігі туралы айтылған. Бұл кезде кәсіпорындар ауыл шаруашылық
өніміне мемлекеттік тапсырысқа енді ғана көшкен еді. Бұл актіде шынын
айтқанда келісім шарт жасасу институты туралы тікелей ештеңке
көрсетілмеген, бірақ оның элементтері көріне бастады.
РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 04 қазандағы зығырды,
кендір, жүн және тағы да басқа талшықты мемлекеттік дайындау тәртібі
туралы қаулысынан салық ретінде тоқыма шикізатын жинаумен қатар оны
дайындау да тәжірибеде болғандығын көреміз [5]. Мұнда нақты салықты
төлеуден қалған халықтың қолындағы зығыр, кендір, жүн, яғни тоқыма
шикізатын жалпы негізде сатуға рұқсат берілетіндігі туралы айтылған. Тоқыма
шикізатын дайындау бойынша бюро құрылды. Оған өзінің және ұжымдық аппарат
арқылы, сонымен қатар артель, серіктестіктер және басқа да ұйымдар, жеке
тұлғалар арқылы тарату шараларын жүргізу міндеті жүктелді.
РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 05 желтоқсандағы
декретінде ауыл шаруашылық өнімін тарату кезінде тараптардың шарттар жасау
керектігі туралы айтылған [6]. Одан ол уақытта мемлекеттік органдар,
кәсіпорындар және тресттер дайындау операцияларын жүргізу кезінде шартты ең
біріншіден Бүкілресейлік Орталық Тұтыну Қоғамдары Одағымен жасасуға
міндетті болғанын көруге болады. Бүкілресейлік Орталық Тұтыну Қоғамдары
Одағы басқалармен салыстырғанда артықшылық құқыққа ие болатын.
Мемлекеттік органдар мен тұтыну кооперацияларының арасында жасалатын
шарттың негізгі жағдайлары мемлекет үшін дайындауға және өткізуге жататын
өнімнің нақты санын бекіту және қысқа мерзімге сатып алу бағасын белгілеу
болып табылу керек еді.
Мақта дайындауға мемлекеттік монополияның енгізілуіне байланысты РСФСР-
дің және басқа да Кеңестік республикалардың ішінде мақта шаруашылығы және
мақта тазалау өндірісін дамыту мақсатында Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің
1922 жылғы 23 тамыздағы қаулысымен Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесіне
қарасты Бас мақта Комитеті және мақта шаруашылығымен айналысатын
республикаларда жергілікті мақта Комитеттері құрылғандығы айтылады [7].
Бұл қаулымен Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Бас мақта Комитеті туралы
ережені бекітті. Осы ережеге сәйкес Бас мақта Комитеті мемлекеттік
шарттардан туындайтын міндеттемелерді орындайтын болды.
Бұл нормативтік актіден келісім шарт жасасу институтының 1921 жылдан
бастап қолданылғандығын және кұқықтық актілерден орын алғандығын көруге
болады.
Ал негізінен келісім шарт жасасу шарты барлық ауылшаруашылық
өнімдерінің түрлерін дайындау бойынша қатынастарды реттеудің құқықтық
нысаны ретінде ресми 1927 жылдан бастап енді [8, 38 б.].
Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1927 жылғы 25 ақпандағы "Ауылшаруашылық
кооперацияларын нығайту және дамыту шаралары туралы" қаулысында
ауылшаруашылық кооперациялары мен мемлекеттік өнеркәсіптің коммерциялық
арақатынастары ауылшаруашылық кооперацияларының республикалық орталығы және
тиісті мемлекеттік кәсіпорындар арасында жасалатын басты шарттармен
анықталатындығы осы еңбекте айтылады [9]. Маусымды басты шарттарды жасау
өнімдерді ауылшаруашылық кооперациясы арқылы дайындау кезінде міндетті
болды.
Ауылшаруашылық кооперациялары Одағы бір жағынан жергілікті май
трестерімен, екінші жағынан өзінің айналасындағы сыртқы басқа
кәсіпорындармен шарт жасасты. Алғашқы серіктестіктер ақша авансы және
агротехникалық көмекке байланысты әр егіншімен бөлек-бөлек шарт жасасқан.
Басты шарттар бойынша астық дайындау тәжірибесі туралы ұйымдастыру-
жоспар бөлімінің баяндамасы бойынша 1926-1927 жылдардың науқанына Астық
Орталығы басқару органының қаулысынан басты шарттар жүйесін жалғастыру
керектігін көруге болады. Бұл қаулының 6-шы тармағында былай деп жазылған:
"Астық Орталығы жүйесінің өсіп келе жатқан дайындау мүмкіндіктерін келе
жатқан астық науқанында толығымен орталықтанған жоспармен қамту мүмкін
емес. Сондықтан болашақтағы науқанда өткен екі науқанның тәжірибесін ескере
отырып, басты шарт жүйесін қолдану тәжірибесін жалғастыру дұрыс болып
табылады." Бірақ бұл әдіс барлық жағдайда өзін ақтамады. Сонымен Астық
Орталығы арпа және жүгеріге келісім шарт жасасу бұл дақылдардың
егістіктерінің бытыраңқы болғандықтан өнеркәсіптермен байланысты шарт
жасасу керек деп тапты. Сонымен қатар, Астық Орталығы мен басқа да өнімді
сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушылардың өнеркәсіптермен жалпы
келісушіліктерінің басында кейбір аудандарда сұрыпталған бидайға келісім
шарт жасасу бойынша және оларды өнеркәсіптің қажеттігі үшін өткізуді
қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізу керектігі туралы айтылған.
Бұл кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі астық шаруашылығын ұжымдастыру
болып табылады, ал келісім шарт жасасу институты оған ықпалын тигізді.
Сібір Ауылшаруашылығы Одағының астықтық дақылдарын келісім шарт жасасу
бойынша қызметі туралы материалдардан ауыл шаруашылығында астық өндірісін
кооперациялау, яғни бірлестіру мәселелері 1927 жылғы қыркүйекте Астық
Орталығының жедел және ұйымдасқан кеңесінде талқыланғандығын және оның
негізгі жағдайларының сақталғандығын көруге болады.
Сібір ауылшаруашылығы Одағы келесі шараларды жүзеге асыруды ұсынды.
Астық Орталығы Сібір ауылшаруашылығы Одағына ауылшаруашылық кооперациясы
арқылы Сібірдегі дайындалған өнімнің жетілдірілген тұқымдарын сатып алу
бағасы бойынша беруге міндетті болды. Сібір ауылшаруашылығы Одағы өз
тарапынан бұл тұқымдарды сатып алуды ұйымдастыруға кеткен шығындарды төлеуі
керек еді, онымен халықты қамтамасыз етуі, шарт жасасқан аудандарды
агрономиялық және ұйымдастырумен қамтамасыз ету бойынша шығындарды өзіне
алуы керек еді. Астықты қабылдау бойынша шығындардың жартысын Астық
Орталығы төлейтін еді. Егістікті дақылдарға бөлу арқылы келісім шарт жасасу
арнайы белгіленген аймақтарда жүргізу ұсынылды, келісім шарт жасасуға
мемлекеттік сорттау қорымен жұмыс істемейтін әртүрлі өндірістік атаумен
бірнеше кооперативті және шаруа қожалығы топтарын тарту керек болды.
Егістікке келісім шарт жасасу мынадай есеппен жүргізілді: олар мал
азықтық астықты сатып алуды жүзеге асыру үшін дайындайтын базарларға, оның
ішінде әртүрлі өнім таратушылармен қамтылғандарымен тікелей жақын орналасуы
керек болды.
Бұл құжатта "Сібір Ауылшаруашылығы Одағымен келісім шарттық
қатынастарға түсетін шаруа қожалықтарының тобы мал азықтық астық өндіру
және дайындау кооперативтері болып есептеледі" деп көрсетілген. Осылайша
мал азықтық дақылдарына келісім шарт жасасуға шарттық қатынастарға түсу
шаруа аулаларының оларға жеке шаруашылықтарға қарағанда үлкен материалдық
артықшылығы бар бірлескен шаруашылықтардың құқығын бере отырып, құқықтық
жағдайын өзгертті.
Сонымен келісім шарт жасасу шарты ұжымдастырудың бұл кезеңінде елеулі
саяси мәнге ие болды.
Астық Орталығы материалдары бойынша осы кезеңде шаруа қожалықтарына
келісім шарт жасасу шартын жасасуға жеңілдіктер беру бойынша шаралар
белгілеу бекітілген.
Ауылшаруашылық кооперациясымен шарт жасасу қатынастарына түсудегі
жеңілдіктер мынадай болды:
1. таза, жоғары сортты тұқымдарға пайызсыз нақты кіріс-қаржы беру;
2. астық өнімдерін кіріс-қаржылық тұқымдардың бағасынан төмен емес
бағамен сатып алу немесе жақсартылған тұқымдар үшін ішкі сауда
халық комиссариат органдарымен белгіленген баға кепілдігі;
3. жақсартылған тұқымдарды таратудан түскен ауылшаруашылық
кооперациясының таза табыстарынан белгіленген соманы кооперативтің
қосып төлеу кепілдігі.
Келісім шарт жасасу процесі шаруашылық артықшылықтарына және жақсы
түсімдігіне байланысты халықтың сенімін ақтаған және сұраныспен
пайдаланатын тұқымдарға пайызсыз нақты кіріс-қаржы берумен жүзеге асырылды.
Өнімді таратушы үшін де кепілдіктер қарастырылды. Міндеттемені
орындамағаны үшін жауапкершілік көзделді, мысалы, алған тұқымның құнына 20%
қосымша ақы төлейтін еді. Кіріс-қаржы астықты тауарға айналдырған уақытта
қайтарылуы керек болды. Шаруашылықтар өздеріне ауыл шаруашылық
кооперациясына егістік қажеттіктеріне және өз тұтыну қажеттіктеріне
арналған астықтың белгілі мөлшерін ала отырып, қалған барлық астықты өткізу
міндетін алды.
БКП (б) 1927 жылдың желтоқсанында болған ХV съезінің материалдарына
сәйкес "Ауылдағы жұмыс туралы" резолюциясында съезд ауылшаруашылығындағы
мемлекеттің жоспарлы-реттеу ролінің елеулі күшейгенін және ауылдың өзінде
қарқынды дамудың өсуін атап көрсетті [10, 475-476 б.].
Ауылшаруашылық өнімін дайындау саласына келсек, онда мемлекеттік
органдар және кооперация ауылда шешуші роль атқарды, ал дайындаудың
бірқатар маңызды салаларында (астық, мақта, қант қызылшасы) үстемдік
ететін, тіпті монополистік жағдайда болды. Ауылшаруашылық өнімінің көпшілік
мөлшері 1927 жылдың соңына таман өзінің бұрынғы позициясынан ығыстырылып
шығарылған жеке капиталдың көмегінсіз дайындалды. Өнім мемлекеттік органдар
белгілеген және барлық халық шаруашылығының мүдделеріне сәйкес анықталған
баға бойынша таратылды, сонымен қатар күзде және көктемде астықтың бағасы
тұрақты болатын болды. Белгіленген баға мақсатына сәйкес мемлекет өндіріс
күшін дұрыс қайта бөлу бағытында ауылшаруашылық өндірісінің жағдайларына
әсер ету мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар съезд кейбір салаларда (ет
дайындау, кендір және т.б.) жеке капиталдардың әлі елеулі орын алатындығын
атап өтті.
Съезд мемлекеттің күші өнеркәсіптік тауарларға бағаны жүйелі түрде
түсіре отырып, шаруа топтарына сапасы жағынан жоғары және арзан тауарларды
керек мөлшерде беруге бағытталуы керек екендігін атап көрсетті.
Съезд бұл тәжірибенің толығымен ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктіру
туралы кооперативтік жоспарының дұрыстығын атап өтті.
Съезд келісім шарт жасасу әдісінің дамуының алғышарттарын көрсете
отырып, оны жоғары бағалады.
Партияның V съезді ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағытталған басқа да
шаралармен қоса топтастырылған шаруашылықтар мен мемлекеттік органдар
арасында келісім шарт жасасу шартын жасау тәжірибесінің дамуына барлық
қолдау көрсетуді ұсынды. Шарт шаруа қожалықтары мен өндірістің тиісті
салаларының арақатынасын бекітетін және тиісті аудандар мен салалардың
ауылшаруашылығын мемлекеттік-жоспарлы реттеуді жеңілдететін [10, 477
б.].
Келісім шарт жасасудың сол жылдардағы ролін 1928 жылғы 21 шілдедегі
КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің "1928 жылдың күзгі егістік кампаниясына
астық дақылдары егістігін келісім шарт жасасу туралы" қаулысынан көруге
болады [11]. Онда ауылшаруашылық өнімдеріне келісім шарт жасасу
институтының бөлек-бөлек шаруа қожалықтарының ұжымдық біріктірудің саяси
тәсілі және экономикалық әдісі түріндегі мәні ашып көрсетілген, сонымен
қатар шарттық қатынастарға түсу кезіндегі жақтардың құқықтық жағдайын
анықтайтын құқықтық нормалар көрсетілген.
Қаулыда таза сортты және жай бидай егістігіне келісім шарт жасасу
жүргізу туралы айтылған. Аудандар және дақылдар бойынша келісім шарт жасасу
жоспарын жасау Одақтас Республикалардың егін шаруашылығы Халық
Комиссариатының келісімімен КСРО ішкі және сыртқы сауда Халық
Комиссариатына жүктелген.
Жай астықты барлық келісім шарт жасасу КСРО ішкі және сыртқы сауда
Халық Комиссариат жоспары бойынша келісім шарт жасасу арқылы алынған барлық
астықты таратумен тек ауылшаруашылық кооперациясы жүйесі арқылы жүргізілу
бекітілген. Жай астық егістігіне келісім шарт жасасуға шарт еркін келісім
негізінде толық жер қауымдастықтарымен, өндірістік бірлестіктермен,
егіншілер тобымен жасалу керек болды.
Қаулының үшінші тармағында ескертуде "таза сортты тұқымды келісім шарт
жасасу барлық елді мекендер мен поселкелердегі жеке дақылдардың тек тұтас
егістік аудандарын ғана қамту керек" екендігі көрсетілген. Шарттарда
егіншілердің егістік ауданын кеңейтуге байланысты және агромәдени шаралар
өткізуге байланысты тұқымдарды сорттау, оларды дәрілеу, жерді және
егістікті өңдеудің жақсартылған әдістері және т.б. белгілі міндеттемелері
көрсетілулері керек еді.
Өндірушілерге жылына алты пайыз өндіріп алумен аванс берілетіні
бекітілген. Аванстың мөлшері әртүрлі дақыл үшін және егіншілер тобының
мүліктік жағдайына байланысты әртүрлі болды.
Аванс ретінде арнайы келісім арқылы ауылшаруашылық машиналары,
тұқымдар, минералдық тыңайтқыштар және тағы басқаларды заттай түрінде
беруге рұқсат етілді.
Қаулымен шарт бойынша шаруашылықтардың өндірушілерге
(контрактанттарға) өсірілген өнімнің артығын тапсыру міндеті анықталды.
Егістікке келісім шарт жасасу кезінде өндірушілермен 1929 жылдың көктемінде
тауардың артығын келісім шарт жасалған аудандардан авансты келісім шарт
жасасу кезінде берілген 200% төмен емес сомаға өткізу келісілуі керек
болды.
Келісім шарт жасасу шарттарында астықты өткізу мерзімдері уақыт
бойынша 1928 жылдың астығын жинау кезінен екі айдан аспайтын ең жақын егін
жинау белгіленуі керек болды. Астықты тез және топтап өткізгені үшін
ұжымдық шаруашылықтарға қолданылатын бағаға қосымша бидайды келісім шарт
жасасу бойынша өткізетін егіншілерге де қолданылды.
Бұл нормативтік актіде ең алғаш ұзақ мерзімді шарттық қатынастарға өту
қажеттігі көрсетілді. Ұзақ мерзімді келісім шарт жасасу шарттары астық
шаруашылығының берілген ауданның ауылшаруашылығының даму жоспарымен сәйкес
өндірісті біртіндеп қоғамдастырумен жоспарлық қайта құрылуына әсерін
тигізуі керек еді.
Келісім шарт жасасуды келісім шарт жасауға тартылып отырған өндірістік
бірлестіктерден және елді мекендерден машиналарға, ауылшаруашылық
кұралдарына және тыңайтқыштарға тапсырма қабылдаумен байланыстыру қажеттігі
атап көрсетілді. Жер шаруашылығы Республикалық Халық Комиссариатына
жергілікті жер органдары және ауылшаруашылық кооперация жүйесі арқылы өз
егістеріне келісім шарт жасаған егіншілерге қажетті агротехникалық көмек
көрсету міндеті жүктелді.
1930 жылдарға дейінгі кезендегі ауылшаруашылық өнімдеріне келісім шарт
жасауды реттеу саласындағы негіз болатын құқықтық актілердің бірі Еңбек
және Қорғаныс Кеңесінің 1928 жылғы 14 желтоқсандағы "1928-1929 ж.ж.
ауылшаруашылық өнімдеріне келісім шарт жасасу туралы" қаулысы болып
табылады [12].
Қаулыда орталықтар арасында бастапқы шартты қолдану және келісім шарт
жасасу шарттарын жасау және орындау кезінде жақтардың құқықтық қатынастарын
нормативтік акті бола тұрып реттейтін типтік шарттарды бекіту ұсынылады.
Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1927-1928 жылдардағы ауылшаруашылық өніміне
келісім шарт жасасудың оң нәтижелерін ескере отырып, бұл кезеңдегі келісім
шарт жасасу шарттарын жасау тәжірибесінің кемшіліктерін де көрсетті.
Сонымен қатар шартпен келісілген тауарлық өнімдерді өткізуге нақты
мүмкіншіліктеріне сәйкес келісім шарт жасасу шарты жасалған шаруашылықтар
мұқият таңдап алынбады, егіншілер келісім шарт жасасу шарттарының және
жоспарын алдын ала талқылауға қажетті мөлшерде тартылмады, келісім шарт
жасасу тәртібі бойынша ауылшаруашылық өндірісінің әдістерін және
техникаларын жақсартуға байланысты шаралар мүмкіндігінше жүргізілмеді,
келісім шарт жасасу жоспарды уақтылы бекітпеуден және бірқатар дақылдарды,
әсіресе дәнді дақылдарды беру және өткізудің кідіруіне байланысты
кешіктірілді, агроқызмет көрсету нашар жөнге салынды, ал келісім шарт
жасасу өндірістік қамтамасыз етумен және шаруа қожалықтарын несиелеумен
қажетті мөлшерде келісілмеді.
Келісім шарт жасасуды шаруа қожалықтарын техникалық жағынан көтеру
үшін және оларды өндірістік бірлестіруді күшейту үшін пайдалану мақсатында
келісім шарт жасасу бойынша барлық жұмыс ауылшаруашылық өндірісінің жалпы
жоспарымен үйлестірілуі керек болды. Бұл жағдайда келісім шарт жасасу
аудандарында ауылшаруашылық машиналарын және құралдарын, жұмыс малын және
т.б. алуға, кеңес шаруашылықтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша
берілген несиелер бірінші кезекте шарт жасасатын шаруашылықтарды несиелеуге
бағытталу керек болды.
Еңбек және Қорғаныс Кеңесі тасымал астықты кажет ететін аудандарда
ішкі дақылдарға келісім шарт жасасу жетістікке бұл аудандардың
шаруашылықтарын қажет астықпен қамтамасыз еткенде жететінін мойындай
отырып, КСРО Ішкі және Сыртқы сауда Халық Комиссариатын шикі дақылдарға
келісім шарт жасалатын шаруашылықтарды бірінші кезекте астықпен жабдықтауды
қамтамасыз етумен міндеттеді.
Еңбек және Қорғаныс Кеңесі өнеркәсіппен келісім шарт жасасатын
ұйымдардың арасында тығыз байланысты бекіту мақсатында келісім шарт
жасасушы ұйымдардың тиісті кәсіпорындармен және республикалық
ауылшаруашылық кооперация орталықтарымен басты шарттар және келісімдер
жасасу қажеттігін мойындады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан аудандарда кәсіпорындар
ауылшаруашылық шикізатына келісім шарт жасасуды ерекше шарттар негізінде
алғашқы кооперативтер арқылы белгіленген аймақта жүзеге асырды. Бұл шарттар
кооперативтік орталықтардың және өнеркәсіптік кәсіпорындардың типтік
келісімдерімен сәйкес жасалу керек болды. Тұтыну кооперациясы астық және
көкөніске келісім шарт жасау ірі жұмысшы орталықтарын жабдықтау үшін
тартылды.
1928-1929 ж.ж. тәжірибе ретінде агротехникалық және өндірістік
қатынастар жағынан дайындалған деп танылған аудандарда екі және одан да көп
жылдың өнімін ұзақ мерзімді келісім шарт жасасу енгізілді.
Келісім шарт жасасуды ауылшаруашылығын дамыту бойынша шаралармен
неғұрлым тығыз үйлестіру мақсатында келісім шарт жасасудың өндірістік жағын
басқару және қадағалау Республикалық Жер шаруашылығы Халық Комиссариатына
жүктелді.
Келісім шарт жасасудың жоспарын, келісім шарт жасасу бойынша типтік
шарттарды және нұсқауларды бекіту КСРО Ішкі және Сыртқы сауда Халық
Комиссариаты, КСРО Бүкілодақтық Халық шаруашылығы (ВСНХ), ССРО Мемлекеттік
Банкімен, КСРО Орталық Ауылшаруашылық Банкімен және Одақтас Республикалар
Үкіметтерінің келісімі бойынша жүзеге асырды.
Осылайша, 1929 жылға ауылшаруашылық өніміне келісім шарт жасасу
құқықтық реттеу сақталып қалған материалдар бойынша берілген институттың
қажетті өзіне тән ерекшеліктерін көрсететін типтік шарттар және нұсқаулар,
құзіретті органдардың жан-жақты жетілдірілген нормативтік актілері мен
қаулыларының негізінде жүзеге асырылды. Бұл нормативтік актілерде тұқым
беру, ауылшаруашылық машиналарымен, кұралдарымен, жұмыс малымен және
тыңайтқыштарымен жабдықтау, ақшалай аванс беру, агрономиялық қамтамасыз ету
және т.б. жолдармен шаруашылықтарға кең өндірістік көмек көрсету бойынша
өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушының міндеттемелері
көрсетілген.
Өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушының жағынан мұндай үлкен
міндеттемелер келісім шарт жасасу институты дамуының қарастырылып отырған
кезеңіне тән және олар осы уақыттағы ауылшаруашылық өндірісінің дәрежесімен
сәйкес. Себебі егінші- ауылшаруашылық өнімін өндіруші ретінде әлсіз,
өндірістік жағдайлардың талабына сәйкес емес шаруа қожалықтары немесе
осындай шаруашылықгар тобы (серіктестіктер, артельдер) болды, өнімді сатып
алуды жүзеге асыратын дайындаушы халық шаруашылығын ауылшаруашылық өнімімен
және шикізатымен қамтамасыз ету үшін қажетті өндірістік базаны құруды өз
міндеттемелері етіп алды.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары немесе жеке шаруашылықтар өнімді сатып
алуды жүзеге асыратын дайындаушымен шарттық қатынастарға түсе отырып,
дайындаушының байқауында болу, белгіленген жұмыстарды орындау, берілген
материалдық құралдарды мақсатына сәйкес пайдалану, шаруашылықтың тұтыну
қажеттіліктеріне жұмсалатын астықтың белгіленген пайызын және егістік
қажеттіліктерін алып, қалғанын дайындаушыға өткізу сияқты міндеттемелерді
өздеріне алды.
Келесі жылдары ұжымдық ауылшаруашылық кәсіпорындардың өсуімен, олардың
материалдармен және техникамен жабдықталғандығымен келісім шарт жасасу
шартының тараптарының жағдайы өзгереді, 1927-1929 жылдар кезеңінде өз
уақытында шешуші болып табылатын келісім шарт жасасу шартының көптеген
жағдайлары түгелімен жойылып кетеді.
1929 жылғы күздік егінге келісім шарт жасасуды жүргізген кезде бақылау
цифрлары түріндегі жоспарлы тапсырмалармен қатар жоспардан тыс
міндеттемелер есебінен келісім шарт жасалған аудандардың мөлшерін үлкейту
қарастырылды. Бұл жағдайда жоспардан тыс келісім шарт жасасу ақшалай
авансылаусыз жүргізілді.
КСРО Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1929 жылғы 07 мамырдағы қаулысында
келісім шарт жасасу шартына сәйкес егіншілерге берілетін аванстың орташа
мөлшері бекітілді [13]. Аванс мөлшерін есептеу егістіктің келісім шарт
жасалған ауданына байланысты жүргізілді.
Еңбек және Қорғаныс Кеңесі келісім шарт жасасу шартында егіншілердің
белгіленген агродақылдық минимумды орындау міндеттемелерін қарастыру
қажеттігін мойындады, тіпті оны қамтамасыз ету шараларын түгелдей шектеді.
Ауылшаруашылық өніміне келісім шарт жасасу бойынша шарттық
қатынастарға түсу бұрынғысынша бірқатар жеңілдіктермен ынталандырылды.
Ауылшаруашылық машиналарын, минералдық тыңайтқыштар, күздік тұқымдарын
улағышты алуға ауылшаруашылық несиелері бірінші кезекте келісім шарт жасасу
шартын жасаған шаруашылықтар мен бірлестіктерге берілді. Бұл несиелер
осындай шарттар бойынша аванс есебінен берілді. Келісім шарт жасасу шартын
жасаған егіншілерге қажетті өндіріс кұралдарын алуға артықшылық құқығы
берілді.
Бұл кезеңде келісім шарт жасасуға байланысты сұрақтар үнемі
Коммунистік Партия мен Кеңес Одағының қарауында болды. Жыл сайын алдындағы
маусымға нұсқаулар берілген қаулылар шығарылып отырды және өткен кезеңдегі
жұмыстың қорытындысы шығарылып отырды.
Келісім шарт жасасу шартының әрекет ету аясы жылдан жылға қалай
кеңейгенін, саяси және экономикалық міндеттемелерді орындауға әсерін тигізе
отырып, құқықтық институт ретінде қалай жетілгендігін көрсететін осы
кезеңге тән бірқатар актілерді көрсете, айта кетсек.
Бүкілодақтық Коммунистік Партияның Орталық Комитетінің 1929 жылғы 26
тамыздағы "Астық егістіктеріне келісім шарт жасасу саласында кезекті
міндеттер және негізгі қорытындылар туралы" қаулысының келісім шарт
жасасуды құқықтық реттеу саласындағы алатын орнын артық бағалау оңай емес
[14]. Онда өткен кезеңдегі келісім шарт жасасу институтына саяси,
экономикалық, құқықтық анализ беріледі және бұл институттың
ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытында қайта құру әдісі ретінде даму және
жетілдірілу жолдары анықталады. Қаулыда келісім шарт жасасу шартының,
шарттық қатынастардың субъектілері мен объектілерінің құқықтық анықтамасы
берілген, келісім шарт жасасудың қала және ауыл арасындағы жоспарлы өнім
алмасуды ұйымдастырудағы және ауылшаруашылық өндірісінің техникалық қайта
құру саласындағы ролі анықталған.
Бүкілодақтық Коммунистік Партияның Орталық Комитеті көлемі жағынан
таратыла отырып, күннен күнге барлық аудандарды және миллиондаған гектар
егісті ала отырып, келісім шарт жасасудың ауылшаруашылығын және оны
ұжымдастыруды көтеру бойынша өндірістік сәттерде кеңінен қолданыла отырып,
терең дами түскендігін көрсетті. Шаруа қожалықтарын келісім шарт жасасу
шарты бойынша жұмысқа өткізе отырып және мемлекетке шаруашылықтың артық
тауарларын бекіте отырып, келісім шарт жасасу миллиондаған шаруа
қожалықтарын бірыңғай мемлекеттік жоспар шеңберіне біріктіріп нарық
стихиясын ығыстырды. Сонымен қатар келісім шарт жасасу шаруашылықтарды
өндіріс кұралдарымен, өнімдермен және шаруалар кеңінен тұтынатын маңызды
тауарлармен жабдықтауды қарастыра отырып, келісім шарт жасасу мемлекеттің
өндірістік қайта жөндеу және шашыраңқы шаруа қожалықтарын қоғамдастыру
бойынша барлық экономикалық тетіктерін пайдалануға мақсатты бағыт береді.
Ауылшаруашылығының астықты (дәнді-дақылды) және басқа да салаларында
келісім шарт жасасудың әрі қарай дамуын маңызды міндет ретінде оның
өндірістік мазмұнының тереңдеуін, оның қала және ауыл арасындағы жоспарлы
өнім алмасуды ұйымдастырудағы ролін күшейтуді және ауылшаруашылығының қайта
құру қарқынын күшейтуді ұсына отырып, Орталық Комитет бұл жұмыстың өрістеу
негізіне келесі жағдайды қою қажеттігін мойындады: "Келісім шарт жасасу
істе мемлекет тарапынан кооперативтік өндірушілерге белгілі мөлшерде және
сапада ауылшаруашылық өнімін өндіруге нақты тапсырманы және оны шартта
көрсетілген жағдайларда, белгіленген мерзімде мемлекетке ұйымдасқан түрде
өткізуді көрсететін шаруа қожалықтарының кооперативтік бірлестіктері мен
мемлекет арасындағы екіжақты шартқа айналуы керек". Шарт кооперативтік
ұйымдардың шаруалардан ауданды және селоны жабдықтау жоспары шегінде
мүмкіндігінше тұтыну өнімдерімен және оларды өндіріс құралдарымен
жабдықтауға тапсырма қабылдауға негізделуі керек болды.
Қала мен ауылдың арасындағы жоспарлы өнім алмасудың ұйымдастыру құралы
бола отырып, келісім шарт жасасу шарты шаруашылықтардың ауылшаруашылығын
көтеру бойынша шаралар жүйесін және техникалық реконструкциялар жүргізуді,
оның өндірістік бірлесуін және топтасуын, шаруа қожалықтарын агротехникалық
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және кооперативтік органдар тарапынан
ұйымдасқан халыққа жан-жақты көмекті, шарттарда көрсетілген шараларды
жүзеге асыруда өндірістік несиелеу және ұйымдасқан қатысушылықты алдын-ала
қарастыруы керек еді.
Келісім шарт жасасуға шарттар типтік шарт негізінде жергілікті
ерекшеліктерді, халықтың ресурстарын, оның ауылшаруашылығының техникалық
және әлеуметтік реконструкцияға дайындық дәрежесін ескере отырып жасалуы
керек, бұл кезде шарттың жеке тармақтары нақты және түсінікті болуы
керектігін және шаруа қоғамдарымен шын мәнінде мойындалған болуы керектігін
де ескеру қажет.
Орталық Комитет ауылшаруашылығын реконструкциялау бойынша шараларға
қарсылықтарды жою мақсатында жер қоғамының барлық мүшелері үшін, оның кедей
орта көпшілігі үшін келісім шарт жасасу шартын жасау міндетін жүктеуді,
сонымен қатар шарттың мәнді жағдайларын орындау үшін келісім шарт жасасу
шартын жасаған өндірістік бірлестіктерінің және жер қоғамдарының барлық
мүшелерінің топтасқан жауапкершілігін көрсетті.
Маусымдық келісім шарт жасасудан жылдық (күздік және жаздық егіске
келісім шарт жасасуға шартты уақтылы жасаумен) және ауыспалы егіс мерзіміне
ұзақ жылдық шартқа өтуді жүзеге асыру қажеттігі танылды.
Орталық Комитет келісім шарт жасасу кезінде ауыл кедейлерінің және
орташаларының қоғамдық ролін және олардың көптеген ұсыныстарын барынша
күшейтуге тырысты.
Келісім шарт жасасу шарттарының өндірістік жоспарын және жағдайларын
ауылдық кеңестерде, кедейлер мен орташалардың жиналыстарында, әсіресе
кедейлер тобында кеңінен талқылау, агроуәкілдердің қызметін ынталандыру,
өндірістік жиындардың жұмысын өрістету және жақсарту - мұның барлығы кедей
және орташа топтарды жұмылдыруды, ауылшаруашылығын көтеруге және қайта
құруға, шартта көрсетілген мөлшерде және мерзімде келісім шарт жасалған
өнімді мемлекеттің уақтылы алуына күресті қамтамасыз етуі керек еді. БКП(б)
Орталық Комитеті келісім шарт жасасу бойынша барлық жұмыста Партияның және
Кеңес мемлекетінің анық таптық саясатын жүргізу қажеттігін атап көрсетті.
Келісім шарт жасасумен, жаппай өндірістік бірлестірумен және
топтастырумен тығыз байланыстың негізінде ауылшаруашылық кооперациясын
қайта құру мемлекеттің қол астындағы миллиондаған ұсақ шаруа қожалықтарын
тартуға кең жол ашады" делінген қаулыда. Орталық Комитет келісім шарт
жасасуды шаруа қожалықтарын көтерудің және қайта құрудың қуатты тетігі
ретінде пайдалана отырып, өндірістік бірлестіру және топтастыру бойынша
жұмыстарды күшейтуді барлық партиядағы ұйымдарға ұсынды.
КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің 1929 жылғы 07 қазандағы
Ауылшаруашылық өнімдеріне келісім шарт жасасу туралы қаулысында келісім
шарт жасасудың ауылшаруашылығын қайта кұру әдісі ретіндегі бағасын берді
[15]. Мұнда сондай-ақ келісім шарт жасасудың 1927-1929 жылдары ерекше
тез өрлегендігі және барлық ауылшаруашылық дақылдарына
таратылғандығы атап көрсетілді. Ол ауылшаруашылығының өрлеуіне, егістік
ауданының кеңеюіне, соның ішінде техникалық дақылдарға арналған
егістіктердің кеңеюіне, өнімділіктің өсуіне және т.б. ықпалын тигізді.
Келісім шарт жасасу шарты ауылшаруашылығын қоғамдастыруға ықпалын тигізді,
оның негізінде жай өндірістік бірлестіктер пайда болды, ескі ұжымдық
шаруашылықтар нығайды және жаңалары құрылды. Келісім шарт жасасу стихиялы
әлеуметтік қатынастардың біртіндеп жойылуына және ұйымдаспаған шаруа
өндірісінің жоспарлы бастамаға бағынуына әкеп соқтырды.
Келісім шарт жасасу шарты тәжірибесінде ұйымдастыру жағынан бірқатар
кемшіліктер байқалды.
Халық Комиссарлар Кеңесі шаруашылықтар келісім шарт жасасу шартын
жасай отырып, анықталған мөлшерде және келісілген сапада ауылшаруашылық
өнімдерін өндіруге мемлекеттің тапсырмасын орындауын; бұл өнімдерді
белгіленген мерзімде, шартта көрсетілген жағдайларда өткізуін,
ауылшаруашылығын көтеру және техникалық реконструкциялау мақсатында шаралар
жүйесін орындауын, оны өндірістік бірлестіру мен топтастыруын өзіне міндет
етіп алады. Келісім шарт жасасу шартын жасаушы ұйым шарт жасаса отырып,
шаруа қожалықтары бірлестіктерінің оларды өндіріс құралдарымен және тұтыну
заттарымен жабдықтауға тапсырманы орындау, шаруа қожалықтарына жан-жақты
агротехникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларды өндірістік несиелеу
және оларға шарттарда белгіленген шараларды жүзеге асыруда ұйымдасқан түрде
ықпал көрсету міндеттерін өзіне алады.
Осылайша, бұл маңызды нормативтік актіде келісім шарт жасасу
шарттарын жасау кезіндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері нақты
анықталды. Ауылшаруашылық өнімдеріне келісім шарт жасасу мемлекет
тапсырмасы бойынша әрекет ететін ауылшаруашылық кооперациясы мен шаруа
қожалықтары бірлестіктерінің арасындағы шарт болып табылатындығы ерекше
атап көрсетілді.
Жоғарыда айтылып өткендей, келісім шарт жасасу бұл кезеңде саяси
күштеудің өте маңызды құралы болып табылды және ауылшаруашылығын әлеуметтік
қайта құруды жеңілдету үшін пайдаланылды.
1927-1929 жылдарда келісім шарт жасасуды жоспарлау және есептеу келесі
тәртіп бойынша жүргізілді: КСРО Ішкі және Сыртқы сауда Халық Комиссариаты
келісім шарт жасасудың барлық түрлері бойынша бақылау цифрларын енгізді,
оны халық шаруашылығы бойынша бақылау цифрларын қосып КСРО мемлекеттік
жоспары арқылы Үкімет бекітті. Келісім шарт жасасудың барлық түрлері
бойынша жылдық жоспар бақылау цифрларын бекіткен соң дереу КСРО мемлекеттік
жоспарымен бекітілді. Жоспарда ұжымдық шаруашылықтардың өнімдеріне келісім
шарт жасасу туралы мәліметтер ерекше көрсетілді.
КСРО Халық Комиссарлар Кеңесімен келісім шарт жасасу шарттарын оларды
орындау кезінде қайта қарауға тыйым салынды. Егіншілердің келісім шарт
жасалған өнімді уақытында өткізуін қамтамасыз ету үшін ауыл жұртшылығын
кеңінен қатыстыра отырып, келісім шарт жасасу шарты бойынша міндеттемелерді
орындауға нақты есеп және бақылау бекітілді.
1928-1932 жылдар әлеуметтік қайта құрулар және елді
индустриализациялаудың бастамасы уақыты ретінде белгілі. Бұл тарихи кезеңге
бірінші бесжылдық жатады. Ол кезде ауылмен өндірістік арақатынас туралы,
әлеуметтік қайта құру жолына түскен ауылшаруашылығына әлеуметтік
өнеркәсіптің өндірістік көмегі туралы сұрақтар бірінші орынға қойылды.
Келісім шарт жасасу шарты қарастырылып отырған кезеңде қала мен ауыл
арасындағы, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы арасындағы қатынастарды
жанастыратын негізгі құқықтық нысан болып табылды. Келісім шарт жасасуды
кұқықтық реттеу сұрақтары бойынша бірқатар маңызды заңдық актілер
қабылданды.
Келісім шарт жасасу институтының дамуын баяндау Кеңес Одағында партия
съездерінің және конференцияларының, сонымен қатар Кеңестер съездерінің
шешімдеріне назар аударуды талап етеді немесе оларда кейіннен берілген
институтты құқықтық реттеудің дамуын және бағытын анықтайтын маңызды
ережелер тұжырымдалды.
1931 жылдың 8-17 наурызында өткізілген КСРО Кеңестерінің VІ съезді
ұжымдастыру саласындағы үлкен жетістіктерді атап өтті. Съезд 1930 жылдары
ұжымдық шаруашылықтарға кірген миллиондаған шаруа қожалықтарының өздерінің
бірінші күздік ұжымдық егіндерінен жеке шаруашылықтармен салыстырғанда
еңбек өнімділігін және машиналарды, кұралдарды пайдалануды
жоғарылатқандығын көрсетті. Бірақ ірі ұжымдық шаруашылықтарға салынған
жеңілдіктер кезінде еңбек өнімділігін көтеру мүмкіндігі ұжымдық
шаруашылықтар жұмысында болатын елеулі кемшіліктерге байланысты толығымен
іске асырылмады. Съездің қаулысында "Съезд келісім шарт жасасу туралы
шартты ұжымдық шаруашылықтың өндірістік жоспарын орындаудың айырылмас
бөлігі ретінде қарастырады және барлық шаруалар мен ұжымдық шаруашылықтарға
келісім шарт жасасу шарттарын уақытында және ұқыпты орындауды қамтамасыз
етуді ұсынды" деп жазылған [16].
Жаппай ұжымдастыру процесінің бітуімен халық шаруашылығын басқарудың
әлеуметтік нысаны толық мөлшерде мүмкін болды.
Ауылшаруашылығында азық-түлікті және шикізатты негізгі өндірушілер
ұжымдық шаруашылықтар және кеңестік шаруашылықтар болып табылады.
1933 жылы, ауылшаруашылығын қайта құру процесінің аяқталу уақытында
ауылшаруашылық өнімін дайындау әдістері өзгерді: негізгі азық-түлік
дақылдары бойынша мемлекет міндетті өнім тапсыруды енгізді.
КСРО Халық Коммиссарлар Кеңесінің және Бүкілодақтық Коммунистік
Партиясының Орталық Комитетінің 1933 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен келісім
шарт жасасу шарты арқылы дәнді-дақылдар дайындау жүйесі алынып, міндетті
өнім тапсыру енгізілді. Мемлекетке белгіленген баға бойынша астықты өткізу
бойынша қатаң міндеттемелер заңдық күшке ие болды [17].
Осылайша, 1933-ші жылдан бастап келісім шарт жасасу шарты міндеттемені
бұзған үшін жауапкершіліктің қатаң режимін белгілеу кезінде дамуы жан-жақты
ынталандырылған техникалық дақылдарды сатып алуды реттеу саласында ғана
негізгі мәнін сақтайды. Соңғы ереже Орталық Атқарушы Комитеттің және КСРО
Халық Комиссарлар Кеңесінің 1935 жылғы 21 қыркүйектегі
"Заң күші бар келісім шарт жасасу шарттарын тану және бұл шарттарды бұзғаны
үшін жауапкершілік туралы қаулысымен бекітілген [18].
Қаулымен дайындаушы ұйымдардың ұжымдық шаруашылықтармен, шаруалармен,
жеке шаруашылықтармен КСРО Үкіметінің қаулысына және КСРО Халық Комиссарлар
Кеңесі жанындағы ауылшаруашылық өнімдерін дайындау бойынша Комитеттің
нұсқауларына сәйкес жасалған мақтаға, қызылшаға, зығырға, кендір-қурайға,
темекіге, махоркаға және майкенеге келісім шарт жасасу шарттары өндіруші
шаруашылықтар және өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы ұйымдар
үшін нақты және сөзсіз міндетті орындауға жататын зандық күшке ие екендігі
бекітілген. Бұл шарттар бойынша тараптардың ешқайсысы міндеттемені бұзуға
жол берген жоқ. Шарттық міндеттемені орындамау материалдық және қылмыстық
жауапкершілікке әкеп соқтырды.
МТС-тар қызмет ететін және қызмет етпейтін ұжымдық шаруашылықтармен
және жеке шаруашылықтармен келісім шарт жасасуды және келісім шарт жасасу
шарты бойынша барлық есептерді жүзеге асыруды мақта зауыттарының дайындау
бекеттері жүргізулері керек еді. Мақта зауыттарының дайындалу бекеттеріне
ұжымдық шаруашылықтармен шартты аудандық атқару комитеттерімен белгіленген
егістік жоспарының, астық бойынша тапсырманың және әр ұжымдық шаруашылық
бойынша мақтаны мемлекетке өткізу жоспарының негізінде жасау тапсырылды.
Олар жеке шаруашылықтармен шартты ауылдық кеңеспен бекітілген егістік
жоспарының әр шаруашылық бойынша мақтаны мемлекетке өткізу жоспарының
негізінде жасады. Кеңестік шаруашылықтарда және басқа мемлекеттік ұйымдарда
мақтаға келісім шарт жасалмайтын.
Келісім шарт жасасу шарттарын жасағанға дейін олардың жағдайлары
ұжымдық шаруашылықтардың жиналысында және жеке шаруашылықтың жалпы
жиналысында толық қаралуға жатты.
Шарттың мазмұнына ұжымдық шаруашылықтар үшін аудандық атқару
комитеті, ал жеке шаруашылықтар үшін ауылдық кеңестер бекіткен егістіктің
гектар бойынша жоспары туралы, сонымен қатар осы тәртіппен жоспарланған әр
гектардан алынатын астықтың центнер бойынша мөлшері туралы мәліметтер
кірді. Шартта мақтаны жалпы жинау туралы мәліметтер көрсетілуі керек болды
(МТС-тарға қызмет көрсететін ұжымдық шаруашылықтар үшін оларға тиесілі
нақты төлемді қоспағанда).
Шартта тағы да стандарттың талаптарына сәйкес мақта сапасының
көрсеткіштері (сорты, дымқылдығы, қаншалықты ластығы) белгіленуі керек
болды. Бұл жерде егетін тұқымдарды беру, оларды сақтау, тазалау және
пайдалану тәртіптері анықталды. Тұқымдарды мақсатына сай емес пайдалану
мемлекеттік мүлікті талан-таражға салу ретінде қаралды және кінәлілер
жауапкершілікке тартылды.
Шартпен егілетін тұқымның 1938 жылдың астығы, шикі мақтаны өткізу
бойынша олардың құнын өтеумен ұжымдық шаруашылықтарға және жеке
шаруашылықтарға несиеге өткізу бағасы анықталды.
Ұжымдық шаруашылықтарға жіберіліп отырған тұқымның сапасына бақылауды
қамтамасыз ету үшін және олардың араластырмау үшін дайындау бекеттері әр
жіберілген өнімнен тұқымның үлгілерін дайындық кампанияларының соңына дейін
сақтауға міндеттенді.
Шартта ақшалай аванс берудің мөлшері және мерзімі туралы мәліметтер
көрсетілулері керек болды. Осыған байланысты ақшалай авансты пайдаланғаны
және несиеге алынған тұқымдар үшін үш пайыз жылдық есептелді. Ақшалай
аванстар жеке шаруашылықтарға ұжымдық шаруашылықтарға қарағанда жиырма бес
пайызға азырақ берілді.
1932-1933 жылдары келісім шарт жасасудың орнына етке, картопқа,
күнбағысқа, күрішке және басқа да ауылшарушылық өнімдеріне міндетті өнім
тапсыру енгізілді. Көкөністерге, майлы дақылдардың тұқымдарына, шөптердің
және пішендердің тұқымдарына келісім шарт жасасу КСРО ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық шарттық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Астық қызметін құқықтық реттеу
Транспорттық-экспедиторлық қызметті ұйымдастыру
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесi
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
Агроөнеркәсіптік кешенді жекешелендіру
Пәндер