Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұйымдық құрылымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 3
I.Тарау Зейнетақымен қамсыздандырудың теориялық және құрылымдық
аспектілері

1. 1 Зейнетақы жүйесі және оның даму мәселелері 8
1. 2 Зейнетақы реформасының қалыптасу жолдары 25
1. 3 Зейнетақы заңнамасындағы толықтырулар мен өзгерістер және оның
себептері 34

II.Тарау Халықты зейнетақымен қамсыздандырудың негіздері

2. 1 Зейнетақы тағайындаудың негізгі көрсеткіштері мен құжаттары
..38
2. 2 Зейнетақы төлеу және тағайындау тәртібіне сипаттама ... ...52
2. 3 Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері 82

Қорытынды 89
Қолданылған әдебиеттер тізімі 92
Қосымшалар
Кіріспе
Өзектілігі: Зейнетақымен қамсыздандыру елімізде 1997 жылғы
Қазан ревалюциясынан кейін, Кеңес Өкіметінің орнауымен қатар дүниеге келді.
Өкімет осы жылы Прага конференциясыда бекітілген ережеге сүйене отырып,
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыра бастады. 1917 - 1922 жылдар
аралығында халықтық әлеуметтік қорғау жөнінде жүзге жуық декреттермен
қаулылар қабылданды.
Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі дамуының
жаңа кезеңі 1991 жылдан, еліміз егемендік алғаннан басталады. 1991 ж 17
маусымда "Қазақ ССР-інде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы "
заң қабылданды. Заң қазақ ССР-де тұратын еңбекке жарамсыз азаматтардың
бәріне мемлекеттік зейнетақы беру арқылы оларды материалдық қамсыздандырылу
құқығына кепілдік береді. Заң талаптарына сай еңбек зейнетақысы, жасына
байланысты, асыраушысынан айырылуына байланысты, еңбек сіңірген жылдары
үшін және әлеуметтік зейнетақы тағайындалады. Қаржыландыру зейнетақы қоры
мен Республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдіктер санының көптігі көптеген
адамдарға зейнеткерлікке ерте шығуға кейбір жағдайларда әлде қайда жоғары
жеңілдікті зейнетақы алуға құқық берді. Еліміздегі зейнеткерлердің әр бір
төртіншісі жеңілдік шартпен зейнетақы алды, өкімет зейнеткерлердің ең
төменгі деңгейіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Осындай
қалыптасқан ескі құрылым мемлекеттік зейнетақы қорының қаржы жағдайын
дағдарысқа әкеліп, тығырыққа тіреді. Себебі заңның экономиклық қаржылық
жағынан негізделмеген тұстарымен жеңілдіктері көп болды.
Қорыта айтқанда, ҚР өкіметі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін
реформалау арқылы ел экономикасын дамыту және зейнетақылармен басқа да
әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының ара - жігін ажырату арқылы еңбекке
қабілетті азаматтардың қартайған шағында өзінің зейнетақымен
қамсыздандырылуы үшін жеке жауапкершілігін арттыруды, сөйтіп әлеуметтік
әділеттілікті орнықтыруды көздеді. 1997 ж 20 маусым өкімет бекіткен тұжырым
негізінде " ҚР - да зейнетақымен қамсыздандыру туралы " заң қабылданды: ҚР
- да азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік
негіздерін белгіледі, мемлекеттік органдардың меншік нысандарына қарамастан
жеке және заңды тұлғалардың, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға
конституциялық құқығы іске асыруына кепілдік берді. Елбасының 2007 жылғы 28
ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында “Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және
еңбек мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы’’
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Заңы қабылданды. Заң
зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыруды көздейді. Осы құжаттарды
енгізумен 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың әлеуметтік деңгейін
көтеру үшін мынадай шараларды жүзеге асыруды көздеді.
1. Зейнетақыны есептеу үшін алынатын ең жоғарғы табысты шектеу 15
айлық есептік көрсеткіштен 25-ке дейін арттырылады.
Осыған орай, зейнеткерлік іс-қағаздарда тиісті еңбекақысы бар
зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері арттырылады. Бұған дейін қолданылып
келген шектеуге байланысты олардың табысы толық ескерілмей келген.
Аталған арттыруға байланысты азаматтардың зейнетақысы 9 пайызға
индекстелетін болады. Жылдың басынан бастап базалық-зейнетақы 3000 теңгеден
4210 теңгеге, яғни күнкөріс денгейінің 40% деңгейіне дейін артады.
Сонымен, жалпы зейнетақы төлемдерінің артуы ең жоғары зейнетақы 26110
теңгеге дейін (немесе 71%-ға) көбейтеді. Осы зейнетақы 784 мыңнан астам
адам алатын болады деп күтілуде.
Республика бойынша орташа зейнетақы төлемі 17870 теңгені құрайды.
(29%-ға артады) Бұл зейнетақы мөлшерін 530-ға жуық адам алатын болады.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері 12110 теңгені құрайды(18%ға артады),
зейнетақының осындай мөлшерін 320 мыңға жуық адам алады. Бұған қоса, егер
зейнеткер, мысалы тыл еңбеккері, жеңілдіктердің орнына арнайы мемлекеттік
жәрдемақыны алса, онда оған төленетін орташа әлеуметтік төлем 20206 теңгені
құрайды.
2. 2-ші тізім бойынша зиянды және ауыр өндірістерде еңбек стажы бар
азаматтар үшін мемлекеттік арнайы жәрдемақы енгізіліп отыр. Жәрдемақының
мөлшері 8 айлық есептік көрсеткішті немесе 9344 теңгені құрайды.
Аталған жәрдемақы:
- ер кісілерге -58 жасқа толғанда және 1998 жылдың 1 қаңтарына
кемінде 25 жыл жалпы еңбек стажы, оның ішінде 12, 6 айы 2 тізім бойынша;
- әйелдерге -53 жасқа толғанда және 1998 жылдың 1 қаңтарына кемінде
20 жыл жалпы еңбек стажы, оның ішінде 10 жылы 2 тізім бойынша болған
жағдайда тағайындалады.
Үкімет аталған жәрдемақыға ие болу құқығын беретін өндірістер,
жұмыстар, кәсіптер, қызметтер және көрсеткіштердің тізімін бекітті. 2008
жылы осы жәрдемақы құқығына 27, 3 мың адам ие болады. Бұл ретте, 2 тізім
бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыға құқық жеңілдік шартпен
зейнеткерлікке жыққан азаматтарға қолданылмайды.
ҚР - сы өз тәуелсіздігін алғаннан бері бұл сала бойынша көптеген
реформалар өзгерістер жасалды, дағдарыс жылдарда, яғни нарықтық экономикаға
көшу кезеңінде зейнетақы саласы бюджеттік саладан мүлдем қаражат алмады.
Республика азаматтарына зейнетақы ақшалай түрде емес, материалды заттар
түрінде немесе берілген жоқ. Алайда, уақыт өте келе еліміз басқа елдерге
қарап, тәжірибені бойына сіңіре бастады. Соның нәтежиесінде зейнетақы
саласында өзгерістер жасалып, жағдай жақсара түсті. Кейінгі жылдары
зейнетақының мөлшері өсірілді, зейнетақы уақытымен беріле бастады.
Жас ерекшелігіне байланысты зейнеткерлікке шығу мерзімі төмендетілді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан " атты
Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасының артуына
айрықша назар аударылған, нақтырақ тоқтала кетсек, Елбасымыз зейнетақы
қорына көбірке көңіл аударып, онда іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын
және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40 пайыздық
деңгейінде сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігін көрсеткен.
Осыларға қарамастан бұл салада әлі де болса қаралмай қалған ахуалдар
бар. Міне осыларды шешу, қарастыру біздің дипломдық жұмысымыздың өзектілігі
болып таблады.
Мақсаты: Халықты зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы негізгі
өзекті мәселелерді ашып көрсету, сонымен қатар мемлекет тарпынан белгілі
бір көмек пен қолдауды қажет ететін еңбекке қабілетсіз аз қамтылған
азаматтарға зейнетақымен қамсыздандырылу заңдылықтарымен және олардың
тағайындалу жолдарымен таныстыру негізгі мақсат бролып отыр.
Міндеті:
- азаматтарда зейнетақы жүйесі туралы түсінікті қалыптастыру;
- зейнетақы заңында көзделген жағдайларға байланысты берілетін
зейнетақы, жәрдемақы түрлерімен таныстыру;
- зейнетақы тағайындаудағы негізгі көрсеткіштер мен құжаттар туралы
мағлұматтар беру;
- зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы
хабар беру;
- зейнетақы қорларының қызметтерімен, міндеттерімен таныстыру.
Диплом жазудағы негізгі идея: ҚР - ның тәуелсіздік алғаннан осы күнге
дейінгі зейнетақы жүйесінің жай - күйін анықтау және халықты зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы заңының қаншалықты дәрежеде тиімді орындалуын
көрсету. Сонымен қатар зейнетақы саласын реформалаудағы мемлекеттің негізгі
мақсаттарын айқындау және азаматтардың зейнетақы жарналарын жинаумен
айналысатын зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялаудағы
ролін анықтау.
Зерттеу обьектісі: ҚР - ның халықты зейнетақымен қамтамасыз ету
жүйесі және заңда көрсетілген әртүрлі жағдайларға байланысты тағайындалатын
зейнетақы мөлшері, оны есептеу жолдары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Біздің бұл дипломдық жұмысымыз екі
тараудан үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Бірінші
тарау, зейнетақымен қамсыздандырудың теориялық мәселесіне негізделген.
Мұнда отандық зейнетақымен қамсыздандырудың даму тарихы мен кезеңдері
көрсетілген. Сондай-ақ зейнетақы реформасының қалыптасу жолдары және
зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған.
Екінші тарауында халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің негіздері
көрсетілген. Яғни зейнетақы тағайындаудың негізгі көрсеткіштері мен
құжаттары, оның ішінде еңбек стажының көлемімен, сол еңбек жолын растайтын
құжаттар тізімі және зейнетақы төлеу тәртібі сипатталған. Сонымен қатар
халықты Орталықтан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері көрсетілген.

I.Тарау Зейнетақымен қамсыздандырудың теориялық және құрылымдық
аспектілері.
1. Зейнетақы жүйесі және оның даму мәселелері.
Еңбекке қабілеттігі жоқ азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың
қажеттігін теориялық тұрғыдан негіздеу 19 ғасырдың соңында - 20 ғасырдың
басында, яғни өндірістің жедел қарқынмен даму және жалданбалы еңбек
қызметкерлерінің санының өсу кезеңінде басым көпшілік елдерде жасалды.
Жалданбалы қызметкерлердің санының өсуі еңбекке қабілетті халықтың жастық
құрылымының өзгеруімен қатар орын алды: оның құрамында әлеуметтік қорғауды
қажет ететін қарт адамдардың үлесі жүйелі түрде өсіп тұр. Құқықтық
нормалардың белгілі бір жүйесі ретіндегі жаңа кешенді құқық саласы
әлеуметтік қамсыздандыру құқұғы туралы ой елеуінші жылдардың ортасында
заңгер ғалымдардың белсенді - таластары негізінде пайда болды. Дәл осы
кезде бұрынғы КСРО - да әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай мемлекеттік
жүйесін құруға бастама болған негізгі заң шығарушылық актілер жасалып
қабылданды.
Кеңестік Одақты қаншама сынға алсақта, мойындайтын бір жайт,
Қазақстанда Қазан революциясына дейін зейнетақылар туралы қандай да бір
заңдар болған емес, тіпті "зейнетақы" түсінігінің өзіде болған емес.
Әдетте, ата-аналары қартайған шағында балаларының асырауында болатын. Кенже
ұл ата-анасымен тұруы тиіс болған. Жалғызбастылар, науқас, әлсіз жандар
қандайда бір туыстарының қолында, ал олар болмаған жағдайда - өз руының
адамдарымен тұрған. Осы орайда қазақтың ойшылы және ағартушысы Абайдың
бастамасы бойынша 1885 жылы мамыр айында Шар қаласында өткен билердің
төтенше съезінің материалдары аса зор мәнге ие. Бұл материалдарда
жалғызбасты тұлғаларға және егде тартқан қарт адамдарға материалдық көмек
көрсету қажеттігі туралы ой айқын көрініс табады. (Тулепбаева К. Казахская
модель пенсионного обеспечения населения. Алматы. Ғылым. 2003. с. 3)
Зейнетақы туралы бірінші заң 1918 - 1922 жылдары В. И. Лениннің
жетекшілігімен қабылданды. Осы заңға сәйкес мүгедектік бойынша және
асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар еңгізілді. Зейнетақылар
туралы екінші заң 1929 жылы қабылданды, бұл заңға сәйкес өнеркәсіптің
жекелеген салаларының қызметкерлері үшін жасына байланысты зейнетақылар
еңгізілді. Кейінірек, бұл зейнетақылар барлық қызметкерлер мен жұмысшыларға
таратылатын болды. 1956 жылы 14 шілдеде КСРО-ның Жоғары Кеңесі зейнетақылар
туралы үшінші заңды - маңызды әлеуметтік акт болып табылған және
зейнетақының деңгейін әлдеқайда көтеріп, осы зейнетақыларға құқылы
тұлғалардың шеңберін кеңейткен "Мемлекеттік зейнетақылар туралы " заңды
қабылдады. 19647 жылы 15 шілдеде осы заңға қосымша ретінде "Колхозшыларға
берілетін зейнетақылар мен жәрдемақылар туралы" заң қабылданды, мұнда
шаруаларды әлеуметтік қамсыздандырудың ерекшеліктері бекітілді. *(Вестник
Московского университета. Серия "Право" 7 1983 №4-С 46).
Байқап отырғанымыздай әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бұрынғы
Кеңестік Одақта зейнетақымен қамсыздандыру ретінде пайда болды Кеңестік
Одақтың зейнетақылық жүйесі екі түрлі зейнетақыларды төлеуді көздеген:
әлеуметтік және еңбек зейнетақысы. Еңбек зейнетақыларын зейнетақылық жасқа
жеткен және қажетті еңбек стажы бар тұлғалар алатын. Еңбек зхейнетақысының
мөлшері еңбек стажына және жұмысының соңғы жылдарындағы орташа жалақысының
мөлшеріне қарай анықталады. Мұндай зейнетақылар негізінен мемлекеттік
бюджеттен, сонымен қатар заңшығарушылық тұрғыдан белгіленген, жұмыс
берушілер, қызметкерлер және кәсіподақтар төлейтін міндетті төлемдер
есебінен қаржыландырылатын. Әлеуметтік зейнетақылар еңбек зейнетақыларына
құқықты иеленбеген, көмекке мұқтаж азаматтарға (жетімдерге, мүгедектерге,
азаматтардың кейбір өзгеде санаттарына) еңбек стажына қарамастан берілетін.
Мұндай зейнетақылар толығымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Аталған зейнетақылардың мөлшері өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшеріне
тәуелді болмайтын, оларды мемлекет белгілейтін.
Сипатталып отырған зейнетақылық жүйе толыққанды сипатқа ие болды,
халықтың жұмыс істемейтін бөлігі - зейнеткерлерге зейнетақы төлеу
мүмкіндігін елдің жұмыс істейтін бөлігі беретін. Мұндай зейнетақылық жүйе
тек жоспарлы әкімшілік экономикаға, еңбекке қабілетті халықтың толығымен
жұмыспен қамтылуы және зейнеткерлер мен жұмыс істейтін азаматтар санының
оңтайлы арақатынасы жағдайында ғана мүмкін болатыны белгілі: он төлеуші -
бір алушы.
Бірақ, Қазақстанда 90- жылдары тіпті өзгеше жағдай орын алды. Бұл
кезде өндіріс құлдырап жұмыссыздық пайда болды. Оның деңгейі күн санап өсе
бастады, еңбектің көлеңке нарығы бірден кеңейіп, жалақы мөлшері біршама
төмендеді, тіпті қызметкерлерге жалақы айлап төленбейтін болды. Мұндай
жағдайда жоғарыда аталған пропорцияның сақталуы туралы сөзде болмайтын.
Сондықтан, 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап отандық
зейнетақылық жүйені әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге қарй
сәйкестендіру талпыныстары жасалды.
1991 жылғы 15 маусымда тәуелсіз Қазақстанның тарихында зейнетақы
туралы алғашқы заң "Қазақ КСР-де азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру
туралы " заң қабыланды. Бұл заңның басты мақсаты болып зейнетақылардың
мөлшерін жұмыс стажына және орташа айлық жалақыға тәуелдірек ету, сонымен
қатар зейнетақылық жүйені арнайы құрылатын зейнетақы қорларының есбінен
қаржыландыруды ұйымдастыру табылды. Соған қоса, зейнетақыларды тағайындау
және төлеу тәртібі елеулі түрде өзгерді. Алайда, аталған заң басты мәселені
- зейнетақылық жүйені қаржылық қамтамасыз етуді тұрақтандыруды шеше алмады.

Мұның өз себептері болды: алдыңғы жылдардың жинақ қорлары болмады,
салық төлеушілердің сандары және олардың табыстары төмендеді, мемлекеттік
бюджет Зейнетақы қорының шығындарын жеткіліксіз жабатын. Осылардың
нәтежиесінде құрылған Зейнетақы қоры өзін -өзі қамтамасыз етуді тоқтатты
және оның табыстары тіпті ағымдағы төлемдерге де жетпейтін болды.
Қазақстан Республикасының зейнетақылық жүйесінің дамуындағы келесі
кезең болып 1994 жылы "1994 жылға нақтыланған республикалық бюджет туралы "
заңды қабылдау болды. Бұл заңды қабылдау нәтежиесінде зейнетақылық жүйеде
біршама өзгерістер орын алды: жасына байланысты зейнетақыларды және
мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыларды және
әлеуметтік зейнетақыларды функционалдық және қаржылық тұрғыдан бөлу
жүргізілді, зейнетақылық қор Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің қарауына берілді. Осылай, зейнетақымен қамсыздандыру
мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландырылудан алып тасталды, жасына
байланысты зейнетақылар жұмыс берушілермен және қызметкерлердің өзімен
қаржыландырылатын болды. Адам қайтыс болуымен немесе оның еңбекке
қабілеттілігінің жоғалтумен байланысты жәрдемақылар мемлекеттік бюджеттен
тиісті жәрдемақылар мемлекеттік бюджеттен тиісті жәрдемақы түрінде
төленетін болып қала берді.
Қазақстан Республикасының зейнетақылық жүйесінде 1997 жылы "ҚР- дағы
зейнетақымен қамсыздандыру туралы " заңды қабылдауының нәтижесінде біршама
өзгерістер орын алды. Бұл заң зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік
толыққанды жүйесінен - белгіленген міндетті жарналармен және ерікті қосымша
жарналармен байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп өтуді
бекітті.
Жеке зейнетақылық жинақ қорларын қалыптастыру үшін жинақтаушы
зейнетақы қорларының екі түрі құрылды: мемле кеттік жинақтаушы зейнетақы
қоры және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары.
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша кем дегенде алты айлық еңбек
стажына ие азаматтар зейнетақыны толыққанды жүйеден де және егер
зейнетақылық жарналарды төлеп отырса, жинақтаушы зейнетақы қордан да алатын
болады. Жинақтаушы жүйеге толығымен ауысу Зейнетақыларды төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталық төлемдерді төлеуді тоқтатқан кезде, тек 2045 жылға
қарай ғана орын алуы мүмкін.
Зейнетақымен қамсыздандырудың қазіргі кезгі жүйесінің ерекшеліктері
болып мыналар табылады:
- зейнетақылық төлемдер бұрынғыдай ұрпақтар арасында емес, бір
ұрпақтың өз ішінде ғана көзделген, яғни әр бір азамат еңбекке қабілетті
жасында өз қаражатынан болашақ зейнетақыға жарналар салады;
- зейнетақы қоры жинақ қорларына, инвестицияларға және зейнетақы
төлемдеріне өзі билік жасайды;
- мемлекет әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж тұлғаларға тек
әлеуметтік зейнетақыларды береді, бюджет қызметкерлері үшін зейнетақы
жарналарын есептейді және жеке зейнетақы жүйесінің заңды жұмысының
кепілдігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында зейнетақының негізгі түрлері болып жасына,
мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, еңбек жылдары үшін
төленетін және заңдарда көзделген өзге де зейнетақылар жатады.
Қазақстандық зейнетақы реформасының негізгі параметрлері болып
мыналар табылады:
- барлық артықшылықты зейнетақылар жойылады. Зейнетақыны алуға
қойылатын талаптар барлық азаматтар үшін бірдей;
- зейнетке шығу жасы еркектер үшін 63 жасқа дейін, әйелдер үшін 58
жасқа дейін өсті;
- жинақтаушы зейнетақы қорында әрбір қызметкерге жеке зейнетақы шот
ашылады, бұл шотқа қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және
инвестициялық табысы аударылады;
-мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жабық түрдегі акционерлік
қоғамдар түрінде құрылады және екі түрде болуы мүмкін - ашық және
корпоративтік.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " заңның 67- бабында
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының белгілі бір жасқа толғанда
еңбек стажына қарамастан зейнетақы алу құқығы бекітілген.
Бұл әлеуметтік зейнетақы - зейнетақымен қамсыздандырудың бірінші
деңгейі. Аталған зейнетақы мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттен
қаржыландырылады, өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшерін кепілдейді және
қандай да бір себептермен еңбек зейнетақысына құқықты иеленбеген барлық
азаматтарға еңбек стажының бар - жоқ екндігіне және оның мөлшеріне
қарамастан беріледі. Азаматардың бұл санатына мүгедектер, жетімдер, еңбек
стажына ие емес қарт азаматтар жатады. Зейнетақымен қамсыздандырудың екінші
деңгейі - ҚР " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
" заңның 7-12 баптарымен ретелетін міндетті мемлекеттік зейнетақы. Бұл
зейнетақы еңбек стажын және жалақы мөлшерін ескереді, заңды және жеке
тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарының, сонымен қатар елдің
мемлекеттік бюджетінен бөлінетін тікелей қаржылардың есебінен
қаржыландырылады. Заңды тұлғалар жарналарды еңбекке ақы төлеу қорының 15%
мөлшерінде, ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар - айлық
табысының 5 % мөлшерінде төлейді. Арнайы тізімдегі ұйымдар еңбек ақы төлеу
қорынан 3 % мөлшерінде жарна аударады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың толыққанды жүйесінің қалдықтары
елімізде осыған дейін зейнеткерлер атанған тұлғалар және 1998 жылдың 1
қаңтарына кем дегенде 6 айлық еңбек стажын иеленген тұлғалар өмір сүргенге
дейін өз күшін сақтап қалады. Олар зейнетақының бір бөлігін өздерінің
жинақтаушы қорынан алады. Олар зейнетақының бір бөлігін Зейнетақыларды
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, ал екінші бөлігін өздерінің
жинақтаушы қорынан алады.
Мемлекеттік орталықтан төленетін төлемдер шамамен 2045 жылы
тоқтатылады. Үшінші деңгей-бұл азаматтардың өздерінің міндетті және ерікті
жарналарының есебінен құралатын мемлекеттік емес зейнетақылар.
Бұл қатынастар зейнетақы туралы заңның 22-59 баптарымен реттеледі.
Аталған жарналар адамның белсенді еңбекке қабілетті өмірінің басында оның
өзінің кәрілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік зейнетақы қорына
салған жарналары есебінен қалыптасады.
Осылай, Қазақстан Республикасының тұрғындары 3 түрлі зейнетақыны
иеленуі мүмкін.
Алайда, бізге уәделенген жарқын болашақ әлі алыста сияқты, ал ерікті
зейнетақымен қамсыздандыру тоқтатылған.
Алайда, басында халықтың жинақтаушы зейнетақы қорларына ауысуына
жағдай жасайтын аралық институтты құру көзделген болатын.
Мұндай аралық буынның рөлі Мемлекеттік жинақтаушы қорға берілген
болатын, бұл қорға зейнетақы жинақтарының сақталуының мемлекеттік
кепілдіктері таралады және зейнетақы активтерін инвестициялаудың арнайы
шектері белгіленген [1]
1991 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру әрекетінің
принціптері мен құрылымы жаңа экономикалық қатынастарға сәйкестендіріле
жүргізіле бастады. Қазақстанда зейнетақылық қайта құру бағдарламасының
бастапқы кезеңі "1994 жылға нақтыланған Республикалық бюджет туралы "Заңын
қабылдаудан басталады. Мұнда ең алғаш рет зейнетақыны жасына байланысты
және мүгедектігіне байланысты жәрдемақыға, әлеуметтік зейнетақыға және
асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыға бөлу еңгізілді. Бұл кезде
зейнетақы қоры халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің
қарамағында болды. Зейнетақымен қамсыздандырудағы реттеушіліктер бюджеттен
жарты ауыртпашылықты алып тастауға мүмкіндік берді. Жасына байланысты
зейнетақыны құратын қаржыны аудару жұмыс берушілерге және жұмыс
істеушілердің өздеріне жүктелді Бірақта, қабылданған дефиниция шынайылыққа
сәйкес келмейді. Кейбір мамандықтар бойынша жұмыстар жас мөлшеріне
негізделмеген зейнетақыға ерте шығуды болжайды. Зейнетақыны құрайтын және
оны алу уақытын анықтайтын орташа еңбек ақы болды. Еңбек етушіні қамтамасыз
ететін еңбекақының бұл түрі әлеуметтік тәртіптегі зейнетақыдан ерекшклігі
"еңбек зейнетақысы " ретінде бөлінеді. Келесі қадам 1995 жылғы зейнетақымен
қамсыздандыру Концепциясының бекітілуі болды, ал 1997 жылы "ҚР- ғы
зейнетақымен қамсыздандыру туралы " заңы қабылданды.
Келесі үш жыл-жинақтаушы зейнетақы жүйесінің аралас модель бойынша,
яғни мемлекеттік-жеке меншік болып құрылу кезеңі. Ең алдымен зейнетақы
қорлары және зейнетақы активтерін басқаратын компаниялар пайда болды.
Енгізілген жүйенің мақсаты: тұрақтылықты қамтамасыз ету, зейнеткерлердің
күн көріс деңгейлерін жоғарылату және елдегі бюджеттік-қаржылық тепе-
теңдікті қамтамасыз ету.
ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандырудың бүкіл жүйесі қазіргі кезде үш
заңды тұлғаға жүктелген:
1. Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, бұл орталық ҚР-
ның Мемлекеттік зейнетақы қорының құқық мирасқоры болып табылады,
мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған және қайтарымды басқару құқығына
негізделген.
Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ҚР-ның жұмыс
істейтін барлық азаматтарына жарналарды есепке алу үшін және жеке зейнетақы
шоттарын жүргізу үшін қажетті әлеуметтік жеке кодтарды (ӘЖК) беруге
міндетті.
Сонымен қатар, зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық
мәліметтер қорын құрады және жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын
уақытылы аударуына бақылау жасау үшін салық органдарына мәліметтерді беріп
отырады.
Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан мемлекеттік-
әлеуметтік жәрдемақылар, әскери қызметшілерге және ішкі істер органдарының
қызметкерлеріне зейнетақылар беріледі.
2. Жабық немесе ашық түрдегі акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-
құқықтық нысандағы ұйымдастырылған Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қоры.
Бұл қор ҚР-ның зейнетақы жүйесінде орталық буын болып табылады.
Дәл осы қор салымшылармен қарым-қатынастарды ұйымдастырады, зейнетақы
шарттарын жасасады, ерікті және міндетті зейнетақы жарналарын жинауды
жүргізеді, жеке зейнетақы жарналарына және есептелетін табысқа есеп
жүргізеді.
Соған қоса, бұл қордың міндеттеріне халық арасында түсіндіру
жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен өтініштерді қарау және тағы басқалар
жатады.
Салымшылар алдындағы қордың міндеттемелері зейнетақы келісімінде
көрсетілген. Зейнетақы жасына жеткенде немесе басқа да заңда көрсетілген
жағдайларда зейнетақы жинақтарын алуды қамтамасыз етеді.
Салымшылар мен мемлекеттік органдар алдында есеп береді.
Салымшының шет елге кетуіне байланысты мәселелерді шешеді. Жинақтаушы
зейнетақы қорлары қандай да бір белгіленген кіріске кепілдік бермейді.
Олардың міндетіне зейнетақы активтерін өз еркімен (немесе зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арқылы) басқару
кіреді.
Зейнетақы қорының міндетіне сондай-ақ зейнетақы жинақтарының жағдайы
туралы салымшыларға жылда ақпарат беру жатады. Қазіргі уақытта жүйедегі бір
салымшыны ақпараттандырудағы шығындар бір жеке зейнетақы шотына 100 теңгені
құрайды.
3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. 2003 жылға дейін бұл қорға
салымшылармен шарт жасаспастан тек міндетті зейнетақы жарналарын жинауды
жүргізуге және зейнетақы төлемдерін салушыларға ҚР-ның Үкіметі белгілеген
тәртіпте беруге рұқсат етілген болатын. 2002 жылғы 29 желтоқсанда
қабылдаған "ҚР-ның "ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес 2003 жылдан бастап
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жойылды.
Енді Мемлекеттік зейнетақы қоры да мемлекеттік емес зейнетақы қорлары
қызмет ететін қағида бойынша жұмыс істейді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
салымшылардың ақшаларына билік жүргізбейді. Олар ақшаны банк-кастодианда
сақтайды. Банк-кастодианның қызметі зейнетақы қорларының салымшыларының
бағалы қағаздар мен ақша құралдарын сақтауға және зейнетақы активтерімен
байланысты мәмілелердің жасалуының заңдылығына бақылау жасауға арналған.
Банк - кастодианның зейнетақы активтерінің сақталуы үшін зейнетақы қорының
алдындағы жауапкершілігі банктің өз капиталымен кепілденеді. Барлық
жинақтаушы зейнетақы қорлары мына басты ережені орындауы тиіс - зейнетақы
активтерімен жасалатын кез - келген мәмілелер мен операциялар тек олардың
меншік иелерінің, яғни салымшылардың мүддесі үшін жасалуы тиіс.
Зейнетақы қорлары күнде зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтері
бойынша келесідей операцияларды жүргізеді:
- зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар адамдармен зейнетақы
келісімдері жасалады,
- салымшылардың мәліметтер қоры құрылады,
- салымшылардың жеке зейнетақы шарттары ашылады,
- түскен зейнетақы жарналары есепке алынады,
- делдалдық сыйақы өндіріп алу;
- басқа қорлардан жинақтарды аудару;
- қате аударылған жарналарды қайтару;
- инвестициялық кірісті бөлу;
- салымшының өтініші бойынша зейнетақы келісіміне түзетулер еңгізу:
мекен - жайлық көрсеткіштердің өзгеруі және т. б. ;
- зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат беру;
- бір филиалдан екінші филиалға қызмет көрсету үшін аудару;
- зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар адамдарға зейнетақы төлеу;
- өтініш бойынша жинақтарды басқа қорға аудару, зейнетақы келісімін
бұзу.
Салыстырып тексеру банк - кастодианмен апта сайын жүргізіледі
зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен - кварталл сайын
жүргізіледі. Зейнетақы активтері қозғалысының жүйесі жинақтаушы зейнетақы
қорларының салымшыларынан, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан, банк - кастодианнан
тұрады. Жүйенің барлық элементтері " ҚР- ғы зейнетақымен қамсыздандыру
туралы " заңының баптарына сәйкес және ҚР - сы Үкіметінің бекітулеріне
сәйкес құрылған.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық
басқарулы жүзеге асыратын ұйымдары арасындағы өзара қатнастары қор
активтерін басқару жөніндегі келісім негізінде құрылады. Келісім
қорытындысы туралы шешім қабылдау тәртібі қор уставында бекітілген.
Зейнетақы активтерін инвестициялау процесіне қандайда бір әсер етуіне
құқығы жоқ. Себебі инвестициялаудың соңғы нәтежиесіне сол ұйым жауап
береді.
Қордың зейнетақы активтері қозғалысының жүйесіне банк - кстодиандар
қатысады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының қаржы құралдары мен
бағалы қағаздарын сақтау үшін және зейнетақы активтерімен жасалынған
келісімдердің заңдылығын бақылауды жүзеге асыру үшін тағайындалады.
Зейнетақы активтерін сақтандырудағы зейнетақы қоры алдындағы банктің өз
капиталымен кепілденеді.
Өтпелі кезеңде "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен
қамсыздандыру туралы" Заңымен зейнетақымен қамсыздандырудың үш деңгейлі
құқықтық қатынастар реттеледі: базалық (әлеуметтік) зейнетақы,
ынтымақтастық және мемлекеттік емес зейнетақы.
Біріншісі - үкімет бекіткен өмір сүру минимумының көлемін кепілдік
ететін және мемлекеттік немесе жергілікті бюджет есебінен төленетін
әлеуметтік зейнетақы. Ол белгілі бір себептерге байланысты еңбек стажы жоқ
мүгедектерге, жетімдерге, қартайған азаматтарға ұсынылады.
Екіншісі - еңбекақы көлеміне және еңбек стажының жалғасуы негізінде
тағайындалатын ынтымақтастықты үлестіріп тұратын зейнетақы.
Ол жеке және заңды тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен,
сонымен қатар, мемлекетң (трансферттік төлемдері) мемлекеттік бюджеттен
тікелей қаржы бөлуімен қаржыланады.
Заңды тұлғалар үшін міндетті аударымдар еңбекақы төлеу қорынан 15%
көлемінде анықталған, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар үшін айлық
кірістің 5% бекітілген.
Үкімет бекіткен арнайы ұйымдар мен бірлестіктер, мысалы,
мүгедектердің ерікті бірлестігі немесе көзі көрмейтіндердің Қазақстандық
бірлестігі еңбекақы төлеу қорынан 3% аударады.
Үшінші деңгей - азаматтардың міндетті және ерікті жарналары есебінен
құрылатын мемлекеттік емес зейнетақы. Ол адамның барлық белсенді еңбек іс-
әрекеті барысында жинақталады және ол жинақтаушы зейнетақы қорында
шоғырланады.
Қазақстанның зейнетақы жүйесі бірқатар принциптерге сүйенеді.
Басқарушылық - жинақтарды қайтарып беру принципі.
Ол жеке азаматтың, сонымен қатар барлық қоғамның өмір сүру жағдайын
жақсартуға бағытталған әлеуметтік - экономикалық қайта құрудағы бағыттаушы
және мативация болып табылады. Бұл принциптің іс-әрекеті қазіргі еңбек етіп
жатқан ұрпақтың зейнеиақы алуымен көрінеді. Бұдан басқа оларға өздерінің
жарна төлемдері қайтарылатын болады. Олар жеке зейнетақы қаржыларын
инвестициялағаны үшін сыйақы алады. Бірақ, жыныс ерекшеліктеріне байланысты
кедергілер бар. Әйелдерде еркектерге қарағанда еңбекақы деңгейі төмен,
осыған байланысты зейнетақы жарналарының көлемі және жинақтар суммасы төмен
болады. Еркектерге қарағанда әйелдердің өмір сүруі көрсеткіші ұзақ.
Қазақстанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы - 70, 4 жас екен, ал еркектерде -
60, 45 жас.
Келесі принцип - зейнетақы аударымдарының міндеттілігі. Жұмыс
берушілермен жеке кәсіпкерлердің оны сақтамауы белгілі бір шаралардың
қолданылуына әкеледі. Жинақтаущшы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы
жарналарында қабылдайды (заңда және зейнетақы келісімінде анықталған
көлемде және тәртіппен алымшының пайдасына мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қорына салымшының салатын ақшалай құралы). Жинақтаушы зейнетақы
қорына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытында аударылуын
салық органдары бақылайды. Жарна төлемдерін аудару кешіктірілген жағдайда
әрбір кешіккен күнге ҚР- ның Ұлттық банкімен бекітілген пения төленеді.
Зейнетақы жүйесінің басты принціпі - еңбектік өмірден кейін өзінің
өмір сүруі үшін жеткілікті сумма жинамаған алымшыларға мемлекеттік
кепілдіктің қадағалануы. Бұл категорияға жалақысы аз жұмыс істейтін адамдар
және жоғарыда айтылғандай әйелдер кіреді.
Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің эволюциясы барысында, оның
әрбір даму кезеңінде өзіндік сипаттағы мәселелер туындайды. Бастапқыда олар
ұйымдық сипатта болды. Жұмыс істейтін халықтың барлығы өздерінің
еңбекақыларының жартысы қандай қорға кетіп жатқанын, қорды қалай таңдау
керектігін білген жоқ. Мұндай жағдайда халықтың көбісі Мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына айналды. Себебі адамдар
мемлекетке көбірек сенді. Алайда зейнетақы активтерінің жалпы көлемімен
мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жоғарлай бастады. Бастапқыда ең үлкен
кіріс Мемлекеттік жинақтаушы қорында байқалды. Зейнетақы активтерінің
көлемі бойынша өзінің көшбасшылық жағдайын 5 жылдан кейін 2004 жылдың
басында босатты. Активтер көлемінің 20 млн теңге айырмашылығымен Халық
банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры жетекші орынға шықты Қазақстанда
мемлекетпен үкіметтік емес ұйымдар арасында серіктестік қатынас орнауда.
Мемлекетпен жинақтаушы зейнетвқы қорын халықтың сеніп тапсырған қаражатын
көбейту және оны сақтау жауапкершілігі біріктіреді. Мемлекеттік билік
органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынастар технологиясы
арасында басты тұлғалармен, ведмостылар мен байланыстар, халықпен кездесу,
қоғамдық пікір сауалдары, келіссөздер және делдалдық тән. Көптеген
үкіметтік емес ұйымдар бюллнтень, брошюралар, журналдар, теле және
бағдарламаларға қатысу, конференция өткізу және тағы басқа жарнамалық
жұмыстар жүргізеді.
Қазақстанда қазіргі таңда 7 мың үкіметтік емес ұйымдар тіркелген,
олардың 56 % белсенді әрекет етуде. Үкіметтік емес ұйымдар арасында
зейнетақы жүйесіне байланысты мәселені шешумен зейнетақы қорларының
финансистер ассоциациясы айналысады. Олар ең алдымен Қазақстандық зейнетақы
жүйесінің дамуына және жетілуіне бағытталған нормативтік актілерді,
заңдарды қабылдауды және т. б. . лоббируют. Қазақстандағы зейнетақы
қорларының кірісіне жағымсыз әсер еткен жүйелік себептер (инфляция,
девальвация, теңгенің ревальвациясы, құралдың тапшылығы, барлық қаржылық
құралдар кірісінің төмендеуі).
Зейнетақы активтерін инвестициялаудың қазіргі басты мәселесі қаржы
құралдары ұсынысының өсуі зейнетақы жинақтарының өсуінен артта қалуда.
Шетелдік бағалы қағаздарға салатын лимиттердің жоғарлауына ие болған
зейнетақы қорлары жақын шет елдердің бағалы қағаздарын инвестициялау мүмкін
деп есептейді. Инвесторлар арасындағы жоғары бәсекелестік деңгейі, сонымен
қатар ішкі нарықта ақша ұсыну көлемінің үлкендігі зейнетақы активтерін
инвестициялаудың ағымдағы кірісі инфляция деңгейінен төмен болуға әкелді.
Қаржы құралдарына ақша салу кезінде оның шығынға ұшырау мүмкіндігі
болжанған жоқ. Алайда қаржы құралдарының бағасы сатып алу кезінде болған
баға деңгейінде сақталынбайды. Нарықтағы бағалы қағаздардың құны нарық
жағдайына тәуелді және айтарлықтай өзгешеліктерге ұшырап отырады.
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің проблемасы және ерекшклігі
зейнетақы қорын көп жағдайда жұмыскер емес, жұмыс беруші таңдайды. Бұл
әртүрлі формада болуы мүмкін, мысалы жұмыс беруші жұмысшының атынан қормен
келісім жасайды немесе жұмысшылар сол қордың салымшылары болады деп жұмыс
беруші қор өкілімен келісімге келеді, оның орнына жұмыс берушіге қандайда
бір қызмет түрі ұсынылады.
Келесі мәселеге жұмыс берушінің әрекетіне байланысты, яғни міндетті
зейнетақы жарналарын уақытында аудармауы. Осыған байланысты салымшы
инвестициялық кірістен айырылады. Зейнетақы активтерін басқарудағы және
активтерді инвестициялаудағы проблемалар қаржы нарығындағы дағдарыспен
түсіндіріледі, қаржы массасының артық қысымымен, мемлекеттік бағалы
қағаздар кірісінің инфляция деңгейінен төмен құлауға әкелетін мемлекеттік
облигациялар нарығындағы қаржы институттары тарапынан бәсекелестікпен,
альтернативті қаржы құралдарының өткізу жетіспеушілігі, қаржы құралдарының
төмен ликвидациялануы. Жеке сектор және мемлекет тарапынан құралдарды ұсыну
көлеміне қарағанда зейнетақы қорындағы активтердің көлемі жылдам өсуде. Бұл
бағытта жинақтаушы зейнетақы қорымен мемлекеттік жүйені жетілдіруде бірігіп
күш салуы керек. [2]
2. Зейнетақы реформаларының даму жолдары.
Зейнетақы жүйесінің реформасы экономикалық реформалар арасында
приоретті болып табылады, және бұл мәселе бүкіл әлемдегі өзекті
мәселелердің бірі. Зейнетақы жүйесін қалай құру керек., зейнетақы қай жаста
тағайындау керек, қандай мөлшерде сияқты мәселелер зейнеткерлерді
әлеуметтік қорғау кезінде басты назарға ие болады.
Біздің елемізде зейнетақымен қамсыздандыру туралы бірінші заң
Конституцияға және "Қазақ СССР - нің мемлекеттік сувернитеті туралы "
Декларациясына сәйкес 1991 жылы 17 маусымда қабылданды.
Заңда экологиялық, демографиялық және тағы басқа республиканың, оның
аймақтарының ерекшеліктерін ескере отырып әсіресе еңбекке қабілетсіз
азқамтылған азаматтардың зейнетақы деңгейлерін көтеруді қарастырған.
ҚР - ғы зейнетақы реформасының даму тарихын нақты екі этапқа бөлуге
болады.
Бірінші этап- " реформаға дейінгі " (1991 -1997 ж ж) деп аталады.
Мұнда зейнетақы жүйесі Кеңес Үкіметінен қалған " Ынтымақтастық " принціпі
бойынша әрекет етті. Бұл жүйе негізінде зейнетақы төлеудің жалғыз көзі
мемлекет болды. Ол өзінің зейнетақы қорын жұмыс берушілердің әлеуметтік
салығыесебінен толтырды. Оның мөлшері еңбекақының жалпы қорының проценттік
көрсеткішімен тұрақталды. Басқаша айтқанда, жұмыс істеушілердің барлығы
еңбек ету жасынан шыққан азаматтарға зейнетақы төлеу үшін база құрды.
Осыған байланысты, мемлекет экономикалық жағдай халықтың жұмыс бастылық
деңгейіне қарамастан, зейнетақы төлеу бойынша міндеттемелерді сақтайды және
оларды инфляция есебінен индексоциялайды.
Екінші этап - ынтымақтастық бөлушілік жүйесінен бас тартып,
жинақтаушы сақтандыру технологиясына көшу кезеңі. 1997 жылдың наурызында
қабылданған "ҚР - ғы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау
Концепциясы " және 1997 жылдың шілдесіндегі "ҚР- дағы зейнетақымен
қамсыздандыру туралы " заңы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін
реформалаудың негізін салады.
Көзделген трансфармацияның түп негізі ұлттық жүйе ұғымының
модельдерінің ауысуына әкелді. Ортақ жүйесінің орнына әлеуметтік сақтандыру
принціпімен құрылған жүйе келді. Жаңа әлеуметтік қаржылық институт -
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Бұл зейнетақының
ерекшелігі әрбір жұмыс істейтін адам өзінің болашақ зейнетақысының көлемін
өзі анықтайды. Зейнетақының көлемі толығымен зейнетақы төлемдерінің
көлеміне және ұзақтығына, сонымен қатар зейнетақы активтерін
инвестициялаудың қосымша төлемдеріне байланысты. Жинақтаушы жүйеге көшу
ынтымақтастық жүйесін әріқарай функционалдау мүмкін еместігін айқындайтын
бірқатар экономикалық факторларды көрсетті.
Реформаның бастапқы кезеңдерінде (1991-1993жж) Үкімет әлеуметтік
бағдарланған қоғамның экономикалық концепциясын жақтауды жалғастыра берді.
Бірақта аталған концепция қаржылай тұрақсыз болды. Экономикалық мағынада
бұл төленбеушілік жағдайларының кеңінен тарлуына әкелді. Нарық жағдайында
зейнетақы қорына міндетті төлемдердің мөлшері (25, 5%) кәсіпорын
шығындарының көбеюіне, еңбек күшіне шығындардың өсуіне әкелді. Мұның
нәтижесі толық сумманы төлеуден бас тартуға бағытталған экономикалық
жағдай. Яғни мұның сандары қорға қаржы толық түспеуі және халықтың
төлемейтіндер саны өсті. Екіншіден, экономикалық жағдайдың
нашарлауы;жұмыссыздар санының өсуіне әкелген көптеген кәсіпорындардың
тоқтатылуы, 1992 ж өзінің шыңына жеткен инфляцияның өсуі еңбекақы төлеу
қорының базасының қысқаруына әкелді. Жаңа экономикалық және саяси
жағдайларға әлеуметтік саясаттағы ескі подходтарды көшірудің тұрақсыздығын
түсіне отырып, жаңа үкімет әлеуметтік ұйымдар негізіндегі макроэкономикалық
тұрақтылықты декларациялайтын реформалардың моделін қабылдаған.
1994 жж Республикалық бюджетті талқылау және келісу барысында Үкімет
бюджеттің жарты шығындарын азайтуға қабілетті шараларды жүзеге асыруға
мәжбүр болды: қымбат тұратын әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды
тоқтата тұру, әлеуметтік пособия мен жеңілдіктерді халықтың аз қамтылған
және аз қорғалған топтарына ғана беру;жалпы субсидияны азайту, оның орнына
адрестілік деңгейі жоғары әлеуметтік көмекті енгізу.
Зейнетақы жүйесіне келетін болсақ, ол бір жағынан көптеген
зейнеткерлердің ең төменгі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады, ал екінші
жағынан экономика үшін ауыр болды.
Табиғи қартаю процесі негізіндегі зейнеткерлер санының өсуі
Республиканың зейнетақы қорына ауырлық түсірді. Осыған байланысты,
зейнетақы қорының тапшылығы проблема тудырып, мемлекеттің сол кездегі
зейнетақымен қамсыздндыру жүйесінің жаңару қажеттігін тудырды.
Тәуелсіздік алған уақыттан бастап 1995 жылы мемлекеттік дамуда
тәжірибе жинақтаған ҚР-ның Конституциясын қабылдағаннан кейін ішкі саясатта
Республика халқының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік
механизмдерін құру мақсаты болып табылатын құқықтық актілер мен
доктриналарды өңдеу басталды.
Әлеуметтік сала реформасының басты идеясы фомула болды: Әлеуметтік
иждивенттілік пен потернализмді білдірмейді.
Осыған байланысты әлеуметтік саясаттың келесідей приоритеттері
көрсетілген:
- мемлекетте әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және бекіту;
- әлеуметтік саланы нарықтық қатынастардың белсенді субьектісіне
айналдыру;
- доктриналарды жүзеге асырудың экономикалық мехнизмін іске қосу және
сяси құралдарды анықтау;
- рухани өндіріс саласында реформаларды құқықтық реттеуді қамтамасыз
ету.
Көрсетілген процестер, "Әлеуметтік саланың нарықтық қатынастардың
белсенді субьектісіне айналуы" 1997 жылы наурызда қабылданған ҚР-ның
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалау Концепциясында өзінің
бейнесін тапқан. Осыған байланысты, мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған
қоғамнан әлеуметтік бағдарланған экономикаға өтуі әлеуметтік сақтандыру
дотациясын мемлекеттік бюджеттен жеке, бюджеттен тыс әлеуметтік сақтандыру
түрлеріне ауыстыру қажеттігін тудырды.
1991 жылдың 17 шілдесінен бастап ынтымақтастық зейнетақы жүйесін
декларациялаған "ҚР-сы азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру туралы"ҚР-ның
1998 жылдың 1 қаңтарындағы заңы өзінің күшін жоғалтып, жаңа зейнетақы
жүйесі жүзеге асырыла бастады. Осының нәтижесінде бұрынғы зейнетақы қоры
зейнеткерлерге зейнетақы төлеуді жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы
қорымен еңбкеақы төлеу қорының міндетті 15%-тік төлемдері есебінен өзінің
қорын толтыратын зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталыққа айналды:
жеке меншік мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры (ННПФ) және
мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры(ГНПФ). Жаңа зейнетақы саясаты
ынтымақтастық және жинақтаушы жүйелердің принциптерін шоғырландырды.
Зейнетақы жүйесінің бұл моделі 1998 жылдың 1 қаңтарында
зейнеткерлікке шыққан азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету міндеттемесін
сақтайды, сонымен қатар, жеке зейнетақы жинақтары бойынша сақтандыру
төлемдерінің салымшыларына болашақ зейнетақы көлемдерінің енгізген
сақтандыру төлемдеріне сәйкес келетініне кепілдік береді.
1991 жылы 17 маусымда қабылданған заңда мемлекеттік зейнетақының
келесідей түрлері қарастырылған:
1) Жасына байланысты зейнетақы:
а) жалпы негізде;
б) №1 тізім бойынша (аса ауыр және зиян жағдайдағы еңбек);
в) №2 тізім бойынша (ауыр және зиян жағдайдағы еңбек);
г) көп балалы аналарға;
д) бала кезінен мүгедек -балалардың аналарына;
2) Мүгедектігіне байланысты зейнетақы:
а) жалпы аурулардан;
б) кәсіби және еңбектік зақымдардан;
3) Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы:
4) Еңбек сіңірген жылдары үшін:
а) авиация және ұшу-сынақ құрамындағы жұмысшыларға;
б) театр әртістерінің кейбір категорияларына;
в) халыққа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру
және тағы басқа қызметкерлеріне.
5) Әлеуметтік зейнетақы:
а) бала кезінен мүгедек балаларға 16 жасқа дейін;
б) зейнетақы жасына жеткен тұлғаларға + 3 жыл стажынсыз;
в) мүгедектік алу кезінде қажетті еңбек стажынсыз 1, 2, 3 топ
мүгедектігі бойынша;
г) балаларға қайтыс болған ата-анасының еңбек стажы туралы құжаттар
жоқ болған жағдайда асыраушысынан айырылуына байланысты.
Еңбек зейнетақысына қоғамдық-пайдалы еңбекпен және басқа да қоғамдық-
пайдалы іс-әректпен айналысқан тұлғалар ие болды.
Қажетті стаж жоқ болған жағдайда толық емес стаж бойынша зейнетақы
тағайындалды. Еңбек зейнетақысын алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік
зейнетақы тағайындалды. Еңбек зейнетақысын алуға жағдайы жоқ азаматтарға
әлеуметтік зейнетақы тағайындалады.
Жеңілдік жағдайларында келесідей зейнетақылар болды: аса ауыр және
аса зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін (1 тізім), ауыр
және зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін (2 тізім),
малшылар, сауыншылар, трактористер үшін және тағыда басқа. Олар зейнетақыны
еркектерге - 55 жаста, әйелдерге - 50 жаста бекітті, ал тізім бойынша 50
және 45 жас. Мемлекеттік, қоғамдық, шруашылық қызметте және ғылым, мәдениет
саласында ерекше еңбегі бар тұлғаларға персональді зейнетақы тағайындалды.
Зейнетақы тағайындау үшін өтініш жұмыс орнының администрациясына
берілді. Ол кәсіподақ комитетімен қажетті құжаттарды жинап, әлеуметтік
қамсыздандыру бөліміне тапсыруға міндетті болды. Зейнетақы халық
депутаттары кеңесімен құрылатын зейнетақы тағайындау бойынша комиссиямен
тағайындалған. Жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы әлеуметтік
сақтандыру жарналары есебінен жұмыс орны бойынша жүргізілді, жұмыс
істемейтіндерге - зейнетақы қорының қаржылары есебінен тұрғылықты жері
бойынша берілді.
Дағдарыс зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде жаулап алды. Олардың
бірі - зейнетақы қорының және оған мемлекеттік бюджеттен қаржы түсуінің
шектелуі, екіншісі - зейнетақылық сақтандыру жарналарының нашар жиналуы,
осыған байланысты зейнеткерлерге зейнетақы төленбеді. Әрекет етуші жеңілдік
тізіміне мыңдаған мамандықтар, лауазымдар және әртүрлі жұмыстар кірді.
Жеңілдік зейнетақысын экономиканың жеке саласында жұмыс істеушілердің
барлығы, ауыл, жеке аймақтардың барлық халықтары алды.
Республикадағы жасына байланысты зейнеткерлер қатарындағы әрбір
төртінші адам 45 - тен 55 жасқа дейінгі жас адамдар болды. Қазақстандағы
ұрпаұтардың ынтымақтастығы рпинціпіне негізделген зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесі өзінің мүмкіншіліктерін жойды.
Зейнетақы қорындағы қаржы жағдайының дағдарысы радикалды өзгерістерді
және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне реформа жүргізуді талап етті.
ҚР - дағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау Концепциясы
және оның сипаттамасы.
1997 жыл 12 мамырда ҚР - ның Үкіметінің бекітуімен Концепция
қабылданды. Ол зейнетақы реформасының басты стратегиялық бағыттарын
анықтады. Концепция келесідей сұрақтардан тұрады:
1. Зейнетақымен қамсыздандырудың қазіргі жағдайы.
2. Зейнетақы реформасының басты принціптері мен бағыттары.
3. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұйымдық құрылымы.
4. Өтпелі кезеңге зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың
қаржы ресурсының құрылуы.
5. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мемлекеттік реттелуі.
6. Зейнетақы жарналары мен төлемдерінің есебі және салық салу жүйесі.

Зейнетақы жүйесі бір жағынан көптеген зейнеткерлердің ең төменгі
қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Ал екінші жағынан экономика үшін
ауыр болды.
Зейнетақымен қамсыздандырудың әрекет етуші жүйесінің принціптік
кемшіліктері көрсетілген:
1. Жарна төлемдерінің көлемімен төленетін зейнетақы көлемдерінің
арасындағы тікелей байланыстың болмауы. Зейнетақы қорына жарна төлемдері
жауапкершіліксіз аударылып отырды, бірақ әрбір жұмысшы зейнетақы қорына
жарна төлемдерін жұмыс беруші үнемі не толық аударуына қарамастан зейнетақы
алуға құқығы бар. Мемлекет мемлекеттік зейнетақы қорына міндетті жарна
төлемдерін төлеуден жұмыс берушісі бас тартатын азаматтар алдындағы
зейнетақы міндеттерін орындауы қажет.
2. Зейәнетақы жарналарының жоғары ставкғасы өндірістің тежелуін
күшейтеді және экономикаға ауырпашылық әкеледі. Инфляция жағдайындағы
зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін ұстайтын үнемі өсетін шығынды жабу үшін
жарна ставкаларының өсуі жұмыс берушінің мемлекеттік зейнетақы қорына
зейнетақы жарналарын төлеуден бас тартуына әкелді.
3. Зейнетақы жарналарының жиналуының төмен деңгейі жалпы экономикалық
себептерге, сонымен қатар жұмыс берушілердің мемлекеттік зейнетақымен
қамсыздандыруды қолауға қызықпаушылығы және сақтандыру жарналарының түсуін
қадағалайтын механизмдер дің жоқтығына негізделген.
4. Зейнетақы тағайындаудағы жеңілдіктердің көптігі мемлекеттік
зейнетақы қорына айтарлықтай ауыртпалық тудырды
5. Жұмысшылардың зейнетақы жарналарының персональды есебінің жоқтығы
азаматтарының жеке шотындағы қаржыны шоғырландыруға және аударымдардың
жоғарлауына, сонымен қатар жұмыс берушілердің жарна төлемдерін бақылауды
жүзеге асыруға стимул тудырмайды.
6. Зейнетақымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі
Зейнетақы жүйесінің дамуы
Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі
Зейнетақы нарығы
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздері
ҚР-ның зейнетақы жүйесі
Пәндер