Әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
І. Халықтың денсаулығына және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
1. 1 Әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаттамасы . . . 5-21
1. 2 Әкімшілік жауапкершілік. 22-26
1. 3 Әкімшілік жаза түрлері . . . 27-32
1. 4 Әкімшілік іс жүргізу. ……. . 33-37
ІІ. Халықтың денсаулығы мен имандылығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ұғымымен және оларға қойылатын әкімшілік құқықтық режимдерді талдау
2. 1 Халықтың денсаулығы мен имандылығына қол сұғатын әкімшілік құқықтық режимдерін талдау және сараптау . . . 38-59
2. 2 Халыққа және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімішілік құқық бұзушылықтар . . . 60-70
2. 3 Халықтың денсаулығы мен имандылығына қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылықтардың басқару тәртіптері . . . 71-78
ІІІ. Қорытынды . . . 79-81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 82-83
Кіріспе
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Халықтың денсаулығына, имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты мәселелерді зерттеуге арналған. Жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы, жалпы сипаттамасы мен және адамгершілігке қарсы жағымсыз әрекеттердің ұғымы, заң нормаларының өзара айырмашылықтары көрсетіледі, заңнамада бекітілген қылмыстық жауаптылық пен әкімшілік жазаның түрлері қаралған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Халықтың денсаулығын сақтау және жеке адамды жан-жақты жетілдіру - мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір саласы. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеу туралы» жарғысында ерекше аталып көрсетілген. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, - 2030 жылға дейінгі еліміздің даму стратегиясын қамтитын, 1997 жылғы қазан айының 10-ында жарияланған халыққа жолдауында, үкімет алдына халықтың денсаулығын аза назар аудару яғни, маңызды тапсырма ретінде уақытылы қойып отыр.
Зерттеу жұмысының объектісі: Әкімшілік қүқық бұзушылық ұғымы мен белгілері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің бабтарына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі, яғни қасақана немесе абайсыздықта жасалған іс-әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады.
Егер құқықбұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген зандарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтырмайтын болса, онда ол үшін әкімшілік заң нормаларымен және басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқықбұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен жауаптылық қарастырылған, белгілі әрекеттерді жасауға тиым салатын, қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіретін әрекеттерге тоқталып талданып көрсетілді.
Әкімшілік құқықбұзушылықтың негізгі белгілері яғни, Құқыққа қарсылық, яғни құқық нормаларын бұзатын әрекеттер мен әрекетсіздіктер жасау, Кінәлілік, яғни құқыққа қарсы әрекеттер мен әрекетсіздіктерді қасақана немесе абайсыздықта жасау, Жазаланушылық, яғни белгілі әрекеттер мен әрекетсіздіктер тек заң нормаларында ғана қарастырылған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық деп танылып әкімшілік жауаптылық пайда болады, Кінәсіздік презумпциясы бұл өзіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған тұлға өз кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделегн тәртіппен дәлелденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі қараған судяның, мемлекеттік басқару органының немесе оның лауазымды тұлғасының заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз деп есептеледі.
Ешкім өз кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес және кінәлілікке келтірілген кез-келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған түлғаның пайдасына түсіндіріледі. Сонымен қатар, әкімшілік құқықбүзушылық туралы зандарды қолдану кезінде туындайтын күдіктер де оның пайдасына шешілуі тиіс. Әкімшілік құқықбұзушылық кұрамы дегеніміз бұл нормативті құқықтық актімен бекітілген элеметтердің жиынтығы және солар бар болғанда әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Кейбір жағдайларда әкімшілік құқықбұзушылық барлық белгілірі болса тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауаптылыққа тарту заңсыз болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Халық денсаулығына қарсы жасалатын қылмыстардың, ең алдымен, өздерінің заттарының ерешелігі бойынша анықталатын өзіне тән ерекшелігі болады. Бұл орайда аталған қылмыстың заты болып табылатын тек есіртікілік заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар осы қылмыстар тобының барлық қылмыстардың біріктіруші ортақ ұйытқы болып табылады.
Есірткілік құралдарға синтетикалық сипаттағы өсіп - өнетін заттар мен қатар олардан жасалатын дәрілік препараттар, сол сияқты, дәл осылардың қатарына халықаралық конвенция бойынша жатқызылатын өсімдіктер, сонымен қатар, ҚР бақылауға алынуы тиіс есірткілік заттар тізімі адам денсаулығы мен психикасының тәуелділігін тудыратын өсімдіктер жатады.
Кез келген, соның ішінде қарастырылып отырған қылмыстан сақтандыру
шараларын жүзеге асыру ісінде, қылмыстың себептерін және оларды жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтаудың маңызы зор. Жүргізілген зерттеу жұмыстары бойынша есірткі нәрселердің заңсыз айналымымен күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егуге және өсіруге мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды әр уақытта анықтай бермейді.
Бұл орайда құқықтық шаралардың бірқалыпты тұрақтылық мәні бар. Қазақстанда құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен күрес саласында барлық басқа да істерді жүзеге асыру үшін перспевтивті базаны құру жіктеледі. Мұны еліміздегі құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруді жою саласындағы өзара байланысты шаралар жүйесін құру барысында мүлтіксіз ескеру керек. Сондай-ақ осы Заңда ең басты көңіл азаматтардың денсаулығына, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздігіне бұрылып отыр.
І. Халықтың денсаулығына және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
1. 1 Әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаттамасы
Адамзат қоғамның белгілі бір кезеңінде немесе адамзаттың дамуында Имандылық - адамгершілік деп атайтын адамның өзара қатынастарының табиғи нормасы, негізгі адамгершілік құндылықтар- имандылық, еркіндік, қайырымдылық, зұлымдық, әділеттілік қалыптасыды.
Адамгершіліктің кейбір бастауларын қарастрсақ ізгілік пен зұлымдық өзінің абстракциялық мағанасында адамгершілік пен имансыздықты білдіреді. Имандылықтың бейнеленуі тек теориялық деңгейде ғана емес, нақты сезімдер, көзқарастар және т. б. түрлі кәдуілгі сана деңгейінде де іске асырылады. Имандылық- сөзінің кең мағанасында адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы.
Адам денсаулығы мен оның моральдық хәл - ақуалы Қазақстандық қоғамның өміршендігінің және оның бакрлық жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруының кепілі болып табылады. Бұл орайда, табиғи ортаны неғұрлым тиімді пайдаланудында маңызы жоқ. Сондықтан, ҚР Конституциясында бұл аталған игіліктерді, яғни халықтың денсаулығын (29 - б) қолайлы айнала ортаны (31 - б), тарихи және мәдени мұраны (37 - б), қамтамасыз ету мен қорғаудың негізіне жататын ең маңызды принциптері жарияланған.
Халықтың денсаулығы мен мемлекет пен қоғамның өз қызметін ойдағыдай атқаруының және одан аы дамуының ажырамас шарты болып табылады.
Адамгершілік пен халықтың денсаулығы, қоғамдық өмірдің қажетті элементі ретінде, өздерінің мемлекет тарапынан қорғалуын талап етеді. Сондықтан, мемлекет халық денсаулығы мен адамгершілікті қылмыстық - құқықтық тәсілдер арқылы қорғауды өзіне міндет санайды.
Аталған принциптердің сақталуы - ең алдымен, ерікті іс. Алайда, көптеген тұлғалар бұл принциптерді бұза отырып, тиісті қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді.
Көрсетілген әрекеттерге қарсы қол сұғушылықтың алдын - алу және онымен күрес жүргізудің қылмыстық кодекске халық денсаулығы мен қоғамдық адамгершілікке қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылған нормалардан тұратын 10 - шы тарау енгізілген.
Қоғамдық адамгершілік пен халық денсаулығына қарсы жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі - олардың денсаулыққа зиян келтіруі жеке тұлғаның денсаулығына емес, көптеген адамдардың денсаулығына (халық денсаулығына, белгілі бір жердегі немесе белгілі бір аймақтағы халықтың бөлігінің денсаулығы) және қоғамның өндірістік бастауларына тиетіндігінде.
Әкімшілік қүқық бұзушылық ұғымы мен белгілері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 28 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі, яғни қасақана немесе абайсыздықта жасалған іс-әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады.
Егер құқыкбұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген зандарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтырмайтын болса, онда ол үшін әкімшілік заң нормаларымен және басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқықбұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен жауаптылық қарастырылған, белгілі әрекеттерді жасауға тиым салатын, қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіретін әрекеттер.
Әкімшілік құқықбұзушылықтың негізгі белгілері:
1. Құқыққа қарсылық, яғни құқық нормаларын бұзатын әрекеттер мен әрекетсіздіктер жасау.
2. Кінәлілік, яғни құқыққа қарсы әрекеттер мен әрекетсіздіктерді қасақана немесе абайсыздықта жасау.
3. Жазаланушылық, яғни белгілі әрекеттер мен әрекетсіздіктер тек заң нормаларында ғана қарастырылған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық деп танылып әкімшілік жауаптылық пайда болады.
4. Кінәсіздік презумпциясы бұл өзіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған тұлға өз кінәсі әкімшілік
құқықбұзушылық туралы кодексте көзделегн тәртіппен дәлелденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі қараған судяның, мемлекеттік басқару органының немесе оның лауазымды тұлғасының заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз деп есептеледі.
Ешкім өз кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес және кінәлілікке келтірілген кез-келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған түлғаның пайдасына түсіндіріледі. Сонымен қатар, әкімшілік құқықбүзушылық туралы зандарды қолдану кезінде туындайтын күдіктер де оның пайдасына шешілуі тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы. Әкімшілік құқықбұзушылық кұрамы дегеніміз бұл нормативті құқықтық актімен бекітілген элеметтердің жиынтығы және солар бар болғанда әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Кейбір жағдайларда әкімшілік құқықбұзушылық барлық белгілірі болса тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауаптылыққа тарту заңсыз болып табылады.
Әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамының элементтері:
1. Объект- құқық нормаларымен реттелген және әкімшілік жауапттылық шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Іс жүзінде объект ретінде нақты нормалар, тапсырмалар, заңды талаптар, тиым салулар болады.
Бұл нақты объектілер көрінісінің нысандары әртүрлі болады. Мысалы: ұсақ бұзақылық қоғамдық тәртіпке қол сұғу деген сөз, бірақ ол заңда айтылған "ұсақ бұзақылық"түсінігінің тұжырымасында берілген үлгі тізімдегі іс-қимыл жасаудан көрінуі мүмкін. Объектілер негізі 3 түрге бөлінеді:
• Жалпы объект-мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар.
• Топтық объект- қоғамдық қатынастардың пайда болуы немесе іске асуы саласындағы мазмұзыны жағынан ұқсас объектілердің тобы. Мысалы: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 10, 12, 11, 13, 14 және әкімшілік құқықбұзушылықтың түрлеріне байланысты басқа да тараулар объектілердің топтық белгілері бойынша жинақталған.
Мысалы:10-жеке тұлғалардың азаматтық құқығына байланысты әкімшілік құқықбұзушылықтар.
11- Азаматтардың сайлау құқығына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар.
12. Кәмелетке толмағандардың құқықтарына байланысты әкімшілік құқық бұзышылықтар.
13. Меншікке байланысты әкімшілік құқық бұзышылықтар.
Бұл әкімшілік құқықбұзушылықтардың топтық объектілері болып
- жеке адамдар мен азаматтардың құқықтары, халықтық
денсаулығы, жеке және мемлекеттік меншік, қоғамдық тәртіп
және т. б.
Тікелей объект- бұл белгілі қоғамдық қатынастар, оларды қорғау мақсатында құқықтық нормалар қабылданған. Мысалы: ұсақ бұзақылықта бұл азаматтардың денсаулығы немесе олардың ар-намысы, қоғамдық тәртіп пен әдептілік, ал қоғамдық тыныштыққа қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтарда бұл қоғамдық тәртіп, қоғамдық тыныштық және т. б.
2. Әкімшілік құқықбүзушылықтың объективтік жағы бұл әкімшілік құқықпен тиым салынған әрекет немесе әрекетсіздік, оның нәтижесі, жасалған әрекет пен оның нәтижесінің арасындағы себепті байланыс. Әкімшілік құқықбүзушылықтың объективтік жақтың мазмұнына әрекет пен әрекетсіздіктің сипаты қосылуы мүмкін. Олар:
- құқықбүзушылықтың әлденешелігі, яғни бұл біркелкі әрекет пен әрекетсіздіктің жасалуы /бірнешелігі/
- құқық бұзушылықтың қайталануы, яғни бір тұлғаның 1 жыл көлемінде біркелкі құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасауы және біркелкі оған жауаптылықка тартылуы. Қайталану әлденешеліктен құқықбүзушылықтың бірнеше рет жасалуымен ерекшеленеді және жауаптылықты ауырлататын жағдай болып табылады.
- құқық бұзушылықтың созылмалы болуы, яғни әкімшілік жауаптылық пен қорқытуға қарасамтан, заңмен белгіленген міндеттерді орындамауға байланысты әрекет немесе әрекетсіздік. Созылмалы қүұқық бұзушылық әрекет немесе әрекетсіздіктің созылу мерзімінен қарамастан біртұтас болады.
- Жалғасушы бұл бір адамның ұқсас құқық бұзушылықтарды жасауы, бірақ олардың әрқайсысына жеке жауптылық қарастырылады. Мысалы: бірнеше рет рұқсатсыз радио жіберуші жоне қабылдаушы заттар заңсыз жасау мен қолдану.
3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі 16 жасқа толған, әрекетқаблеттігі бар адамдар мен азаматтар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі келесі түрлерге бөлінеді.
- Жалпы субъект, яғни әкімшілік құқығының барлық субъектілері
- Арнайы субъект, яғни бұл мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар.
- Ерекше субъект, яғни әскери қызметкерлер мен әскери жиында жүрген азаматтар, Ішкі істер органдарының қызметкерлері және басқа да арнайы әскерилендірілген органдардың қызметкерлері.
4. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы бұл субъектінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылығына қатысты ішкі психологиялық қатынасы. Оның міндетті белгілері: - Кінә бұл қасақана немесе абайсыздық арқылы көрініс табатын, тұлғаның жасаған құқық бұзушылығы мен оның салдарына қатынасы. Қасақаналылық: тікелей, яғни тұлғаның өз әрекеті немесе әрекетсіздігінің заңсыз екенін біліп, оның салдарының қауіптілігін түсініп олардың болуын қалауы; жанама қасақаналылық, яғни өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңсыз екенін және оның салдарының қауіптілігін біле тұра бұл салдардың болуына жол беруі. Абайсыздық: кінәлі мемендік бұл тұлғаның өз әрекеті немесе әрекетсіздігінің салдары болу мүмкіндігін біле тұра, оларды болдырмауға жеңілтек түрде қарауы; кінәлі ұқыпсыздық бұл тұлғаның құқық бұзушылық салдарының болуын білуге міндетті және білуі мүмкін жағдайда, ұқыпсыздығына байланысты білмей қалуы. Субъективті жақтың сонымен қатар, факультативті белгілері бар. Олар әкімшілік құқық бұзушылықтың мақсаты мен ниеті.
Әкімшілік құкық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар:
1) кінәлі адамның шын өкінуі;
2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды салдарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауырІ жағдайлары салдарынан жасау;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдін немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;
6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш колдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;
7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті корғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сүғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар:
1) тиісті уәкілетті адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықты тоқтатуды талап еткеніне қарамастан оны жалғастыра беру.
2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, мерзімі бітпегсн адамның
біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы.
3) кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту.
4) кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық ауруымсн ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту.
5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ, басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз 1 адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаң күйде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларға мыналар жатады:
а) азаматтардың тіл таңдау құқықтарын шектеу;
б) еркін жүріп тұру және тұрғылықты жер таңдауы құқықтарын шектеу;
в) азаматқа ақпарат беруден бас тарту;
г) еңбек туралы заңдарды бұзу;
д) зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы заңдарды бұзу;
е) еңбекті қорғау ережелерін бұзу;
ж) ұжымдық шарт, келісім жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтару:
з) ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға
мәжбүрлеу.
Мысалы, азаматтардың тіл тандау құқықтарын шектеу, тілге байланысты себептер бойынша кемсіту - лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар:
а) үгітке тиым салынган кезеңде оны жүргізу.
б) Президентке, депутатқа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидат туралы көрінеу жалған мәліметгер тарату;
в) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесінің, байқаушының құқықтарын бұзу;
г) азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетендерін (дауыс беруге арналған бюллетендер) беру, т. б.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарына кол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар:
а) ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы.
Мұндай әкімшілік құқық бұзушылық болған жағдайда ескерту жасалады немесе айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады және де кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына әкеп соққан іс-әрекеттер, сол сияқты олар қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер жасаса, ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға айлық есептік көрсеткіштің 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі бұйымдарын сату әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Мұндай әкімшілік құқық бұзушылық болған жағдайда айлық есептік көрсеткіштің 2-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.
Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік қүқық бұзушылықтар:
а) Тұтынушыларды елеусіз мөлшерде алдау. Оған: тауардың тұтыну қасиеттеріне немесе сапаларына қатысты кем өлшеу, таразыдан жеу, кем есептеу, алдау жатады және мұндай
әкімшілік құқық бұзушылық жасалса, азаматтар - айлық есептік көрсеткіштің 3-ке дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдар 5-тен 20-ға дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге тиіс.
б) қару-жарақ пен оқ-дәрі сату тәртібін бұзу;
в) тауарларды құжаттарсыз сату;
г) банк, валюта заңдарының талаптарын бұзу;
д) клиенттерге, несие (кредит) берушілерге және алушыларға (заемшыларға) банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу.
Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің банк шоттарын ашу және жабу тәртібін бұзуы - лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің 40-тан 70-ке дейінгі мөлшерінде, заңды тұлаға 500-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентінің функцияларын орындамауы немесе тиісті дәрежеде - заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің 500-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Клиенттерге, несие (кредит) берушілерге және алушыларға (заемшыларға) банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем, ақша аударымы жөніндегі нұсқауларды, ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптарды дер кезінде немесе дұрыс орындамауы - талаптар сомасының 5%-не дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесінің банктегі шотына ақшаны, оның келіп түскен күнін есептемегенде, бір операциялық күннен асырып, дер кезінде немесе дұрыс есептемеуі - заңды түлғаға - әрбір төлем (құжаты үшін айлық есептік көрсеткіштің) немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаудың дер кезінде немесе дұрыс есептемеген сомасының 5 %-на дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz