Қасиетті Одақтың қызметі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тарихи тәжірибелер барысында тарихи дәуірлер арасындағы сабақтастықтар мен өзара байланыстардың үнемі орын алып жататындығы байқалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, жақын уақытта ғана тарих қойнауына шығарып салған ХХ ғасыр мен оның алдында аяқталған ХІХ ғасыр арасында тарихи сабақтастықтың барлығы сөзсіз. Өзіміздің жұмысымыздың тақырыбы ретінде алып отырған ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік қарым-қатынастардың ерекшелігі қандай? ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік деңгейдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі сонда, оның алдыңғы ғасырлардағы халықаралық қатынастарды жүргізу мәдениетінен мүлдем басқаша болуы. Басқалай айтқанда, ХІХ ғасырда бұрын-соңды болмаған, екінші жағынан, қазіргі дипломатияны жүргізу заңдылықтарына ұқсас халықаралық қарым-қатынастар жүйесі қалыптастырылды. Бұл уақытта халықаралық қарым-қатынастар жүргізудің әдіс-тәсілдері, мәдениеті, заңдылығы, практикасы өзгерістерге ұшырады. ХІХ ғасырда сөздің тура мағынасындағы дипломатия қалыптаса бастады. Бұдан былай халықтар мен мемлекеттер өзара жанжалдарын мәдениетті түрде, келіссөздер арқылы шешуге мүдделі болды. Мемлекеттер бұл кезеңде геосаяси мақсаттарын айқындаудың өзінде интеграциялық процестерді жүргізуге мүдделі болды. Яғни, бұл дегеніміз аталмыш кезеңде жетекші саяси күштер геосаяси жоспарларын жүзеге асыруда басқа мемлекеттермен әскери-саяси одақтар құруға тырысты. ХІХ ғасырдың соңына қарай қазіргі біздің түсінігіміздегі әскери-саяси блоктарға бірігу процесі басталды. Сол уақыттағы мемлекеттер мұндай одақтардың бір күндік немесе бір жылдық болмау қажеттігін жіте түсінді, сол бағытта жұмыс істеді.

Сонымен, ХІХ ғасырда халықаралық қарым-қатынастарда қандай процестер жүрді? ХІХ ғасырға Еуропа құрлығы Н. Бонапарттың империясын күйретіп, соның зардаптарын жоюға кірісумен аяқ басты. 1799-1815 жылдар аралығындағы наполеондық соғыстар барысында Еуропа құрлығында үлкен өзгерістер орын алып, еуропалық мемлекеттер бұл агрессияны 7 антинаполеондық коалиция құру арқылы тоқтатқандығы тарихтан белгілі.

Наполеондық соғыстардан кейін Еуропа құрлығындағы халықаралық қатынастар Вена жүйесі арқылы реттелді. 1815-1830 жылдардағы халықаралық қатынастар Қасиетті Одақтың қызметі аясында жүзеге асты. Еуропа құрлығында ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарында халықаралық қатынастарға революциялық процестер үлкен ықпал етті. Бұл құрлықта 1870 жылдары әлемдік деңгейде үлкен оқиғалар орын алды. Оның ең бастылары - осы уақытқа дейін бытыраңқылық өмір кешкен Германия мен Италияның біріккен мемлекеттерге айналуы болды. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы еуропалық халықаралық қатынастар жетекші саяси күштердің әскери-саяси блоктарға бірігіп, олардың агрессиялық саясат жолына түсуімен сипатталады. Атап айтқанда, Австрия-Германия одағы 1882 жылы Германия, Австрия-Венгрия және Италия арасындағы Үштік одаққа айналады, сондай-ақ, бұл уақытта болашақ Антанта одағының да алғышарттары қалыптасты.

Әлемдегі басқа құрлықтағы халықаралық ахуалға келсек, Африка ХІХ ғасырдағы жүз бойы еуропалық мемлекеттердің отарына айналды. Америка құрлығындағы халықтар да отаршылдықтың қамытын кейді. Мұнда ХІХ ғасырдың басында ең үлкен отарлық империя Испания болды. Алайда, 1826 жылы аяқталған америкалық отарлардың тәуелсіздік үшін соғысының нәтижесінде Испанияның Куба мен Пуэрто-Рикодан басқа американдық отарлары тәуелсіз мемлекетке айналды, олар: Мексика, Гватемала, Сан-Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Колумбия, Венесуэла, Эквадор, Перу, Боливия, Чили, Аргентина, Парагвай және Уругвай.

Америка құрлығындағы қазіргі алып мемлекет АҚШ-қа келсек, ол ХІХ ғасырдан бастап Англия мен басқа еуропалық мемлекеттердің бәсекелесі бола бастады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ-тың сыртқы саясатына тән сипатты ерекшеліктердің бірі мемлекеттік территорияны кеңейту үдерісі болды. 1805-1815 жылдар аралығында АҚШ Африкада алғашқы соғысын жүргізді.

ХІХ ғасырда Шығыс елдері еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-тың отарлық жаулаушылығына ілікті. Олар Қытай, Жапония және басқа да Қиыр Шығыс елдеріне бақылау жасауға ұмтылды. ХІХ ғасырдың басынан Орта Шығыс елдері мен Үндістан да отаршылдар назарынан тыс қалмады. Бұл уақытта Иран, Ауғаныстан, Кавказ және Закавказье үшін Англия мен Ресей арасында талас орын алды. 1875-1878 жылдары «Шығыс дағдарысы» жүрді. Оның мәні - Осман империясының иелігіндегі Балқан халықтарының түріктерге қарсы азаттық күреске шығуы болды. Балқандағы оқиғаларға Ресей, Англия және Австро-Венгрия белсенді қатысты.

Осылайша, ХІХ ғасырда дүниежүзілік халықаралық қатынастар ерекше қарқынмен, өзіндік сипатта жүрді. Осы ерекшеліктерді айқындау, оның мәнін ашып көрсету, біздің дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты болмақ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысының тақырыбына қатысты әдебиеттерді саралау бұл мәселенің тарихнамасының едәуір дәрежеде қалыптасқандығын көрсетеді. Дегенмен, қазақ тіліндегі еңбектердің өте аз болуы бізге үлкен қиыншылықтар әкелді. Біз пайдаланған мемлекеттік тілде жазылған басты оқулық Қ. И. Байзақованың жалпы редакциясымен жарық көрген «Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы» [1] атты еңбек. Бұл ұжымдық еңбекте жаңа замандағы халықаралық қарым-қатынастар тарихының негізгі мәселелері жан-жақты талданады.

Тарихнамалық негізгі әдебиеттердің қатарында «История дипломатии» [2], «Европа с 1870 по 1914 г. » [3] атты еңбектермен қатар, В. П. Дебориннің [4], А. Дебидурдың [5], Е. А. Ерусалимкийдің [6], Л. А. Зактың [7], А. З. Манфредтің [8], А. В. Ревякиннің [9], Ф. А. Ротштейннің [10] зерттеулерін де атап өтуге болады. Бұл шығармаларда жаңа замандағы, оның ішінде, ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік халықаралық қатынастар тарихының келелі мәселелері баяндалған.

Ресей, Англия, Франция, Италия, Осман империясы секілді жекелеген елдердің сыртқы саясатының тарихы және тұтас аймақтардың ХІХ ғасырда халықаралық қарым-қатынастарға тартылу мәселелері М. С. Альперович [11], И. С. Галкиннің [12], Н. А. Дулиннің [13], А. С. Ерусалимскийдің [14], А. В. Крепактың [15], Л. Н. Кутаковтың [16], И. Д. Парфеновтың [17], А. С. Протопопов, В. М. Козьменко, Н. С. Елмановалардың [18], О. В. Серовтың [19] еңбектерінде көрініс тапқан. Осы мазмұндық сипаттағы зерттеулер қатарына «Боснийский кризис 1908-1909 гг. -пролог первой мировой войны» [20], «Внешняя политика России на Ближнем Востоке в конце 30-х и начала 40-х гг. ХІХ в. » [21], ««Восточной вопрос» во внешней политике России: конец ХУІІІ-начало ХХ вв. » [22], «Германская история в новое и новейшее время» [23], «История Латинской Америки. Доколумбова эпоха-70-е годы ХІХ в. » [24], «Китай в мировой и региональной политике: История и современность» [25] атты еңбектерді де жатқызуға болады. Бұларда Латын Америкасы елдерінің сыртқы саяси тарихы, Ресейдің Балқандағы, Таяу Шығыстағы саясаты, Германия империясының құрылуы мен оның сыртқы саясаты, Италияның сыртқы саясаты, Ұлыбританияның отарлық жаулаушылығының тарихы, Қытайдың халықаралық қатынастарға тартылуы, Жапонияның сыртқы саясаты баяндалады.

Тақырыптың деректік көзі. Тақырыптың деректік көзін аталған зерттеулерге енгізіліп, ғылыми айналымға түсірілген келісім-шарттық құжаттар, фактологиялық материалдар құрайды. Сондай-ақ, дипломдық жұмысты жазу барысында М. В. Пономарев пен С. Ю. Смирнованың «Новая и новейшая история стран Европы и Америки» атты практикалық құралының бірінші және екінші томдары [26], [27] пайдаланылды. Бұл құралдардан ХІХ ғасыр бойы жасалған келісім-шарттар мен құрылған одақтардың хаттамаларының мәтіндерін оқып, білуге болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік халықаралық қарым-қатынастар тарихын жан-жақты қарастырып, ондағы ерекшеліктерді айқындау болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды.

- Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің қалыптасуы;

- Қасиетті Одақтың қызметін, оның ішкі қарама-қайшылықтарын бағалау;

- ХІХ ғасырдың 40-60 жж. халықаралық қатынастарды талдау;

- Үш императорлар одағының құрылуын зерделеу;

- 1875-1878 жылдардағы Шығыс дағдарысын, оның барысын саралау;

- Үштік Одақтың құрылу жағдайларын қарастыру.

Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде тарих ғылымының объективтілік, тарихилық, жүйелілік тәрізді негізгі принциптері басышылыққа алынды. Сонымен бірге, диплом жұмысын жазу барысында салыстырмалы-тарихи талдау, сыни талдау, логикалық зерттеу әдістері кеңінен пайдаланды.

Еңбектің ғылыми жаңалығы. Аталмыш тақырып университет деңгейінде бірінші рет қарастырылып, ХІХ ғасырдағы дүниежүзілік халықаралық қарым-қатынастардың тарихын баяндауға, ондағы ерекшеліктерді ашып көрсетуге жан-жақты талпыныс жасалды.

Жұмыстың хронологиялық ауқымы. Диплом жұмысының хронологиялық ауқымы ХІХ ғасырдың жүз жылдық мерзімін қамтиды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, төрт үлкен тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден және қосымшалардан тұрады.

1. Халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің қалыптасуы

Наполеонды жеңгеннен кейін барлық еуропалық державалардың өкілдері (Түркиядан басқасы) Еуропада феодалдық тәртіпті және наполеондық соғыс барысында құлатылған бірқатар бұрынғы әулеттерді қайта қалпына келтіру мәселелеріне байланысты шешім қабылдау үшін Австрия астанасында жиналды. Бұл конгресс қатысушыларын тағы да бір ортақ міндет біріктірген еді - ол революциялық және демократиялық қозғалыстармен күрес. Сонымен қатар когресс Франциядағы бонапарттық тәртіптің қайта оралмауына және Еуропаны жаулап алу әрекетінің болмауына тұрақты кепілдікті қамтамасыз етуі, сонымен бірге жеңімпаз державалардың территориялық дәмеленулерін қанағаттандыруы қажет болды.

23 қыркүйекте, 1814 ж. 1 қазанына белгіленген конгресс ашылуына бір апта қалғанға дейін, Венеға басқа француздық дипломаттармен қатар XVIII Людовиктің сыртқы істер министрі князь Талейран - Перигор келді. Александр Талейранды жақсы танитын еді. Оның патшадан бірнеше рет ақша сұрап алып, бермеген жағдайда ренжімейтіндігі бекер емес еді. Бірақ Талейранның барынша ақылдылығын, икемділігі, тапқырлығы, адамдарды тани білуі оны өте қауіпті қарсыласқа айналдырды. Талейран ұстанымының әлсіз жағы оның Вена когресінде жеңілге жақтың өкілі болғандығында еді. Талейранның асқан зеректілік пен бұлтармалық қасиет көрсетуіне тура келді. Талейран Венаға келген сәтінде конгрестің басты назары қандай проблемаға ауатынын білген болатын, бұл басты польша - саксон мәселесі еді. Наполеон шегінгеннен кейін әскері Варшава герцогтығын басып алған Александр герцогтықты ешкімге де бермейтінін ашық айтты. Бұл герцогтық, негізінен, Польшаның үш бөлінісінен кейін Пруссия жаулап алған жерлерден тұрған, кейін, 1807 ж. Наполеон тартып алғандықтан, Пруссия корольі III Фридрих Вильгельм Пруссияға Саксония корольдігін біріктіру түрінде компенсация алуға үміттенді. Александр бұл шартпен келісті, оның үстіне Саксония корольінің иеліктерін оның ұзақ уақыт бойы Наполеонның одақтасы болғандығы үшін жаза ретінде тартып алуды жоспарлады. Талейран дәл осы негізде күрес ашудың пайдалы болатындығын бірден байқай алды. Ал дипломатиялық күрес Талейранның негізгі мақсатына жету үшін барынша қажет еді: Шомон одағын күйрету, яғни, басқаша сөзбен айтқанда, Австрия, Англия, Ресей және Пруссия арасына жік салу [1, 74-75 бб. ] .

1814 ж. сәуір - мамырында Ресей орыс үкіметінің қарамағындағы әскери күші жағынан ойсыраған, әлсіреген, континенталды Еуропаның басқа мемлекеттерінің барлығынан мықты еді. Осыған байланысты Меттерних конгресті күзге қалдырып, Австрияның біршама есін жинауына мүмкіндік беру үшін жағдай жасады. Александр Маттернихті барынша жек көргеніне және оның, онымен бірге Ресейге жаугершілік көзқарастағы, бірақ патшаның көзінше жағымпазданатын лорд Кэстльри мен фрацуз корольі XVII Людовиктің қаскүнемдігін біліп отырғанына қарамастан, когресті кейін қалдыруға келісті. Олардың барлығын Александр Еуропаның жаңа билеушісінің рөлін орындағысы келуі мүмкін деген ой қатты алаңдатты. Олар алдын ала, соншалықты бірлікпен болмаса да, қарсылық көрсетуге даярланды. Меттерних кезіндегі хатшы және сенімді тұлға публицист Генц басы - қасында болған адам ретінде кейіннен былай деп жазды: «Венаға келген кезде император Александр Австрия, Англия және Франциямен алакөз қарым - қатынаста еді». Лорд Кэстльри Александрға, Меттернихке қарағанда, едәуір жағымсыз еді. Икемсіз, Англияда революцияның болуынан қорқатын, орыс дипломатиясына сенімсіз көзқараспен қарайтын ағылшындық сыртқы істер министріне Александр «салқынқанды педант (тақуа) » деген мінездеме берді, қалай болғанда да Кэстльри Меттерних секілді ұятты жинап қойып, үнемі алдай бермейтін еді.

Александр XVIII Людовиктің босаған француз тағына отырғанын онша қаламады. Ал ол таққа отырған кезде Александр Францияға конституциялық хартияны сыйға беру керектігін талап етті. Бұл, әрине, оған конституциялық мекемелердің ұнағанын емес. Бірақ патша секілді ақылды да икемді корсикандық Поццо - ди - Борго, патшаның француз істері жөніндегі кеңесшісі, егер Францияда найзағай тартқыш ретінде конституциялық құрылым орнатылмаса, Бурбондар әулетін жаңа революция жойып жіберетініне сенімді болды. Александр король XVIII Людовик пен оның ағасы Кар Артуаға жағымсыз көхқараста еді, ал олар болса, өз кезегінде, патшадан қорқатын және оның қамқорлығынан құтылу үшін әр түрлі айлаға баруға әзір еді.

Талейран Венаға келген соң төрт «ұлы» держава өкілдерінің жиналысына өатысуға шақырылды. Ол бұл жиналысқа жеңілген ұлттың өкілі секілді емес, тәкәппарлықпен, өз - өзіне деген сенімділікпен келіп, жиналғандардан француз делегациясының калған мүшелері неліктен бұл жиналысқа шақырылмағанын сұрап, Пруссиядан болса, тек қана Гарденберг емес, В. Гумбольдтың да қатысып отырғанын айтып кетті. Одан соң алдын ала даярланған қаулыдағы «одақтастар» сөзіне тоқталды. «Егер одақтас державалар болатын болса, онда мен мұнда артықпын» - деп мәлімдеген ол, Францияның когрестің басқарушысы комитетіне жіберілуін талап етті. Париж трактатына сегіз державаның өкілдері қол қойғандықтан, Талейран Испания, Португалия және Швеция өкілдерін шақыруды талап етті. Қалай болғанда да, ол басқарушы комитет құрамына енуге қол жеткізді, сөйтіп одақтастарды бір - бірімен ұрыстырып, қарама - қарсы қою мақсатында қастық жасау мүмкіндігін алды [1, 75-76 бб. ] .

1814 ж. қазан айының бас кезінде Талейран император Александрға келді. Олардың арасында өте жағымсыз түсініктеме болды. Талейран өзінің «легитимизм принципін» ұсынды. Онда Александр революциялық соғыстарға дейін Ресейдің иелігінде болмаған Польша бөлігінен бас тартуы, ал Пруссия Саксонияға көз салмауы қажет делінді. Патшаның Ресейді өз жеңісінен тиесілі пайдасын алу керек деген сөзіне жауап ретінде Талейран: «Мен пайдадан құқықты жоғары қоямын!» - деді. Осы сөз, жалпы алғанда, өзін - өзі ұстай білетін Александрды шыдам шегінен шығарды. Құқықтың киелілігі туралы әңгімені кезінде Эрфуртта Александрдың өзіне Наполеонды сатып, ол үшін ресейлік қазынадан ақшалай төлем алған соң Талейран айтып тұр еді. «одан да соғыс!» - деп мәлімдеді Александр.

Одан кейін лорд Кэстльримен келіссөз жүргізілді. I Александр оған «Польшаны бөлу кезінде жіберілген моральдық күнәмді жөндеуге шешім қабылдадым», - деп мәлімдеді. Ресей императоры дәл осы Вена когресінде бұрынғы Польшаның барлық боліктерін тез арада біріктіруді міндет етіп қоймайды. Ол әзірше Польша территориясының өзінің әскері 1814 ж. басып алған бөлігі туралы ғана айта алады. Ол Польшаның осы бөлігінен Польша корольдігін қалпына келтіріп қана қоймай, осы конституциялық корольдікке Ресей 1807 ж. алған Белосток округын, сонымен бірге 1809 ж. алған Тарнополь округын қосады.

Кэстльри патшаның Польшаға бергісі келіп отырған конституциясын өте «либералды», сондықтан да Австрия мен Пруссия үшін қауіпті деп тапты. Ол австриялық және пруссиялық поляктар конституцияны пайдаланып отырған қандастарына қарап толқуы мүмкін деген қаупін білдірді. Патша польшаның тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін әрәкет жасап отырғанын дәлелдегеніне байланысты, буржуазиялық Англияның министрі соншалықты либералды болмауын ұсынды. Австрия үкіметі Польшада либералдық тәртіптің орнауынан, Ресейдің польша жерінің көп бқлігін қосып алу арқылы күшейіп кетуінен ағылшын үкіметінен де ары қауіптенді. Австрия канцлері осы кезде Кэстльриге тығырықтан шығудың мынадай жолын ұсынды: Пруссияның өкілетті өкілі Гарденбергке Австрия мен Англияның бүкіл Саксонияны Пруссия корольіне беруге келісетіндігі туралы айту керек. Ал Пруссия болса, өз кезегінде, Александрдан бас тартып, Австрия мен Англияға қосылады, сөйтіп патшаның Польшаны (Варшава герцогтығын) иеленуін болдырмайды. Осылайша, Саксония корольдің Александрдан бас тартқаны үшін төлем ретінде болуы тиіс еді.

Король III Фридрих-Вильгельм бұл жоспардан бас тартуды шешті. Меттерних пен Кэстльридің Талейранды ойға алынған мәмілеге қоспауы тектен-тек емес екендігі белгілі болды. Пруссия корольі өз жағдайының соншалықты қауіпті екендігін кенет түсінді: Талейран барлық нәрсені I Александрға айтып қойса не болады, ең бастысы, оның өзі Франция мен Ресейдің Пруссияға қарсы бірлескен дипломатиялық, мүмкін тек қана дипломатиялық емес әрекеттер жасауын ұсынса қайтеді? Француз-орыс одағының сұмдығы, тильзиттік және тильзиттен кейінгі уақыттың өкініші әлі де ойдан кетпеген еді. Ойластыры келе, король III Фридрих-Вильгельм Александрға өзінің адамгершілігін дәлелдеу үшін барлығын мәлімдеу керек деп шешті. Патша Меттернихті шақырып алып, ашық сөйлесті. Бұл туралы Талейран XVIII Людовикке табалаушылықпен жеткізіп, Александр Меттернихпен кінәлі күтушіден де жаман сөйлескенін айтты.

Конгресс жұмысы ішкі күрестің кесірінен алға жылжымай қойды. Сол кезде Талейран бұрынғы көздеген мақсатын сақтай отырып, тактикасын өзгертті: жеңіскерлер қатарында алауыздықты тереңдету. Франция болса, Ресейдің күшеюіне кедергі келтіруге емес, Францияның тікелей көршісі әрә жауы Пруссияның күшеюіне кедергі жасауға мүдделі болатын. Сондықтан Талейран Александрға Францияның Александрдың өз империясы шегінде Польша корольдігінқұруына Англия мен Австрияның қарсы тұруын қолдамайтындығы, бірақ Саксонияның Пруссия корольіне берілуіне келіспейтіндігі туралы мәлімдеді. III Фридрих-Вильгельмнің де, оның дипломатиялықөкілдері Гарденберг пен Гумбольдтың да конгресте атқарған рөлі маңызсыз болатын. Оған Саксонияны беруге сөз берілді. Александр саксондық корольдігі сатқын деп атады, оны Ресейге жіберемін деп, ло Саксонияны Польшаның бір бөлігіне айырбас ретінде ғана ала алды деп сендірді. Сөйтіп король біраз уақытқа тыныштанды. Талейранның іс-әрекетін бұрынғы одақтастардың арасындағы шиеленісті қарама-қайшылық және Ресей мен Пруссияның жоспарларына ағылшын және австрия дипломатиясының белсенді қарсылықкөрсетуі жеңілдетті. Қандай жолмен болса да, Ресейдің күшеюіне кедергі келтіріп, оның Наполеонды талқандау арқылы қол жеткізген ықпалын шектеуге ұмтылған Кэстльри мен Меттерних Франциямен жасырын одақ құруға дейін барды. Талейран, әрине, Францияның же, іскерлерін ажырату мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты. 1815 ж. 3 қаңтарында жасырын келісімге үш державаөкілдері қол қойды. Ол Ресей мен Пруссияға қарсы бағытталып, Австрия, Франция және Англияны «егер жоғары келісім жасаған жақтардыңбіріне бірі немесе бірнеше державалар тарапынан қауіп төнсе, әрқайсысы 150 мың солдаты бар армия жіберу арқылы бір-біріне көмекке келуге» міндеттеі. Үш қатысушының үшеуі де қарсыластармен сепаратты бейбіт келісім жасаспауды міндетіне алды. Әрине, келісім Александрдан, кез келген басқа адамнан да қатаң құпияда сақталатын болды. Оның бір данасы Велода Меттернихте қалды; екіншісі Талейранға беріліп, тез арада Парижге король XVIII Людовикке жіберілді; үшіншісі Кэстльридің қолына тапсырылып, ол ағылшындық принц-регент Георгқа жеткізді [1, 77-79 бб. ] .

Бұл жасырын келісімнің саксондық жобаға қарсы қуатты күшейткені соншалық, Александрдың ажырауға барудан, мүмкін соғысқа кіруден немесе келісуден басқа амалы қалмады. Польшада қалағанының бәрін алғаннан кейін ол ұлы үш державамен Пруссия үшін ұрысқысы, одан жаманы - соғысқысы келмеді. Ол мынаған жол берді: Пруссия Саксонияның тек бір бөлігі берілді. Саксония корольі өз иелігіне тұрақты орнығып алды. Ол шынына келсек, едәуір кішірейген болатын.

Вена конгресі Германияның саяси бытыраңқылығын бекітті. Александр Меттерних секілді, Англия бұл мәселеге бейтарап қарады, ал Пруссия болса, күреске араласқысы келгенмен, әлсіз еді. Вена конгресі қайраткерлерінің барлық ой шабыты барлық жақтың да көтереһіліп келе жатқан буржуазия мүдделеріне қандай да бір жеңілдік жасағысы келмейтіндіктерін дәлелдеді; неміс халықының Германияның бірігуіне артқан үміттің күл-талқан болуы реакцияның салтанат құруындағы тағы бір сипатты сызық болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Монро доктринасы
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Вена конгресі
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
АҚШ - тың сыртқы саясатындағы Монро доктринасы
Солтүстік соғыс
Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм
Австрия империясындағы К. Меттерних жүйесі
Конфедеративтік мемлекеттер бірлестігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz