Банк ресурстарын басқару жүйесінде коммерциялық банктердің депозиттік саясатын құру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ...
1.1 Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын құрудағы депозиттердің
ролі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.2 Банктердің депозиттік операцияларының мәні мен мазмұны
... ... ... ... ...
1.3 Банк ресурстарын басқару жүйесінде коммерциялық банктердің
депозиттік саясатын құру
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
1.4 Банктердің несие операцияларын ұйымдастырудың теориялық аспектілері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

2 АТФ БАНК АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
2.1 АТФ Банк акционерлік қоғамының ағымдағы жай-күйі мен қаржылық
жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
2.2 Банктің несиелік ресурстарын құруда маңызды болып табылатын
депозиттік қызмет нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Банктің несиелік қызметі негізінде несиелік қоржынын
талдау ... ... ... ...

3 НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ҚҰРУДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
3.1 Банктің депозиттік саясатын қалыптастырудың оңтайландырылған
тәсілдемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
3.2 Несиелік ресурстарды құру және пайдалану тиімділігін арттырудағы
ықтималды банктік тәуекелдерді стресс-тестілеу әдісімен
бағалау ... ... ... ... .
3.3 Несиелік ресурстарды арттыру және тиімді пайдалану тұрғысындағы
бөлшек нарықтағы өнімдерді өткізуді басқару
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Зерттелетін тақырыптың маңыздылығы. Коммерциялық банктердің негізгі
операциялары ретінде олардың депозиттік және несиелік операцияларын
қарастыруға болады. Ал осы несиелік операцияларды жүзеге асыруда ең алдымен
несиелік ресурстарды қалыптастыру маңызды болып табылады. Банктің
депозиттік және өзге де пассивті операциялары несиелік ресурстарды
қалыптастырудың басты көздері болып саналады.
Бүкіл банктік саясаттың ең маңызды құрамы болып банктік ресурстық
базасын қалыптастыру саясаты болып табылады. Банктің пассивтік
операциаларын жүргізуінің барысында құралған ресурстық базасы оның активтік
операциаларына тарихи бастапқы және анықтаушылық ролін атқарды. Банк
ресурстарының негізгі бөлігі, банктің депозиттік операцияларын жүргізуінің
барысында құралады. Тиімді және дұрыс ұйымдастыруына байланысты несие
ұйымының тұрақты жұмыс істеуі тәуелді болады.
Біздің мемлекетте депозиттік саясаттың қалыптасуына тиісті назар
аударылмағанын айта кеткен жөн. Бұл, банктік қызметтерге сұраным ұсыныстан
біршама артық болуы байланысты болды. Инфляцияның жоғарлығы, арзан
ресурстардың бар болуы, доллардың үздіксіз өсуі – осы жағдайларлың барлығы
банк операцияларының қауіп тегін өзгерте отырып пайданың жоғары нормасын
қамтамассыз етті. Ал, ұзақ банкаралық несиелеу операцияларын қайта
қаржыландыру қызметінің жақсы орындалып отырылуы, банктерге өз тартылған
қаражаттарының құрылымын уайымдамауына мүмкіндік берді. Пайда мөлшерінің
төмендеуімен дәстүрлі табыс көзінің, яғни банкаралық несие мен мерзімдік
валюталық нарықтағы операцияларының жоғалуы, коммерциялық банктердің
өздерінің тартылған қаражаттарының құрылымын оңтайландыру мен солардың
пайыздық шығыстарының төмендетуі тұжырымындағы депозиттік саясатын құру
сұрағы бірінші орында болды.
Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын құруда бірден-бір маңызды
орын алатын депозиттік қызметтерді және оларды өткізу саясатын, сондай-ақ
аталмыш несиелік ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын іздестіру
қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Коммерциялық банктердің ресурстық базасын
қалыптастыру, соның ішінде несиелік ресурстарын құру, банктердің депозиттік
қызметін одан әрі жетілдіру, несиелік ресурстарды қалыптастыру және оларды
пайдалану қызметін тиімді басқару жүйесі әлі де нақты зерттелмеген. Сонымен
қатар осы сұрақтардың зерттелуінің маңыздылығын көптеген экономист-
ғылымдары ерекше көңіл аударып айтады. Зерттелімнің басты бөлімі тек
депозиттік операция жүргізуімен депозиттік саясатты әзірлеу саласындағы
банктік қызметтің бөлек бағыттарына ғана арналған. Сондай-ақ, осы
сұрақтарға Казак А.Ю, Кочмола К.В., Панова Г.С., жұмыстары арналған. Осы
ғалымдардың жұмыстарының зерттелуі, банк ресурстарын шоғырландыру
үдерісіндегі коммерциялық банктің депозиттік саясатының оңтайлылығы жайында
құрылған тұжырымдамалар жайындағы түсініктерді жүйеге келтіруге болжам
жасады. Коммерциялық банктің депозиттік саясатын құру мен оны жүзеге
асыруын зерттеу үдерісінде пассивтік операцияларының жүргізілуінің жалпы
теориялық аспектілері қозғалғандықтан, бұл зерттеуге Бабичева Ю.А.,
Батракова Л.Г., Белоглазова Г.Н., Василишен Э.Н., Жуков Е.Ф., Иванов В.В.,
Каценеленбаум З.С., Колесников В.И., Коробова Г.Г., Косой М.А., Красавина
Л.Н., Кроливецкая Л.П., Лаврушин О.И., Мамонова И.Д., Медведев П.,
Миловидов А.Д., және де басқаларының ғылыми жұмыстары маңызды роль атқарды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты
коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын құру, несиелік ресурстарды
құрудағы маңызды болып табылатын депозиттік қызметін және осы несиелік
ресурстарды пайдалануды ұйымдастыруды теориялық зерттеу, нақты банк
мысалында оның қаржылық нәтижелері мен депозиттік және несиелік қызметіне
талдау жасау негізінде несиелік ресурстарды құру және оларды тиімді
пайдалануды жетиілдіру жолдарын ұсыну.
Анықталған мақсат негізінде жұмыста келесі міндеттер қойылған:
- коммерциялық банктердің ресурстық базасын құрудағы   
депозиттердің ролін теориялық зерттеу;
- коммерциялық банктердің депозиттік операциялары мен депозиттік
саясатын зерделеу;
- банктердің несиелік қызметінің теориялық аспектілерін зерттеу;
- нақты банк мысалында оның қызмет негіздеріне, депозиттік және
несиелік қызметтеріне қаржылық талдау жасау;
- жүргізілген теориялық зерттеулер мен талдаулар нәтижесінде
банктердің несиелік ресурстарын құру және пайдалану төңірегінде ұтымды
ұсыныстар жасау.
Зерттеудің обьектісі: АТФ Банк акционерлік қоғамының несиелік
ресурстарды құру және пайдалану қызметі.
Зерттеудің пәні коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын құру
және пайдалану үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар болып
табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік
экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік
ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары,
қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық
құжаттар қолданылды.
Жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен
басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары,
Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР
Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және
қадағалау Агенттігінің, АТФ Банк акционерлік қоғамының есептіліктері, әр
түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ
республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу
материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаттары және
міндеттерімен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын құрудағы
депозиттердің ролі

Өзінің іскерлігін жүзеге асыру үшін коммерциялық банктердің иелігінде
нақты ресурстары болуы керек. Қазақстанда нарықтық қатынастар орнағанға
дейін банктің ресурстық базасына аса мән беріле қоймаған. Оның көлемі және
әсіресе құрылымы банк үшін аса маңызды болмаған. Нәтижесінде өзінің шотына
босалқы ақшалай қаражаттарды тартуға қызығушылығы болмаған. Бұл әкімшілік –
әміршілдік экономикада банктік ресурстарға мемлекеттік монополияның
болуымен түсіндірілген, ал банктер арасында клиенттерді қатаң бөлумен,
барлық кәсіпорындардың және мекемелердің өз ақшалай қаражаттарын нақты
банктерде сақтаумен және өзінің есептерін солар арқылы жүргізумен, банктің
активтік операцияларының көлемін анықтайтын несиелік салық лимиттерінің
болуымен түсінідірілетін.
Шаруашылықтың нарықтық шарттарға өтуі, экономикалық дербес коммерциялық
банктердің және кәсіпорындардың пайда болуы банк ресурстарының нарығын
құруға себеп болады. Бақталастықтың болуы банктер арасында тартылған
ресурстар үшін күресті күшейтеді.
Өзінің сандық және сапалық құрамы бойынша нақты коммерциялық
банктердің ресурстарының құрылымы сияқты, сонымен бірге толығымен аудан
бойынша ерекшеленуі мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты, мысалы,
банктің функциялау мерзімі, оның жарғылық капиталының көлемі, банк
іскерлігінің ерекшелігі, банктің лицензиясымен қарастырылған операция
құрамы, клиентураның саны мен сапасы, несиелеудегі банк саясаты, қаржылай
нарыққа қатысу және де, банктік ресурстар нарығының жағдайы.
Коммерциялық банкке ресурстық базаны құру мақсатында әртүрлі көздерден
ақшалай қаражаттарды тарту әрдайым, тәжірибе жүзінде күнде жүреді. Мұнда
банктік ресурстардың абсолюттік көлемі күннің нәтижесі бойынша өзгермеуі
мүмкін, немесе, керісінше азаюы мүмкін, себебі бір уақытта төлем уақытының
болуына байланысты банк міндеттемелерін жабу немесе иелеріне ақшалай
қаражаттарға қажеттілік туындауы, олардың төлем құжаттарына төлеуге
шаруашылық субъектілер шотынан ақшалай қаражаттарды есептен шығару, және
банк пассивтерінің азаюына әкелетін ағымдағы операциялар. Бірақ, ресурс
көлемі – тұрақты көлем еместігіне қарамастан, толығымен есептік айға
күнделікті ауытқылар деңгейлестіріледі және соңғы нәтижесінде бір
салыстырмалы тұрақты деңгейге алып келеді (тенденция).
Банк ресурстарының қысымға түсетін бөлігі жеке шот емес, заемдық
қаражаттар есебінен құрылады. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіндігі
шексіз және Ұлттық банк жағынан реттемеленген [1,78б.].
Банктермен тартылатын қаражаттар құрамы бойынша әртүрлі. Олардың
түрлерінің негізгісі болып, банктің клиентурамен жұмыс процесінде тартылған
қаражаттары, жеке борышқорлық міндеттемелерін (депозиттік және жинақтаушы
сертификаттар, вексельдер, облигациялар) шығару жолы бойынша
шоғырландырылған қаражаттар және басқа несиелік мекемелерден ҚР Ұлттық
банкінің қаражаттары бойынша банк аралық несие мен ссудаға алынған
қаражаттар.
Банк ресурстарының жалпы сомасында тартылған ресурстар жеке орын алады.
Олардың үлесі әртүрлі банктерде 75%-дан және жоғары ауытқиды. Барлық
тартылатын қаражаттар банк үшін тартылған қаражаттар құрылымына байланысты
төлемдік болады [2,175б.].
Коммерциялық банктердің тартылған ресурстарының негізгі бөлігі болып
депозиттер табылады, демек банк клиенттерінің – жеке және заңды
тұлғалармен, демек кәсіпорындармен, серіктестіктермен, акционерлік қоғаммен
нақты шотқа салынған және шот тәртібіне және банк заңдылықтарына сәйкес
қолданылатын ақшалай қаражаттар.
1. Коммерциялық банктің пассивтік операциялары қаражат көздерін және
банк байланысының табиғатын сипаттайды. Нақты осылар маңызды деңгейде банк
ресурстарын қолдану бағыттарын және формаларын, шарттарын анықтайды, демек
активтік операциялардың құрылымы мен құрамын.
Коммерциялық банк пассивтері активті операцияларды жүзеге асыру үшін
негіз болып табылады және олардың даму масштабын анықтайды. Бір уақытта
активтердің құрылымы мен сапасы пассив құрылымы мен депозиттік құралдардың
әртүрлілігімен шарттасылады. Бұл өзара тәуелділіктің түсінігі коммерциялық
банк активтері мен пассивтерін басқару негізінде жатыр.
Пассивтер мен активтерді басқару функциялары бір – бірімен өзара тығыз
байланысты және банктің өтімділік деңгейіне пайдалылық әсер етеді.
Жұмылдырылған қаражаттардың көлемін, мерзімін, бағасын анықтау активтік
операцияларды басқару аумағында қарым – қатынастың барлық спектрін
қозғайды.
Коммерциялық банктердің ресурстық базасының қазіргі құрылымы жеке
қаражаттардың маңызды емес үлесімен сипатталады. Алғашқы этапта банктер
айрықша болып табылады. Пассивтік операциялардың даму мөлшері бойынша жеке
қаражат үлесі төмендейді. Жеке қаражаттардың негізгі тағайындауы болып
банк тұрақтылығын қамтамасыз ету, тәуекелділікті салымдарды сақтандыру және
коммерциялық банктердің активтік және пассивтік операцияларының даму
шекарасын анықтау табылады.
Банктің ресурстық базасының негізін, тұрақтылығы оның өтімділік
факторының бірі болып тартылғын қаражаттар табылады. Тартылған ресурстар
мерзімінің тіркелуі бойынша екі топқа бөлінеді: басқарушылық ресурстар
және ағымдағы пассивтер.
Пассивтің әрбір тобына көлемі мен орналасу мерзімі бойынша өзіне актив
түрлері сәйкес болуы қажет. Осылайша, басқарушылық пасивтер мақсаттық,
бағдарламалық несиелендіру үшін базаны құрады, ал ағымдағы пассивтер қысқа
ақша нарығында операциялар үшін негіз болып табылады. Бұл қарым –
қатынасты ресурс көздері мен оларды орналастыруда қолдау банктің қаржылық
тұрақтылығының кепілі болып табылады.
Пассив құрылымының оңтайландырылуы, ресурстық базаның арзандауы, ескі
қызметтің түрлендіруінің мүмкін болатын топтамасын іздеу және бар
түрлерінің сапалы жетілдірілуіне байланысты, бұл тек бар клиенттердің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана емес, сонымен бірге жаңаларын
тарту үшін, мысалы, тек қалталы клиенттерге қызмет көрсету бөлімін құру.
Бұл арзан ресурстардың түсуіне жәрдем береді – есептік шотқа қаражат.
Банкирлер ресурстық базаны құруда, тартылатын ресурстардың нақты
бағасына банктік жүйенің несиелік ресурсын реттеу қорына аударым нормативі
әсер ететіндігін түсінуі қажет [3,86б.].
Ресурстық базаның, оның құрылымының және сапасының, активтермен
баланстандырылған тұрақтылығынан банктің толық жұмыс істеуіне байланысты.
Нақты тартыста тез ауыспалы конъюнктура шартында, нарық қажеттілігіне
оперативті қайта бағдарлануын банктер қалады, банктің қызмет көрсету
сферасында тәжірибе жасалады, демек маркетингті дамытады.

2. Банктердің депозиттік операцияларының мәні мен мазмұны

Коммерциялық банктің пассивтік операциялары банктің қаражат көзін және
байланыс табиғатын сипаттайды. Осылар маңызды деңгейде банктік ресурстарды
қолдану бағытын және формасын, шарттарын анықтайды, демек активті
операциялардың құрылымы мен құрамын.
Коммерциялық банктің депозиттік (салымдық) операциялары – қолданысқа
дейінгі нақты мерзімге салымға заңды және жеке тұлғалардың қаражатын тарту
бойынша операция, сонымен қатар клиенттердің есептік шотындағы қаражат
қалдықтарын несиелік ресурс ретінде және инвестициялық іскерлікте қолдану
үшін қолданылады. Салым (депозит) – бұл нақты шарттармен сақтау үшін
олардың иелерінің банкке берген ақшалай (қолма-қол ақшалай және қолма-қол
ақшасыз) қаражаттары. Депозиттік операциялар – бұған салымға қаражаттарды
тартумен байланысты, банктің барлық қызметі жатады. Пассивтік
операциялардың бұл тобының ерекшелігі болып банктің мұндай операцияларының
көлеміне әлсіз бақылау жүргізетіндігі табылады, салымға қаражаттың
орналасуына бастама салымшыларден болады. Мұнда тәжірибе көрсеткендей,
салымгерді тек қана банк төлейтін пайыздар ғана емес, сонымен бірге банкке
сеніп берілген қаражаттардың сақталуының сенімділігі [4, 128б.].
Депозиттік шоттар әртүрлі болуы мүмкін және оның топтастырылуының
негізінде салым көздері, олардың мақсаттық тағайындауы, кірістілік деңгейі
және т.б. жатыр, бірақ та жиі критерий болып салымшы категориясы және
салымдарды алу формасы табылады.
Экономист-ғалымдар депозиттерді түрлі сипаттары бойынша жіктейді.
Төмендегі кестеде салым түрлерінің жіктелуі берілген (1-кесте).

Кесте 1
Әртүрлі белгілері бойынша салымдардың жіктелуі

Жіктелу белгілері Салым түрлері
- субъектілер бойынша - жеке тұлғалардың депозиттері
- заңды тұлғалардың депозиттері
- мерзімі бойынша өтімділігі - талап етілгенге дейін
- мерзімді, соның ішінде:
- а) тіркелген мерзіммен;
- б) өтеу үшін белгіленген мерзім;
- в) депозиттік келісімнің тоқтатылуы

- туралы хабар
- мерзімі бойынша - қысқа мерзімді
- ұзақ мерзімді
- шотты алу түрі бойынша - шоттағы салымдар: талап етілгенге
дейін, мерзімді, жинақ ақша.
- депозитке ақша қаражатты таратуда
қызмет көрсететін қаржылық құралдар жинақ кітапшалы салымдар
типі бойынша депозиттік пластикалық карталы
салымдар
- белгілі пайыздық ставканың түрлері- тұрақты, сатылы және өзгермелі
бойынша пайыздық ставкалы салымдар
- салымға тартылған қаражаттардың - стандартты, ерекше немесе
шарты бойынша жеңілдетілген шарттармен
- пайыздық ставканы немесе сомманы - лимиттелінген
шектеу мүмкіндігі бойынша - лимиттелінбеген
- сақтандыру деңгейі бойынша - сақтандырылған
- сақтандырылмаған
- қолдану режимі бойынша - талап еткенге дейін: мерзімді және
трансакциялық салымдар
- қымбаттау дәрежесі бойынша - тегін есеп айырсу, ағымдағы
шоттар;
- ақылы депозиттік шоттар;
- қымбат банкаралық несие;
Е С К Е Р Т У - [5,127б.] әдебиеттен алынған

Депозиттік операцияларды ұйымдастыру келесі принциптер қатарын
сақтағанда жүзеге асады:
- ағымдағы пайданы алу және оны келешекте алу үшін де жағдай жасау;
- банктің оперативтік өтімділігін қолдау үшін депозиттік
операцияларды басқаруда икемді саясат;
- депозиттік саясат және активтердің кірістілігі арасында
келісушілік;
- клиенттерді тарту мақсатында банктік қызметті дамыту.
Сонымен қатар депозиттік операцияларды былайша топтастыруға болады:
1) салымшылар категориясынан:
- заңды тұлғалар депозиті (кәсіпорындар, мекемелер, басқа банктер);
- жеке тұлғалар депозиті.
2) экономикалық маңызы бойынша:
- салымшылар категориясы есебімен;
- алу формасы бойынша;
- сақталынып жатқан қаражаттарды қолдану тәртібі бойынша.
3) қаражаттарды алу формасы бойынша:
- мерзімдік депозиттер;
- талап етілгенге дейінгі депозиттер;
- халықтың жинақтаушы салымдары [6, 87б.].
Алу формасы бойынша депозиттердің топтамасын сызба түрінде 1-суретте
көрсетуге болады.

Сурет 1. Алу бойынша коммерциялық банктердің депозиттерінің топтамасы[1]

Батыстағы банктердің тәжірибесінде алу мүмкіндігі бойынша депозиттер
келесі категорияларға бөлінеді.
-қапыл ақшалар, үлкен ықтималдық бойынша алынуы мүмкін (мысалы,
пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал депозиттер);
- сенімді емес, оның көлемінен 25-30% ғана көлемінде алынуы мүмкін;
- тұрақты қаражаттар (негізгі депозиттер), оларды алу мүмкіндігі ең
аз.
Алу формасы бойынша депозиттер топтамасын егжей-тегжейлі қарастырайық.
Талап етілгенге дейінгі дейінгі депозиттерден бастайық, олар банктің
тартылған қаражаттар құрылымында ең көп үлес салмағына ие. Демек, талап
етілгенге дейінгі депозиттерді клиент банкті алдын-ала ескертпей-ақ әр
кезде қолдануы мүмкін қаражаттар. Оларға қаражатты мақсаттық пайдалану
немесе есептеме жүргізуге байланысты ағымдағы, бюджеттік, есептік және
басқа шоттардағы қаражаттар жатады.
Талап етілгенге дейінгі депозиттер өзінің негізінде тұрақты емес,
коммерциялық банктің қолдану саласын шектейді. Осы себеп бойынша шоттардың
иелеріне төменгі пайыз төленеді немесе төленбейді. Салымдарды тарту бойынша
бақталастықтың өсу шартында коммерциялық банктер клиенттерді тарту және
шоттардың иелеріне қосымша қызметтерді ұсыну жолымен талап етілгенге
дейінгі салымдарды өсіруді ынталандырады. Банктер талап етілгенге дейінгі
депозиттер бойынша ҚР Ұлттық банкінде ең аз көлемде резерв сақтауға
міндетті.
Талап етілгенге дейінгі салым бойынша пайыздар салымшыға жылына бір
рет жаңа тізбектік жылдың басында есептелінеді.
Талап етілгенге дейінгі депозиттер өте өтімді. Оардың иелері әр кезде
талап етілгенге дейінгі шоттардағы ақшаны пайдалануына болады. Бұл шотқа
ақша бөлшектеніп немесе толығымен салып және алуға шектеу болмайды,
сонымен бірге ҚР Ұлттық банкі құрған тәртіпппен осы шоттан қолма-қол ақша
алуға келісім беріледі. Басқаша айтқанда, олардың иелері үшін талап
етілгенге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы болып олардың жоғарғы
өтімділігі табылады. Талап етілгенге дейінгі депозиттердлің иелері үшін
негізгі кемшіліктері болып шот бойынша төменгі пайыздар төленуі, ал банкке
өтімділікті қолдау үшін ең жоғарғы оперативтік резервтің болу қажеттілігі
табылады. Осылайша, талап етілгенге дейінгі депозиттік шот ерекшелігін
былайша сипаттауға болады:
- ақшаны алу және салу әр кезде шетеусіз жүзеге асуы қажет;
- шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін нақты айлық мөлшерлеме
түрінде комиссия төлейді,
- банк талап етілгенге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтауға
жоғары емес пайыздық мөлшерлеме төлейді немесе төлемейді;
- банк талап етілгенге дейінгі депозиттер бойынша ҚР Ұлттық банкке
міндетті резерв қорына өте жоғары мөлшерін аударады.
Қаражаттардың жоғары икемділігіне байланысты талап етілгенге дейінгі
шоттардағы қалдық тұрақты емес, кейде өзгермелі. Бірақ, талап етілгенге
дейінгі шоттардағы қаражаттардың жоғары өзгермелілігіне қарамай, оның ең
аз, төмендемейтін қалдығын анықтау мүмкіндігі бар және оны тұрақты
несиелік ресурс ретінде қолдануға болады.
Талап етілгенге дейінгі салымдар көмегімен банктің табыс табу
тапсырмасы шешіледі, олар ең арзан ресурс болғандықтан, ал клиенттерпдің
есептік және ағымдағы шоттарына қызмет көрсету ең төменгі. Коммерциялық
банктің көбісінде талап етілгенге дейінгі депозиттер тартылған қаражаттар
құрылымында ең жоғарғы үлес салмаққа ие. Бірақ оңтайлысы банк
ресурстарындағы бұл қаражаттардың үлесі 30-36%-ға дейін. Банктің қаржылық
ресурсында талап етілгенге дейінгі депозиттер үлесінің өсуі оның пайыздық
шығындарын азайтады және банктік активтерде бұл қаражаттарды қолдану өте
үлкен пайда алуға мүмкіндік береді. Бірақ сонымен бірге есептік шоттар –
бұл пассивтің элементі. Сондықтан заемдық капиталда олардың жоғарғы үлесі
банктің өтімділігін әлсіретеді. Осыған байланысты басқарудың маңызды
тапсырмасы болып банктің депозиттік базасының оңтайлы құрылымын анықтау
табылады.
Маңызы бойынша банк үшін екінші орында – мерзімдік депозиттер, олар
тұрақты және банкке салымшылардың қаражаттарын ұзақ уақытқа қолдана
алады. Мерзімдік салымдар – бұл қатаң келісілген мерзімге пайыз төлеумен
депозиттік шотқа есептелетін ақшалай қаражаттар. Олар бойынша мөлшерлемелер
салымның көлемі мен мерзіміне байланысты. Мерзімдік салым иесі тек қана
келісілген мерзімнің өтуі бойынша қолдана алады, банктен өзінің ақшалай
қаражаттарын мерзімнен бұрын алу мүмкіндігі бар. Бірақ бұл жағдайда салым
бойынша пайыз көлемі төмендейді.
Мерзімдік депозиттер оның мерзіміне байланысты топтастырылады:
- 3 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 6 айдан 9 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 9 айдан 12 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 12 айдан жоғары мерзімдегі депозиттер.
Клиент үшін мерзімдік депозиттік шоттардың артықшылығы болып жоғары
пайыз алу табылады, ал банк үшін – ең аз опертивтік резерв пен өтімділікті
қолдау мүмкіндігі. Клиенттер үшін мерзімдік депозиттік шоттардың кемшілігі
болып ең төменгі өтімділік табылады. Банк үшін кемшілік болып салымдар
бойынша жоғарылатылған пайыздар төлеу қажеттілігі және маржаның
төмендеуі табылады.
Мерзімдік салымдардың 2 формасы бар:
- тіркелген мерзіммен мерзімдік салымдар;
- алу туралы алдын – ала хабарламамен мерзімдік салымдар.
Мерзімдік салымдар қаражатты банктің иелігіне толығымен келісім
бойынша мерзімге және шарт қою арқылы берумен түсіндіріледі, ал мерзімдік
салымдардың мерзімі өткен соң салымшы әр кезде алуына болады. Мерзімдік
салым бойынша клиентке төленетін сыйақы көлемі мерзімге, депозит сомасы
мен салымшының келісім – шартты орындауына байланысты Ұзақ мерзімге
немесе салым сомасының көптігіне байланысты сыйақы көлемі жоғары болып
табьлады. Мұндай егжей-тегжейлі дәйектелім салымшыны жеке қаражаттарын
рациональды ұйымдастыруға және олардың салымдарға орналасуына, сонымен
бірге банктерге өзінің өтімділігін басқару үшін шарттар құрады.
Қаражаттарды алу бойынша алдын – ала ескертпелі салымдар, клиент
салымды алу жөнінде алдын-ала банкті келісім – шарт мерзімі анықталғаннан
бұрын хабардар етуі қажет (ережесі бойынша, 1-ден 3, 3-тен 6, 6-дан 12
және 12-ден жоғары). Хабарлама мерзіміне байланысты салым бойынша пайыздық
мөлшерлеме анықталады.
Егер салымшы салым сомасын өзгертуді қаласа – азайтып немесе көбейткісі
келсе, онда ол келісім – шартты бұзып, қаражатын алып және өзінің салымын
жаңа шарттарда қайта рәсімдей алады. Салым бойынша салымшылар қаражатын
алдын-ала алғаны үшін келісім-шартпен қарастырылған пайыздан жекелей
немесе толығымен айрылуы мүмкін. Ереже бойынша, мұндай жағдайда пайызда
талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша төленетін пайыз көлеміне дейін
төмендейді.
Мерзімдік салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемені орнатуда анықтаушы
фактор болып қаражат орналасқан мерзім табылады: мерзім ұзақ болған сайын,
пайыз деңгейі жоғары болады. Төлемдер жиі болған сайын, пайыздық мөлшерлеме
деңгейі жоғары болады. Пайызды төлеуді есептеудің әртүрлі әдістері
қолданылады.
Мерзімдік депозиттерді тарту бойынша банк балансының өтімділігін
қамтамасыз ету тапсырмасы шешіледі.
Әлемдік банктік тәжірибеде мерзімдік депозиттермен талап етілгенге
дейінгі депозиттер арасындағы жағдайды жинақтаушы депозиттер алады. Олар
банк ресурстарында маңызды рольге ие, негізінен мақсаттық бағыттағы
салымдар.
Халықтың жинақтаушы салымдары мерзімге және салымдық операция
шарттарына байланысты топтастырылады:
- мерзімдік;
- қосымша салымдармен мерзімдік;
- шарттық;
- талап етілгенге дейінгі;
- ағымдағы шотқа және басқа.
Олар сома толығымен немесе бөлшектеніп салынады және алынады және
жинақтаушы кітапша арқылы берумен куәландырылады. Банктер мақсаттық
салымдарды қабылдайды, демалыс уақытына, туған күніне және т.б. төлеуге
бағдарланған. Жинақтаушы салымдарға қорлану немесе жинақталған ақшаны
сақтау мақсатымен құрылатын салымдар жатады. Олардың туындауын айрықша
уәждеме сипаттайды - ұқыптылықты көтермелеу, мақсаттық негзде
қаражаттарды жинау және кірістіліктің жоғарғы деңгейі, бірақ мерзімдік
салымдардан төмен [7, 103б.].
Жинақтаушы салымдардың банк үшін артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Банк үшін жинақтаушы салымның мәні болып олардың көмегімен халықтың
қолданбаған кірісін жұмылдырады және өндірістік капиталға айналады. Банк
үшін кемшіліктер болып салым бойынша жоғарылатылған пайыз төлеу табылады
және осы салымдардың экономикалық, саяси, психологиялық факторға
тұралағыштығы, осы шоттардан қаражаттардың тез жылыстау қауіпсіздігін
жоғарылатады және банктік өтімділігінін жоғалтады.
Осы сұрақты қарастыруда, жергілікті коммерциялық банктің депозиттік
саясаты шетелдік тәжірибенің құралдарын қолдана бастағандығы жөніндегі
фактіні көрсету қажет – бұл ұсынушыға депозиттік сертификат, ол нарықта
басқа да бағалы қағаздар сияқты айналыста бола алады. Сертифкат – ақша
қаражаттарын салғаны жөнінде банк – эмитенттің хаттық куәлігі, салымшының
құқығын куәландырады немесе оның құқықтық мирасқорына салым сомасын
орнатылған мерзімнің өтуі бойынша алуы және оларға пайыздар.
Депозиттік сертификаттың 2 артықшылығы бар. Біріншіден, оның депозиттік
саясаттың басқа құралдардан айырмашылығы биржалық ойын болып табылады,
және оның иесі нарықтық конъюнктурадағы жақсы өзгерістер нәтижесінде
қосымша пайда табуына үміттенуі мүмкін. Екіншіден, кәсіпорындардың
депозиттерін Үкімет тарапынан оқшаулауды жүзеге асыру жағдайында нарықта
бос жүретін сертификаттарды алу, олардың иесіне бірнеше оңтайлау
еркіндігін береді. Бұл жағдайда сертификат төлемнің альтернативтік құралы
болып табылады.
Сертификаттарды депозиттік және жинақтаушы деп бөлуден басқа, басқа да
белгілері бойынша топтастырылады:
1) шығарылым әдісі бойынша:
- бір жолғы тәртіппен шығарылым;
- сериямен шығарылым.
2) рәсімдеу бойынша:
- атаулы;
- ұсынушыға.
Сертификат иесі сертификат бойынша талап құқығын басқа адамға беруі
мүмкін. Сертификат бойынша ұсынушыға кеңшілік беру жай табыстаумен жүзеге
асырылады, сертификаттың артқы жағында екі жақты келісім жасалады. Атаулы
сертификаттар иесі басқа адамға беру табыстама жазба (цессия) арқылы
беріледі. Ақша сомасын қолданыс мерзімі келген соң сертфикат иесі оны
банкке сертификатты төлеу әдісін көрсететін өтінішпен бірге беруі керек.
Демек, көрсетілген теориялық материалдардан нәтиже жасай отырып,
салымдар коммерциялық банктер үшін – негізгі және бір уақытта ресурстың ең
арзан түрі екендігін айтуға болады. Ресурстық базада бұл элемент үлесін
өсіру пайыздық шығындарды төмендетеді, бірақ жоғарғы үлесі банктің
өтімділігін әлсіретеді [8,68б.].
Банктің өзінің клиенттерінен тартқан қаражаттары ағымдағы, депозиттік
және жинақтаушы шоттарға есептелінеді. Мұндай шоттардағы қалдық баланста
бір ғана көрсеткішпен есептеледі. Талдауда депозиттік тартылған қаражаттар
мерзімдік бойынша топтастырылады, қаражат сомасының қандай мерзімге
тартылғанын білу үшін. Талап етілгенге дейінгі салым үлесін өсіру банктің
пайыздық шығынын төмендетеді және өте жоғары пайыздық табыс табуға
мүмкіндік береді. Бұл салымдар – қаржылық құрал, сондықтан ресурстық
базадағы оның жоғарғы үлесі банктің өтімділігін әлсіретеді. Мерзімдік
депозиттер тартылатын ресурстардың өте тұрақты бөлігі болып саналады.
Ресурстық базадағы мерзімдік депозиттердің үлесін жоғарылату, өтімділікті
тиімді басқару және банктің төлем қабілеттілігін жүзеге асырады.
Салымға қаражаттарды тартуда клиентпен депозиттік келісім жасалады.
Банктер депозиттік келісім формасын өздері жасайды, ол салымның әрбір
түрі бойынша типтік сипатқа ие. Келісім 2 данадан тұрады: біреуі
салымшыда сақталаады, екіншісі – банкте несиелік немесе депозиттік бөлімде
(банкте бұл жұмыс кімге тапсырылғанына байланысты) болады, келісімде салым
сомасы, оның мерзімі, келісім мерзімі біткен соң салымшының алатын пайызы,
салымшының міндеттері мен құқықтары, банктің міндеттері мен құқықтары,
келісім – шарттың орындалуына екі жақтың жауапкершілігі, талқылауды шешу
тәртібі көрсетіледі.
Салымдар бойынша операцияларды рәсімдеу үшін мыналар қолданылады:
беттік есеп шот, жинақтаушы кітапша, бақылау беті, есептік және чектік
кітапша, алфавиттік карточка, операциялық күнделік, түбіртек, кіріс – шығыс
ордерлері, салымшының есептен шығаратын сомасы тапсырмасы, келесі бақылау
жөнінде ескертпе, салымды ауыстыру туралы өтініш, өтінішті жазу үшін
реестр, жоғалтылған жинақ кітапшасын тіркеу кітабы.
Салым жарнасы тек жеке тұлғалардан қолма – қол алынуы мүмкін Заңды
тұлғалардан депозиттік шоттарға жарна тек қолма – қолсыз жолмен алынады.
Клиент салымды жабуда банкке салым туралы келісім және салым
кітапшасын беруі қажет. Банк клиентке салым сомасына және ол бойынша
пайызға шығыс кассалық ордерін толтыруды ұсынады.
Банктің депозиттік операцияларын басқару бойынша негізгі тапсырмалар:
- міндетті резервтерді құруды қамтамасыз ететін бөлігінен басқа
кіріс әкелмейтін тартылған және заемдық қаржаттардың банкте болуын
болдырмау;
- банк клиент алдында сәйкесті міндеттемелерді орындау үшін қажетті
несиелік ресурстарды қарастыру;
- арзан ресурстарды тарту есебінен банктің пайда табуын қамтамасыз
ету.
Қазіргі экономикалық жағдай банкке депозиттік операцияларды
әртараптандыру бойынша пассивтік операция аумағында саясатты өзгертуді
талап етеді.
Жеке және заңды тұлғалардың салымдары үшін банктер және басқа да
қаржылық құрылым арасында бақталастықтың шиеленісуі депозиттердің
әртүрлі түрінің, оларға бағаның және қызмет көрсетуінің әдістерінің пайда
болуына әкелді. Кейбір шетелдік мамандардың мәліметтері бойынша, дамыған
елдерде қазіргі уақытта банктік салымдардың 30-дан көп түрі бар. Мұнда
олардың әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бар, клиенттерге олардың
қызығушылықтарына баламалы және ақша қаражаттарын жинақтаушы мүмкіндікті
формасын және тауар мен қызметке төлем.
Клиент үшін күресті банк қалай жеңіп алады? Банк жұмысында ең маңызды
буын - жеке салымшы үшін банктің жарнамалық танымалдығы табылады, содан соң
тармақталғанг жүйе және клиентпен өзара байланыстың әртүрлі икемді
схемасының болуы, сонымен бірге банкпен антикризистік әдістерді
демонстрациялау, банкке алынған қаражаттарды сақтау және қорғау
қабілеттілігі.
Банкте халықтың кең көлемді өкілдерді тартудың кепілденген мүмкіндігі
пайда болуы үшін, негізінен барлық тізбектелген шарттарын орындау қажет.
Кәсіпорындардың қызығушылығын көрсететін кәсіпкерлер үшін, бірінші орында
ақпараттық қауіпсіздік, құпиялылық және беделдік факторы тұр.
Бәрі бір де орташа қазақстандық үшін қаражаттарды салу проблемасы банк
аралық салымдар, бірнеше бағалы қағаздар түрімен және қолдағы бар ақшаны
таңдауға келеді. Бірақ ештеңеге қарамастан салымдар халық үшін ақшалай
қаражаттарды жинау мен жинақтаудың ең танымал әдісі болып қала береді [7,
103б.].
Жоғарыда айтылғандардан көрінетіндей, банктің тартылған қаражаттар
арасындағы депозиттер ресурстардың ең маңызды көздері болып табылады.
Бірақ, депозиттер сияқты банктік ресурстардың құрылу көздеріне бірнеше
кемшіліктері де болады. Ең алдымен банктердің салымдарға қаражаттарды
тартуда маңызды материалдық және ақшалай шығындар жайлы әңгіме болуда. Банк
арасындағы несиелік ресурс нарығында бақталастық тартыс оларды
депозиттерді тартуға алып келетін, қызметтерді дамыту бойынша әдістер
қолдануға мәжбүрлейді.

1.3 Банк ресурстарын басқару жүйесінде коммерциялық банктердің
депозиттік саясатын құру

Коммерциялық банктер өз іскерлігі үшін ресурстарды тарту мақсатында
коммерицялық банктің жарғысында бекітілген тапсырмалар мен мақсаттардан, ең
жоғарғы пайда табу және банктің өтімділігін сақтау қажеттілігінен
туындайтан депозиттік саясат стратегиясын жасау маңызды. Депозиттік саясат
келесі талаптарға жауап беруі қажет:
- экономикалық орындылық;
- бақталастық;
- ішкі қарама – қайшылықсыздық.
Экономикалық орындылықтың астарында халықтан тартылған ресурстарды
қолданудың рентабелділігі түсіндіріледі. Бұл сұрақ, активті – пассивті
басқарудың жалпы контексінде қарастырылуы қажет. Жеке тұлғалардың
депозиттік ресурстарын тартудың тиімділігін есептеуде олармен ұстанымдардың
қалай байланыстылығына көңіл аудару керек, сонымен ішінде – резервтік
аударымдар, сонымен бірге олардың өтімділігінің анықталмаған деңгейі, және
анық пайда.
Салым бойынша мөлшерлеме жүйесі нарықтық конъюнктураға бағытталуы
керек. Мөлшерлемелерді ең төменгі деңгейде ұстайтын банк, сенімділік
деңгейі бойынша жақын бақталастар, өзінің клиентурасының бөлігін жоғалтуға
тәуекелділікке барады.
Депозиттік саясаттың ішкі қарама – қайшылығын бірнеше аспектіде
қарастыруыға болады. Бұл депозиттік мөлшерлеменің уақытша құрылымы, сомасы
бойынша оның дифференциациясы, сонымен бірге клиентураның әртүрлі
категориясы бойынша (жеке және заңды тұлғалар үшін).
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының мәнін қарастыра отырып,
мынадай сұрақтарды қарастыру қажет: депозиттік саясаттың субъектісі мен
объектісі, оны құрудың принциптері, сонымен бірге депозиттік саясаттың
шекаралары.
Коммерциялық банктің депозиттік саясатының субъектілерінің құрамына
банк клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер кіреді.
Депозиттік саясаттың объектісіне банктің тартылған қаражаттары банктің
қосымша қызметтері жатады (комплекстік қызмет көрсету). Банктің депозиттік
саясатының субъекті мен объектілерінің топтамалары 2-суретте көрсетілген.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын құру негізінде 3-суретте
бейнеленгендей жалпы және спецификалық принциптері жатыр.
Депозиттік саясаттың жалпы принциптерімен макроэкономикалық деңгейде
жүргізілетін ҚР Ұлттық банкінің мемлекеттік ақшалай-несиелік саясаты үшін
принциптері, және әрбір нақты коммерциялық банк деңгейіндегі саясат үшін
бірегей принциптерімен түсіндіріледі. Оларға комплексті тәсілім, ғылыми
негізділік, оптимальдық және тиімділік принциптерін, сонымен бірге
банктің депозиттік саясатының барлық элементінің бірлігін жатқызуға
болады.
Депозиттік саясаттың спецификалық принциптеріне банк ұстанымдарының
оптимальды деңгейін қамтамасыз ету принциптері, депозиттік операцияларды
жүргізудің қауіпсіздігі, банк уақытша бос ақшалай қаражаттарды кейін
орнына қою мақсатында аккумуляцияны жүзеге асыруда, өзінің іскерлігін
жүзеге асыратын нарықта нақты есеппен кіріс алуға ұмтылудағы банктің
сенімділік жатады.
Тізбектелген принциптерді орындау депозиттік процесті ұйымдастыруда
стратегиялық сияқты, тактикалық бағытты қайта құруға мүмкіндік береді, ол
сонымен депозиттік саясаттың тиімділігі мен оптимальдылығын қамтамасыз
етеді [9,125б.].
Жұмыстың теориялық бөлігінің маңызды сұрағының бірі болып коммерциялық
банктің депозиттік саясатының шекаралары туралы сұрақ табылады. Осы
шекаралардың келесі белгілері бойынша топтастырылады:
- депозиттер нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты
(экономикалық шекаралар);
- ҚР Ұлттық банкінің нормативтерінің және банк лимиттерінің әсері
бойынша (әкімшілік шекаралар);
- депозиттік қатынастар субъектісіне байланысты (ішкі және сыртқы
шекаралар);
- депозиттік қатынастардың мерзімдігіне байланысты (уақытша
шекаралар);
- географиялық принциптерге байланысты (аумақтық шекаралар);
- тартылған қаражаттардың құрылымы мен көлеміне байланысты (сандық
және сапалық шекаралар) [9,125б.].

Сурет 2. Коммерциялық банктің депозиттік саясатының
субъектілері мен объектілерінің құрамы[2]

Банктің депозиттік саясатын толығымен банк саясаты элементінің бірі деп
қарастыра отырып. Депозиттік саясаттың негізгі мақсаты ең арзан баға
бойынша ақшалай ресурстардың көп көлемін тарту болып табылады. Банктің
депозиттік саясатының көп қырлы мақсаттарын жүзеге асыру келесі
тапсырамаларда олардың құрылу процесінде шешім қабылдайды:
- депозиттік операцияны жүргізу процесінде банктік пайда табудағы
немесе алда пайда табу үшін шарттар құруға ат салысу;
- банктік өтімділіктің қажетті деңгейін қолдау;
- депозиттік операциялардың субъектілерінің диверсификациясын
қамтамасыз ету және әртүрлі формадағы депозиттердің сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар және депозиттік және несиелік салымдар
мерзімі мен сомасы бойынша ссуда беру операциялары арасындағы
өзара байланыс және өзара келісушілік;
- депозиттік шоттағы бос қаражаттардың минимизациясы;
- икемді пайыздық саясат жүргізу;
- тартылған ресурстар бойынша пайызжық шығындардың азаю құралын және
жолын тұрақты іздестіру;
- банктік қызметтердің дамуы және клиенттерге қызмет көрсетудің
мәдениеті мен сапасын көтеру.

Сурет 3. Коммерциялық банктің депозиттік саясатын құру принциптері[3]

Коммерциялық банктің депозиттік саясатын құрудың әрбір сатысы
басқалармен тікелей байланысты және оптимальды депозиттік саясатты құру
үшін және депозиттік процесті дұрыс ұйымдастыру үшін міндетті. Банктің
депозиттік саясатының механизмін талдау процесінде банктің әртүрлі
құрылымдық бөлімдері қатысады.
Бұл сұрақта банктің өтімділігін анықтауда маңызды фактор болып оның
депозиттік базасының сапасы табылады. Депозит сапасының критерийі болып
огның бірқалыптылығы табылады. Депозиттің бірқалыпты бөлігі көп болған
сайын, банк өтімділігі жоғары. Депозиттің бірқалыпты бөлігінің көбеюі
өтімді активтерге банктің қажеттілігін төмендетеді.
Шетелдік зерттеушілер жүргізген, депозиттің әртүрлі түрлерінің
жағдайын талдау көрсеткендей, бірқалыптылыққа талап етілгенге дейінгі
депозиттер ие. Депозиттің бұл түрі пайыздық мөлшерлеме деңгейіне
байланысты емес. Ол мынадай факторларға ие: қызмет көрсетудің тездігі және
сапасы, банкке сенімділік, салымшы ұсынатын қызметтің әртүрлілігі, клиентке
банктің орналасуының жақындығы. Шетелдік зерттеушілердің зерттеулері
бойынша ең аз бірқалыптылыққа мерзімдік және жинақтаушы депозиттердің
қалдықтары ие. Олардың нақты банкке бекітілуіне пайыздық мөлшерлеменің
деңгейі әсер етеді.

Сурет 4. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын
құру схемасы[4]

Құрылған тәжірибе талдауы көрететіндей, әрбір коммерциялық банктің
депозиттік базасын құру өте қиын процесс, субъективтік және объективтік
сипаттағы қиыншылықтардың үлкен көлемімен байланысты.
Субъективті қиыншылықтарға мыналар жатады:
- Казақстандық коммерциялық банктердің әлсіз капиталдық базасы және
іскерлік масштабы;
- жоғарғы және орташа менеджменттің жеткіліксіз деңгейі мен сапасы;
- Қазақстанның көптеген банктерінде депозиттік саясатты жүргізудің
ғылыми –негізделгенконцепциясының жоқтығы;
- Депозиттік процесті ұйымдастырудағы кемшіліктер: банкте сәйкесті
бөлімнің болмауы, депозиттік нарықтың маркетингтік зерттеулерді
құрудағы төменгі деңгей, ұсынылатын депозиттік қызметердің
шектеулі спектрі және т.б.
Объективтік факторлар арасында келесілер бөлінеді:
- коммерциялық банктерге мемлекеттің және мемлекеттік органдардың
тікелей және жанама әсері;
- Ресей ақша нарығының жағдайына әлемдік қаржылай нарықтың,
макроэкономиканың әсері;
- банк аралық бақталастық;
- Ресейдің ақшалай және қаржылық нарығының жағдайы;
- Қазақстанда сақтандырудың құқықтық механизмінің және банктік
салымдарды қорғаудың болмауы [10, 122б.].
Жоғарыда көрсетілгендерден, депозиттік саясаттың құрылу процесі банк
жүргізетін пайыздық саясатпен тығыз байланысты деп айтуға болмайды, себебі
депозиттік пайыз ресурстарды тарту ауданында тиімді құрал болып табылады.
Мемлекееттік реттеу кезінде пайыздардың белгілі нормасы салымның мерзіміне
сәйкес заңдық тәртіппен қойылатын. Ал қазір банктер ҚР Ұлттық банкінің
есептік мөлшерлемесінен, ақша нарығының жағдайынан және жеке депозиттік
саясатынан шыға отырып, бақталастыққа мүмкіндігі бар пайыздық мөлшерлемені
қояды. Депозиттік шоттардың бөлек түрлері бойынша кіріс көлемі салым
мерзімімен, сомасымен, шотты құру спецификасымен, қосымша қызметтердің
көлемі мен сипаттамасы анықталады және клиенттің салым шарттарын орындауына
байланысты.
Банктің депозитер бойынша төлемі – операциялық шығындардың негізгі
бөлігі. Сондықтан банктің, бір жағынан, пайыздық мөлшерлеменің жоғары
деңгейіне қызықпайды, ал екінші жағынан – депозиттер бойынша клиенттер
үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейін қолдауға мәжбүр. Депозиттерді
тарта отырып, әсіресе ірі көлемдегі және ұзақ мерзімге, коммерциялық
банктер клиенттерге пайыздық шығындардың өсуіне қарамастан, жоғары
пайыздық мөлшерлеме ұсынады.
Қазақстанның Ұлттық банкімен несиелік мекемелердің тұрақтылығын
қамтамасыз ету мақсатында Н11 міндетті нормативі қойылған – халықтан
тартылған ақшалай салымдардың максимальды көлемі. Ол халықтың ақшалай
салымдарының жалпы сомасының пайыздық ара – қатынасы және банктің жеке
қаражаттарының көлемі сияқты есептеледі. Бұл көрсеткіштің максимальды мәні
100%.
Коммерциялық банктің пайыздық саясатының бағыттарының бірі болып барлық
ресурстардың және депозиттік операциялардың құнын талдау мен есептеу
табылады.
Бұл үшін:
- салым бойынша қолдануға болатын пайыз қою;
- тартылған ресурстар бойынша пайыздық мөлшерлеме динамикасын білу;
- инфляция шарттарында ресурстардың нақты құнын есептеу;
- банктің жалпы шығын көлемінде тартылған ресурстар бойынша
пайыздық шығындардың өзгерістерін талдау.
Салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемені ҚР Азаматтық Кодексінің
талаптары есебімен клиенттердің келісімі бойынша несиелік мекемелер
құрады. Несиелік мекеме бір жақты депозиттер бойынша пайыздық
мөлшерлемені және клиенттермен осы келісім – шарттардың мерзімін
өзгертуге құқы жоқ., тек қана ҚР Банк және банктік іскерлік туралы
заңында немесе клиентпенн келісім – шартта қарастырылған болса өзгерте
алады.
Пайызды есептеуде пайыздық мөлшерлеменің көлемі, күннің нақты саны
есепке алынады. Қаражатын орналастыру мақсатында банкті таңдаушы салымшы
үшін анықтаушы болып пайыз көлемін есептеу тәртібі табылады. Оларды
есептеуде бір банктер жылдағы күннің нақты санымен (365 немесе 366)
шығарады, ал басқалары кіріс көлемінде бейнеленетін, жобаланған күнмен
(360) есептейді.
Пайыздарды есептеу олардың бір әдісімен жүргізіледі:
- жай пайыздар;
- күрделі пайыздар;
- пайыздық мөлшерлемемен;
- қалқымалы пайыздық мөлшерлемемен.
Сонымен бірге, салымда қаражаттың нақты болған уақытына байланысты
прогрессивті өсуші пайыздық мөлшерлеме қолданылады. Мұндай кірісті есептеу
тәртібі қаражаттардың саққтау мерзімін көтеруге әкеледі жне салымдарды
инфляциядан сақтайды.
Коммерциялық банктің оның іскелігін коммерциялизациялауға байланысты
пайыздық саясат мынадай болуы қажет;
- пайыз алуға ат салыссу немесе алда оны алу үшін шарттар құру;
- депозиттер және ссудалық операциялар бойынша пайыздық мөлшерлеменің
мәнін реттеу және банктік операцияның рентабельділігін қамтамасыз
ететін деңгейде оларды құру;
- депозиттік операциялар мен мерзім және сома бойынша ссуданы беру
бойынша операциялар арасындағы келісушілік пен өзара байланыс;
- баланстың өтіміділігін қолдау;
- пайыздық тәуекелдікті минимизациялау [11, 98б.].
Осы сұрақты аяқтай отырып, пайыздық саясат коммерциялық банктің
депозиттік саясатын құрудағы маңызды бөлігі екендігін айтуға болады. Бұл
банктің оптимальды пайыздық саясатына базаланатын принциптер қатарын
орындаумен аяқталады. Олардың ішінде, біріншіден, сақтау мерзімі мен
жинақ көлеміне байланысты пайыздарды дифференциациялау процесін, салым
бойынша пайыздың әлеуметтік дифференцияциясы, банк іскерлігінің
рентабельділігін қамтамасыз ету принципі, сақтау принципі және
салымшылардың жинағын қорғауды айтуға болады. Банктің тиімді пайыздық және
депозиттік саясатын құруда осы барлық принциптер бір-біріне сәйкес болуы
қажет.

4. Банктердің несие операцияларын ұйымдастырудың теориялық аспектілері

Несие операциялары коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін
құрайды, өйткені ол табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің
сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың
кедейленуі мен банкроттылыққа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеліп
соғады;
Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған
инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды
шоғырландыруға шақырылған;
Үішншіден, бұл қызметті табысты жүзеге асырған кезде оның барлық
қатысушыларына – несие ұйымдарына, қарыз алушыларға және тұтастай түрде
қоғамға пайда әкеледі.
Несие операциялары – бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік,
қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгілі
бір сомасын беру бойынша қатынасы.
Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келісімде
көрсетілген негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі түсіндіріледі. Бұл
ерекшелік несиені тауар-ақша қатынастарының басқа экономикалық
категорияларынан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық – несиенің негізгі белгісі
болып саналады.
Банк несиесінің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін
қызметінің өтелетін сипатына негізделеді. Банк ссуда бергені үшін,
негізінен, сыйақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты
бойынша тараптар белгілейді.
Несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған қаржыларды
қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни жеделдік –
оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені қайтарудың
уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың қарыз алушының
иелігінде болуының шекті мерзімі болып саналады.
Банк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банкте депозиттік саясаттың қалыптасуы
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптас
Қазақстандағы банк реформасы
Коммерциялық банктердің депозит операциялары
Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі
Пәндер