Банктің валюталық тәуекелін талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі банктік тәуекелдер жүйесінің макроэкономикалық процестерге ұлғаймалы әсер етуімен негізделеді. Бұл әсер экономикадағы өзгерістер кезеңінде айрықша арта түседі. Біздің экономикамыздағы даму басымдықтарын жоғары технологиялық салаларға аусытырмай, олардың жедел модернизациясы мен дамуынсыз біздің еліміздің дамыған елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес. Бұл мәселені шешу еліміздің ресурстарын, оның интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін мәнді шоғырландыруды, сонымен қатар елдің банк жүйесінің белсенді қатысуын талап етеді. Осы орайда тек мемлекеттік қаржылық институттардың тәуекелдерін басқару бойынша саясат қана емес, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің тәуекелдерін басқару саясаты да бәсекегеқабілетті экономиканы тиімді модернизациялау үшін жағымды жағдайлар жасауға оңтайлы бағытталуы объективті қажеттілік болып табылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, реттеуші мемлекеттік органдардың бірқатар шешімдері банктік тәуекелдердің бірқатары үшін қозғалтқыш бола алады. Сондықтан да, коммерциялық банктер біріншіден, Ұлттық банк пен реттеуші органдардың әрекеттерін болжай алуы қажет, екіншіден, осы әсерлерді жоятын тәуекелдерді басқарудың қажетті құралдарын иеленуі қажет, басқа жағынан коммерциялық банктер несие (депозиттік немесе өзге қызметтер) саясатының құралдарын таңдау кезінде мүмкін банктік тәуекелдер деңгейлерін жеткілікті түрде объективті бағалауы қажет.
Банктік тәуекел-менеджменттің көптеген жекелеген мәселелерін шешудің және ақша-несие саясаты жағдайларының жеткілікті жоғары деңгейлеріне қарамастан, банктік тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы құралдарының әсерін бағалау мәселелері әрі қарай зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Дипломдық жұмыста зерттеліп отырған мәселелерге экономикалық әдебиеттерде үлкен көңіл бөлінген.
Банктік тәуекелдердің бәсекеге қабілеттілік табиғатын, олардың сыныптамасын зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілеріне шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері арналған, атап көрсетсек, олар Н. Хамитов, Г. Абдрахманова, Е. Сигаев, Г. Маргацкая, Л. Корнилова, И. Кляхина, В. Кузнецов, И. Лаврушин, А. Лобанов, О. Осипенко, В. Севрук, Д. Синки, Н. Соколинская, В. Тен, Л. Тепман, Т. У. Кох, С. Филин.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі жағдайындағы банктік тәуекелдерді басқару процесін зерттеуге М. С. Сатубалдин, Г. К. Демеуова, Ш. Абдильманов, Л. Айманов, А. Нурумов, М. Кенжегузин, В. Додонов сынды еліміздің экономист ғалымдары елеулі үлестерін қосқан.
Шетелдік коммерциялық банктерде қолданылатын тәуекелдерді басқару әдістерін зерттеуді С. Насибян, П. С. Роуз, Т. Струченкова, Е. Ширинская және т. б. жүзеге асырады.
Сонымен бірге банктік тәуекелдерді басқарудың көптеген аспектілері әлі де жеткілікті түрде зерттелмеген болып қалуда.
Зерттеудің мақсаттары және міндеттері. Зерттеудің мақсаты - банк жүйесіндегі тәуекелдерді басқарудың теориялық және тәжірибелік зерттеулері және «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының қызметіндегі тәуекелдерді басқару қызметін талдау негізінде банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіру тұрғысындағы инновациялық бағыттарды ұсыну.
Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылған:
- «бәсекеге қабілеттілік», «тәуекел» және «белгісіздік» санаттарына шетелдік және қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі көзқарастар дамуын қарастыру;
- коммерциялық банктерде тәуекелдерді басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- банктерде тәуекелді басқаруды ұйымдастырудың жай-күйі, оның даму деңгейі және банк қызметіне ықпал етуін зерттеу;
- нақты банк мысалында банк қызметінде кездесетін тәуекелдерді басқару қызметіне және саясатына талдау жасау;
- жүргізілген теориялық және практикалық зерттеулер және талдаулар негізінде банк қызметіндегі тәуекелдерді басқаруды жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі - қаржы нарығының түрлі сегменттеріндегі банктік тәуекелдерді басқару нысандары мен құралдарын қолдануға бағытталған «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының қызметі.
Зерттеу пәні - бәсекелестік орта және қаржылық дағдарыс жағдайында банк қызметіндегі тәуекелдерді басқару процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып екінші деңгейлі банктердегі тәуекел-менеджмент саласындағы отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері табылады.
Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметтері, Қазақстан Республикасының, Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттіктің заңнамалық актілері, «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының аналитикалық жылдық есептіліктері, Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарының жекелеген сегменттерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, аталмыш мәселе төңірегіндегі басылымдар мен монографиялар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың өзекті мәселелері
Әлемдік өндірістің өнеркәсіптік өндіріс және қызмет көрсету салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге негізделген даму үрдістері уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің дәстүрлі бағыттарының мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа үрдістердің, инновациялық үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық процестер, жаңа технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез-келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да көрсетеді.
Бүгінгі жаһандану жағдайында қатаң бәсекелестік күреске төтеп беру үшін бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырып, оны модернизациялау және әртараптандыру, яғни инновациялық даму жолына бағыттау кез-келген елдің алдында тұрған үлкен міндет. Себебі, инновациялық дамудың өзі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің ең маңызды факторы. Ал, инновациялық дамудың мақсаты - ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде сапалы экономикалық өсуге жету.
Қазақстанның қазіргі кездегі даму жолы елдің әлемдік қатаң бәсекелік күресте экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың кез-келген саласы жағынан мықты болуы мақсатында туындауында. Себебі елдің экономикалық жағдайы мен даму болашағын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі - ұлттық бәсекеге қабілеттілік.
Қазақстан үшін өзінің бәсекелік артықшылықтарын үйлесімді пайдалана отырып, тауарлар мен қызмет көрсетудің, техника мен технологиялардың әлемдік нарығының серпінді бөлігіне айналуы бүгінде, келешекте де өзекті мәселе болып қала бермек [1, 77б. ] .
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы туралы қазақстандық ғалымдардың көзқарастарына тоқталар болсақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Я. Ә. Әубәкіровтың пікірінше, кейінгі жылдары бәсекелестік теориясында жаһандану аясының кеңеюіне байланысты жаңа аспектілер пайда болды. Егер бұрын экономикалық әдебиеттерде бәсеке тауар өндірушілер арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылса, қазір бәсеке заңдылықтары қоғамдық қатынастар аясында кеңінен тарап, елдің, ұлттың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін толығымен қамтуда.
ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңынан бастап қазақстандық экономика қалыпты деңгейде өсті. Экономиканың өсуін көптеген экономистер елдің минералды ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер арқылы, яғни әлемдік нарықта осы тау-кен, мұнай-газ салаларының өнімдеріне деген бағаның жоғарылауымен байланыстырылады. Бұл, әрине, қазіргі экономикалық даму қағидаттарына біршама қайшы келеді. Қазақстан ғалымдарының айтуы бойынша «шикізаттық даму моделі тек Қазақстанның ұлттық мүддесіне ғана емес, әлемдік даму үрдісіне де сәйкес келмейді. Әлемдік экономикада білімді, инновацияны маңызды экономикалық ресурс ретінде пайдалану негізінде экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты», яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың инновациялық жолына өту кезеңі басталып кетті.
Қазақстанда ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатқаны белгілі. Олардың қатарын 1997 жылы Елбасының ұсынысымен қабылданған «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы, ҚР индустриалды иннговациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы, сонымен қатар мемлекет басшысының 2010 жылдың мамырындағы «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының 12 съезінде ұсынған Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі серпінді даму жоспарының негізгі қағидалары және басқалары бар.
Әлемдік нарықта бәсекелік күреске төтеп беруге нық тұратын өнеркәсібі дамыған елдерде заман талабына сай технологияларға негізделген және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі көздері болып табылатын салаларды дамытуға қомақты қаржы бөліп, үлкен зер салуда.
Төменде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін құраушылары бейнеленген (1-сурет) .
Сурет 1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің құраушылары1
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілік ахуалын сипаттау үшін М. Портердің «бәсекелік ромб» (немесе «бәсекелік алмас») көрсеткіштер жиынтығы - өндіріс факторлары мен сұраныс жағдайы, бірлескен және қызмет көрсетуші салалар, бәсеке мен стартегиялық даму жағдайы қарастырылды. Осы үлгінің негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторларының қатары кеңейтіліп толықтырылды (2-cурет) .
Сурет 2. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторлары жүйесіндегі инновациялық даму үлгісі2
Аталмыш үлгіде Қазақстан экономикасын әлемдік даму үрдістеріне сәйкес дамыту үшін елдің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, үлгіде көрініс тапқан құрауыштардың құндылықтарының негізінде жетілдіріліп отыр.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі еркін және әділетті нарықтық жағдайлар шеңберінде халықаралық нарықтың талаптарына сай келетін, сонымен қатар өз азаматтарының нақты табыстарын арттыратын тауарлар мен қызметтер өндіруге қабілеттілік дәрежесі болып табылады. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың үш санаты қолданылады, осы үшеуі бойынша Қазақстанда регресс байқалады. Жалпы талаптарды бағалайтын бірінші санат бойынша (макроэкономикалық индекстер, мемлекеттік және жеке институттардың деңгейі, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және жалпы білім беру) индекс төмендеп, республикамыз 15 жайғасымды жоғалтты. Әрбір индекс бойынша Қазақстан төмен түсті, соның ішінде негізінен ұлттық жинақтар көрсеткіштерінің төмендеуі мен инфляцияның өсуі салдарынан (1-кесте) .
Кесте 1
Елдің бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын жалпы талаптар бойынша Қазақстанның көрсеткіштері
Осы орайда, өзекті мәселелердің бірі қаржы секторының тұрақтылығы болып табылады. Соңғы жылдары халықаралық валюта қоры миссиясы эксперттерінің айтуынша, екінші деңгейлі банктер тарапынан өз міндеттемелерін орындамаудың мүмкін сценариін болдырмау мақсатында банктік секторды пруденциалды реттеуді күшейту шаралары қажет. Осы тұрғыда Қаржылық қадағалау агенттігінің осы саладағы әрекеттерінде алға жылжушылық байқалды. Ал банктердің сыртқы қарызды реттеуі бойынша шаралары тек үлкен қауіп төнгеннен кейін ғана қатаңдатылды. Нәтижесі ретінде «Банк секторының тұрақтылық дәрежесі» көрсеткіші 38 жайғасымға (124-ші орын) құлдырады.
Халықаралық келісімдер банкінің мамандары жасаған сыныптамаға сүйене отырып, дамыған несие-қаржылық қатынастары бар елдерде соңғы жылдары кең таралған банктік мониторинг жүйесін ұйымдастырудың тәсілдемелерін қарастырайық. Бұл тәсілдемелер банк қызметін талдаудың түрлі нысандарына бағытталған, сондықтан оларды таңдау көбіне бағалаудың дәлдігін анықтайды.
Банктердегі басқару сапасын жалпы бағалауды жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің келесі сенімді құрауыштарына ерекше көңіл бөлінеді:
- директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан белсенді қадағалау: саясат, тәртіптер және шектердің дұрыстығы;
- тәуекел көлемін есептеу, мониторинг және басқарушылық ақпараттық жүйелердің дұрыстығы;
- барлығын қамтитын ішкі бақылау [2, 126б. ] . Банктік тәуекелдерді басқарудың теориялық аспектілері
Бүгінгі таңда банк секторы Қазақстанның қаржы жүйесінің ең сыйымды және жылдам дамушы сегменті болып табылады. Соңғы жылдары республиканың банк жүйесі ТМД елдері ішінде қарқынды дамуымен ерекшеленді. Осы процеске салық-бюджет саясатының салиқалы бағытының қолдауы, мұнай экспортынан кірістің өсуі, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінде пәрменді реформалар жүргізуге арқа сүйеген қолайлы макроэкономикалық жағдай ықпал етті. Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) активтері 2000 жылы
527, 9 млрд. теңгеден 2009 жылы 8, 8 трлн. теңгеге дейін өсті (өсім 1581, 1 %-ды құрады), меншікті капиталда, сондай-ақ 97, 6 млрд. теңгеден 879, 5 млрд. теңгеге дейін өсті (өсім 801, 1 % құрады) . Осы өте жоғары көрсеткіштер басқа да салыстырмалы көрсеткіштермен расталады. Мәселен, Қазақстан Республикасының ЖІӨ қатысында ЕДБ активтері 2000 жылы 20, 3%-дан 2009 жылы 91, 1 % -ға дейін өсті. Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенттігі жақын арадағы үш жылда екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталы үш есеге, активтері екі есеге, несиелер мөлшері - 2, 5 есеге, несилер мен депозиттер мөлшері - үш есеге өседі деп болжайды. Қадағаланатын үрдіс
ҚР ҰБ екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптарды олардың қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында бірте-бірте қатаңдату саясатымен тікелей байланысты.
Қазіргі заманғы банк жүйесін құруда қол жеткізген табыстарға қарамастан, қазіргі таңда қазақстандық банктер алдында бірқатар ағымдағы мәселелер мен проблемалардың шешімін табу қажет, оларды ойдағыдай іске асыру банктердің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қазақстанда банк ісін тиімді дамытудың маңызды элементі несиелік ұйымдардың ішкі және сыртқы бақылау жүйесін құру тәсілдемелерін жетілдіру болып табылады. Жүргізілген зерттеулер нарық жағдайында бақылаудың мәні де өзгеретінін көрсетті, ендігі уақытта ол:
- басқарушылық қызметтің ажырамас бөлігі;
- басқарушылық шешім қабылдау процесінде ақпараттық қамтамасыз етудің көзі; басқарушылық шешімдердің орындалуы туралы қажетті ақпарат алуға болатын кері байланыс механизмі ретінде болады [3, 178б. ] .
Банк тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі, сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара ғана белгілі.
Тәуекел кәсіпорындар мен коммерциялық банктердің өзара іс-әрекет жасау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Банктер мен кәсіпорындардың өзара іс-әрекет жасау тәуекелдігін кешенді бағалау әдістемесі бар, оны
төмендегі формула бойынша есептеуге болады:

мұнда: Rф(сов) - өзара іс-әрекет жасаудың нақты жиынтық тәуекел көрсеткіші;
bk - топтық нақты тәуекелдің (кәсіпорын мен банктің) k-ші көрсеткішінің маңызын сипаттайтын параметр;
Rф(r) k - топтық нақты тәуекелдің k-ші көрсеткіші [4, 45б. ] .
Біз зерттеген менеджмент және тәуекел-менеджменті теорияларының негізінде тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі маңызын білдіретін анықтаманы ұсынамыз: тәуекел-менеджмент банк қызметінде ұйымдастырылған жүйе болып табылады. Осы жүйенің мақсаты банк тәуекелдерін барынша қысқарту, олардың алдын алу, қадағалау, оларды бақылау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ жоспарланған пайданы алу және банктің имиджін нарықтың тұрақты қаржы субъектісі ретінде сақтау үшін барынша күш-жігер салу болып табылады.
Тәуекел-менеджментті ұйымдастыру үшін банктердің қосымша қаржы шығыны, басқару, қадағалау және талдау жүйелерінің болуын, сонымен бірге тәуекелге бас ұра алатын және банктің беделі, оның қаржылық жай-күйі немесе тіпті банкроттық жөнінде сөз қозғалған қиын жағдайда жеке-дара дұрыс шешім қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.
Шетелдік тәжірибені зерттеу банк жүйесінде тәуекел-менеджментті күшейту проблемасы батыс Еуропа елдерінде өзекті болып табылатынын көрсетті. Осы елдерде сыртқы аудиторлар жылына бір рет жүзеге асыратын сыртқы бақылаумен салыстырғанда жұмыстағы жол берілген кателіктерді, туындайтын тәуекелдерді ерте білу және ықтимал шығындар мен залалдардың алдын алу мақсатында күн сайын жүргізілетін ішкі бақылаудың күшейгені байқалады.
Коммерциялық банктерде тәуекелдерді басқаруды тиімді жүзеге асыруда банктік тәуекелдерді сыныптаудың маңызы зор болып табылады. Осы орайда қазақстандық ғалымдар тарапынан жүргізілген зерттеулер незініде банктік тәуекелдерді сыныптауды түрлі тәсілдемелері қарастырылған [5, 88б. ] .
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, тәуекелдерді бағалау мен басқару тиімділігі көбіне оның сыныптамасымен анықталады. Ғылыми негізделген сыныптама әрбір тәуекелдің оның жалпы жүйесіндегі орнын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Келесі суретте М. С. Сатубалдин тарапынан ұсынылған сыныптама көрініс тапқан (3-сурет) .
Сурет 3. Банктік тәуекелдердің сыныптамасы3
Төменде берілген суретте экономист-ғалым Г. К. Демеуованың банктік тәуекелдерді сыныптау үлгісі берілген (4-сурет) .
Сурет 4. Банктік тәуекелдердің сыныптамасы4
Ал Қазақстанның Ұлттық банкі банк қызметінің тәуекелін басқару мен мониторингінде тәуекелді келесі түрлерге бөлуді ұсынады:
1) кредит тәуекелі;
2) пайыз тәуекелі;
3) өтімділіктің ысырап болу тәуекелі;
4) операциялық тәуекел;
5) валюталық тәуекел;
6) баға тәуекелі;
7) ел (трансферлік) тәуекел;
8) құқықтық тәуекел;
9) бедел тәуекелі [8] .
Банк қызметінде кез келген операция орындағанда тәуекелдік болады, өйткені тәуекелдіксіз кәсіпкерлікті елестету мүмкін емес. Банк операцияларымен байланысты тәуекелдіктерді басқару - іс жүзінде банк қоржынымен, яғни банктің кірісін қамтамасыз ететін активтердің қажетті жиынымен байланысты тәуекелдіктерді басқару болып табылады.
Банкроттық немесе банкті тарату адамдардың түрлі санаттарын (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер, басқа қаржы мекемелері) орасан зор қаржы қиындықтарына ұшыратады.
Тәуекелдерді басқару функциясы банк қызметінің барлық бағыттарымен ұштасады. Бірқатар қаржы тәуекелдері актив операциялармен, ең алдымен кредиттік және инвестициялық қызметпен байланысты. Салымдарға, депозиттерге, құнды қағаздарға есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар түрінде қаражат тарту жөніндегі қызмет көптеген тәуекелдермен байланысты.
Банк экономикалық жүйенің сенімділігінің негізін қалайды, сондықтан өзінің анықтамасына сәйкес қоғамның ең сенімді институттарының бірі болуы мүмкін. Біздің экономикалық және құқықтық орта тұрақсыздығымызда банктер мемлекеттік қолдаудың болмауынан және қалыптасқан қоғамдық дәстүрлерге арқа сүйемей өз клиенттерінің қаражатын сақтап қана қоймай, іс жүзінде өздері көбейтуге тиіс.
Банкте тәуекел-менеджмент жүйесін құру тәуекел болуы мүмкін операциялардың ашықтығы мен оларды уақытында анықтауға ықпал етуі тиіс. Банктердің басым көпшілігі клиенттердің (салымшылардың) қаражатымен жұмыс істейтіндіктен, ішкі тәуекел-менеджмент жүйесінің болуы тәуекелдермен бетпе-бет келуді барынша төмендету және тиісінше банктің залалдарын қысқартуға ықпал етуге тиіс деп ойлаймыз.
Мұның өзінде тәуекел-менеджмент жүйесі банктің ішкі бақылау жұмысының төмендегі жалпы және ерекше принциптеріне сәйкес болуға тиіс:
- тұтастай ішкі бақылау жүйесіне қатысты және банктің жұмыс тиімділігіне ықпал ететін принциптер;
- басқару жүйесін ұйымдастыруға қатысты принциптер;
- тәуекел факторларын басқаруға қатысты принциптер;
- ақпаратқа қатысты принциптер;
- электрондық ақпараттық жүйелерге қатысты принциптер.
Қорытындыланған сапа көрсеткіштерін белгілеу үшін тәуекел-менеджменттің ойдағыдай процесіне тән сипаттамалар анықталды, олар: ашықтық, өлшем дәлдігі, уақтылы сапалы ақпарат, әртараптандыру, дербестік, егжей-тегжей стратегиясы. Соңғы жылдары салада тәуекелдерді басқарудың арнайы механизмдері әзірленген болатын. Жүргізілген талдау тәуекелдерді басқаруды келесі жүйеге біріктіру тәсілдемесін жасауға және әрбір элемент шектерінде топтардан тәуекел-менеджмент құралдарын жеке бөліп алуға мүмкіндік береді (2-кесте) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz