Пайыз саясаты және пайыз мөлшерлемесінің түрлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысы қоғамдық өміріміздің қай саласына болса да өзінің кері әсерін тигізіп жатқаны мәлім.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысының Қазақстанға қатысы тікелей деп айтуға болады. Экономикаға, әсіресе, банк жүйесіне ықпалы, бұрыннан қалыптасқан үрдістердің күбіртіктеуі күн құрғатпай шешетін мәселелерді алға тартып отырғаны сөзсіз. Қаржы дағдарысы АҚШ-та ипотекалық дағдарыстан басталды. Біздің коммерциялық банктер қаржы көзі ретінде АҚШ, Англия, Германия және т. б. кейбір Еуропа елдерін пайдаланған болатын. Ол елдердегі қаржы дағдарысынан, ең алдымен, өтімділік дағдарысының әсерінен, қаржы көздері қазақстандық банктер үшін негізінен жабылды. [1, 16б. ]
Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан еліміздегі коммерциялық банктер қызметінде оның негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша, несиелеу қызметі халықтың салымдарын қабылдау қызметі, инвестициялық қызметтері аясында көрсеткіштердің төмнедеу тенденциясы байқалуды. Осы орайда, коммерциялық банктердің қызметін егжей-тегжейлі зерттеу, банктер қызметін оңтайландыру тұрғысында оның пайыздық саясатын тиімді қалыптастыру мәселелері маңызды болып саналады.
Коммерциялық банктердің пайыз саясатының негізінде белгілі бір экономикалық категория - пайызды қолдану жатар. Пайыздық сандық анықталуы оның мөлшерплемесі, немесе пайыз түрінде төленетін ақша қаражаттары сомасының қарызға берілген қаражаттар сомасына қатысын білдіретін норма болып табылады.
Банктің қызметтер нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы тауарлардың бағасы сынды пайыздық мөлшерлемеге әсерін тигізеді. Егер ұсыныс сұраныс артық болса, мөлшерлемелер төмендейді, және керісінше сұраныс ұсыныстан артық болса, олар өседі. Соңғы жылдары несие нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңесуі орын алуда, бұл пайыз мөлшерлемсінің деңгейіне әсерін тигізуде. Олар баяулап төмендей бастады.
Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне әсер ететін басқа маңызды фактор инфляция деңгейі болып табылады. Инфляцияның күшеюі кезінде мөлшерлемелер өседі, осыған байланысты банктік тәжірибеде номиналды және нақты (инфляция деңгейіне түзетілген) мөлшерлемелер ажыратылып қарастырылады.
Пайыздық мөлшерлемелер деңгейіне тартылған ресурстарды ұсыну мерзімі мен көлемі, клиенттің сенімділік ләрежесі, банктің операция түрлері және т. б. да мәнді әсер етеді. Клиеттің сенімділік дәрежесі, оның төлем қабілеттілігі де пайыздық мөлшерлеменің көлемінде көрініс табады.
Осылайша, айта кеткені жөн, банктік тәжірибеде белгілі бір пайыздық мөлшерлемені таңдауға және оның деңгейіне әсер ететін жалпы және жеке факторлар қарастырылады. Жалпы факторлдар барлық банктер үшін тең шарттарды анықтайды, объективті сипатқа ие және нақты банк қызметіне тәуелді болмайды. Жалпы факторлар өз кезегінде жалпы экономикалық және негізделген болып бөлінеді. Жеке факторлар нақты банктің қызмет ету жағдайымен анықталады және банктік пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне банктің түрі мен көлемі, оның орналасуы, клиенттердің құрамы мен жеке табиғаты бар өзге де факторлар әсер етеді.
Жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, банк өз бетінше жұмысының жоғары рентабельділігін және банктік қызметтер нарығында бәсекеге қабілеттелігін қамтамасыз ететін пайыздық мөлшерлеме деңгейін анықтайды [2, 39б. ] .
Осы факторлардың әсерінен банктің пайыздық саясаты соңғы жылдары қалыптастырылып келеді. Осы орайда коммерциялық банктердің қазіргі орын алған жағдайларда пайыздық саясатын қалыптастыру мәселелері өзекті болып табылады.
Тақырыпты әзірлеу мен талдау деңгейі. Коммерциялық банктердің пайыз саясатын қалыптастыру тұрғысындағы отандық және ТМД елдерінің Мақыш С. Б., А. В. Калтырина, Лаврушин О. И., Гойденко Ю. Н., Грядовая О. В., Дорохова М. Н., Балабанова И. Т., Ольхова Р. Г., Жуков Е. Ф., Зверев О. А., Соколов Д., Жумагулова А., Лисак Б. И. экономикалық әдебиеттерінің негізінен ғалым-экономистерінің ғылыми еңбектері мен жарияланымдарында көрсетіледі.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктердің пайыздық саясатының теориялық аспектілерін қарастыру мен пайыз саясатын қалыптастырудың негіздерін зерделеу, банк қызметтері бойынша пайыз саясатын, банктің пайыздық табыстарын талдау және теориялық зерттеулер мен талдаулар нәтижесінде дағдарыс жағдайында пайыздық саясатты оңтайландыру бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеу кезінде келесі нақты міндеттер алға қойылды:
- коммерциялық банктердің пайыздық саясатының теориялық негіздерін зерттеу;
- несие пайызының мәні мен мазмұнын қарастыру;
- банктің негізгі қаржылық көрсеткіштері мен пайыздық табыстарын талдау;
- банктің инвестициялық қызмет тұрғысындағы пайыздық саясатын талдау;
- банктің несие беру қызметін және несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді талдау;
- дағдарыс жағдайында банктің пайыздық саясатын оңтайландыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу обьектісі «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы болып табылады.
Зерттеу пәні болып коммерциялық банктерде пайыз саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру тұрғысында пайда болатын экономикалық қатынастар табылады.
Теориялық және әдістемелік негізі. Отандық және шетелдік ғалым экономистерінің құрастырған коммерциялық банктерде пайыз саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырудың, банктің пайыз саясаты тұрғысындағы қызметін талдаудың теориялық негіздері мен принциптері.
Талданған жұмыста қазақстандық заң актілері мен отандық және ТМД елдерінің мерзімді басылымдары мен әдебиеттері қолданылды.
Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы мен арнайы әдістемелік мерзімді басылымдар материлдары және «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептемелері негізінде зерттеліп, жазылған. Жұмысты орындау барысында талдаудың салыстыру, идекстер, коэффициенттер, пайыздар, графикалық суреттер және т. б. әдістері қолданылды.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, 10 кесте, 16 суреттер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу мақсаттары мен міндеттерімен анықталып, диплом тақырыбын толығымен ашып көрсетуге өз септігін тигізеді.
1. 1 Пайыз саясаты және пайыз мөлшерлемесінің түрлері
Банк пайызы ақша төлемі түрінде білінеді және ақша айналысын, коммерциялық есеп айырысуды реттеу құралы ретінде пайдаланылады, қарызға алушы мен кредит берушіге экономикалық әсер ету құралы болып табылады.
Пайыз саясаты өзін пайыздық мөлшерлемелердің деңгейі мен серпінін реттеуде білдіреді. Банк қызметімен тұтас алғанда экономиканы реттеудің ол ең маңызды және сонымен бірге айтарлықтай күрделі құралы болып табылады. Пайыз деңгейін құрудың негізгі қағидалары кредит ресурстарына сұраныс пен ұсыныс жағдайына, сақтау мерзімдеріне, депозиттердің шамасына, инфляция қарқынына және т. б. сүйенуі керек [3, 98б. ] .
Іс жүзінде пайыздық саясатты барлық елдерде мемлекет реттейді. Пайыз саясаты: кретиттерге төмен пайыздық мөлшерлемелерді белгілеу арқылы экономиканың өсуіне; инфляцияны тежеуге; ұлттық валюта құнын қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Болашақ үлестіргіш санат бола тұра, пайыз қарызға алушы-кәсіпорынның қарауында қалатын табыстан тікелей шегерім болып табылады. Банкіге төленетін пайыздың сомасы неғұрлым аз болса, соғұрлым несие алушының таза табысы үлкен болады. Міне шаруашылық жүргізуші субъектілердің кредитті тиімді пайдалану мен арзан кредит алу есебінен кредитті үнемдеуге ұмтылысы сондықтан. Бұдан алынған кредитті тиімді пайдалануға ынталандыру факторы ретінде пайыздың рөлі білінеді.
Пайызға экономикалық мүдделілікті кредит беруші-банкі де білдіреді. Несие пайызын алу оның қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Пайыз есебінен барлық оның аппаратты іске асыру, материалдық-техникалық базаны және басқа операциялық шығын өтеледі. Пайыз есебінен өзінің табысын алады және несие қорын арттыра түседі. Мұнда банк қызметінің нәтижелігін арттыруға тек кредит операцияларының ауқымын кеңейту есебінен ғана емес, сонымен бірге кредит айналымын жылдамдату арқылы, қарызға алушының шаруашылығында несиені оңтайлы пайдалануды ынталандыратын сараланған пайыздық мөлшерлемелерді қолданып қол жеткізеді.
Несие қорының құнын сақтауға кепілдік беретін пайыз, экономиканың үдемелі дамуы үшін объективті алғышарттар жасайды [4, 57б. ] .
Экономикадағы пайыз рөлі меншікті және қарызға алынған қаржаттың оңтайлы үйлесуіне жағдай жасауынан білінеді. Айналымға қарызға алынған қаржыны тарту несие пайызы деңгейін нарықтық қалыптастыру жағдайына тек қарызға алушының уақытша және қажетті қосымша қажеттіліктерін кредитпен толтыру кезінде пайдалы болады. Кредитті әрбір артық пайдалану жұмсалымның табыстылығының жалпы деңгейін төмендетеді.
Несие пайызының сандық көрінісі болып пайыз мөлшерлемесі есептеледі. Пайыз мөлшерлемесінің келесі түрлері ажыратылады:
- базалық мөлшерлеме - бұл пайыздық орташа мөлшерлемесі, олар бойынша сенімді қарызға алушыларға немесе банкілерге олардың депозиттерін орналастыру арқылы несиелер беріледі, яғни бірінші сыныпты клиенеттерге арналған қауіп- қатерсіз мөлшемелер. Іс жүзінде банкілер банк ресурстарының құнын анықтайтын базалық мөлшерлемеге үстемелер есептеулер арқылы пайыздық мөлшерлемелерді белгілейді. Бұл үстемелердің мөлшері несие сипатына және онымен байланысты қауіп- қатер дәрежесіне тәуелді;
- атаулы мөлшерлеме кредит ресурстарына сұраныс пен ұсыныс арақатынасын және инфляциялар қарқындарын ескеріп белгіленеді;
- нақты пайыз мөлшерлемесі атаулы мөлшерлемеден нақты инфляция қарқынын шегеру арқылы анықталады;
- тіркелген мөлшерлеме кредит келісімшартының қолданылатын бүкіл мерзіміне өзгеріссіз белгіленеді;
- құбылмалы мөлшерлеме нарық конъюнктурасына, экономика жағдайына және т. б. сәйкес өзгереді;
- реттелетін мөлшерлемені-мемлекет, Ұлттық банк, банкілер қауымдастығы, ҚР бақылау және қадағалау агенттігі реттейді;
- нарықтық мөлшерлеме - мөлшерлеменің дегейі мен қозғалысы несие капиталдары нарығының жағдайынан, ақша және қор нарықтарынан және басқаларынан тәуелді.
Есеп айырысу әдісіне байланысты пайыздық мөлшерлемелер сомасы төмендегідей ажыратылады:
- жай пайыздық мөлшерлемелер-капиталдың бір және сол шамасына барлық мерзім ішінде есептеледі;
- күрделі пайыздық мөлшерлемелер-пайыздық төлем әрбір есеп айырысу кезеңінде алдынлағы кезеңнің капиталына қосылады. Келесі кезеңге пайыздық төлем осы бастапқы капиталдың өсірілген шамасына есептеледі, яғни есеп айырысу пайызды капиталдандырумен жүзеге асырылады [5, 28б. ] .
Банкаралық пайыздық мөлшерлемелердің мысалы ретінде депозиттік, кредиттік операцияларда еуровалюталық нарықта және еурооблигациялық қарыздарда кең қолданылатын ЛИБОР-ды -лондондық банкаралық мөлшерлемені, сондай-ақ ПИБОРды - париждік банкаралық мөлшерлемені атауға болады. ПИБОР сегіз ірі Париж банкілерінің мөлшерлемелерінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады. Ең белгілі банкаралық мөлшерлеме ЛИБОР жеке халықаралық кредит мәмілелерінің құнын есептеген кезде базалық ретінде қолданылады. Мұндай жағдайда ЛИБОР-дың базалық мөлшерлемесіне, әдеттегідей, мәміленің түріне, қарызға алушының қарыз жғдайына, ақша нарығындағы конъюктураға байланысты маржа қосылады.
Ақша нарығындағы кредит бойынша базалық мөлшерлеме бірінші сыныпты қарызға алушылрға, АҚШ-та іс-тәжірибеде қолданылатындай, ресми және банкаралық мөлшерлемеге қарағанда жоғарырақ деңгейде, бірақ шағын және орта фирмаларға берілетін кредиттің мөлшерлемесіне қарағанда төмендеу деңгейде <<ПРАЙМ РЕЙТ>> жүйесі бойынша белгіленеді. Несие пайызының мөлшерін белгілеген кезде басты анықтайтын нәрсе - қарызға алушының сенімділігі, оның қаржы жағдайы [6, 36б. ] .
1. 2 Коммерциялық банктердің пайыз саясатын қалыптастыру
Пайыз саясаты негізінен несие саясатының элементі ретінде көрініс тапса, ал пайыз саясатының көптеген түрлерінен көбіне банк несиесі үшін төленетін пайызға талдау жасау жүргізіледі. Бұл несие үшін пайыз пайыздық табыстың негізгі көзі болып табылатындығымен түсіндіріледі.
Коммерциялық банктің пайыздық саясаты мақсатты бағыттарды анықтауды және міндеттерді қоюды, ғылыми негізделген ұйымдық құрылымды және оны нақты жүзеге асырудың тәртібін қамтиды. Пайыз саясатын басқару жүйесі келесі кезеңдерден тұрады; банктың даму стратегиясына сәйкес пайыз саясатының тактикасын жасау, баға белгілеуді басқару және пайыздық тәукелді басқару бірлігі ретінде жедел басқару, мақсаттарға жетуді бақылау [7, 22б. ] .
Коммерциялық банктің пайыз саясаты банктің пассивті және активті операциялары бойынша пайыз мөлшерлемесінің оңтайлы мөлшерін анықтау жолымен жүзеге асырылады.
Осылайша ол банктің ресурстық базасын қалыптастыруда, сондай-ақ тартылған қаражаттарды тиімді пайдалануда маңызды рөлді иеленеді. Коммерциялық банктің пайыз саясатының мақсаты бірегей анықтамамен түсіндірілмейді. Пайыз саясаты кез-келген жағдайда банктің максималды рентабельдігін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет, сонымен бірге мұнда мәселе қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді аспектідегі рентабельділікке негізделеді.
Сондықтан жалпы түрде пайыз саясатын банк операцияларының өтімділігін, рентабельділігін және дамуын қамтамасыз етуге бағыттаған активті және пассивті операциялар бойынша пайыз мөлшерлемесін реттеу саласындағы саясат ретінде анықтауға болады [8, 24б. ] .
Коммерциялық банктердің пайыз саясатының нақты сұрақтарын қарастыруды несиелік ресурстар нарығы (пассивті операциялар) үшін жеке және несие нарығы (активті операциялар) үшін жеке қарастырған жөн болады.
Ағымдағы басқарудың маңызды міндеті несие ұйымының пайдамен дамуын қамтамасыз ететін банктің пайыз саясатын жоспарлау болып табылады.
Банктің алатын пайдасының негізгі бөлігі, бұл пайыздық операциялар бойынша таза табыс (пайыздық табыс-пайыздық шығын) болғандықтан, онда ағымдағы басқару процесінде негізгі көңіл банктің активті операцияларының табыстылығын басқаруға бөлінеді, сонымен бірге корпоративті және жеке клиенттер үшін пайыз мөлшерлемесін белгілеудің тәсілдемелері бір-бірімене ерекшеленеді. Кәсіпкерлік фирмаларды несиелеуде қиын міндеттердің бірі пайыз мөлшерлемесімен анықтау болып табылады. Несие беруші несие бойынша пайда алу және өзінің барлық тәуекелдерін компенсациялау үшін жеткілікті түрде жоғарғы мөлшерлеме белгілегісі келеді. Алайда несие бойынша мөлшерлеме қарыз алушы несиені оңтайлы төлей алатындай және басқа несие берушіге бармайтындай, түрде төмен болуы қажет [9, 48б. ] .
Корпоративті несиелеу кезіндегі баға белгілеу әдістерін қарастырамыз;
- Құнына қосу қағидасымен несие бойынша мөлшерлеме белгілеу. Кәсіпкерлік фирмаға несие бойынша пайыздық мөлшерлемені белгіленген кезде менеджерлер тартылатын қаражаттардың құнын және банктің операционды шығындарын есепке алулары қажет. Бұл банктің өзінің шығындарын білу қажеттілігін білдіреді, сәйкесінше, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеген кезде банкте басқарушылық ақпараттың тиімді жүйесінің болуы өте маңызды болып табылады.
Құнына қосу қағидасын несие бойынша мөлшерлеме белгілеудің қарапайым үлгісі кез-келген несие бойынша пайыз мөлшерлемесі келесі компоненттердің негізінде бегіленетіндігін білдіреді.
Көрсетілген компнентердің әрқайсысы несие сомасына қатысты жылдық пайыз нысынында айқындалуы мүмкін.
2. Бағалық көшбасшы үлгісі. Банк өзінің шығындарын нақты біледі және несие бойынша мөлшерлемені өзге несие берушілер тарапынан бәсекелестік факторын есепке алмай белгілейді деген ұйғарым құнына қосу үлгісінің кемшіліктерінің бірі болып табылада. Бұл тәсілдеменің аталған шектеулері банк саласында бағалық көшбасшы үлгісінің пайда болуына әкелді. Кез-келген нақты қарыз алушыға несие бойынша нақты пайыздық мөлшерлеме келесі формуланың негінде анықталады:
3. Максималды пайыз мөлшерлемесі белгіленнтін несиелер (кэптер) . Соңғы уақытта пайда болған бағалық көшбасшы үлгісінің жетілдірілген түрі кэп мөлшерлемесін пайдалану болды, ол пайыз мөлшерлемесінің болашақ динамикасына тәуелсіз несие бойынша мөлшерлеменің келісілген жоғарғы шегін білдіреді.
Кэптер банктің өзінің клиенттеріне ерекше сыйақыға ұсынатын қызметтердің бірін білдіреді. Кэп мөлшерлемелері қарыз алушыға несиенің максималды құнына қатысты белгілі бір сенімділік береді, себебі бұл мөлшерлеменің үстінен төленген кез-келген пайыздар қарыз алушыға жылына бір рет немесе несие келісім-шартының мерзімі аяқталғаннан кейін өтеледі.
4. Клиенттердің табыстылығын талдау. Несие бойынша мөлшерлеме белгілеудің әдісі әрбір несие тапсырмасын бағалаған кезде банк сол клиенттің барлық өзара қарым-қатынастарды есепке алуы қажет. Табыстылықты талдау кезінде клиенттің барлық қатынастарынан түсетін пайдаларына көңіл бөлу қажет.
Банктердің клиенттерінен алатын табыстарына несие бойынша пайыз, міндеттеме үшін комиссия, қолма-қол қаражаттарды басқару және сандық ақпаратты өңдеу үшін комиссия жатады.
Клиентпен байланысты шығындарға банк қызметкерлеріне төленетін жалақы несиелік құжаттарды зертеуге шығындар, депозиттер бойынша пайыздар, шоттарды тексеру бойынш шығандар және өңдеудің құны (чектерді төлеуді, несиелермен депозиттерді есепке алудаы, құндылықтарды сейфте сақтау бойынша қызметтерді қоса алғанда), сонымен қатар алынғаннесиелік ресурстардың құны жатады. Таза несиелік ресурстар клиенттің депозиттерінің орташа сомасын алып тастағаннан кейінгі клиентке берілген несие сомасын білдіреді.
Содан кейін әрбір клиенттің банкке ұсынған сомасының үстінен пайдаланатын банк қаражаттарының сомасын нақты бағалау жүргізіледі. Егер клиенттің барлық қатынастарынан пайданың есептік таза мөлшерлемесі оң болса, жүзеге асырылған барлық шығындардың сомасының үстінен банк сыйақы алатындықтан, несие тапсырысы қанағаттандырылады. Ал егер клиенттің барлық қтынастарынан пайданың есептік таза мөлшерлемесі теріс болса, несие тапсырысы қанағаттандырылмауы мүмкін.
Тұтынушылық несиелердің көпшілігі бойынша мөлшерлемелерді белгілеу кәсіпкерлік фирмалардың несиелері боынша сынды бегілі бір базалық мөлшерлеме, немесе тарту мөлшерлемесі, қосылған пайда маржасы, қосылған тәуекел үшін үстеме негізінде жүзеге асырылады.
Клиенттерді бөлшек несиелеу кезіндегі баға белгілеу әдістерін қарастырамыз;
1. Құнына қосу үлгісі. Құнына қосу үлгісі бойынша банктің тартылған қаражаттар құны, операционды шығындар, қарыз алушының міндеттемені орындамау тәуекеліне сыйақы, банк үшін қажетті пайда маржасы, ұзақ мерзімд несиелеу кезіндегі тәуекел үшін сыайақы қосындысы алынады. Кейінге қалдырып өтелетін немесе бөлшектеп өтелетін тұтынушылық несие бойынша мөлшерлеме құнына қосу үлгісінің көмегімен белгіленуі мүмкін:
Немесе базалық мөлшерлеме үлгісі:
Банктер тұтынушылық несие бойынша нақты мөлшерлемені есептеудің көптеген тәсілдерін қолданады. Кең тарағандардың қатарына жылдық пайыздық мөлшерлеме әдісін (Annual percentage rate-APR), қарапайым пайыздар әдісін, дисконттық мөлшерлеме әдісін және қосу әдісін жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz