ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗІНДЕ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . …. …4-6
I тарау. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. 1 Жамбыл облысының құрылуы және қалыптасуы. …7-14
1. 2 Жамбыл облысының 1941 - 1986 жылдар аралығындағы экономикасы мен мәдениетінің жағдайы . . . 15-35
II тарау. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗІНДЕ
2. 1 Облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуы . . . 36-55
2. 2 Облыс мәдениетінің дамуы. . 55-68
2. 3 Жамбыл облысының кіші халықтарының ассамблеясы………. . 68-69
ҚОРЫТЫНДЫ …. . . 70-71
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ . . 72-77
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . ……78-79
Алғы сӨЗ
Әлем тарихынан әр өркениетті ұлттық мемлекет белгілі тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің шынайы ұлттық төл тарихын білгісі келеді. Қазақстан Республикасының халқы да 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап өзінің бұрмаланып келген тарихын шындық тұрғысынан білуге құштар.
Өмір тарихының шындығына үңілсек, көп ғасырлық қазақ халқының тарихы тәуелсіздігін алғанға дейін шындық тұрғысынан зерттелмей келгені бәрімізге мәлім. Сан ғасырлар бойы қазақтың бас еркіндігі мен бостандығы отарлаушылардың қолында болып, олар халқымыздың төл тарихына өрескел бұрмалаулар қолдан жасалып келді. Қазақстан елінің тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болуына байланысты тарих ғылымы да бағыныштылық бұғауынан босап, өткенімізді шындық тұрғысынан жан-жақты терең зерттеп-зерделеуге толық мүмкіндік алдық.
Барлығымызға белгілі, егер бұрын Қазақстан Республикасының тарихы біртұтас КСРО тарихының бір бөлігі ретінде үстірт қаралып, бір жақты зерттеліп келсе, ендігі жерде ол - бүкіл дүние жүзілік тарихтың, түркі елдері тарихының құрамдас бөлігі ретінде еліміздің барлық жоғары оқу орындарында оқытылып, бұл пәннен мемлекеттік емтихан тапсыруда. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қазақстан тарихының бір бөлігі ретінде «Жамбыл облысы тарихын» жан-жақты терең зерттеу, ең бірінші облыс тұрғынының әр тарихшысының басты жұмысы деп түсінеміз.
Бұл «Жамбыл облысы тарихы» атты оқу құралын құрастырған автор дүниежүзілік қауымдастығымен Қазақстандағы, оның ішіндегі Жамбыл облысында соңғы кездегі өзгерістерден тиісті жинақталған қорытындылар жасауға тырысты.
Оқытушылар мен білімгерлерге және оқырман қауымға арналған бұл оқу құралының негізгі мақсаты - Жамбыл облысы құрылу алдындағы және құрылғаннан кейін оның қалыптасып дамуы, яғни облыстың құрылғаннан бастап осы күнге дейінгі жүріп өткен жолының тарихи кезендері мен бағыттарын ашып көрсетуге деген талпыныс болып табылады. Оқулықта облыстың тарихын, облысты мекендеген халықтардың, олардың ерен еңбектерін, әлеуметтік және рухани мәдениетін жан-жақты, терең және жаңа тарихи деректерге сүйене көрсетуге көңіл бөлінген. Туып өскен өлкесінің шынайы тарихын оқып білу білімгерлерімізді өздерінің туып өскен жеріне деген сүйіспеншілікке, жоғары саналыққа, ізгілікке, парасаттылыққа, имандылыққа, адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде зор роль атқарады деп сенеміз.
Жамбыл облысындағы жоғары, орта, арнаулы және орта оқу орындарында облыс тарихы бойынша қазақ тілінде жазылған және оны оқып үйренетін оқулықтар жоқ. Айта кететін жайт, жоғары оқу мекемелерінде арнайы «Жамбыл облысының тарихы» атты пәннен сабақ жүргізіледі. Егер, осы жағын ойласақ бұл ұсынылып отырған оқу құралының маңыздылығы өте зор. Осындай зәруліктерге байланысты облыс жастардың өз облысының тарихын оқып үйренуге септігін тигізе ме деген үмітпен автор осы оқу құралын ұсынып отырғанын қолдау құптарлық іс. Оқулықта Жамбыл облысының тарихы жөнінде бұрын-соңды жарық көрген еңбектер мен жаңа деректер пайдаланған. Әрине мұнда көптеген тарихи саяси оқиғалар мен айғақтарға соңғы кезде беріліп жатқан жаңаша көзқарастар ескерілген. Сондықтан да автордың бұл ұсынып отырған жаңа оқу құралы өте құндылығына ешкімнің күмәні жоқ.
М. Н. Сарыбеков, ТарМПИ ректоры,
п. ғ. д., профессор,
Білім Академиясының Академигі.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. 2005 жылы республика тәуелсіздігін алғанына
15 жыл толды. Бұл жылдар 70 жылдан аса өмір сүрген Кеңес мемлекетінен кейінгі еркіндіктегі бақытты жылдар.
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйедегі орын алған қасіретті, қиын кезеңдердегі саяси, экономикалық және мәдени саладағы жағдай зерттеліп талданып тиісті бағасы берілуде. Сондай-ақ кеңестік кезеңдегі жүйе кезеңде біржақты, кейде субективті және коммунистік идеология рухында зерттелген ойларлық мәселелері кәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерттеліп, сараптау міндеті туындайды. Тарих тағылымы мынаны үйретеді; кез-келген мәдениетті халық өзінің ұлттық тәуелсіздігін алып, басқа мемлекеттің саяси ықпалынан босанған сәтте бұрын отаршылдық бұғауында бұрмаланған тарихын қайта қарауға және назардан тыс қалаған меселелерін толық қамтып жазу меселесін жедел қолға алуға ұмтылады. Жоғарыдағы билікке байланысты бұрмаланып айтып, жазылып жүрген Жамбыл облысының тарихын қайта қарап, бүгінгі жаңа методология тұрғысынан талдаудың маңызы зор. Мұның өзі автордың осы тақырыпты өзінің зерттеу нысанасы ретінде қарастыруына басты себеп болып отыр.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиналыста жасаған баяндамасында Н. Ә. Назарбаев тарих тағылымдары және қазіргі заман жайында былай деді: “Социалистік утопияны жүзеге асырамыз деп әлектенген большевиктік эксперимент қазақ халқын неше бір қасіретті, қан құйлы кездерге душар еткені мәлім. Бірақ ай күндерді ұмыту дегеніміз қанды режимнің миллиондаған құрбандарының әруағын қорлау деген сөз” /1/.
Шын мәнінде тарихымыздың осындай қайшылықты процестерге тарихи толы ауыр кезеңдерін де зертеуге міндеттіміз. Мұның өзі бізге тарихи сабақтар беріп қана қоймай, сонымен қатар біздерді болашаққа осы тәрізді солақай қателіктерден сақтандырады. Сондықтан да біз зерттеу нысаны ретінде алып отырған тақырыптың маныздылығына күдік тумауы тиіс деген ойдамыз.
Қазақстанның шын тарихын халқымыз 1991 жылдан, тәуелсіздікке қолы жетіп, өз жеріне өзі ие болған кезден ғана біле бастады. Көптеген шындық ақиқат, құпия және халқымыздың тарихын айкындауда ізденіс үстінде жүрген еліміздің белгілі ғалымдарының зерттеулері арқасында қазақ халқының кеңестік дәуірде басынан кешірген нәубат, болуда. Зерттеліп отырған кезеңде сөз жүзінде ғана орталықпен сол кезде терезесі тең туысқан аталып келген республикалар арасындағы қарым-қатынастардың көлеңке тұстары бұркемеленіп, кейнгілердің орталық тәуелділігі ешқашан айтылмағаны шындық.
Кеңес одағы ыдырап, Коммунистік партия өз қызметтін доғарғаннан кейін 15 одақтас республикалар өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстан зерттеушілер де егеменді ел болған жағдайда жоғарыда айтылған құпия болып келген партияның құжаттарымен танысуға мүмкіндік туды. Бұлар архивтен тарихшы-ғалымдардың қолына тиіп, сұрапталып, зерттеліне бастады, халыққа жария етілді. Сондықтан біз, осы еңбек авторы Жамбыл облысының тарихы жөнінде бұған дейінгі жазылған кейбір әдебиеттер шындықтың бүркеленіп келгенін ескертіп, бар шындықты ғылыми тұрғыдан жан-жақты жолдап көрсетуді өзіне мақсат қойды.
Мәселенің зерттелу деңгейі . Қазақстанның тарихын кәзіргі көзқараспен қарап жан-жақты терең зерттеу ол еліміздің әр ғалымдарының негізгі міндеті. Кәзіргі уақытта тарих ғылымнан осыны талап етіп отыр. Шындығында да Жамбыл облысы жөнінде жазылған ғылыми енбектер, әдеби шығармашылық пен ғылыми мақалалар жазылса да аз жазылды, күрделі ғылыми негізде жазылған енбектер аз. Ал, Жамбыл облысы жайлы жазылған диссертация жоқ.
Біздің тақырыпқа жақындау тарих ғылымдарының докторы, проффессор
К. Рыспаевтың «Древний Тараз» атты кітабы. Кітапта (орысша жазылған) көне Тараз қаласының құрылымынан бастап 2001 жылға дейінгі қысқаша тарихын айтылады /2/.
Сонымен, жоғарыдағы қысқаша ғылыми тарихнамалық талдаудан соң мынандай қорытындыға келдік:
Күні бүгінге дейін Кеңес мемлекетінің кезеңінде де Тәуелсіз Қазақстандағы кезеңінде де обективті негізде зерттелмеген: Бұл жөнінде облыстың көлемінде жаңа методологиялық көзқарастағы доктролық, кандидаттық дисертациялар қорғалмаған және күрделі әдебиеттер жазылмаған, ал мемлекет тілінде ешқандай облыстың тарихын жан-жақты терең зерттелген ғылыми еңбек жарық көрмеген. Кезінде Кеңестік дәуірде жарық көрген іргелі жұмыстар бүгінгі күн талабына сай емес.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Жүмысымызда Кеңестік кезеңдегі партия және Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңдегі мұрағаттық құжаттарына сүйеніп, Жамбыл облысының тарихын бүгінгі жаңа методологиялық тарихи көзқараспен талдау жасай отырып, мәселені жан-жақты зерделеп, оның зерттелу деңгейін анықтауды, әлі де болса ғылыми тұрғыдан обьективті түрде ашылмаған қырларын ашып көрсеуді алдымызға мақсат етіп қойдық.
Алайда бұдан Жамбыл облысының тарихын толық жаздық деуден аулақпыз. Бұл мәселені терең жан-жақты көптеген зерттеу және кітаптар жазу үшін ғылыми ұжымдар мен ғалымдардың әлі де тер төгулеріне, қажырлы еңбектеуіне тура келеді деген ойдамыз.
Зерттеудің міндеттері :
- Жамбыл облысы жөніндегі тарихнаманы сұраптап талдау;
- Жамбыл облысының экономикалық және мәдениетін бұрындары бір жақты кеңестік идеологияда жазылған еңбектерін тарихи шындық негізінде ашып көрсету;
- тақырып бойынша архивтік және статистикалық материалдарды жаңа көзқараспен зерделеу және жарыққа шығару.
Зерттеу тақырыбының деректік негізі. Тақырыпты ғылыми зерттеу кезінде Кеңес Одағы Коммунистік партиясының және Қазақстан және облыстық партия комитетінің съездері мен пленумдарының, конференциялларының шешімдерін және облыс тарихына қатысты құжаттарын, статикалық, материалдарын кеңінен пайдаланылды. Сондай-ақ Жамбыл облысы архивтерініндегі материалдар қолданылды. Сонымен қатар еңбекте зерттеуге облыстың, аудандық, қалалық басылымдардағы тақырыпқа қарасты метериалдар пайдаланды және облыс туралы жазылған әдеби кітаптар да еңбекке қолданылды. Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу барысында көптеген облыстың соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесіп біраз материалдар алынып пайдаланды.
Зерттеу жұмысының методикалық және теориялық негіздері . Тақырыпты зерттеу жұмысында мәселеге коммунистік немесе Кеңестік идеология көзімен қараудан бас тарттық. Ресми деректер қатарындағы партиялық және кеңестік, комсомол органдар құжаттары сын көзбен, тәуелсіз мемлекет мүддесі тұрғысынан сарапталып, тарихи салыстыру әдісі негізінде талданды. Осы ретте әсіресе кейінгі тәуелсіздік кезеңіндегі жарық көрген зерттеу еңбектер, мақалалар өткенді теориялық тұрғыдан талдауда кеңінен пайдаланды. Айта кеткен жөн, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жамбыл облысы жөнінде айтқандары еңбектің методологиясы мен теориялық негізгі болды. Зерттеу барысында жинақтау, қолдану әдістері, талдау, сондай-ақ логикалық, статистикалық зерттеу тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Біз зерттеп отырған еңбек зерттеліп отырған жылдары көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салада өзгерістер болды. Әрине, бұл кезеңде қайшылықтар да аз болмады. Сондықтан да біздің зерттеудің жаңалықтары бар.
Қаралып отырған еңбекте Кеңес мемлекетінің және Тәуелсіз Қазақстан үкіметінің елімізде жүргізілген саясаты, атқарылған жұмыстардың кең көлемді ауқымды, ақиқат шынайы астарлы, орын алған қайшылықтар салдарлары мен зардаптары нақты деректі материалдардың негізінде бүгінгі тарихи көзқараспен зерделеніп, дәйекті түрде талданды.
Сонымен жалпы алғанда біздің зерттеуімізде тарих ғылымында әлі де ашылмай отырған қүрделі мәселердің кейбір тұстары, қырлары, обьективті тұжырымдар жасалынды деп айтамыз.
Зерттеудің ғылыми - танымдық және тәжірибелік маңыздылығы. Жамбыл облысының тарихы жөнінде бұл тұңғыш жазылған ғылыми еңбек. Еңбекті Қазақстан тарихын жазуда, сондай-ақ оқырмандар қауымы, білімгерлер мен ізденушілер кеңінен сабақта және семинарда пайдалануына әбден болады.
Зерттеудің мерзімдік шегі. Жамбыл облысы 1939 жылда құрылған. Сондықтан да біз Жамбыл облысының осы кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін зерттелу кезеңі тақырыптың түйінді зерттейтін мезгілі етіп алынды.
Бірінші тарау
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. 1 Жамбыл облысының құрылуы және қалыптасуы
Жамбыл облысының құрылғанына бір ғасыр болмаса да, оның орталық қаласының және Ұлы жібек жолында орналасқан қалашықтарының, облыс аумағындағы қазіргі аудандарының өмір жасы бірнеше ғасырдан тұрады.
Орталығы екі мыңжылдық тарихында замана желінің әсерімен аты талай рет өзгеріп, ертеректе Талас, Тараз, Әулиеата, Мирзоян, Жамбыл, сонан соң 1997 жылы облыс жұртшылығының тілегіне орай, еліміздың тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен өзінің ежелгі Тараз атауы қайтарылған Жамбыл облысына 68 жыл толып, 69-ға аяқ басты.
1939 жылы 14 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысымен Жамбыл облысы құрылды. Облыстың құрамына Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов, Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан Жуалы ауданы берілді. Ал 1965 жылы Мойынқұм ауданы құрамында құрылады. Облыстың жер көлемі -144, 3 мың шаршы километр. Орталығы Жамбыл қаласы [1] . 1939 жылы 1 қаңтарда қалада 63, 7 мың адам тұрды, бұл 1917 жылмен салыстырсақ 3, 4 есе артық [2] .
КСРО кезінде облыс аумағы арқылы Түркістан - Сібір темір жолы салынды. Жамбыл қаласында көптеген өндіріс орындары, мәдени ағарту мекемелері, оқу орындары ашылды [3] .
Тарихқа қысқаша артқа үңілсек, 1917 жылы 6 қарашада Әулиеатада Кеңес өкіметі орнады. 1925 жылы Әулиеата уезінің жер аумағы 17120 шаршы км., тұрғындарының саны 213863 адам, ауыл тұрғындары- 92, 1%, қалалықтар 7, 9%, онын ішінде қазақтар -157830, орыстар -38922, өзбектер -12985, немістер -2268, татарлар -1155, басқалар- 1225 болды.
Уезде 38 болыс, оның 25-і көшпелі ел, 13-і тұрғылықты болыстар еді. [4] . Болыстардың әкімшілік бөліктері - толық жеке меншік принциптеріне негізделген 5-15 отбасынан тұратын шаруашылық ауылдардан /хозауыл/ тұрды. Ағаш аяқ болысында - 183, Шу болысында - 140, Аққолтық болысында - 130, Талас болысында 111 ауылдар (хозауыл) болды.
Жаңа әкімшілік аудандастырылуға байланысты 1928 жылы -қаңтарда уезд таратылып, алты ауданнан тұратын округ құрылды. 1928-1930 жылдары округта жаппай ұжымдастыру, байларды тәркілеу науқандары жүргізілді. Оған наразы болған халық қарсы бас көтерді, олар қатаң жазаланды. 1936 жылы 10 қаңтарда Әулиеата қаласы Мирзоян болып өзгертілді. Ал, одан кейін Жамбыл есімі берілді.
Жамбыл облысынның тарихы 1939 жылы 14 қазанында облыстың өз алдына отау тігіп құрылғанынан бастап қалыптасқан жоқ, тарихының тамыры екі мың жылдыққа созылып жатыр десек жаңылыспайтын шығарамыз. Әрине, облыс мәдениеті көне Тараз қаламыздың мәдениетімен тікелей байланысты десек те болады. Сондықтан Жамбыл облысының құрылуынан бастап экономикалық және мәдени дамуындағы өзгерістерінің тарихын халқымызға жан-жақты кешенді түрде зерттеп оның анық - қанығын ашып көрсетсек деген мақсатпен жазғанды жөн көрдік.
Жамбыл облысы құрылған кезінде, облыстың құрамында жоғарыда көрсеткендей Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов, аудандары болатын (бұлар кезінде Онтүстік Қазақстан облысының құрамында болған), Алматы облысынан Қордай, Краснагор, Шу аудандарын жаңа құрылған облысқа қосты, ал 1951 жылы Онтүстік Қазақстан облысынан Жуалы ауданы берілді. Облыс орталығы Жамбыл қаласы болды. Аталған әр қала мен ауданның сол кезде өзіндік ерекшелігі бар дамыған экономикасы мен мәдениеті болған.
Барлығымызға мәлім облыс орталығы, қазіргі Тараз қаласының мәдениеті әлемге танымал. Тарихи өмірінде көне Тараз бірнеше рет өзгертілді, сондықтан да облыс мәдениетінің қайнар көзі Тараз қаласы тарихының мәдениетіне қысқаша көз жүгіртіп өтсек, ол былай болады: қала алғашында Талас қаласы болды. Қала қарлұқтар билеген заманда енді-енді кемеліне келе бастаған үлкен сауда орталығы еді. Тоғыз ғасырдан аса Талас аталып кеткен байырғы түркі қаласы тәжік басқыншылардың, отаршылдардың ұйғарымымен Тараз қаласы деген атына ие болды. ХIХ ғасырдың басында қаланы атақты қазақ қолбасшысы Мәмбет батыр мен оның серіктері, сондай-ақ Қоқан отаршылары билеп тұрды. Олар мазары қала орталығында тұрған Қараханидтер әулеті билеушілерінің бірінің құрметіне Әулеата деген жаңа атпен қаланы қайта тұрғызды. Бұл атау 110 жыл бойы сақталып келді. Осы жылдары қаланың экономикасы мен мәдениеті дамыды, көркейді, әлемге таныла бастады. 1930 жылдардың ортасында қалаға еліміздің сол кездегі саяси басшысы Қазақстанға еңбегі сіңген Левон Мирзоянның есімі берілді. Қалаға тағылған бұл ат көп ұзамай өзгерді. Өйткені, Мирзоян репрессияға ұшырап, атылып кетті де облыс орталығына қазақтын ұлы төкпе ақыны Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Бұл жерде айта кететін нәрсе, шындығында, мұны Жамбыл атамыздың өзі де дұрыс көрмеген. Оны мына өзімізге кеңінен белгілі атамыздың өлеңінің мазмұнынан-ақ байқауға болады:
Атыңнан айналайын,
Әулие-ата,
Атыңды мен алды деп
болма қапа.
Бұл мәселе бойынша облысымыздың көптеген тұрғындары, зиялы азаматтары облыс, республика газеттерінде көне Тараз қаласы атын Елбасы Н. Назарбаевтан қайыруын дәлелдеп жазды. Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев ел өтінішін ескеріп қаламыздың көне есімі қайтарылуы жөнінде 1997 жылы 8 қаңтарда облысымыздағы Қарахан мұражайы қасында қалын көпшіліктің алдында Жарлыққа қол қойды. Міне, содан бері облыс орталығы әлемге танымал экономикасы мен мәдениеті дамыған, гүлденген, әсем, сұлу қалаға айналды.
Жамбыл облысының саяси -экономикасы мен мәдениеті Қазақстанның саяси - экономикасы мен мәдениет салаларының бір тармағы еді. Сондықтан да, еліміздегі экономика және мәдениет жүйесінде жоғарыдан жүргізілген саясатына тікелей байланысты еді. Шындығында кеңестік дәуірде И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе және коммунистік партияның жүргізген саясаты Қазақстанның мәдениетінің дамуына кезінде өзіндік үлкен кеселін тигізді.
Шындығында, бұл кезде оқу орындарына арнап шығарылған оқулықтар және оқу құралдары, коммунистік партия, комсомол және пионер ұйымдарымен комитеттері оқушылардың, студенттердің санасы мен мінез-құлқына және күнделікті тәлім-тәрбие жұмыстарына сталинизмнің догмаларын тықпалады. Оқу орындары мекемелерінің қызметі күнделікті соған орай жүргізілді. Әсіресе, кеңестік кезеңде 30-50 жылдары халыққа білім беру саласында коммунистік партиялық әмір күшейді. Жоғары білім беру саласында білімгерлер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өсті. Бұл кезде, 1930 жылы Әулеатада ашылған зоотехникалық-мал дәргерлік техникумы ауыл шаруашылығының орта буын мамандарын көптеп шығара бастады. 1933 жылы Әулиеатада статистика мамандарын даярлайтын Қазақстан бойынша жалғыз арнаулы оқу орны - есеп статистика техникумы ашылды.
1930 жылдары Жамбыл облысы құрылар алдында қандай жағдайда болғанына қысқаша тоқталатын болсақ, ол мынандай еді. Қазақстандағы ірі облыстар сияқты Жамбыл облысының да өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы және мәдениеті дами түсті. Әсіресе, 1933-37 жылдары өнеркәсіпті және аграрлы облысқа айнала бастады. Мәселен, 1936 жылы облыста ірі «Металист» артелі ұйымдастырылды, ал кейінірек «Коммунмаш» машина құрылысы заводына айналды. Содан кейін кірпіш заводы салынды, ал 1938 жылы механикалық жөндеу заводы / қазіргі «Запчасть» заводы / іске кірісті. Сол кезде бұл завод тракторлардың, комбайндердің және автомашиналардың моторларын жөндеуге үлкен үлесін қосты. Сол жылы облыста Кеңес Одағындағы ең ірі заводтардың бірі -Жамбыл қант заводы жұмыс істей бастады [5] . Ол тәулігіне 12 мың центнер шикізат өңдеп шығарды. Сонымен қатар, облыста көптеген өнеркәсіптер сапалы өнімдер шығара бастады. Мәселен, 1937 жылы жалпы өнім 1934 жылмен салыстырғанда 317 пайызға өсті.
1939 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облыстық Кеңестің алғашқы шақырылуына еңбекшілер депуттары сайланды. Оның бірінші сессиясының отырысы 1940 жылы 8-9 қаңтарда өтті [6] .
Алғашқы шақырылған облыс кеңесінің бірінші сессиясында төмендегі атқару комитетінің бөлімдері мен басқармалары бекітілді: 1. Жер мәселесі жөнінде; 2. Қаржы мәселесі жөнінде; 3. Сауда мәселесі жөнінде; 4. Денсаулық мәселесі жөнінде; 5. Әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі жөнінде; 6. Жол мәселесі жөнінде; 7. Өнер мәселесі жөнінде; 8. Автомобиль көлігі мәселесі жөнінде; 9. Тамақ өнеркәсібі мәселесі жөнінде; 10. Әділет басқармасы.
Құрылған бөлімдер мен басқармалар көп жағдайда екі жаққа бағыну принципі негізінде жұмыс атқарды: бірі кеңеске және атқару комитетіне, ал екіншісі жоғарғы жүйедегі басқармаларына.
1940 жылы Жамбыл қаласында 20 өнеркәсіптік мекемелерде 3, 4 мың жұмысшы жұмыс істеді. Бұл революцияға дейінгі кезеңге қарағанда 12 есе көп. Негізгі өндіріс саласы тамақ, қант, арақ-спирт, май шығару және нан пісіру болды. Сондай-ақ, қалада 44 кооперативтік колхоз мекемелері жұмыс істеді, олар жылына 2248 мың сомдық өнім өндірді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz